
03-06-2019 16-16-17

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1147 Құрметті Такир Оспанович. Мен осы университетте жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Қазіргі таңда магистратура оқуыма байланысты 0,5 қосымша штатта жұмыс істеп жүрмін. 30 мамыр күні "Нұрлыжер"мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы ұсынылған сатып алу құқығымен арендалық пәтер алу кезегіне тұруға құжаттар өткізіндер деді. Барлық құжаттарды жинап, өткізуге алып келген кезде қосымша штаттағы қызметкерлердің іс-құжаттары қабылданбайтының айтты. Себебі совместитель болып қызмет атқаруыма байланысты құжаттарым қабылданбайды екен. Құрметті Такир Оспанұлы, мен 2 баламен пәтер жалдап тұрамын. Не себепті совместитель қызметкерлердің құжаттарын қабылдамай отыр? Сізден өтініп сұраймыз, сіздің тарапыныздан құжаттарымызды қабылдауға рұқсат берілсе екен.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды қабылдау Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жүргізілді. Қосқызметтік бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлерден әлеуметтік жағдайларына байланысты жалғыз басты ана немесе асыраушысы жоқ екендігін растайтын құжаттары бойынша қабылданды. Барлық құжаттар 2019 жылдың 1 мамырына дейін өткізілді.

03-06-2019 11-11-41

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1146 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
Я магистрант выпускающего курса Бағдатұлы Мұхамед, на днях стал обладателем Президентской стипендии среди всех магистрантов университета, по итогам наивысшего GPA балла. Уже получил саму стипендию и был приятно удивлен.
Хочу выразить Вам и Жанбекову Х.Н. огромную благодарность за честное, объективное присуждение данной стипендии. Не смотря на то, что меня официально еще вуз не поздравлял, для меня лично это огромное достижение!
Жауап:
Уважаемый Мухамед, поздравляю Вас с присуждением Президентской стипендии. Благодарим за приятный отзыв, это прежде всего Ваше достижение. Удачи и новых успехов в учебе!

02-06-2019 17-42-28

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жазира Өтесбай Сұрақ № 1145 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетенде оқып жатқаныма биыл алтыншы жыл. Сізге студенттерге көрсетіліп жатқан қолдауларыңыз үшін, университетімізде болып жатқан өзгерістер үшін алғысымыз шексіз. Алайда, әлі күнге дейін кейбір қызметкерлер студенттерге қалай болса солай қарауын тоқтатар емес. Айтпайын десең, тағы болмайды, бәрі де университетіміздің жақсаруы үшін, себебі қызметкерлер де студенттерге қатты ықпал етеді. Өткен апта Бас ғалым хатшы Сарсенбаева Ж.А.-ға магистрлік тақырбымның өзгеруіне байланысты выпискаға қол қойдыртуға бардым. Оның өзі бірнеше күнімді алды, бәрі көмекшінің базаны дұрыс тексермегенінен, неге ерінеді екен деп қаласың кейде, қызметі сол емес пе деп. Онымен қоймай, бір ақпарат алғын келсе айқайлай салады, дұрыс түсіндіріп анық ақпарат айтуға да ерінеді. Бірақ, қатты ренжіткені олардың есіктерін кілттеп отыратыны. Неге бас ғалым хатшы телефонмен сөйлескісі келсе көмекшісі сыртта күтіңдер деп есікті кілттей салады? Неге көмекшісі ішке кіргізбей өзі сыртқа шығып, ішке кірсе қайта есікті кілттеп кіреді? тіпті қағазымызды бергеннің өзінде тек есіктен қолын шығарып береді де қайта есікті кілттеп алады? неге есікті ашқанда да бұлднып ашады менің түсінбегенім. Университет қызметкерлерінің осылай есікті кілттеп отыратындығымен бірінші рет тап болып отырғаным. Болашақта, университет білім алушыларына осындай суық қарым-қатынас болмайды деген сенімдемін. Рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз бойынша түсініктеме алынды. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанбайтын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-06-2019 04-29-40

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1144 Сəлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Мен ақылы бөлімде білім аламын. Менің сабақ үлгерімін өте жақсы деңгейде. Барлық емтихандарды 90 -100 деген бағаларға тапсырдым. Отбасында көп балалымыз, отбасында анам ғана жұмыс жасайды. Университет тарапынан үздік студенттерге жеңілдік қарастырыла ма? Егер ондай мүмкіндіктерім болса қайда жəне қандай құжаттар тапсыруым керек.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің үздік студенттеріне және әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік түрлері мен талаптары туралы мәліметтер ресми сайтымызда көрсетілген: http://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/Skidka_kaz_2019.pdf. Жеңілдіктер Ережесіне сәйкес ақылы бөлімде оқитын үздік студенттер мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына ауысуына мүмкіндіктері бар. Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2010/notice/. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-06-2019 04-20-00

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1143 Сəлеметсіз бе Т.О.Балықбаев оқу үлгерімінде мемлекеттік емтихан ғана 4 болса, бірақ қалғаннының барлығы 5 болса, қызыл диплом алуға мүмкіндік бар ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қызыл дипломға үміткерлердің оқу үлгерімінің көрсеткіші «өте жақсы» болуы керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат қызметкерлерінен алсаңыз болады. Рахмет!

02-06-2019 04-13-10

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1142 Қызыл диплом алу үшін емтихан бағасы В,-В-дан төмен болмау керек пе? Әлде қорытынды балл есептеле ме?
Жауап:
Құрметті студент!
Сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін директорат қызметкерлерімен хабарласқаныңыз дұрыс болады. Рахмет!

31-05-2019 22-03-27

Басқа
Сұрақ қоюшы: Анара докторант Сұрақ № 1140 Тахир Оспанович, добрый день! я докторантка, заканчиваю 1 курс, занятия у нас закончились, теперь в основном на 2-3 курсе исследовательская самостоятельная работа. Хочу узнать: могу ли я совмещать учебу в докторантуре с работой в нашем университете? Если могу, то на каких основаниях? Почему на сайте нашего университета нет раздела “Вакансии»? Когда проводится приём на работу? Есть ли условия приема? Или проводиться ли конкурсы на приём на работу?
Жауап:
Здравствуйте!
На замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава объявлен конкурс. Прием документов для участия в конкурсе проводится до 10 июня 2019 года (включительно). Документы принимаются по адресу: г.Алматы, пр.Достык,13, Отдел по управлению персоналом (кабинет №103), с 9.00 до 18.00 ч. Телефоны для справок: 8(727)291-82-57, 291-18-29.
По результатам конкурса прием на работу осуществляется в новом учебном году.
С вакантными местами и требованиями к участникам конкурса Вы можете ознакомится на официальном сайте в рубрике «Объявления» (http://kaznpu.kz/ru/1960/notice/). В главном меню сайта университета есть раздел «Вакансии» (http://kaznpu.kz/ru/1964/page/). Там указаны ответственные подразделений по вопросам вакансий, в том числе для обучающихся и выпускников КазНПУ имени Абая.

30-05-2019 10-53-13

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мадамбай қуанышбек Сұрақ № 1137 Құрметті Тахир Оспанұлы , мен Тарих және құқық институтының 2 курс студенттімін біздің институтымызда 1,5 жыл лифт жұмыс істемей 9 этаждық ғимаратта көп қиналғанымыз бар және біздің денсаулығы төмен,мүгедек оқутышыларымыз бен студенттерімізге қиын болып жүр еді. Осы мамыр айында лифт мәселесі қаралып, іске қосқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рахмет!

30-05-2019 10-07-01

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1136 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович. Прошу вас огласить список победителей Президентской стипендии на сайте, чтобы все были в курсе о результатах. Думаю, это достойная награда МОН РК для одаренных студентов.
Жауап:
Здравствуйте! Со списком обладателей Президентской стипендий РК можно ознакомиться, пройдя по ссылке: http://kaznpu.kz/ru/2006/notice/. Спасибо за обращение.

30-05-2019 04-26-11

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1135 Салематсыз ба аса құрметті ректор мырза! Балам медицина университетін гарнтпен 1 курсын тәмамдап жатыр. Сіздің университетке 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандығына ауыстырсақ деп едік. Қандай мүмкіндіктеріміз бар сол туралы қысқаша айтып кетсеңіз! алдын ала рақмет!
Жауап:
Құрметті Марат!
Білім алушыларды бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді. Ауысу кезінде білім беру гранты сақталынбайды.
Оқу орнымызға ауысу туралы толық мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-13-71, 291-71-06.
Университетіміздің білім беру бағдарламаларымен және жеңілдіктері туралы мәліметтермен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Рахмет!

29-05-2019 17-34-14

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Азамат Алма Сұрақ № 1134 Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы! Осы ЖОО оқып жүріп сізге осындай хат жазу мен үшін ұят, бірақ амалсыздан жазуыма тура келіп отыр. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті азаматының қабылдау бөлімінде жұмыс атқаратын хатшының келушілерге дөрекі сөйлеп, жұмыс орнына уақытылы келмеуі ұят жағдай және түскі ас мерзімі сағат 14:30 дейін екенін айтып, қыр көрсетуінің өзі оның мәдениетсіздігінің белгісі деп ойлаймын. Университетіміздің бетке ұстар азаматының атына кір келтіретін ондай жұмыскерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану керек шығар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызға қатысты Айнұр Сейдахметовадан түсініктеме және басшылық тарапынан аталмыш жағдайдың орын алмағандығы туралы жауап алынды.

29-05-2019 12-30-11

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1133 Сәлеметсіз бе ? Мен осы жылы бакалавр бітіргелі жатырмын. Қазақ тобында оқимын. Магистратураға орыс тілінде тапсыра аламын ба грантқа? Және сіздердегі басқа магистратура мамандығына тапсыра аламын ба?Яғни, мамандығымды өзгертіп?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Мамандық таңдау бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңыз үшін рахмет!

29-05-2019 11-05-58

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1132 Уважаемый Тахир Оспанович мы студенты 3 курса хотим оплатить наши задолженности на лётный семестр но к сожалениею здесь большая очередь и беспредел, всего лишь один человек обслуживает тысячи студентов, прошу вас сделайте что-нибудь!
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению и вопрос решен. Спасибо! Успехов в учебе!

28-05-2019 21-11-26

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1131 Құрметті Тахир Оспанович! Терлекбаев Мият өзі меңгеруші бола тұра аула сыпырушы қызметін атқарады. Өзінің əйелі еден жуушы қызметінде тұрып орнын басқа біреу жуады.Саттаров пен Сұлтанбеков қанша рет тексеріп ретке келтірседе ескерту айтса да 1ші проректор ауылдасым деп мақтанып сапырып жүр.өзінің қол астындағы пол жуушы əйелге боқтап, қатты дауыс көтеріп бүкіл адам куə болды. Осы сұрақ бойынша шара қолдануыңызды өтінеміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда көрсетілген мәселе назарға алынды. Рахмет!

28-05-2019 14-37-59

Басқа
Сұрақ қоюшы: Мамырбаев Дидар Сұрақ № 1130 Құрметі Такир Оспанұлы! Мен, Мамырбаев Дидар Жетпісұлы сізге өз атымнан сізге ризашылығымды білдіргім келеді.
2018/2019 оқу жылының басынан оқытушылық қызметке Тарих және құқық институтына қарасты Әлем тариxы кафедрасына жас дінтанушы маман ретінде қабылдандым. «Әлем тарихы» кафедрасының кәсіби білікті профессорларынан тәлім-тәрбие алып, оқытушылық тәжірибе жинаудамын.
Жұмыс барысында сабақ берумен қатар, басшылықтың тапсырмасымен телевизиялық бағдарламаларға, одан бөлек өзіңіздің іске қосқан ай сайынғы спорттық шараларға қатысып жүрмін.
Жас мамандарды қолдауыңызбен құрылған «Жас Ұстаздар бірлестігі» клубына қабылданып, жаңаша леп алдым.
Биылғы жыл елімізде жарияланған " Жастар жылы". Осыған орай жас мамандар үшін, олардың өсуі мен дамуы үшін бар қажырлы күштерін аямай, барлық жағынан мүмкіндік жасап отырған өзіңізге, институт басшылығына алғыс айтамын.
Жауап:
Құрметті Дидар!
Алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге көп рахмет. Еңбек жолындағы бастамаларыңызға тек сәттілік тілейміз!

28-05-2019 14-16-18

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1128 Здравствуйте, я не пришёл на экзамен по причине болезни. Могу ли я пересдать экзамен. С ректором я уже разговаривал но конкретного ответа не услышал. Пропустил два первых экзамена Просто скажите могу ли я пересдать еслии принесу справки из больницы о болезни????!
Жауап:
Здравствуйте!
Если у Вас есть подтверждающая справка, то Вам следует с заявлением с подписью директора института и подтверждающей справкой подойти к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову.

28-05-2019 13-29-29

Басқа
Сұрақ қоюшы: Құттыбекқызы Гүлсая Сұрақ № 1127 Сәлеметсіз бе Құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Сіз басқарып отырған университеттің Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтіңк-философиялық пәндер кафедрасының философия мамандығының 1 курс докторантымын. Осы университетте білім алып жүргеніме өте қуаныштымын. Мен осы қара шаңырақта білім алғаныма 10 жылдың көлемі болды. Университетіміздің ұстаздарының сапалы білім бергенінінің арқасында грант бөлімінде бакалаврды да, магистартураны да үздік аяқтадым. Ал осы оқу жылында докторантураға өзім таңдаған мамандығыма грантқа түстім.Осы жетістіктердің барлығы Сіз басқарып отырған университеттің ұстаздарының сапалы білім беруінде деп ойлаймын. Сондықтан мен өзім білім алып жатқан кафедрамның профессор-оқытушыларыныа өз алғысымды білдіргім келеді.Кафедрамыздың профессор-оқытушылары өздерінің біліктілігі жоғары маман екенінің арқасында білім алушыларға сапалы білім беруде.Сонымен қатар биыл "Үздік ұстаз" мәртебесін алған ғылыми жетекшім ф.ғ.д.,профессор Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлына алғысмды білдіргім келеді. Ол кісінің бағыт-бағдарымен осы оқу жылында ғылым жолында көптеген жұмыстар жасалуда.Сонымен бірге түрлі іс-шаралар, тәрбие жұмыстарын сәтті жүргізіп, білім алушылардың өз мүмкінідгін көрсетуге мүмкіндік жасап жатқан, унмверситетіміздің және Тарих және құқық инстиутының басшылығына да рахметімді айтқым келеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің сапалы білім беретін әлемде алдыңғы қатарлы үздік университеттің қатарынан көрініуіне тілектеспін. Осыған жас маман ретінде өз үлесімді қосамын!
Жауап:
Құрметті Гүлсая!
Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамына жолдаған алғысыңыз үшін көп рахмет. Білім жолындағы жаңа бастамаларыңызға тек сәттілік тілеймін!

28-05-2019 13-10-33

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жандос Жумадил Сұрақ № 1126 Саламатсызба, Такир Оспанулы маган университетым катты унайды диканатымыз жаксы сурактарымызды бос калдырмайды бирден iс колданады окып жургеныме окинбеймын мен озим тарих жане кукык институтында окимын мен 50% жылдык толем Акциясынынын тизимине кирмей калдым бырак мен ЕНТ дан 106 Балл алдым сосын Камбай Гулим Жалгаскызына бардым ол бирден тиысты ережелерге сайкес берген женилдиктерды аныктап аз уакыт мерзиминде кажетти тизимге ендирды ол кiсiге алгысымды билдиремын!!!
Жауап:
Құрметті Жандос!
Алғыс жолдағаныңыз үшін рахмет!

28-05-2019 10-21-14

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1125 Cәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанович!Мен ата- ана қызымның мәселесі бойынша жазып отырмын. 2018-2019 оқу жылының күндізгі бөлімінде қызым алтын белгінің көмегімен 100% тегін оқыған еді. Құжат тапсырған уақытта бізге GPA балл 3,67- ден жоғары болса келесі жылы тағы тегін оқиды деп айтқан болатын. Қазір қызымның GPA балы 3,82. Біз келесі жылы сақталады деген үмітпен отырмыз. Бірақ, қызыма университеттен жеңілдік сақталмауы МҮМКІН деп айтыпты. Осы қаншалықты рас? Егер рас болса жалған ақпаратпен қамтамасыз етіп отырсыздар ма? Жауап үшін алдын- ала рақмет! Тезірек жауап берулеріңізді сұраймын!
Жауап:
Құрметті ата-ана!
«Алтын белгі» иегерлерінің оқу үлгерімінің көрсеткіштері «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады. Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

27-05-2019 21-48-55

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1123 Здравствуйте , Тахир Оспанович! Обращаюсь к Вам с просьбой: пожалуйста дайте указание соответствующему структурному подразделению, чтобы перенесли мусорные контейнеры, которые находятся сразу за главным входом , возле ступеней по пути в семиэтажку, сплошная антисанитария, неужели нельзя перенести куда нибудь подальше, а не держать мусорку прямо между учебными корпусами? Лучше было бы , если бы все там очистили от мусора и открыли запасной вход в главный корпус , чтобы не обходить все здание. Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению. Для решения данной проблемы обращение будет направлено в Департамент по развитию инфраструктуры. Спасибо за Ваше неравнодушие.
Барлығы: 3791