
26-06-2019 20-04-43

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1229 Здравствуйте, Тахир Оспанович! Пишу Вам на счет летнего семестра... Будет ли оценка летнего семестра влиять на повышенную стипендию?
Жауап:
Здравствуйте! Да. Результаты летнего семестра, как обычно, будут влиять на стипендию. Спасибо!

26-06-2019 16-58-09

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Шайхы Индира Темурқызы Сұрақ № 1228 Сәлеметсіз бе құрметті Таxир Оспанұлы!
Мен 2019 жылдың түлегі едім. Мен Ұбтдан 52 бал ( биология химия ) алған болатынмын. Ендігі кезекте мен КазНПУ ға оқуға түскім келеді. 20 - 30 бал ауылдық квота қосылатын болса мен осы университетке биология пәні мұғалімі болып грантка түсе аламын ба???
Жауап:
Сәлеметсіз бе, Индира!
Университетіміздің «Биология» мамандығына ақылы немесе грантқа оқуға түсу үшін шектік балл 60 баллдан төмен болмауы керек. Ауыл квотасын тек мемлекеттік конкурсқа өтініш жазған кезде ғана көрсете аласыз. Қазіргі таңда 2019/2020 оқу жылына мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланып қойды.

26-06-2019 15-58-45

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1227 Здравствуйте, Такир Оспанович. Обращаюсь к вам с просьбой установить парковки для велосипедов и самокатов возле корпусов институтов. Так как негде парковаться и оставлять свой мини транспорт :)
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению. К началу нового учебного года рассмотрим все возможности по установке парковок для велосипедов и самокатов возле корпусов нашего вуза. О своем решении сообщим дополнительно. Спасибо!

25-06-2019 22-10-23

Басқа
Сұрақ қоюшы: Өтесбай Жазира Сұрақ № 1226 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Қазақ Ұлттық педагогикалық университетенде оқып жатқаныма биыл алтыншы жыл. Сізге студенттерге көрсетіліп жатқан қолдауларыңыз үшін, университетімізде болып жатқан өзгерістер үшін алғысымыз шексіз. Алайда, әлі күнге дейін кейбір қызметкерлер студенттерге қалай болса солай қарауын тоқтатар емес. Айтпайын десең, тағы болмайды, бәрі де университетіміздің жақсаруы үшін, себебі қызметкерлер де студенттерге қатты ықпал етеді. Өткен апта Бас ғалым хатшы Сарсенбаева Ж.А.-ға магистрлік тақырбымыздың өзгеруіне байланысты выпискаға қол қойдыртуға бардық. Оның өзі бірнеше күнімізді алды, бәрі көмекшінің базаны дұрыс тексермегенінен, неге ерінеді екен деп қаласың кейде, қызметі сол емес пе деп. Онымен қоймай, бір ақпарат алғын келсе ашуланып айқайлай салады, дұрыс түсіндіріп анық ақпарат айтуға да ерінеді. Бірақ, қатты ренжіткені олардың есіктерін кілттеп отыратыны. Неге бас ғалым хатшы телефонмен сөйлескісі келсе көмекшісі сыртта күтіңдер деп есікті кілттей салады? Неге көмекшісі ішке кіргізбей өзі сыртқа шығып, ішке кірсе қайта есікті кілттеп кіреді? тіпті қағазымызды бергеннің өзінде тек есіктен қолын шығарып береді де қайта есікті кілттеп алады? неге есікті ашқанда да бұлднып ашады "не керек" деп, осыны түсінбедік. Университет қызметкерлерінің осылай есікті кілттеп отыратындаығымен бірінші рет тап болдым. Осы жағдай бойынша іс-шара немесе ескерту жасатылсын! Болашақта, қай қызмет өкілінің болмасын университет білім алушыларына осындай суық қарым-қатынасы болмайды деген сенімдемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Бас ғалым хатшы Ж.Сейсенбаеваға қатысты жолдаған шағымыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Шағымыңыз бойынша аталған қызметкерлерге ескерту жасалды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

25-06-2019 20-25-15

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1225 Қымбатты ректор мырза! Сіздің университетімізді дамытуға қосып жатан үлесіңіз зор екнін көріп отыпмыз. Соның бірі осы сайт арқылы бізбен байланыс орнатуыңыз деп білеміз. Осы жолда талмай еңбек ете беруіңізге тілектеспіз. Университеттің қарыштап алға қарай даму стратегиясында бюрокртаизмді азайтуды жоспарланғандығы да бізді қуантып еді. Алайда, осы бағыттағы жұмыстарда әлі де кемшілік көп. Іссапарларға баруға, ғылыми оқулық, монография шығаруға қатысты жөнсіз қол қойғызатын басшылар саны қаптап кеткен. Осыларды азайту университеттің өз ішкі шаруасы екені белгілі. Қыруар уақытымыз әр проректорға, әр департамент басшысына қол қойғызуға кетіп жатады.Оларды бірін тапсаң, бірін таппай сағаттап күтеміз, кейде апталап уақытымыз кетеді. Шетелдік оқу орындарында осының бірі де жоқ. Бізде де осы мәселені шешіп берсеңіз тек қуанар едік. Рақымет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда көрсетілген мәселелер назарға алынды.
Құжаттарға қол қою мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда университеттің ішкі құжат айналымы автоматтандырылып, «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс жүргізілуде. Рахмет!

25-06-2019 19-53-51

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Абилова Гульнара Сұрақ № 1224 Добрый день Тагир Оспанович. У меня вопрос следующего характера. На какой основе принимаются на обучение абитуриенты, закончившие гуманитарный колледж? В прошлом году документы моего сына, окончившего гуманитарный колледж, приняли на Полный, а не сокращенный курс обучения по своей специальности, на 4 года. Как перевести на сокращенную форму обучения? Ведь специалисты, продолжающие обучение по специальности, полученной в колледже, должны обучаться 3 года, а не 4
Жауап:
Здравствуйте!
Для получения полного ответа на все Ваши вопросы Вам следует связаться с директором Центра профориентационной работы и приема обучающихся. Тел.: 291-57-68. Спасибо!

24-06-2019 15-51-49

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1223 Сәлеметсіз бе құрметті Таxир Оспанұлы! Менің қояр сұрағым,ақылы бөлімдегі студенттердің грантка өтініші жөнінде болып тұр. Ең бірінші студенттің GPA баллына қарайсыздар ма?Универ жүйесінде студенттің GPA баллы 3-тен төмен болмауы қажет делінген.Менің GPA баллым 3,59. Бірақ күзгі семестрдегі бір пәнім 71 балл,яғни С+.Көктемгі семестрде барлық пәндерді жоғары баллмен шықтым. Осы "С " Болғандықтан маған тапсыруға болмайды деп грантқа өтініш жаздырмады.Сол туралы айта кетсеңіз
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221 кабинет) жолығуыңызды сұраймыз.

24-06-2019 11-53-38

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1222 Добрый день! У меня вопрос касательно отработки после магистратуры. Мы учились на Гранте, всего пару дней назад защитились. Центр карьеры требуют от нас справку о работе, требуют что бы мы принесли немедленно. Если нет справки то отправляют непонятно куда. Мы ещё не получили диплом так о какой работе может идти речь? Мы должны получить диплом а затем искать работу, и принести справку о работе. Как мы можем дать им справку если даже не закончили и не получили диплом? Когда подписывали договор, (о которой узнали когда пришло время заканчивать универ, а до нам не сказали что нужно отрабатывать 3 года) нам было сказано что можем принести эту справку до сентября, а теперь нужно немедленно принести. Как быть в такой ситуации? Благодарю за ответ!
Жауап:
Здравствуйте!
Для получения разъяснений по данному вопросу запишитесь на прием к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву. Спасибо!

24-06-2019 11-32-06

Басқа
Сұрақ қоюшы: Магауова Акмарал САбитоллаевна Сұрақ № 1221 Уважаемый Тахир Оспанович!
Выражаю вам благодарность за проведение в г. Алматы Первого Международного Форума «Современные тренды педагогического образования». Несомненно, креативный подход к проведению форума привлек внимание большого количества ученых из зарубежных вузов, международных организаций, ученых и педагогов-практиков из разных регионов Казахстана. Нетрадиционный формат прошедших в рамках форума воркшопов, мастер-классов, тренингов, семинаров превратили их в настоящие дискуссионные площадки. Форум показал, что проблемы едины и есть пути их решения: это международный опыт, лучшие традиции национальных систем образования, объединение научного и педагогического сообщества на едином международном образовательном пространстве в условиях интеграции и глобализации. КазНПУ им. Абая – был и остается флагманом республики в подготовке педагогических кадров, инициатором инноваций в сфере высшего педагогического образования Казахстана и сегодня признан мировым сообществом.
Следует отметить высокий уровень профессионализма членов оргкомитета форума: Кулсариевой А.А.-проректора по научной работе и международному сотрудничеству, Искаковой А.Т. – Директора Департамента международного сотрудничества, Таджиевой М.К.-начальника отдела ДМС и др.
Магауова Акмарал Сабитоллаевна – доктор педагогических наук, профессор, академик МАНПО (Алматы, КазНУ им.аль-Фараби)
Жауап:
Здравствуйте!
Благодарим за приятный отзыв. Ваш комментарий будет доведен до сведения членов оргкомитета форума.

24-06-2019 08-54-50

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1220 Мен осы жылы ҰБТ тапсырдым пәнім ағылшын география алған баллым 102.Алтын белгімін.Осы оку орнына түсуге шанс барма.Және қандай мамандық и неше баллмен.Маған жеңілдік болама алтын белгіге и ауылдык квота бар.
Жауап:
Құрметті талапкер!
«Алтын белгі» иегерлеріне 100% жеңілдік қарастырылған. Университетімізге оқуға қабылдау бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңыз үшін рахмет!

22-06-2019 20-42-48

Басқа
Сұрақ қоюшы: Асанханова Жанна Сұрақ № 1217 Құрметті, Такир Оспанұлы. Біз Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының» магистранттары мен докторанттары 20-21 мамыр күндері «Rahat Palaсe Hotel» қонақ үйінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Педагогикалық білім берудің заманауи тендтері» атты Жазғы мектебі аясында өткен I Халықаралық форумға қатысып, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерінің шетелдік ғалымдардың тәжірибелерімен таныстық. Атап айтқанда, Окайама университетінің ТДЖ-ны дамыту орталығының директоры, Окайама университетінің Жоғары білім мектебінің профессоры Хироки Фуджидің (Жапония), Ускудар Университеті, Мектепке дейінгі педагогика кафедрасының профессоры, ACDE (Дүниежүзілік мектепке дейінгі білім беру ұйымының ) президенті Нурпер Улькуердің (Туркия), Жаhандық ықпал ету институтының PhD докторанты Карлос Мачадоның (Магдебург қаласы, Германия ), Ювяскюля университетінің жетекші сарапшысы Edu Cluster Finland Яакко Скантидің (Финляндия), сонымен бірге Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаеваның, білікті тренер Сәуле Жанатовна Зейнолланың жасаған баяндамалары мен тренингтерінен білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытудың жолдары мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологиялары жайлы мол ақпарат пен мағлұмат алып қана қойған жоқпыз, оны іс-жүзінде қалай жүзеге асыру қажеттілігін талдауға қатысып, өз ойымызды ортаға салдық. Құрметті, Такир Оспанұлы қазіргі таңда біз сияқты жас ғалымдарға өте қажетті, диалог түрінде шетелдік және отандық ғалымдармен көзбе көз отырып, ашық түрде пікірталас ұйымдастыруға тікелей басшылық жасаған сізге және ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызына, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Искакова Айгуль Толеутаевнаға алғысымыз шексіз. Біз бұл форумнан алған әсерімізді өзіміздің ғылыми жетекшілерімізбен және әріптестерімізбен бірге бөлісіп, рухани азық алдық. Болашақта жас мамандарды тәрбиелеу мен оқытуда педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуды жоғарыдағы шетелдік және отандық ғалымдардың бөліскен әдіс-тәсілдерін басшылықа ала отырып,, тәжірибе барысында қолданамыз деп ойлаймыз. Ізгі ниетпен 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс магистранты Асанханова Жанна және 6D010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының докторанттары Шауенова Меруерт, Абилбакиева Ғалия.
Жауап:
Сәлеметсіздер ме!
Форум ұйымдастырушыларына жолдаған алғыстарыңыз үшін сіздерге көп рахмет!

22-06-2019 17-20-05

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1216 Саламатсыз ба, Құрметті, Такир Оспанұлы! Үстіміздегі жылы 20-21 маусым күндері «Rahat Palaсe» қонақ үйінде: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, Республикалық білім беру Альянсы, «ДИАЛОГ» аудармашылар Одағы» қоғамдық бірлестігімен (Қазақстан) бірлесе отырып, қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату мақсатында ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» атты Бірінші халықаралық форумына қатысты Сізге және аталған іс-шараның мақсатына сәйкес ойдағыдай өтуін қамтамасыз етуге барынша ат салысып, Форумның басынан аяғына дейін қызмет еткен, Сіз басқарып отырған Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдірімен. Мен үшін және өзге де келген қонақтар үшін Форум барысында тамаша тәжірибе алмасулар болды. Университеттің жас ғалымдары мен жас буын оқытушыларын ғылым алаңына қызықтыру, ынталандыру, тарту және білім беруді тұрақты дамыту мәселесіне қатысты олардың да өзіндік тың, жаңа идеялар ұсына білетіндіктеріне сендіру және әлемдік ғылым кеңістігіне белсене кіруі үшін де мұндай іс-шаралардың ықпалы зор. Әрине, кез-келген мәселенің бір ғана Форум аясында шешіле қоймайтыны белгілі, сондықтан, мұндай Әлемдік деңгейдегі білім, ғылым, әсіресе мәдениет алмасулар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатындығына сеніміміз мол.
Тағы да Сізге және университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлеріне үлкен алғыс! Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз табысты болсын! Ал, Сіздердің, әрине барлық профессор оқытушылар мен жас ғалымдарымыздың ықпалымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті гүлдене берсін!
Құрметпен, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұжымы.
Жауап:
Cәлеметсіздер ме!
Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін көп рахмет!

22-06-2019 09-43-08

Басқа
Сұрақ қоюшы: Асел Сұрақ № 1215 Здравствуйте Уважаемый ректор! Благодаря вашим усилиям и упорству наш Университет показывает высокие результаты и в науке,и в обучении. Тем не менее,развитие кадровой политики оставляет желать лучшего. Так как, этой сферой руководит С.Даубасов. Мы в своем обращений несколько раз писали о его некомпетентности и непорядочности. Как мы можем говорить о формировании корпоративной культуры в университете..., Если ваш руководитель аппарата не следует моральным принципам и очень далек от этого. Обращаясь к вам на блог, мы надеялись на то,что вы примите кардинальные меры по поводу С.Даубасова.Увы, пока что ничего не изменилось. Очень жаль... Прикрываясь вами он продолжает свои интриги в коллективе. Скоро пора приема в магистратуру и докторантуру,а значить самый "урожайный период" для С.Даубасова. Мы знаем, кто его"крышует", это Уважаемый человек в нашем университете. Мы не будем молчать!!! Таких как мы, недовольных Даубасовым много. Если вы после нашего обращения не примете меры, при всем к вам уважении будем вынуждены обратится Министру образования, в Агентство по противодействию коррупции.
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению, указанные факты обязательно будут проверены. При их подтверждении примем соответствующие меры. Спасибо.

21-06-2019 22-39-57

Басқа
Сұрақ қоюшы: Жанузак Ернар Еркинулы Сұрақ № 1214 Здравствуйте! Хотелось бы оставить отзыв о прошедшем сегодня форуме "Современные тренды педагогического образования", и поблагодарить КазНПУ им. Абая. который выступил организатором данного форума. Особенно хотелось бы отметить лекцию Конурбаева Марклена Эриковича, лекция была крайне интересной и полезной. Для меня, как для начинающего переводчика лекция стала как глоток свежего воздуха. Надеюсь, что в будущем ещё бедут проходить подобные мероприятия.
Жауап:
Здравствуйте, Ернар Еркинулы! Благодарим за приятный отзыв. Работа по проведению интересных и полезных мероприятий будет продолжена.

21-06-2019 04-38-06

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1213 Салеметсиз бе Тахир Оспанулы! Мен 3 курс студентимин, казир GPA балл корсеткишим 3,64. Брак 2 курс кезинде бир сабактан 2 алып, кайта тапсырган болатынмын. Жазгы семестр кызыл диплом алуга асерин тигизеди ме? Косымша семестри бар студенттер кызыл дипломга умиткер бола ала ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

20-06-2019 21-23-36

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1212 Сәлеметсіздерме? осы жылы біздің университетке бөлінген гранттар тізімін қай жерден көруге болады? Немесе ссылкасын жібере аласыздарма?
Жауап:
Құрметті талапкер!
Талапкерлерге арналған барлық ақпарат ресми сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы қолжетімді: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Сондай-ақ, Сіз онлайн режимінде Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

20-06-2019 14-48-26

Басқа
Сұрақ қоюшы: Кирикова Любовь Борисовна Сұрақ № 1211 Уважаемый Балыкбаев Такир Оспанович обращаюсь к Вам с предложением все жалобы написанные анонимно не рассматривать. Если кто либо пишет жалобы и боится подписать свою фамилию, явно человек хочет на пустом месте устроить скандал. Я лично считаю, что в рабочем процессе бывают разные ситуации. За тот период, что я работаю было не мало конфликтов. Но ни разу я не написала на кого либо жалобу. Почему работа административных работников ценится ниже преподавательской. По моему каждый сотрудник университета начиная с младшего обслуживающего персонала и заканчивая первыми руководителями, вносит свой вклад в развитие университета имени Абая и имеет полное право на уважение со стороны своих коллег.
Относительно того, что сотрудники не получают правдивую информацию по начислению и удержанию налогов из заработной платы отвечаю, по первому требованию сотрудники бухгалтерии предоставляют полную информацию по начислению и удержанию налогов по заработной плате.
Бухгалтер расчетного отдела Кирикова Любовь Борисовна
Жауап:
Здравствуйте, Любовь Борисовна! Поступающие вопросы в блог ректора направлены первому руководителю. Я как руководитель должен знать все проблемы университета. По поводу анонимности: данные обращающихся не публикуются, а их вопросы передаются руководителям для рассмотрения. Обращаясь с вопросом, заитересованное лицо имеет право поставить отметку о неразглашении имени. Руководство всегда открыто для общества.
Касательно жалоб прежде чем принятии каких либо решении все факты будет проверятся.
По поводу информации по начислению и удержанию налогов из заработной платы, каждому сотруднику необходимо дать выписку. Спасибо за вопрос.

20-06-2019 13-13-40

Басқа
Сұрақ қоюшы: Баян Әлтай Сұрақ № 1209 Қайырлы күн, құрметті Тахир Оспанұлы! 2017 жылы қара шаңырағымыздың "Педагогика және психология" мамандығын тәмамдап, сол жылдың күзінде "Білім берудегі менеджмент" эксперименталды тобына ақылы түрде магистратураға түскен болатынмын. 4 семестрде грант бөліміне ауысқанымды білдім. Сізге осындай мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Қазақстандағы алғашқы мамандық иесі болатыныма өте қуаныштымын. Осы мамандықтың ашылуына өз септіктерін тигізіп жатқан институт директоры Берік Айтқұлына, барлық институт қызметкерлеріне, кафедра меңгерушісі Айгерім Нұрәлиқызына, ғылыми жетекшім Құндыз Жәмиқызына, п.ғ.д., профессор Ұлжарқын Мүслімқызына, кафедрамыздың оқытушыларына және өзіңізге айтар алғысымыз шексіз. Кеше міне, диссертациялық жұмысымызды сәтті қорғап шықтық. Біздің зерттеу тақырыптарымыз болашақ білім беру саласы менеджерлеріне өз көмектерін тигізеді деген ниеттеміз. Университетіміз көркейе берсін!Істеріңізге сәттілік!
Жауап:
Құрметті Баян!
Университет ұжымына жолдаған алғысыңыз үшін рахмет. Сізге тек сәттілік тілейміз!

19-06-2019 09-11-43

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1207 Сәлеметсізбе, Такир Оспанович!Мен университетіміздің қызметкерімін. Сізге қояр сұрағым: Біздің айлық жалақымыз бірдей қызметте болсақта әрқайсымызға әртүрлі көлемде беріледі? 2019 жылдың басында айлығымызға неше пайыз қосылғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз! Бухгалтерия айлық жалақымызды дұрыс есептеп, түсіндіріп бере алмайды! Бухгалтерия қандай критерийлер бойынша есептеу жүргізетінің білмейміз. Бізге ай сайын айлық түбіртегін беріп отырса?!БЖЗҚ (Зейнетақы)қорына ай сайын түсіп отырған көрсеткішпен есептесек алып отырған айлық жалақымыз мүлде басқа! Бухгалтерияға барсақ бізге мүлдем басқа сумма есептеп шығарып береді!Және келісім шартта көрсетілген бір айлық жалақы көрсеткіші мен қолымызға алатын жалақымыз әлдеқайда төмен! Бұл мәселені қарастыруыңызды өтінемін! Назарыңызға рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз міндетті түрде қарастырылады. Жалақыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің директоры Тамара Сәдірбайқызы Сапарбаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-30-67.

18-06-2019 22-54-26

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1205 Сәлеметсізбе, Құрметті Такир Оспанович! Мен университетіміздің қызметкерімін! Сізге қояр сұрағым: Бізге төленетін айлық бірдей қызметте болсақ та әрқайсымызда әртүрлі! Жаңа жыл басында қанша пайызға көбейгенін біріміз білсек біріміз білмейміз? Әр бір қызметкерге бекітілген нақты айлық көлемін білсек? Келісім шартта басқа көрсеткіш алатынымыз одан әлдеқайда төмен?! Неліатен? Қандай критерийлер бойынша есептеледі? Буxгалтериядан әр ай сайын квиток алып отырсақ! Назарыңызға раxмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Жалақыға қатысты толық қанша төленетіндігі туралы мәліметті Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерінен алсаңыз болады. Қызметкерлердің жалақысын қарастыру кезінде лауазымы, еңбек өтілі мен ғылыми дәрежесі ескеріледі.
Барлығы: 3791