Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
Құрметпен,
Басқарма төрағасы-ректор
Дархан Біләлов
 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
21-02-2018 12-24-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 87
Құрметті Такир Оспанұлы, менің қояр сұрағым келесідей , осы жылы қабылдау комиссиясында өткен жылы отырған адамдар бола ма? Осылай сұрап отырғаным, өткен жылы отырған қабылдау комиссия құрамындағы адамдар мәдениетсіз, білімсіз. Олар: Серикова Самал - оқытушы, Саметова Жаңагүл -Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, менің көзімше ата-аналармен және студенттермен ұрысты, құжаттарды толтырған үшін 500 теңгеден жинады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қаншама ауылдан келген балалар үшін екінші үй, осында өздерінің болашақ армандарын іске асыруға үмітпен келеді, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дегендей, сол комиссия құрамының адамдары университет атына кір келтіреді. Сіз осындай адамдардың жұмысын қолға аласыз деп үміттенемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз бойынша аталған қызметкерлерден түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалды. Қабылдау комиссиясы құрамындағы қызметкерлердің жұмысына қатысты шағымыңызды ескере отырып, университет қабырғасында пара алу фактілерін жою, қызметкерлердің этика талаптарын және тәртіп нормаларын сақтауын қадағалау мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.

20-02-2018 12-09-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 86
Мен юриспруденция мамандығы бойынша оқып жатырмын,бірақ, оқып жатқан мамандығым бойынша, соған қатысты пандер сағаты өте аз, аптасына 1ак рет десек те болады, мамандығыма қатысы жоқ сабақтар өте көп, атап отетин болсам "мангилик ел,мадениет географиясы, казак халқының рухани мадениети тб, бул сабақтар менин және баска да студенттердин кызыгушылыгына керек емес, бул пәндер бойынша мен ЮРИСТ мамандығын алып шыға аламын ба??? СУРАЙТЫНЫМ не юридический сабақтарды кыскартсаныз деймін, оның орнына мамандығыма қатысты сабақтарды кобейтсениздер!!! Менин сурауым миндетти турде каралады деп сенеминə!!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетімізде барлық мамандықтар бойынша 1-2 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспары бойынша міндетті компоненттегі сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, қосымша оқу түрі  оқытылады. Болашақ заңгер және жеке тұлға ретінде қалыптасуыңызға өтіліп жатқан пәндердің өз үлесі бар. Негізгі мамандықтар бойынша кәсіби пәндер 3-4 курстарда жалғасын табады. Құқықтану емес пәндерді қысқарту университет құзырына кірмейді.Ол пәндер Білім және ғылым салаларындағы құзырлы органдармен қаралып, бекітіледі.

19-02-2018 19-44-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сүгірбаев Əкежан Қайратұлы

Сұрақ № 85
Салеметсіз бе құрметті ректор мырза! Мен биыл университетті бітіріп сіз басқарып отырған оқу ордасына екі шет тілі мамандығына магистратураға түсейін деген едім. Биылдан бастап магистратураның бірінші яғни ағылшын тілі турына IELTS емтиханының сертификаты міндетті түрде керек дейді. Менің сұрайын дегенім сіздерде де IELTS сертификаты болуы міндетті ме? Алдын ала үлкен рахмет!
Жауап:

Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, магистратураға түсу үшін құжат қабылдау уақыты басталатын 10-шілдеге дейін алда бес ай бар екенін ескере отырып, қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз.

Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.

19-02-2018 02-23-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 84
Мен 3 курс студентімін. Осы 3 жылда академиялық болимге шет елде білім алуға көп мәрте барып шаршадым акылы болимде оқитын сштуденттер ге неге шет елге шыгуга болмайды. Оз калтамыздан толеу керек екенбиз. Ақылы бөлімде грантта оқитын студенттерден гөрі тіл білетіндері коп.
Жауап:

Құрметті студент! Университетіміздің бекітілген академиялық саясат талаптары бойынша үлгерім көрсеткіштері «А», «А-», «В+», «В», «В-» болған жағдайда ғана студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде шетелдік жоғары оқу орындарына жіберуге болады. Сұрағыңызға қатысты нақты ақпаратты алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

18-02-2018 20-49-11   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 83
саламатсызба осы универге грантқа түсу үшін мектеп оқушыларына олимпиада конкурстар өткізесіздерма баска универлерде сондай олимпиадалар өтіп жатыр мен сіздердің КазНПУ университеттеріңізде сондай конкурс болганын калаймын ракмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы жылдың наурыз айында Университет тарапынан мектеп оқушыларына арналған «Абай сыйы» олимпиадасы жүргізіледі. Олимпиаданың ережелері наурыз айының басында ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: І кезең онлайн түрде өткізіледі. Іріктеу нәтижесінде өткен қатысушылар университетте өткізілетін ІІ кезеңге қатысуға жолдама алады. Олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға Университетімізде оқуға 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдік  беру қарастырылған. 

18-02-2018 00-23-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Aidana

Сұрақ № 81
Здравствуйте, ректор в тот раз проводил собрание но мы не смогли задать свой вопрос, у нас такая проблема, почему нас заставляют собирать деньги о покупать мебель в кабинет, это ведь не наше обязанность именно факультет педагогики и психологии, еще хотим сказать от всей группы, почему магистрантам и докторонтам не проходят занятие сидим от безделие не знаем куда деваться уже, на том семестре у нас собирали деньги преподы по английскому языку это не наше профессия но все равно они тоже занятие проходили как попало, и очень загружают магистрантов эти учителя со своими документами это тоже не наша работа, мы пришли сюда учиться а не собирать деньги и сидеть на занятиях ничего не делая, сделайте что нибудь, и пусть нас не заставляют собирать деньги на мебель или на бумагу в кабинет мы тоже студенты учимся на платном отделении
Жауап:

Здравствуйте! Содержание Вашего обращения обсуждалось с руководством Института педагогики и психологии. В частности, принято решение о создании специальной комиссии, которая ведет контроль за проведением занятий в магистратуре. На собрании Института заведующим и преподавателям было рекомендовано строго соблюдать "Кодекс честности". Если у Вас  есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).

16-02-2018 16-44-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Сулейменова Данира Аягановна

Сұрақ № 79
Добрый день, требуется архивная справка о подтверждении в том что обучалась на факультете музыки, хореографии и народного искусства по специальности фортепиано с 1992 по 1995 годы, очная форма обучения. Для трудового стажа. Нет возможности приехать, живём в Астане. Можно выслать по адресу: 010000 город Астана, улица 188, дом 19/2, квартира 12. Заранее благодарю
Жауап:

Здравствуйте! По Вашему запросу на указанный Вами адрес 23.02.2018 г. была направлена архивная справка. Для получения более детальной информации свяжитесь с сотрудниками Отдела документационного обеспечения и контроля КазНПУ им. Абая: 291-48-74.

15-02-2018 01-30-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сүгірбаев Əкежан Қайратұлы

Сұрақ № 77
Салеметсіз бе, Такир Оспанович! Мен қазірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студентімін. Мен сіз басқарып отырған қасиетті оқу орнына магистратураға түскім келеді. Соған орай биыл таныстарымнан есітіп едім магистратураға түсу үшін міндетті түрде IELTS сертификаты талап етіледі дейді. Соған орай сұрағым осыған байланысты: Биылдан бастап сіздерге магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты қажет пе? Алдын ала үлкен рахмет!!!
Жауап:

Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің  бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, қазір оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз. Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.

13-02-2018 21-25-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Cтудент

Сұрақ № 76
Құрметті ректор мырза, Студенттердің білім алуына барынша жақсы жағдай жасап жатқандарыңызға, біздер студенттер атынан алғысымызды білдіреміз. ҚР Тұңғыш ЖОО-сында оқып жатқаныма өз басым қуанышытымын. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық технологияның дамыған заманы, сабақ кезінде осындай технологияларды қолдану білім алуда өте үлкен септігін тигізеді. Менің Сізге айтарым, университеттің компьютерлік сыныптарында орналасқан компьютерлерді жаңартуды, интерактивті тақтамен қамтамасыз етуді өтінемін. Кейбір компьютерлік сыныптағы Компьютерлер ескі, жұмыс жасауға кедергісін тигізетін кездер болады. Сонымен қатар, университетке қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер студенттерге мәдениетті сөйлеуді үйренсе екен. Бұл жағдайды бірнеше рет байқадым, мысалы, физика-математика институтындағы кітапханадағы кітап беретін қызметкерлер, университтің бас ғимаратындағы асханадағы қызметкерлер және күзетшілер студенттермен дөрекі сөйлеседі. Бұл мәдениетті ортаны, университетті, студенттерді сыйламау деп түсінемін. Осы жағдайды қатаң ескертуіңізді өтінемін. Назар аударғаныңызға үлкен рахмет. Жұмысыңызға мол табыс, деніңізге саулық тілеймін!
Жауап:

Құрметті студент! Биыл 90 жылдық мерейтой аясында Университетіміздің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, білім деңгейін арттыру  бағытында жоспарланған шаралар жүзеге асырылатын болады.  Сұрағыңызда көрсетілген екінші мәселені міндетті түрде қарастыратын боламыз. Қазіргі уақытта білім алушылар тарапынан түскен шағымдарды ескере отырып, университет қабырғасында пара алу фактілерін жою, қызметкерлердің этика талаптарын сақтауын және тәртіп нормаларының бұзылмауын жіті бақылау мақсатында арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.

13-02-2018 14-57-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 75
Салеметсізбе ректор мырза!Менің сізге сұрағым студенттерге байланысты болып отыр.Музыкалық білім мамандығы бойынша мұғалімдеріңің сабақ өтпей,шай ішіп, сабакка кешігіп келеді. Мұғалімдеріңіздің педагогикалық этикасы мүлдем жоқ, дөрекі сөйлеп,кейде балағаттайды. Стажы бар білікті мұгалімдер студенттің көзінше айқайлап, ұрысып жатады. Бұл мұғалімдерден қандай тәрбие-тәлім аламыз. Болашақ жас маманбыз. Ертесіне болашағымыз не болмақ?
Сізден Музыкалық білім және хореография кафедрасының мұғалімдеріңіздің этикасы және тәрбие жайлы мәселені шешуіңізді сұраймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңызда көрсетілген Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының оқытушыларына қатысты шағымыңыз бойынша институт директорына және кафедра меңгерушісіне ескерту жасалынды. Қазіргі уақытта оқытушылардың пара алу фактілері және педагогикалық этика мәселелері бойынша университетімізде арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.

13-02-2018 12-30-24   Басқа

Сұрақ қоюшы: Асема

Сұрақ № 74
Саламатсыз? Осы Университеттің түлегі едім. Естуімше биыл 90 жылдық жоспарланып отыр екен кай уакытта болады? Мақала беріп қатысуға бола ма
Жауап:

Құрметті Әсем! Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойын 2018 жылдың қазан айында атап өту жоспарлануда. Университетіміздің  мерейтойына орай бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Жуырда өтетін конференциялар туралы ақпараттар Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде берілген. Мақалаңыздың жариялануы туралы нақты жауап алу үшін Ғылым департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-10-22, e-mail:  nauka_kaznpu@bk.ru.

13-02-2018 12-25-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Нұрсұлтан Әшіржанұлы

Сұрақ № 73
Сәлеметсіз бе. Құрметті ректор мырза мен Алматы технологиялық университетінің 1 курс студентімін. Мен өз ұстазымның яғни Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдығына орай , 1979-1984 жылдар арасында "Абай группасы" болған топ мүшесі Ахатаева Ғалия ұстазымның естелік мақаласын сіздердің сайттарыңызға ұсынсақ деп едік. Сізге біз қалай жіберсек болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мақалаңызды  web_info@kaznpu.kz  электронды поштасына жіберіп, мақалаңыздың мазмұнына байланысты жариялану мүмкіндігі туралы нақты жауап алу үшін Университетіміздің Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 293-86-38.

11-02-2018 18-08-01   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Солтанбеков Серік

Сұрақ № 72
Сәлеметсіз бе. Менің сұрайм дегенім мен ақылы түрде универде оқимын, бос грант туралы: яғни қалай өтініш беруге болады? GPA корсеткіші менде жоғары, грантка калай умиткер болуга болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/1110/notice/) жарияланған болатын. Хабарландыруда конкурсқа қатысты талаптар мен құжаттар тізімі көрсетілген.  Қажетті құжаттарды өзіңіз оқитын институт директоратыңызға немесе «Шапағат» студенттерге  цифрлы қызмет көрсету орталығына өткізуіңізге болады.

11-02-2018 15-02-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 70
Құрметті Такир Оспанұлы,

ғылыми зерттеу диссертациясын ағылшын тілінде жазып, қорғауға мүмкіндік бересіз бе? Барлық докторанттардың шетелдік және отандық кеңесшілері бар. Қазақ әліпбиі латынша болатын болса, біздің жазған ғылыми еңбекті кім оқиды. Қазақстанда 3 тілділік деген дамып жатыр. Неге ағылшын тілінде қолғауға болмайды? Мен почти барлық информацияны ағылшын және неміс тілдерінде аламын, қазақ тілінде ғылыми еңбектер аз.

Құрметпен, Жайна
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 31- наурызындағы «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» №126 бұйрығымен бекітілген ереженің 11-тармағына сәйкес докторант өзінің диссертациялық жұмысын мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде орындауға және қорғауға құқылы.  

10-02-2018 23-32-51   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Батыр Максатович

Сұрақ № 69
ППИ-нын зам.директор (тәрбие ісі жөніндегі ) . Менің 1 курс окиттің қызымды орынсыз жұмсай береді. Қандай құқығы бар. Мен звандаган кезімде "сіз кымсыз" деп телефонды қойып тастай береді. Қабылдау бөлімге звандасам "бастық жоқ, дейді " , қандай масқара. Енді кімге барып айтуга болады. Орынсыз жумсамандар студент жастарды . Олар ойыншық емес. Ректор мырза, осы мәселені шешып беріңіз.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ескерту жасалынды. Оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан тағы да басқа сұрақтарыңыз болса, Университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

10-02-2018 20-23-22   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 68
Саламатсыз ба, мен 2018 жылдың түлегімін. ҚазҰПУ-ға, бастауыш мұғалімі мамандығына түсемін деп жүрмін. Осы мамандыққа қанша грант бөлінгенін және шамамен қанша баллмен грантқа түсуге болады екен?
Жауап:

Құрметті талапкер! Сіз сұрап отырған «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 2017 жылы Қазақстан Республикасы бойынша қазақ бөліміне 83 грант, орыс бөліміне 27 грант берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ үшін арнайы 17 грант (10 грант – қазақ бөлімі үшін, 7 грант – орыс бөлімі үшін) бөлінді.

Республика бойынша өткен конкурстың нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға аталмыш мамандық бойынша грантқа 21 талапкер қабылданды (14-і қазақ бөліміне, 7-уі орыс бөліміне). 2017 жылғы конкурс нәтижесі бойынша аталмыш мамандыққа  ауыл квотасы бойынша ең төменгі өту балы - 98 балл болғанын хабарлаймыз.

09-02-2018 12-58-21   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жагипарова Гульназ Бекежанкызы

Сұрақ № 67
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович!
Меня зовут Жагипарова Гульназ, я магистрантка 1 курса специальности 6М010500- Дефектология. Пишу Вам письмо, так как, к Вам «как к президенту - не пройти, не дыхнуть». В день, когда проводилась Ваша встреча с магистрантами и докторантами университета у меня было занятие, на мою просьбу отпустить меня на встречу с Вами, была на столько бурная отрицательная реакция, что в итоге меня так и не отпустили.
А обратиться я к Вам хотела со следующим вопросом: обучаюсь я на платном отделении, отец умер, мать инвалид 2 группы. С сентября бегала по всем инстанциям, прося хотя бы минимальной скидки, везде двери закрывали со словами «магистрантам скидки нет, все!».
В данный момент, на сколько я знаю, освободился один грант на специальности 6М010300-Педагогика и психология, возможно ли перевести меня на эту специальность или грант перевести на мою специальность (у меня нет академической задолжности, GPA бал выше 3.0), если нет, то прошу Вас о помощи в виде хотя бы самой минимальной скидки. Сильная нужда заставила меня обратиться к Вам за помощью, так как оплачивать 630.000 тенге за обучение очень-очень сложно для меня в данный момент.
Я слышала, как Вы помогли многим абитуриентам в этом году со скидками за обучение, это меня сильно тронуло и я была на столько восхищена этим, что во мне зародились надежда и энтузиазм, однако встретиться с Вами, к сожалению, так и не удалось.
Спасибо, буду ждать ответа.
С уважением, Жагипарова Гульназ.
Жауап:

Уважаемая Гульназ! Перевод с платной основы на образовательный грант осуществляется в каникулярное время при наличии вакантных мест на конкурсной основе в соответствии с Правилами присуждения образовательного гранта МОН РК. По Вашему обращению директор Департамента по академическим вопросам Хайрулла Нышанович Жанибеков будет ходатайствовать о Вашем переводе на специальность «6М010300 - Педагогика и психология».

06-02-2018 13-47-06   Басқа

Сұрақ қоюшы: Гүлсая Құттыбекқызы

Сұрақ № 66
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Сіз басқарып отырған университет қызметкерімін. Яғни кафедраның аға лабрантымын.Кафедраның барлық құжаттарымен айналысамыз.Қысқасы барлық жұмыс біздің мойнымызға артылған. Бас ғимааратқа бір қағазға қолқойдыруға бастықтардың алдында 2 сағат тұрамыз. Кафедрадағы ер балдар жасайтын кейбір жұмыстарды да біз жасаймыз. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыста отырамыз. Оқытушылармен бірдей жұмыс жасаймыз.Мен Гуманитарлық ғылымдардың магистрімін.дінтану мамандығын бітіргенмін.бірақ маған сағат берілмеді. Жастарға орын бермейді. Лаборанттықтың айлығы мүлде аз. 36000 теңге ғана. Өзім пәтер жалдап тұрамын 25мыңға. тамағыма да жетпейді қалған ақша. Осы мәселені қарасаңыз деймін. Бізді ешкім елегісі де келмейді. Жұмыс көлеміне қарай айлық көрсеткішімізді де сай болу керек ғой. осы мәселені қарап, шешіп берсеңіз екен.Алдын-ала рахмет!
Жауап:

Құрметті Гүлсая Құттыбекқызы! Сіздің шағымыңыз бойынша жалақы мәселесін қарастыратын боламыз. Сұрағыңызға қатысты толық мәліметті алу үшін Тарих және құқық институтының директоры Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлымен хабарласуыңызға болады.

05-02-2018 14-04-27   Басқа

Сұрақ қоюшы: женский коллектив ИМФИ

Сұрақ № 64
Здравствуйте уважаемый Такир Оспанович!
хотели бы знать, когда наконец откроют женские туалеты на этажах в корпусе № 5 (Физ-мат факультет)? потому что вот уже полгода и студенты и ППС (женского пола) вынуждены пользоваться одним туалетом на первом этаже, причем ни дверей ничего там нет. уже не говоря о соблюдении этических норм, там выстраиваются большие очереди на переменках.
хотим знать, когда будут нормальные условия. Просим Вас принять меры.
Жауап:

Здравствуйте!  Ваш вопрос направлен в Департамент по развитию инфраструктуры. В течение марта 2018 года в корпусе №5 будут проведены соответствующие ремонтные работы.

03-02-2018 10-52-11   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Асем

Сұрақ № 61
Cәлеметсізбе.Мен 11-сынып оқушысы едім,психология және дифектология мамандықтарына грантқа түсу үшін неше балл жинау керек ҰБТ-дан?
Жауап:

Құрметті Әсем! Университетіміздің Сіз қызығушылық танытып отырған «Психология» және «Дефектология» мамандықтарына талапкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.

Барлығы: 2828

« перв. ... < пред. ...  135  136  137  138  139 140  141  142  ... след. >

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Қараша, 2021
20
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений