05-12-2019 23-43-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Тілек Ерасыл Ермекұлы Сұрақ № 1762 Құрметті Балықбаев Такир Оспанұлы және де Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бөрібаев Ермек Әбілтайұлына Тарих және Құқық институтының 4- курс студенттерінің атынан алғысымыз шексіз. Себебі біздің оқу ғимаратымызда сот жүргізу залына күрделі түрде жөндеу жүргізілді. Сот жүргізу залы толық өзгеріске ұшыраған. Біз 4 - курс студенттері өте қуаныштымыз бізге және бізден кейіңгі студенттерге білім алуға және тәжірбие түрінде жүзінде көрсетуге мүмкіндік жасап жатқандарыңызға. Ермек Әбілтайұлы біздің институтымызда көптеген маңызды іс-мәселелерді қозғап студенттердің білім алуына барынша жағдай жасап жатыр деп ойлаймын. Және де Құқықтану кафедрасының оқытушыларына алғысымызды білдіреміз. Ерекше алғысымызды Кусаинов Серғазы Жағалбайлыұлына білдіреміз. Бізге болашақта кәсіби маман болуымызға үлкен ұлесін қосып жатқан үшін алғысымыз шексіз.
Жауап:
Құрметті Ерасыл!
Құқықтану кафедрасының меңгерушісіне және профессор-оқытушылар құрамына жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет. Университет басшылығы студенттердің білімін шыңдау үшін мүмкіндігінше барлық жағдайды жасайды. Университетіміздің түлектері бәсекеге қабілетті мамандар болатынына сеніміміз мол. Сізге сәттілік тілейміз!
05-12-2019 21-22-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1760 Сәлеметсіз бе,Тахир Оспанұлы! мен құқықтану мамандығының 4 ші курс студентімін,мен кафедрам жайында айтқым келіп отыр,біздің кафедраның мұғалімдері өз мамандықтарын өте жақсы меңгерген,сабақты жақсы әрі қызықтығып өткізеді.Кафедра мұғалімдерінің арқасында жаңадан процесс өткізетін кабинет ашылды,болашақта осындай мұғалімдерден шыққан студенттер жақсы Судья,Прокурор шығады деп ойлаймын.
Жауап:
Құрметті студент!
Құқықтану кафедрасына қатысты пікіріңіз үшін Сізге үлкен рахмет. Болашақта білікті маман болатындарыңызға біз сенімдіміз. Сіздерге тек сәттілік тілейміз!
05-12-2019 21-18-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Шукурлаев Қазбек Сұрақ № 1759 Мен ҚжТ факультеті, Құқықтану мамандығын бітіруші студентімін, маған аптасына 4 күн білім беретін, Кусаинов Серғазы ағай тұралы жаза кетсем деп едім. Ол кісі өз лекциясын үтір нүктесіне дейін анық түсіндіреді. Әсіресе криминалистика сабағында былайша айтқанда требовательный. Тәжірибеде керек заттың түгелін үйретіп, жаттатқызады. Осы кісінің арқасында криминиластика пәнінде болашақ мамандығым үшін көптеген мәліметтер бідіп әрі жаттап алдым. Серғазы ағайға айтар алғысым шексіз!!
Жауап:
Құрметті Қазбек!
Университетте білікті және тәжірибелі мамандардың берген білімін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рахмет. Алғысыңызды жеткіземіз. Қадамдарыңыз сәтті, үлкен өмірдегі жолдарыңыз ақ болсын!
05-12-2019 21-02-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мұқаш Ақжол Серікұлы Сұрақ № 1758 Сəлеметсіз бе,Такир Оспанұлы. Мен құқықтану мамандығының 4 курс студенті Мұқаш Ақжол Серікұлы мен осы оқу орнына оның ішінде құқықтану мамандығына түскеніме қуанамын себебі біз жақсы білімді оқытушылардан білім алып көп нарсе үйрендік әліде үйреніп келеміз.Сол себепті сізге жəне құқықтану кафедрасының мұғалімдеріне алғыс білдіргім келеді, көп рахмеет сіздерге.
Жауап:
Құрметті Ақжол, ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғысыңызды жолдағаныңыз үшін Сізге үлкен рахмет. Еңбек жолындағы қадамдарыңыз сәтті, үлкен өмірдегі жолдарыңыз ақ болсын!
05-12-2019 20-06-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1757 Уважаемый Такир Оспанович, У нас к Вам вопрос почему после обновления в плэй маркете система универ не работает?! Нам студентам легче проверять свои оценки через приложение система Универ. Прошу Вас принять это во внимание и устранить эти нюансы.
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято во внимание. Постараемся устранить данную проблему в ближайшее время. Спасибо!
03-12-2019 19-00-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1755 Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! Менің сізге қояр сұрағым денсаулық жағдайыммен емделуіме байланысты желтоқсан айының 26 және 28 болатын жазбаша түрдегі емтиханды мерзімінен бұрын тапсыра аламын ба? Жауабыңызға рахмет!
Жауап:
Құрметті студент!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселемен институт директорына жолығуыңыз қажет.
Білім алушы оқу үдерісіне қатысты мәселе туындаған жағдайда, ең бірінші институт директорына жолығып, жағдайын түсіндіріп, сұрағына жауап алады. Егер директорат тарапынан мәселе шешілмесе, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына жолығуы қажет. Департамент білім алушыға өтініші бойынша нұсқаулық бермеген жағдайда ғана Ректор блогына сауалын жолдаса болады.
03-12-2019 15-52-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1754 Здравствуйте, Тахир Оспанович ! Мы, студенты МФиИ недовольны своим факультетам и нам очень жаль наших 500.000 тенге . Полмиллиона с неба не падают и хотелось бы на подобающем уровне отучится. Во-первых , отучившись, мы не хотим быть как наши профессора! Унылые , нет ни грамма желаний преподавать и обзывают нас! Самая нормальная преподавательница это Жумашева Салтанат Сатыбалдиевна! Которая мотивирует нас и единственный человек который,рад нас видеть ! Нет желаний приходить в универ. Унылый и скучный. Серые стены и синий туалет без бумаг и мыло ! Поставили прибор для жидкого мыло, так заполните её ! Да поставьте хотябы Кир сабын !
Спасибо за библиотеку ! Хоть одно место,где можно посидеть и наслаждаться атмосферой и учиться.
Пожалуйста! Мы,студенты , хотим любить свой университет. Чтобы нам не было жаль наших денег. Например я никому не советую наш факультет ! И многие в этом универе.
Следующая просьба поставить КОФЕ МАШИНУ ! Даже в подземках есть кофе машина ! Холода наступили а мы не можем согреться ! В нормальных вузах есть терминалы. Мы не входим в эти вузы ? Возьмите во внимание все что было сказано !
Знаете почему анонимно ? Да потому что сказав это мы можем конкретно получить 0-49 баллов. Нас же пугали с ВОУД. Что если провалим, оценки снизятся. Не нами а учителями займитесь! Ведь мы по их стопам идём! Но в будущем нет ни грамма быть на них похожими. А учителем то быть хочется. Тем более мы, те кто платим. Осознанно выбрали этот ВУЗ ! А не так как грантники - грант и нет выбора . МЫ ВЫБРАЛИ ВАС ! ТАК БУДЬТЕ ЭТОГО ДОСТОЙНЫ
Жауап:
Уважаемый студент!
Ваше обращение принято к сведению. Факты касательно преподавателей - прошу назвать их по именам для разъяснения. Ваше предложение по улучшению бытовых условий обязательно примем во внимание. Руководство университета делает все возможное для создания благоприятных условий учебы и жизни обучающихся. Просим и Вас проявить понимание: все сразу не делается. Если есть какие-то трудности с обучением, Вы можете прийти к нам в ректорат и поделиться своими проблемами и предложениями по их решению. Спасибо!
02-12-2019 01-10-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Абилдиева Гульнур Сұрақ № 1753 Саламатсызба,мен М.Козыбаев атындагы СКМУ-нын мектепке дейнги тарбиелеу жане билим беру мамандыгынын 1курс студентимин. Сиздерге 2курста академиялык мобильностьпен окыга болады ма? Грантка?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Егер университет арасында студент алмасу болмаса, біз аймақтық университеттердің студенттерін ақылы түрде қабылдаймыз.
Академиялық ұтқырлық бойынша қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-36-92, 291-12-45. Рахмет!
02-12-2019 00-16-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1752 Құрметті Тахир Оспанұлы Балықбаев мырза!
5жатақхана белсенділері ең алдымен жатақхана бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.Белсенді екенімізді ескеріп,еңбегімізді бағалағандарыңызға рақмет.
Жатақхана осы оқу жылында жөндеуден өткен,барлықдерлік жақсы.Бірақ ас бөлмелеріндегі плиткалардың жағдайы мәз емес бірі істесе екіншісі істемейді,сол ескерілсе екен.
Барлық студенттер заңды ордер бойынша орналасқан.Бірақ сіздер тараптан ордерде беру кезінде қателіктер кеткен.207б бөлмесі 6адамға арналған бірақ ол жерде ордерде көрсетілген бойынша 9адамға берілген.202а бөлмесі 4адамға арналған ол жерге 2ұл 3қызға ордер берілген.407б бөлмесі 6адамға арналған ол жерде ордер бойынша 3қыз 3ұл(Және басқада осындай кемшіліктер бар).Егер бұл ордерде берілген бөлмелер бойынша орналастырсақ,ұлдар мен қыздар бір этажда емес бір бөлмеде тұратын еді.Ордер берілу жағын дұрыстап қадағаласаңыз
Әр студент әр жақтан келгеннен кейін,әр қайсысы әртүрлі тәрбие көрген әртүрлі мінезі бар сол себепті кейде бөлмелер арасында кикілжіңдер болып тұрады.Тұрғың келмесе шыға берсең болады дейін десек ешбір адам жатақхананы босқа керек етпейді.Сол себепті сізден жатақханада кикілжің болған бөлмедегі қыздар ұлдарды ішінара ордерде көрсетілген емес басқа бөлмеге ауыстыруға рұқсат беруіңізді сұраймыз(сіздің рұқсат міндетті түрде керек екені айтылды бізге)
Жауап:
Құрметті №5 жатақхананың белсенді студенттері!
Сіздердің өтініштеріңізді қарастыру барысында барлық бөлмелер автоматты түрде «Универ» жүйесінде берілгендігі және жүйе тек 4-6 орын бере алатындығы анықталды. Сол себептен 9 адамға орын шықпайды. Ұл мен қызға бір бөлмеге шығуы қабылдау комиссиясның техникалық қателіктеріне байланысты берілген. Бұл мәселені қарастырып, шешуге тырысамыз.
01-12-2019 21-05-59
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1751 Қайырлы кеш Тахир Оспанұлы, сізге сұрағым: неліктен жатақхана студенттері кешкі уақытта вахтёрша қызметкерлерінің жұмысын атқарады?Оған қоса дәліздің, вахта қызметкерлерінің отыратын жерін және салқын жерде ( есік аузында) вахтаның кезекшілік қызметін атқаруы тиіс?Осы мәселе бойынша шара қолдануыңызды сұраймыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз назарға алынды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша біз шаралар қолданамыз. Жатақханада аталған мәселелер орын алған жағдайда инситут директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарласу керек.
01-12-2019 21-01-50
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1750 Добрый вечер.Могу ли я узнать кто нас обьязал на то чтобы выполняли работу вахтёрши, а точнее сидеть на вахте и мыть пол коридора.При не выполнении заданий быть наказанными.
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению. Будет проведена проверка, по результатам которой примем меры. Просим указать номер общежития. В таких ситуациях Вам необходимо связаться с зам.директора по воспитательной работе института.
01-12-2019 21-01-18
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1749 Добрый вечер! У нас возникает такой вопрос, обязаны ли студенты очного отделения выполнять работы вахтёрши в общежитии?
Если да, то почему?
Спасибо за внимание!
Жауап:
Здравствуйте!
Студенты не должны выполнять работу сотрудников общежитий. Они должны содержать свою комнату в чистоте и не нарушать правила поведения, установленные в общежитиях. Касательно обращения студентов по поводу выполнения ими работы вахтерши будет проведена проверка. По ее результатам будут приняты соответствующие меры. Спасибо!
29-11-2019 18-18-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Амирбекова Динара Сұрақ № 1748 Саламаматсызба,Тахир Оспанулы.Мен Кызылорда каласы Кму 1 курс студентимин.Сизден сурагым келгени:биыл биздин университетимизде академиялык уткырлыкпен КАЗНПУ окуга мумкиндик келди.2 семестрде барп окыгым келеди,алайда осы университетте окитын студенттер емтихан уакытын миндетти турде акшамен жабады дейди(аныгын билмедим).Осы жагдайды тусиндирип бересизбе,жане уткырлыкпен келген студеттерге жатакхана карастырыладыма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторы қызметкерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-12-45. Рахмет!
29-11-2019 09-55-00
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1747 Добрый день. Нам заочникам ПМНО 3 курса, сказали чтобы до 29.11.19 нужно оплатить 50% от суммы т.е. 175тыс. В случае неуплаты ждет отчисление. Но в договоре это не прописано. Предыдущие курсы я оплачивала на осенней сессии т.е в конце января месяца. В данный момент такой суммы на руках не имею. Как быть?
Жауап:
Здравствуйте!
Оплата за обучение производится согласно договору. Для получения полного ответа Вы можете обратиться к директору Департамента по академическим вопросам либо к директору своего института. Спасибо!
28-11-2019 21-27-57
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1746 Салеметмізбе, Такир Оспанулы! Сізге қояр сұрағым: тест орталығында отырғандар тест сурактарын неге универ жуйесіне өздері енгізбейді? Практикант комекшілер береміз деп, ақыры жауап жоқ. Біздің (профессор-окытушылардың) тікелей міндетімізбе, соны білсек деймін. Окытушы-профессорлар 2-3 аптаның ішінде тез арада арнайы пәндерден тесттер дайындады, 300-450 сурақ (кейбіреуі 3-4 паннен сабак береді) әр пәннен жедел турде тсет құрастырдық, талапты орындадық, тапсырдык. Енді келіп, тез арада әр мугалім өз тесттеріңізді универ жуйесіне енгізіңіздер дейді. Универ жуйесіне 1 сұрақ енгізудің өзі узак уакыт алады, ойлап қарасам арнайы пәндерден беретін оқытушыларга 2000-2500 тестті енгізу ушін қанша уакыт, куш керек. Жакында аралык бакылау басталады, кунара толтыратын электронный журналымыз, сабагымыз бар, эдвайзерлік группалар бар. Тест орталыгындагы қызыметкерлермен осы мәселені шешіп беруіңізді сураймыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Тіл пәндері (қазақ, орыс, ағылшын) бойынша тест тапсырмаларын Тестілеу орталығының қызметкерлері базаға енгізеді. Тіл пәндерінде (тыңдалым, оқылым, лексика-грамматика) ерекшеліктер болғандықтан, әрбір тест тапсырмасының тыңдалым бөлімін оқытушы өзі енгізуі қажет.
Емтихан бойынша басқа да сұрақтарыңыз болса, Тестілеу орталығының бастығы Д.Н.Исабаеваға жолығуыңызға болады. Рахмет!
28-11-2019 16-15-41
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1745
Саламатсыз ба , Такир Оспанович ? Менім сұрағым , келісім шарт бойынша біз 30%ді оқуын , қыс сессияның алдында төледым , енді қызым айтады
50%ын төлеу керекпыз . Телефондар ешкім жауап бермейді (87272 915768 , 917371 ) . Қызыма жатаханаға 20000 ай сайын төлеймыз , сосын құралдары бар , Ақтөбеде тұрамыз ( 2курс сәндік кол өнер де окийды) . Осыны бізге қарастырып берсеңіз. Жаубынызға рақмет !
Жауап:
Құрметті ата-ана!
Оқу төлемақысын келісім-шартқа сәйкес төлеуіңіз қажет. Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727) 291-13-71. Рахмет!
28-11-2019 00-09-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1744 Саламатсызба!
Қазақ Ұлттық Университетінің директоры Тахир Оспанұлы.Мен ата-ана Алимашева Мейрамгүл мен 2-курс студенті екі шет тілі оқитын Көбеева Альфияның анасымын.Тараз
қаласынан мен сізге хабарласқан себебім өткен жылы қызым 1-курста қызыл аттестатқа байланысты 50% жеңілдікпен оқыған еді.Біз құжат тапсырғанда Университеттің мұғалімдері құжат қабылдаған қыздар бізге осы жеңілдік 4-5 ке оқыса 4 жыл бойы жалғасады деген.Енді тек қана бір-ақ жылға дейді.Олай өтірік айтпау керек еді.Мен сол үшін тамыздың 14-15 күндері Алматыға КазНПУ-ға барғанмын.Мені директордың орынбасарына жіберді.Ол кісі мені Филология деканына жіберді.Филология деканы отпускіде екен,телефон арқылы сөйлестім ,және сол жердегі құжат қабылдаушы қыздармен сөйлестім.Ол жеңілдік тек қана бір-ақ жылға деді.Мен көп балалы анамын.Менде 2 бала ақылы Университетте оқиды.Біреуі Таразда оқиды.Оралман төлқұжатым бар,және Атаулы Әлеуметтік Көмек аламын.Осы жағдайларға байланысты маған қандай жеңілдіктер бар.Мен қыркүйек айында осы құжаттарды Университетке келіп Қайрат деген жігітке тапсырдым.Өзім жұмыссызбын.Үйде 80-нен асқан қарт ата-енем бар. Соған байланысты жұмысқа шыға алмаймын.Сізден өтінерім бізге көмек беруіңізді сұраймын.Сөзімді уақытыңызды бөліп оқып жауапсыз қалдырмауыңызды өтінемін.
Өтініш иесі ата-ана Алимашева Мейрамгүл
Жауап:
Құрметті ата-ана!
Университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушылар мен «Алтын белгі»,«Үздік аттестат» иегерлерінің 1 жылдық оқу ақысына 10-100%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылғаны рас. Егер білім алушы бірінші оқу жылын үздік бағаға аяқтаған болса, оқу ақысына берілген жеңілдік сақталады. Жеңілдіктер туралы ережемен университет сайты арқылы таныссаңыз болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf.
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727) 291-13-71. Рахмет!
27-11-2019 12-28-42
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1743 Басты сұрағым: мерзімінен бұрын емтихан тапсыру неге жоқ? қол астындағыларыңыз студент үшін саусағының ұшында қимылдатпайды олай болса неге басшылықта отыр және біз жылына оқу ақысын төлеп отырмыз ғой, қандай өтінішпен барсақ та еститініміз жоқ олай болмайды, жоқ бұлай болмайды, сіз үшін емтихан уақытын өзгертіп жүрмейміз дейді, онда неге жұмсын атқармайды егер оның басты Студент пен универ жағдайы болса.
Жауап:
Құрметті студент!
Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Рахмет!
27-11-2019 12-11-31
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1742 Оқуды мерзімінен тапсыру болуы қажет ондай жоқ деп студентті алдамауыңызды сұраймын. Себебі әр адамның жағдайы әр түрлі немесе күзде жиналыста айтылғаны жөн еді, билетті алып қойғаннан кейін емес. Студенткеде түсіністікпен қарағаныңыз дұрыс. Алдын ала досрочно тапсырылмайды деген кезде билет алынбайтын еді және оны ауыстыруға қалтамыз көтермейді, ал поездға мүлдем билет жоқ, осы мәселені шешіп берсеңіз деймін, себебі сессия уақыты жақындап қалды ал студенттердің амалы жоқ!
Жауап:
Құрметті студент!
Сессия кезеңдері Академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Сондықтан билет алмай тұрып, ең алдымен сессия кезеңдерін, емтихан кестесін ескерулеріңіз қажет. Барлық курс бойынша соңғы емтихан 28 желтоқсан күні өткізілетін болады.
Егер билет алып қойған болсаңыз, өтінішіңізді жазып, институт директорына жолықсаңыз болады. Рахмет!
27-11-2019 11-44-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1741 Сәлеметсіз бе! Мен отбасы жағдайыма байланысты билетті ерте уақытқа алған болатынмын, ерте тапсыру жөнінде барған болатынмын, неше күннен бері жүрмін, бірақ ешқандай басшы студентке адам сияқты қарап жағдайын түсіністікпен қарамайды, сессияның уақыты енді бекітілмек, досрочно тапсырудың студенттерге жағдайына түсіністікпен қарауыңызды сұраймын, және басшылардың да студентпен дөрекі сойлесуін қолға алуыңызды сұраймын, досрочно тапсыру барлық университтетерінде бар және біздікі Ұлттық университет неге бізде жоқ? алдыңғы жылы болып еді, осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін. Егер ерте тапсыруға болатын болса қайда барып өтініш жазамын?
Жауап:
Құрметті студент!
Өтінішіңізді жазып, институт директорына жолықсаңыз болады. Рахмет!
Барлығы: 4046