Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректор блогына қош келдіңіз!

Құрметті сайт қонағы!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

қызметіне қатысты Сізді қызықтырған мәселелерді талқылауға қуаныштымын.

Сіздің сайтта пікір қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныстар білдіруге мүмкіндігіңіз бар.

 

Құрметпен,  п.ғ.д, профессор Балықбаев Такир Оспанович 

 e-mailrector_blog@kaznpu.kz 

 

Ректордың жеке сұрақтар бойынша қабылдауы сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

 
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
23-08-2019 16-55-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Алия

Сұрақ № 1404
Здравствуйте, хотела спросить когда можно получать список образовательных грантов по программам PhD? спасибо за ответ.
Жауап:

Здравствуйте!

Перечень распределения образовательных грантов в докторантуру будет опубликован 28 августа 2019 года.

23-08-2019 14-32-02   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1403
Сәлеметсіз бе? Жатақханаға өнініш беру 25.08 аяқталады. 2ші курстар жатақханаға онлайн өнітіш беру қажет екен. Бірақ универ жүйесіне онлайн жатақханаға өтініш беру қызметі енгізілмеген. Ол қашан енгізіледі. Басқа қаладан келген 2-3курс студенттері енді далада қаңғырып жүреді ме? Неге жатақхана берілмейді. Жатақхана мәселесін қарастыруларыңызды сұраймын!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақхана бірінші кезекте оқу орнымыздың 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және т.б.) білім алушыларға үлестіріледі.

Жатақханаға мұқтаж 2-4 курс студенттері жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруі қажет. Өтінім 25 тамыздан бастап қабылданады.

22-08-2019 19-02-56   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жанибекова Гульнур

Сұрақ № 1400
Сәлеметсіз бе? Менің қызым Жұлдыз биыл осы оқу орнына филология факультетіне ақылы бөлімге құжат тапсырды.Жатаққан берілмеген жағдайда оз қаламызга қайтуына тура келеді


Тура туыстың жоқтығына байланысты сол себепті жатақханамен қамтамасыз етуіңізді өтінемін.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

22-08-2019 18-33-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1398
Саламатсыз ба! Мен ФилКББИ екі шет тілі мамандығының 2 курс студентімін. 2018 жылы Алтын белгі жеңілдігімен(100%) оқуға түскенмін. Және оқуға түсер алдында егер GPA балл 3.67 асса 100%дық жеңілдік екінші курсқа сақталады деген болатын. Менің GPA балым 3.9 болды. Бірінші семестр аяғында да екінші семестр біткен соң да грантқа өтініш жаздым. Екінші конкурс бойынша грантты 3.95 балл жинаған қыз алыпты. Жарайды. Бірақ бірінші конкурстың нәтижесін интернеттен универ сайтынан таба алмадым. Және сұрайын дегенім 100 % скидка екінші курсқа сақталады ма? Телефонмен нақты жауап ести алмадым. Өзіңіз айтсаңыз?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Білім беру грантының бос орындары мен конкурс нәтижелері туралы толық ақпаратты институт директорынан немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековтен (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) алуыңызға болады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, білім алушыларға арналған жеңілдік ережесіне (http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf) сәйкес әрбір академиялық кезеңдегі оқу үлгеріміңіз тек «үздік» болса, жеңілдік сақталады.

22-08-2019 11-29-02   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жанибекова Гульнур Каскырбаевна

Сұрақ № 1393
Салеметсизбе. Кызым Жанибекова Ж.О осы жылы 1 курс студенти. Актобеден. Алматыда тумаларымыз жок,жатакханадан орын беруинизди отинемиз.билетимиз 29.08. куни Алматыда 31.08.куни болады. Рахмет.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68, 291-73-71. Рахмет!

22-08-2019 10-44-59   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жанибекова Гульнур Каскырбаевна

Сұрақ № 1392
Саламатсызба.менин кызым осы универге тусип еди.билети 29.08.куни.Актобеденбиз.Алматыда тумаларымыз жок.Жатакханадан онын беруинизди отинемиз.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

22-08-2019 01-36-03   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1390
Сәлеметсізбе, құрметті Тахир Оспанұлы! Биылғы оқу жылында 2 курс студенттеріне мүлдем жатақхана берілмейді деп айтып жатыр, себебін де түсініп отырмыз әрине, биыл университетімізге түсішулер саны көп. Айтарым​ 2​ курс студенттерінің арасында университетіміздің оқу үздіктері, белсенділері, түрлі клубтардың мүшесі болып жүрген студенттер, және сонымен қатар көп балалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттерге жатақхана беру жағдайын қарастырсаңыздар. Мұндай студенттер Алматы қаласынан пәтер жалдап тұруға жағдайы да, шамасы да жетпейді. Шешімін табасыздар деген үміттеміз!
--
Жауап:

Құрметті студент!

Студенттердің барлығын жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан жатақхана бірінші кезекте 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға үлестіріледі.

Жатақханаға мұқтаж 2-4 курс студенттері жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруіне болады. Өтінім 25 тамыздан бастап қабылданады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

21-08-2019 18-02-30   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1387
Здравствуйте, хотела спросить когда объявляет список образовательных грантов по программам докторантуры в вашем университете ? спасибо .
Жауап:

Здравствуйте!

Перечень распределения образовательных грантов в докторантуру будет опубликован 28 августа 2019 года.

21-08-2019 11-22-57   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1385
Сәлеметсіз бе? Жатахананы қашан береді екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Егер Сіз оқу орнымыздың 1 курс студенті болсаңыз, жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.:8 (727) 291-57-68, 291-73-71. Рахмет!

19-08-2019 08-40-38   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1373
Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанұлы! Сіздердің тарих және құқық факультетінде аға ұстаз болып, докторан Бакауова Гүлстан Бекеновна 15.01.1976 ж. ресми түрде қызмет атқарады ма? Өйткені осы аталған адам -өзін ұстаз ретінде таныстырып, біраз магистр және докторлыққа үміткерлерден үлкен сомада ақша алып қайтармай жасырынып жүр. Осы адам туралы нақты ақпарат берсеңіздер. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сіздің жолдаған шағымыңыз бойынша арнайы тапсырма берілді. Шағымыңыздағы мәселеге байланысты нақты мәлімет алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

12-08-2019 21-53-15   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1356
Добрый день. Я сдавала вступительный экзамен 11 августа 2019 г. в здании вашего университета для поступления в в магистратуру UIB. Сравнив отзывы согруппников об условиях для проведения экзамена в разных университетах г. Алматы, решила оставить свой отзыв. Выражаю благодарность Вам и вашему коллективу за организацию благополучной спокойной рабочей атмосферы во время проведения экзамена, в просторной проветриваемой аудитории, с качественной техникой для воспроизведения звука, питьевой водой, чистой уборной, доброжелательной встречей, четкой организацией сдачи - хранения вещей, регистрации, своевременным началом без задержки и завершением экзамена по расписанию.
Жауап:

Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. Заверяем: руководство и сотрудники нашего университета делают все возможное, чтобы экзамены и обучение студентов проходили в комфортных условиях.

09-08-2019 17-58-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1342
Сәлеметсіз бе! 4 курстарға сабақ нешесі басталады екен? Және сабақ кестесін ыңғайлы етіп құруына аса қатты назар аударуларыңызды өтінемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жаңа оқу жылының сабақ кестесін институт директоратынан немесе Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-71-06.

09-08-2019 16-34-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1341
Сәлеметсіз бе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Педагогика және психология мамандығының студентімін.Мен Сахиева Ләйла апайға тағылған айыпты оқи отырып,оның бұл өрескел әрекеттерді жібермегенін,сабағын уақытылы өтіп,студенттермен дұрыс қарым-қатынас орната білген оқытушылардың бірі екендігін айтқым келеді.
Жауап:

Құрметті студент, жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

08-08-2019 20-49-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қадырова Құралай

Сұрақ № 1332
Сәлеметсізбе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Қадырова Құраралай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану-математика факультетінің математика мамандығының 2 ші( енді 3) курс студенті боламын. Сізден сұрағым келгені: Қазіргі таңда мен грантымды (мемлекеттік грант, ауылдық квота) сақтап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне өз мамандығыма ауыса аламын ба? Қандай мүмкіндіктер бар? Немесе бұл мүлдем мүмкін емеспе? Жауабыңызды күтемін. Уақыт бөліп оқығаныңызға рахмет!
Жауап:

Құрметті Құралай!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Рахмет!

08-08-2019 18-40-02   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1331
Дайындық факультетіндегі апай ағайларға алғысымды білдіргім келеді. Жанібек ағай, Халида апай, Ляззат апай, Шайзат апай, Баңтыгул апай, Даурен ағай, Анар апай т.б сіздерге көп рахмет сіздер ең керемек кошеметке лайықсыздар
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге көп рахмет!

08-08-2019 16-38-20   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Асель Атабеккызы

Сұрақ № 1330
Саламатсызба! Есимим Асель Атабеккызы. Магистратурага документ тапсырган болатынмын. Хатшылардын кателигинен мени базадан оширип тастаган екен. Кателиги гражданства Казакстан деген жерге, Кыргызстан азаматы деп жазган. Уакытыныз болса сиздин есигиниз алдындамын. Кабылдасаныз
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Әсел!
Шағымыңыз бойынша қабылдауыма жазылсаңыз болады. 
 
07-08-2019 11-44-23   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жумадилова Жанара Досмухановна

Сұрақ № 1326
Добрый день!Подскажите,пожалуйста,дочь давала заявку на социологию,но грант не получила,можно получить грант на специальность наука о земле?Что для этого нужно?
Жауап:

Уважаемая Жанара Досмухановна!

По вопросу поступления Вашей дочери на данную специальность Вам следует обращаться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные данные: 291-73-71, 291-87-80.

07-08-2019 11-40-22   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1325
Салематсызба құрметті ректор. Мен Жанаозен қаласының тұрғыны қызым ақылы оқу бөлімінде биыл 2 курс студенті. Өзім көп балалы анамын. Отбасымда 9 балам бар. З студент бар. Кызыма жатақхана беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Студенттерге жолдама беру кезінде институт жанынан арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын міндетті түрде ескереді.

07-08-2019 09-40-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1324
Добрый день! Правомерно ли собирать с каждого выпускающего магистранта по 1000 тг за сдачу в архив? Мы все сдавали по 1000 тг Сейсен Найле Бахытбековне. Также деканат Института Истории и Права выдал многим транскрипты с ошибками, в том числе грамматические, где-то на французом даже есть. До сих пор не можем получить нормальные транскрипты без элементарных ошибок. Думаю нужно принять меры, так как это же не частный вуз, а национальный. Прошу разместить, так как предыдущее мое обращение было не размещено, в противном случае обращусь лично к ректору.
Жауап:

Здравствуйте!

За сдачу документов выпускников в архив сбор средств не правомерен. Касательно сотрудников за выдачу транскриптов с ошибками и за требование денег - если ваши жалобы будут подтверждены, в отношении виновных примем административные меры. Спасибо за обращение. Постараемся впредь не допускать такие проблемы.

06-08-2019 11-17-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1322
Құрметті Такир Оспанович! Сізден сұрарым осы жылы 2курс студенттеріне жатақхана берілсе екен. Алдынғы жылы жатақхана қарастырылады деді, бірақ қаншама студент далада қалды. Енді алдамасаңыздар екен. Сіздерге сендік.
Жауап:

Құрметті студент!

Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-03-25, 291-83-82.

Барлығы: 1092

1 2  3  4  5  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Тамыз, 2019
29
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений