Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректор блогына қош келдіңіз!

Құрметті сайт қонағы!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

қызметіне қатысты Сізді қызықтырған мәселелерді талқылауға қуаныштымын.

Сіздің сайтта пікір қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныстар білдіруге мүмкіндігіңіз бар.

 

Құрметпен,  п.ғ.д, профессор Балықбаев Такир Оспанович 

 e-mailrector_blog@kaznpu.kz 

 

Ректордың жеке сұрақтар бойынша қабылдауы сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

 
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
23-05-2019 20-00-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Ныанбай Айгерим

Сұрақ № 1110
Саламатсыз құрметті ректор мырза, педагогика психология кафедрасының 2-ші курс магистрантымын,мен негізінде сұрақ емес алғысымды білдіру ниетімен сайтка жазып отырмын, осы жылы жарты айдан кейін магистратураны бітіргелі отырмын,өзім білім алған кафедра ұстаздарына улкен рахмет айтқым келеді, әсіресе маған жетекшілік еткен педагогика ғылымдарының профессоры Абсатова Марфуға Абсатқызына, осы екі жыл аралығында маған өзінің біліктілігімен, шеберлігімен маған мықты тәлімгер, ақылшым болып көп жеңістерге жеткізді, нағыз ғылымның не екенін уйретті, жетекшімнің арқасында 4-мақала жазып, Республикалық МОН конкурсына қатысып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталдым, ғылыми зерттеу конференцияларына, қатысып жүлделі орындарға ие болған едім, осы жолда алға жетелеп, әрдайым мотивация берген менің ұстазым Марфуға Абсатқызы. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде осындай нағыз білімгер мотиватор педагогтардың болуы жас ұрпаққа үлкен көмек, мен осы оқу орнында білім алғаныма еш өкінбеймін. Көп көп рахмет сіздерге


Жауап:

Құрметті Айгерім!

Педагогика және психология кафедрасы ұжымы мен ғылыми жетекшіңіз Марфуға Абсатқызына жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!

Сіздің осындай жетістіктерге жетуіңізге себепші болған университетіміздің және ұстаздарыңыздың атынан білім және ғылым жолындағы ізденісіңізге тек сәттілік тілейміз!

18-05-2019 02-06-38   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Алия

Сұрақ № 1095
Тахир Оспанович здравствуйте!!! хотели уточнить почему для детей сотрудников не проводит мероприятие. Даже Новый год не для всех делают. О том, что какие то праздники или мероприятие проводят мы вообще не слышали. Ведь мы работаем в педагогическом вузе, хотелось бы ребенку своему с детства привить любовь к профессии педагога, тем самым показываю какой замечательный у нас ВУЗ. Просим обратить внимание на вышесказанное.Спасибо заранее
Жауап:

Здравствуйте, Алия. Спасибо за оставленный комментарий. Ежегодно профсоюзная организация университета проводит новогодний бал-маскарад, на который каждый желающий сотрудник может прийти со своими несовершеннолетними детьми. Для получения более полной информации вы можете обратиться к председателю профсоюза сотрудников КазНПУ имени Абая  Мухтару Ботабаевичу Ибраимову. Тел.: 291-46-84.

17-05-2019 22-37-58   Басқа

Сұрақ қоюшы: сотрудник

Сұрақ № 1092
Здравствуйте.Можно вопрос задать. Почему на ежегодный 3-дневный отдых с вуза, организованный воспитательным отделом едут одни и те же люди? Почему не обновляете список. Можете посмотреть по фото тех лет отдыха, одни и те же лица. Пытаюсь уже 5 год попасть в этот список, но увы никак не попадаю. В список попадают те кто хорошо общаются с проректором по воспитательной работе и с его приближенными . Жаль, что не все могут отдохнут. В нашем вузе все решается через личные связи, к сожалению это очень огорчает.И чтоб попасть в список мне моя коллега сказала,что я должна преподнести подарок проректору или его помощнице. Решите этот вопрос. И почему в 21 веке все до сих пор решается только через подарки и личные связи. КРИК ДУШИ УЖЕ
Жауап:

Здравствуйте. Спасибо за вопрос. По организации ежегодного трехдневного отдыха сотрудников и ППС сообщаем, что отдел по воспитательной работе к этому вопросу не имеет никакого отношения. Организацией отдыха сотрудников занимается профсоюзная организация университета.

Сведения, указанные в вашем обращении, обязательно будут проверены. По результатам проверки будут приняты соответствующие меры.

16-05-2019 18-24-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Асем

Сұрақ № 1090
мен Филология және көптілді білім беру инcтитутынын студентымын. Бул маселены 4 рет жазгам, бирак сайтка шыгармад. Меним шагым айтым келгены замдекан Зейнеп апай шакырып алып ардайым оз жеке жумыстарын жасатад. Келмесек сессияда котсетем деп айтад. Группам айтуга коркад, мен шаршадым. Сыздер университет талабынан неге биздын кукыгызымды коргамайсыздар. Жеке жумысын тунге дейн жасатып жумсайд. АПАЙДЫН КРЫШАСЫ РЕКТОРДЫН КОМЕКШЫСЫ ЕКЕНЫ БАРЫ БЫЛЕД. НЕГЕ БИЗ АПАЙДЫН ЖУМЫСЫН ЖАСАП КЕШКЕ ДЕЙН КАРНЫМЫЗ АШ, СОЗ ЕСТЫП ЖУРУЫМЫЗ КЕРЕК.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сіз жолдаған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңызда аталған мәселе бойынша институт директорының орынбасарынан түсініктеме алынып, ескерту жасалынған болатын.

Шағымыңызда аталған фактілерге қатысты дәлелдеріңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz  электронды поштасына жолдаңыз немесе қабылдауыма келіңіз.

16-05-2019 16-47-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Байдуллаева Назира Жалғасқызы

Сұрақ № 1089
Біз ұлттық академиялық ұткырлық бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті мен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студентері Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 2 семестрде тәжірибе алмасуға және білім алу мақсатында келген болатынбыз.
Үлкен қалаға келгенде, әрине, алғашында қорқыныш болғаны рас. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, ұстаздардың еңбегі орасан зор. Себебі, небір мықты ғалымдардың шәкірттері, сонымен қатар талай ғылыми кітаптардың авторлары сырттан келген біздерді өз студенттерінен бөліп жармай, білім нәрімен сусындатуда, өз ісінің маманы болуға даярлауда ақыл кеңестерін аямады. Бізді кафедраның оқытушылары мен студенттері жылы жүзбен қарсы алды. « Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қозыбаевна Қияқбаеваның көмегімен барлық қиындықтардың шешімін таба білдік. Ұлбосын Қозыбаевнаның ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №1 Балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірім балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатыстық. Мәдени жерлерге барудан да қалыс қалмадық. Мысалы, асқаралы Алматыдағы ең үлкен Ұлттық кітапханаға, М. Әуезов атындағы драма театрға, сонымен қатар Алматының атағын шығарған Дінмұхамед атамызға арналған Д.Қонаев атындағы меморуальдық мұражай-пәтерін атап кетпеске болмас.
Осы уақыт аралығында біздің эдвайзеріміз М.Құрманбековнаның аналық қамқорын атап өткіміз келеді. Бізге тек білім беріп қана қоймай, қамқорлық танытып, тобымыздан бөлінбей, шет қалдырмай, жақсы атмосфераны ұйымдастыра білді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзінің терең тарихымен, қонақжайлылығымен, өзінің білім деңгейімен ерекшеленіп, біздің есімізде мәңгі калады. Біздің әлі де білімімізді шынықтырып, көрер қызығымыз алда деп ойлаймыз. Құрметті ректор мырза Такир Оспанұлы университет арасындағы осындай пайдалы академиялық ұтқырлыққа байланысты келісімшарттар тоқтамай, одан әрі жалғасын тапса дейміз. Осындай мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры Б.А.Ердембековке, ТарМПУ-нің ректоры Е.Әмірбекұлына және академиялық ұтқырлық бөліміне де алғысымыз шексіз.
Құрметпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студентері: Дүйсенбай Гүлнұр, Жақсылық Аяжан, Калданова Алина, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студенті Байдуллаева Назира.

Жауап:

Қайырлы күн!

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы ұжымының еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін Сіздерге үлкен рахмет!

Ұсыныстарыңызды міндетті түрде ескереміз. Сіздерге ғылым мен білім жолында тек сәттілік тілейміз!

16-05-2019 12-41-42   Басқа

Сұрақ қоюшы: Шуакаев Марат Капашевич

Сұрақ № 1086
Выражаю свою искреннюю благодарность Лауреату Пушкинской премии Корниловой Т.Б. за высокий уровень проведения курсов повышения квалификации по теме «Педагогический дизайн в организации обучения будущего педагога». Эта тематика является актуальной на нынешнем этапе в воспитании и обучении студентов педагогических специальностей, по скольку ею были даны основные направления и алгоритмы обучения в сфере новой педагогики 21 века.
Жауап:

Уважаемый Марат Капашевич, благодарим за приятный отзыв. Спасибо!

Руководство университета продолжит работу в данном направлении.

15-05-2019 22-16-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Оразов Иса

Сұрақ № 1085
Здравствуйте.Хотел бы узнать насчет летнего семестра.В систиме универ написано что стоимость 0тг и одноклассник,который учится в КазУМ и МЯ сказал что уних летний семестр бесплатно.А у нас также?
Жауап:

Здравствуйте. Летний семестр организуется по инициативе обучающегося для ликвидации академической задолженности или академической разницы и повышения среднего балла успеваемости (GPA).

Финансирование обучения в летнем семестре осуществляется только за счет средств обучающегося, независимо от формы обучения (платное, грант).

(п. 248 Академической политики КазНПУ им. Абая)

Расчет стоимости 1 кредита на летний семестр: бакалавриата – 10500 тг. (дневное отделение), 10000 тг. (заочное отделение), магистрантов – 13500 тг., докторантов PhD – 50000 тг.

14-05-2019 14-55-42   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1083
Кешіріңіз. Бізге пересдача болмайды деген ееді.Неге?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорымен хабарласыңыз. 

14-05-2019 14-40-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1082
Добрый день!Звонила несколько раз в приемную комиссию с вопросами, специалист грубая, бросает трубку. Прошу разобраться.Имя не называет.Это секрет?
Жауап:

Здравствуйте!

Для рассмотрения жалоб касательно сотрудников приемной комиссии необходимо уточнение фамилии сотрудника.

По Вашему обращению руководителю приемной комиссии дано поручение разобраться с проверкой жалобы и устранением имеющихся проблем.  

13-05-2019 12-46-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1075
Сәлеметсіз ба Такир Оспанович мен 1 курс студентымін мен 1 ғимаратта оқимын мен айтқым келгені мен оқу ақша төлеп бітпей қалдым бірақ менің анам мамырдың аяғына дейін төлейміз деп қол хат жазып беріп кеткен. Оған 1 ғимараттың директоры да келісімін берген болатын бірақ сол бірінші ғимараттың ақша жайлы мәселені қарайтын Ляззат апай сессияға кіргізілмейсын деп допуск бермей жатыр мен өзім жартылай жетіммін менің әкем жоқ анам жалғыз өсіріп жатыр. Маған 25% женілдік берген бірақ ол біз үшін өте аз. Бізде бар жоғы 25%-ын төлеу керек болатын. Анамның айлығын əлі берген жоқ берсе тез арада төлейміз деп отрғанбыз бірақ 13.05.19 жылы бүгін біздің бірінші сессиямыз басталу керек бірақ маған допуск бермей жатыр бірақ по контракту біз оқудын ақшасын 2 июньға дейін төлеу керек емеспіз ба? Сол жағын қарастырып бересіз ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің бакалавриат бойынша білім беру қызметтерін ақылы негізде көрсету туралы келісім-шартында оқу төлемақысын жазғы емтихан сессиясының басталуына дейін төлеу керектігі көрсетілген. Келісім-шартқа сәйкес оқу үрдісіндегі белгіленген талаптар бойынша төлемақының уақытылы төленуі қадағаланып, директорат тарапынан оқу ақысының төленбеу себебі көрсетілген құжат талап етіледі.

Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша институт директорына жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-47-66.

12-05-2019 23-30-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қалибек Оңалар

Сұрақ № 1074
Құрметті, Такир Оспанұлы. Ең алдымен сізге коворкинг орталық үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ал негізгі сұраққа келсем, бізді, студенттерді, жазбаша емтиханға 60 минут уақыт берілетіндігі кішкене қиындыққа түсіреді. Себебі 3 сұрақ үшін 1 сағат жеткіліті емес. 1-курс оқып жүргенімізде (қазір 2-курс) 1,5 сағат уақыт берілетін, бұл асықпай ойлануға, асықпай жазуға мүмкіндік беретін. 1 сағатта үлгермей қаламыз ба деген ойлмен, тез жазамыз, тез жазған сайын жазу каллиграфиясы бұзылады. Ал жақсы бағаға жазу каллиграфиясы да аз болсын үлес қосады-ау деп ойлаймын. Осы мәселеге жауап қатсаңыз, мүмкін болса шешуге тырысуыңызды сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент!

Сұрағыңыздағы мәселе міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

10-05-2019 14-38-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1071
Кешириниз. Бирак шапагат орталыгы кашанга дейин дем алады. Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс. Қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97.

06-05-2019 22-09-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1066
Салеметсизбе құрметті Такир Оспанович!
Мен 2курс химия- ағылшын мамандығында оқимын. Біздің группада 10студентпіз. Оның тек 1еуі грантта оқиды(подкурс оқып түскен). Қалған 9студент ақылы бөлімде оқып жүрміз. Біз ағылшын группасына түскен кезде грантқа ауысу мүмкіндіктерін бар деген еді. Ақылы бөлімде оқып жатырмыз.Сұрайын дегенім бізге,ағылшын группасына, грант бөлінема?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

06-05-2019 21-20-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1065
Сәлеметсіз бе? Менің қойайын деп отырған сұрағым былай біз оқу ақысының қаншасын төлегенімізді қалай нақты білуге болады. Чектердің бір екеуін жоғалтып алған едім. Интернет арқылы біле алсақ жақсы болар еді. Мен Алматы да емес едім. Рахмет !
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу ақысы бойынша ақпаратты «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-37-54. Рахмет!

04-05-2019 17-55-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1061
Здравствуйте, можно ли к вам записаться на прием ?
Жауап:

Здравствуйте!

Конечно, можно. Для записи Вам следует придти или позвонить в приемную ректора. Прием ректором  по личным вопросам осуществляется во вторник и четверг - с 15.00 до 17.00. Тел.: 291-63-39. Спасибо!

30-04-2019 17-26-10   Басқа

Сұрақ қоюшы: Иманқожаева Мәдина Сейсенқызы

Сұрақ № 1058
Қайырлы күн, құрметті Такир Оспанович! Біз Математика, физика және информатика институтының 6М011100-Информатика мамандығы бойынша магистранттарымыз. Бізде 15.04-27.04 аралығында магистранттар, докторанттар және мұғалімдерге арналған "Білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқыту әдістемесі" атты курс өтті. Ең біріншіден, курсты жұргізген бізге өз тәжірибиесімен бөліскен МПГУ профессорына Л.Л. Босоваға алғысымызды айтқымыз келеді және де осы шараны ұйымдастырушы «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Осы өткен шарадан біз мол мағұлмат алдық, болашақта жас ұрпақты цифрландыру заманында оқытуда Л.Л. Босова бөліскен әдіс-тәсілдерді қолданамыз деп ойлаймын. Л.Л Босова тек әдіс-тәсілдерді айтып келтіріп қана қоймай мұғалімге цифрландыру заманында қандай талаптар қойылатыны туралы мол ақпарат берді. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистранттары.
Жауап:

Құрметті магистранттар!

Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы ұжымының жұмысын жоғары бағалағандарыңызға рахмет! Сіздің ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

30-04-2019 17-17-10   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Бердияров Болат Амзебайулы

Сұрақ № 1057
Добрый день, Такир Оспанович!
Хочу выразить благодарность от имени магистрантов, по специальности Информатика, института Математики, Физики и Информатики, за организацию курса, с 15 апреля по 27 апреля, с профессором МПГУ, д.п.н. Людмилой Леонидовной Босовой. Вопрос, поднятый на курсе "Методика обучения школьной информатике в условиях цифровизации образования", очень своевременный, в контексте направления стандартов образования в нашей стране. Благодаря которому, мы смогли узнать новые методы, новые слова и новые возможности в образовательном пространстве других стран. Уверены, знания, полученные в данном курсе, обязательно пригодятся в дальнейшем при преподавании и в нашей научно-исследовательской работе к диссертации. Надеемся, что такие мероприятия, республиканского масштаба, в нашем ВУЗе будут проходить частенько. Такие мероприятия помогут познать новые знания, новые методы и новые взгляды для нашей деятельности. Хотим также выразить благодарность зав. кафедры Информатика и Информатизации образования Бидайбекову Е.Ы. и другим преподавателям кафедры.

С уважением, магистранты ИМФиИ.
Жауап:

Уважаемый студент!

Спасибо  Вам за то, что оценили труд сотрудников кафедры информатики и информатизации образования Института математики, физики и информатики!

Ваше предложение обязательно будет учтено. Желаю Вам удачи!

30-04-2019 11-25-21   Басқа

Сұрақ қоюшы: Университеттің Ерлер қауымы

Сұрақ № 1056
Құрметті университет басшысы Тахир Оспанұлы! Біздер, осы университеттің профессор-оқытушы Ерлер қауымы Сізді келе жатқан атаулы мерекелермен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Сіздің көрегенді басшы ретінде оқу ордасы үшін атқарып жатқан әрбір ісіңізді барлық университет қызметкерлері қолдайды және шынайы ризашылығын білдіреді. Өзіңізге мәлім, жыл сайынғы "8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай университет тарапынан әрбір әйел қызметшілерге премия түрінде сый-ақы үлестіріледі. Біздер профессор-оқытушы Ер азаматтар және оқытушылардан бөлек қызметтегі Ерлер қауымына өкінішке орай "Ер азаматтар, Отан қорғаушылар" күніне мұндай ақшалай сыйақы алынған емес. Университет қабырғасында қызмет атқарып жүрген Ер азаматтарды қолдауыңызды сұраймыз!
Жауап:

Құрметті Ерлер қауымы, келе жатқан мерекелеріміз құтты болсын!

Университет тарапынан мамыр айындағы мерекелерге орай ақшалай сыйақы берілетін болады. Сұрағыңызға рахмет!

30-04-2019 02-22-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1055
Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен сіз басқарып отырған оқу орданың, физика, математика және инфлрматика иниституның 4 курс студентімін.
Сізге сұрағым, қызыл дипломның талаптары қандай? ( біз педагогика мамамандықтары гост тапсырмағанбыз)
Жауап:

Құрметті студент!

Үздік диплом оқудың барлық кезеңінде емтиханды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» деген бағаға тапсырған, орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,5 кем емес, мемлекеттік емтихандарды және диплом (жоба) жұмысын қорғауды А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған, оқудың барлық кезеңінде жазғы (қосымша) семестрді және емтиханды қайта тапсырмаған білім алушыларға беріледі.

29-04-2019 17-17-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Туленди Айгерим

Сұрақ № 1053
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Математика, физика және информатика институтында «Ғылым онкүндігі»-нің шеңберінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан Есен Ықыласұлының басшылығымен және Ерболат ағай, Нұржамал Тұрашқызы, Айнұр Есенғазиевна, Шырын Тілеубергеновна, Гүлнар Сатыбалдиевна және Индира Тойшыбекқызының ұйымдастыруымен институтымызда 11.04.2019ж. “робототехникадан” 3-курс студенттері арасында алғаш рет «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайыс 3 кезеңнен: бірінші топтардың өзін – өзі таныстыруынан, және «ROBOT-BATTLE» атты роботтар сайысынан және үшінші «Әл-Фарабиден цифрландыруға дейін» атты сұрақ жауап сайысынан тұрды. Жарысқа 6 команда қатысты. Информатика мамандығынан Нурланбек ағайдың жетекшілігімен SMART DREAMS тобы; Информатика ағылшын тобы мамандығынан Қайсар ағайдың топтық жетекшілігімен KEY ТO LIVE тобы; Ақпараттық жүйелер мамандығынан Абишев Нубол және Қайрат ағайдың жетекшілігімен TRANSFORMERS тобы; Математика мамандығынан Бақтыгерей ағайдың жетекшілігімен МАТЕМАТИКТЕР тобы; Кәсіптік оқыту мамандығынан Қамбар ағайдың жетекшілігімен KINEZISТ тобы; Физика мамандығынан Алтынбек ағайдың жетекшілігімен ТУРБО топтары қатысты. Бас жүлдені Нұрланбек ағай жетекшілік еткен Информатика 162 мамандығының SMART DREAMS тобының студенттері алды. Жарыс өте қызықты және әділ өтті. Бәріміздің сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, осы «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастырып отырған ұлағатты ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта тағы осындай жарыстар ұйымдастырылып отырса студенттердің робототехникаға деген қызығушылыға арта түседі деген сенімдеміз.
Жауап:

Құрметті Айгерім!

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!

Ұсынысыңыз  міндетті түрде ескеріледі.

Барлығы: 904

1 2  3  4  5  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2019
15
Сәуір, 2019
68
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений