20-12-2023 18-45-46
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7739 Рубежтің қабылау 15і бітті 16-17сі Тәуелсіздік пен жексенбі күндердің демалысы. Сессия 18і әрі қарай арада бір күн жоқ мұрнымыздан шаншылып сессия тапсырып қадалып жатырмыз!!! Неге рубежден соң демалыс берілмейді? Неге әр сессияның арасына кемінде 1 күн берілмейді. Вунберкингтің баласы болсада келесі элективті пәніңні сабағына қалайша дайындалып үлгересің? Рк бойы терлеп тепшіп алған 90-95 балл сессияның 60-70 баллына сай ма? Студент неге жарты күнде дайындалып қана сессия тапсыруы керек? Ркда өз еңбегімен алған бала сессиядан қадалып өзін кінәлі сезініп апайдан ұялу керек???? Неге студент сонша нерв талшықтарын жұмсау керек? Ректор мырза келесі сессияларды ескерсеңіз) былтыр олай болмап еді)))
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Академиялық күнтізбеге сәйкес 2-ші межелік бақылаудың өту уақыты 11-15.12.2023 ж., қысқы сессия емтихандардың өтуі уақыты 18-30.12.2023 ж. (10 күн сессияға берілген). 2-ші межелік бақылау мен қысқы сессия емтихандары осы академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді.
Сіз оқитын курс, мамандықта қысқы сессияда 6 пәннен емтихан болады, яғни 18 - 25.12.2023 ж. аралығында өтеді. Тәуелсіздік күніне орай 6 күн жұмыс жасайтын ұжымдарға 18 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі, сол себептен қысқы сессия 18 желтоқсанда басталды.
Сессияның соңғы емтихан күні 2023 жылдың 30 желтоқсанға дейін болмас үшін студенттердің ұсыныстарын, яғни, алыс аймақтарда тұратын білім алушылар үйлеріне жету үшін 3 күн уақыт кететінін ескеріп соңғы емтихан күні 25 желтоқсанға қойылды.
Көктемдегі сессия уақыты академиялық күнтізбе бойынша 06.05-25.05.23 ж. (18 күн сессияға берілген) аралығында өткізіледі. Сіздердің ұсыныстарыңызды болашақта ескереміз.
20-12-2023 11-07-33
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7736 Саламатсызба Ректор мырза. Мен ақылы оқитын студентпін, енді келесі семестрге грантқа өтініш берейін дегенмін, сол туралы айта өтсеңіз, ортақ балл 70 баллды құрайды ма? Барлық сабақтарымды жақсы бағаға жауып шықтым. Назар салып қарағаныңызға рахмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңызға толық жауапты Сіз өзіңіз оқып жатқан Тарих және құқық институтының директоратынан немесе институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан білуіңізге болады. Мекенжайы: Жамбыл, 25, 504 кабинет, тел.: 8 (727) 2 93-03-09. Сұрағыңызға рақмет!
19-12-2023 04-19-34
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7733 Сәлеметсізбе ректор мырза демалыс кундери ауылға каитканмын казирги сатте ауа райына байланысты жол жабык болып тур Алматыға сол себепті сессияга бара алмайын деп турмын соган байланысты сессияны онлайн форматта тапсыруга боладыма?
15-12-2023 14-26-19
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7731 Сәлеметсіз бе?! Мен осы университеттің 2021жылғы түлегімін. Менің дипломым прокуратуралық тексеруден шықпай қалды? Не істесем болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша мұрағаттық анықтамаға сұраныс хат жазуыңыз қажет. Байланыс деректері: 291-48-74, 291-37-23 (факс),
info@abaiuniversity.edu.kz.
15-12-2023 03-41-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7730 Добрый день, Уважаемый Ректор.
Обращаюсь к вам с просьбой рассмотреть мою жалобу по поводу несправедливого оценивания с моей стороны преподавателем Береке Мадины преподавательницы института физмата в текущем семестре.
Из-за семейных обстоятельств, я была вынуждена пропустить урок, и, в попытке компенсировать упущенные материалы, обратилась к преподавательнице с просьбой выполнить дополнительные задания. Однако, мои попытки были отвергнуты, и мне было отказано в возможности восполнить пропущенный материал.
На последующем контрольном событии (рк), я была удивлена тем, что за два пропуска меня оценили на 38 баллов меньше, чем ожидалось, итоговая оценка составила всего 62 балла. Если судить по силлабусу, учитывая выполненные задания, я ожидала получить 86 баллов.
При попытке выяснить причины такой низкой оценки, преподаватель ответила, что "не знает". В процессе обучения она не проводит лекции и ее методы оценивания не являются объективными. Я участвовала в выполнении всех самостоятельных работ, на что получила лишь общие комментарии, как "хорошо", что было воспринято мной как «5» однако дальнейшая оценка в конце рк говорит об обратном. То, что преподаватель сразу не озвучила свои возможные претензии к моей работе, а в дальнейшем, её отказ объяснить причину низкой оценки говорят об отсутствии с ее стороны здоровой коммуникации со студентами, что может тормозить учебный процесс в общем.
Прошу вас рассмотреть данную ситуацию и принять соответствующие меры. Я стремлюсь к справедливому и объективному оцениванию, а также к прозрачным методам обучения.
Спасибо за внимание к данному вопросу, и я надеюсь на вашу поддержку и справедливость в данной ситуации.
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение направлено ответственным лицам, будет проведена тщательная проверка выставленных оценок. Результаты данной работы будут доведены до Вашего сведения. Спасибо!
08-12-2023 12-37-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Қожатай Айдос Сұрақ № 7715 Ассаляму әлейкум! Мен физика,математика және информатика университетітінің 4 курс студентімін. Ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз-ислам. Аталар жолын жалғап мұсылманның парызы болған намаз оқитын студенттеріміз баршылық. Біздің корпуста кез келген уақытта араласаңыз,кемінде 10 бос кабинет табуға болады. Тілеп Болат Анапияұлы сізден бір ғана кабинет кішкентай әлде орташа болсада беруіңізді сұраймын. Ішіндегі заттарды көшіруге өзімізде ат салыса аламыз. Сабаққа кедіргі келтірмейді,жай ғана намаз оқып алсақ болғаны.Намазды қаза етуге болмайтындығын түсінерсіз. Біз басқа жаққа барып оқып келеміз дегенше сабаққа кешігіп қаламыз.Универге турникет арқылы кіреміз тек өзіміздің студенттер болғандықтан еш қауіп жоқ. Алла алдында,халық алдында абыройыңыз көтерілетін ізгі істің бастамашысы өзіңіз болыңыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-тарау, 7-бап, 3-тармақ, 3-тармақшасында діни жоралар мен рәсімдер діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта өткізуге (орындауға) жол берілмейді. Яғни арнайы ғибадат ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта ғана орындалады, білім беру ұйымдарында құлшылық ету орындары қарастырылмайды. Біз Сіздің ұстанымыңызға зор құрметпен қараймыз. Осыған орай түсіністік танытып, университеттен тыс арнайы орындарда құлшылық етуіңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рақмет!
05-12-2023 19-30-46
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7708 Қайырлы кеш, Тілеп Болат Анапия ұлы! ЖГИ институтында 6В015013 мамандығында оқитын 3 курс, 2 поток студенттерінен 3 студент корьмен ауырып ауруханаға жатуына байланысты бізді онлайнға шығуымызды сұраймын. Сабаққа барып, бір аудиторияда отыруға қорқамыз.Себебі өзіміз де ОРВИ мен қайталап ауырып, иммунитет әлсіз болып кетті
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет!
01-12-2023 16-00-18
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7687 Сәлеметсіз бе,Ректор мырза!Мен Педагогика және психология институтныңы 4 курс білім алушысы боламын.Қазіргі таңда Алматы бойынша өрбіп жатқан жұқпалы аруға(ОРВИ) байланысты бізді онлайн форматқа өткізуіңізді сұраймын.Себебі біздің топтың өзінде ауырып жатқан студенттердің саны күрт өсуде.Сізден кері байланыс күтемін.Алдын ала рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет!
01-12-2023 15-48-55
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Жұмабаева Жаңылай Сұрақ № 7680 Сәлеметсіз бе! Біз Педагогика және Психология институтының студенттері сізден қазірлі болып жатқан инфекциялық ауруға байланысты онлайнға жіберуіңізді сұраймыз! Себебі, топтағы әрбір екінші студент ауырып жатыр. Соған байланысты сабақтардан да қалып жатырмыз.Инфекция күннен күнге күшеюде.Сол себепті ауру басылғанша қашықтан оқытуға жіберуіңізді сұраймыз!
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет!
01-12-2023 15-44-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7678 Педагогика және Психология институтының студенттері сізден қазірлі болып жатқан инфекциялық ауруға байланысты онлайнға жіберуіңізді сұраймыз! Себебі, топтағы әрбір екінші студент ауырып жатыр. Соған байланысты сабақтардан да қалып жатырмыз.Инфекция күннен күнге күшеюде.Сол себепті ауру басылғанша қашықтан оқытуға жіберуіңізді сұраймыз!
Өтініш онлайнға жіюеруіңізді сұраймыз. Бізге денсаулық маңызды
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында.
01-12-2023 10-48-23
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7672 Қайырлы күн! Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы!
Мен ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ 3 курс студентімін. Қазіргі таңда барлық студенттер қатты ауырып жатыр. Группаның жартысы қатты ауырғаннан сабаққа келе алмай отыр. Ал қалған студенттер ауырсада келіп жатыр, тіпті ауырып жазылған студеннтер қайта екінші мәрте ауырып жатыр. Басында бір студент коньюктивит болып онлайнға кетіп еді, бүгіннің өзінде үшінші студентте коньюктивит белгілері байқалып жатыр.Барлығы өте тез жұғатын аурулар болғандықтан 3 курс студенттерін онлайнға жіберуіңізді сұраймыз!
Басқада ЖОО-лар студенттердің барлығын толық онлайнға шығарып жатыр. Біздіде толық онлайнға шығаруыңызды сұраймыз. Университетініміздің алды жедел жәрдем көліктерінен босамай жүргенін аңғарған боларсыз.
Біз өз денсулығымыз үшін алаңдаймыз және басқа студенттер мен мұғалімдердіңде денсаулығына зиянымызды тигізгіміз келмейді!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында.
30-11-2023 23-31-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7669 Қайырлы кеш Болат Анапияұлы! 3 курс студентімін, қазіргі таңда болып жатқан жаңалықтардан хабардарсыз, корь ауруы күшейіп жатыр. Сәтпаев, ЖенПу универлерінің барлық студенттері, КазНПУ универінің 1-2 курстары ауруға байланысты онлайн режимге көшіп жатыр. Ал 3-4 курстар ше? Біз де өз денсаулығымызға қатты алаңдаудамыз. Күн сайын 3-4 курстардан студенттер ауырып жатыр бірақ та бізді карантинге жаппады, онлайнға жібермеді! Ертең біз ауырған күні біздің денсаулығымызға кім жауап береді? Онлайн режимге шығаруды талап етеміз!!!
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Рақмет!
30-11-2023 16-56-45
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7664 Я прошу вас перевести на онлайн обучение 2 курс института филологии по причине , что в городе начала развиваться болезнь «корь» инфекция начала распространяться по всему городу
Жауап:
Здравствуйте! С связи с эпидемиологической ситуацией в стране для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1 и 2 курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. При этом студентам 3 и 4 курсов, которые по состоянию здоровья не могут посещать занятия, предоставляется возможность учиться онлайн. То есть студент может посещать онлайн-занятия, пока его здоровье не улучшится. Эти меры направлены на обеспечение качественного образования и продолжение академического процесса при сохранении важных медицинских рекомендаций.
Для нас важны здоровье и безопасность каждого студента, также необходимо, чтобы будущие педагоги получали качественное образование. Для этого создаются все условия. В целях снижения вероятности распространения инфекции предложен масочный режим и усилена медицинская деятельность. Этот вопрос находится под контролем руководства университета. Спасибо!
30-11-2023 15-53-59
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7663 Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университеттің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқындылығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр. Біздің топта 23 студент болса, оның жартысы ОРВИ мен ауырып жатыр, бұл студенттердің Алматы қаласында пропискі болмағандықтан ешбір аурухана қабылдамай, тіпті емделуге мүмкіндіктері жоқ. Оған қоса, жұқпалы ауру болғандықтан сабаққа келмейін десе, оларға нб қойылып жатыр. Біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына уайымдаудамыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Рақмет!
30-11-2023 14-25-50
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7652 Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Рақмет!
30-11-2023 14-05-47
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7650 Здравствуйте, я бы хотела попросить Вас перевести на онлайн обучение 2 курс Филологического факультета, РЯЛ. Причины - высокая заболеваемость корью и возможность митинга. Пожалуйста, обратите внимание.
Жауап:
Здравствуйте! С связи с эпидемиологической ситуацией в стране для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1 и 2 курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. При этом студентам 3 и 4 курсов, которые по состоянию здоровья не могут посещать занятия, предоставляется возможность учиться онлайн. То есть студент может посещать онлайн-занятия, пока его здоровье не улучшится. Эти меры направлены на обеспечение качественного образования и продолжение академического процесса при сохранении важных медицинских рекомендаций.
Для нас важны здоровье и безопасность каждого студента, также необходимо, чтобы будущие педагоги получали качественное образование. Для этого создаются все условия. В целях снижения вероятности распространения инфекции предложен масочный режим и усилена медицинская деятельность. Этот вопрос находится под контролем руководства университета. Спасибо!
30-11-2023 13-15-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7645 Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Өзімнің тобымда да,жарты студенттер ауырып,семестрдың соңы болғаннан кейін,қиналып келіп жүр.Әркім өз үйінде емделгені дұрысырақ деп ойлаймын.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. . Рақмет!
30-11-2023 13-12-12
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7644 Здравствуйте, я бы хотела попросить Вас перевести на онлайн обучение 2 курс факультета Филологии, направление РЯЛ, по причине высокого процента заражаемости кори. От себя, я боюсь заразиться и принести болезнь в дом, так как моя семья не вся получила вакцину от кори.
Жауап:
Уважаемый студент! С учетом эпидемиологической ситуации в стране, для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1-го и 2-го курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. Спасибо!
30-11-2023 13-02-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7642 Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз. Үйде менің отбасым бәрі ауырып жатыр, мен қорқам сол инфекцияны жуқтырып аламба деп басқа студенттерге, апайларга.
Алдын-ала рақмет!
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режиміне көшірілді. Рақмет!
30-11-2023 08-24-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7625 Сәлеметсіз бе, Болат Анапияұлы Тілеп мырза!
Мен 6В01512 Химия-биология мамандығының 3-ші курс студентімін. Сессияның шығарылған соңғы кестесіндегі мәліметке сүйенетін болсақ, барлығы 8 пәннен 1 тест, 1 ауызша және 6 пән жазбаша болады екен. Дәл осындай пәндері бар ХНК мамандығында барлығы дерлік тест форматында. Не себепті бұлай? Біз моральдық және физикалық тұрғыдан 3жоба жасап, 3сабақ 45-60сұрақтан 150-180 сұраққа жауап жазып, оған дайындалып бар жоғы 10 күнде 18-28аралығында үлгеруіміз керек. Сессияның уақыты 23, 25, 26, 27, 28, 29. Студенттерге моральдық, физиологиялық тұрғыдан қатты соққы болып жатыр. Денсаулығымыз жаман, барлығы ауырып жатыр группада, бірақ, сабақтан балл үшін қалмайды. Айтыңыздаршы, осындай жағдайымызбен біз 10күнде қалай ғана 150-180 сұраққа жауап тауып, 3 жоба жасап, ауызша және тестке дайындалып үлгереміз? Біздің жан-тәніміздің саулығын кім ойлайды? 10күн қатарынан ұйықтамай денсаулықты құрытып дайындалғаннан бізге, сізге, біздің елімізге не көмек болады? Әділеттілік қайда? Неліктен бізде барлық дерлік сабағымыз жазбаша? Неге 3-ші курстар онлайнға шықпайды да, 1-2курс онлайн? Біз ауырмаймыз ба? Өтініш, бұл біздің жан айқайымыз! Бізден қаншама студент неше қайтара ауырып жатырмыз, иммунитет өте төмен, барлығы күркілдеп жөтеліп жүреді, аптасына 10мыңға дәрі аламыз. Түсінеміз, бекітілген академиялық жоспармен жүреміз деп жатырсыздар, сонда 1-2 курс онлайн тапсыратыны басынан айқын болғаны ма? Өтініш, ректор мырза! Сізден шынайы жауап күтеміз, адамгершілік танытуды сұраймыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! «6В01512 Химия-биология» мамандығының 3-ші курс студенттері қосарланған білім беру бағдарламасында оқитындықтан, 6 семестрде 8 пән оқиды. 1 тест, 1 ауызша және 3 пәннен жобалық жазбаша емтихан, 3 пәннен практикалық жазбаша емтихан болады.
Жобалық жазбаша емтиханда студент 1 тақырып бойынша презентация жасап, жұмыс қорғайды.
Практикалық жазбаша емтихан сұрақтары (3 пән бойынша барлығы 45-60 сұрақ) «Univer» жүйесіндегі пәннің ОӘК бөлімінде қорытынды емтихан сұрақтарының бағдарламасына салынып қойылды. Студент емтихан болатын уақытты күтіп отырмай, әр сұраққа жауап жазып, дайындап қоюына болады.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан бері мұғалімдік мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы көтеріліп, оларға қойылатын талап та күшейтілді. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін заман талабына сай болуы шарт. Пәндік білімін арнайы оқу орынында алған дипломы дәлеледейтіні анық, сондықтан жаңа ақпараттармен жетілдіріп отыру керек. Мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеруі қажет. Осы мақсатта жобалық және жазбаша практикалық емтихандар тапсыру қажет.
Барлығы: 4046