03-10-2023 22-07-44
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7382 Сәлеметсіз бе! Бакалавр бойынша президенттік шәкіртақы туралы қайдан білуге болады? Өтінішті қайда, кімге беруге болады? Бұл жақсы оқитын студенттерге мемлекет тарапынан беріліп тұрған үлкен мүмкіндік қой. Универ жүйесінде де, университет сайтында да бұл туралы ешқандай хабарлама жоқ. Алдын ала рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Президенттік стипендия 3-4 курс студенттеріне тағайындалады. Президенттік стипендия талаптары туралы ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.
03-10-2023 12-45-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7381
Курметті Тілеп Болат Анапияулы, ЖГИ-дін 4 курс студенттері, университетте болатын лекцияларды аудиториялардын жетіспеуіне байланысты, онлайнга (лекция) ауыстырунызды сураймыз. 5 апта болып жатыр, ар кез сабак бойы
аудитория іздеумен уакытымыз етеді. Лекциянын уакыты онлаинга ауысса, студенттер мен мугалімдер ушін де тимді
деп ойлаймыз!
Жауап:
Құрметті студенттер! Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын №224 үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!
03-10-2023 06-58-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7379 Сәлеметсіздер ме! Мен 4курс студенттімін. Менде 1курста онлайн оқыған кезде сессия тапсырып жатқанда, ноутбугым өшіп қалады. Менде техниқалық ақау болады. Сонымен баллым 24балл шығады. Яғни фх-ке де жетпейді. Менде техникалық ақау болғандықтан, сессиямды қайта тапсырамын. Егерде қайта тапсырған студент қызыл диплом алмайды дейді сол рас па? Менде сабақтарым,практикаларым,емтихандарым бәрі-5 болып тұр. Соған нақты жауап айтасыңыздар. Менің ешқандай кінәм жоқ емес пе?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.
02-10-2023 22-38-26
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7378 Здравствуйте! Хотела бы получить полную информацию о курсе переподготовки, но к сожалению полное ИГНОРИРОВАНИЕ со стороны сотрудников. Дали контакты 2х человек, первый сотрудник как и второй поставила таймер 24 часа В ВАТСАПЕ , при этом игнорирует сообщение а когда отвечают уже сообщение очищено и так несколько раз по кругу. Можете пожалуйста дать контакты которые дадут полный ответ на мои вопросы. Спасибо. Также звоним по телефону который указан в 2гис ТЕЛЕФОН ЛИБО НЕ ДОСТУПЕН либо ПОДНИМАЕТ ТРУБКУ И СРАЗУ ЖЕ БРОСАЮТ. Хотела узнать есть второе высшее и стоимость.
Жауап:
Здравствуйте, курсами переподготовки занимается Центр педагогического мастерства, контактные данные – моб. телефон 87016642721. Данные курсы могут проходить лица, имеющие базовое не педагогическое образование. На второе высшее образование обучающиеся принимаются в период приема в университет (июнь-август) и только на дневное отделение. Стоимость обучения - 816 656 тенге в год.
02-10-2023 14-23-54
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7377 Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы сабақ басталғалы бері бүкіл сабақтын жарты уақытын кабинет іздеумен өткіземіз.Уақытымыз неге сабақ оқумен емес бүкіл 7 этаждан бос кабинет іздеумен өтуі керек.Осы үлкен проблеманың шешімі болса жақсы болар еді.4 курс ЖГИ институтынан
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын №224 үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!
02-10-2023 14-20-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7376 Биология 4 курс студенттері лекция семинар сабақтары өтуге мүлде аудитория таппай сабактын ортасына дейін іздеп жүріп қаламыз Осы проблеманы шешіп берсеңіз. Аудитория жетіспегендіктен тек қана лекция сабақтарына бір күнге қою арқылы онлайнге аустырып берсеңіз.
Жауап:
Құрметті студенттер! Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын 224-ші үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!
01-10-2023 19-04-34
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7371 Егер университтетке оқуға түсіп бакалавр и магистратура битирип сол жерде мугалим болса бола ма?Егер құпия болмаса жалақы қанша?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда оқытушылық қызметке жұмысқа алу ережесіне сәйкес үміткердің ғылыми атағы мен жұмыс өтілі ескерілетіндіктен, жалақы көлемін нақты айта алмаймыз. Егер Сіз оқуыңызды аяқтаған болсаңыз, оқу орнымыздың бос жұмыс орындары бойынша конкурсқа қатыса аласыз. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Кадр саясаты басқармасынан білуіңізге болады. Абай университеті түлектерін әрдайым қолдауға дайын. Еңбек жолында Сізге тек сәттілік тілейміз. Рақмет!
29-09-2023 21-16-26
Басқа
Сұрақ қоюшы: Мустафаев Ерболат Жумашович Сұрақ № 7370 Құрметті Болат Анапияевич! Жаңа орныңыз ел игілігіне жарасын.
Мен осы университетте 2012 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімін. "Өнертану" мамандығының қауымдастырылған профессорымын. Жақында "Халық күйшісі"деген атақ алдым.Менің атағыма қосымша берілетін ақы бар, соны 7-8 жыл университет төледі. Соңғы 2-3 жылда төлемей қойды. Ол негізгі жұмыс орнында берілетін заңды міндетті ақы болатын. Өткен жылы сол қосымша ақы туралы заңды университет юристіне көрсеттім, ол кісі "беріледі" деп айтқан еді. Бірақ , берілген жоқ. Берілмеуі қаншалықты заңды, соны білейін деп едім. Көңіл қойғаныңызға рахмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) сіздің «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына қатысты өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне республиканың құрметті атақтары үшін үстемеақы төленеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ мемлекеттік мекеменің құқықтық нысанында болған кезде ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысы университет қызметкерлеріне қолданылды.
Қазіргі уақытта Қоғам коммерциялық емес акционерлік қоғамның құқықтық нысанында екенін ескерсек, өкінішке орай, Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкерлеріне қолданылмайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ішкі құжаттарда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы үшін үстемеақылар мен қосымша ақылар төлеу нормаларын бекіту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
28-09-2023 17-27-28
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7367 Қайырлы күн! Мен педагогика және психология институтының 1 курс магистранты боламын. Бізде мәселе туғызып отырған нәрсе , ол 15 ші оқу залындағы проэктордың жұмыс жасамауы. Сабақ беретін ұстаздардың дайындап келген материалдарын көре алмай жүрміз. Одан бөлек не үшін студент немесе магистрант өзінің жеке ноутбугын үйден тасып жүруі қажет? Неге компьютер класстарындағы компьютерлерімен жұмыс жасамаймыз? Және де еліміздегі бетке ұстар Университеттің педагогика және психология институтының әжетханасының иісінен бөлек 50 теңге тұратын әжетхана қағазы болмағаны және де қол жуатын сусабынның жоқтығы шынымен қатты қынжылтады. Әкімшілік бөлімі сіздерден өтінер өтінішіміз осы мәселені қолға алсаңыздар!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселелер назарға алынды. Бірінші мәселеге келетін болсақ, қазіргі уақытта аудиторияларды интерактивті панельдермен қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім шарт жасалып, Білім беруді цифрландыру департаменті тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Компьютердің орнына қызметті интерактивті подиум арқылы қосуға болады және ол үшін жеке ноутбуктің қажеті жоқ екенін ескертеміз.
Оқу ғимараттарын гигиеналық құралдармен (әжетхана қағазы, сусабын және т.б.) қамтамасыз ету, санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу жұмыстары тұрақты түрде тексеріледі. Сауалыңыз үшін рақмет!
27-09-2023 21-57-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7365 Саламатсызба құрметті ректор мырза. Университетте аудитория мәселелесін шешіп бере аласызба. Бүгін расписание бойынша сабаққа барсақ ол жерде бізден басқа тағы 2 топ аудиторияға таласып отырдық.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды.
27-09-2023 15-05-30
Басқа
Сұрақ қоюшы: Байдаулетқызы Арайлым Сұрақ № 7364 Сәлеметсізбе?! Мен 05.09.2023 жылдан бастап официально жұмыс жасамаймын. Бұйрық шыққанына 22 күн өтті бірақ маған август айының больничныйда болған уақытым да әлі төленген емес. Отдель кадр телефон көтермейді. Бухгалтерияға барса ертең түсіріп берем дейді де, телефонмен хабарлассам, 05.10.2023 жылы зарплатамен жібереміз дейді. Бүгін расчетный толенбесе, заңды тұлғаларға жүгінсембе деп отырмын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
«Мансап» орталығының табелінің толтырылуына жауапты тұлға Сіздің уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парағыңызды 2023 жылғы 25 қыркүйекте қыркүйектегі жұмыс уақытын есепке алу табелімен бірге ұсынды. Осыған байланысты «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Сізге еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін негіз бар екенін хабарлайды.
27-09-2023 14-17-44
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Ата ана Сұрақ № 7363 Сәлеметсіз бе, құрметті ректор мырза! Баламның қандай жерде оқып жатқанын көргім келген. Бас ғимаратта әжетхана жұмыс жасамайды, есіктері қирап тұр, ғимарат меңгеушісі жоқ, тазалық жоқ дәлелге 3 қабатқа келіп тексеріңіз. Іші толған қоқыс Сұмдық, қандай жерде оқып жатыр деп ойлап қалдым!
Жауап:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріліп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде әжетханадағы қоқыстар мен лас жағдайлары анықталған жоқ. Әжетханадағы әдейлеп күшпен сындырылған есік қалпына келтірілді. Ғимараттағы (аудиториялар, дәліздер, дәретханалар) санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу жұмыстары тұрақты түрде тексерілетін болады.
Университет білім алатын орын болғандықтан, оның әрбір заты ұқыптылық пен күтімді қажет етеді. Ондағы тазалыққа жауап беретін тұлғалардың еңбегіне деген құрмет болу керек. Оқу орнындағы мәдениеттің, тазалықтың сақталуы, оның әрбір затына ұқыптылық таныту қызметкерлер мен білім алушылардың өздеріне байланысты екенін ұмытпаған жөн.Сұрағыңыз үшін рақмет!
27-09-2023 11-03-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7362 Сәлеметсіздер ме! Биылғы бітіруші студент боламын. Қазіргі таңда мектепте өндірістік тәжірибеде жүрген жайым бар. Сұрақ: неге біз мектепте өзімізді қызметші немесе құл секілді сезінуіміз керек? Мектепке кірсең барлығы жақтырмай, ала көзбен қарайды. Қайтсем осыны пайдалынып қалсам деп жүрген 1040 адам. Оның үстіне біз тегін барып жатқан жоқпыз. Оларға ақша бөлінетінін біз де білеміз. Егер мұғалім Абайдың бір өлеңінің мағынасын дұрыс ашып бере алмаса, ол маған не үйретеді? Сол үшін мен мектеп ауыстырғым келеді. 3курста болған мектеп әлдеқайда күшті еді. Мұғалім де білімді. Осы хаттан кейін мені универ және мектеп мұғалімдері қыспаққа алмайды деген ойдамын. Себебі мектепке барғанда бізді олай да қорқытқандай болды. Менің қалауым: мектеп ауыстыру
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыздағы мәселе назарға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71. Рақмет!
26-09-2023 03-19-09
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7361 Здравствуйте, уважаемый ректор! Я обнаружила неточности по моему диплому ,подскажите где в архивах университета мне могут найти мой договор чтобы я могла сверить заполняемые данные?
Жауап:
Здравствуйте! Архив университета находится по адресу: Толе би, 31, тел. 291-84-04.
22-09-2023 19-30-35
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7360 Доброго времени суток, уважаемый ректор! У меня к вам один вопрос, я закончила университет в этом году, училась на гранте, устроилась на работу. Итак, собственно вопрос, куда мне нужно отправить справку о том, что устроилась на работу? Обязательно ли сдавать его лично в университет, или же можно сделать это онлайн?
Спасибо за ответ!
Жауап:
Здравствуйте! По данному вопросу просим обращаться в Центр «Мансап». Контактные данные: ул. Казыбек би, 30, кабинет №204, 291-83-50.
22-09-2023 13-58-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7358 Сәлеметсіз бе, құрметті ректор! Үшінші оқу аптасы аяғына келді. Ал біз, жаратылыстану және география институтының биология (педагогика) мамандығының студенттері, бірнеше пәнді мүлдем өтпедік. Алдағы апта сіз білетіндей СӨЖ аптасы, студенттер тапсырмаларын орындап, бағаларын алуы тиіс. Неге сол пән мұғалімдері студенттерін іздеп, кестеге сабақтарын қоймайды? Неге сабақ кестесінде жоспардағы пәндер әлі жоқ? Оқу форматы да дұрыс емес. Бір пәндер онлайн, екіншісі офлайн болады. Басқа қаладан келген студенттер, сабаққа келудің орнына, жалдамалы пәтерлерінде құр уақыт өткізіп жатыр. Басқа институт студенттері әдеттегіше қыркүйектің басынан бері сабақтарын өтуде. Бұл мәселе неге қадағаланбайды?
Жауап:
Құрметті білім алушы! Хатыңыздағы мәселе назарға алынды. Жаратылыстану және география институты мен басқа институттардан келетін профессор-оқытушылардың сабақтары бір-бірімен бір уақытта сәйкес келгендіктен, сабақ кестесі тұрақталғанша 18-22 қыркүйек аралығында сабақтар ішінара аралас форматта өткізілді. Қазіргі кезде 224-ші үлкен дәрісханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша сабақ кестесі қойылмайды. Институтқа қарасты басқа барлық оқу аудиторияларында сабақтар сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Барлық онлайн форматта өткізілген сабақтардың видеожазбалары арнайы құрылған чатта сақталған. Дәстүрлі түрде оқытылған пәндердің өту барысы директорат тарапынан тексеріліп жатыр. Бұл оқу үрдісінде орын алған уақытша мәселе болғандықтан, түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рақмет!
22-09-2023 11-58-57
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7357 РАСПИСАНИЕ ТҰРАҚТАЛСЫН. Мен студент ретінде өз атымнан универдің расписаниесі тұрақталғанын қалаймын!!! Бір пар лекция үшін сонау Ащыбұлақ, гресс, жас қанат, қаскелең сияқты алыс жерлерден автобуспен бір аяқпен тұрып келу студенттерге оңай емес, жақсы аудитория жетіспейді деп 2 апта онлайн болды, универдің жағдайына кіріп келістік, енді сіздер де біздің жағдайды түсінсеңіздер. НЕМЕСЕ РАСПИСАНИЕ ТҰРАҚТЫ ҚОЙЫЛҒАНША ОНЛАЙН БОЛА БЕРСІН. Алматының жаңбырлы ауа-райында бір пар үшін сонша жол жүріп, су-су тоңып қайта кету біз үшін тиімсіз болып отыр...осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын!!!
Жауап:
Құрметті білім алушы! Биыл Жаратылыстану және география институтына оқуға 1012 білім алушы қабылданып, институттың контингент саны 3023 адамға жетті. Жаңа оқу жылында институттың оқу үрдісі 1,4 курс студенттеріне дәстүрлі форматта, 2-3 курс студенттеріне онлайн форматта басталды. Қазіргі кезде 224-ші үлкен дәрісханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша сабақ кестесі қойылмайды. Институтқа қарасты басқа барлық оқу аудиторияларында сабақтар сабақ кестесіне сәйкес өткізілуде. 2-3 курс бакалавриат студенттері 18 қыркүйектен бастап жартылай дәстүрлі форматқа көшірілді.
Жаратылыстану және география институты мен басқа институттардан келетін профессор-оқытушылардың сабақтары бір-бірімен бір уақытта сәйкес келгендіктен, сабақ кестесі тұрақталғанша 18-22 қыркүйек аралығында сабақтар ішінара аралас форматта өткізілді. Барлық онлайн форматта өткізілген сабақтардың видеожазбалары арнайы құрылған чатта сақталған. Дәстүрлі түрде оқытылған пәндердің өту барысы директорат тарапынан тексеріліп жатыр. Бұл оқу үрдісінде орын алған уақытша мәселе болғандықтан, түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рақмет!
21-09-2023 15-42-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7355 Физ матта оқимыз
Қадырбаева Бағдагүл апай сабақ өтуі мүлдем ұнамайды сабақ барысында студенттерге атаңның басы,түр көрсете берме,бәріңді жоямын құртамын,оңбағандар,шалдар т.б студент пен ұстаз арасындағы қарым қатынасты жаман ғып көрсетеді. Лекция мүлдем оқымайды.Лекция барысында хиджаптағы қыздарға,студенттердің киімдеріне сағаттап пікір айтады.Одан қалса баяғыда алған жетістіктерін,одан қалса қыдырған шетелін айтады.Мек топтарында апайды ауыстырып беріңіздерші өтінемін.Тіпті ол кісінің сабақ өтуін видеоға түсіріп жіберейін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Түсіндірме жұмысы міндетті түрде жүргізіледі.
20-09-2023 12-37-36
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 7354 Мен 4 курс студентімін. Бүгін міне қыркүйектің 20 сы болды, біздің,(қай факультет екенін айтпай- ақ кояйн) факультетте әлі сабақ тізімдері шыққан жоқ, апай,ағайлар өздеріне ыңғайлы кез келген күнде, қалаған уақытында шакырып калып жатыр. Біз кешке дейін хабар күтіп, ешкандай хабар болмаған сон азанда жұмысқа щығып кетеміз, ал апай, ағайлар азанда жазып шакырып турады.Бізде Алматыда тегін жерде тұрып жатпағандықтан, тұратын үй- жайымызға төлеу керек, күнделікті жүріс-тұрысқа ақша керек дегендей қосымша жұмыс жасайтынымз өтірік емес, оны студент болған сіздерде жақсы түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын)Алматы қымбат қала, бір степендиямен күн көру мүмкін емес, ал алмайтындар қаншама,ата -анамызға ауыстпайлық жасамайык деп жүрген жайымыз бар) Сабақтың тізімдері шығып, соған карай жұмыстыда қатар алып журсек деген ниетіміз бар еды. Осы жағдайды басшылығыңызға алып, тезырек арекет жасаса, оте жаксы болар еды, алдын - ала рахмет)
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынды.
20-09-2023 11-57-02
Басқа
Сұрақ қоюшы: Әкімжан Сайлыбаев Сұрақ № 7353 Университет ректорының толық аты-жөнін, ғылыми атақ-дәрежесін жазып жібересіз бе?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Ректордың аты-жөні: Тлеп Болат Анапияұлы, ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдарының кандидаты.
Барлығы: 4046