
20-02-2023 22-29-16

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6929 Салеметсиз бе. Акпан айынын степендиясы кашан туседы?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі. Рахмет!

20-02-2023 08-59-26

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мухтарова Мукарам Гуламовна Сұрақ № 6928 Здравствуйте!)
Хотела узнать, сколько предметов сдают на НКТ студенты, которые специализируются по двум предметам? Допустим, математики—физики будут сдавать два предмета, или один?
Жауап:
Здравствуйте! НКТ сдают по педагогике и методике обучения, по направлению (если математика-физика, то сдают по математике). Спасибо!

19-02-2023 22-56-21

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6926 Сәлеметсіз бе! Мен 4 курс студентімін. Қазақстан тарихы пәнінен Гос. экзаменнен 86 (В+) (жалпы балл) болған еді.Мұндай жағдайда Қызыл диплом берілмейді ме? Басқа пәндер барлығы А, А- .
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес, оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағалары бойынша үлгерімі А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

17-02-2023 20-03-16

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6924 Желтоқсан айында қысқы емтихан нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік грантқа өтініш жаздық. Ал грант жауабы әлі де шықпады. Былтырғы жылы қантардың 26-сы жауабы белгілі болған екен. 2 ай уақыт өтіп барады. Директораттан сұрасақ әлі жауап келмей жатыр дейді. Қай уақыттарда белгілі болады екен?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан босаған мемлекеттік грант иегерлері туралы бұйрық шыққаннан кейін барлық білім алушыларға хабарланады.

17-02-2023 17-57-57

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6923 Сәлеметсіз бе?Студенттеодің шәкіртақысы қашан түседі айта аласыз ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі.

17-02-2023 14-24-53

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6922 Құрметті Ректор мырза, 4-курс студентімін. Отбасылық жағдайға байланысты, оқу ақысын төлей алмай жатырмын.
Университеттен қандай көмек көрсетіле алады? және де оқу ақысын мамыр айында төлеуге рұқсат па? өтінішті кімге және қалай жазсам болады? Оқу ақысының 50% төленген, жарты ақшасын мамыр айында төлей аламыз.
Осы сұрағыма жауап берсеңіздер.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына себептеріңізді көрсетіп немесе қажетті құжаттарды тіркеп, өтініш жазуыңызға болады.

17-02-2023 12-50-46

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6920 Здравствуйте. Когда поступит стипендия за февраль?
Жауап:
Здравствуйте! Стипендия будет выдана до 25 февраля т.г.

15-02-2023 14-37-05

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Студен ФИЛФАК Сұрақ № 6919 Сәлеметсіз бе, Құрметті Дархан мырза! Біздің күнделікті көкейімізде тұрған сұрағымызбен бөліскіміз келеді, Сізге осы жерге жазып шықпасақ амалымыз жоқ. Сізді ғана шеше алады деп ойлаймыз. №6ГУК ғимараттағы асханадағы бағаларды қадағауларыңызды сұраймын, әр кімге әртүрлі бағада сатады. Кәзір барлық жерде баға қымбат, кәсіпкерлерді түсінеміз. Бірақ, қарапайым сүтті шәй - 200тг, қара шәй -150, ыстық суды 50, бір қасық сүт -50теңгеден сатты. Ыстық суды тегін берсе де боладығой. Америкада жүргендей болдық, оқуға келіп. Біздің әке-шешеміз алыста, ауылда тұрады. Көмектесетін мүмкіндік бола бермейді. 36мың стипендия тамаққа, жолға әрең жетіп отыр қалада. Жұмыс жасап, қосымша табыс табуға бос күн жоқ, 6 күн сабақ. Университеттің студенттерге арналған асханасының бағасы ресторандағыдай. Біз қалалық асханалардан шәйді 120 теңгеге аламыз, ал оқу орнынымызда 200. Сосын нан өнімдері қымбат кафелермен салыстырғанда. Неге бағаларын жазып қоймайды, ойларына келген бағада сата салады кассаға келгенде. Не зат қанша тұратынын білмейміз. Барлық корпус асханаларын қадағалап, бағаларын жазып қоюды, тым қатты баға көтермеуді қадағаласаңыздар. Жәй ғана шәй мен булочки алсаң да 600,700 тг болып кетеді. Мысалы бұл бағаға қағанат асханасынан таңғы ас ішуге болады.Студеттік асхана студенттер жалақысына сай болмай ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың асханасына қатысты бұған дейін жауап бергенбіз. Шағымыңызда аталған мәселелер назарға алынады. Сауалыңыз үшін рахмет!

14-02-2023 12-36-04

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6918 Қайырлы күн Ректор мырза ! Мен 4 курс студенті, Нкт-ны жүкті студенттер мен баласы кішкентай студенттер тапсырмаса екен! Біздің жағдайымыз түсінсеңіздер! сізге өтініш! Сол жайлы шешім қабылдасаңыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыны жүктілігіне немесе бала күтіміне байланысты НКТ тапсырудан босату үшін емханадан медициналық тіркеуде тұрғаны туралы анықтамасы, ал бала күтіміне байланысты баланың туу туралы куәлігі болуы қажет. Студент өтініші мен қажетті құжаттарын институт басшылығына тапсырғаннан кейін ғана НКТ тапсырудан босатылады.

14-02-2023 00-11-08

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6917
Сәлеметсізбе құрметті ҚазҰПУ басқарма төрағасы ректор Д.Билялов
Біз №8 жатаханада тұратын студенттерміз. Қазір біз өзімізді ортақ үйімізде емес, түрмеде тұрып жатқан секілді сезініп жүрміз. Күзетшілер бізбен дөрекі сөйлеседі, студенттік іс-шараларға дайындалуға мүмкіндік бермейді. Бізге шығармашыл болашақ ұрпақ тәрбиелейтін педагог болыңдар деп айтады, ал көрсетіп отырған еркіндігінің түрі мынау.
Құрметті ҚазҰПУ басқарма төрағасы ректор Д. Билялов, сізден №8 жатаханадағы күзетшілік жүйені алып тастауды өтінеміз.
Біз татулығы жарасқан үйде тұрғымыз келеді, тәртібі қатал түрмеде емес.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды.

12-02-2023 12-57-31

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6915 Қызыл диплом қандай талаптарды қамтиды? Гос.экзамен В+ болса да бола береді деген еді. Тек GPA балл 3,5 асса болды деп, сол қаншалықты рас? Толығырақ мәлімет берсеңіздер.
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес оқу үлгерімінің көрсеткіштері бойынша А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

09-02-2023 19-49-32

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6912 Педагогикалык практика кезынде мектепте жумыс жасап, сабак басталган кезде де жумысты жалгастыра беруге болама? Егерде сабак жагын туракты тапсырып турса
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу процесінен тыс кезде, яғни сабаққа кедергі болмаған жағдайда мектепте, білім беру мекемелерінде жұмысты жалғастыруға болады.

09-02-2023 15-23-54

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6910 Құрметті ректор мырза! Сізге және Клара Толемисовна ханымға ПОҚ атынан алғысымызды білдіргіміз келіп отыр! Осы жылы премия алып марқайып риза болып отырмыз! ПОҚ үшін бұл премиялар өте үлкен көмек болып отыр! Сіздерге еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздердің шынайы алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Университет басшылығы да баршаңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейді. Рахмет!

09-02-2023 13-17-38

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6909 Сәлеметсіз бе! Ішкі гранттар қашан ойнатылады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда ішкі грант жоқ. Ақылы негізде оқитын білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Егер Сіздің оқу үлгеріміңіз бос мемлекеттік грант орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, емтихан сессиясының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік грант орындарының конкурсына қатыса аласыз. Оқу кезеңінде грант орындары босаған жағдайда университеттің ресми сайтына білім беру бағдарламалары бойынша бос грант орындары туралы ақпарат жарияланып, институт тарапынан білім алушыларға хабарланады. Конкурс ережесімен танысып, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

09-02-2023 11-38-12

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6908 Сәлеметсіздер ме. Биылғы "Абай сыйы-2023" олимпиадасы қашан болады екен?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! "Абай сыйы-2023" олимпиадасы наурыз-сәуір айларында өткізу жоспарлануда. Олимпиаданың ережелері мен өтетін уақыты туралы ақпарат университет сайтында жарияланады. Рахмет!

08-02-2023 18-46-46

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6907 Я хотел бы получить красный диплом , но у меня есть одна четвёрка по гос.экзамену по Истории Казахстана. В Правилах Министерства образования и науки РК от 11.03.2001 N 151 "Правила организации деятельности высших учебных заведений" в статье 195 написано, что пересдача разрешается Советом вуза, в порядке исключения, студентам выпускного курса, претендующим на получение диплома с отличием. Правда ли это?
Жауап:
Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.
Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 17-04-08

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Комиссарова Елизавета Александровна Сұрақ № 6906 Здравствуйте. Хотела бы получить информацию о получении красного диплома. Обязательно ли нужно иметь оценку А, А- за государственный экзамен по истории?
Жауап:
Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.
Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 14-37-49

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6904 Добрый день, господин ректор. Это не вопрос, лишь хотела выразить огромную благодарность за терпение и труд Хавайдаровой Мехриниссе Марсовне и Поляк Дине Мироновне. Прекрасные преподаватели, настолько хорошо знают свой предмет что слушать можно часами, а в конце уходишь с большим багажом знаний. Очень благодарна за таких чудесных преподавателей!
Жауап:
Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о работе наших преподавателей, Ваши теплые слова обязательно будут доведены до их сведения. Желаем успехов в учебе.

07-02-2023 09-30-41

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жантуганова Эльмира Сұрақ № 6903 Саламатсыз ба! Мен 4 курс студентімін. Жақыным қайтыс болғасын себепті болып сабаққа бара алмап едім. Эдвайзерге ескерткенмін бірақ оны мұғалімдерге айтпаған! Мен барлық мұғалімдерге ескерттім неге себепті леп белгілемейді?? Осылай қайғылы жағдайда қалай барамын мен қызық
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.

06-02-2023 16-42-45

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6902 Саламатсыз ба? Менің балам 6 жыл Жас ұланда, 2 жыл самолеттің рульінде өзі отырып ұшқан бала, 1 жыл әскери кафедрада оқыған бала, сіздің университетіңізге барғанда түсе алмады. Әскери кафедрада жұмыс істейтін қызметкерлеріңіз құлаққа сыймайтын әңгіме айтты. министрдің орынбасары Камалетдиновтың алдында болдым. Неге түсе алмағанын сізге айтайын. Мүмкін сіз бейхабар шығарсыз. Кафедраға түсу ақша болды. Офицер 650 000 тг. Сержант. 350 000 тг. Ақша сұрағандардың аттарын әскери полицияға айтпадым. Неге? Менің баламның өміріне қауіп жоқ екеніне кепіл бере алмады. Енді енді премерь министрдің кездесуіне кірем. Сол жерде сіз басқарып отырған университеттің қызметкерлерінің атын атайтын боламын.
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2022 жылы Абай университетінің әскери кафедрасына студенттер қабылданған жоқ. Университет студенттерінің әскери кафедраға тапсырған құжаттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің әскери кафедрасына өткізілді. Қабылдау емтиханын тапсырып конкурстан өткен студенттер жоғарыда көрсетілген университеттің әскери кафедрасында оқып жатыр.
Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасында Сіз жазған деректер болған емес. Толық мәлімет беру үшін балаңыздың аты-жөнін, қай университеттің әскери кафедрасына құжат тапсырғаны туралы мағлұмат беруіңізді сұраймыз.
Барлығы: 3678