Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
16-11-2017 01-41-35   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 9
Сəлематсызба . Мен қазір 11 сынып оқушысымын. Бұл универге дефектология-логопед мамандығы бойынша түсейін деп едім. Грантка неше балдан бастап аласыздар?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің «Дефектология» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсу үшін ҰБТ-ден жинақтаған балдың нәтижесі кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл, әрбір бейіндік пәндерден кемінде 15 балл жинаған талапкер Республикалық конкурсқа қатыса алады. 2017-2018 оқу жылының Республикалық конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ҚазҰПУ-нің «Дефектология» мамандығына ауыл квотасымен ең төменгі балл – 96 балмен оқуға қабылданды. 

13-11-2017 22-04-40   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 8
Уважаемый Тахир Оспанович! Я магистрант 1 курса, очного отделение хотела узнать, существует ли свободное посещение по графику расписания занятий, в связи с новорожденным ребенком?
Жауап:

Уважаемый магистрант! По кредитной технологии обучения свободное посещение занятий не предусматривается. Вы можете оформить академический отпуск по уходу за ребенком. Оформление академических отпусков осуществляется в соответствии с Правилами предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан. По вопросам оформления академического отпуска Вам следует обратиться в Отдел организации учебного процесса Департамента по академическим вопросам. Контактные данные: 8(727) 291-71-06, e-mail:okubolimi220@mail.ru. 

13-11-2017 16-34-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Zhazira Otesbay

Сұрақ № 7
Сәлеметсіз бе,
Егер әрбір институттарда медпункттар болса жақсы болар еді. Себебі, біздің универде бір ғана медпункт және оның өзі басқа жақта орналасқан. Ауырған адам, өзін нашар сезінген адам қайда бару керек, автобусқа мініп Казыбек би, Қунаев көшесіндегі медпунткке бару керек пе? Осы мәселе қарастырылса деймін.

Сонымен қатар, мынандай ұсынысым бар еді:
Әрбір инститтуттарда, сонымен қатар, жоғалған заттарды сақтайтын бір кабинет немесе кішігірім коридорда бір қорапша немесе басқа бір нәрсе орналасса. Себебі, охранниктер жоғалған нәрселерге ответстенность алғылары келмейді. Осыған байланысты, қайбір студент кабинеттер басқа алдыңғы группаның студенттерінің бір ұмытып немесе жоғалтып алған нәрселерін тауып алса, соны арнайы жерге барып тапсыратын жер болса. Бұл , сондай-ақ, әр түрлі концерттік шаралар кезінде де өте жақсы идея деп ойлаймын.

Тағы да бір айта кететінім, өткенде кітапхана жайында жазған болатынмын, яғни кітапханаларда вайфай мен розеткалар болса екен деп. Ал, енді, айтарым, кітапханашылар мен студенттерді кітапхана тәртібіне үйрету керек немесе сондай бір оқыту керек пе, себебі, кітапханашылар кітапханада айқайлап сөйлейді, телефонмен қатты сөйлеседі, студенттер де шулап кетеді, көп осындай болатын жағдайлар.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет ғимараттарында медициналық бөлімдер ашу мәселесі  қаржылық шығындарды талап етеді. Алдағы уақытта қолжетімді медициналық көмек көрсетуді оңтайландыру бойынша мүмкіндіктерді қарастырамыз.

Білім алушылардың жоғалған заттарын сақтайтын және оларды қайтаратын жерге байланысты  болашақта әлеуметтік  желілер арқылы және университеттің қауіпсіздік қызметімен, білім алушылар қатарынан құрылған еріктілер корпусы арқылы жүйелі жұмыс жүргізуді мақсат тұтып отырмыз.

Кітапхана қызметіне байланысты шағымыңыз бойынша кітапхана қызметкерлеріне тыныштықты сақтау және оқу залындағы тәртіпті қадағалау туралы ескерту жасалынды.

01-11-2017 21-05-52   Басқа

Сұрақ қоюшы: Ермек Жәудір Ермекқызы

Сұрақ № 6
Қайырлы күн! Менің сұрағым университет студенттері немесе магистранттары сізбен жолығуға боладыма?? Көкей кесті сұрақтарға байланысты... Болатын болса аптаның қай күні қай уақытта ??
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет студенттерімен және магистранттарымен, докторанттарымен арнайы кездесу 2 айда 1 рет өтеді. Кездесу күні туралы ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландыру» бөлімінде жарияланатын болады. Дүйсенбі, 6 қараша сағат 15:00-де ҚазҰПУ-дың Бас оқу ғимаратының №225 конференц-залында студенттермен кездесу өтеді. Сол кездесуде сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады. Жеке сұрақтарыңыз бойынша аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 дейін қабылдауыма келе аласыздар.

25-10-2017 16-39-38   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5
Құрметті Ректор ағай .Менің балам көп тілді білім беру институтында оқиды.Инастранный филлология уйгур тіліне грандпен тускен негізінде ағылшын тілін окығымыз келген. Осы агылгшын тілін окытатын баска факултетке грандпен ауысуга бола ма ? Кандай жолы бар .Тілді ауыстыруга бола ма ? Осы сұрағыма жауап берсеңіз.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бекітілген жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға болады.

Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады, яғни екінші мамандыққа ауысу кезінде білім гранты сақталынбайды. Мамандықтан екінші мамандыққа және ағылшын тілін оқыту бөліміне ауысу жолдары туралы Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпаратты алсаңыз болады. 

23-10-2017 15-52-39   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Бекжанова Гульнара Жолановна

Сұрақ № 3
Моя дочь Бекжанова Алина учится в вашем университете на факультете Живопись.
Почему нельзя оплатить за обучение в Карагандинском филиале Банка Центр Кредит,все реквизиты университета,код специальности у меня есть.Я оплачиваю ее учебу и мне удобней платить самой и квитанции (оригиналы)подшивать у себя?Сказали присылать деньги ребенку,чтоб он сам оплачивал в Алма-Ате.
Жауап:

Уважаемая Гульнара Жолановна! Вы можете произвести оплату за обучение в любом отделении Банка Центр Кредит. Оплата может производиться как самим студентом, так и иным плательщиком с указанием в платежных документах ФИО студента и целевого назначения платежа. После оплаты обучения Вам необходимо представить копию квитанции в Институт искусств, культуры и спорта.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  199  200  201  202  203

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений