Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
30-01-2018 16-21-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Параға қарсы шығушылар

Сұрақ № 57
Сәлеметсіз бе?!
Менің, не біздің сізге жолдағалы отырған хатым(ыз), Сіздің қол астындағы қызметкерлерге, ауыз бармайды, ұстаз, профессор деп атауға, дегенмен де, атағы, еңбегі бар емес пе?!
Оқытушылық-профессорлық құрамның кейбір ұстаздары пара алудан шаршамайды.
Оқыдың не, оқымадың не, бәрібір сұрайтыны ақша, ставкалары жоғары, жаздыққа қалдырамыз деп қорқытады, кейде осы кісілер жалақы алмайды ма дейсің?! Дегенмен де оларды ешкім күштеп ұстап отырған жоқ қой университет қабырғасында, неге соншалықты студенттерді қинайды, әрбір рубежка, әрбір зачет, емтихан, тіпті диплом жұмыстарын сатады, алмасаң, біттің!!!
Оқудан шығарып жібере ме деп қорқасын, алайда 4 нөмірден тұратын қызметке хабарлассақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын айтамыз, апай-ағайдың ығы-жығын шығарады емес пе?!
Сізден осы іске шұғыл араласуыңызды сұраймыз!
Бағыт берейік, біздің жағдайда,Өнер, мәдениет және спорт институтындағы кафедра ұстаздары!

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздердің шағымдарыңызда көрсетілген мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, оқытушылардың пара алу фактісі қарастырылуда. Сұрағыңызға байланысты нақты ақпаратты алу үшін Университеттің бірінші проректоры Бектемесов Мақтағали Абдімажитұлына жолығуларыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79. Егер шағымдарыңызға қатысты жауап қанағаттандырмаған жағдайда аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіздер болады.

29-01-2018 21-49-10   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Замира

Сұрақ № 56
Дизайнер мамандығына грант бөлінген бе?? Шығармашылыққа не тапсырады.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Құрметті талапкер, дизайн мамандығына жылда Республика бойынша грант бөлінеді. Бұл мамандыққа түсу үшін ұлттық бірыңғай тестке қатысып, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырасыз. Кейін біздің университетке 7 шілдеге дейін құжаттар тапсыруыңыз қажет. 8-13 шілде аралығында екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Оның біріншісі сызу (черчение), екіншісі сурет (рисунок).

26-01-2018 12-21-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 55
Сәлеметсіз бе сұрайын дегенім мемлекеттік бос гранттарға ауысу үшін оқуға тусердегі балл есептелінеме әлде тек GPA балл жоғары болса болады ма
Жауап:

Құрметті студент!  Университетіміздің ресми сайтына білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыру (http://kaznpu.kz/kz/1110/notice/) берілген болатын. Хабарландыруда үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген.  Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

26-01-2018 12-18-18   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Айс

Сұрақ № 54
Сәлеметсіз бе сұрайын дегенім бос гранттарға ауысу үшін оқуға түскен кезжеші балл есептеліне ме али де тек GPA балл ғана ма
Жауап:

Құрметті студент!  Университетіміздің ресми сайтына білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыру (http://kaznpu.kz/kz/1110/notice/) берілген болатын. Хабарландыруда үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген. Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қатыса алады. Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

26-01-2018 12-15-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 53
Сәлеметсіз бе мемлекеттік грантқа ауысқан кезде окуға тускен кездегі балл есептелине ме
Жауап:

Құрметті студент!  Университетіміздің ресми сайтына білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыруда (http://kaznpu.kz/kz/1110/notice/) үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген. Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

26-01-2018 00-39-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дарига

Сұрақ № 52
Құрметті
-- ректор. сұрағым 1996 жылы үшінші курс сессиясын отбасылық жағдайға байланысты жаба алмай шығып қалдым. Енді жалғастыруыма бола ма? Алдын ала Рахмет.
Жауап:

Құрметті Дариға!  Университетімізде оқуыңызды жалғастыруыңызға болады. Ол үшін «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығына (Қазыбек би,30)  барып, қажетті құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Байланыс тел.: 291-64-97.

24-01-2018 15-09-09   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Илесбаева Айдын

Сұрақ № 51
Салеметсизбе ағай! Мен шет елден келген студентпин. Биринши курс, екі шет тили мамандыгында оқимын. Ақылы бөлімде. Қазіргі күнде анам жұмыс істейді ал әкем истемейди. Анамның жалақысы аз. Осыған орай маған оқу акшама скидка жасап бере аласыздарма, өтініш!
Жауап:

Құрметті Айдын! Университеттің Білімгерлерді оқуға қабылдаудың типтік ережесінде шетел азаматтарының ақылы түрде оқитын студенттеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған. 2017-2018 оқу жылында Филология және көптілді білім беру институты (ФКББИ) студенттеріне жеңілдіктер жасау бойынша комиссия шешімінде шетелдік азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған.

16-01-2018 14-53-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 50
Здравствуйте, Тахир Оспанович! Я учусь на первом курсе в институте филологии и полиязычного образования, Жамбыла 25. Мой вопрос такой: мы учимся с 9 утра до 5 вечера и тут, к сожалению, не работает столовая. Условия, как по мне, не человеческие, так как поблизости нет никаких закусочных. Возможно ли возобновить работу столовой или же создать какие нибудь условия для студентов на заочной форме обучения? Заранее благодарю за уделенное внимание.
Жауап:

Здравствуйте! Приносим извинения за доставленные неудобства.  При решении данного вопроса о возобновлении работы столовой по адресу: ул. Жамбула,25 от арендатора ИП «Асель» получены объяснения. По результатам рассмотрения были приняты соответствующие решения. На данный момент проблемы устранены, столовая функционирует.   

16-01-2018 09-32-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 49
Сәлеметсіз бе! Сізге қояр сұрағым осы сайтта жарияланған конкурс бойынша грантқа өтуге құжаттарымды тапсырып едим. Грантқа өткен өтпегеніміз жайлы қайдан және қашан білуге болады?
Жауап:

Cәлеметсіз бе! Конкурста жарияланған мамандықтар бойынша білім беру гранттарының бос орындарына ақылы бөлімде оқитын ең жоғарғы GPA  балы бар білім алушылар ұсынылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған озат білім алушылардың тізімі берілген ақылы негізде оқудан білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрығына сәйкес Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті бұйрық шығарады. Бұйрықпен құжаттарыңызды өткізген директоратта танысуыңызға болады.     

15-01-2018 09-27-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Еркінбек Саяжан

Сұрақ № 48
Сəлеметсіз бе? Мен М.Əуезов атындағы мемелекеттік университет студентімін.(пед.тарих) Қалауым бойынша ауыссам деп едім. Нақты сұрағым пəндердің айырмашылығын калай білсем болады
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді. Ауысу және пәндердің айырмашылығы туралы толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

14-01-2018 01-54-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 47
Сəлеметсəзбе ректор ағай)мен ОҚМПУде педагогика и психология кафедрасында 1курс оқитын студентпін мен мобилность бойынша сіздерге барсам,осы 2 семестр жатақханада орын бар ма? Қандай құжаттар өткізуіміз қажет?Жəнеде бұл мобилность бойынша білім алу біздің болшақта дипломызға түсе ме?Казнпуда бір семестр оқыды деп или қалай? Сіздерде 1семестр жақсы оқып мемлекеттік грантқа ауыса аламба мобилность бойынша келсемде ,мен сіздерде грантта оқығым келеді)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келіп оқуға болады және жатақханадан орын беріледі. Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді. Ауысу және академиялық ұтқырлықпен оқуға қажетті құжаттар туралы толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

11-01-2018 23-21-26   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: РАХАТ АҚСҰЛУ

Сұрақ № 46
Сəлеметсіз бе құрметті Такир Оспанович!Мен 11-сынып оқушысы Рахат Ақсұлу боламын.Сізден сұрайын дегенім 11-сыныптап кейін осы КазНПУ-ға ҰБТ-сыз дефектологияға түсе аламын ба?
Алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарына талапкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес қабылданады. Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижесі бойынша берілетін сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Яғни, Қазақстан Республикасының кез-келген жоғары оқу орнына оқуға түсу үшін ҰБТ немесе КТ сертификаты қажет.

Университетіміздің Сіз қызығушылық танытып отырған «Дефектология» мамандығына ақылы негізде оқуға түсу үшін де кем дегенде 60 балл жинау керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.

10-01-2018 22-28-25   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жақсылық Несібелі Қанатқызы

Сұрақ № 45
Сәлеметсіз бе
Менің сізге қояр сұрағым мен қазіргі кезде ОҚО облысы М.Ауезов атындағы жоғарғы оқу орнының 1ші курс студентімін. Информатика педагогика мамандығы бойынша мемлекеттік грантта оқимын. Қояр сұрағым осы демалыс уақытында сіз басқарып отырған Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне дәл осы мамандық бойынша ауысуыма болады ма? Грант сақталады ма? Егер болса қандай құжаттар дайындау қажет? Өтініш жауабыңызды асыға күтемін
Жауап:

Құрметті студент! Аталған мамандық бойынша басқа жоғары оқу орнынан  біздің университетімізге ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Өтініш жазу арқылы өз мамандығыңыз немесе өзге мамандықтар (кредиттік технологиямен оқыту талаптарына сәйкес кредит саны белгілі шектен аспаған жағдайда) бойынша университетімізде ақылы негізде оқуыңызды жалғастыра аласыз. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

10-01-2018 18-21-36   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жақсылық Несібелі Қанатқызы

Сұрақ № 43
Сәлеметсіз бе
Менің сізге қояр сұрағым мен қазіргі кезде ОҚО облысы М.Ауезов атындағы жоғарғы оқу орнының 1ші курс студентімін. Информатика педагогика мамандығы бойынша мемлекеттік грантта оқимын. Қояр сұрағым осы демалыс уақытында сіз басқарып отырған Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне дәл осы мамандық бойынша ауысуыма болады ма? Грант сақталады ма? Егер болса қандай құжаттар дайындау қажет? Өтініш жауабыңызды асыға күтемін
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді. Ауысу туралы толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

09-01-2018 00-08-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Zhazira Otesbay

Сұрақ № 42
Сәлеметсіз бе,
Университетімізде қазіргі уақытта білім алып жатыр деген анықтаманы ағылшын немесе орыс тілінде қайдан алуға болады? Институт деканатында тек қана қазақша екен. Рахмет
Жауап:

Құрметті Жазира! «Университетте қазіргі уақытта білім алып жатыр» деген анықтаманы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығынан (Қазыбек би, 30) алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-64-97.

30-12-2017 23-25-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Джасурбек

Сұрақ № 41
Я студент КазНПУ и я этому очень рад. Я учусь. На платной основе в институте физики математики и иинформатики.И хотел бы стать обладателем Государственного гранта.
Жауап:

Уважаемый Джасурбек! Вы можете принять участие в конкурсе по присуждение вакантных образовательных грантов Университета.  Всю информацию, необходимую для участия в конкурсе на получение государственных грантов, Вы можете найти на нашем сайте в рубрике «Объявления»: http://www.kaznpu.kz/ru/1111/notice/ . 

27-12-2017 21-41-42   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 40
Саламатсыз ба! Менің сұрағым келгені емтиханнан құлаған студенттерге қайта емтихан тапсыру бола ма? Осы жағын түсіндіріп жібересіз бе? Қанша адам шығып та, тиісті баллдан төмен алып жатыр.
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының  19, 23 тармақшаларына сәйкес, студент қысқы емтихан сессиясында «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, жазғы (қосымша) семестрде сол пән бойынша қайта оқып, емтиханды ақылы түрде тапсырады.

27-12-2017 12-26-19   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 38
Сәлеметсіз бе! Маған 2011-2012жж окыды деген справка керек еді. Оны қайдан жəне қалай ала аламын?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Анықтаманы алу үшін Университеттің Құжатпен қамтамасыз ету  және бақылау бөліміне ректордың  атына өтінішіңізді, жеке куәлік және дипломның көшірмелерін қалдырасыз. Тіркелген өтінішіңіз бойынша Мұрағат қызметкерлері қажетті анықтамамен қамтамасыз етеді. Сұрағыңызға байланысты толық ақпарат алу үшін Құжатпен қамтамасыз ету  және бақылау бөліміне хабарласа аласыз. Байланыс телефондары:291-48-74, 291-37-23 (факс).

25-12-2017 14-15-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қуанышбай Көркем Еркінбайқызы

Сұрақ № 37
Сәлеметсіз бе
Менің сізге қояр сұрағым мен қазіргі кезде Петропавл қаласы Манаш Қозыбаев атындағы университетте 3 курс химия пәні бойынша(педагог) грантта оқып жатырмын.Осы сіз басқарып отырған Абайатындағы Қазақ ұлттық университетіне дәл осы мамандық бойынша ауысуыма болады ма? Және қандай құжаттар қажет, төлем ақысы қанша болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді. Оқу ақысы 438 - 451 мың аралығындағы теңгені құрайды. Ауысу туралы толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

22-12-2017 13-42-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Орал Арукенова

Сұрақ № 35
Добрый день, Такир Оспанович! Во первых, спасибо за возможность написать вам. В прошлом году такой возможности не было.
Меня зовут Орал Арукенова, я магистрантка 2 курса по специальности Русский язык и Литература. Вопрос мой касается правил приема письменных экзаменов. Нам выслали документ который называется "ПРАВИЛА СОБЛЮДЕНИЯ ПОРЯДКА ОБУЧАЮЩИХСЯ ПРИ ПРОВЕДЕНИИ ТЕСТИРОВАНИЯ" и по нему все соблюдается при тестировании. Но что качается письменного экзамена, такого документа нет. Но при этом правила по всей видимости те же. Сегодня наша группа сдавала письменный экзамен по предмету "Художественное произведение и интертекстуальность", в 609 аудитории. Вместе с нашей группой сдавали экзамен и другие группы по другим предметам. При этом, я заметила применение двойных стандартов к магистрантам. Карлыгаш Маханова, магистрантка 2 курса РКО вошла в кабинет, не показала документ и сразу села со своими личными вещами за последнюю парту. У нее документы не проверяли, не просили сложить вещи в отдельном месте. У всех других документы проверяли тщательно и некоторых не запускали. Когда я спросила, почему Карлыгаш Маханова пользуется особыми правами, женщина (которая запускала нас в аудиторию) ответила, что даже не видела как та вошла в аудиторию и пересадила ее. Когда я задала тот же вопрос другой женщине, которая пришла позже (по всей видимости начальница), она посоветовала мне думать о своем экзамене, не ругаться, то есть молчать. Я сказала, что в университете внедрены принципы Болонского процесса. Отношения субъектно-субъектные и я имею право спросить если замечаю проявление двойных стандартов. На вопрос мне никто не ответил. Надеюсь в аудитории 609 сегодня утром действительно работала камера и вы сможете сами увидеть как все происходило. Мои вопросы: Должны ли все магистранты подчиняться одинаковым правилам поведения? Если да, почему Карлыгаш Маханова имеет преимущества по сравнению с другими, потому что она сотрудник университета? Почему нет правил проведения письменного экзамена?
Спасибо за ответ!
Жауап:

Уважаемая Орал!

Ваш вопрос рассмотрен, были взяты объяснительные от ответственных лиц и приняты соответствующие меры. Для получения дополнительной информации по данному вопросу Вы можете обратиться к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмурзаеву (главный учебный корпус, 2 этаж, 210 кабинет). Контактный тел.:293-81-53.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  197  198  199  200  201 202  203  ... след. >

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений