Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
22-12-2017 12-45-04   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Арман

Сұрақ № 34
Құрметті п.ғ.д, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!!! Сіздердегі Қантарбаева Раушан сөйлеу тәрбиесі төмен сұрақтарға жауап ала алмаймыз. Сұрақтарға 2 апта анда мында жүгіртіп түскі үзілісте өз таныстарын қалдып, үзілістен кейін есікті жауып алып, обед деп. Мен баламмен неше рет бардым жылап шығып жатқан балалардың обалына қалады ғой. Есіктің сыртында тұрып жүрегім ауырып кетті. Неге сауатты, сұрақққа нақты жауап бере алатын,мықта мамандарымыз бар ғой.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Сіз көтерген мәселе міндетті түрде қарастырылатын болады. Оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан сұрақтарыңыз болса, Университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

21-12-2017 17-36-33   Басқа

Сұрақ қоюшы: Каиров Биржан Болатович

Сұрақ № 33
Здравсвтвуйте,Такир Оспанович! Я окончил КазНПУ в 2016 году, после чего поступил в магистратуру Кокшетауского гос.университета имени Ш.Уалиханова. АО "Финансовый центр" подал на меня суд, и требует взыскать с меня 2728642 тенге. Я и в дальнейшем хотел бы продолжить обучение, но к сожалению все силы, средства и время уходит на разбирательство с судом. Прошу Вас выдать дополнительный протокол комиссии КазНПУ имени Абая об освобождении меня от отработки в связи с дальнейшим обучением в магистратуре Кокшетауского государственного университета имени Ш.Уалиханова, так как я 17 июля 2017 года окончил магистратуру вышеуказанном ВУЗе. С ответом прошу не задерживать, так как материалы рассматриваются в Енбекшильдерском районном суде.Заявление по поводу вышесказанного и приложения к нему я отправил Вам по электронной почте. АО "Финансовый центр" готов отозвать свое исковое заявление в том случае, если Вы предоставите вышеуказанный протокол. Заранее благодарю Вас!!!
Жауап:

Уважаемый Биржан Болатович! Дополнительный протокол №15 комиссии КазНПУ имени Абая, рассмотревшей вопрос об освобождении от отработки согласно Закону РК «Об образовании», а также оригиналы подтверждающих документов (справки об окончании учебы, диплома о  присуждении магистерской  степени, приложения к диплому) 22 декабря 2017 года были высланы через Казпочту на адрес АО "Финансовый центр", копии документов — на электронный адрес 695057@mail.ru.

20-12-2017 22-43-33   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 32
Такир Оспанович!Сәлеметсізбе! Мен 11 сынып оқушысымын.Сізден сұрайын дегенім осы оқу орнына бастауыш пәні мұғалімі мамандығына түссем деп ем!Неше балл жинау қажет ? Грантқа түссем деп ем неше балл алу керек,сол туралы толығырақ айтасыз ба ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарына талапкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес қабылданады. Сұрағыңызда көрсетілген мамандық туралы нақты ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.

18-12-2017 16-57-34   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Анонимно

Сұрақ № 31
Сәлеметсіз бе . Сізге сұрағым, 1/ неліктен біз (студент жастар ) концерттерге және де мәдени іс шараларға бара алмаймыз. Тәрбие баскармасындагы адамдар бара береді. Қазына Асанқызына сұрақ қойғанда /-Ол кісі/ - сен кім едің баратын деген маған . Қалай ойлайсыз бұл жайлы. Тағы да айтатын нәрсе ИСФАК Факультет деканның орынбасары (тарбие) ісі жөніндегі өзінің орынан табу қиын. 2/ шы сұрағым Мен Қызылорда облысынын
тумасы едім. Неліктен жатақханада тұру қиын. Бір нәрсе болса ақша жинайды. 3/ Және де Кітапханадан керек кітаптарды табылмай жатады . Асхана неліктен қымбат. Медпункт қызметкерлері дөрекі сөйлейді. Тіркеу бөлім бастығы неліктен орысша сөйлейді. Қазақ бола тұра. Рақмет ректор мырза. Сізден жауап күтемін ....
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымдарыңыз міндетті түрде қарастырылатын болады. Аталған кейбір мәселелер бойынша нақты дәлелдеріңіз болса, 8 қаңтар күні сағат 16:00 қабылдауыма келіңіз.

18-12-2017 16-23-37   Басқа

Сұрақ қоюшы: Алмешова Сымбат Муратовна

Сұрақ № 30
Сәлематсызба Тахир Оспанович Мырза! 2-ші жоғарғы білімді КАЗГОСЖЕНПУ-да оқып жүрмін сіздерге ауысу жолдары қандай?
Жауап:

Құрметті Сымбат Мұратқызы! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы  № 19 қаулысымен бекітілген Жалпы ережелеріне сәйкес, білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға болады.

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. 

14-12-2017 08-29-25   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 29
Добрый день Такир Оспанович, 9 декабря мы вам отправили официальный запрос по регистрации диплома факультета педагогики и психологии который выдан 2007 годом за ЖБ 0128270, ответа еще не пришло возможно ли ускорить данный ответ на наш вопрос?
Жауап:

Здравствуйте! По Вашему запросу на указанный Вами адрес 14.12.2017 г. был направлен ответ №15-15-03-01-02/16-516. Для получения более детальной информации свяжитесь с сотрудниками архива Университета: 291-84-04.

08-12-2017 20-49-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Хушнутбек Хамраев Хамраевич

Сұрақ № 27
Я хочу учит в университета.
Жауап:

Уважаемый Хушнутбек Хамраевич! Благодарим Вас за проявленный интерес к нашему Университету! Буду рад видеть Вас в числе студентов КазНПУ им. Абая. Информацию, необходимую для поступления, Вы можете найти на нашем сайте http://kaznpu.kz/ru/1384/page/. За более детальной информацией Вы можете обратиться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся КазНПУ им.Абая.Тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

08-12-2017 19-35-13   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 26
Здравствуйте! Я учусь в 11 классе, хотела бы узнать какие профильные предметы нужно сдавать на ЕНТ, чтобы поступить на кафедру Русского языка и литературы?
Жауап:

Здравствуйте! Для поступления на специальность «Русский язык и литература» необходимо успешно пройти тестирование по двум профильным предметам: 1 - язык обучения и литература, 2 - история.

08-12-2017 01-15-03   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 25
По Договору о государственных закупках товаров №17/1/309 ОТ 27.11.2017 года товар доставлен 30.11.2017 года почтовым отправлением. Товар принял заведующий складом господин Жигер. Просим Вас выслать сканированный вариант накладного на отпуск товаров №116 от 30.11.2017 года или выслать на ВАТСАП указанный в договоре! Акт сдачи-приема товаров выслан по порталу о государственных закуках 07.12.2017 года. Прошу Вас подписать акт!
Жауап:

Здравствуйте! Оригинал  и отсканированный вариант документа (накладной на отпуск товаров №116 от 30.11.2017 года) высланы на указанный Вами  адрес 11.12.2017 г. 

06-12-2017 21-00-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы:

Сұрақ № 24
Извините что обращаюсь с этим вопросом сюда, хотелось бы попросить Вас об услуге помочь нам починить кнопку лифта 8 этажа в корпусе Истории и права, которая не работает практически с начала учебного года.
Жауап:

Здравствуйте! Ваш запрос направлен в Департамент по развитию инфраструктуры.

05-12-2017 21-36-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 23
Салеметсіз бе,Такир Оспанович,менде бір мәселе бар еді.Мен осы жылы (01.08.2017) оқудан шығып қалыппын(оқу ақысы төленбеу себебі 8000тг (сегіз мың тенге))ол жайында маған ескертілмеді,бірақ мен осы уақытқа дейін сабааққа қатысып жүрдім .1ші аралық бақылау уақытсында менің оқудан шығып қалғаным жайында хабарлады. Қарызымды толедім,қайта кабылдау бұйрығы шықты. Қазіргі уақытта иен 1 аралық бақылау тапсырып жүрмін,бірақ ведомость қағазын жоғалтып алып отырмын. Сұрақ: мен сол ведомость қағазын қайта алу мүмкіндігі бар ма?
Жауап:

Құрметті студент! Оқу орнының ережелеріне сәйкес аралық бақылау тізімдемесі (ведомость) студенттердің қолына берілмейді, яғни тіркеу кеңсесінде аралық бақылау тізімдемесі тек оқытушының өзіне ғана беріледі. Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Университеттің оқу ісі жөніндегі проректорына жолығыңыз.

05-12-2017 18-42-24   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 22
Биология мамандыгы бойынша кундизги болип року акысы канша айтып жибересизба
Жауап:

Педагогикалық бағыттағы «5В011300 – Биология» мамандығында күндізгі бөлімінің оқу ақысы 1 жылға - 506000 теңге, ғылыми-зерттеу  бағыты бойынша «5В060700 – Биология» мамандығында оқу ақысы 1 жылға  - 510000 теңге. Қысқы емтихан сессиясына (18 желтоқсан) дейін төлем ақының 50 пайызы төленуі керек.

29-11-2017 19-41-48   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 19
Здравствуйте, Такир Оспанович! В 2017г сентябре, сестренка поступила в Ваш ВУЗ, на платную основу. В середине первого семестра, выяснилось что сестрёнка выиграла грант в другом городе, в другом ВУЗЕ. Сотрудники с другого ВУЗА запросили документы с АГУ, но сотрудники АГУ не отправили документы. Мы ездили 7-8 раз, у нас запросили куча документов, бегали по всем кабинетам. В итоге забрали документы сами и отправили в другой город. Из за халатности сотрудников АГУ, мою сестренку чуть не отчислили с ВУЗА в другом городе. Так же АГУ не вернул оставшуюся сумму которую мы внесли за учебу и за общежитие. Прошло 1,5 месяца. Прошу Вас посодействовать в данной ситуации.
Жауап:

Здравствуйте! 
Приносим извинения за доставленные неудобства. Возврат денежных средств осуществляется на основании Вашего письменного заявления. Для получения денежных средств, внесенных за обучение и проживание в общежитии, Вам или иному уполномоченному лицу необходимо подойти с заявлением в Отдел по расчету со студентами  (кабинет 222 главного учебного корпуса).
 
25-11-2017 23-08-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Алтын Аубакирова

Сұрақ № 18
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы!
Мен магистрантпын. Университетті 25 жыл бұрын бітіргенмін. Алланың бұйрығымен биыл магистратураға түсіп, "альма-матеріме" қайта оралдым.
Менің Сізге бірнеше сұрағым бар(немесе оларды өтініш деп атауға да болады):
1. Біз магистратураға түскеннен кейін бұрын оқып кеткен және бекітілген ереже-қағидалар бойынша өтуге (оқуға) тиісті болатын пәндерімізде айырмашылық бар, "разница" тапсыру керек деген өкім келді де, соны тапсырдық. Оның ақшасы - бөлек мәселе, бірақ мені таңқалдырғаны - менің осы университетті, мейлі, 25 жыл бұрын болса да тәмамдағаныма қарамастан, маған педагогика пәнінен толық дерлік емтихан тапсыру талабы қойылды. Оған да "жарайды" делік. Осы орайдағы сұрағым әрі өтінішім: магистрант оқуға құжат тапсырып жатқан кезде оған пәндердің айырмашылығы жайлы айтуға және соны тапсыртып барып қабылдауға болмай ма екен?
Менің ойымша, мұнда екі мәселе шешілер еді: біріншіден, болашақ магистрант өзінің негізінен педагогика саласында маман болатынын айқын түсініп, бастапқы мақсат-мұратына сәйкес шешім қабылдар еді. Екіншіден, тіпті ол емтиханды сол кезде тапсырмаса да, айталық, өзі: "Алдымен түсем бе, түспеймін бе, анықтап алайын, содан соң тапсырамын", - деп шешсе, ең болмаса, алдында не күтіп тұрғанын білер еді.
2. Қазақстанның жоғары оқу орындары Болон жүйесіне қосылған. Бірақ Еуропа елдерінде студенттер де, магистранттар да қандай пәндерді және қай мерзімде оқитынын өздері таңдауға құқылы екен, ал оқу орны олардың қалауын орындауы міндетті екен. Тек сол оқудың заң жүзінде (нормативтік құжаттарда) белгіленген мерзімдерін бұзбау талабы қойылады (мысалы, Германияда жеті жылға дейін оқуға болады екен). Бізде неге олай емес? Егер сол жүйенің қағидаларын толық орындау көзделетін болса, ол қашан жүзеге асырылмақ? Оған жауапты кім, қандай ведомство? Мысалы, жеке өз басым педагогика пәнін жарты жыл емес, кемінде 2 жыл тәптіштеп оқыр едім. Және психология пәнімен ұштастыра отырып оқу (оқыту) қажет деп санаймын. Сонда оқудан келер пайда орасан зор болар еді. Ал қазіргі оқуымыз - орысша айтқанда, "галопом по Европам".
3. Педагогика - ерекше ғылым-білім саласы. Мұнда оқушы адамдарды қалай болса солай қабылдай салмай, шын мәнінде педагог, оқытушы болғысы келетін, өз білімін келер ұрпаққа бергісі келетін тұлғаларды қабылдау қажет деп ойлаймын. Сондықтан арнайы психологиялық тест арқылы талапкерлердің бейімін анықтаған жөн болар?

Осы сұрақтарыма жауап беретініңізге зор үміт етемін.
Алдын ала рахмет!
Жауап:

Құрметті магистрант! 1. Университетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес жоғары оқу орны анықтаған қажетті пререквизиттері болмаған жағдайда білім алушы ақылы түрде тапсыруы тиіс.

2. Болон декларациясы принциптеріне сәйкес Университетімізде білім алушылар үшін элективті оқу пәндерінің баламалы түрлерін таңдау мүмкіндітері қарастырылған. ЭК (элективті компонент) шеңберінде білім алушылар пәндерді толық игереді, басқа да қазақстандық және шетедік ЖОО-ның кредиттік жүйелерін  меңгере алады.

3. Жоғары оқу орындарына магистратура және докторантураға оқуға қабылдау ҚР Үкіметінің «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының» жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Магистратураға мамандық бойынша қабылдап, емтихандарын педагогика және психология пәндері бойынша талапкердің білім деңгейін анықтай алатын ғылыми дәрежесі бар арнайы мамандар қабылдайды.

Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университеттің оқу ісі жөніндегі проректорымен хабарлассаңыз болады. Байланыс телефоны: 293-81-53.

24-11-2017 03-30-20   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 17
Құрметті Тахир Оспанұлы! Сізге қояр 1-сұрағым: биылғы жатақхана мәселесі өзіңіз білетіндей шиеленісіп кетті. Келесі жылы 4курсқа аяқ бассақ жатақхана алуға мүмкіндік бар па?Жаңа жатақхана ашу немесе тұрғызу ойларыңызда жоқ па? Әр факультет өзіңе тиесілі жатақханаға орналасса деп едік, себебі біз өз мамандығымыздың жатақханасына орналаса алмадық. Ақылы бөлімде екен немесе Алматы облысы , демек тұратын туыстарының үйі бар деп жатақхана бермеу менің ойымша әбестік болар.Біз бір жағы оқуымызды төлеуіміз керек, екінші жағы квартира деп ақша таппай саңдалып жұмыс жасап кетсек не үшін білім алып жатырмыз? Сізге айтар назымыз қыркүйек айында өте көп болған, бірақ деканаттан рекорға кірсеңдер қара тізімге енесіңдер деген сөгіс алдық! 2-сұрағым:Анам зейнеткер, әкем қайтыс болған. Былтырғы жылы оқу ақысына жеңілдікке құжаттар өткізіп ем шықпады, биылғы жылы тағы өткіздім. Жеңілдік шықса екен деген үміттемін, себебі былтыр ата-анасы ажырасқан немесе көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге жеңілдік шыққанда неге маған шықпады құжаттарым дұрыс қой деп өте қиналған болатынмын, осы жағын қарастырсаңыз...Жатақханаға жолдама ала алмаған сәтте де мен жартылай жетіммін ғой неге маған берілмейді деген сәтте "Айналайын-ау қазір екінің бірінің әкесі жоқ "деп қатты сөз естіп ем, сол үшін әрбір студенттің әлеуметтік жағдайына қарасаңыздар. Қайткенмен де Қасиетті Қара шаңырақ болған соң бұндай мәселелер болғаны көңілге қаяу түсіреді.Сол қателіктерді өзіңіз келіп түзесеңіз деген үміттеміз! Рақмет!!!
Жауап:

Құрметті студент! Студенттерді жатақханаға орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» №66 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш бұйрыққа сәйкес әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге жолдама беріледі. Университетімізде жатақханаға мұқтаждардың саны  мен жатақханалардың жалпы сыйымдылығын ескере отырып, қазіргі таңда жатақхана тапшылығы мәселесін оңтайлы шешу қарастырылуда. 
 
Білім алушыларға оқу ақысына жеңілдік беру мәселесі бойынша арнайы Ереже әзірленіп, университет деңгейінде комиссия құрамы бекітілді. Аталмыш Ережеде жеңілдікке өтініш берген әрбір білім алушының әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар топтамасы болуы тиіс. Осыған орай, егер Сіздің әлеуметтік көмекке мұқтаждығыңызды растайтын құжаттар топтамасы толық болып, өтінішіңіз институттағы комиссия және университет деңгейінде құрылған комиссия қарауынан өтіп жатса, жеңілдік алуға мүмкіндігіңіз бар.
21-11-2017 19-07-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Zhazira Otesbay

Сұрақ № 16
Сәлеметсіз бе,

Қосымша ұсынысым: Әр түрлі конференциялар, академиялық ұтқырлық, шет елдегі тағылымдамалар туралы мәліметтерді сайтқа салып отырсаңыздар. Себебі, көп жағдайда ондай мәліметтерді соңғы уақытта немесе тіптен дедлайн уақыттары өтіп кеткен уақытта біліп отырамыз, ал сайттағы көп мәліметтер ескірген.

Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған ақпараттар сайттың «Хабарландырулар» бөлімінде берілген.

21-11-2017 18-51-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Zhazira Otesbay

Сұрақ № 15
Сәлеметсіз бе,

Ұсыныс және сұрақтарыма жауап бергеніңізге рахмет.

Тағы бір мәселе, яғни бірнеше рет жазған болатынмын сіздің блогыңызда. Оның біріншісі Институттардағы WiFi мәселесі. WiFi тым болғанда кітпаханада болсыншы, әйтпесе институт бойынша берілген WiFi - ға қосылу мүмкін емес және қосылғаннынң өзінде де жұмыс жасамайды.

2. Розетка мәселесі. Ноутбуктерді зарядкалайтын аудиториялардан басқа да орындар болсыншы. Себебі Математика, Физика және Информатика Институтындағы кітапханның компьютерлерімен тек қана каталог бойынша кітаптар қарауға ғана рүқсат беріледі. Ал, өзіміздің ноутбукпен отыру үшін белгілі бір уақыт аралығында зарядкалап отыру керек және кітапхананың розеткаларында зарядтауға рұқсат берілмейді. Сол үшін, көп жағдайда коридорларда отырып, тіпті кейді тұрып зарядкалау керек болады.

Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта Университеттің Wi-Fi желісін күшейту мен Wi-Fi аймағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылға кітапханалар мен оқу ғимараттардың фойесінде, барлық жатақханаларда жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi желісін орнату жоспарлануда. Сұрағыңыздағы екінші мәселе қарастырылатын болады.

21-11-2017 15-32-43   Басқа

Сұрақ қоюшы: исапир

Сұрақ № 14
сәлеметсіз бе? менің сұрағым студенттерге сессия неге 30ында аяқталады? үйге жету үшін 3 күн кетеді(Батыс) және каникул аз берілген! Алыста тұратын студенттерге қалай болады?
Жауап:

Cәлеметсіз бе! Университеттің бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес қысқы емтихан сессиясы 2017 жылдың 18-30 желтоқсан аралығында өтуге тиіс. Алыс аймақтарда тұратын студенттерді ескере отырып, қысқы емтихан сессиясының аяқталу күндерін 26-27 желтоқсанға қою жоспарлануда. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. 

21-11-2017 08-51-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 12
Здравствуйте,
Уважаемый Такир Османович. Я отправляля 4 письма на Ваш электронный адрес с заявлением, выдать мне архивную справку о том, что я училась в КазНПУ в 2006 году. Но, уже как 3 недели, никто не отвечает. Очень прошу дайте мне знать.
Жауап:

Здравствуйте! Ваш запрос получен. Архив Университета подготовил Вам соответствующую справку, которая была выслана на Ваш адрес 22.11.2017 г.
 
20-11-2017 21-03-08   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Furkat

Сұрақ № 11
Здравствуйте. А когда поступильные собеседование на Сорбонна-Казахстан?
Жауап:

Уважаемый абитуриент! Собеседование с абитуриентами института "Сорбонна-Казахстан" проводится в августе. Информация о времени проведения собеседования будет опубликована на официальном сайте КазНПУ в разделе «Объявления».

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  198  199  200  201  202 203  ... след. >

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений