Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |
Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА |
|||
ҚАЗ РУС ENG |
Ректордың блогына қош келдіңіз!
Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.
Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, магистратураға түсу үшін құжат қабылдау уақыты басталатын 10-шілдеге дейін алда бес ай бар екенін ескере отырып, қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз.
Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.
Құрметті студент! Университетіміздің бекітілген академиялық саясат талаптары бойынша үлгерім көрсеткіштері «А», «А-», «В+», «В», «В-» болған жағдайда ғана студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде шетелдік жоғары оқу орындарына жіберуге болады. Сұрағыңызға қатысты нақты ақпаратты алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
Сәлеметсіз бе! Ағымдағы жылдың наурыз айында Университет тарапынан мектеп оқушыларына арналған «Абай сыйы» олимпиадасы жүргізіледі. Олимпиаданың ережелері наурыз айының басында ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: І кезең онлайн түрде өткізіледі. Іріктеу нәтижесінде өткен қатысушылар университетте өткізілетін ІІ кезеңге қатысуға жолдама алады. Олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға Университетімізде оқуға 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдік беру қарастырылған.
Здравствуйте! Содержание Вашего обращения обсуждалось с руководством Института педагогики и психологии. В частности, принято решение о создании специальной комиссии, которая ведет контроль за проведением занятий в магистратуре. На собрании Института заведующим и преподавателям было рекомендовано строго соблюдать "Кодекс честности". Если у Вас есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).
Здравствуйте! По Вашему запросу на указанный Вами адрес 23.02.2018 г. была направлена архивная справка. Для получения более детальной информации свяжитесь с сотрудниками Отдела документационного обеспечения и контроля КазНПУ им. Абая: 291-48-74.
Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, қазір оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз. Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.
Құрметті студент! Биыл 90 жылдық мерейтой аясында Университетіміздің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, білім деңгейін арттыру бағытында жоспарланған шаралар жүзеге асырылатын болады. Сұрағыңызда көрсетілген екінші мәселені міндетті түрде қарастыратын боламыз. Қазіргі уақытта білім алушылар тарапынан түскен шағымдарды ескере отырып, университет қабырғасында пара алу фактілерін жою, қызметкерлердің этика талаптарын сақтауын және тәртіп нормаларының бұзылмауын жіті бақылау мақсатында арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.
Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңызда көрсетілген Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының оқытушыларына қатысты шағымыңыз бойынша институт директорына және кафедра меңгерушісіне ескерту жасалынды. Қазіргі уақытта оқытушылардың пара алу фактілері және педагогикалық этика мәселелері бойынша университетімізде арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.
Құрметті Әсем! Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойын 2018 жылдың қазан айында атап өту жоспарлануда. Университетіміздің мерейтойына орай бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Жуырда өтетін конференциялар туралы ақпараттар Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде берілген. Мақалаңыздың жариялануы туралы нақты жауап алу үшін Ғылым департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-10-22, e-mail: nauka_kaznpu@bk.ru.
Сәлеметсіз бе! Мақалаңызды web_info@kaznpu.kz электронды поштасына жіберіп, мақалаңыздың мазмұнына байланысты жариялану мүмкіндігі туралы нақты жауап алу үшін Университетіміздің Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 293-86-38.
Сәлеметсіз бе! Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/1110/notice/) жарияланған болатын. Хабарландыруда конкурсқа қатысты талаптар мен құжаттар тізімі көрсетілген. Қажетті құжаттарды өзіңіз оқитын институт директоратыңызға немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығына өткізуіңізге болады.
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 31- наурызындағы «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» №126 бұйрығымен бекітілген ереженің 11-тармағына сәйкес докторант өзінің диссертациялық жұмысын мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде орындауға және қорғауға құқылы.
Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ескерту жасалынды. Оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан тағы да басқа сұрақтарыңыз болса, Университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
Құрметті талапкер! Сіз сұрап отырған «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 2017 жылы Қазақстан Республикасы бойынша қазақ бөліміне 83 грант, орыс бөліміне 27 грант берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ үшін арнайы 17 грант (10 грант – қазақ бөлімі үшін, 7 грант – орыс бөлімі үшін) бөлінді.
Республика бойынша өткен конкурстың нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға аталмыш мамандық бойынша грантқа 21 талапкер қабылданды (14-і қазақ бөліміне, 7-уі орыс бөліміне). 2017 жылғы конкурс нәтижесі бойынша аталмыш мамандыққа ауыл квотасы бойынша ең төменгі өту балы - 98 балл болғанын хабарлаймыз.
Уважаемая Гульназ! Перевод с платной основы на образовательный грант осуществляется в каникулярное время при наличии вакантных мест на конкурсной основе в соответствии с Правилами присуждения образовательного гранта МОН РК. По Вашему обращению директор Департамента по академическим вопросам Хайрулла Нышанович Жанибеков будет ходатайствовать о Вашем переводе на специальность «6М010300 - Педагогика и психология».
Құрметті Гүлсая Құттыбекқызы! Сіздің шағымыңыз бойынша жалақы мәселесін қарастыратын боламыз. Сұрағыңызға қатысты толық мәліметті алу үшін Тарих және құқық институтының директоры Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлымен хабарласуыңызға болады.
Здравствуйте! Ваш вопрос направлен в Департамент по развитию инфраструктуры. В течение марта 2018 года в корпусе №5 будут проведены соответствующие ремонтные работы.
Құрметті Әсем! Университетіміздің Сіз қызығушылық танытып отырған «Психология» және «Дефектология» мамандықтарына талапкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.
Құрметті студент! PhD докторанттардың оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген,13.05.2016 ж. №292 қаулысының «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Университетімізде PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқитын докторанттарымыздың 80% оқытушылық қызмет атқарады. Сұрағыңызда көрсетілген екінші мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, оқытушыларға қатысты шағымдар қарастырылуда.
Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 ақпан күні сағат 11:00 –де Бас оқу ғимаратының 225 конференц залында өтетін докторанттармен кездесуіме келсеңіз болады.
Здравствуйте! Благодарю за своевременное обращение. В нашем университете, как и в обществе в целом, должна быть нулевая терпимость ко всем проявлениям коррупции. По Вашему обращению от руководителя военной кафедры получены объяснения. С целью выявления и устранения фактов коррупции работает специальная комиссия. По итогам ее работы будут приняты соответствующие меры.
Если у Вас есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).
Мамыр, 2024 | 4 |
Сәуір, 2024 | 10 |
Наурыз, 2024 | 5 |
Ақпан, 2024 | 20 |
Қаңтар, 2024 | 11 |
Желтоқсан, 2023 | 21 |
Қараша, 2023 | 19 |
Қазан, 2023 | 17 |
Қыркүйек, 2023 | 25 |
Тамыз, 2023 | 39 |
Шілде, 2023 | 29 |
Маусым, 2023 | 60 |
Мамыр, 2023 | 41 |
Сәуір, 2023 | 49 |
Наурыз, 2023 | 22 |
Ақпан, 2023 | 42 |
Қаңтар, 2023 | 68 |
Желтоқсан, 2022 | 55 |
Қараша, 2022 | 50 |
Қазан, 2022 | 62 |
Қыркүйек, 2022 | 52 |
Тамыз, 2022 | 33 |
Шілде, 2022 | 32 |
Маусым, 2022 | 49 |
Мамыр, 2022 | 139 |
Сәуір, 2022 | 64 |
Наурыз, 2022 | 45 |
Ақпан, 2022 | 46 |
Қаңтар, 2022 | 57 |
Желтоқсан, 2021 | 29 |
Қараша, 2021 | 43 |
Қазан, 2021 | 70 |
Қыркүйек, 2021 | 75 |
Тамыз, 2021 | 109 |
Шілде, 2021 | 79 |
Маусым, 2021 | 62 |
Мамыр, 2021 | 69 |
Сәуір, 2021 | 74 |
Наурыз, 2021 | 47 |
Ақпан, 2021 | 42 |
Қаңтар, 2021 | 68 |
Желтоқсан, 2020 | 61 |
Қараша, 2020 | 62 |
Қазан, 2020 | 42 |
Қыркүйек, 2020 | 48 |
Тамыз, 2020 | 57 |
Шілде, 2020 | 81 |
Маусым, 2020 | 88 |
Мамыр, 2020 | 65 |
Сәуір, 2020 | 86 |
Наурыз, 2020 | 57 |
Ақпан, 2020 | 37 |
Қаңтар, 2020 | 28 |
Желтоқсан, 2019 | 47 |
Қараша, 2019 | 72 |
Қазан, 2019 | 70 |
Қыркүйек, 2019 | 61 |
Тамыз, 2019 | 88 |
Шілде, 2019 | 47 |
Маусым, 2019 | 71 |
Мамыр, 2019 | 54 |
Сәуір, 2019 | 70 |
Наурыз, 2019 | 51 |
Ақпан, 2019 | 45 |
Қаңтар, 2019 | 75 |
Желтоқсан, 2018 | 87 |
Қараша, 2018 | 51 |
Қазан, 2018 | 54 |
Қыркүйек, 2018 | 77 |
Тамыз, 2018 | 105 |
Шілде, 2018 | 46 |
Маусым, 2018 | 43 |
Мамыр, 2018 | 45 |
Сәуір, 2018 | 36 |
Наурыз, 2018 | 30 |
Ақпан, 2018 | 28 |
Қаңтар, 2018 | 17 |
Желтоқсан, 2017 | 17 |
Қараша, 2017 | 12 |
Қазан, 2017 | 2 |