Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
18-04-2018 11-14-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Студент

Сұрақ № 155
Уважаемый,Такир Оспанович! Регулярно следим за вашим блогом и нам конечно очень стыдно выдвигать такой вопрос на всеобщую аудиторию. С физмата уже было обращение по проблеме женской уборной в корпусе. Примерно на неделю или две были созданы более менее благоприятные условия для женской половины физмата, но когда с течением времени когда все забылось нам опять оставили две кабинки уборной на первом этаже, уборный четвертого этажа чаще закрыты чем открыты. Хвалимся что наш ВУЗ является флагманом Педагогического образования РК, но элементарно нет условий (уборные без дверей, зеркал, например тот же женский на первом и мужской на третьем). Надеемся что Вы решите этот вопрос в ближайщее время, и это будет на постоянной основе, а не для отвода глаз.
Жауап:

Здравствуйте! Спасибо за обращение! Этим летом планируется провести ремонт во всех учебных корпусах. Надеемся, что после ремонта о подобных проблемах уже можно будет забыть.

16-04-2018 17-56-12   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 154
Саламатсызба, сессия нақты қай уақытта бітеді? Шалғай аймақта тұратын студенттерге үйге қайтатын билеттерді қазір алмасақ, билет қымбаттап немесе мүлдем болмай қалады. 16-мамырға дейін бітеді деген сыбыс шығып жатыр, сол рас па? Немесе 2 курс ФилКББи Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына қай күні соңғы сессия болады соны айтсаңыз?
Жауап:

Құрметті білім алушы! 2-курстар бойынша жазғы семестр кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес 30.04-05.05.2018 ж. аралығында 2 аралық бақылау болса, 08.05-26.05.2018 ж. аралығында жазғы сессия болады. Жазғы емтихандардың кестесі 25-сәуірге дейін бекітіліп, «Univer» жүйесіне және институттың хабарландыру тақтайшасына ілінеді.

16-04-2018 15-57-36   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 153
Сәлематсыз ба ректор мырза!!! менім сізге жазған себебім, мен жас маманмын, 2 бала асырап отырмыз жубайымыз екеуміз. Айтайын дегеным заведующий кобысы пенсиядагы адамдар. Ар жылы сағат алу ушын замдарына, заведующиге подарка беруіміз қажет. Озы тікелей алмайд, көмекшылерыне айтып жыберед. Басымызда 1 кредит бар. Айлык жетпид. Подарка берып сағат алмасак жыл бойы тиысед заведующий. Коркам осырап отырган отбасым бар. Енд келесы жылғада амаймын деп айтып жыберыпты. Кафедрада ақша жинау деген көп, мысалы, әр мерекеде ел бармайтын концертерге билеттер сатады. Қай уакытқа дейын біреуге ақша, подарка берып өмір сүруіміз керек???Сізды түсінед деп үмітенем.Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2018-2019 оқу жылына штаттық бірлік қарастыру бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамына және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына конкурс жүргізілетін болады. Конкурстың ережелері Университеттің ресми сайтында  (http://kaznpu.kz/kz/1958/page/) берілген. Егер ережеде берілген талаптарға біліктілігіңіз сәйкес келіп жатса, персоналды басқару бөліміне (e-mail: o.zhailaubayeva@kaznpu.kz) түйіндемеңізді қалдырсаңыз  болады. Байланыс телефондары: 291-18-29, 291-34-35.

Шағымыңызда аталғын ақша жинау, билет сату фактілері бойынша нақты ақпаратыңыз болса, бірінші проректор Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.

14-04-2018 10-52-11   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Абитуриент

Сұрақ № 152
Саламатсыз ба, құрметті ректор мырза, биыл колледжді бітіремін, осы жылы мен "География" мамандығына сырттай бөлімге түскім келеді. Мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер:
1) Колледжден кейін неше жыл оқуым қажет?
2) Сырттай бөлімде тек ақылы оқимын ба? грант қарастырылған ба?
3) Сырттай бөлімге оқуға түсу үшін міндетті түрде КТА тапсырамын ба?
4) Жылына неше рет оқитын боламыз?сырттай бөлімде?
5) Құжат тапсыру уақытын айтып жіберсеңіздер 2018 жылғы дұрыс уақытын
6) Оқу ақысы қанша теңге сырттай бөлімге, колледжден кейін түскендерге
Рахмет, сау болыңыз
Жауап:

Құрметті талапкер, сұрағыңызға рахмет!                               
1. Колледжден кейін, оқыған мамандығыңыз бойынша немесе сол мамандыққа «сәйкестіктер кестесі» бойынша сәйкес келетін туыс мамандыққа оқуға түсетін болсаңыз, колледжден кейін қысқартылған білім бағдарламасы бойынша 3 жыл оқисыз. Егер  Сіз таңдап отырған «География» мамандығына дипломдағы мамандығыңыз сәйкес келмеген жағдайда, 4 жыл оқисыз және тек күндізгі бөлімге қабылданасыз. Өйткені бакалаврдың 4 жылдық білім бағдарламасында сырттай оқу бөлімі жоқ.
2. Сырттай бөлімге ҚР БжҒМ тарапынан грант бөлінуі де, бөлінбеуі де мүмкін. Мысалы, 2017-2018 оқу жылына «География» мамандығана грант бөлінген жоқ. Грант бөлінбеген жағдайда тек ақылы бөлімге түсуге болады.
3. ҚР барлық азаматтары күндізгі немесе сырттай оқу бөліміне оқуға қабылдану үшін міндетті түрде КТ (кешенді тестілеу) тапсырады.   
4. Сырттай оқу бөлімінде қаңтар және мамыр айларында, яғни жылына екі рет оқу болады. Соңынан сессия тапсырылады.
5. КТ тапсыруға құжаттар 1-20 маусым аралығында қабылданады.

6. Оқу ақысы өткен жылы 363 мың теңге болды. 2018-2019 оқу жылының оқу ақысы мамыр айында бекітілетін болады.

13-04-2018 19-12-46   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 151
Для праздника наурыз собирают деньги , дочь обучается у вас по специальностью педагогики и психологии, ее куратор требует от них деньги для празднование наурыза. Деньги нужны как говорит их куратор для продуктов, количество студентов 25 из каждого 3 тыс. Это же слишком уваежаемый ректор. Дочь на платном, нам это все платит трудно.
Жауап:

Здравствуйте! Хочу Вас заверить, что от студентов не требуется никаких денег на проведение мероприятий, организованных Университетом.

При рассмотрении данного вопроса были взяты объяснения от руководства Института педагогики и психологии. Но для решения проблемы требуется уточнение информации, поэтому прошу Вас записаться на прием к первому проректору Бектемесову Мактагали Абдимажитовичу (главный учебный корпус, каб. 208). Контактный телефон: 291-79-79.

13-04-2018 19-03-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы:

Сұрақ № 150
Педагогика психология институты неге акша жинатып жатыр наурыз дастарханга ар студенттен 3 мын тг . Биздин оган жагдайымыз жок
Жауап:

Құрметті студент! Университет тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға студенттерден ақша талап етілмейді. Сіздің сұрағыңыз бойынша Педагогика және психология институт басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына ескерту жасалып, түсініктеме алынды. Студенттерден ақша жинау мәселесін шешу нақты ақпаратты қажет етеді. Шағымыңызға қатысты дәйекті мәліметтеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуларыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.

13-04-2018 18-56-03   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 149
Салеметсиз ректор агай, менин сизге сурагым неге ертен болатын наурыз мерекесине биз акша косып продукты алу керекпиз. Ол студенттердин миндети емес гой. Кураторымыз 3 мыннан жинатып жатыр дастарханга ар студенттен солай болганы дурыспа.
Жауап:

Құрметті студент! Университет тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға студенттерден ақша талап етілмейді. Сіздің сұрағыңыз бойынша басшылық тарапынан Институт директорларына ескерту жасалды. Студенттерден ақша жинау мәселесін шешу нақты ақпаратты қажет етеді. Сондықтан шағымыңызға қатысты нақты мәліметтеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуларыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.

11-04-2018 09-59-06   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 147
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза Қояйын деген сұрагым биылгы жылы сіздердін университеттеріңізге тусу ушын ауылдык квотамен жане алтын белгылерге кандай женылдыктер болады
Жауап:

Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша ауылдық квота мәселесі ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан шешіліп, жаз уақытында белгілі болады. Алтын белгі иегерлері  грантқа оқуға түспей қалған жағдайда, біздің университетіміздің ақылы оқу бөлімінде  бірінші оқу жылына 100 пайыз жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беріледі. Ал одан кейінгі жылдары оқу үлгеріміңізге қарай тағы да оқу ақысына арнайы жеңілдіктер қарастырылады.

09-04-2018 21-45-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Оңалар Қалибекқызы

Сұрақ № 146
Сәлеметсіз бе, ректор ағай!
Сізге айтайын дегенім, неге профессор-оқытушы құрам театр, концерт билеттерін алуға мәжбүрлейді? Егер тек ұсынса түсінер едік. Ұсынғаны былай тұрсын, кәдімгідей мәжбүрлейді. Ақылы бөлімде оқып жатқан студенттер қаншама? Мен грантта оқыған күннің өзінде бір айда бірнеше рет 500; 1000тг билет алуды қалтамыз көтермейді. Күні бүгін болған оқиға: Билет келді. Эдвайзерге ақшасы жоқтар не істейік деп жазып едік, қарыз алыңдар деді. Кімнен аламыз? Алмаймыз десек ұрсады. Осыны қолға алыңызшы?!
Жауап:

Құрметті Оңалар Қалибекқызы! Сіздің шағымыңыздағы студенттерге билет сату фактісіне қатысты мәселені шешу нақты мәліметті қажет етеді. Сұрағыңызда көрсетілген мәселені қолға алу үшін Университеттің бірінші проректоры Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуларыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79.

09-04-2018 12-39-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 145
Салеметсіз бе?! Көптілді білім беру институтында магистратураның 1-курс магистранттарына 2018 ж көктемгі емтиханда екінші шет тілі пәнін жазбаша формада қаншалықты миға қонымды, неліктен бұл пәнді оқытудың мақсаты мен
Жауап:

Құрметті білім алушы! Қорытынды емтихандарды тест, жазбаша, ауызша қабылдаудың университеттің бекіткен өкіміне сәйкес, жазғы семестрдегі пәндерді тест, жазбаша және ауызша қабылдаудың пайыздық өлшеміне байланысты қабылданған шешім. Сондай-ақ, білім алушыларды магистратураға қабылдау барысында шет тілінен емтиханды тест және жазбаша (ауызша) қабылданғанын ескерсек, магистранттар үшін екінші шетел тілінің қорытынды емтихандары қандай үлгіде қабылданатындығы қиындық тудырмауы тиіс.

09-04-2018 12-06-39   Басқа

Сұрақ қоюшы: Инженер

Сұрақ № 144
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Менің осы университтете қызмет етіп жүргеніме биыл 10 жыл болады. ҚазҰПУ-нің 2004 ж. түлегімін. Сізге өтініш, студенттердің сабаққа киініп келетін киім үлгісіне, соның ішінде қыз балларға көңіл бөлуіңізді сұраймын. Қыздар ашық, қысқа көйлек, юбка (шорты) киіп жүреді. Қарауға ұяламын. Жасы келген ер, әйел мұғалімдердің сабағына қалай кіріп жүр. Дұрыс киініп жүр деп айтатын профессор-оқытушылар жоқ па? Әлде біздің көзіміз соған үйреніп кеткен бе? Тәлімгерлеріміз өзінің тобындағы студенттерге ескерту, тәрбие сағаты жүргізілсе деймін. Алдамшы əсерге бой ұрмай, сағым қумай етегіңді жиып, "ұят болады" мен "арымды алғанша— жанымды ал" деп өмір сүрелік. Қазақтың қыздары, Алаштың намысы мен ары екенімізді ұмытпайық.
Жауап:

Сәлеметсіз бе. Ескертулеріңіз бен тілектеріңізге алғыс білдіреміз. Бұл мәселе университетіміздің студенттері мен магистранттарының Этикалық кодексінде ескерілген. Алдағы уақытта университет жастарының киім кию үлгісіне ерекше ден қойып, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасатындығына сенім білдіреміз.

09-04-2018 09-45-28   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 143
Сәлеметсіз бе!
Сіздерде биыл информатика мамандығына қанша грант бөлінеді?
Жауап:

Құрметті талапкер! 2017-2018 оқу жылында «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша 20 талапкер грантқа қабылданды. Грант бөлу ҚР БжҒМ тарапынан ЖОО арасында конкурс жариялау арқылы жүргізіледі. Әр мамандық бойынша 2018-2019 жылына бөлінген грант саны туралы ақпарат шілде айында белгілі болады. 

05-04-2018 14-37-54   Басқа

Сұрақ қоюшы: Сейсекеева Нургуль Балтабаевна

Сұрақ № 139
Құрметті Ректор мырза
Осы ашық хатта Абай тындағы ҚазҰПУ-дың техникалық қолдау орталығының бастығы Абиров Еркін Дәуренұлына және оның ұйымына жұмыскерлер қызметінің сапасы мен дербес жауапкершілігі үшін
ұлкен алғысымды білдіретінімді Сізбен бөліскім келеді.
Ол кісінің еңбегі ақ, түн демей күн демей жұмыс істеп, әр мерекелік іс-шараны көтерінкі көңіл-күймен соныңа дейін жүргізіп береді. Жалпы Еркін Дәуренұлы сияқты ісіне жауапты қызметкерлермен жұмыс жасап жұргеніме өзім өте қуаныштымын. Сізге рахмет.
Жауап:

Құрметті Нүргүл Балтабайқызы! Университет қызметкерінің еңбегін жоғары бағалап, пікір білдіргеніңізге рахмет!

04-04-2018 16-40-36   Басқа

Сұрақ қоюшы: Преподаватели

Сұрақ № 138
Уважаемый Такир Оспанович! Преподаватели обращаются к Вам как к нашему работодателю, который учитывает не только интересы студентов, но и интересы преподавателей. В последнее время на нас переложено слишком много обязанностей, которые должны выполнять другие отделы, например, заполнение транскриптов выпускников, введение тестов в программу Универ, для чего тогда созданы отделы студенческий и тестирования. Преподавателей заставляют бесплатно заполнять транскрипты, сдавать дела выпускников в архив. Заставляют вносить в программу универ тестовые задания. Количество тестовых заданий минимум 300 вопросов, гонясь за количеством, мы теряем качество тестовых заданий. Зачем на группу из 4 человек 450 вопросов? При нынешней ситуации экзамены в форме тестов не актуальны, насколько известно изначально тестовые задания были разработаны для умственно отсталых детей, которым тяжело излагать свои мысли. Весь мир уже отказывается от тестовых заданий и только у нас в университете 55% предметов идут на тестирование. Каждый год мы сдаем одни и те же тесты, не уже ли нельзя брать их из базы, не создавая при этом очередь и ажиотаж??? Помимо этого в связи с сокращением контингента из-за демографической обстановки у нас появились малокомплектные группы, но нагрузка на них дана не полная (0,25-0,5%). В связи с этим аудиторная нагрузка у преподавателя на ставку фактически соответствует нагрузке 2 ставки, у преподавателя на полставки только во втором семестре 7 предметов, приходится работать полный рабочий день, при этом зарплата всего 50 тыс. тенге, нет даже возможности взять где-то дополнительные часы. В связи с постоянными проверками бесконечная бумажная работа, при этом принтеры заправляем и бумагу мы приобретаем за свой счет, потому что на месяц нам дают всего 3 пачки бумаги на кафедру, нехватка канцелярских товаров (выделяют только стикеры и скобы). Данная картина не только на одном институте, эта проблема касается всех институтов университета. В последнее время статус и роль преподавателя в вузе упала - нас не ценят, мы стали последним звеном в вузе...
С Вашим приходом в университет мы заметили положительные изменения, мы надеемся, что наш «крик души» будет услышан Вами, и Вы обратите внимание на все эти проблемные вопросы и решите их. С уважением, преподаватели университета
Жауап:

Уважаемые преподаватели! Благодарю за обращение. Постоянное совершенствование деятельности Университета - это наша общая задача. За разъяснениями по поводу возникших вопросов прошу записаться на прием к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмурзаеву (главный учебный корпус, 2 этаж, кабинет 210). Контактный тел.:293-81-53.

04-04-2018 16-28-27   Басқа

Сұрақ қоюшы: Жандосова Гүлім

Сұрақ № 137
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы! Мен магистрлік білімді меңгергім келеді. Менің Сізге қоятын сұрағым біздің университетте магистратураның "кешкі" немесе "онлайн" арқылы оқыту бөлімін ашуды жоспарлайсыз ба? Себебі күндізгі бөлімде оқу бізге қиындау болып отыр. Бірінші сыныптағы балама мектепке және екінші балама бала бақшаға ақша төлеу керек, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғанбыз, оның да ақшасы бар. Оны магистрлік стипендияға атқара алмаймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 14 бөліміне сәйкес магистратурада оқу тек күндізі оқу нысаны түрінде жүзеге асырылады. Сол себепті, сағат 8.00-ден 18.30 аралығында сабақ өтіледі.

04-04-2018 15-57-48   Басқа

Сұрақ қоюшы: Мұғалім

Сұрақ № 136
Құрметті Такир Оспанович! Сізге сұрағым бар еді, жылда бітіруші студенттердің диплом қосымшасын мұғалімдер жасайды және жолғалтқан студенттер, магистранттардың диплом қосымшасын да мұғалімдер құрамы жасайды. Диплом қосымшасы мен қоса құжаттарын архивқа өткізу,тігу бәрі мұғалімнің мойнында.
Биылғы жылы осыған арнайы бөлім жасақталған ба, негізі жауапты адам бар ма осы мәселе бойынша?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Биыл Университетіміздің қызметін автоматтандыру және оқу үдерісін тиімді басқару мақсатында «UNIVER»  жүйесі іске қосылды. Биылғы бітіруші студенттерге диплом және оның қосымшасы орталықтандырылған «UNIVER» жүйесі арқылы берілетін болады. Диплом қосымшаларымен қамтамасыз ету жұмыстарына  институт директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.

Жоғалған диплом мен қосымшаларын беру үшін алдымен тіркеу бөлімінде жасалынған транскрипт директорат қызметкерлеріне қосымшаны жасау үшін беріледі, ал дипломды студенттік офис қызметкерлері толтырады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

04-04-2018 15-54-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 135
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! Мен осы университеттің 2 курс магистрантымын. Ректор блогының ашылғанын естіп, өте қуанып отырмын. Себебі, шағымымды басқа кімге айтарымды білмеймін, барлығы бір-бірін жақтап, істің байыбына бармай жатып шындықты жасырады. Бұл университетте әділетсіз қызметкерлер жұмыс атқарады. Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханованың хатшысы Исатаева Асель - жемқорлықпен айналысады. Былтырғы жылы Ақтолқын апай оқу-ісі жөніндегі проректор болған, сол кезде хатшысы Истатаева Асель студенттерге емтихандардан өтуге көмек беріп, оқуға түсуге және оқудан шығарайын деп жатқан студенттердің мәселелерін шешіп, студенттерден қолма-қол ақша сұрап және қымбат бұйымдар талап етіп отырды. Бұл қызметкер осы жерде жұмыс жасап жүріп, магистратурасын бітіріп, жатақханада тұрып, қазіргі таңда докторантураның тегін бөлімінде оқып жүр. Исатаева Асель өз қызметін асыра пайдаланып, жемқорлықпен айналысып, студенттермен және басқа қызметкерлермен өте дөрекі сөйлеседі. Такир Оспанұлы, сізден өтініш, қызметкерлер қызметін толық атқарып, жақсы қарсы алып, қарапайым болғанын қадағалауыңызды сұраймыз! Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың хатшысы Әсел Исатаеваға қатысты «жемқорлықпен айналысты» делінген шағымыңыз бойынша нақты дәлелдеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуыңызға болады.

Шағымыңызға қатысты анықталған мәліметтер: Әсел Исатаева «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мақсатты мемлекеттік гранты негізінде, үш жақты келісім шарт бойынша білім алуда. Университетте жатақхана білім алушы студенттерге, магистранттарға және алыс аймақтан келген докторанттарға берілетіндігін және Әсел Исатаеваның  отбасылық жағдайын ескере отырып, жатақханадан орын берілген. Білім алушыдан өз тарапынан ережеге сай жатақханаға қажетті төлем ақысын төлегендігі туралы құжаты алынды.

Қызметкердің дөрекі сөйлеуіне қатысты шағымыңыз бойынша түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалды.

Сіз көтеріп отырған мәселелер қарастырылып, қабылданған шешімнің нәтижесіне байланысты тиісті шаралар қолданылатын болады. 

03-04-2018 13-22-58   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 134
Сəлеметсіздер ме!"Абай сыйы"қорытындысы бойынша ll турға өтіппіз,мектепке қатынас келе ме,сол туралы ақппарат берсеңіздер деп едім
Жауап:

Құрметті талапкер! Біз «Абай сыйы» олимпиадасының өтетіні туралы барлық облыстық Білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдеріне хат жіберген болатынбыз. Егер мектеп директорының атына қатынас хат керек болса, олимпиадаға келетін оқушылардың және мектеп директорының аты-жөні, мектептің толық атауы мен ауданы (облысы) көрсетілген мәліметтерді жіберулеріңіз қажет. Олимпиадаға қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

03-04-2018 12-54-32   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 133
Салематсызба ағай сұрағым дефектология мамандығы бойынша осы жылы оқу ақысы қанша екен білейін деп едім? Рахмет
Жауап:

Құрметті талапкер! 2017-2018 оқу жылында «Дефектология» мамандығы бойынша оқу ақысы 506 мың теңге болды. Ал 2018-2019 оқу жылына оқу ақысы әлі бекітілген жоқ. Бұл сұрақтың нақты жауабы мамыр айының соңына қарай белгілі болады. 

02-04-2018 21-15-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 132
Саламатсыздар ма жақында өткен "Абай сыйы" байқауның қорытындысы шығыпты,бірақ ішінде химия панінің қорытындысы жоқ екен.Қашан шығады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Химия пәні бойынша олимпиада қорытындысы «Абай сыйы» сайтында жарияланған. Олимпиада пәндерінің тестілеу нәтижелерін көрсетілген сілтеме арқылы қарай аласыз: http://olymp.kaznpu.kz/kz/result2018/

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  193  194  195  196  197 198  199  200  201  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений