Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
19-06-2018 13-31-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 248
Салеметсиз бе?Меним коятын сурагым жатакхана жайлы. Мен 2 курсті аяктадым. Енді биыл 3 курска кадам басамыз. Осы жылы жатакхана аламыз деп шынын айтканда абден шаршап кеттик.Руксат кагазын мына куни береді,мына куни,типти жатакхана жетпей жатыр деген созди естип те журдик. Айтайын дегенім,біздің расын айтканда квартира жылдап туратын акшамыз жок,алайда 3 курс болғандықтан жатакхана алуымыз екі талай ма деп қорқамыз. Кеше жаналыктардан жатакхана жетпей жатса,университет хостель жалга алатын болады делінген еді.Бұл жаңалықтың біздің университетке қаншалықты қатысы бар?Неге хостель жагын карастырып көрмеске?
Жауап:

Құрметті студент! Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз. Бұл мәселе жоғарғы басшылық деңгейде талқыланып жатыр. Сұрағыңызға рахмет!  

19-06-2018 11-52-16   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Бегалиева Гульнар

Сұрақ № 247
Құрметті Тахир Оспанұлы,менің қызым Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің 2 курсын
( ақылы және жеделдетілген) дефектология мамандығы бойынша тәмамдады. Сіздердің оқу орнына ауыссақ па деп отырмыз. Оқу ақысын төлерміз, маған қиын болып тұрғаны жататын орны. Менің қызыма жатахана берілсе. Грант емессің деп жатахана бермей қоя ма деген ойдамын. Осы жағынан көмектесеңіз. Алдын -ала сізге рахметімді айтамын.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Біздің университетті таңдағаныңызға рахмет! Университетіміздің шалғай жатқан аймақтардан келген білім алушылары жатақханамен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылында студент жатақханаға мұқтаж екендігін көрсете отырып, тиісті құжаттарымен бірге өтініш жазуы тиіс.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71.

19-06-2018 11-14-21   Басқа

Сұрақ қоюшы: Кунакбаев Амантай Сарсенович

Сұрақ № 246
Уважаемый Такир Оспанович!

Мы повторно обращаемся к Вам, так как на наше письмо от 15 июня мы не получили ответа. Просим Вас еще раз рассмотреть наше обращение.
Преподаватели кафедры анатомии, физиологии, зоологии и безопасности жизнедеятельности ИЕиГ КазНПУ им. Абая цикла ОБЖ, просят Вас рассмотреть вопрос, связанный с исключением дисциплины «Основы безопасности жизнедеятельности» из учебных планов педагогических специальностей по распоряжению № 03.06/41 от 05.06.2018 г.
Исключение данной дисциплины из РУПов для педагогических специальностей недопустимо, поскольку школьный учитель не имеет морального права преподавать в детских образовательных учреждениях, не обладая определенными навыками оказания первой медицинской помощи и правилами поведения в случае рисков и угроз стихийного или социального характера. Учитель несет ответственность за жизни детей. Просим Вас разобраться в данной ситуации и включить в РУПы всех специальностей дисциплину «Основы безопасности жизнедеятельности».

Профессор Кунакбаев А.С.
Старший преподаватель Шыныбекова Ш.С.
Старший преподаватель Ташенова Г.К.
Старший преподаватель Кулжанова Д.К.
Старший преподаватель Нуркенов Т.Т.
Старший преподаватель Кайнарбаева А.Ж.
Преподаватель Аскарова А.М.
Преподаватель Жарылкасымова Ж.М.


Жауап:

Здравствуйте, уважаемые коллеги! Дисциплина «Основы безопасности жизни» была исключена из типового учебного плана бакалавриата. В настоящее время планируется включить ее в учебную программу в качестве элективного предмета в 2018/2019 учебном году. Для уточнений по этому вопросу обратитесь, пожалуйста, в учебно-методический отдел. Тел.: 291-43-61.

19-06-2018 09-06-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 245
Құрметті Такир Оспанович! Мен осы жылы физматта магистратураны бітірдім. Сөздің шыны керек, бұған дейін де сізге жазайын деп едім, бірақ қорықтым. Институттағы Искакова М апай бағаларды өте әділетсіз қояды, өзі сабақты дұрыстап өтпейді де, орнына докторанттарға сабақ бергізіп қояды.Бір нарсе болса ұрсып немесе қорқытып шығады, ешқандай да мұғалімдік шеберлігі жоқ. Студенттерді көбінесе канц.товар алып бер деп немесе басқа жерлерге жұмсайды. Менің ойымша, ондай мұғалімдер бұндай оқу орнында сабақ беруге лайықты емес. Сонымен қатар әр праздник сайын сыйлық даметіп отырады. Басқа жоғарғы оқу орындарында защита немесе экзамен кезінде стол жасап, мұғалімдерге сыйлық берілмейді ғой, ал біз болсақ соншама ақша жинап, стол жасап жатамыз. Ақша жинап беруге бәрінің шамасы келмейді ғой. Осы мәселені де қарастырсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз бойынша тиісті шаралар жүргізіледі. Егер жаңа оқу жылында шағымыңызда аталған мәселелер қайталанатын болса, Университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.

15-06-2018 08-27-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Оңдасынова Бибінұр

Сұрақ № 243
Құрметті, Такир Оспанович мырза! Мен ФилКББИ, екі шет тілі мамандығының 1 курс студентімін. Мен ауылдық жерде тұрамын, қаржылық-материалдық жағынан қиналып жүрмін. Соны ескеріп, мені ақылы бөлімнен грантқа ауыстыруыңызды сұраймын. Оқу үлгерімім, GPA-баллым жоғары.
Жауап:

Құрметті Бибінұр! Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

13-06-2018 22-47-52   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Есенбаева Жұлдыз

Сұрақ № 242
Сәлеметсізбе! Менің қояр сұзрағым мен ЮКГФА оқу орнының "мейірбике ісі" бакалавр факультетін бітіргенмін. Екінші жоғарғы білімді логопед мамандығы бойынша алғым келеді. Ол үшін кешенді тест тапсыру керек пе?
Жауап:

Құрметті студент! Екінші жоғары білім алу үшін кешенді тестілеу тапсырудың қажеті жоқ, білім алушылар оқуға сұхбаттасу нәтижесі бойынша қабылданады. Екінші жоғары білім алу ақылы негізде жүргізілетіндігін ескертеміз.Сұрағыңызға рахмет!

12-06-2018 17-21-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 241
Добрый день! Подскажите пожалуйста - докторантура по специальности "Международные отношения" есть? Если да, почему на сайте нет шифра
Жауап:

Уважаемый абитуриент! К сожалению, докторантура по специальности «Международные отношения» в нашем университете отсутствует.  С перечнем наших специальностей Вы можете ознакомиться на нашем официальном сайте в разделе «Поступающим» (http://www.kaznpu.kz/ru/2150/page/). Спасибо за вопрос.

12-06-2018 17-02-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 240
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза!
Мен М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің бірінші курсын тəмамдадым. Грант негізінде оқимын. Мамандығым Информатика. Сізден сұрағым келгені, мен грантты сақтай отырып сіздердің университетіңізге ауысуыма болады ма?
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы  № 19 қаулысымен бекітілген Жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға болады.

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

09-06-2018 17-16-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 239
Сəлеметсізбе Құрметті Такир Оспанұлы!Мен Филология жəне көптілді білім беру факультетінің 4-курс бітіруші түлегімін! Мен 1-курста жазгы сеестірге құлаған едім.Сонын кесірінен кызыл диплом ала алмайын деп турмын. Мемлекеттік емтихандарым 5. дипломды 5-ке қорғадым! gpa балл жоғары. Сіздің тарапыныздан мейірімділік сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!

07-06-2018 15-24-18   Басқа

Сұрақ қоюшы: Абдувалитов Ергеш Бураневич

Сұрақ № 238
Құрметті Такир Оспанович! Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттер арасында саяси-экономикалық, мәдени байланыстаржың ең жоғарғы деңгейде екендігіне көзіміз жетіп отыр. Наурыз айында Президентіміз Ш.М. Мирзиёев Қазақстан ресми сапарынан алдын "Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау туралы" қаулыға қол қойған еді. Бұл қаулыны Өзбекстанда жасап жатқан қазақтар үлкен қуанышпен қарсы алды. Қаулыда Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінде "Абай және өзбек әдебитін" экспозициясын ұйымдастыру көзде тұтылған. Сондықтан музей-экспозицияға Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мультимедиялық құралдар, абайтнаушы ғалымдардың еңбектерін т.б. қажетті материалдармен қамтамасыз етуіңізді сұранамыз. Аса құрметпен, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.
Жауап:

Құрметті Ергеш Бураневич! Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған экспозиция жұмысына сәттілік тілейміз!

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қажетті материалдарды Университетіміздің  Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Кенжебаев Ғабит Капезұлынан (Бас оқу ғимараты, 302-кабинет) алуларыңызға болады. Байланыс телефоны: 8(727) 291-46-88.

06-06-2018 05-55-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 236
Сəлеметсіз бе, Такир Оспанұлы. Біз 3 курс студенттеріміз. Алматы қаласында қазіргі таңда белең алып жатқан менингит ауруы баршамызды жəне ауылдағы ата- анамызды уайымдатып отыр. Сондықтан алдыңғы жылдағыдай сессияны ауызша ерте тапсырып кетуімізді қарастырсаңыз екен.Рақмет!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта университеттің денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері барлық жатақханаларда елімізде орын алып отырған менингит ауруын алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, институт директорлары мен бөлім басшыларына студенттер арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Емтихан өткізу кестесін өзгертудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сұрағыңызға рахмет!

06-06-2018 02-34-25   Басқа

Сұрақ қоюшы: Бағдат Молдахметұлы Мажинов

Сұрақ № 235
Қадірлі Такир Оспанұлы!
«Ректор блогы» ашылғалы бері осы бір қысқа мерзімнің ішінде Сіздің атыңызға екі жүзден аса хаттар келіп, соның бәріне ерекше ықыласпен жауап беріп отырғаныңызды күнделікті көріп отырмыз. Бұл жаңашылдық – жанашырлықтан туындаған болу керек деп түсінеміз.
Дегенмен де, қойылған сұрақтардың мазмұнына көз жіберсек, олардың басым көпшілігі ұсыныстарға қарағанда, шағым-арыздарға, сонымен бірге студенттердің тығырыққа тірелген кездегі жанайқайларына, өтініштеріне толы екен! Осыған орай көкейде жүрген бір-екі ұсынысымды білдіргім келеді.
Бірнеше күннен кейін қасиетті Рамазан айы аяқталғалы тұр. Осы қалған күндердің мүмкіндігін пайдаланып, университетіміздің 90 жылдығын ескере отырып, «Қарт ҚазПИ-дің» негізін қалаған, ұлт болашағы үшін бастарын ажалға тігіп, зұлмат жылдары опат болған аяулы бабаларымыздың биік рухтарына Құран бағыштап, осыған орай, Алла разылығы үшін ораза тұтып, таза ниетпен жүрген профессор-оқытушылар мен қызметкерлерге ауызашар ұйымдастырылса, үлкен сауапты іс болар еді деген ойдамын.
Екінші ұсынысым, біз бәріміз де осы университет қабырғасында білім алып жатқан студенттердің т.б. білімгерлердің арқасында қызмет жасап жүрміз. Яғни, кез-келген білімгердің тағдыры, тіршілігі, қажеттіліктері мен сұраныстары, мұқтаждықтары бізді алаңдатпай қоймайды. Студенттің басына түскен қиыншылықтар ешкімді де бей-жай қалдырмауы тиіс! Шыны керек, өмір болған соң осындай жағдайда жүрген студенттер университетімізде баршылық. Оның ішінде мүгедек, тұл жетім, жағдайы төмен отбасынан шыққандар бар. Осыған байланысты, университеттің әрбір кәсіподақ мүшесі ай сайын өткізетін мүшелік жарнасынан ең болмағанда 100-200 теңгеден бөліп, жағдайы төмен студенттерге қамқорлық жасайтын «қайырымдылық Қорын» ұйымдастыруды ұсынғым келеді. Қор жұмысының мақсаты: әр оқу жылында, жоқ дегенде 2-3 студентке Ректор грантын ұсынудан бастап, оқу төлем ақыларына жеңілдіктер қарастыру, шәкіртақы тағайындау, күнделікті бір уақыт ыстық тамақ беру, денсаулықтарына қажетті дәрі-дәрмек алуға, санаторийлерге жіберуге қаржы бөлу сияқты қайырымдылық істерге бағытталып отырса. Қор жұмысын қамқоршылық Кеңес басқарып, жарты жылда бір рет есеп беріп отырса деген ұсынысым бар.
Аса құрметпен, «Арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор, Бағдат Молдахметұлы Мажинов

Жауап:

Құрметті  Бағдат Молдахметұлы! Университетіміздің қызметін дұрыс бағытта қалыптастыру мен дамыту және оқу орнымыздағы орын алған мәселелерді шешу жолдарында қоғаммен байланыс орнатудың маңызы зор болғандықтан, жолданған сауалнамалар мен ұсыныстар қарастырылып, сауалнамалардың орындалуы бақылауға алынады.

Ұсынысыңызға келетін болсақ, тәжірибелі ұстаз ретінде білім алушылардың жағдайына бей-жай қарамай, өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. Студенттерімізге байланысты ұсыныстарыңызды нақтылап, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады.

05-06-2018 17-54-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 234
Сəлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 4 курс студентімін.2 курстың 2 семестрінен -3 курс 1 семестрі аралығында академиялық ұтқырлықпен JASSO Glocal стипендиясымен Жапония мемлекетінің Цукуба қаласы Цукуба университетінде оқыған едім. Сол университетке баратын кезде мұғалімдерімнен академиялық демалыс алуым керек пе немесе дистанционно тапсыруым керек па сабақтарымнан шыққан разницаны деп сұрағанымда жоқ келгеннен соң тапсырасың деп айтып еді.Ол бағаларым дипломға түседі деп ешкім ескертпелі. Мен Жапониядағы оқыған пəндерім мүлдем мамандығыма сəйкес келмейді. Сонда оқып жүргенде бір пәннен С бағасын алып едім В бағасына 1 ғана балл жетпей тұр, ол бағдарлама бойынша тек сертификат алып келемін деп ойладым.Сол сəйкес келмейтін пәндерді дипломға қосып қойыпты. Мен қызыл дипломға үміткер едім. 1 курстан бері үздік оқыған студентпін. Жапониядағы пəн айырмашылығын(разницасын) 3 курста жаз бойы және 4 курстың 1 семестрінде барлық пəндерімді 5ке тапсырдым. Қызыл диплом алуға Жапониядан алған мамандығыма мүлдем қатысы жоқ тек 1 балл кедергі болып тұр. Не істесем болады?
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-13-71.

05-06-2018 14-05-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дуйсенова Несибели Коджаахметкизи

Сұрақ № 233
Сəлеметсізбе ректор мырза!Мен Дуйсенова Несибели Коджаахметкизи филология жəне көптілді білім беру институты 5В011700 қазақ тілі мен əдебиеті мамандығының 3-курс студентімін. Мен 01.06.2018 жылы Қазіргі əдеби үдеріс сабағынан жазбаша емтихан тапсырдым. Маған қойылған баға-78. Ортақ балымды есептегенде 74,4 балл шығып тұр. Грантта оқимын. Маған степендияға 0,6 балл жетпи тұр. Грантта оқимын, отбасылық жағдайым төмен, тұрмыстамын, аяғым ауыр. Жолдасыммен пəтер жалдап тұрамыз, жолдасымның жалақысы күн көруімізге жетпиді. Мен степендия алғым келеді. Маған осындай жағдайда көмек бере аласызба? Балл қосып бере аласызба? Сұрағым жауапсыз қалмайды деген үміттемін!!!
Жауап:

Құрметті Несібелі Қоджахметқызы! Емтихан сұрақтарында қателік болған жағдайда, емтихан тапсырған күні ертеңіне сағ.14.00-ге дейін апелляцияға беруге құқығыңыз бар. Сұрағыңызға байланысты нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

05-06-2018 01-59-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Student

Сұрақ № 230
Здравствуйте, уважаемый Тахир Оспанович. Я студентка 3 курса факультета Дефектологии, каз. отделение.
Я впервые пишу на этот блог, ибо у меня нет иных вариантов чтобы нас, студентов приняли в серьез, учли наши беспокойства...
Как вам известно, сейчас по городу Алматы гуляет смертельная вирусная инфекция под названием менингококк. Я не буду перечислять статистику, и сколько людей погибло, ибо тоже читаете новости. Но на сегодняшний день уже два случая смерти и вчера тоже. Один парень мой земляк и знакомый, к сожалению и его нету в живых из-за этого вируса...И так изо дня в день мы со страхом следим за новостями. Наши родители спят в страхе, каждый день звоня и прося лишний раз не выходить, и не идти в университет. Каждый день расспрашивая « не предпринял ли универ что либо, чтобы вас отпустили?»
Многие уже сдали свои экзамены и разъехались по своим домам. Но мы связи с тем, что у нас была практика зимой, учимся до конца июня. К чему я веду этот текст, уважаемый Тахир Оспанович, вы как отец тоже беспокоились бы за своих детей, и от имени 3 курсников мы просим вас чтобы нас отпустили пораньше от экзаменов. Изменить расписания и сдать досрочно, тут мы не просим чтобы нас отпустили просто так.
Хотя я могу вам привести примеры, универы как КазАТК и Нархоз освободили своих студентов от экзаменов и летнего семестра. Ну и в университете Нархоз скончалась студентка от менингита, видимо это повлияло на такое решение.
Помимо менингита, по городу и так был грипп, в группе большинство болеют ОРВИ. Есть девочки у которых организм очень уязвим, иммунитет ослабленный. Через неделю все болеют гриппом. Это тоже внушает страх. Многие держут оразу, что и так они ослаблены...
Сегодня до нас дошла весть, что из нашего общежития скорая увезла девочку с менингитом, мы пока не знаем удостоверность информации. Но теперь очень боимся идти в университет...
Пожалуйста примите нашу просьбу во внимание, Тахир Оспанович. Мы вас очень сильно уважаем и рады всем изменениям нашего университета. За то и бесконечно благодарны вам.
Жауап:

Уважаемый студент! В настоящее время сотрудники здравпункта Университета ведут информационную работу во всех общежитиях. Кроме того, директорами институтов и руководителями отделов были даны инструкции для проведения информационной работы среди студентов. Считаю, что в настоящее время необходимости менять расписание сессионных экзаменов нет.

04-06-2018 18-59-56   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 228
Сəлеметсізбе!Құрметті Такир Оспанович Мен Өзбекстанда жасаймын.Осы ҚазҰПУ университетіне тапсырмақшы едім.063 формасындағы справка керекпе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Талапкерлер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық. Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727) 291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

03-06-2018 22-51-38   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 226
Сәлеметсіз бе,құрметті ректор мырза!Антикоррупциялық іс-шараларға байланысты былтырға дейін жұмыс істеп келе жатқан комиссия мүшелері жазасыз қалғанын айтқымыз келеді. Атап айтқанда,ПиП, Филилогия, Физмат. Мысалы,Филология институтында жұмыс істеген Серикова С. комиссия мүшесінде биыл да қалып отыр.Осы іске байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссия қызметкеріне қатысты шағымыңызды растайтын нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!

01-06-2018 21-09-11   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 225
Жазғы кредитке қалып қойдым(1 курс). Универдің тіркеуші органы 8 студентке жетпесе, жазғы оқу болмайтынын айтты. Кредиттік оқуды басқа универден тапсырсам болмай ма?
Жауап:

Құрметті студент! Сізге дұрыс ақпарат берілмеген. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына немесе Тіркеу офисінің бастығына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71,291-18-53.

01-06-2018 10-05-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Бекежан Тұрсынай

Сұрақ № 224
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Педагогика жəне психология мамандығында 2курста оқимын. Қысқы сессия кезінде екі сабақтан жазғы қалып қойдым. 28-31 аралығында ақша құю керек екені айтылды. Мен өзім ақылы бөлімде оқимын. Жартылай жетіммін. Отбасымда тек бір адам ғана жұмыс жасайды.Маған оқу ақысына женілдік жасалады. Сол сияқты жазғы семемстрдағы төленетін ақшаға жеңілдік жасайды деп естідім. Сол рас па? Ол үшін не істеуім керек?
Жауап:

Құрметті студент! Студенттердің әлеуметтік жағдайына байланысты оқу жылының басында өтініш жазған студенттердің барлығына бірдей белгіленген ереже бойынша 20%-дан 100%-ға дейін жеңілдік берілген. Ережеде оқу үлгерімі төмен, яғни, сабақ үлгерімі бойынша жазғы семестрге қалған білім алушылардың төленетін ақшасына жеңілдік беру қарастырылмаған.

31-05-2018 15-24-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 223
Сәлеметсізбе Ректор мырза! Мен сізден қысқы емтиxаннан құлаған сабақты келесі жылы төлесе болады ма? Менің GP балым 3,41
Осы сұрақты қарап бересіз бе
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз  бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  189  190  191  192  193 194  195  196  197  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений