27-06-2018 09-07-55
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 271 Салематсызба 54 балмен кайта тапсырсам болама. Ол нешесінен бастап құжаттар қабылдайды. Осыны біле алмай жүрмін. Сіздерег щқуға құжат тапсырғым келеді химия,биология бөліміне
Жауап:
Құрметті талапкер! Сіз Университетіміздің шығармашылық мамандықтарына түсіп, кейін басқа мамандыққа ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін құжаттарды 7 шілдеге дейін тапсыру қажет. Сондай-ақ, 25 шілдемен 3 тамыз аралығында қайта кешенді тестілеуге құжаттар қабылданады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
27-06-2018 01-06-56
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 270 Салематсызба менің кызым ҰБТ дан 54 бал ап калды, енді осы оқу орнына тапсырғысы келеді.Қайта тестілеу болама, нешесінен басталады.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.
26-06-2018 14-42-14
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 269 Салеметсізбе ағай! Менің мынадай сұрағым бар еді: неге университеттің мұғалімдері барлық жұмыстарын магистранттар мен докторанттарға істетеді??? Сабақты да солар береді, отчеттарды да солар толтырады, не үшін мұғалімдер жалақы алып отыр онда? Кейін басшыларға сол жұмыстың бәрін мұғалімдер біз істедік деп айтады, ал істемесек бағамызды төмендетіп, экзаменде құлатады.
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыздағы мәселені қарастыру үшін шағымыңызға қатысты кафедра оқытушыларының есімдерін нақты көрсетуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
26-06-2018 13-09-45
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 268 Саламатсыз ба, құрметті, Балықбаев Такир Оспанұлы! Мен 1-курс магистранты боламын (2-жылдық, 6М011000-физика мамандығы). Менің сізге қояин деген сұрағым: мен ағымдағы оқу жылын (1-2 семестр) үздікке (повышка) тәмамдадым. Енді менің "президенттік шәкіртақы(степендия)" алуға толықтай мүмкіндігім бар деп ойлаймын (GPA-3,87). Себебі, оқу озатынан бөлек, университет ішіндегі шараларға жиі қатысамын. Айталық Астанада өткен (ЕНУ) 72-ғылыми конференцияға біздің университтің атынан ӨЗ ЕРКІММЕН барып (университет бойынша1 өзім ғана құрбыммен)конференцияға қатысып 1-орын, университетаралық конференциялардан да 1 орын алып жүрген білім алушымын. Оған қоса мақалаларым да бар, атап айтқанда, "Абай университеті" газетінде университетіміздің ішкі тынысы жайында жазған болсам, одан бөлек ғылыми-республикалық журналдарға бірнеше ғылыми мақаламды беріп жарыққа шығардым. Одан өзге институт ішіндеге көптеген конференцияларлың жүлдегерімін. 2018 ж сәуір айында Республикалық магистранттар мен докторанттар арасында өткен ғылыми жобалар сайысының жүлделі орын иегері атандым! Университет атынан Европада жарты жыл білім алып келдім! Қысқасы, бұдан өзге де көптеген біраз жетістікерім баршылық. (барлығын тізіп жазып отыруға уақыт тапшы). Осындай мүмкіндіктерім бола тұра бұл шәкіртақыны(степенлия) "қалай ала аламын?" деп сұрағанымда ешқандай нақты жауап ала алмадым! Сондықтан, сіздің көмегіңізге жүгініп отырмын. Осы шәкіртақыны қашан жане қалай алуға болатындығы жайында біраз ақпарат бере аласызба? Сондай- ақ ,айтарым белсенді білім алушыларға көбірек қолдау көрсетілсе екен деймін. Өйткені, сіздердің қолдауларыңыз арқылы біздің білімге, ғылымға деген ізденісіміз, құлшынысымыз одан әрі арта түседі! Сізге алдын-ала раxмет!
Жауап:
Құрметті студент! Жаңа оқу жылында өз өтінішіңізді директоратқа өткізіңіз, Сіздің стипендиат атануға толық мүмкіндігіңіз бар. Сұрағыңызға рахмет!
26-06-2018 12-12-56
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 267 Саламатсыз ба,мен убтдан 80 балл жинаган болатынмын. Осы баллмен мугалимдикке грантка немесе типти университеттин озине тусе аламын ба?
Жауап:
Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Мемлекеттік грантты иелену байқауына қатысу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарыңызды тапсырып, өтініш толтыруыңыз қажет. Талапкерлерге арналған қосымша ақпаратты университет сайтынан (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) алуыңызға болады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласыңыз. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
25-06-2018 19-26-38
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 265 Салеметсызбе мен ҰБТ-дан 80 бал жинадым биалогия-география таңдап. Осы Абай атындағы универстетте осы 80 балмен оқуға тусуге мүмкіндік барма?
Жәнеде білім беру грантының бос орындарына арналған конкрусқа қатыса алам ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты жарамайды. Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатысу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге құжат тапсыру 1-20 маусым аралығында жүргізілді. Сіз 2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.
Оқуға тапсыру туралы толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
25-06-2018 16-34-46
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 264 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович.
В порядке ли вещей, когда преподаватели просят (требуют), что-либо перевести, составить, одним словом когда грузят личными, не касающимися к учебе вещами?! Студент, магистр, докторант не имеет значения. Даже в каникулярное время. За весь учебный год столько переводила, помогала кафедре, столько методичек составила, что в новом учебном году не хочется делать грязную работу (именно так я ее называю). Пишу анонимно, боюсь травли, притом открытой. Ректор, прошу всех преподавателей оповестить, чтобы не грузили учащихся, ни одного. Все молчат, боятся, потому что знают, что в любой рубежке могут снизить оценку. Хочется быть загруженной именно учебой. Если поменяете заведующих кафедр на молодых и перспективных буду очень благодарна вам.
Жауап:
Здравствуйте! Приняли во внимание Ваше обращение. С нового учебного года будет усилен контроль. По данному вопросу была проведена разъяснительная работа с директорами институтов.
25-06-2018 15-33-01
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 262 Здравствуйте. Я сдала сессию на отлично и хотела узнать с какого месяца мне будет поступать повышенная стипендия. Заранее спасибо .
Жауап:
Здравствуйте! Поздравляю с успешной сдачей экзаменов! Повышенную степендию Вы будете получать с 1 июля 2018 года.
25-06-2018 12-23-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 261 Здравствуйте!
Я являюсь студентом 4-го курса специальность «Дефектология» и при получении диплома у нашей группы возникли проблемы.
На третьем курсе нас распределили на специализации и говорили о том, что в приложении будет 2 специализации «учитель-логопед», «учитель начальной школы тнр», а выдали нам приложение без дополнительной специализация. Хотелось бы иметь в приложении 2 специализации, так как это даёт более обширные возможности.
Пожалуйста, помогите разобраться с данным вопросом, так как от данной ситуации зависит наша работа и дальнейшее желание продолжать учиться в нашем университете по специальности.
Спасибо
Жауап:
Здравствуйте! Ваш запрос рассмотрен. Решено внести в приложение диплома дополнительную специализацию.
25-06-2018 12-10-25
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 260 Здравствуйте!
Я являюсь студентом 4-го курса специальность «Дефектология» и при получении диплома у нашей группы возникли проблемы.
На третьем курсе нас распределили на специализации и говорили о том, что в приложении будет 2 специализации "Логопедия", «Учитель начальных классов в школе ТНР», а выдали нам приложение без дополнительно специализации, ссылаясь на то,что якобы не хватает места что бы написать вторую специальность. Так же сказали что выдадут какую-то справку, в которой будет указывается что мы сможем работать в школе, но в школе сказали что действителен будет только диплом и приложение, никаких справок . Мы все работаем по специальности и хотим дальше работать педагогами, но меня и других выпускников хотят уволить с работы, так как в приложении не написана доп. специализация и мы не имеет право работать в школах.
Пожалуйста, помогите разобраться с данным вопросом, так как от данной ситуации зависит наша работа и дальнейшее желание продолжать учиться в нашем университете по специальности . Студенты одного и заочного отжеления
Спасибо
Жауап:
Здравствуйте! Ваш запрос рассмотрен. Решено внести в приложение диплома дополнительную специализацию.
По данному вопросу Вы можете обратиться к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмурзаеву (главный учебный корпус, 2 этаж, кабинет 210). Контактный тел.: 293-81-53.
25-06-2018 11-15-35
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Сақтапберген Арна Сұрақ № 259 Сәлеметсіз ба ағай мен убтдан 99 балл жинадым.Сол баллмен дефектология мамандығы бойынша грантка тусуге болама
Жауап:
Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты аяқтауыңызбен құттықтаймыз! «Дефектология» мамандығына 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласыңыз. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80. Сұрағыңызға рахмет!
24-06-2018 19-03-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 258 Здравствуйте!
Я являюсь студентом 4-го курса специальность «Дефектология» и при получении диплома у нашей группы возникли проблемы.
На третьем курсе нас распределили на специализации и говорили о том, что в приложении будет 2 специализации «Олигофренопедагог», «Логопед вспомогательной школы», а выдали нам приложение без дополнительной специализации, ссылаясь на то, что выдадут какую-то справку. Мы все работаем по специальности и хотим дальше работать педагогами, но меня и других выпускников хотят уволить с работы, так как в приложении не написана доп. специализация логопеда, хотя все логопедические предметы нами были изучены в течении обучения и было обещано администрацией.
Пожалуйста, помогите разобраться с данным вопросом, так как от данной ситуации зависит наша работа и дальнейшее желание продолжать учиться в нашем университете по специальности.
Спасибо
Жауап:
Уважаемый студент! Ваше обращение рассмотрен. Решено внести в приложение диплома дополнительную специализацию.
24-06-2018 15-29-40
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Сарсенгалиева Улбосын Құдайбергенқызы Сұрақ № 257 Сәлеметсіз бе мен алдыңғы жылы ҰБТ тапсырғанмын 80 балл жинадым тәңдау пәнінім био химия грантқа жетпеді осы жылы қайтадан сіздің Универге тапсыруға болады ма өзім көп балалы отбасынанмын жеңілдіктер болады ма қалай болады КТА тапсырамынба? Жауабыңызды асыға күтемін!
Жауап:
Құрметті Ұлбосын! Сіз Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен 18-26 шілде аралығында болатын мемлекеттік білім беру грантының байқауына құжат тапсыра аласыз. Бейіндік пәндер бойынша мамандықтар тізімін Университетіміздің ресми сайтынан (http://www.kaznpu.kz/kz/2174/page/ ) алуыңызға болады.
24-06-2018 08-41-48
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Бегалиева Гульнар Даниярбековна Сұрақ № 256 Мен сіздерге сұрақ қойып едім. Жауап ала алмадым.Сол сұрағымды қайта қойғым келіп отыр. Менің қызым Тараз Мелекеттік Педагогикалық университетінің 2 курсын (ақылы және жеделдетілген) дефектология мамандығы бойынша тәмамдады. Сіздедің оқу орнына ауыстырсам жатақхана беріле ме? Өзім ұстазбын.Оқу ақысын төлер едім. Жататын орны мәселе болып тұр.
Жауап:
Құрметті ата-ана! Оқу орнымызда студенттерді жатақханаға орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» №66 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш бұйрыққа сәйкес әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге жолдама беріледі. Университетіміздің шалғай жатқан аймақтардан келген білім алушылары жатақханамен қамтамасыз етілген. Сондықтан, жаңа оқу жылында студент жатақханаға мұқтаж екендігін көрсете отырып, тиісті құжаттарымен өтініш жазуы қажет.
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!
23-06-2018 19-38-39
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 255 Сәлеметсіз ба 99 балл мен грантка түсуде болама дефектология мамандыгына
Жауап:
Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты аяқтауыңызбен құттықтаймыз!
Сіздің көрсеткішіңіз жақсы, «Дефектология» мамандығына 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
22-06-2018 21-57-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 254 Сәлеметсізбе құрметті, Такир Оспанович!
Мен 4 курс студентім.Сізге қояр сұрағым,мен 1курста бір пәннен сессияда үш алып қалған едім.Бірақ екі рейтинг бағам төрт.Осы үшеуін қосқанда ортақ балл төрт шығып тұр.Жалпы 4 жыл оқу ішінде 4 пәннен төртім бар.Қалған сабақтар мен мемлекеттік емтихан және диплом қорғау бес болды. Қызыл дипломға үміткер бола аламын ба? Сессияда алған үш қызыл диплом алуға кедергі болмай ма? Қызыл диплом алу үшін қанша төрт болуы керек?
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-13-71.
21-06-2018 20-32-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сымбат Асылбекова Сұрақ № 253 Курметти Тахир Оспанович! Сизге кояр сурагым: 1 семестрде стипендиядан кулагандарга кантарда берилу керек еди,бирак биыл бермеди. Июнь тусиретин шыгар деп кутип едик бул жолы да туспеди. Илингеннен кейн тусире берсе болмайма? Сонын себебин биле аламызба?
Жауап:
Құрметті Сымбат! Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін өтінішіңіздің мазмұнын нақтылап жазуыңызды сұраймыз. Рахмет!
21-06-2018 20-21-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Жалилов Тимурлан Сұрақ № 251 Ассалаумагалейкум,сиздерде журналистика факультети бар ма,бар болса грантка канша балл керек акылы жылына канша болады?)))
Жауап:
Құрметті талапкер! Өкінішке орай, «Журналистика» мамандығы жоқ. Университетімізде оқытылатын мамандықтар туралы ақпараттар ресми сайтымызда (http://www.kaznpu.kz/kz/2174/page/) берілген. Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық мәліметті Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71. Сұрағыңызға рахмет!
21-06-2018 12-15-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жұмағали Әйгерім Жұмағалиқызы Сұрақ № 250 Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы! Мен Педагогика және Психология институтының "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1 курс (3 жылдық) ақылы бөлім студенті Жұмағали Әйгеріммін! М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлык колледжін кызыл дипломга бітіріп осы оку орнына түстім. Кыскы семестрді жаксы аяктап грантка өтініш жазған болатынмын, көктемде де өте жаксыға аяктап өтініш жазып кужаттарымды өткізіп кеттім. GPA балым 3.66 шыкты. Сізден сұрайын дегенім 3 жылдыктарга грант беріле ме және де грантка өткен өтпегенімізді кайдан және кашан білуге болады сондай-ак жеңілдіктер болады ма?
Жауап:
Құрметті Әйгерім Жұмағалиқызы! «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында мемлекеттік білім беру гранты бойынша бос орын болған жағдайда, білім беру грантының бос орнына конкурс жарияланып, конкурс нәтижесінің негізінде оқу үлгерімі бойынша GPA баллы жоғары білім алушы қабылданады.
Грантқа ауысу бойынша қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!
19-06-2018 15-40-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 249 Сәлеметсіз бе ректор мырза?!мен бітіруші түлектердің атынан сұрағым бар.вручение куни кызыл диплом алатындарға ғана сіз бересіз.ал қалған студенттерге эдвайзерлери және т.б.кісілер береді екен.үйтіп бөліп карамауынызды сұраймыз.бәрімізде бір жерде оқып бірдей деденгейдемиз!алыстан ата -анамыз диплом алады деп қуанышпен келе жатыр.ол кісілерде біртүрлі болып калады гой.сол кисилер барын беріп осы ЖОО-ға түсіп оқуымызды тілеген жандар..осы мәселені қолға алсаңыз!уақыт тапшы болатынын білеміз. Бірақ барлық студентті бөліп қарау олардың арасында бир біріне деген сыйластықты бұзады!барлық студент осы сәтті асыға күтіп қатты дайындық үстінде еді.осы жаңалықты есітіп барғысы келмей отырғаны қаншама! Осы жан айкайымызды еескерсеңіз!нәтижелі жауап болады деген үміттеміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Түлектерімізге дипломды тапсыру салтанатында оқу орнымыздың басшылары, яғни дипломды ректор, проректорлар мен институт директорлары табыстайтын болады. Сұрағыңызға рахмет!
Барлығы: 4046