Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
23-05-2018 00-02-30   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 201
Сәлеметсізбе ректор мырза? Мен 2 курс оқимын 1 курста кредит алып едім енді сол кредитімді осы жазда жабуым керекпе әлде 4 курсқа дейін жабуға болама?
Жауап:

Құрметті студент! Академиялық қарызыңызды 3-курстың жазғы семестрінде міндетті түрде тапсыруыңыз қажет. Себебі, кредиттік оқыту технологиясы ережесіне сәйкес бітіруші 4-курс студенттеріне жазғы семестр ұйымдастырылмайды. Сұрағыңызға рахмет!

22-05-2018 16-58-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 200
Салеметсіз бе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен 2 курс студенті едім.сізге қояр сұрағым: мен əлеуметтік жағдайы бойынша толық жетім студентпін.ақылы бөлімде оқимын.биылдан бастап ақылы оқитын толық жетім студенттерге 100% жеңілдік берілді.сізге үлкен рақмет.бірақ мен 2 жыл бойы грантқа ауысуға үміттеніп жүр едім.сабағым 90-95, 2 курстың 2 семестр gpa 4 болды. Жалпы gpa 3.8. 4 семестр бойғы оқу үлгерімім өте жақсы.мен ең болмаса президенттік стипендияға іліксем деп едім.бірақ 1 курстың 1 семестрінде дене шынықтыру сабағынан жалпы бағам 89 балл.себебі мен 1 рет сабаққа ауырып бара алмай қалдым.ол үшін ауырды деген анықтама қағазын да ала алмадым.енді сол дене шынықтыру сабағы үшін 4 семестр жақсы оқып, тырысқан еңбегім зая кетіп тұр.сол сабақтан алған 89 балл грантқа ауысуыма да кедергі болып,gpa 0.2 балл кем болып басқа студент грантқа ауысты.грантқа ауысу үшін əлеуметтік жағдай есепке алынбайды, тек gpa балл жоғары болса ғана ауысады деді декан орынбасары.сізден сұрайын дегенім, президенттік стипендияға ілігу үшін арнайы комиссия өкілдері менің жағдайымды қарастыра алады ма?осы мəселеге көмектесіңізші. Оған қоса грант орны босаған болса деканаттағылар студенттерге хабар бермейді.студенттер грант жөнінде сұрақтар қойса, дұрыс жауап та бермейді.осы жағдайды қолға алыңыздаршы, өтінемін.
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау» Ережесінің 5-, 6-тармақтарында көрсетілгендей, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

Университетіміздегі мемлекеттік білім беру грантының бос орындары туралы ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландыру» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/1307/notice/) жарияланған. Сіздің шағымыңызда аталған мәселелер бойынша басшылық тарапынан институт директорларына ескерту жасалды. Егер оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан мәселелеріңіз және директорат қызметкерлеріне қатысты шағымдарыңыз болса, Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53. Сұрағыңызға рахмет!

21-05-2018 11-09-50   Басқа

Сұрақ қоюшы: Белсенді жастар

Сұрақ № 199
Құрметті Такир Оспанұлы! Университетіміздің белсенді жастарының атынан жазып отырмыз. Такир Оспанұлы жастармен кездесудің барлығында дерлік белсенді жастардың басын қосатын жастар орталығы туралы мәселе көтеріледі. Сіз де жастар орталығын ашу туралы шешім қабылдап бұйырған едіңіз. Осы шешімнің қабылданғанына 4 айдың көлемі болса да жастар орталығының жөндеу жұмысы тоқтап қалды. Сізден сұрарымыз жастар орталығын ашуды осы оқу жылында бітіріп беруіңізді өтінеміз! Жастар орталығы клуб-үйірмелер мен белсенді жастардың басын қосатын орталық болады деп ойлаймыз ж2не сенеміз...
Жауап:

Сәлеметсіздер ме! Жастар коворкинг орталығы ашылады. Орталық  – жастар өкілдері мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі болғандықтан, бұл мәселе міндетті түрде шешіледі. 2018 жылға арналған жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес коворкинг орталығының жөндеу жұмыстарын аяқтау маусым айының соңына жоспарланып отыр. 

20-05-2018 17-22-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 198
Сәлеметсізбе ректор мырза! Жатақхана ремонтына студенттерден ақша жинау дұрыспа? Қатарынан 2 жыл беріп келе жатырмыз.Қыркүйекте келгенде ремонтталған бөлмені көрмейміз.Сол баяғы тақтайлары сынған,ұстағыштары жоқ шкафтар.Не секция,не әжетхана жөнделмеген. 8 жатақхана жөнінде жазып отырмын.Айдың соңына қарай студенттер ауылдарына кетеді,қаржы жағыда наразылық тудыртып жатыр.(2000тг)Осы жөнінде жауап алсам деп едім. Рақмет!!!
Жауап:

Құрметті студент! Жатақханалардың жөндеу жұмыстарына Университет тарапынан қаражат бөлінетіндіктен, студенттерден ақша жиналмауы тиіс.

Шағымыңыздағы мәселе қайталанатын болса, студенттерден ақша талап ету фактісіне қатысты қызметкерлерге басшылық тарапынан қатаң шара қолданылатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

19-05-2018 18-31-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 197
Сәлеметсіз бе,Таxир Оспанұлы! Мен Филология факультетінің студентімін. Сұрағым жатақxанаға байланысты. Жылдың соңында мамырда үйге кетерде 2000 теңге көлемінде,әрбір студенттен ақша жиналады. Ремонтқа деп. Жылдың басында фондқа деп 1000 тг.Бұл қаншалықты дұрыс,бермесек келесі жыл қайтып келетін болған соң...
Жауап:

Құрметті студент! Жатақхананың жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер басшылық деңгейде талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

18-05-2018 17-55-24   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 196
Здравствуйте! Я задавал вопрос об"отработке". Но ответ совсем о другом нежели заданный вопрос! И также я читал об этом обо всем. Пожалуйста! Пересмотрите вопрос?
Жауап:

Уважаемый студент! К сожалению, это упущение в работе директорат­а Вашего института, а точнее заместителя директора по у­чебной работе. Каждый год выпуск­ники, обучающиеся по гранту, отправляются на отработку и заполняют договоры­ в начале учебного года. Есл­и Вы укажете институт, в котором учитесь, то будут при­няты соответствующие административные ме­ры.

18-05-2018 01-28-43   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 195
Сәлеметсізбе! Мен екі шет тілі мамандығының екінші курс студентімін. Сизден сурарым осы коктемги сессияда бир сабактан жалпы есептегенде 73 балл алып калдм. Отбасында 4 баламыз, акем екінші топтағы мүгедек, анам уй шаруасында. Жалгыз күнімді көріп откан табысым ол стипендия болатын. Одан да айырылып қалдым. Енды не істерімді білмеймін. Осы екі балл үшін стипендиядан айырылып қалдым. Кайта тапсыру немесе тағы бір мүмкіндік беруге болмайды ма? Өзім үздік студенттердің қатарында болатынмын және университетіміздің барлық қоғамдық іш-шараларына да қатысып жүремін. Осының бәрін ескере отырып көмек беруіңізді сураймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға емтихан кестесі алдын-ала беріледі. Егер студент емтихан тапсырмаса, қайта тапсыруына болады. Ол үшін өтініш жазуы тиіс. Ал, емтиханды тапсырып, төмен нәтиже алған болса (емтихан кестесін дұрыс білмеуіне байланысты дайындықсыз келіп, т.б. себептермен), онда қайта тапсыра алмайды. Мұндай жағдайда қосымша жазғы семестр ұйымдастырылады. Екінші сұрағыңыз бойынша, жоғары балл жинаған студенттерге жеңілдіктер берілгені рас, ол үшін нақты өтінішпен бас оқу ғимаратындағы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз!

17-05-2018 17-02-11   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 194
Саламатсыз ба Балықбаев Такир Оспанұлы! Менің қоятын сұрағым, мен отбасылық жағдайына яғни толық жетім бойынша 45000kzt көлемінде шәкірт ақы алатынмын.Сонымен қатар өз басым сол шәкірт ақымен күн көріп жүрген студентпін! Бірақ осы Мамыр айының шәкірт ақысы тек 6000kzt ғана түскен. Аралық бақылау (рубежка), сессия бағалары жақсы. Менің білгім келгені неге олай болды екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруына байланысты студенттердің оқу ақысы әр айдың 20-нан кейін жүзеге асырылады. Сізге 20 740 теңге шәкіртақы, отбасылық жағдайыңызға байланысты 6 223 теңге қосымша ақы және 18 900 теңге тамақтану ақысы есептелініп, жалпы 45 863 тенге көлемінде төлемақы беріледі. Бұған дейін Сіз қосымша ақы 6 223 теңгені алдыңыз, ал қалған негізгі шәкіртақы мен тамақтану ақысы ағымдағы жылдың мамыр айының 22-не дейін жіберілетін болады. 

17-05-2018 12-18-20   Басқа

Сұрақ қоюшы: Лобарант

Сұрақ № 192
Құрметті Такир Оспанұлы. Сіз осы университетке басшы ретінде келгелі университетте оң өзгерістер мен жаңалықтардың болып жатқанын көріп, біліп, естіп жатырмыз. Оған шын көнілмен ризамыз. Себебі Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандағы жоғары білім берудің ең алғашқы шаңырағы болып табылады. Сондықтан Ұлттық университет атына заты сай болу ушін және студенттерге сапалы білім беріп, жоғары мамандықтар дайындап кою ғана емес сонымен қатар университет қызметкерлерін, соның ішінде кафедрада жұмыстың басым бөлігін атқаратын лобаранттардың материальдық жағдайын көтеруді қолға алсаңыз. Айлығымыз 37 000 теңге, жұмыс уақытымыз 9.00 ден 17.00 ге дейін. 37 000 теңге жолымыз,түскі асымыз, бала-шағамыздың нанына бәріне бірдей жеткізу мүмкүн емес. Такир Оспанұлы осы жағдайға түсністікпен қарап, жалақы мәселесін қолға алсаныз алғасымыз шексіз болар еді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында Университеттің стратегиялық жоспарына байланысты құрылымдық өзгерістер мен оқу көмекші кұрамының жалақыларын көбейту жоспарлануда. Университет қызметкерлерінің жалақы мәселесі міндетті түрде қарастырылатын болады.

14-05-2018 19-19-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 191
Сәлеметсіз бе ректор мырза мен осы университетте магистратурада ақылы бөлімде оқитын едім менің сұайын дегенім сессияда бір пәннен құлап салсам оны кайта тапсырып сізге грантқа өтініш жаза алам ба GPA 3,6 асып тур
Жауап:

Құрметті студент!  Университетіміздің ресми сайтына білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыру  (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) берілген болатын. Хабарландыруда үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген.   Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қатыса алады.

Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

14-05-2018 14-31-36   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 189
Саламатсыз ба ректор мырза менің сұрайын дегенім мен бір пәннен кулап калып едім (магистратура) енді оны кайта тапсырып сізге грантка өтініш жаза алам ба GPA баллым жетіп тұр
Жауап:

Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына арналған конкурсқа оқу үлгерімі бойынша GPA баллы жоғары білім алушылар қатыса алады. Университетіміздің ресми сайтында мемлекеттік білім беру грантының бос орындары туралы ақпарат (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) берілген, үміткерлерге арналған талаптармен және қажетті құжаттар тізімімен танысуыңызға болады.

Грантқа ауысу бойынша қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады.

13-05-2018 17-25-30   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 188
Құрметті Балықбаев Такир Оспанович! Менің бакалавриатты бітіргеніме 4 жыл болады. Енді магистратураға түссем деп едім,емтихан қашан болады, қалай тест сұрақтарын алуға болады, өзгерістер бар ма толық ақпаратты қайдан,кімнен алуға болады екен. Рахмет!
Жауап:

Құрметті түлек! Сұрағыңызға рахмет! Университетіміздің ресми сайтының «Талапкерлерге» арналған бөлімінде (http://kaznpu.kz/kz/2150/page/ ) «Магистратура» бойынша ақпараттар берілген. Бұл беттен ағымдағы оқу жылы бойынша магистратура мамандықтары мен қабылдаудың типтік ережесі, сонымен қатар емтихан кестесі мен емтихан сұрақтарының бағдарламалары туралы мәліметтер таба аласыз. Жаңа 2018/2019 оқу жылына қабылдау комиссиясы маусым айынан бастап жұмыс жасайды. Сондықтан жаңа оқу жылына магистратураға қабылдау туралы мәліметтердің жариялануын бақылауыңызды өтінеміз. 2018/2019 оқу жылына магистратураға тапсыру үшін шет тілінен (ағылшын тілінен) IELTS, TOEFL сертификатыңыз болуы қажет. 

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80. 

 
12-05-2018 11-26-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 187
Сәлеметсіз бе, Ректор мыза! Осы жылғы қызыл диплом жайында сұрайын деп едім, мемлекеттік емтиханнан яғни Қазақстан тарихи +5. ал өз мамандығының тапсырған пәннен де +5 болып. диплом қорғау 5 болса. және де 8 семестрдің GP 3.60 болып тұр, Бірақ мен 2-курта бір пәннен жазғы семестрге қалып, жазғы семестрде 4 деген бағаға жаптым. Осындай бағалары бар студент қызыл диплом ала алады ма? Алдын ала РАХМЕТ!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес емтихандарды А, А- – «өте жақсы», В-, В, В+ – «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы (G.P.A.) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ, барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом беріледі.

11-05-2018 20-39-30   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 183
Ректор мырза!!! Мен осы университетинин бугунгы телеги,акесиз уш баланын анасымын, менин балам осы университетинин 1 курс студенти . Онер жане спорт факультетинин графикалык дизайн мамандыгында. Менин балам универ жуйеси кестеси бойынша рухани мадинет сабагынан емтиханга барды тапсыру кезинде кестеде жок мадени география сабагынан тапсыру керек деди бирак менин балам ол сабакты тапсырмады ойткени универ жуйесинде ол сабак кестеде болмады. Кестенин дурыс еместигинен малинки география тапсырылмады, Балам отиниш жазган мадени география емтеханын баска кунге коюга бирак ешким отинишин кабылдамады жане ешкандай шешим болмады буран, Былтыр балам проходной балдан 105 балмен 50 процентпен универстетке тускен енди емтихан кезинде баламды жибермеу туралы буйрык шыкты сурастыра келе шатасып балама 103 балмен 30 процентке койган Архивтен балам оз кужаттарын тауып корсетти 105 балмен 50 процент екенин. Егерде он шешим кабылданбайтын болса 100мын толумиз керек жане емтиханга жиберилмейди Осы жазгандарымнын шешимин шешуге бола ма ?
Жауап:

Құрметті ата-ана! Шағымыңыздағы мәселелер қарастырылып, Өнер, мәдениет және спорт институты басшылығынан мәлім хат алынды.

Емтиханға қатысты сұрағыңыз бойынша Универ жүйесінің кестесіне енбеген пәндерді қайта тапсыруға рұқсат беріліп, білім алушылар қайта тапсырғандығы және оқуға қабылдау кезінде 50 пайыз жеңілдік берілгендігі анықталды. Талапкерлердің құжаттарын қабылдау және тіркеу кезінде жіберілген қателіктер  мен келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз болса,  Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

11-05-2018 15-29-29   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 182
Саламатсыз ба? Университетте керекті құжатты алу мәселесі өте қиын. Дәл қазір "Шапағат" орталығына шағым түсіргім келіп тұр. Түскі асқа кеткен офис-регистратор сағат 4ке дейін келген жоқ. Адам көбейіп кеткен соң орнына басқа біреу келіп, программаны аша алмай, тағы күттірді. Құжатты сұры сұмдық, тіпті кейбір сөздері көрінбейтін принтерге шығарып берді. Құжат мұндай болмау керек қой, мұны қалай өткізем деген сөзіме дүрсе қоя берді. 3сағат текке күткеніміз аздай, барлығымызды адам құрлы көрмей ойларына келгенин істеп отыр. Біз мұндай жағдайға әбден етіміз үйреніп бара жатыр,сондықтан осындай жағдайлардың мүлдем болмағанын қалаймын.Раxмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылып, «Шапағат» орталығы қызметкерлерінің студенттерге қызмет көрсету барысында орын алған кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізілді. Мұндай мәселе қайталанған жағдайда, Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департмент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

Қызмет көрсету барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Сұрағыңызға рахмет!

11-05-2018 13-12-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 181
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Педагогика жəне психология институтының студентімін. Біздің кафедраның кейбір мұғалімдері осы соңғы аралық бақылау кезінде өзіне баға сұраған студенттердің кесірінен, бүкіл бір топқа сессияда келетін сұрақтарды бермей қойды.1 топ студенттеріне тест сұрақтарын беріп, 2 топқа бермеуін бұйырған.
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты басшылығына ескерту жасалды. Институт тарапынан барлық мамандықтардың студенттеріне емтиханға арналған сұрақтардың берілгендігі туралы мәлімхат берілді.

Шағымыңызды растайтын нақты ақпаратыңыз болса, бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуыңызға болады.

11-05-2018 00-07-12   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Алмас Жұмаділов

Сұрақ № 180
Саламатсыз ба? Құрметті Балқыбаев Такир Оспанович. Мен осы университтеттің "Тарих және Құқық" институтының,"Саясаттану және әлеуметтік-философиялық" пәндер кафедрасының "МӘДЕНИЕТТАНУ" мамандығының 2курс магистранты Жұмаділов Алмаспын. Менің сұрағым өткен апталарда магистранттар мен доктаранттарға жыйналыс ашқаныңызда жұмыс жайлы айтқан едіңіз. Мен осы университетте жұмыс жасағым келеді. Өзім Ж.Қ атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітіргем. Сіздің бастамаңызбен өткен университеттің наурыз меркесінде арнайы "Тарих және Құқық"институтынан домбырамен сіздерге арнау айтқан баламын"). Мәдени шараларды ұйымдастыру жағынан, жалпы өнер-мәдениет жағынан жұмыс атқаруға қолымнан келетініне сенімім мол. Алла қалап жатса магистиратураны бітірген соң жұмысқа осы сіз басқарып жатқан унивреситетке қалуға болама сол жайлы сұрайын дегенім...Көп рахмет.. almas.kias@mail.ru
Жауап:

Құрметті Алмас! Түлектерімізді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берілді. Магистратура бітіргеннен кейін түйіндемеңізді Әкімшілік департаментінің персоналды басқару бөліміне немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке өткізуіңізге болады. 

06-05-2018 15-53-12   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 179
Здравствуйте! Я учусь на 4 курсе.
Я поступил на грант. Проучившись все 4 курса т.е. практический в конце 4 курса нам выдали "Договор", который по моему мнению должен быть выдан в начале, а даже не в начале а перед поступлением. Где написано о том, что я должен отрабатывать свой грант в течении 3 лет в школе. У меня вопрос! Почему нам предоставили данный "Договор" в конце всего учебного процесса?! Так как меня не устраивают условия, а если конкретнее "Отработка" потому что я не знал об этом!
Жауап:

Уважаемый студент! Как указано в Законе РК «Об образовании», граждане из числа сельской молодежи, поступившие в пределах квоты на обучение по педагогическим, медицинским и ветеринарным специальностям, обязаны отработать соответственно в государственных организациях образования, государственных медицинских организациях, в подразделениях государственных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, либо в государственных ветеринарных организациях, расположенных в сельской местности, не менее трех лет после окончания высшего учебного заведения. Граждане, обучающиеся по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных организациях образования и государственных медицинских организациях в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

Обеспечение мониторинга и контроля за соблюдением выполнения лицами, указанными в настоящем пункте, своих обязанностей по отработке или возмещению расходов бюджетных средств в случае не отработки возлагается на поверенного агента уполномоченного органа в области образования!

06-05-2018 12-28-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 178
Добрый день, почему иностранным студентам отказали в сдаче летней экзаменационной сессии устно? В одном факультете разрешили а в другом отказали, хотя один и тот же университет.
Жауап:

Уважаемый студент! Всем иностранным студентам разрешено сдавать летнюю экзаменационную сессию в устной форме.

04-05-2018 19-21-54   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Анита

Сұрақ № 177
Здравствуйте уважаемый Ташир Оспанович,хочу обратиться к вам с просьбой о помощи и поддержки.Вся надежда на вас.
Я студентка 1 курса факультета Международных Отношений,Сорбонна классика столкнулась с серьезной проблемой,которая набирает обороты с каждым днем. Расскажу что произошло. На втором семестре нам ввели предмет "Информатики" ИКТ. Дисциплина проводится на английском языке,хочу прежде всего выразить благодарность за отличных преподавателей по всем дисциплинам,включая ИКТ. Дисциплина не всегда проводилась на английском,возможны и казахский и русский языки,то есть самое главное это понимать и отвечать. Преподавателя по лекции зовут Гулира Халикова(физ.мат). Именно с этим преподавателем у меня начались проблемы. Сначала на первой рубежке было все нормально,посещаемость,баллы и тд. Но затем я столкнулась с грубостью со стороны данного преподавателя. Мне приходилось молчать во избежании конфликта,когда преподаватель позволяла не корректные выражения в мой адрес,заявляя,что я отвратительная студентка,не достойна учиться здесь и что я вообще забыла в Казахстане. А все потому что была неорганизованность во времени проведения занятий и преподватель была в отъездах. Я даже не знаю к чему придиралась преподаватель. На первой рубежке мне поставили 90 баллов,за что я была очень благодарна и начала исследовать весь материал,опираясь на Силлабус. На второй рубежке отношение данного преподавателя ко мне заметно ухудшилось. Когда у нас под конец рубежки был тест, я вытащила тетрадь,где вырвала пару листов для написания теста, в тетради не было шпоргалок и тд. На что Халикова Г. начала яро отбирать мою тетрадь,утверждая,что там шпоргалки,хотя явно видела их отсутствие, говоря что я глупая, никакие гранты мне не светят и тому подобное. Соответственно в этот раз я дала слабину и не выдержав начала огрызаться в ответ. После окончания пары я подошла к преподавателю чтобы принести извинения,но она не выслушала меня и выгнала,заявив что поставит мне 0 баллов и не допустит до сессии. Я признаю искренне свою вину в том,что позволила своим негативным эмоциям одержать верх, мне очень стыдно за свое поведение,потому что не важно кто бы что не говорил в любом случае этот человек старше меня. Халикова на отрез отказалась говорить со мной и выслушивать.На протяжении недели я бегала к ней и просила поговорить,не важно что она поставила бы,мой мотив был и есть вновь восстановить взаимоотношения. Подобных конфликтов раннее не имелось,ни в школе,ни в университете. Я имею хороший gpa (3.76),учусь на отлично,школу закончила на отлично,учавствую в студентческой жизни университета,бываю волонтером на различных конференциях,проходящих в Сорбонне,и мне очень полюбился данный университет. Здесь меня устраивает моя кафедра МО с профессионалами своего дела,как доносят информацию,и я рада,то что я оплачиваю учебу не просто так,я действительно получаю знания. Но эта ситуация не дает мне покоя. С преподавателями я не конфликтовала,в хороших отношениях со всеми,и преподаватели обо мне хорошего мнения,поэтому и пытаюстся всеми цивильными методами помочь мне. Понимаете, Халикова Г. набирает обороты в этой ситуации и пытается писать,идти в департамент,в Министерство Образования,в посольство Туркменистана ( я иностранная студентка) чтобы заявить,о том что Я не достойна обучаться в КАЗНПУ,что меня нужно департировать. Мне очень обидно,то что из за такой ситуации ставится под сомнение моя репутация. Также преподаватель обратилась к юристам и пвтается искать,писать на меня какие то бумаги,хочет добиться моего отчисления. Я не знаю почему она занимается этим, ее очень задело,когда я сказала что она не квалифицированный специалист,потому что позволяет себе переходить на личности .Да, понимаю что обидела сильно преподавателя,но это не повод портить мне учебу и жизнь. Для меня это огромный жизненный урок,который я запомнила. Отныне я буду держать язык за зубами,ради своего же блага,так как подобных ситуаций еще не было у меня. Теперь вы в курсе этой проблемы. Пожалуйста помогите мне,я не хочу раздувать эту ситуацию и искать виноватых. Здесь виновата я,в том что повела себя отвратительно,опозорив себя,преподавателя,поставив под угрозу авторитет кафедры своей. Но я осознав свою вину прошу вас защитить меня в этой проблеме. Я очень нуждаюсь в вашей поддержки,мне страшно,здесь я совсем одна и не знаю что мне делать,куда идти. Надежда на вас,в том что вы разрешите этот конфликт путем разговора с Гульирой Халиковой. Искренне надеюсь,что моя просьба не останется без вашего внимания,тем более сессия по Икт будет 25 мая и я прошу вас о помощи. Спасибо вам за внимание и за то что есть прямая связь с вами.

Успешной вам работы.
Жауап:

Здравствуйте! Конфликт между студенткой  первого курса специальности «Международные отношения»  Анитой Халназаровой и преподавателем  дисциплины «Информационно-коммуникационные технологии» Халыковой Гулирой Заманбековной был рассмотрен комиссией в составе проректора  по учебной работе Сатмурзаева А.А., директора департамента по академическим вопросам Жанбекова Х.Н., директора института математики, физики и информатики Бердышева А.С., начальника офиса-регистраторов Кантарбаевой Р.М., содиректора института Сорбонна-Казахстан Нурлихиной Г.Б., заведующего кафедрой «Международные отношения» Симтикова Ж.К. 
В результате стороны пришли к примирению, студентка признала свою вину (объявлено замечание) и принесла  извинения  преподавателю Халыковой Г.З..

В п.п. 49, 50 Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан № 152 «Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения» указано: «Пересдача положительной оценки по итоговому контролю с целью повышения в этот же период промежуточной аттестации не разрешается. Для получения положительной оценки обучающийся в следующем академическом периоде или в летнем семестре на платной основе вновь посещает все виды учебных занятий, предусмотренные рабочим учебным планом по данной дисциплине, получает допуск и сдает итоговый контроль».  

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  191  192  193  194  195 196  197  198  199  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений