Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |
Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА |
|||
ҚАЗ РУС ENG |
Ректордың блогына қош келдіңіз!
Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.
Құрметті студент! Университеттің оқу ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бас оқу ғимаратының жөндеу жұмыстары басталған соң, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқу ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Шағымдарыңызда көрсетілген мәселелердің шешімі уақытты талап етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
Құрметті студент! Шағымдарыңызда көрсетілген мәселелердің шешімі уақытты талап етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
Құрметті талапкер! Университетімізде «5В020500 – Филология» (510 000 тг.) және «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» (520 000 тг.) мамандықтары бар.
Құрметті талапкер! Сіз 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қосымша кешенді тестілеуге құжат тапсыра аласыз. Кешенді тестілеуде кем дегенде 60 балл жинап, ақылы бөлімге түсуіңізге болады.
Университетіміздің педагогикалық мамандықтарына межелік балл (ақылы немесе грант) – 60 балл, ал басқа бағыттағы мамандықтар үшін межелік балл – 65 балл.
Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда 2018/2019 оқу жылына университеттерге бөлінген грант орындары жарияланбады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018/2019 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарының тізімі белгілі болса, ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Сондай-ақ, гранттар тізімі мен саны туралы ақпаратты ҚР БҒМ сайтынан (www.edu.gov.kz) көре аласыз.
Сәлеметсіз бе! Профессор-оқытушылар құрамының оқытатын пәндерінің сабақ кестесіне сай уақытта, аудиторияда өтілуі университет басшылығы тарапынан қатаң тексеріліп, бақыланады. Докторанттар кәсіби-өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында студенттерге сабақ беруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Білім алушыларды бағалау тікелей «Univer» жүйесінің енгізілуімен байланысты күнделікті қойылып отырады. Сондықтан «әділетсіз» бағалау білім алушылардың ықпалымен (сабаққа қатыспау, берілген тапсырмаларды уақытылы орындамау және т.б.) бағалануы мүмкін.
Дегенмен, жаңа оқу жылында шағымыңызда аталған мәселелер қайталанған жағдайда, нақты дәлелдеріңізбен Университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79. Сұрағыңызға рахмет!
Сәлеметсіз бе! Мамандықтар бойынша магистратураға және докторантураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламалары ресми сайтта жарияланған. Сіз таңдап отырған мамандық бойынша бағдарламаны келесі тікелей сілтеме арқылы жүктей аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/spec/6D010500_kaz.pdf. Сұрақтар осы бағдарламаның негізінде беріледі. Сұрағыңызға рахмет!
Сәлеметсіз бе! Дипломды табыс ету рәсімі ресми түрде, Университет ректорының, проректорлар мен институт директорларының қатысуымен өтеді. Университет қабырғасында өткізілетін іс-шараларға жауапты Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті ұйымдастырады. Түлектерге диплом табыстау рәсімі маңызды іс-шара болғандықтан, білім алушылардың ұйымдастыруы мүмкін емес. Сұрағыңызға рахмет!
Құрметті Меруерт! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Өтінішіңізді және тиісті құжаттарыңызды директоратқа өткізуіңізді сұраймыз. Сіздің шәкіртақы иегері болуға мүмкіндігіңіз бар.
Шәкіртақыға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!
Құрметті Маржан! Тілегіңізге рахмет! Сіздер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық.
Оқу орнымыздың дәрежесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы сапалы мамандарды даярлау үшін жасалып отыр. Сондықтан университет қабырғасында алған білімдеріңізді және тәжірбиелеріңізді болашақта елімізді дамыту жолындағы игілікті істер үшін қолдансаңыздар біздер үшін мақтаныш. Білім жолындағы жаңа қадамыңызға тек сәттілік тілеймін!
Құрметті талапкер! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 «Жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 10 тармағына сәйкес шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына қабылдау сұхбаттасу арқылы ақылы негізде жүргізіледі. Сіз шетел азаматы болғандықтан, мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатыса алмайсыз.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру конкурсына қатысу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге құжат тапсыру кезеңі 1-20 маусым аралығында өтіп кетті. Сіз 2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.
Құрметті Әсел! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Грант иегері атануыңыз Сіз таңдаған мамандыққа және мемлекет тарапынан бөлінген гранттың санына байланысты. Оқуға тапсырарда 2018/2019 оқу жылына білім беру гранттар санының артқандығын және педагогикалық мамандықтарда ауылдық квота қарастырылғандығын ескеріңіз.
Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Құрметті Нұршырақ! Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруыңызбен құттықтаймыз! Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз.
Сұрағыңызға келетін болсақ, өзіңіздің таңдау жасаған пәндеріңізге сәйкес келетін мамандықтар бойынша ағымдағы жылдың 18 - 26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжат тапсырып көруіңізге болады. Конкурс нәтижесі тамыз айының 5-нен кейін арнайы ақпарат құралдарында немесе «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланады.
Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың саны мен абитуриенттердің санына байланысты болғандықтан, грантқа түсетіндігі туралы нақты жауап айта алмаймыз. Бірақ биыл білім беру гранттарының саны артқандығын ескерген жөн.
Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) көрсеткішіңіз жақсы. 2018/2019 оқу жылына жалпы республика бойынша Сіз таңдаған мамандыққа 285 орын бөлініп отыр. Сіз грант иегері атану үшін 18-26 шілде аралығында болатын мемлекеттік білім беру грантының байқауына құжат тапсыруыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!
Здравствуйте! Выпускник любой казахстанской школы имеет право подать документы с 18 по 26 июля 2018 года для участия в конкурсе на присуждение государственного образовательного гранта. Сельская квота учитывается в зависимости от выбора специальности.
Сәлеметсіз бе! Магистратураға құжат қабылдау ағымдағы жылдың 3-31 шілде аралығында жүргізіледі. Міндетті екі емтихан тапсырылады. Оның біреуі, шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша 10-15 тамыз және мамандық бойынша емтихан 16-20 тамыз аралығында өткізіледі. Құжаттарды қабылдау кезінде Сіз тамамдаған «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының «Дефектология» мамандығына сай келуі анықталып, пән айырмашылықтары шығарылады. Сұрақтарыңызға нақты жауапты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
Уважаемая Карлыгаш! Вы можете оформить нотариально заверенную доверенность на имя подруги. Для получения необходимых документов Вашему доверенному лицу нужно обратиться в Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» (Казыбек би, 30). Контактный тел.:8 (727) 291-64-97.
Мамыр, 2024 | 4 |
Сәуір, 2024 | 10 |
Наурыз, 2024 | 5 |
Ақпан, 2024 | 20 |
Қаңтар, 2024 | 11 |
Желтоқсан, 2023 | 21 |
Қараша, 2023 | 19 |
Қазан, 2023 | 17 |
Қыркүйек, 2023 | 25 |
Тамыз, 2023 | 39 |
Шілде, 2023 | 29 |
Маусым, 2023 | 60 |
Мамыр, 2023 | 41 |
Сәуір, 2023 | 49 |
Наурыз, 2023 | 22 |
Ақпан, 2023 | 42 |
Қаңтар, 2023 | 68 |
Желтоқсан, 2022 | 55 |
Қараша, 2022 | 50 |
Қазан, 2022 | 62 |
Қыркүйек, 2022 | 52 |
Тамыз, 2022 | 33 |
Шілде, 2022 | 32 |
Маусым, 2022 | 49 |
Мамыр, 2022 | 139 |
Сәуір, 2022 | 64 |
Наурыз, 2022 | 45 |
Ақпан, 2022 | 46 |
Қаңтар, 2022 | 57 |
Желтоқсан, 2021 | 29 |
Қараша, 2021 | 43 |
Қазан, 2021 | 70 |
Қыркүйек, 2021 | 75 |
Тамыз, 2021 | 109 |
Шілде, 2021 | 79 |
Маусым, 2021 | 62 |
Мамыр, 2021 | 69 |
Сәуір, 2021 | 74 |
Наурыз, 2021 | 47 |
Ақпан, 2021 | 42 |
Қаңтар, 2021 | 68 |
Желтоқсан, 2020 | 61 |
Қараша, 2020 | 62 |
Қазан, 2020 | 42 |
Қыркүйек, 2020 | 48 |
Тамыз, 2020 | 57 |
Шілде, 2020 | 81 |
Маусым, 2020 | 88 |
Мамыр, 2020 | 65 |
Сәуір, 2020 | 86 |
Наурыз, 2020 | 57 |
Ақпан, 2020 | 37 |
Қаңтар, 2020 | 28 |
Желтоқсан, 2019 | 47 |
Қараша, 2019 | 72 |
Қазан, 2019 | 70 |
Қыркүйек, 2019 | 61 |
Тамыз, 2019 | 88 |
Шілде, 2019 | 47 |
Маусым, 2019 | 71 |
Мамыр, 2019 | 54 |
Сәуір, 2019 | 70 |
Наурыз, 2019 | 51 |
Ақпан, 2019 | 45 |
Қаңтар, 2019 | 75 |
Желтоқсан, 2018 | 87 |
Қараша, 2018 | 51 |
Қазан, 2018 | 54 |
Қыркүйек, 2018 | 77 |
Тамыз, 2018 | 105 |
Шілде, 2018 | 46 |
Маусым, 2018 | 43 |
Мамыр, 2018 | 45 |
Сәуір, 2018 | 36 |
Наурыз, 2018 | 30 |
Ақпан, 2018 | 28 |
Қаңтар, 2018 | 17 |
Желтоқсан, 2017 | 17 |
Қараша, 2017 | 12 |
Қазан, 2017 | 2 |