Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
28-01-2024 12-45-33   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним Анонимович

Сұрақ № 7797
Здравствуйте! Когда поступит дорожка иногородним студентам? И почему за январь поступила неповышенная стипендия тем студентам, которые сдали осеннюю сессию на отлично?
Жауап:

Здравствуйте! Дорожная компенсация за проезд по Положению выплачивается два раза в год - в феврале и в июне, также по Положению стипендия по итогам зимней сессии назначается с февраля по 31.08.2024 года.

25-01-2024 09-43-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7792
114 топ, 1 курс. 2семестр басталғалы, расписание 3-4 рет ауысты. 114 группа екі шет тілі мамандығы бойынша 1 курс. Бізде екінші семестрда паралардың өтетін кабинеттерімен қиындықтар туып жатыр. Расписание осы 2-3 кун ішінде 3 рет ауысты. Соңғы шыққан расписание туралы мұғалімдер білмима? Сондай жауапкершіліксіз қарайма өз жұмыстарына? Бізді жамбыла 25 тегі корпус пен сарбона арасында бір кунде екі рет жүгіртеді. Сарбонаға келіп отырсақ расписание бойынша жоқ жамбылаға келіндер деп айтады сабақ басталып кеткеннен кейн. Мен ол жаққа бара алмаймын, ол расписаниені көрмедім өздерің келіңдер деп айтады оқытушылар. Қазақстанның дәрежелі университетінде студенттергк деген қарым-қатынас осындай болғаныма? Кей оқытушылар келіп жатырғой жұмыстарына осы сонғы расписание бойынша басқаларының өз жұмысында қандай жаңа өзнерістер болып жатқанынан неге бейхабар?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынып, жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығынан толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/

24-01-2024 15-55-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Орысбаева Дамежан

Сұрақ № 7788
Құрметті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тілеп Болат Анапияұлы! Шағым жазар мақсатым, Дизайн моды кафедрасының оқу орыны - Главный корпустың подвалы жайлы. Төленетін оқу ақшасына сай, оқу орны да сай болу керек деп есептеймін. Себебі қай күні болмасын , бірдеңе атылып, бір жерден су ағады да жатады. Алдыңғы жылы Қолданылған тепловой пушкалар, сол кезде қолданылды. Бұл жағдайдың қайталанып отырғанын көрсетеді. Екіншіден техника жағы оңбайды. Жаңа әкелінген машиналар қондырылмай , кезегінде күтіп тұр. Үшіншіден жұмыс орынының өзі ыңғайсыз, қалған парталар, улкен қағазға тік сызықты да түзу сыза алмаймыз , Себебі сол парталардың өзі де қосылып тұр . Арасы келіспейтін, отырып тұруға жұмыс болатын ыңғайсыз ағаш. Өтінемін сол жақтардың қарастырыңызшы!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Өнер, мәдениет және спорт институты қызметіне қатысты мәселелер қарастырылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда оқу үрдісіне қажетті оқу құралдары мен жабдықтарды жаңарту, тігін машиналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Су құбырларының ескірген жүйесін жаңа құбырлармен ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық мәселесі қадағаланатын болады.

24-01-2024 14-34-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7787
Сәлеметсізбе ректор мырза мен 4кур студенті боламын денсаулығыма байланысты ауырып больницаға жатып ем кабылдап сабаққа бара алмай жүрмін брақ сондада рапорт жазып жатыр кемегеним ушин енди тагы рапорт жазып окудан шығарамыз деп жатыр ал мен болсам али ауырып жатырмын.Осы маселени сизден сурайын деп шештим.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. 

24-01-2024 13-29-10   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қайырғали Айзада

Сұрақ № 7785
Саламатсыз ба, Главный корпустағы цокольный этажының кабинеттері туралы мәселені айтайын деп едім. Кабинеттер жиналынбаған, каробкаларды ұйып қойған, машинкаларды орнатпаған, Жиі ротор болады. Студенттердің жағдайын ойламаған, басқа этаждардың қоқыстарын бізге қарай әкеліп тастай береді. Бұл енді сұмдық нәрсе. Біз деген бұл универге білім алу үшін келген адамбыз. Ал бұндай жағдайда біз қалай білім алуымыз керек? Студенттердің беріп жатырған ақшалары ауаға кетіп жатқандай. Сіздің бұл мәселелерді қарастырып, тезірек шешуіңізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында кабинеттердегі тазалық жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұрғаны анықталды. Оқу ғимараттарындағы  санитарлық талаптардың сақталуы, тазалық мәселесі алдағы уақытта да үнемі қадағаланатын болады. Хатыңыздағы мәселелер назарға алынды. Оқу жағдайына алаңдаушылық білдіргеніңіз үшін рақмет.

20-01-2024 13-35-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7780
Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессияның нәтижесі қашан шығады яғни приказ ректордың атынан
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығынан толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.

13-01-2024 11-42-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7777
Сәлеметсіз бе!Сізге қоятын сұрағым студенттер әр семестрде болатын пәндердің оқытушыларын өздері таңдау құқығы бар ма? Бізге таңдау құқығы бар делінген еді бірақ физматта өздері оқытушыларды белгілеп тастайды студенттер емес
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,29171-06. Рахмет!

09-01-2024 10-20-43   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7774
Сәлеметсіз бе!
Қызыл диплом алу үшін 2 семестрдің gpa баллы қосылып 3,5 болу керек пе?
Әлде тек 1 семестрдің өзі 3,5 болуы керек пе?
Қызыл дипломға үміткер екендігін қай жерден көруге болады?
Тіркеу бөлімі деген кай жер ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:

368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарына жолықсаңыз болады. Мекенжайы: Қазыбек би к/сі, 30, 1 этаж.
05-01-2024 17-16-04   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7773
Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде 2023/2024 оқу жылы бойынша босаған білім беру гранттарының бос орындарына арналған конкурсқа академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып жатқан студенттер неге қатыса алмайды? Құжаттар тек 15.01.2024 ж. дейін қабылданады екен, ал ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің сессиямыз 25.02.2024ж.күні аяқталады, транскриптті сол кезде ғана ала аламыз. Гранттан үмітіміз бар, біздің де конкурсқа қатысқымыз келеді.... Рақмет!!!
Жауап:

Құрметті студенттер! Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 25.08.2023 жылғы № 443 бұйрығымен бекітілген "бакалавр "немесе" магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының" 23-тармағына сәйкес бос грант орындарына ауысатын үміткерлердің тізімі министрлікке жолданып, республикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Сіз семестрді тек 25 ақпанда аяқтайтындықтан, мерзімдер бойынша үлгермейсіз. Өйткені грант ағымдағы аралық аттестаттау нәтижелері негізінде беріледі. Бірақ Сіз жазғы емтихан сессиясынан кейін конкурсқа қатыса аласыз. Бос грант орындарына ауысу туралы толық ақпаратты директарат қызметкерлерінен білуіңізге болады. Рақмет! 

03-01-2024 16-50-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7768
Сәлеметсізбе құрметті Тілеп Болат Анапияұлы. Келіп жеткен жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын, шығармашылық табыстар тілеймін!!! Мендегі сұрақ егер студентте С+ болса қызыл диплом ала алады ма? Мысалы рк1-80 рк2-88 ал сессиядан 54 алып ортақ джипи баллы 72ні құрап С+ болса?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
 
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
29-12-2023 15-41-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қоңтай Гүлжан

Сұрақ № 7764
Сәлеметсіз бе, мен Қоңтай Гүлжан Ерболқызы, МФжИи, 1курс магистранты ретінде ғылыми жетекшім Нурмухамедова Жанара Муратовнаға алғысымды білдіргім келіп отыр.Жанара Муратовна ғылыми жетекші ретінде өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып, әрдайым дұрыс бағдар беріп отырды. Өз ісін профессионалдық деңгейде жетік меңгергендігін көрсете отырып, біздің ғылым жолымыздағы үздік үлгі болды деп нық сеніммен айта аламын!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Математика, физика және информатика институтының оқытушысы Жанар Мұратқызының қызметіне жоғары баға беріп, пікір білдіргеніңіз үшін рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды және білім беру ортамызды жақсартуға елеулі үлес қосады. Сізге шығармашылық табыс және кәсіби қызметіңізде үлкен жетістіктер тілейміз!
28-12-2023 14-56-11   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7755
Сәлеметсіз бе, құрметті ректор-мырза. Біз жазған себебіміз бізге кейбір сабақтардан сессияны тапсыру қиын болды.Бізге сабақ өткізген мұғалім Ардабаева апай мүлдем сабақ түсіндірген жоқ, бізге тапсырма бере салады, сосын кетеді аудиториядан немесе күйеуімен отырады өз жұмыстарын бітіріп. Басқа топтарға осы сабақты берген мұғалім бәрін түсіндіріп өтеді, олар неше түрлі қызық есептерді шығарады сабақта, ал біз өзіміз шамамыз келгенше түсініп шешіп отырамыз. келешекте пед.практикадан өтетін кезде қорқамыз, өзіміз түсінбей оқушыларға қалай түсіндіреміз. Айтып жатыр ғой лицейлерге де, гимназияларға да жібереді практикаға. Неге осындай мұғалімдерді ешкім қадағаламайды? Тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Шағымыңыз бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

27-12-2023 21-34-22   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7754
Қайырлы күн! Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы! Мен ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ 1 курс география наука студентімін Бізді жертану пәнінен беретін Касенов С ағай дұрыс бағаламайды бізде тіпті лекция баллын қоймайды мысалы бізде 1 рк 8 дәріс болды силлабус бойынша бызге 1 дәріске 2 балл қойылады яғни бізде 1 рк да 16 балл болу керек дегенмен бізде 1рк 10 балл
Ал 2 рк келетін болсақ онда 7 дәріс яғни 14 балл болу қажет бұл жолы тағы солай 10 балл қойды Біз мүлде дәрістен қалмағанбыз.Қарапайым дәрістің өзінен 10 баллмызды қоймаған !!!
Срсп кезінде уақыт болмай жатып кетіп қалатын Жылдың басында каб таппайда 1-2 сабақ өтілмей қалды
Біз 1 курс болған соң онлайнға өттік ОНЛАЙН кезде бізге САБАҚ ӨТІЛМЕДІ! Дәрісте срсп өтілген жоқ. Біз ағай ағай өтейікші деп қанша мәрте айттық бірақ ешкандай сабақ өтілген жоқ!
Біз ағайға балл айтсақ бізге жауап бермейді және ведомосты жауып тастадым деп балл қойып бермейді
СІЗГЕ АЙТАРЫМ ОСЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШІП БЕРУІҢІЗДІ ӨТІНЕМІН
Бізге қойылмай қалған баллдарымызды қойып берсе дұрыс болар еді
Сізді осы мәселені қарастырады деп ойлаймын!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

27-12-2023 17-25-40   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Д

Сұрақ № 7752
Мен ЖГИ жер туралы ғылым 1 курс студентімін, бізге Касенов Солтанбек ағайдың сабағы мүлдем дұрыс өтілмейді. бүкіл ГНК тобында лекция баллдарын дұрыс қоймаған, бүгін 27.12.2023 болған Жертану пәніндегі сессияны қайта қарастырып, коммиссия құруларыңызды, әділ балл қойып беруін сұраймыз, баллды ауадан алып қойған мүлдем аз.Барлық сабағымыз 70,80+ тек осы ағай баллымызды дұрыс қоймады, Сессияда запись экрана көрсеңіздер болады. Өзіңе звандап айтсақ нақты жауап бере алмайды, істеген жобамызды да тексерген жоқ, әрқайсымызға жобаны қорғап сөйлеуге мүмкіндік бермеді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жаратылыстану және география институтының оқытушысына қатысты шағымыңыз басшылыққа жолданды. Шағымыңызда аталған мәселелер тексеріледі.

27-12-2023 12-10-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жолдасхан Әсем

Сұрақ № 7749
Саламатсыз ба, құрметті Тілеп Болат Анапияұлы. Мен Жолдасхан Әсем Бастауыш білім беру бизнес инновациямен тобынының студентімін.Біз Бастауыш Бизнес Инновация тобы тарих мұғалімі Саурыкова Жанар Сансызбайқызына алғысымызды білдіреміз.Біз үшін әрбір семинар өте керемет өтілді. Мектеп қабырғасында түсіне білмеген жерлерін тереңнен оқып, жан жақты қамтып білдік.Отанға,елге деген сүйіспеншілдік, тарихха деген қызығушылықты одан әрі тереңдете оята түскен Жанар апайға рақмет айтамыз!Мемлекеттік емтихан тамаша өтті. Барлығына рақмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқытушыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін рақмет айтамыз. Сізге білім мен ізденіс жолында шабыт, алға қойған мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілейміз.

26-12-2023 18-13-30   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7748
Құрметті ректор! Сізден біздің университеттің институттарында тәртіп орнатуыңызды сұраймын. Кейбір институттарда Директорлар мүлдем жұмыс істемейді, барлық жұмыс өз орынбасарларына жүктеледі. Ғылыми кеңеске Назар Салсақ, олар талқыланатын мәселелер оларға ешқандай қатысы жоқ сияқты отырады, телефонға қооданып, талқылауға қатыспайды, өйткені олар болып жатқан жайдың мәнін түсінбейді. Тіпті орынбасарлар дайындаған есептер бойынша есеп бере алмайды. Олар не үшін жалақы алады? Креслода отырып, құжаттарға қол қою үшін бе? Сондай-ақ, кейбір меңгерушілердің (негізінен ,зейнеткерлік жастағы) өз орынбасарлары бар (негізі мұндай лауазым болмаса да), олар меңгерушінің барлық жұмысын орындайды. Сонымен қатар, көптеген адамдар жұмысқа ыңғайлы болған кезде 2-3 сағатқа келеді, тіпті күн сайын емес. Сонда олар не үшін 0,75 ставка алады? Мәдениет және спорт институтына, математика, физика және информатика институтына, тарих және құқық институтына ерекше назар аударуыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша институт басшылығы мен директорат қызметкерлерінің қызметін жүйелеу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Хатыңызда көрсетілген мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта міндетті түрде ескерілетін болады.  

24-12-2023 03-48-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7747
Қайырлы кеш!Маған 2024 тің қызыл диплом алу бойынша критерийлары керек.4 курстың баллы да джипи баллға әсер етеді ме ? Транскрипте С+ баллы кездессе,ол да кедергі ме?Дипломдық жұмыстан міндетті түрде А+ алу қажет пе әлде А,А- та бола береді ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
 
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
21-12-2023 20-14-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7743
Саламатсыз ба! Ректор мырза, сессияның форматын өзгертуге бола ма? Неге ашық сұрақ немесе проект қорғау арқылы тапсыруға таңдауға бермейсіздер? Неге демократиялық Қазақстанда тұрып, мен өз таңдауымды жасамаймын????
Мұғалімдерге оңай тест береді, ал емтиханды жасау қиын ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан алуыңызға болады. 

21-12-2023 12-08-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Төлеуова Құндызай

Сұрақ № 7742
Құрметті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тілеп Болат Анапияұлы! Біз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Педагогика және психология” білім бағдарламасы бойынша 2 курс магистранттары Төлеуова Құндызай және Мұқатова Жұлдыз академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің “Педагогика және психология” кафедрасына “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасында 1 семестр оқыдық. Ендігі емтихандарымызды аяқтап, Алматы қаласы және сіз басқарып отырған университет сыйлаған керемет естеліктермен өз қаламызға қайтып бара жатырмыз. Университет қабырғасында өткен семестрде оқытушылар тарапынан қолдауды сезіндік. Атап өтетін болсақ, “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі Айгерім Нұралықызы мен эдвайзеріміз Амангүл Шахарбекқызына алғысымыз шексіз! Сонымен қатар пән оқытушылары Гүлдана Атымтайқызы, Гүлжайна Құралбекқызы, Ұлжарқын Муслимқызына бізбен бөліскен құнды тәжірибелері үшін алғыс білдіреміз.
Бізге бұл тәжірибе баға жетпес білім, білік және дағдыларды бойымызға сіңіру мүмкіндігін берді. Университеттің бізге берген құнды тәжірибесі болашақта тірек болмақ. Құрметті ректор, бұл мүмкіндікті сыйлаған, екі университет арасындағы бағдарламаның іске асуына ат салысқаныңыз үшін рахмет! Киелі шаңырақтың мәртебесі өсіп, өмірдің өрінінен көріне берсін!
Жауап:

Құрметті Құндызай Төлеуова және Жұлдыз Мұқатова! Ізгі тілектеріңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.  Білім және ғылым жолындағы жаңа бастамаларыңызға тек сәттілік тілейміз!

20-12-2023 21-35-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7740
2023 жылы Қызыл диплом алу шарттары қандай?GPA баллы 3,5тен жоғары болса,пересдача болмаса,гос экзамен және практика бағасы А болса болды ма?С+ баллы болса транскрипта қызыл диплом алуға мүмкіндік қанша?4 курс баллың қосқанда джипи 3,5тен асу керек пе.Дипломдық жобада А- алса да бола ма,әлде өте жақсы баллы А+ міндетті ме ?Нақты бәрің айтасыз ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:

368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарына жолықсаңыз болады. Мекенжайы: Қазыбек би к/сі, 30, 1 этаж.
Барлығы: 4046

< пред. ...  1  2  3 4  5  6  7  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений