
24-11-2022 23-50-04

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6738 Құрметті Дархан ағай . Қазіргі таңда , сессия уақыты жақындап жатыр , біз сізден сессия онлайн болуын өтінеміз . Аяқ - асты митинг басталып кетсе , не боларынан қорқамыз . Бір жағдай бола қалса не болады? Үйде ата- анамыз жанын шүберекке түйіп , бізді уайымдап отыр . Өзгеде универде оқитын , аға , әпкелерімнің сессиясы онлайн болатын болды . Рубешка біткен соң , бізді үйге қайтаруыңызды сұраймыз. Тыныш болып тұрғанда , ертерек қайтарыңздаршы бізді . Жауабыңызды асыға күтудеміз . Құрметпен барлық студенттердің атынан
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 23-38-02

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6737 Саламатсыз ба ! Біз сіздерден сессияның онлайын болуын өтінеміз , барлық студенттерді осы мазалап жүр . Басқа универлердің бәрінде онлайн болады деп жарияланып , сіздер неге әлі ескертпеусіздер . Уйге қайтуға билет алуымыз қажет , уже билет қалмауда . Ертеңгі жағдайда біз универге барып сессия тапсырып жатқанда , митинг басталып кетсе , біздің өмірімізге сіздер жауап бересіздер ме ? Нақтылай кетсек , біз сессияның онлайн болғанын қалаймыз . Бастысы адам өмірі! Сізден нақты жауап күтеміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 23-19-55

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6736 ӨТІНІШ!!! Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов.Неге біздің өтінішті қарастырмайсыздар? Біз көп зат сұрап тұрған жоқпыз ғой! Тек қана екі аптаға онлайн оқу!!! Бізге екі апталық онлайн оқуға рұқсат беруіңізді сұраймыз! Біздің өтінішті жерде қалдырмаңызшы! ӨТІНІШ!!! Наука 4курс
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет.

24-11-2022 22-35-52

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6735 Құрметті Ректор мырза инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкерлері және қарапайым жұмысшылар атынан К.Төлемісқызы мен Б.Абдрахмановичке ренішімізді білдіріп Сізге блогқа хат жолдаған болатынбыз.Ал Сіздің жазған жауабыңыз бізді мүлдем қанағаттандырмайды.Сіздер жазасыздар хатты ашық түрде жазыңыздар (аты жөндеріңізді көрсетіп)деп немесе ректордың жеке қабылдауына келіп айтыңыздар делінген бірақ сіз ойлаңызшы осы жұмыстарынан азды-көпті напақа тауып отырған жұмысшы сізге барып ашық түрде бізге қоқан-лоқы көрсетіп жатыр, басшылық дөрекілік танытып жатыр деп қалай айтады,бәрі де жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқады әйтпесе барлық жұмысшының көкірегі сайрап тұр айтқысы келіп. Бұл жерде түсінесіз бе мәселе артық жұмыс істегенде немесе жұмысшылардың 7-этажды ғимараттың тезірек бітуіне ат салысқанында емес,бұл жерде бірінші кезекте адами қарым-қатынас болып тұр. Алдыңғы жолдаған хатымыздан кейін К.Төлемісқызы инфрақұрылымды дамыту департаментіне келіп барлық қызметкерлерді тұрғызып қойып қане қайсың жазып жүрген жазғыштар оңбағандар мен сендерге көрсетем өтініштеріңді жазыңдар жұмыстан кетірем бәріңді деп қоқаңдап қатты ұрысқан.Бұл не бассыздық жұмыстарын жасап тып- тыныш отырған адамдарға себптен себепсіз неге келіп айқайлайды бұл сұмдық, шектен шыққандық деп білеміз.Университет тарихында бұндай жағдайлар ,бұндай қарым-қатынас бұрын соңды болмаған. Сіз неге басшы ретінде осы шындыққа тіке қарап дұрыс шешім шығармайсыз?Тағы да қайталап айтамыз осы аты аталған екі кісінің кесірінен бүкіл департамент ұжымы жұмысқа деген құлшыныстары жоғалып ұнжырғалары түсіп отыр.Біліп қойыңыз бұл киелі шаңырақ Исакованың немесе Мейрмановтың жеке меншігі емес! Әлде Сізге бәрібір ме орыстың мақалында айтылғандай «Моя хата с краю ничего не знаю»деп отырсыз ба? Олай болмайды! Сіз басшылық етіп отырғаннан кейін жазылып жатқан мәселелерге би-жәй қарамауыңыз керек деп білеміз неге екі адам бүкіл ұжымның берекесін қашырады? Сізге айтар ұсынысымыз жасырын(анонимно) түрде бүкіл ұжымға анкета таратып бұл кісілердің қандай адамдар екенін білуіңізге болады.Қарапайым қызметкерлерді,жұмысшыларды ашындырмаңыз.Сізден блокта мардымды жауап күтеміз инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкерлері және қарапайым жұмысшылары.........
Жауап:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, оны дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты және объективті зерттеу үшін Қоғам ақпарат сұратуға және алуға, әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар етуге, әкімшілік рәсімге қатысушыны Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 20-бабына сәйкес шешім қабылдағанға дейін тыңдауға құқылы екенін хабарлайды (бұдан әрі – Кодекс).
Құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалған адам мүдделі тұлға деп танылатынын атап өтеміз. Алайда, Сіздің өтінішіңізде өтініштің мәні көрсетілмеген және құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалар туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса беруіңізді сұраймыз.
Бұдан басқа, Сіздің өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмегенін хабарлаймыз: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін және екі апта мерзімде сәйкестендірілуге жататынын хабарлаймыз.

24-11-2022 21-52-21

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6734 Құрметті Дархан Біләлов , менің 3 курс ғылыми химияда оқитын қызым бар . Өзге балаларым Казгуда оқиды , алдағы уақытта митинг болуы мүмкін деп қайтарып жатыр екен . Сессия онлайн . Мен сіздердің универлеріңзде оқитын қызым үшін алаңдаймын . Бірінші кезекте баланың амандығы емеспе , құдай сақтасын ертең бірдеңе болып қалса , сіздер жауап бересіздер ме? Мен ата-ана ретінде баламның сессиялары онлайн болуын талап етемін . Түсіністікпен қарайсыз деген ойдамын . Студенттердің қысқы сесестрлік сессия онлайн қылғаныңыз , бәріміз үшін тиімді . Мен сиякты шырылдап отырған ата- аналар қаншама. Жауабыңыз күтемін , көп кешіктірмей жауап бересіз деген ойдамын
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 12-48-47

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6733 Саламатсыз ба
Біз мемлекеттік практикадан өтіп жүр едік, мұғалімдер қысымын көріп жүрік, сағат 7:40- 14:00 мектептеміз, онымен қоса жұмыс жасаймыз
Негізінде аптасына берілген 6 сағат, тек сол сағаттарды орындап кетсек жақсы болар еді, ақша бұған төленбейді, мұғалімдердің барлық жұмысын басымызға беріп қояды, ол кісінің жеке басының шаруасында істеуге мәжбүр боламыз, оны методикьіміз айтсақ дым шеше алмай, керісінше мектепке келіп “дұрыс қинандар жұмсандар” депті, ол кісі жақсылықпен айтқан шығар, бірақ бізді да түсунуді сұраймыз
7-40-14:00
14:00-21:00 жұмыс
Одан балалардың жұмыстарын тексеріп, сабақтарына дайындаламыз
Көсібі жұмыстарынан айырылыпта қалды, өзініз білесіз квартираға қазір как минимум 50к төлейміз , жұмыс жасамасақ та болмайды
Эмоционально морально да қысым көріп жүр қазір студенттер, түсінушілікпен қарауға шақырамыз. Біз оларға бізге ұнамай тұрған әрекетін айтқымыз келсе, бұл мемлекеттік практика баллдарың төмен болады деген қорқытумен болады.Жеке басқа тисушілік өте көп. Біз ол жерден айлық алып,жұмыс істеп жатқан жоқпыз,үйренуге бардық мектепке. Сонда үйреніп жатқанымыз, отыр десе отырып,істе десе істеп, эмоциональный күйзеліс болып жатыр. Сізге жеткізбей жауапты деген,адамдарға естірткенмен нәтиже жоқ. Өзіңізден бір дұрыс шешім қабылдауыңызды сұраймыз. Нәтиже талап етеміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Жауапты тұлғаларға тапсырма беріледі.

24-11-2022 01-59-41

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6732 Здравствуйте. можно узнать почему туалеты в главном корпусе на всех этажах, ужасно грязные, нет бумаги, никто не убирает, вода коричневая течет с крана, сколько учусь в универе. ни разу не видела чистого туалета.
Лифт работает через раз. с большой задержкой, гардеробная работает до шести вечера, а пары до 8 вечера. куда нам в зимнее время таскать верхнюю одежду?
В современное время и в цивильных университетах такие проблемы давно уже решены, проблемы туалетов - это уже край. Универ создан для обучения, но никаких элементарных условий жизни нет. Решите эти проблемы
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению и направлено ответственным лицам. Руководство университета старается, чтобы учеба студентов не омрачалась такими бытовыми проблемами. Спасибо за сигнал!

23-11-2022 13-54-24

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6731 Степендия қашан түседі?
Кешігіп жатыр ғой
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қарашаға дейін беріледі.

23-11-2022 13-00-56

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6730 Дархан Нұрланұлы мен 4 курс Биология мамандығының студентімін. Қазір онлайн оқып жатырмыз. Осы аралық бақылау онлайнда біткенін қалаймыз. Оның үстіне Ремонт толық бітпей тұрып не үшін бізді шақырып жатыр бізде ешқандай лабораториялық сабақ жоқ бәрі семинар. Бізді Абай 56 дағы корпуста оқисыңдар деп жатыр, өткен апта Куляш апай Жги да оқисыңдар деп еді. Өтініш жазып проректордың почтасына жібердік бірақ жауап жоқ. Университет тарапы біздің жағдайымызға түсіністік пен қараса екен. 2 апта сабақты онлайнда аяқтауға рұқсат берсеңіз! Себебі коммерциялық жатақханалардың өзі айына 30 35 мың тг.
Жауап:
Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

22-11-2022 20-52-09

Басқа
Сұрақ қоюшы: Профессор-оқытушылар Сұрақ № 6729 Құрметті Дархан мырза, біз — профессор- оқытушылар құрамы бірігіп еліміздің президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа ашық хат жолдасақ деп отырмыз. Жоғары биліктен көмек сұрамасақ, осы сұрақ шешілмей қала ма деген уайымымыз бар. Себебі, біздің көкейімізде "университеттің әкімшілік және қаржы мәселесін қандай тұлғаға тапсырдық" деген сұрақ тұр. Абай университеті елімізге белгілі, беделді Ұлттық университеттердің тізімінде. Біздің ұжымда 20-30 жыл еңбек етіп жүрген ардагерлер бар. Неге сол қызметкерлердің ішінен лайықтысын таңдап, сайламасқа!? Проректор лауазымына лайық қызметкерлер өзімізде де жетіп артылады. Абай университетіне еңбегі сіңіп үлгермеген, бейтаныс тұлғаның бізді ары қарай басқаруына қарсымыз. Күні кеше келе сала үстінен шағымдар түскен, кейбір қызметкерлер жұмысынан босатылған, наразылық білдірген. Ертең ПОҚ құрамы сондай жағдайға душар болмасына кім кепілдік береді!? Келмей жатып, профессор-оқытушылардың, кадр бөлімінің тікелей жұмысына араласа бастады. Біздің жалақымызды өлшеп, ережелер ұйымдастырып, бізге билік жүргізгісі келеді. Бастық басқа қызметкерлерге үлгі бола білу керек, қоластындағылармен ашық диалог құра білу керек, келе сала өз ережелерін тізбектемейді. ҚАЗҰПУ-да қызмет жасаған проректорлар біліктілігімен, қарапайымдылығымен, қызметкерлерге деген жылы қарым-қатынасымен беделді болған. Үлкен тарихы бар, ауызбіршілігі жарасқан біздің ұжымның ыдырауына жол бермейміз, және қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Абай университетінің ардагер қызметкерлері ретінде проректорларды таңдауға және сайлауға толықтай құқығымыз бар деп ойламыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағында.
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 53-бабының 1-тармағына сәйкес осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
Мәселен, Заңның 53-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 ақпандағы шешімімен бекітілген Қоғамның Басқармасы туралы ереженің 2.1-тармағында Басқарманың дербес құрамы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен сайланатыны анықталған. Осыған байланысты Директорлар кеңесінің шешімі және Басқарма мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде проректорлар – Қоғам Басқармасының мүшелері тағайындалды. Сонымен қатар, Қоғамның проректорлары лауазымына тағайындау конкурстық негізде жүзеге асырылғанын, Директорлар кеңесінің шешіміне шағымдану бойынша кандидаттар тарапынан шағымдар түспегенін атап өтеміз.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабын басшылыққа ала отырып, Қоғам (жұмыс беруші) мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары жасалған еңбек шарты мен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары негізінде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қоғам актілері шеңберінде Сіздің өтінішіңізде көрсетілген талаптар қанағаттандырылуға жатпайды.
Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген өтініш Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс екенін қосымша атап өткіміз келеді. Алайда, Сіз берген өтініш өтінішке қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.

22-11-2022 09-23-49

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6727 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов мырза! Біздің өтінішті ешкім естіп ескеріп жатқан жоқ! Құр шырылдап жүрміз! Өтінішті ешкім қарамайды, ешкім жауап бермейді! Студенттердің жағдайын ешкім ойлап та жатқан жоқ! Бізде студенттер толығымен келе алмай жатыр. Барлығына квартира немесе жатакхана жалдау керек . Ол ушін біраз каражат кетеді! Студенттерді ешкім ойлап жаткан жок! Сол соңғы 2 аптаны онлайн түрде бітіруге болмас па еді!!! ? Мүлдем түсінбеймін! Сол екі аптада бірдеңе өзгереді деп ойлайсыздар ма? Студенттерді де түсінсеңіздер екен! Біз соңғы 2 аптаның онлайн болуын талап етеміз! 4-курс, наука.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

22-11-2022 00-00-59

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6726 Рк1 15тен аса нб болса да,универде оқып жүрген магистранттар бар. Бір семестрде 15 болмау керек деген ед
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясатының 471-тармағында көрсетілгендей: Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушысы университеттен шығарылуы мүмкін:
1) өз еркімен;
2) қайтыс болуына байланысты;
3) оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;
4) мемлекеттік қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алғаны үшін, сондай-ақ академиялық үлгермегені үшін;
5) Корпоративтік этика кодексін, Жарғыны және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (соның ішінде дәлелді себепсіз сабақты жүйелі түрде 40 сағаттан артық өткізгені үшін);
6) білім алушы бас бостандығынан айырылғанда немесе оқуын жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жазаға кесілген сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
7) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін;
8) академиялық демалыстан шықпауына байланысты;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша.

21-11-2022 18-37-51

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6724 Сәлеметсіз бе! Стипендия қашан түседі? Әр айдың 20сы түсуші еді ғой
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қарашаға дейін беріледі.

19-11-2022 16-53-55

Басқа
Сұрақ қоюшы: Қызметкер Сұрақ № 6723
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы! Сізден сұрайын дегенім, неге соңғы жылдары біздің университетімізде бюрократия күшейіп барады? Айлықты көтергендеріңізге рақмет, бірақ, қит етсе "айлыққа әсер етеді", "табель кезінде есептейміз", "түсініктеме жазуға тура келеді", "рапорт жазылады" деген ескертулер көбейіп кетті Уотсаптағы чаттарды ашуға қорқатын болдық әуелі. Тексеру, толассыз қызметтік хаттар, ескертулер. Әлде басшылық ПОҚ құрамы шалқадан түсіп, демалып жүр деп ойлай ма?Біз әр алған тиынды маңдай термен ақтап отырмыз: оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, мектеппен байланыс, мерекелік іс-шаралар, қоғамдық жұмыстарымыз бар. Одан қала берсе, ата-аналармен жұмыс жасаймыз, әр студенттің капризын көтереміз. Оқу ақысын төлейтін кезде, сессия, аралық бақылау кезінде ата-аналардың сұрағы көбейеді, бәрімен сабырмен жұмыс жасаймыз. Неше түрлі ата-ана, студент бар, эмоцияларын жасырмайды, жоғары тонда сөйлейтіндері бар. Бәрі жүйке-жүйемізге әсер етеді. Демалыс күндері, мейрам күндері де жұмыстың қағаздарымен отырамыз. Мектепте практиканттарды қараймыз, бәріне жазбаша есеп береміз. Ертең сессия басталса, 24 сағат чаттарға тыныштық жоқ, сағат сайын эдвайзерлер есеп береміз. Әр студенттің проблемасын бізден сұрайды, екі алса да, ұрсады, телефонға түн жарымға дейін тыныштық жоқ. Бір қате кетсе, чатқа оқытушының аты-жөнін жазып, ұрсып та жатады. Ол деген үлкен стресс қандай адамға болса да. Ешбір ПОҚ құрамы бос жүрген жоқ.
Исакова К.Т. деген кісі біздің ұжымға келгелі жаңалық бітпейтін болды. Бір емес бірнеше рет үстінен шағым түсіпті, өзіңіздің блогыңыздан оқыдық. Келгеніне бір жылдан енді асыпты. Неге ол кісіге шара қолданбайды? Неге ол кісі орнында отыр? Жазылған шағымдарды блогыңыздан оқып, таң қалдық. Неге қарапайым оқытушыларға ғана шара қолданады, түсініктеме жазғызады?
Ол кісі педагог емес, университетінің ішкі саясатына неге жиі араласады? Бізде өз жұмысымызды, құқығымызды білеміз. Қажет жағдайда біз де жоғарғы білім министрлігінен көмек сұраймыз.
Бар сұрарымыз: стрессіз жұмыс істеуге мүмкіндік жасасаңыздар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
Мәселен, өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
Бұдан басқа, Сіздің өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмегенін хабарлаймыз: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, келіп түскен өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Алайда, Сіздің өтінішіңізде өтініштің мәні көрсетілмеген және құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалар туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса беруіңізді сұраймыз.

18-11-2022 20-04-03

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6722 Здраствуйте, Дархан Билялов. Я студентка 4 курса, пишу по поводу нашего обучение. Нас без нашего согласия переводите на оффлайн обучение, как тем временем у других студентов спрашивают у них же разрешения. Наше слова пустой звон? 2 недели обучение оффлайн, будет сложным для нас так как, не живу в Алматы и по поводу квартиры также нет, средства для снятия квартира тоже нет. Так как я еще студент, не работаю, потому что студентам не позволено работать. Но каким образом мне выжить в Алматы без средств и без квартиры. Я все это пишу чтобы нас оставили на онлайн обучений
Жауап:
Уважаемый обучающийся! В соответствии с приказом Министерства науки и высшего образования РК учебный процесс в вузах страны будет организован в офлайн-формате. Обучение в вузах страны проходит в смешанном формате: практические, лабораторные, семинарские занятия, производственная практика - в штатном режиме, лекции – в онлайн-формате. Спасибо!

18-11-2022 13-48-08

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6721 Біз биология наука 4 курс сабағымыз онлайн жалғасқанын қалаймыз.Себебі бізде оффлайн түрде өтуді қажет ететін сабақтар жоқ! Біз екі аптаға бола оффлайнға өтуді қаламаймыз.
Жауап:
Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

18-11-2022 13-42-30

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6720 Құрметті Дархан Біләлов! Біздің сұрақты жауапсыз қалдырмаңызшы! Біз екі аптаға бола пәтер немесе жатақханаға ақшамызды шығындап жатқымыз келмейді. Сол екі аптада бірдеңе өзгереді деп ойламаймын! Біз онлайн оқуды қалдыруыңызды сұраймыз. Өтініш!!!
Жауап:
Құрметті студент! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

18-11-2022 08-51-26

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6719 Құрметті, Дархан Біләлов! Біз 4курс наука мамандығы онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз. Бізде оффлайн түрде өткізуді міндеттейтін зертханалық сабақтар жоқ. Бізді екі аптаға бола оффлайн оқуға шақырып жатыр.Студенттердің сол бір екі аптаға бола жатақханаға немесе басқа тұрғын үйге төлейтіндей жағдайлары керемет емес. Студенттерге түсінікпен қарауыңызды және онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз.!!!
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

16-11-2022 09-07-32

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6718 Сәлеметсізбе! Қайырлы күн! Мен 4 курс студентімін. Бізде педпрактика басталғалы 2-ші апта өтті. Қайтадан мектеп ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Өзімізге жайлы емес мектептен,мұғалім-оқушылармен сабақ өткіміз келмейді. Мектеп ауыстыру мүмкіндігі болса қалай жасаса болады? Назарларыңызға рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Мансап орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рахмет!

14-11-2022 18-48-15

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6717 Здравствуйте! Мне сказали , что мне перечислили стипендию, на самом деле на мой счёт ничего не поступало. Помогите разобраться в данном вопросе. Магистрант 1 курса Малибаева Асемгуль. Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! Мы связались с бухгалтерией, по ее сведению стипендия Вам выплачена. Просим связаться с главным бухгалтером-начальником Управления бухгалтерского учета и отчётности Ламбековой Торгын Ерсайновной по тел. 291-30-67.
Барлығы: 3678