Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
31-05-2023 21-06-42   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7119
Хочу сказать слова благодарности Кайбрахмановой Алиме Мусаевне работнице центра "Шапагат", которая работает за 3 столом. Она вежливо и быстро выдала документ, сделав работу отсутствующей сотрудницы. Спасибо за вежливость и корректность.
Жауап:

Уважаемая Елена! Большое спасибо за Ваши теплые слова. Ваш отзыв очень важен для нас.

31-05-2023 11-32-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7118
Сәлеметсіз бе?!
4 курс студентімін дипломдық жобаны антипоагиаттан өткізгенбіз, антилагиаттың қатесімен бізде өте төмен % көрсетіп тұр. Универден антиплагит бойынша сұрасақ олар дым жасамаймыз деп отыр. Сізден көмек сұраймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Антиплагиат - бұл университеттің құрылымына бағынбайтын және оған кірмейтін жеке жүйе. Сіз өзіңіздің ғылыми жетекшілеріңізбен бірлесіп, жұмысты тағы бір рет қарап, антиплагиат жүйесі көрсеткен жерлерді түзетуіңіз керек. 

 
31-05-2023 00-55-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7117
Сәлеметсіз бе, Ректор мырза! Президенттік шәкіртақыға құжаттар қай уақыттан бастап қабылданады?Ол туралы мәліметті қайдан алсақ болады? Алдын-ала рақмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,29171-06. Рахмет!

26-05-2023 13-52-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7112
Сәлеметсіз бе! Қызыл дипломға үміткер екеніңді қалай біле аламын анық? Қабылдау кеңсесі универдің телефон көтермейді! Кімге хабарласып білу керек?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71,29171-06. Рахмет!

26-05-2023 12-40-41   Басқа

Сұрақ қоюшы: Ашкеев Мұрат Жаманович

Сұрақ № 7111
Қайырлы күн! Мен СҚО,Айыртау ауданы, Қызыл-Әскер орта мектебінен хабарласып отырмын. 1985-90 ылдар аралығында сол кездегі ААбай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай оқу бөлімн оқып бітіргенімді растау қажет болып тұр. Электронды поштаңызға сұраныс жібердім.Соған жауап беруіңізді өтінемін!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді rector@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштасына жолдауыңыз қажет.

26-05-2023 12-13-52   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Бұрханбаева Анжир Кайнарбековна

Сұрақ № 7110
Саламатсыз ба? Мен ата ана ретінде сұрағым бар еді. Менің қызым көктемгі сессияда бір пәннен FX алып, оны жақсы 79 деген балмен жапты. Қазір 3 курсты бітіріп жатыр. Егер 4- курста жалпы GPA -сы 3,50 төмен болмаған жағдайда қызыл дипломға үміткер бола алады ма? Министрліктің №595 ережесінің 50 тармағында Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді- деп жазылған, FX деп нақты көрсетілмеген.Әлде FX туралы сіздердің ішкі ережелеріңізде көрсетілген ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Министрліктің № 595 бұйрығы үлгілік қағидаларының 42-тармағына сәйкес "FХ" бағасын "қанағаттанарлықсыз" алған кезде Академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруға жол беріледі. Сондықтан "FХ" бағасын қайта тапсыру үздік диплом алуға мүмкіндік бермейді.

26-05-2023 09-53-44   Басқа

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 7109
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Қазіргі уақытта оқытушылар конкурстан өтіп жатыр.
осы өтіп жатқан қызметкерлердің жұмыс уақытының талаптарын қаншалықты сақтап жүр
деген мәселе бойынша кіре берістегі турникет қорытындысын қарастырсаңыздар.Себебі біреулер күнде азаннан кешке дейін жұмыста жүреді біреулер мүлдем келмейді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының жұмысқа келіп кету уақытына қатысты түскен өтінішті қарап, келесіні хабарлайды.
Еңбек тәртібі Ережелеріне (бұдан әрі - Ережелер) сәйкес, қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу үшін, сондай-ақ олардың еңбек тәртібін сақтауы үшін Абай атындағы ҚазҰПУ электрондық өткізу жүйесінен мәліметтер сұратуға, сонымен қатар олар бұзылған жағдайда тәртіптік сипаттағы шараларды қолдануға құқылы. Профессор-оқытушылар құрамының сабақ уақытында жұмыста болуын қадағалау жетекшілік ететін Институт басшыларына жүктелген.
Сонымен қатар, осындай мән-жайлар орын алған жағдайда немесе бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген Ережелер шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін Кадр саясаты басқармасына жүгінуіңізді сұраймын.
26-05-2023 06-01-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қожакелді Жансая Бөлегенқызы

Сұрақ № 7108
Сәлеметсізбе құрметті Ректор мырза! Мен Абай университетінде Педагогика психология институты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығында 2 курс оқимын. 2 курста бұл мамандықтың маған керек емес екенін, ұнамайтынын түсіндім.
Енді сұрағым: Мен осы өзіміздің универ ішінде мамандық ауыстыра аламын ба?!
“Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығын 2 курстан жалғастырып оқығым келеді. Бұл үрдіс қалай жүреді?!
Осы туралы кімнен ақпарат ала аламын?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз өзіңіздің транскрипіңізбен Сорбонна-Қазақстан институтының деканатына немесе сол институттың экономикалық пәндер кафедрасына баруыңыз керек, сонда олар Сіздің пәндердегі айырмашылығыңызды есептейді. Егер Сіздің пән айырмашылығыңыз 27 кредиттен аспаса, 20-25 тамыз аралығында Шапағат орталығына ауысу туралы өтінішіңізді жаза аласыз. 

 

25-05-2023 17-16-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7107
Здравствуйте! Можно узнать стоимость обучения магистратуры по специальности "ПМНО" на 20232024гг. Есть ли скидки вашим студентам, закончившие бакалавриат и решившие продолжать учебу, повышая степень? Как производится оплата, частями или полная оплата? Если частями, то как именно?
Жауап:

Здравствуйте! Стоимость обучения на все педагогические специальности составляет 1 290 563 тенге в год. Более подробно об условиях приема можно ознакомиться на сайте университета в разделе «Поступающимся»: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/ . Спасибо!

24-05-2023 17-08-13   Басқа

Сұрақ қоюшы: Ашкеев Мұрат Жаманович

Сұрақ № 7105
Сәлеметсіз бе! Сізге Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау ауданы Құмтөккен ауылы, Қызыл-Әскер орта мектебінен хабарласып отырмын. Мен 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінде білім алған едім. Қазір менің сол дипломымның валидті екендігін растау қажет болып тұр. Соған орай эл.поштаға сұраныс хат жіберіп тырмын, соған мүмкіндігінше тезірек жауап берілуіне жағдай жасауыңызды өтінемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломыңыздың валидті екендігін растау үшін Е-Өтініш порталы арқылы мұрағаттық анықтама алуға Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына өтініш жазуыңыз керек.

24-05-2023 16-07-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7104
Осы айда стипендия кашан туседи екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласып, сұрағыңызға жауап алсаңыз болады. Тел.: 291-37-54.

24-05-2023 15-40-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7103
Президенттік шәкіртақы қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Президенттік шәкіртақы туралы  министрлік тарапынан бұйрық келгеннен кейін түседі.

23-05-2023 10-32-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7102
Добрый день ! Не могу дозвониться в университет. Скажите пожалуйста закончилась ли сессия у всех студентов ? И когда начнется пересдача ?
Я плохо сдала казахский язык по причине того что на руках не было теста к которому нужно готовится . В группу никто не скидывал, уже после прохождения экзамена я узнала что преподаватель отправила тест лишь некоторым студентам . Я не знала к чему готовиться и как то сама не спросила . Теперь я не знаю как поступить . Дело в том , что у меня свободное посещение и я взяла билеты в другой город думала там пересдам онлайн . Билеты дорогие теперь вернуть не могу . Уезжаю по личным причинам . Пожалуйста помогите с решением этого вопроса . Заранее благодарю !
Жауап:

Здравствуйте! Сегодня - последний день сессии. Поэтому Вы сами сегодня должны записаться на летний семестр в оффлайн-режиме. А летний семестр начинается с 5 июня т.г. Летний семестр для І, ІІ курсов - в онлайн-режиме, а ІІІ курс - оффлайн-режиме.

22-05-2023 22-12-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7101
Қайырлы кеш! Вручение қандай форматта болады деп сұрайн деп едім?! бүкіл факультетке біртуақытта болуын қолдамаймыз. Әр диплом алатын студенттерге жеке-жеке шақыртылып берсін,тек қызылдарды ерекшелеп емес! Барлық универде жеке-жеке ректор береді,бізде не үшін общий болады? Мен ғана емес,барлық студенттер қолдап жатыр мені! Сұрағымызды ескерулеріңізді сұраймыз!
Жауап:

Құрметті студент! Хатыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызды сұраймыз. Рақмет!  

22-05-2023 15-52-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Еркинов Райымбек

Сұрақ № 7100
Сәлеметсіз бе
Аты жөнім Еркинов Райымбек әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығының 3 курс студентімін.
19.05.2023 бізде 5 корпуста “Білім берудегі цифрлық технологиялар” пәнінен тест(сессия) тапсырдық.
Бұл сабақтың, тестті түсінбегенім
5 вариантты сұрақтың 3 варианты дұрыс болуы
Яғни маған 1 сұрақ келді мен оның тек 1 жауабын белгіледім, тест аяқталған соң маған ол сұрақта 3 дұрыс жауап деп шығып тұрды. Осы сұрақты пән мұғалімінеде қойдық неге олай деп, бірақ бізге ешкім нақты жауап берген жоқ, бір біріне сілтеп отырады.
Және бірнеше жауаптық тестте тек максимум 3 жауап болу керек. Бірақ 5 дұрыс жауап шығып тұрды.
Біз мұғалімдерден неге ескертпедіңіздер деп сұрасақ, мұғалімдер сіздерге ескертуге міндетті емес деп жауап берді
Осы сұрақты оқып нақты жауап беруіңізді сұраймын. Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бұл мәселе бойынша Педагогика және психология институтының Сапаны қамтамасыз ету комиссиясы шешім қабылдайды.

22-05-2023 12-34-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7099
Салеметсізбе? 4-курстарга вручение кашан? Накты уакытын алдын ала айта аласыздарма? Алыстан келетін ата аналарымыз туыстарымыз бар билет куннен кунге кымбаттап тұр. Өзмізде кететін уакытка сайкес квартираны тапсыруымыз керек. Осы жағдайды нактылап берсеңіздер
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан білуіңізге болады. Рақмет!

21-05-2023 09-25-54   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7098
Сәлеметсіз бе! Егер тех ахауға қатысты емтихан тапсырса, қызыл диплом ала аладыма
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

20-05-2023 14-32-38   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7095
Салеметсиз бе. 4 курстарга стипендия Кай айда сонгы рет туседи?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттеріне стипендия беру тәртібі 4-ші курсты аяқтау туралы бұйрыққа тікелей байланысты. Бұйрық шыққан күнге дейін стипендия төленеді.

18-05-2023 12-15-27   Басқа

Сұрақ қоюшы: Айдана Жолдасбай

Сұрақ № 7094
Сәлеметсіз бе,менің сұрағым келгені осы университетте ішкі грант (ректор гранты)ойнатыла ма?Сұрақ жолдап отырған биылғы жылғы бітіруші түлек,рақмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда грант орындары тек мемлекет тарапынан бөлінеді. Ішкі грант жоқ. 

17-05-2023 12-43-30   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7093
Қайырлы күн, Дархан ағай!​ Абай университетінде оқып жатқаныма өте қуаныштымын! Барлық туыс, достарыма біздің Абай университетінде білім алуға сөзсіз кеңес беремін. Қуанышыма орай, ЖГИ-дың 1 курсын сәтті аяқтап жатырмын. Мен мектепте білім алып жүргенде тұйық, ұялшақ өз ойымды ашық айта алмай, аудитория алдында сабақ айтуға қорқатын едім. Қыркүйек айында, университет табалдырығын аттап, түбегейлі өзгердім. Ең бірінші орыс тілінен сабақ беретін ұстазыма алғысым шексіз. Апайымыз жас болса да, тобымыздағы әр студенттің талантын аша білді деп ойлаймын. Бізге жасқанбауды, көпшілік алдында еркін сөйлеуді, өз ойымызды толық жеткізуді үйретті. Қыркүйектің басында артқы партада тығылып отырған балалар сабаққа белсенді қатыса бастады. Группаластарымның айтуынша біз мектепте орыс тілін қазақша өтетінбіз, немесе сабақ дұрыс өтілмейтін. Университетте оқып,​ жыл соңында біз өзімізден үлкен өзгерістер байқадық. Апайымыздың арқасында орыс тілін жақсы деңгейде меңгердік деуге болады.​ "Молодец!", "Отлично выступил!", "Умница!" деп бізді қанаттандырып жүрді. Басқа пәндерден де жақсы, ұлағатты, білімді​ ұстаздар жеткілікті. Барлығын қадағалап, басқарып отырған сіздерге алғысым шексіз!
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің пікіріңіз бен ұсыныстарыңыз біздің университетті одан әрі жақсартуға көмектеседі. Біз студенттерімізге жоғары сапалы білім беру үшін университетімізді үнемі дамытуға тырысамыз. Бізді білім алу орны ретінде таңдағаныңыз үшін рақмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  10  11  12  13  14 15  16  17  18  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений