Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
03-04-2023 13-44-54   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6988
Қайырлы күн! Мен Педагогика және психология институтының 4 курс студентімін. Мен Алматы қалалық Б.Сағынтаев атындағы әкімдік грантымен оқуға түстім. Университет қабырғасына келгелі 1 курс та ғана жол ақысын(дорожка)алдым. 2 курста белгілі себеп коронавирустың салдарынан оқуға келмегендіктен жол ақысын алған жоқпыз. Бірақ неге 3ші және 4ші курста жол ақысы төленбеді? Институтымыздың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сауле Шолтаевнаға жолыққанда үйімге барып келгенімізді растайтын билеттермен посадочный таллонды талап етті. Оны уақытында апарып тапсырдық. Енді түспедіғой деп барсақ ,біз жібердік қалған жұмыс бухалтерияныкі деді.Одан бухалтерияға барсақ деканатқа барыңыз деді.Деканатқа барсақ акиматқа хабарласыңыз деп құтылады. Сонда біз студенттер әр есікті қағып жүре береміз бе? Әлде Университетте әкімдікпен хат алмасатын қызметкерлер жоқ па?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Жол жүру төлемақысын төлеу үшін ережеге сәйкес құжаттардың түпнұсқасы мен отырғызу талонының түбіртегін уақытылы директорат қызметкеріне тапсыру қажет. Құжаттарды уақытылы өткізген мемлекеттік және әкім грантында оқитын білім алушыларға қазіргі таңда жолақысы төленді. Егер Сіз құжаттарыңызды өткізген болсаңыз, жол төлемдері міндетті түрде беріледі. Рақмет!  

03-04-2023 13-25-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6987
Я студентка 4 курса Казнпу им.Абая, сегодня обращалась к нашему студентческому здравпункту по поводу здоровья. Меня не приняли ,сказав что я зарегистрирована в другом месте, почему то я зарегистрирована в каскелене в поликлинике “Сенім” хотя никогда там не была. На просьбу перерегистрации к ним, врач 1 поликлиники нашего здравпункта сказала что я 4 курс и это невозможно. В данный момент я болею, я проживаю в городе и не могу поехать в каскелен. Этот здравпункт открыли для студентов Казнпу им.Абая, но тогда почему мы студенты этого Вуза не можем там лечится?
Жауап:

Здравствуйте, уважаемый студент!
Университет к Вашему прикреплению в поликлинику «Сенім» в г. Каскелен Алматинской области не имеет никакого отношения, так как каждый гражданин РК прикрепляется к той или иной поликлинике с помощью индивидуального ЭЦП-ключа, подав лично запрос через портал «электронного правительства» еgov.kz или через мобильное приложение еgov.mobile. Прикрепиться к поликлинике можно раз в год по праву свободного выбора (с 15 сентября по 15 ноября), а также в случае, если человек поменял место постоянного или временного проживания, согласно приказу Министра здравоохранения РК от 13 ноября 2020 года «Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь».
Для решения Вашего вопроса просим подойти в Здравпункт университета по адресу: Толе би, 35, кабинет № 2.
02-04-2023 20-58-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6986
Здравствуйте!
Хочу узнать, что будет, если не сдать (платные, бесплатные попытки) НКТ, как в таком случае отрабатывать гос.грант?
Дайте, пожалуйста, более подробный ответ, в каких именно частных организациях можно отрабатывать, только лишь частные школы?
Жауап:

Здравствуйте! Если выпускник не смог сдать НКТ (платные, бесплатные попытки) в текущем году, то он будет сдавать НКТ в следующем году. 

30-03-2023 11-37-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6982
Здравствуйте, Дархан Нурланович!

Сейчас в связи с геополитической обстановкой очень актуальным становится вопрос службы в армии. Студенты 1 курса интересуются по поводу военной кафедры. Каковы перспективы ее возобновления? Либо будет ли соглашение с другим вузом для обучения на военной кафедре? Благодарю вас
Жауап:

Здравствуйте! По данному вопросу просим связаться  с военной кафедрой. Контактные данные: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/1093/page/. Спасибо!

30-03-2023 09-22-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6981
Қайырлы күн, мендегі сұрақ екі шет тілі мамандығы бойынша босаған гранттан қашан ойнатылады, және өтініш жіберу мерзімі нақты қай кезде болады, куратор-эдвайзерлер де, мұғалімдер де ешкім бұл жайлы ақпарат бермейді, бірінші семестрде босаған орындар әлі де ойнатылған жоқ.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2023 жылдың қаңтар айының басында университеттің ресми сайтына білім беру бағдарламалары бойынша бос грант орындары туралы ақпарат жарияланған болатын. Бос мемлекеттік грант орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік грант орындарының конкурсына білім алушылардың өтініштері қабылданып, конкурс өткізілді. 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы министрліктің бұйрығы негізінде университеттің бұйрығы шығарылды.  
Егер Сіздің оқу үлгеріміңіз бос мемлекеттік грант орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, 2022-2023 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік грант орындарының конкурсына қатыса аласыз. Оқу кезеңінде грант орындары босаған жағдайда университеттің ресми сайтына білім беру бағдарламалары бойынша бос грант орындары туралы ақпарат жарияланып, институт тарапынан білім алушыларға хабарланады. Конкурс ережесімен танысып, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
28-03-2023 11-27-26   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6980
Здравствуйте! Хочется узнать сроки сдачи справки (ходатайство) с места работы (планируемого).
На данный момент есть информация, что до конца марта месяца. Разве не дается время, для того чтобы выпускник с дипломом на руках выбрал для себя место работы, город или же вариант с поступлением на магистратуру. И когда обычно проходит распределение по областям КЗ, для тех, кто на гос.гранте?
Жауап:

Уважаемый молодой специалист! Согласно Постановлению Правительства РК от 30.03.2012 г. №390 граждане страны, обучавшиеся на основании государственного заказа, после окончания университета получают обязательную 3-летнюю отработку гранта. Все граждане, прошедшие обучение по грантам, распределяются Комиссией по трудоустройству по вакансиям (с 16 июня 2023 года). До этого каждому молодому специалисту предоставляется возможность самостоятельно устроиться на работу. Если нет возможности и времени самому найти работу, Вы обязательно будете распределены по вакансиям со стороны университета. В случае отсутствия вакансии по специальности, Вас направят на регистрацию на учет безработных по месту жительства. Время проведения запроса не откладывается, так как 01.07.2023 года по республике будет приостановлен срок распределения молодых специалистов и будет проводиться соответствующий протокол трудоустройства. Спасибо!

25-03-2023 16-57-47   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Сәрсенбаева Елена Әбдінәбиқыз

Сұрақ № 6978
Қайырлы кеш,оқу орнына ашық есік күндері қай уақытта болады?Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда Ашық есік күндері өтіп кетті. Алдағы уақытта өткізілетін Ашық есік күндері туралы ақпарат университет сайтының "Хабарландыру" бөлімінде  жарияланады.

 

24-03-2023 16-47-10   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6977
Құрметті Ректор Біләлов мырза!

Мен педагогика және психология кафедрасында дәріс беремін. Менің жағдайымды тек өзіңіз әділ бағалауыңызды сұраймын.

21 ақпан күні сағат 16:00 де кафедраның кеңейтілген диссертациялық кеңесінде ресми резензент болғандықтан, мен сол уақыттағы сабағымды магистранттармен келісіп, бір сағат кейінге шегердім. Осы уақытта университеттің оқу бөлімі тексеріп, мені сабақ өтпеді деп айыптады. Мені сол үшін жазалау туралы сіздің атыңыздан шыққан бұйрыққа амалым болмағандықтан бүгін "таныстым" деп қол қойдым (24.03.2023). Бірақ бұл шешім әділ болмады деп санаймын. Мен сабақ барысында университеттің жұмыстарымен айналыстым. Мені не үшін жазаладыңыз?

Сағат 16:00 де кафедраның кеңейтілген диссертациялық кеңесінде ресми резензент болтыным туралы ақпарат та жасырын емес, ол туралы бәрі білді гой. 320 аудиторияда өтті.

Бүгін 24.03.2023 жыл сізге осы бұрық қолыңызға түсетін шығар. Мені жазаламауыңызды сұраймын және осы мәселені тек өзіңіз әділ шешуіңізді сұраймын. Себебі мен осы кезге дейін проф Х. Жанбековтың, педагогика және психология институтуның директоры - Г. Абаеваның алдарынан өттім. Олар кадр бөліміне жіберді. Кадр бөлімі коммиссия құрып шығарған шешімі мені жазалау болды. Бірақ мен не үшін жазаланамын? Мен өзіміздің университеттің рецензенті болғаным үшін кінәлі болдым ба? Шешімді түсінбедім...

Құрметпен,
Касымова ГК

Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Тәртіптік кеңестің отырысы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының қызметтік хаты негізінде өткізілген. Тәртіптік кеңес Басқарма төрағасы-ректордың 2022 жылғы 18 сәуірдегі №347 - ж/қ бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес өз жұмысын атқарады. Кеңестің 2023 жылғы 10 наурыздағы №1-ДС хаттамалық шешімі негізінде «Ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілік шара қолдану ұсынылды. Сіз сондай-ақ, Тәртіптік кеңес шешіммен және бұйрықпен қол қою арқылы таныстыңыз. Сауалыңыз үшін рақмет! 
24-03-2023 16-42-21   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6976
Сәлеметсізбе?Биотехнология мамандығын бітіргенмін.Сіздердің оқу орындарыңызға биология пәні мұғаліміне магистратураға тапсыруға болама?Осыған байланысты басқа сұраұқтарды кімге қоюға болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Иә, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша "Биология мұғалімдерін даярлау" мамандығына тапсыруыңызға болады. Тел.: 8(727)291-57-68.

24-03-2023 12-26-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6975
Саламатсыз ба құрметті ректор мырза. Мен бұл жерге өкінішке орай екінші мәрте жазып отырмын. Бұл жолғы уәжім мынадай: мен және менімен бірге шет елге ұтқырлық бойынша барған студенттер міне семестр басталғалы екі айдың шәкіртақысын әлі алмадық. Есептесу бөліміне жазған студенттерге біз әлі реттестіріп жатырмыз, алдын 10 күн реттестірген едік, сол үшін күтулеріңізге тура келеді, 2 ай болса 2 ай, 3 ай болса 3 ай күтесіздер депті. Бірақ түсіністік танытутыларыңызды сұраймыз, біз шәкіртақыға қарап отырған студенттерміз. 3 ай шәкіртақысыз отыру бізге өте қиын болмақ. Сол реттестірулер барынша тездетілсе және біздің шәкіртақымыз барынша тез түссе екен.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызды қарастыру үшін қай мамандықта оқитыныңызды ашып көрсетуіңіз қажет. Бұл сұрақ бойынша өзіңіз білім алып жатқан институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Институт басшылығының байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.

24-03-2023 11-05-22   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6973
Здравствуйте Дархан Билялов! Я Заслуженный деятель Казахстана,единственный в нашем университете, 2018 году получил степень "Ассоциированный профессор Искусствоведения", работаю 12-год, я домбрист-кюйши, в репертуаре свыше 500 кюев, часто выступаю по радио и телевидению, написал много статей в международных и республиканских научных конференциях. Я подавал заявление на степень "Профессор университета", главный научный секретарь посметрев мои достижения за последние 5-6 лет сказала, что я могу дать заявление, комиссию я не прошел, так как нет у меня статей Скопус. Причем тут статьи в Скопус, я публичный человек, я же прошу не педогогическую степень, а "Искусствоведение". Вы можете посмотреть мои достижения за 10 лет, за 5-6 лет в сфере искусства. Если университет не повышает степень Заслуженному деятелю Казахстана, то я ничего не понимаю, тогда я буду обращаться в МОН РК. Спасибо за внимание.
Жауап:

Здравствуйте! Согласно «Положению конкурса на замещение должностей ассоциированный профессор (доцент), профессор некоммерческого акционерного общества «Казахский национальный педагогический университета имени Абая», утвержденного решением членов Правления НАО «Казахский национальный педагогический университет имени Абая», Протокол №33  от 13.04.2022 г. (далее - Положение), пункт 13: Назначается на замещение должности профессор университета лицо с ученой степенью ассоциированный профессор (доцент), имеющее почетное звание, специалист в области искусств, работающий в данной организации, в следующих случаях:
1) непрерывный стаж научной и (или) творческо-педагогической деятельности не менее 3 (трех) лет в некоммерческом акционерном обществе «Казахский национальный педагогический университет имени Абая»;
2) не менее 14 (четырнадцати) научных статей и (или) творческих работ по запрашиваемой специальности (после получения асс. профессора (доцента));
3) научная монография/учебник, 2 (два) лица (коллектива), подготовленные под его руководством (после получения асс. профессора (доцента).
Поэтому Вам для получения звания профессора университета нужно привести документы в соответствие с Положением, пункт 13. Для получения полной информации Вам необходимо обратиться в 401 кабинет учебного корпуса №6 (Гл. учебный корпус), к Главному ученому секретарю.
18-03-2023 21-01-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6972
Здравствуйте! Когда поступит стипендия за март?
Жауап:

Здравствуйте!  Выплата стипендии планируется 24 марта т.г. Спасибо!
18-03-2023 15-20-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6971
Сәлеметсіз бе, құрметті ректор мырза? Оқытушылар тарапынан әділетсіздік жүзеге асып отыр. Іс тәжірибе портфолиосын басқа студенттермен бірге тиесілі кабинетке оқытушыға өткізіп кетіп едім. Дәл менің құжатым жоқ болып тұр. Іс тәжірибе баллын қоятын оқытушы менен қалайда тауып келуімді бұйырып отыр. Кафедрада жоғалған дүниеге студент жауапты ма сонда? Әйтпеген жағдайда тәжірибе баллы "анулировать" етіледі деп ескертілді. Әділдік қайда? Жауап үшін алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда аталған мәселені қарастыру үшін кафедраның атауы қажет. Портфолио қай кафедрада жоғалғанын ашып жазуыңызды сұраймыз.

18-03-2023 11-36-50   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6969
Мен, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, «Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу» ішкі Ережесіне ЖОО-да көпжылдық педагогикалық өтілі бар оқытушы-профессорлардың педагогикалық біліктілігі мен жоғары білім саласындағы тәжірибесін ескере отырып, еңбек келісім шартының мерзімін конкурстан тыс ұзарту туралы өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Я, преподаватели КазНПУ им Абая, предлагаю внести изменения во внутреннее Положение «На замещение вакантных должностей профессорско преподавательского состава» продлить срок трудового договора без прохождения по конкурсу, тем преподавателям, которые имееют многолетний педагогический стаж в КазНПУ им Абая, принимая во внимание их педагогический опыт в сфере высшего образования.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз: 
ҚР «Білім туралы» Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессор-оқытушылар құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады. 
Сондай-ақ, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 53 - бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің  айрықша құзыретіне қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту жатады. 
Директорлар кеңесінің 11.08.2021 ж. шешімімен бекітілген Педагогикалық, ғылыми қызметкерлер мен кафедра меңгерушілері лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес, осы Ережені әзірлеудің мақсаты –  педагогикалық және ғылыми қызметкерлерге, кафедра меңгерушілеріне олардың конкурсқа қатысуы үшін тең мүмкіндіктер беру, адал бәсекелестікті, объективтілікті, жариялылықты қамтамасыз ету, конкурс өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және т.б. болып табылады. 
Сонымен қатар, Ережеде зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартының мерзімін одан әрі ұзарту Конкурстық комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
18-03-2023 10-13-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6968
Сәлеметсіздерме!Асхана мәселесі бойынша бағалары өте қымбат күн сайын бағаларын өзгертеді.Сатушыларыда әр-түрлі баға айтады жаратылыстану және география институты.Осы асхана мәселесін қолға алсаңыздар! Студент болған соң бізге қиын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Рахмет!

16-03-2023 18-12-21   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6965
Степендия қашан түседі? Праздник дейін или кейін?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия ағымдағы жылдың 24 наурызында төленеді деп жоспарлануда. Рахмет!

15-03-2023 19-52-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Кымбат

Сұрақ № 6963
Что будет если не сдать тест по одному предмету. Повторный дистанционный курс ???
Жауап:

Здравствуйте! Если Вы получили F (интервал от 0 до 25 баллов), это - академическая задолженность, а если - FX (от 26 до 49 баллов), у Вас есть возможность пересдать тестирование. Спасибо!

15-03-2023 17-09-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6962
Здравствуйте. В начале семестра был конкурс на присуждение гранта которые освободились. В начале сказали что нужно подавать оффлайн а потом онлайн. Результаты ждали больше 2 месяца. И вот я узнаю что на этот конкурс могут участвовать только те кто поступили после колледжа. А нельзя было предупредить об этом заренее студентов чтобы не было ожиданий? И пожалуйста можете обьяснить почему только студенты которые поступили после колледжа могу участвовать в этом конкурсе?
Жауап:

Здравствуйте! Разъяснительной работой по подаче документов на участие в конкурсе на высвободившийся образовательный грант занимается руководство институтов. Просим обратиться в директорат института, в котором Вы обучаетесь. Спасибо!

15-03-2023 03-06-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6961
Құрметті ректор мырза, мен сіздің блогыңызға бірінші рет жазып отырмын, сол үшін де менің сізде қойылғалы жатқан сауалымды елеусіз қалдырмассыз деген үміттемін. Мен тұратын 2-ші жатаханада 15.03.2023 күні сағат түнгі 2:15 шамасында қыздардың дәретханасын кілттеп жауып тастады. Қаншама қыздар дәретханаға бара алмай қазірдің өзінде әрең жүр, дәретті уақытысында шығармаудың өзі денсаулыққа кері әсер беретінін менен де жақсы білетін боларсыз. осы күнге дейін су құбыры дұрыс істемей жүрді, дер кезінде сантехник шақырмағанның кесірінен осындай жағдай болып отыр. Және тағы бір қозғағым келіп тұрған нәрсе ол- душ. Әр дүйсенбі сайын душты санитарлық күн деп жауып тастайды. Бірақ кейде душты тазалаған шығар деген оймен сейсенбі күні кірсен сол күйі лас болып жатады. сол душқа түсуге жиеркенемін. Ректор мырза сізге үлкен өтініш сол тазалықты да қадағалаңызшы. менің қояр екі сауалым осы
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.  Сұрағыңыз үшін рахмет!

14-03-2023 10-23-53   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6959
Сәлеметсіз бе?! Біздің универлерде студенттің қызығушылығын оятуға арналған дүниелер мүлдем жоқ. Концерт либо жарыстар, студенттердің басын қосатын дүние жоқ. Неге сол жағдайды студенттерге қалыптастырмасқа?) Студенттер тек келіп, кетеді. Әр студенттің студенттік шағы есте қалуға тырысуымыз керек деп ойлаймын!
Келесі мәселе тағы да айтамын универде мүлде жағдай жасалмаған. Химия сабағының Зертханаға қажетті заттарды таба алмайсың. Әр кабинетті шарлап іздеп жүреміз. Не болмаса студенттер өздері сатып әкелетін жағдайларда бар.
Келесі басқа студенттердің айтып жүрген асхана мәселесі, тым қымбат! Онымен қоса, тамақ ішіп отсаң бақырып береді, тездетіңдер, шығыңдар деп. Адам құсап тамақтанада алмаймыз ужас) Осы жағдайларды қарастырасыз деп ойлаймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз:
Біріншіден, студенттердің қызығушылығын арттырып, бос уақытын ұйымдастыруға арналған институттың студенттік ұйымдарынан басқа, химия кафедрасында білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғылыми жобалармен айналысу үшін «Sparkle Science of Chemistry» студенттік ғылыми-зерттеу ұйымы бар (https://instagram.com/chemistry_ss?igshid=YmMyMTA2M2Y= ). 
Сонымен қатар, мәдени шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған дәстүрлі «Химия-көктемі» кеші ұйымдастырылады. Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оnlkitap» жобасы жүзеге асырылып отыр (https://instagram.com/onlkitap?igshid=YmMyMTA2M2Y= ).
Оқу жылының басында әрбір топтың эдвайзерлерлік тәрбие жоспары бойынша мәдени, рухани, спорттық шаралары мен жұмыстары жүргізіліп отырады.
Екіншіден, зертханалардағы қажетті реактивтер алдын-ала тапсырыспен бюджетке салынып, тендер арқылы сатылып алынады. Студенттерге сатқызып алу жағдайы болған емес. 
Үшіншіден, әрбір химия зертханаларында жеке лаборант бар, талапқа сай лаборант оқу үдерісіне қажетті зертханалық жабдықтарды реттеу, белгілі бір зертханалық жұмыстарды жүргізер алдында техникалық құрылғыларды дайындау, тәжірибелерге тікелей қатысады, сондықтан зертханаға қажетті заттарды таба алмай, әр кабинетті шарлап іздеу мәселесі болмайды. Талап бойынша техникалық және зертханалық құжаттаманы ресімдеу, ең бастысы зертханадағы әрбір студенттің техникалық қауіпсіздігіне пән оқытушысы мен лаборант жауап береді. Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережесіне сәйкес студенттерге тамақ жеуге болмайды, сондықтан рұқсат берілмейді. Ол туралы студенттер әр пәнді оқу барысында танысып,  қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беру журналына қол қояды.
Барлығы: 4039

« перв. ... < пред. ...  14  15  16  17  18 19  20  21  22  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
7
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений