Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
09-02-2023 15-23-54   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6910
Құрметті ректор мырза! Сізге және Клара Толемисовна ханымға ПОҚ атынан алғысымызды білдіргіміз келіп отыр! Осы жылы премия алып марқайып риза болып отырмыз! ПОҚ үшін бұл премиялар өте үлкен көмек болып отыр! Сіздерге еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздердің шынайы алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Университет басшылығы да баршаңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейді. Рахмет!

09-02-2023 13-17-38   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6909
Сәлеметсіз бе! Ішкі гранттар қашан ойнатылады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда ішкі грант жоқ. Ақылы негізде оқитын білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Егер Сіздің оқу үлгеріміңіз бос мемлекеттік грант орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, емтихан сессиясының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік грант орындарының конкурсына қатыса аласыз. Оқу кезеңінде грант орындары босаған жағдайда университеттің ресми сайтына білім беру бағдарламалары бойынша бос грант орындары туралы ақпарат жарияланып, институт тарапынан білім алушыларға хабарланады. Конкурс ережесімен танысып, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет! 

09-02-2023 11-38-12   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6908
Сәлеметсіздер ме. Биылғы "Абай сыйы-2023" олимпиадасы қашан болады екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! "Абай сыйы-2023" олимпиадасы наурыз-сәуір айларында өткізу жоспарлануда. Олимпиаданың ережелері мен өтетін уақыты туралы ақпарат университет сайтында жарияланады. Рахмет! 

08-02-2023 18-46-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6907
Я хотел бы получить красный диплом , но у меня есть одна четвёрка по гос.экзамену по Истории Казахстана. В Правилах Министерства образования и науки РК от 11.03.2001 N 151 "Правила организации деятельности высших учебных заведений" в статье 195 написано, что пересдача разрешается Советом вуза, в порядке исключения, студентам выпускного курса, претендующим на получение диплома с отличием. Правда ли это?
Жауап:

Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.

Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 17-04-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Комиссарова Елизавета Александровна

Сұрақ № 6906
Здравствуйте. Хотела бы получить информацию о получении красного диплома. Обязательно ли нужно иметь оценку А, А- за государственный экзамен по истории?
Жауап:

Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.

Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 14-37-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6904
Добрый день, господин ректор. Это не вопрос, лишь хотела выразить огромную благодарность за терпение и труд Хавайдаровой Мехриниссе Марсовне и Поляк Дине Мироновне. Прекрасные преподаватели, настолько хорошо знают свой предмет что слушать можно часами, а в конце уходишь с большим багажом знаний. Очень благодарна за таких чудесных преподавателей!
Жауап:

Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о работе наших преподавателей, Ваши теплые слова обязательно будут доведены до их сведения. Желаем успехов в учебе. 

07-02-2023 09-30-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жантуганова Эльмира

Сұрақ № 6903
Саламатсыз ба! Мен 4 курс студентімін. Жақыным қайтыс болғасын себепті болып сабаққа бара алмап едім. Эдвайзерге ескерткенмін бірақ оны мұғалімдерге айтпаған! Мен барлық мұғалімдерге ескерттім неге себепті леп белгілемейді?? Осылай қайғылы жағдайда қалай барамын мен қызық
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. 

06-02-2023 16-42-45   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6902
Саламатсыз ба? Менің балам 6 жыл Жас ұланда, 2 жыл самолеттің рульінде өзі отырып ұшқан бала, 1 жыл әскери кафедрада оқыған бала, сіздің университетіңізге барғанда түсе алмады. Әскери кафедрада жұмыс істейтін қызметкерлеріңіз құлаққа сыймайтын әңгіме айтты. министрдің орынбасары Камалетдиновтың алдында болдым. Неге түсе алмағанын сізге айтайын. Мүмкін сіз бейхабар шығарсыз. Кафедраға түсу ақша болды. Офицер 650 000 тг. Сержант. 350 000 тг. Ақша сұрағандардың аттарын әскери полицияға айтпадым. Неге? Менің баламның өміріне қауіп жоқ екеніне кепіл бере алмады. Енді енді премерь министрдің кездесуіне кірем. Сол жерде сіз басқарып отырған университеттің қызметкерлерінің атын атайтын боламын.
Жауап:

Құрметті ата-ана! 2022 жылы Абай университетінің әскери кафедрасына студенттер қабылданған жоқ. Университет студенттерінің әскери кафедраға тапсырған құжаттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің әскери кафедрасына өткізілді. Қабылдау емтиханын тапсырып конкурстан өткен студенттер жоғарыда көрсетілген университеттің әскери кафедрасында оқып жатыр.

Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасында Сіз жазған деректер болған емес. Толық мәлімет беру үшін балаңыздың аты-жөнін, қай университеттің әскери кафедрасына құжат тапсырғаны туралы мағлұмат беруіңізді сұраймыз.

03-02-2023 13-20-21   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Студент

Сұрақ № 6901
Сәлеметсіз бе, Дархан мырза! 7 этаждық ғимараттағы асханадағы бағаларды қадағауларыңызды сұраймын, әр кімге әртүрлі бағада сатады. Кәзір барлық жерде баға қымбат, кәсіпкерлерді түсінеміз. Бірақ, қарапайым сүтті шәй - 200тг, қара шәй -150, ыстық суды 50, бір қасық сүт -50теңгеден сатты. Ыстық суды тегін берсе де боладығой. Америкада жүргендей болдық, оқуға келіп. Біздің әке-шешеміз алыста, ауылда тұрады. Көмектесетін мүмкіндік бола бермейді. 36мың стипендия тамаққа, жолға әрең жетіп отыр қалада. Жұмыс жасап, қосымша табыс табуға бос күн жоқ, 6 күн сабақ. Университеттің студенттерге арналған асханасының бағасы ресторандағыдай. Біз қалалық асханалардан шәйді 120 теңгеге аламыз, ал оқу орнынымызда 200. Сосын нан өнімдері қымбат кафелермен салыстырғанда. Неге бағаларын жазып қоймайды, ойларына келген бағада сата салады кассаға келгенде. Не зат қанша тұратынын білмейміз. Барлық корпус асханаларын қадағалап, бағаларын жазып қоюды, тым қатты баға көтермеуді қадағаласаңыздар. Жәй ғана шәй мен булочки алсаң да 600,700 тг болып кетеді. Мысалы бұл бағаға қағанат асханасынан таңғы ас ішуге болады.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің асханаларының жағдайын жақсарту мақсатында конкурстық комиссиясының шешімімен бұл нысандар жалға берілді. Басшылық тарапынан жалға алушы кәсіпкерге Сіздің хатыңызда көрсетілген олқылықтарды жою туралы және осындай мәселе қайталанған жағдайда нысанды жалға беру шарты бұзылатыны туралы ескертілді. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет.

03-02-2023 01-07-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6900
Құрметті ректор мырза! Біз 12 мкр 15а мекен- жайындағы жатақхана студенттері бастапқы уақытта жатақханаға ай сайын 25.000 тг төлейтінбіз. Жатақханан бағасын сентябрь айынан бастап 30.000, октябрь айынан бастап 33.500 ге көтерді. Грантта оқитын студенттердің ай сайын алатын шәкіртақысының жартысынан көбі жатақханаға кетеді. Қалған бөлігі күн көрісімізге жеткіліксіз. Жұмыс жасау үшін сабақтың графигі сай келмейді, және ол біздің білім алуымызға кедергі жасайды. Ақылы бөлімде оқитын студенттерге екі есе қиын. Көп балалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы нашар студенттерде баршылық. Сізден осы мәселені қарастыруыңызды өтінеміз. Жастардың біліп алуына барынша ыңғайлы жағдай жасауларыңызды сұраймыз.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Қазіргі таңда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жатақхана мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінде Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 2100 төсек-орыннан асатын бес жатақхана бар. Оқу орнымыздың 16 мыңнан астам студентін жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Университеттің білім алушыларына жатақханалардан орын бөлу тәртібі арнайы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Биыл университеттегі жатақхана тапшылығына байланысты университет басшылығы қосымша жалдамалы жатақханалармен келіссөз жүргізіп, оқу орнымыздың әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жоғарғы курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз етті. Сіз айтқан мекенжайда орналасқан жатақханамен студенттер екі жақты келісімшартқа отырып, соның негізінде төлем жүргізіледі. Қазіргі таңда осы жатақханадан орын алу үшін студенттер кезекте тұр. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сіз жатақхана мәселесіне қатысты сұрағыңыз бойынша институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!
02-02-2023 14-30-40   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6899
Құрметті ҚазҰПУ ректоры Дархан Билялов. Біз 6В02302 “Аударма ісі” мамандығының 301 тобы, қазақ бөлімі студенттері, минор пәндердің қазақ тобы бола тұра, орыс тілінде өтілетіндігі үшін шағымданамыз. Біріншіден, бізге минор пәндерді таңдатқызбады, екіншіден ,өтілуін тілін орыс тілінде қойған. Негізінде студенттердің пән мен тілді таңдауға құқығы бар. Осы мәселені ең жақын уақытта шешуіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар біз “Аударма ісі” мамандығында оқитын болғандықтан, минор пәндердің орнына мамандығымызға сәйкес пәндерді қоюларыңызды жөн көреміз , сондай- ақ орыс тіліне емес, ағылшын тіліне басымдылық берулеріңізді өтінеміз. Бұлай жасау арқылы біз өз мамандығымыз бойынша білімді тереңірек аламыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

02-02-2023 13-47-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6897
Сәлеметсізбе, Дархан Біләлов!
Мен осы Абай университетінің студенті боламын. ЖГИ корпусы асханасындағы жағдайын қарасаңыз деймін. Асханадағы тамақтардың бағасы тым қымбат, мысалы қарапайым кофенің өзін 200 теңгеден сатады, басқа жерлерде 80 -90 теңге. Асханадағы столдардың үсті кір-лас. Осындай жағдайларды есепке алсаңыздар деймін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің асханаларының жағдайын жақсарту мақсатында конкурстық комиссиясының шешімімен бұл нысандар жалға берілді. Басшылық тарапынан жалға алушы кәсіпкерге Сіздің хатыңызда көрсетілген олқылықтарды жою туралы және осындай мәселе қайталанған жағдайда нысанды жалға беру шарты бұзылатыны туралы ескертілді. Шағымыңыз назарға алынды. Рахмет! 

02-02-2023 00-40-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6896
Қысқы емтихан нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік грантқа өтініш жазып едік. Жауабы қашан шығады екен. Қаңтар айы өтіп, ақпан басталып кетті. Ал жауабы әлі де шықпады. Оқу ақысын төлендер деп асықтырып жатыр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік бос грант орындары бойынша өзіңіз оқып жатқан институт директоратына хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс деректері: abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/

01-02-2023 07-04-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6895
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты мамандық студентімін. Осы 2022-2023 оқу жылы барысында өткізілген студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясындағы былықтар туралы айтқым келеді. Бұл конференцияда 1-ші орынды алатындар тек сол комиссия құрамында отырғандардың жетекшілігіндегі студенттер мен мгистранттар. Орындарды өзара бөліп алады. Сорақысы сол осы жылы өткен ғылыми конференцияда 1-орынға әдебиет бағыты бойынша комиссия төрайымы мен сол комиссия мүшесіндегі апайлар бир биримен ұрысып таласып ұят болды. Біз сияқты қарапайым студенттер сыртта қала береміз. Студенттер арасында біразға дейін осы талқыланып жүрді. Көп студенттер содан болар қатысқысы келмейді.
Жауап:

Құрметті студент! 2022 жылдың 30 қарашасында «Ұлылардың шығармашылық мұрасы: тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өткізілгені рас. Бакалавр мамандықтары бойынша аталған конференцияға 13 үміткер қатысты. Конференцияны ұйымдастыру бойынша кафедра тарапынан бектілген талаптар бар.  Біріншіден, комиссия мүшелері бағалау критерийлерін дайындайды; екіншіден, ғылыми жетекшілер мен комиссия мүшелері бағалау критерийлері бойынша балл қояды (бағалау критерийлері бар); үшіншіден, барлық балл жинақталып, ортақ есептеледі. Орын беру мәселесін тек комиссия мүшелері шешпейді. Сонымен бірге конференция барысында студенттерге ғылыми баяндамаларды, комиссия тарапынан  қойылған сұрақтарды тыңдап, презентацияларды көріп, өзара сұрақ-жауап алмасуға жағдай жасалады. Конференция осы талаптарға сай ұйымдастырылған. Конференцияға қатысқан оқытушылар да, комиссия мүшелері де әділетсіздікке жол берілмегенін, ұстаз этикасын сақтай отырып, дұрыс шешім қабылданғанын, «апайлар бір-бірімен ұрысып, таласты» деген ақпараттың жалған екенін айтып отыр. Қандай да бір түсініспеушілік болса, Филология институтының директорына, кафедра меңгерушісіне жолығуыңызға болады. Сауалыңыз үшін рахмет айтамыз. 

31-01-2023 16-38-41   Басқа

Сұрақ қоюшы: Дулатбай Күлхан Кеңесқызы

Сұрақ № 6894
Сәлеметсіз бе,
Менің дипломымның приложениесін жоғалтып алдым. Аты-жөнім Дулатбай Күлхан Кеңесқызы 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, 1998 жылы аталған университеттің Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы дипломын алдым. Енді дипломның қосымшасын қалай алсам екен? жауабын күтемін рақмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасының түпнұсқасын қалпына келтіру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) немесе МҚА бағдарламасы (ҚР БҒМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру) арқылы өтініш бересіз. Жеке куәлік пен диплом көшірмесін тіркеуіңіз қажет болады.

31-01-2023 16-03-49   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6893
Құрметті Дархан Нурланович!Мен ата ана ретінде айтайын дегенім №3 жатақханада балам жатады. Ол жерде біраз бөлмелерде қандала клапы бар екен. Уже көп уақыт өтседе қандала баламның басқалардың да мазасын алып бітті. Комендантқа айтса үндеріңді өшіріңдер деп ұрысады екен. Ондай комендант не үшін отыр. Одагнда қандаланың үнін өшірмей ме.Менде видеосы бар. Сотқа берем. Сонда басшылар қайда қарап отыр. Әлде комендантпен ауыз жаласқан коррупционерлер ме? Шешімін табыңыздар
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қысқы сессиядан кейін оқу орнымыздың жатақханаларын студенттерден уақытша босату туралы шешім қабылданып, жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген болатын. Дезинфекциялау жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіліп, препараттың жағымсыз исі кеткенше білім алушылар мен қызметкерлерге кіруге тыйым салынды. Дезинфекциялық іс-шаралар тиісті деңгейде жүргізілгендіктен, қандаланың болуы мүмкін емес. Бұл мәселе бойынша жауапты тұлғалардан да түсініктеме алынды. Түсініктемеде берілген ақпаратқа сәйкес №3 жатақханада қандала шықты деп студенттер тарапынан ешқандай шағым түспегені айтылған. Шағымыңызды растайтын видеоматериалды  rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды почтасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!

30-01-2023 16-22-31   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Zholdassova Moldir

Сұрақ № 6892
Сәлеметсіз бе, Құрметті Дархан Біләлов! Мен КазНПУ университетінің магистранты боламын. 2022 жылы Желтоқсан айының соңында барлық пәндерден сессия алынып балл қойылған болатын. Бірақ 1 айдан кейін тест орталығы ешқандай ескертусіз қойылған балл алынып, 0 ге ауыстырылды және жазғы оқуға қалдырды. Антиплагиатқа байланысты өзгертілді. Не үшін бір айдан кейін қойылған балл өзгертіледі? Біздің баллды қайтадан қойып беруді талап етеміз!!!
Жауап:

Құрметті студент! Хатыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығымен хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел.: 291-57-50.

30-01-2023 16-20-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әденбек Нәзира

Сұрақ № 6891
Сәлеметсіз бе, Құрметті Дархан Біләлов! Мен КазНПУ университетінің магистранты боламын. 2022 жылы Желтоқсан айының соңында барлық пәндерден сессия алынып балл қойылған болатын. Бірақ 1 айдан кейін тест орталығы ешқандай ескертусіз қойылған балл алынып, 0 ге ауыстырылды және жазғы оқуға қалдырды. Антиплагиатқа байланысты өзгертілді. Не үшін бір айдан кейін қойылған балл өзгертіледі? Біздің баллды қайтадан қойып беруді талап етеміз!!!
Жауап:

Құрметті студент! Хатыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығымен хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел.: 291-57-50.

30-01-2023 13-05-39   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6890
Құрметті Клара ханым! Мен ата ана ретінде айтайын дегенім университет басшыларыа айтылған мәселе әлі шешәмән тапқан жоқ. Сізді жауапкершілігі бар адам деген сон жазып отырмын.
Менің балам физ-матта 1 курста оқиды, 5 жатақханада тұрады. Қасындағылардың көбісі шығып кетті.
Себебі ол жерде дедовшина бар. Тамақ алдыртады қадла берсе ужин алдыртады. Киімдерін тартып алады екен.Тіпті сецияда туратын студенттердің комнатасының тазалығы төмен иіс қоңыс мусор. Осы тазалықты комнатадағы кім тексереді. Комендантқа айтса ол ескерту жасап, тазалықты тексермейлі екен. Ректоратқа айтындар деп айтады екен. Қала берсе маған айта бермендер деп айқайлап ұрсып береді екен. Сонда ол не үшін отыр ол жерде масыл болып. Әлде ақшаның тамыр-таныстың арқасында отырған адам ба? маған не істейсіндер дегені ме?Арине комнатадағы тазалыққа жауапты соның тұрғындары бирақ оны тексеріп қадағаламаса мал қора болып кетпей ме. Осы мәселені шешіп берсеңіз деген өтініш.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған мәселені шешу үшін арнайы тексеру жүргізіліп, студенттермен жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
 
Бөлмедегі тазалық мәселесіне келетін болсақ, жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелеріне сәйкес жатақхана тұрғындары жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, бөлмедегі тазалық пен тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бөлмеде жиі тазалық жұмыстарын жасауға міндетті екенін ескертеміз. Жатақханадағы тәртіп мәселесіне қатысты жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.
28-01-2023 18-41-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6889
Сәлеметсіз бе! Құрметті Дархан Біләлов! Мен, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 3-інші курс студентімін. Біз «Сөз мәдениеті және оны оқыту» пәнінен сессияны эссе түрінде тапсырдық. Рк1 мен Рк2 90+ болды, сессия да 90 балл алдым. Общий сумма 92 болды. Барлық эссені бітірдім-ау деп жүргенде, яғни 1 айдан кейін сессия баллым жойылып, грантымнан айырылып, летоға қалып қойғанмын. Оны маған ешкім ескертпеді де. Тест орталығындағы адамдардың айтуынша менің жазған эссем антиплагиаттан өтпей қалған. Бірақ бұл эссені мен өзім жазғанымды дәлелдей аламын. Бірақ бұл дәлелге ешкім мән бермейді. Бармаған жерім жоқ, ешкім нақты жауабын бермейді. Түсіндіріп өтетін болсам, мен 22-нші желтоқсан сағат 00:00-де оқулықтан өзімнің эссемді аштым. Сол уақытта лезде эссе жазып бастап кеттім. Кейін 22-сі күні сағат түскі 16:00 шамасында эссемді аяқтап, текст.ру деген сайтқа өз эссемді антиплагиатқа салдым. 100% уникальность көрсетті.(менде скрин бар, күні барлығы жазылған) Кейін 24-інші желтоқсан күні эссені телефонмен салуға болмайды деген соң, әпкемнің компьютері арқылы эссемді сенімділікпен оқулыққа салдым. Солай өзімнің 90 баллымды алдым. Кейін ол баға жойылып кеткен соң, эссем антиплагиаттан өтпей қалғанын білген соң, 26-ншы қаңтар күні эссемді қайтадан антиплагиатқа салып көрдім. 35% уникальность көрсетіп тұр екен. Жоғары жағында қай сайттан алынғаны туралы сілтеме тұрды. Кіріп қарағанда менің эссемді 24-інші желтоқсан күні бір сайтқа жүктеп жіберген. Автор деп мен компьютермен салғандаүы әпкемнің аккаунты шығып тұр. Кейін ол сайт мен антиплагиат тексерген сайтқа қатысты екенін білдім. Солай менің эссем антиплагиаттан өтпей қалды. Мен ешқандай да академиялық кодексті бұзбадым. Өз еңбегіммен Ерлан ағайдың үйреткені бойынша эссемді өте жақсы деңгейде жазып шықтым. Сонымен қатар, сабағымды да өте жақсы аяқтап шықтым. Бірақ компьютер жасаған қателіктің кесірінен мен неге грантымнан айырылып, лето оқуым керек? Ректорға өтінішпен қосып, дәлелдерді де өткіздім. Бірақ ол қаралады ма білмедім. Шырылдап анда бардым, мында бардым, бірақ мені ешкім тыңдағысы да, түсінгісі де келмейді. Мен 100% бұл эссені өзім жазғанымды дәлелдей аламын. Сондықтан сізден менің эссемнің қайта қаралуын немесе қойылған 90 баллымнан қайта қойылуын өтініп сұраймын. Сонымен қатар, грантымды қайтаруларыңызды сұраймын. Академиялық кодексті бұзбағандықтан сіздер бұл эссені қайта қарайсыздар деп ойлаймын. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес эссенің авторы ретінде Сіздің әпкеңіз ұсынылған жағдайда, Сіздің жұмысыңыз болып есептелмейді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  17  18  19  20  21 22  23  24  25  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений