Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
19-04-2023 19-15-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7019
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен Филология Институты,"Екі шет тілі" мамандығы ВВО ДОТ 2-курс студенті боламын. Менің аяғым ауыр 7-ай, оған қоса, осложнение при беременности, яғни "межпозвоночная грыжа, гипотериоз,гипертензивная энцефалопатия, смещение межпозвоночного диска" деген дәрігерлер қойған диагноздарым бар, сырқаттанып жатырмын. 5 жасар қызым бар, мүгедектігі бар. Көктемгі сессияға офлайн келіп тапсыруға денсаулығым болмай тұр.Осы аталған мәселем бойынша кафедра меңгерушісіне, деканатқа өтініш жазсам, қабылданбады.Келіп тапсырсын депті. Барлық справка,дәрігер қабылдауларын өтінішке тіркеп өткіздім. Нерв тамырларым қысылып қалғандықтан, жүріп, тұруым қиындап кетті. Осы мәселеде көмектесуіңізді сұраймын. Емтихандарды онлайн форматта тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің емтихандарды онлайн форматта тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.

19-04-2023 15-58-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7018
Здравствуйте! Изначально хочу прояснить одну ситуацию связанную с здравпункте. Сегодня я в 13.20 была в здравпункте. Мне было очень сильно плохо я обратилась к женщине с просьбой осмотреть. Она посмотрела мне в лицо спросила не держу ли пост? Спросила в каком факультете учусь и ответила что нету нашего врача. Она отошла в другую комнату и звала другого врача на что ей ответили что время обеда!!! Простите меня понимаю что время обеда это личное время сотрудника но если человеку плохо до такой степени что не может терпеть, не должны ли доктора осмотреть? Для чего они носят звание врача если вы не можете на 5 минут отлучиться от вашего чаепитие и осмотреть студента??? Зачем вы берёте на работу таких беспечных людей? Я ждала пол часа но врача не было. Я ушла с разочарованием. Это их обязанность оказать первую помощь . Но им было начихать на меня и они решили выбрать обед. Если я не студент из вашего факультета то что я не человек выходит???
Жауап:

Здравствуйте, уважаемый студент!
Приносим Вам свои извинения за неопытные действия медсестры Городской поликлиники №1, так как опыт ее работы менее 6 месяцев. Проведено служебное расследование.
В здравпункте пациентов принимают врачи из Городской поликлиники №1 (два врача), у которых идет пересмена: с 08:00-13:00 и 14:00-18:00. Во время обеденного перерыва (13:00-14:00) в здравпункте были только участковые медсестры. Так как участковый врач еще не подошел, медсестра пыталась вызвать 103, но, с ее слов, Вы ушли, не дождавшись. Время ожидания, как Вы говорите, 30 мин не было. 
Просим Вас подойти в здравпункт для выяснения сложившейся ситуации и направления Вас на дообследование по показаниям. 
С сотрудниками (врачи и медсестры) Городской поликлиники №1 была проведена разъяснительная беседа. Еще раз приносим Вам свои извинения.
19-04-2023 10-20-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7016
Қайырлы күн! Универдегі(филология корп) лифт мәселесі қашан шешіледі екен? Лифт жұмысының тоқтап тұрғанына қанша уақыт болды. Әсіресе, мүгедек жандарға 5 қабатқа көтерілу қиындық тудырып тұр. Осы мәселені жақын уақыт аралығында шешсеңіздер!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бас оқу ғимаратындағы лифт механизмінің техникалық ақауларына байланысты лифт жұмысы тоқтатылып, «Лифт-Сервис» компаниясына қосалқы бөлшектерді сатып алуға және жөндеуге өтінім жіберілді. Лифт 2023 жылдың 24 сәуірінде іске қосылады.

18-04-2023 20-57-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7013
Сәлеметсіз бе! Сәуірдің стипендиясы қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 сәуірде беріледі.

18-04-2023 14-10-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7011
Сәлеметсіз бе? Мен ЖГИ студенті, 3 - курста оқимын. 18.04.2023 күні лифтте “мұғалімдерге арналған” деген жазуды көрдім. Студент ретінде, болашақ педагог ретінде мен қандай да бір элиталарға бөлуге қарсымын. 7-этажды корпуста 60 мұғалім болса, 600 студент бар. Иә, әрине мұғалімдерді қадірлеймін, бірақ ұстаздар да, профессорлар да студенттерге жеке тұлға ретінде қарауларын талап етемін! Тоталитарлық жүйені жоюды ішінара реформалардан бастауға шақырамын. Бұл сөзіме келісетін студенттер де жеткілікті. Біз жас болғанымызбен, біздің де энергиямыз, біздің де денсаулығымыз маңызды. Сондықтан екі лифтті де мұғалімдікі/студенттікі деп бөлмей, субординациялы қарым-қатынас емес, адамгершілікті-қоғамдық қатынас құрып, студент оқытушылардан төмен деп көрсетпей, бәріміз бірдейміз-құқымыз да бірдей” деген көзқарас қалыптастыруларыңызды сұраймын. Педагогикалық университет үшін өте ұятты деп санаймын.
Жауап:

Құрметті студент! Университетіміздің 7 қабатты оқу ғимаратында орналасқан лифт қызметіндегі техникалық ақауларға байланысты «Мұғалімдерге арналған лифт» деген уақытша хабарландыру ілінген болатын. Лифт істен шықпауы үшін лифттің қауіпсіздік ережелерін сақтап, пайдалану тәртібін бұзбау қажет. Қазір көп жағдайда лифтіге нормадан тыс 15-тен астам студент кіріп жатады. Бұл лифттің жиі тоқтап қалуына әкеледі. Студенттер лифт қызметінің ережелерін ғана емес, қарапайым ұстаздарға деген құрметті ұмытып жатады.
Хабарландыруда студенттердің құқықтарына нұсқан келтіретін ешнәрсе жазылмаған. Оқу орнымызда студент немесе оқытушы деп бөлінбейді және бәріне бірдей жағдай жасалады. Бұл уақытша хабарландыру мұғалімдер қауымына құрметпен жазылған қажетті шара. Себебі оқу орнымыздың жасы үлкен ұстаздарының 5-7 қабаттарға баспалдақпен көтерілуі қиын екенін студенттер ескермейді. Оқытушылар мен қызыметкерлердің техникалық ережелерді сақтау туралы ескертулеріне студенттер балағат сөздер айтып, ренжіту, қорқыту, орынсыз мінез-құлық әрекеттерін таныта бастайды. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарау қажет деп есептейміз.
Лифт қызметіне келетін болсақ, техникалық ақауларды жою үшін тендер өткізіліп, лифтке қажетті техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сауалыңызға рақмет!
17-04-2023 13-58-20   Басқа

Сұрақ қоюшы: Педагог

Сұрақ № 7010
Қайырлы күн, Ректор мырза! Алдағы болатын конкурс бойынша ұсыныс жасайын деп едік. Мүмкін болса, ПОҚ құрамы өтетін конкурсты жазғы демалысқа дейін өткізсеңіздер. Себебі, іріктеуден өтпей қалған жағдайда, алдын ала басқа мекемелерден жұмыс қарастыруға мүмкіндік болады. Конкурсты жаздың соңына қалдырмауларыңызды сұраймыз, бұл уақытта көп оқу орындарында сағат бөлініп, жұмыс табу қиыдап кетеді. Кәзіргі қымбатшылық жағдайда алдын ала жоспар құрмасақ, ипотека/кредит мәселесі күрделеніп кету қаупі бар.
Осы мәселені ескеріп, ұсынысымызды назарға алады деп үміттенеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2023-2024 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысты ұсынысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Конкурс профессор-оқытушылар құрамының демалыс кезеңіне дейін алдын-ала өткізіледі деп күтілуде.
14-04-2023 17-41-36   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7009
Профессорлар мен оқытушыларға ауызашар ұйымдастырғаны үшін алғысымыз шексіз, Аллаһтың сауаптарына кенеле берсін
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рақмет айтамыз. Ораза қабыл болсын! 

14-04-2023 17-23-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Салыкбай Меруерт

Сұрақ № 7008
Сәлеметсізбе. Кешегі өткен Жаратылыстану және география институтында өткен ауызашар бойынша пікірімді білдірейн деп едім. Жаратылыстану және география институтының Директоры бастаған оқытушы профессор құрамына 8 жатақхана студенттерінің атынан  алғысымды білдіремін. Кеше яғни 13.04.2023 күні Жаратылыстану география институтында жоғары деңгейде, ауқымды ауызашар болып өтті. Біз тек тамақтанып емес  оқытушылардың ыстық лебізінде  тындап қайттық. Ораза ұстаушыға ауыз аштырған адамға ораға ұстағанның сауабындай сауап беріледі демейме. Жаратылыстану жәна география институтының оқытушылары осындай сауапты іспен айналысып жатқаны жүрегімді жылытады. Сіздерге алғысымыз шексіз.
Жауап:

Құрметті студент! Сіздердің шынайы алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Пікір білдіргеніңіз үшін рақмет. Оразаңыз қабыл болсын!

14-04-2023 15-36-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7007
Добрый день, господин ректор! К вам вопрос по поводу угроз и предупреждений от преподавателя, по поводу недопуска к сессии и рубежному контролю, в силах ли это преподавателя (ЛЕКТОРА)? Лишь за 1-2 пропуска?
Жауап:

Здравствуйте! В соответствии с Академической политикой университета при пропусках занятий в течение семестра обучающийся предоставляет объяснительную в письменной форме или справку, подтверждающую отсутствие на занятиях по уважительной причине.

Если обучающийся пропустил некритичное число занятий по объективным причинам (например, по болезни), то ему предоставляется возможность освоить учебный материал пропущенных занятий самостоятельно. СРО по изучению учебного материала пропущенных занятий контролируется преподавателем в виде тестов, контрольных работ, рефератов, сочинений, отчетов и т.д.

При значительном количестве пропусков занятий по неуважительной причине (более 40 часов) директорат института имеет право подать представление на отчисление обучающегося или лишить стипендии.

В Вашем случае, если Вы пропустили занятия и не представили отработку за пропущенные занятия, то преподаватель оставляет за собой право не допустить Вас к рубежному контролю.

12-04-2023 12-52-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7003
Здравствуйте. Можно ли перевестись с очной формы обучения на заочное?
Жауап:

Здравствуйте! В настоящее время заочного отделения нет, есть только дневное. Спасибо!

11-04-2023 17-21-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7001
Сәлеметсізбе! ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ? ТҮСІНІКТІ ҚЫЛЫП ЖАЗЫП БЕРЕСІЗДЕР МЕ? НАҚТЫ ЖАУАП ҚАЛАЙМЫЗ!
Мен 4 курс студентімін. 1курста Қазақстан тарихы пәнінен Гос. экзаменнен 85 (В+) балл болған еді. Мұндай жағдайда Қызыл диплом берілмейді ме? Қазіргі GPA 3,6.
Әртүрлі мұғалім әр талапты айтады, "4"-тік баға 4 штуктан асса берілмейді дейді, немесе біреулер қанша 4 болсада маңызды емес, GPA 3,5 болса болды дейді.Былтырғы талап бойынша гос.экзамен бағасы қаралған жоқ дейді. Практика бағасы есептеледі ме? т.с.с. сұрақтарға жауап талап етеміз. Қызыл дипломға үміткер екенімізді қайдан көруге болады?
ӨТІНІШ ТОЛЫҚ ЖАУАП КҮТЕМІН!
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

 

 

10-04-2023 14-46-49   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7000
Здравствуйте! Хочу узнать почему техперсоналу не добавили зарплату.Минимальная зарплата должна 70 тт .Самая низкая зарплата у нас университете .Мы вынуждены подрабатывать . Но нас заставляют сидеть 7 часов.Как можно прожить на 66 тт.Просим посодействовать.
Жауап:

Спасибо за обращение! Сообщаем, что минимальная заработная плата согласно штатного расписания университета составляет 75 900 тенге. Раз в год в зависимости от приема студентов запланировано повышение заработной платы сотрудников и ППС. При этом законом «О республиканском бюджете на 2023-2025 годы» в стране с 1 января т.г. установлена минимальная заработная плата в размере 70 000 тенге.

10-04-2023 06-11-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6999
Негізі бұл универде кейбір мұғалімдер өте керемет атына заты сай студенттің еңбектеңгенін көріп, тіпті көтермелеп балл да қойып береді. Ал кейбір апайлар баллды өтірік қояды. Атын атап түсін түспемей ақ қойғым келіп тұр. Тіпті бізге ашық түрде сессияға 90 ешкімге қоймаймын деп айтқан мұғалім(дер) бар. Студент өзі бір сабақтан 0,01 балл повышка жетпей жүргенде бұл одан сайын давко болады. Кінә тек мұғалімдерден демеймін, мүмкін сол сабақты шыныменде түсінбейтін шығармыз, бірақ сөж лабка тапсырғанда жасағанда өте мұқият жасап барынша баллымызды алуға тырысамыз. “Балл үшін оқымаңыздар” дейді. Әрине дұрыс, келісем бірақ сенен аз мәлімет айтып бірақ 90-92 балл алғанда өзіңдегі 80-81 баллды көру оқып жүрген бала үшін өте ауыр, тіпті депрессияға ұшыратады. Балл, повышка-ол студенттің біліміне беретін ұпай деп санаймын өз басым. Мектептеде білімді болғаның үшін берілетін атестат, алтын белгі, грамота сияқты. Өзімде солай қалыптасқан. Тіпті сабақтан белгілі себептерге байланысты қалып қойсам отработка жасаймын. Бірақ ол кезде 2 баллдың 1 баллын ғана қояды. Және апайлар белгілеп алып, рк мен сессияда кешігіп, немесе келмей қалғандардан балл азайтылады деді. Шынымды айтсам бірінші ркда повышкаға бір ғана сабақтан 0.01 балл жетпей қалған еді. Рк 2де ілінемін деп ойлап едім, бірақ болмай жатыр, апайлар 80/83арасын қояды оқып жүрсемде. Оқуға ынтап күннен күнге төмендеп барады, рамазан айф болған соң сабыр сақтап жүрмін әзер. Сессиялардың бәрі ауызша, жазбаша форматта өтілетін болғасын 100 балл қойылмайды ешқашанда ол белгілі. Керемет білесіңбе дейдіғой) тест болса мысалы алуға болады жаттап еңбектеніп, ауызшада бірақ қанша дайындалсаңда 100/95 балл дегендер мүлдем жоқ. Бір жағынан апайлар екі ркңа қарап қоямыз деген соң екі рк 80-85 болса осы бала оқиды ғой деп ортақ баллды 90ға жеткізбейді ғой мысалыға.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқытушылар сіздердің білім деңгейлеріңізді Силлабуста көрсетілген бақылау нысанындағы (жазбаша, ауызша немесе тест нысанындағы емтихан) бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. 

 

07-04-2023 15-17-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6996
Здравствуйте. Где можно посмотреть результаты гранта которые были разыграны. Оставьте пожалуйста ссылку где можно посмотреть результаты грантов
Жауап:

Здравствуйте! Список студентов, прошедших конкурс на присуждение вакантных образовательных грантов, высвободившихся по итогам зимней экзаменационной сессии 2022/2023 учебного года, можете посмотреть по ссылке: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/5798/notice/. Спасибо!

05-04-2023 11-05-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жаксыберген Алдияр

Сұрақ № 6994
Саламатсызба Дархан Нұрланұлы. Менде Сізге бір сұрағым бар. Мен, Өнер , мәдениет және спорт институтының «Бастапқы әскери дайындық» мамандығында оқитын екінші курс студенті Жаксыберген Алдияр. Менің болашақ жұмысыма әскери кафедра өте қажет. Әскери кафедра маған әскери билет алуға керек, бірақ әскери кафедра жабылып жатыр. Енді маған не істеу керек? Басқа институттардың әскери кафедраларына қабылдамай жатыр. Әскери дайындық мәселелерін шешуге көмектесуіңізді сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Әскери кафедраны сақтау туралы университет тарапынан ҚР Қорғаныс министрлігіне хат жолданды. Министрліктен жауап келгеннен кейін институт директораттарына хабарланады.

05-04-2023 11-01-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Тойменова Севара

Сұрақ № 6993
Саламатсызба Дархан Нұрланұлы. Мен, Тойметова Севара 2 курс студентімін. Мен университетті бітіргеннен кейін ҰҚК қызметке кіргім келеді, бірақ әскери кафедрасыз мені онда қабылдамайды. Мен оқуға түсіп жатқанда, маған қабылдау комиссиясы әскери кафедра бар деген, енді кафедра жабылады деп жатыр. Егер мен білгенде... Енді мен не істеуім керек, қайдан көмек сұраймын?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Әскери кафедраны сақтау туралы университет тарапынан ҚР Қорғаныс министрлігіне хат жолданды. Министрліктің әскери кафедраға қатысты шешіміне сәйкес институт директораттарына ақпарат беріледі. Рақмет!

 

05-04-2023 10-00-26   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жусипбек Нурдаулет

Сұрақ № 6992
Уважаемый Дархан Нурланович!
Обращаются к Вам студент второго курса студент, Жусипбек Нурдаулет Сабитұлы, Института искусств, культуры и спорта обучающегося по специальности «Начальная военная подготовка», я поступал в КазНПУ имени Абая с уверенностью, что смогу дополнительно обучаться на военной кафедре. На данный момент военная кафедра закрывается, мне как будущему преподавателю начальной военной подготовки крайне необходимо пройти специальную военную подготовку и дополнительно получить военно-учетную специальность и звание офицера запаса. Помогите пожалуйста сохранить военную кафедру, дать нам студентам возможность получить дополнительное образование и в дальнейшем быть востребованным специалистом.
Жауап:

Здравствуйте! Со стороны университета направлено письмо в Министерство обороны РК о сохранении военной кафедры. Решение министерства в отношении военной кафедр предоставляется директорату института, все заинтересованные стороны будут проинформированы. Спасибо!

03-04-2023 19-39-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6991
Что если не сдать ОЗП, как отрабатывать грант?
Жауап:

Здравствуйте! Если выпускник не смог сдать ОЗП (платные, бесплатные попытки) в текущем году, то он будет сдавать его в следующем году.

03-04-2023 17-00-41   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Утежанова Майра

Сұрақ № 6990
Саламатсызба!
Кеше өткен айдың 27 наурыз күні менің ұлым грант иегері деген приказ шыққан. Былтыр осы Абай универге тапсырған болатын содан өтпей қалған 1 бал жетпей қалған, түсе алмай қалғасын басқа универге тапсырған болатын ақылы бөлімге, енді ол документ 4 наурыз да тұсқайта береміз деген, соны ертен сіздерге тапсырады сосын бірден сабақ бастап кетеме.Сосын степендия жағы қалай болар екен, біздер ата-анасы алыстан тұратын болғасын уайымдап сұрап жатқанымыз.Көпбалалы отбасынан шыққан студентке қандай көмек болады. Алдын ала рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Егер Сіздің балаңызға грант иегері деген бұйрық шықса, Абай университетіне келіп, бекітілген кесте бойынша оқуын әрі қарай жалғастырады. Бұйрық шыққан күннен бастап балаңыз шәкіртақы алатын болады.

 
03-04-2023 13-46-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6989
Здравствуйте, я студентка которую отправили по Академической мобильности заграницу. Вот два месяца назад я приехала сюда обратно. С моим транскриптом и оценками все нормально (на всякий случай) Но вот уже 2 месяца как мне не поступает стипендия. Можете с этим разобраться пожалуйста.
Жауап:

Здравствуйте! Обучающийся должен указать ФИО и  специальность. По данному вопросу просим обращаться в директорат института, где Вы обучаетесь. 

Барлығы: 4039

« перв. ... < пред. ...  13  14  15  16  17 18  19  20  21  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
7
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений