
24-12-2022 21-12-01

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6796 Сәлеметсіздер ме! 2023ж. 16 қаңтарға дейінгі грантқа ауысу жайлы сұрайын деген едім. Өтініш жазу жайлы образецті қайдан алсам болады ? Және ректорский грант бар ма? Бар болса ол туралы мәліметті қайдан алсам болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессиясынан кейін босаған білім гранттарына өтініш беруіңізге болады. Бос грант орындары бойынша ақпарат алу үшін өзіңіз оқып жатқан институт директоратына хабарласыңыз.

23-12-2022 18-21-18

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Бакаева Диана Сұрақ № 6795 Хочу поблагодарить лектора по философии Бердалину Асем Сабитовну за отличное преподавания и за знания полученные на её дисциплине.
Жауап:
Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв.

23-12-2022 18-17-49

Басқа
Сұрақ қоюшы: Куантаева Бибатима Ермековна Сұрақ № 6794 Хочу поблагодарить Бердалину Асем Сабитовну за очень интересные уроки по философии. На её уроках было увлекательно слушать её лекции и мне очень понравилось как у нас проходил семинар. Благодаря семинарам Асем Сабитовны информация запоминается намного лучше.
Жауап:
Здравствуйте! Спасибо за добрые слова о работе наших преподавателей.

23-12-2022 18-17-47

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Колесник Милана Сұрақ № 6793 Хочу выразить благодарность преподавателю философии Бердалиной Асем Сабитовне за знания, полученные во время изучения дисциплины! Её пары были очень интересными и информативными!
Жауап:
Здравствуйте! Благодарим Вас за высокую оценку труда наших преподавателей. Ваш приятный отзыв будет направлен А.С.Бердалиной.

22-12-2022 20-30-07

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6792 Сәлеметсіз бе! Біз Физика мамандығы бойынша 3 курс докторанттары қосымша қаржылай көмек сұрап едік, қазіргі таңда біз Франция қаласында стажировкадан өтіп жатырмыз біздің жазған хаттарымызға жауап келмеді
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының шетелдік және жергілікті ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ережеге және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес докторанттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды, жалпы оқу кезеңінде екі реттен артық болмауы тиіс. Алайда, ұзақ мерзімге докторанттар өз қаражаты есебінен өтуге мүмкіндігі бар. Докторантқа ғылыми жетекшінінің және кафедраның ұсынымы бойынша қосымша тағылымдамадан өтуге және/немесе іссапар мерзімін ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл ретте докторант қосымша қаржылай шығындарды төлеуді өз қаражатынан қаржыландырады.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша докторанттардың ғылыми тағылымдамасына арналған қаржыландыру Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының шетелдік және жергілікті ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ереженің 4-қосымшасына сәйкес әрбір оқу жылына жоспарланған шығыстар сомасына сәйкес жүргізіледі. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады.Тел.:8(727)-291-12-45.

22-12-2022 17-42-30

Басқа
Сұрақ қоюшы: Ппс Сұрақ № 6791 Сәлеметсіз бе, Дархан мырза! "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттар тапсырып едік, жауапсыз қалды. Көмектесіңізші, осы сұраққа жауап алып беріңізші министрліктен. Жалдамалы пәтерде бала-шағамен Алматы қаласында тұру үлген мәселе екені өзіңізге белгілі. Сізден көмектесуіңізді сұраймыз. Біздің университетте біршама оқытушылар жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатыр. Жоғарғы білім министрлігі құжаттарды жинатып алып, жауапсыз күттіріп қойды бізді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңыз бойынша 2022 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне университет тарапынан хат қайта жолданған болатын, бүгінгі күнге дейін аталған ведомстводан ресми жауап берілмеді. Біздің тарапымыздан деректерді жинап, тізім жіберу талабы толығымен орындалғанын хабарлаймыз. Министрліктен жазбаша немесе ауызша ақпарат алған жағдайда, кері байланыс алу үшін кадр саясаты басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-82-57.

21-12-2022 22-10-14

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6790 Сәлеметсіздер ме! Біз 3 курс студенттері емтиханға байланысты сұрақ қоймақшы едік. Бізге “Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәнінен ашық кітап арқылы тапсыру керек еді. Бізге күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау қажет, бірақ бұл құжаттар алдын-ала дайындалып қойылған. Антиплагиаттан өткізу жағы қалай болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқулық жүйесіне “Жауаптар” (Ответы) өрісіне сұрақтың жауабын енгізсеңіздер, мәтін бірегейлікке тексеріледі.

21-12-2022 15-58-47

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6789 Саламатсыз ба! Серікбай Мөлдір Молдағалиқызы Студенттермен дұрыс сөйлесіп білмейді, өте тәкәппар адам бір нәрсе сұрасақ адамға дұрыс жауап бермейді. 3 курсмда мені дұрыс бағаламады бағаға сараң! Студенттерді шеттетіп қояды бағаны!!!!!!!!! Ондай мұғалімді бірінші рет көріп отырмын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалар тарапынан тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады.

20-12-2022 20-32-39

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Балнур Сұрақ № 6788 Сәлеметсізбе құрметті Дархан Нұрланович! Антиплагиат жүйесін универдің шәкірттері үшін ақылы түрде болса да, ашық қолданысқа рұқсат берсеңіз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Антиплагиат жүйесін қоюдағы негізгі мақсат - білім алушылардың өз бетімен ойын жаза алу қабілетін дамыту, адалдық қағидаттарын сақтауға дағдыландыру. Сонымен қатар, антиплагиат жүйелері авторлық құқығы сақтала отырып, университет пен әзірлеуші компания арасындағы келісімшарт негізінде қолданылады.

20-12-2022 03-59-55

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6787 Сәлеметсіздер ме?!
Дорожный жайлы сурайын деген едим. Бизге 07.12.2022-24.01.2023 аралыгындагы билеттерге толенеди деп айтылды. Биз кайтарда билет алмай, осы кундер аралыгында Алматыга кайтып келу билетин откизсек дорожный толенема?
Алдын ала рахмет!

18-12-2022 13-53-29

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6786 Сәлеметсіз бе! Мен 3 курс студентімін. Біз 1 семестрда мектепке пассивті практикаға барған болатынбыз. Практикадан өтетін мектепті өзіміз таңдамадық. Осы мектепті 2 семестрде болатын практика кезінде өтініш жазу арқылы ауыстырса болады ма? Мектеп қаланың сыртында,күнделікті барып келу өте қиын. Университет договорға отырған мектептер арасынан ыңғайлысына ауыссам болады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыларды мектептерге бөлу рәсімі институт тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде жүргізіледі. Басқа мектепте практиканы өту туралы өтінішіңізді жазып, "Мансап" орталығына немесе институт басшылығына тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

15-12-2022 16-39-53

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6785 Қайырлы күн, құрметті ҚазҰПУ ректоры!
Мен, “Ғылыми физика” мамандығының 3 курс докторантымын.
Қазіргі таңда группаласым екеуіміз Франция мемлекеті, Париж қаласы, Париж -Сакле университетінің «Физика плазмасы» лабораториясында ғылыми тәжірибе өтіп жатырмыз.
Біз 3 айға келдік. 22 қараша 2022 мен 17 қаңтар 2023 аралығында осы жерде боламыз. ҚазҰПУ бізге 3 айға 1 200 000 теңгеден қаражат бөлді, бірақ Европа үшін бұл өте аз сумма. Тек ұшақ билеті мен 1 айлық пәтер ақымызға жетті.
Бізге университетіміз тағы қаржылай көмек көрсетсе дейміз, өйткені, бұл жердегі тәжірибе алмасу ғылыми жұмысымызға пайдасын тигізуде.
Сізден жауап күтеміз.
Рақмет!
Құрметпен, PhD докторанты
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының шетелдік және жергілікті ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ережеге және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес докторанттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды, жалпы оқу кезеңінде екі реттен артық болмауы тиіс. Алайда, ұзақ мерзімге докторанттар өз қаражаты есебінен өтуге мүмкіндігі бар. Докторантқа ғылыми жетекшінінің және кафедраның ұсынымы бойынша қосымша тағылымдамадан өтуге және/немесе іссапар мерзімін ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл ретте докторант қосымша қаржылай шығындарды төлеуді өз қаражатынан қаржыландырады.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша докторанттардың ғылыми тағылымдамасына арналған қаржыландыру Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының шетелдік және жергілікті ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ереженің 4-қосымшасына сәйкес әрбір оқу жылына жоспарланған шығыстар сомасына сәйкес жүргізіледі. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады.Тел.:8(727)-291-12-45.

14-12-2022 15-14-51

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6784 Здравствуйте уважаемый ректор можно ли найти список список студентов 2 го курса обучающихся на платной основе и на гранте
, так как просмотрев все сайты не было найдено никакой информации
Жауап:
Здравствуйте! В связи с тем, что мы не имеем права разглашать личные данные студентов, сведения об обучающихся хранятся только в информационной системе «Универ». Спасибо!

14-12-2022 10-42-48

Басқа
Сұрақ қоюшы: Қайрат Сұрақ № 6783 Құрметті ректор, "Қысқы емтиханның түсіндіру жұмыстары" бойынша 12 желтоқсан 2022 15:00 тест орталығымен болған түсіндірме жұмыстарының жазбасын неге студенттерге беруге болмайды, ол жерде емтиханға байланысты көптеген мәселелер айтылды ғой. Осыған жауап берсеңіз
Жауап:
Құрметті студент! Техникалық ақауларға байланысты видео жазылмаған. Егер қысқы сессия форматына қатысты тағы түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек болса, Тестілеу орталығы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын. Емтиханға қатысты барлық нұсқаулықтармен "Univer" жүйесінің Жаңалықтар бөлімінен танысуға болады. Рахмет!

13-12-2022 20-16-59

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6782 Бірінші семестрді өте жақсыға аяқтаған магистрантқа оқу ақысына жеңілдік жасай аласыздар ма? Абай түлегі скидкасын биыл алып тастапты, сол жеңілдік жақсы бағаланып еді

12-12-2022 15-40-55

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6781 Сәлеметсіз бе! Мен магистрантпын. Бізге басқару психологиясынан беретін ағай 12.12.2022 күнгі сағат 16:00 де болатын лекциямыздың орнын расписанияда тұрған корпустан басқа корпусқа ауыстырып жатыр. Және де келмесеңіздер бар балыңызбен жабамын дейді. Бізде ол кісінің сабағынан кейін тағы сабақ бар біз сонда 10 минуттық үзілісте Қазыбек би 30 дан Төле би 86 ға қалай үлгеруіміз керек? Мұндай өзгерістер жасауға ол кісінің құқығы бар ма? Бұл әрекет дұрыс па жауап берсеңіз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша оқытушыдан түсініктеме алынып, ескерту жасалды. Берілген түсініктемеде семестр бойы сабақтар кестеге сәйкес өткізілгені, магистранттар тарапынан ешқандай талап болмағаны туралы айтылған. Қазіргі уақытта магистранттардан аттестация қабылданып, тиісті балл қойылған.

12-12-2022 11-11-14

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6780 Сәлеметсіз бе, біз химия-биология 3 курс студенттері сізге алдыңғы таңда өз өтінішімізді қалдырып едік, сессия уақыты туралы, нақтырақ айтсақ екі ауызша пәнді қатарынан қойылған деп, біздің кафедра осы туралы шешім қабылдап, біздің ескерпемізді қабыл алып, жағдайымызды түсініп, органикалық химия пәнінен кейін бізге дайындалуға 3 күн уақыт берді, енді бізде де төмен баға алуға сылтауымыз жоқ, барынша дайындалып, оқыған білімімізді дәлелдеп шығамыз, барлық келесі емтихандарда сәттілік! Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Емтиханда білім алушыларымызға сәттілік тілейміз!

10-12-2022 12-51-57

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6779 Сәлеметміздер ме,желтоқсан айының стипендиясы қашан беріледі?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 23 желтоқсанға дейін беріледі. Рахмет!

09-12-2022 17-49-39

Басқа
Сұрақ қоюшы: аноним Сұрақ № 6778 бұл жолы Гульжан Жарасоваға осы хатты жолдағым келып тұр!!! біздің университеттің айнасы ол диплом, кысқаша жазайын... диплом дубликаттарымен Исабаева Нурсагиля Байкеновна айналысып келген, енды орнына жаксы жас маман алды. орнына келген адамға түгел құжаттарды өткізудің орнына , айзына келгенын айтып, сейфынын кілтін тапсырмай, акт жасамай қашып жүр. өзінің жасаған құжаттары бәрі қате, қате болғанда осы сайтты оқысаңыз күнде үстінен арыз түсуде, бырақ анаған айтып, таныс тамыр іздеп, жұмыста қалудың әрекетын жасап жүр, дөрекі сөйлеп, былықтары ашыладау деп, жұмысын өткізбей жүр, енді сіз осы жұмысты орнына келтіреді деп ойлаймыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Хатыңызда аталған мәселелер міндетті түрде ескеріледі. Егер Сізде Н.Б. Исабаеваның қызметіне қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Сағидуллақызы Жарасованың қабылдауына жазылсаңыз болады.
Бұған қосымша, Сіздің хатыңыздағы мәселені толық қарастыру үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІнің 63-бабы 2-тармағының 1) тармақшасындағы талаптарға сай келуі керек екенін ескертеміз. Яғни жолданымда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) мен пошталық мекенжайы көрсетілуі керек.

09-12-2022 11-31-45

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6777 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлұлы!
Неге ұшақпен ұшқан жағдайда жол ақысы берілмейді?
Ұшақпен ұшсақ та, пойызбен барсақ та, бәрі бір баратын жеріміз ғой?
Шалғай өңірде тұратын студенттердің жағдайын түсінуіңізді СҰРАЙМЫН!
Әсіресе Атырау, Ақтау, Ақтөбе сынды қалалар.
Қыстың кезінде үш күн пойызда жүру де қиын!
Түсінесіз деген үміттемін!
Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жол ақысына берілетін төлемдер тек министрлік тарапынан бекітілген Ережеге сәйкес төленеді. Рахмет!
Барлығы: 3791