Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
Құрметпен,
Басқарма төрағасы-ректор
Дархан Біләлов
 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
07-01-2023 15-03-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6817
Саламатсызба Ректор мырза.
Біз Абай университетінің студенттері жатақханаға 10айға 120 000 теңге ақша төледік. Бірақ біз неге 10 ай толық тұра алмаймыз? Демалысқа кетсекте жатақханада тұруға неге құқығымыз жоқ? Оқу ақшасын төлеу үшін жұмыс жасайтын студенттер бар, солар неге қаңтар айында жатақханада жата алмайды? Біз тіпті маусым айының аяғына дейін төлеп отырмыз, сонда 2 айдың ақшасын неге алады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

05-01-2023 23-27-55   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6816
Сәлеметсіз бе, құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен сізге ата-аналардың атынан оң жауап аламыз ба деген үмітпен жүгініп отырмын! Себебі, осы оқу жылының қыстық сессиясының нәтижелері мен тексеру формасының дер кезінде өткізілмегендігін, әрі студенттердің уақытылы нақты нәтижесін білмегендіктен, өзгерген нәтижені алғаннан кейінгі психологиялық, моральдық және материалдық шығынға ұшыратып қана қоймай, жастардың суицидтік шешім қабылдауға итермелейтіндігін ескерткім келеді! Сізге туындаған мәселені студенттердің пайдасына шешеді деген үмітпен жазып отырмын. Менің баламның жағдайында, олар сессияны жаңа жылға дейін аяқтап, оң баға алдық, сессия жабылды деп ойлады. Енді жаңа жылдан кейін дәлірек айтсақ, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында антиплагиаттан емтихан нәтижелерінің өтпей, күшін жойғандығын біліп, жұмыстарының зая кетіп, сабақтарын қайта өтіп, қайта тапсыру керек екендігін білді, мұны қалай түсінуге болады?! Қашықтықтан, ақылы негізде оқитын студенттердің емтихандары дипломдық жұмыс емес, тек емтихан сұрақтарына берген жауаптары ғана, олар қайдан алады бірегейліктен өтетін жауаптарды, әрбір сөз, әрбір сөздің мағынасы тексеріп келгенде бірдей болу ықтималдылығы жоғары болады. Студенттердің тапсырған емтихандарын оқытушылар тексеріп, дұрыс деп шешіп, өз бағаларын қойған, одан кейін бірегейлікке тексеріп, олардың қойған бағаларын жоққа шығарған, сонда өз оқытушыларының тексеруге уақыттарын жіберіп, қойған бағаларын теріске шығаратын болса, неменеге оқытушылар тексеріп баға қояды еңбектері ескерілмейтін болса, бұны қалай түсінуге болады?! Егер сол бірегейлікті тексеретін программа ғана соңғы шешімді көрсететін болса, онда оқытушыларын несіне әуре қылады, олардың қойған бағалары ештеңе шешпейтін болса, жоғары оқу орнының басшылығы олардан кейін бірегейлікке сүйеніп, соңғы нәтижені қабылдайтын болса, неліктен бір жұмысты екі жұмыс қылады?! Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет студентке бағытталған университет болып табылғандықтан, баламды осы оқу орнына ақылы негізде оқуға тапсыртқан едім, неге мұндай жағдай туындайды, біз жаңа жылға дейін сессия кезеңінде барлығы емтихан тапсырды, «тірі» оқытушылардан оң баға алды және Біз бәріміз өткенбіз деп ойлаған нәтижелерін қалдырмасқа?! Біздің балаларымыз қашықтықтан ақылы негізде оқығандықтан оқу үшін төлейтін әрбір теңгеміз оңай жолмен табылмайтындығын ескереді деген ойдамыз, сонымен қатар сайттарыңызда «тірі» оқытушының білім алушылардың жұмысын бағалап, қойған бағалары есептелінбесе неліктен тексергізеді!!! Сізден сұрайтынымыз, балаларымыздың тірі оқытушылардан алған оң бағаларын ескеріп, студенттердің пайдасына дұрыс шешіп беруіңізді өтініп, сұраймыз!!!
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Осы хатымның негізінде студентке бағытталған университеттің білім алушыларының тарапынан жүгініп отырған ата-аналардың өтінішін жерге қалдырмай, оң шешіп береді деген сенім артамыз!
Жауап:

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың болашағы үшін, әрине, Абай университетін таңдағаныңызға, біріншіден, алғыс білдіреміз. Өйткені біздің университетіміз Қазақстандағы тұңғыш университет және педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орынды иеленеді.

Екіншіден, университеттің ішкі ережесіне сәйкес 2017 жылдың 31 тамызында Ғылыми кеңестің №2 хаттамасымен «Адалдық кодексі» бекітілген. Мұнда оқытушы мен білімалушы арасында академиялық адалдықтың сақталу нормалары көрсетілген. Бұл Ережемен Сіздің балаңыз кеңінен таныс. Оқу жылының басында, аралық бақылау тапсырар алдында (семестрде 2 рет), емтихан алдында институттар тарапынан, эдвайзерлер арқылы таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Студенттің емтихан тапсыру кезінде «Адалдық кодексіндегі» көрсетілген қағидалармен таныстым, оны қатаң сақтаймын деп, жиналыс хаттамасы толтырылады.  «Адалдық кодексінің» Академиялық адалдықты бұзу түрлері деген 5-тармағының 5.2.1-тармақшасында «Білім алушылардың емтихан немесе аудиториялық бақылау жұмысы кезінде қол жазба, ғылыми деректерді пайдалану немесе сөзбе-сөз қолдану көшіру болып табылады» деп көрсетілген. Сондай-ақ өзге біреудің еңбегін немесе мәтінін өз еңбегі ретінде пайдалану плагиат болып табылатыны туралы да ережеде толық көрсетілген. Адалдық кодексінің 8-тармағында дәйексөздерге сілтеме беру тәртібі де толық тарқатылып берілген. Онда өзге автордың сөзін студент қолданғанда міндетті түрде сілтеме көрсету керектігі жайында да түсіндіріледі. Жалпы емтиханды ешқандай сайттардың көмегінсіз өз сөзімен жазған студент міндетті түрде антиплагиаттан кедергісіз өтеді.

Үшіншіден, университетте қашықтан оқыту түрі бойынша білім алушылардың аралық бақылауын ұйымдастыру «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Атап айтсақ,  43-тармақта «Білім беру процесінің тиімділігін бақылау және талдау білім алушы мен оқытушының сандық ізін бақылау арқылы ЖЖОКБҰ жүзеге асырылады» және 44-тармақта «Онлайн оқыту кезінде Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жазбаша жұмыстардың барлық түрлерін бірегейлікке міндетті түрде тексеру жүзеге асырылады» деп келтірілген.

Сонымен қатар, университетте студенттердің жазбаша емтихан тапсырмаларын бірегейлігін тексеру Ережелері бекітілген. Бұл да студенттерге толықтай таныс. Осы Ережелерге сәйкес бакалавриат бөлімінде білім алушының жазбаша жұмыстарының бірегейлік көрсеткіші 0-40% аралығында болса, емтихан бағасы «0» деп бағаланады. Бұл студенттің басқа ақпарат көздерін қолданып жазбаша жұмысын жазуы 60%, өзбетімен жазуы 40% деңгейінде болуы қажет екендігін білдіреді. Студентке бағдарланған оқытуды басшылыққа алып, емтихан тапсыру күндері, тест емтихандарын екі апта бойында, ал жазбаша емтихандарды бір аптаның кез-келген қалаған күнінде тапсыру мүмкіндігі берілген.

Төртіншіден, қысқы сессия басталмай тұрып студенттердің электронды журналының басты бетіне емтихан тапсыру ережелері туралы ақпарат күні бұрын жүктеліп қойылды. Онымен барлық студенттер таныс. Емтихан тапсыру тәртібі туралы ережеде «Оқулық» жүйесіне жүктелетін жазбаша ашық кітап қалай жазылу керектігі жайында да ақпарат бар. Оны сол уақытында эдвайзері де, емтихан алушы пән оқытушысы да түсіндірген. Емтихан нәтижелері жойылған студенттер эссе жазу тәртібін дұрыс қолданбаған. Студент сессия барысында өзіне берілген эссе тақырыбы бойынша өз сөзімен 400 бен 500 сөз аралығында эссе жазуы тиіс. Пән оқытушысы бағалау критерийлері бойынша студенттің жауабының мазмұнын тексереді, оның әруақытта студенттің жазба жұмысы бірегей немесе көшіріп алғандығын тексеріп шығуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті, жазба жұмыстары міндетті түрде антиплагиатқа жүйе арқылы тексеріледі. Студенттің ережесі мен емтихан тапсыру тәртібі жоғарыда айтқанымыздай оның жеке парақшасына күні бұрын жіберілген. Студенттің осы сауалдар бойынша түсінбеген сұрақтарына емтихан басталмас бұрын эдвайзері институтқа бекітілген цифрлық офицерлер көмегімен түсіндіру жиналыстарын өткізді.

Емтихан тапсырушының цифрлық ізімен танысу үшін Тестілеу орталығына (Достық 13, 527 кабинет) немесе пән оқытушысына хабарласа аласыз.

Құрметті ата-ана! Балаңыздың  емтихан жауабы антиплагиаттан өтпей қалғаны үшін уайымға салынудың қажеті жоқ. Өйткені бүгінгі студент ертеңгі елді тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан студент те өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал.

Біздің университетімізде «Психологиялық қызмет» секторы  жұмыс істейді. Егер студент өзін жайсыз сезінсе, осы орталықтағы қызметкерлерге жүгінуіне болады. Олар студенттің дұрыс бағытта қалыптасуына жан-жақты көмек беретін болады.

05-01-2023 12-34-09   Басқа

Сұрақ қоюшы: Искакова Маржан Оразгалиевна

Сұрақ № 6815
Добрый день, уважаемый Дархан Нурланович!
Заранее прошу прощения за беспокойство. Вынуждена обратиться к Вам. Я подавала в прошлом году в марте статью в Вестник, в педагогическую серию. После этого несколько раз меня просили откорректировать. Все сделала, но в итоге мне отказали. Причина: "...на третий номер Вы не успеваете". Хорошо, на третий не успеваю, но значит можно на четвертый! НО отказ. Проверку на плагиат прошла. Ничего понять не могу. Статья даже до рецензентов не дошла!!!! Теперь я эту статью не могу никуда отправить (имеется в виду в другие журналы, так как он висит у Вас на платформе с октября прошлого года). Пожалуйста, помогите мне в получении ответа или "да" или "нет". Это просто КОШМАР какой-то! Как ученым печататься?! Надеюсь, Вы прочитаете мое сообщение и ответите.
Жауап:

Уважаемый автор, редакторы Вестника проследили историю работы с Вашей статьей. Изначально (в прошлом году, в марте) статья не соответствовала требованиям  журнала. И хотя редактирование статьи не входит в обязанности редакции, Вам были неоднократно указаны Ваши недоработки, которые Вы длительное время исправляли по отдельным аспектам. Да, статья не была включена в соответствующие номера журнала, так как это издание не испытывает недостатка в статьях. Очередь на один номер вперед.

Учитывая Ваше заявление, редакция пошла навстречу и отправила Вашу статью на слепое рецензирование. При этом напоминаем, что 4-й номер журнала уже в печати.  

04-01-2023 20-11-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6814
2023 жыл бойынша президенттік грантқа өтініш жазу мерзімі қандай және үлгісі барма,қатысқым келеді осы туралы айтып жіберсеңіздер өтінемін
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

04-01-2023 17-42-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6813
Сәлеметсіз бе! Антиплагиаттан өте алмай қалған жағдайда басқа амалдар қарастырылған ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: Достық,13, бас оқу ғимараты, 527 кабинет. Тел.: 291-57-50. 

04-01-2023 00-30-33   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6812
Құрметті Дархан Нұрланұлы!
Сізге қояр көкейімде жүрген 2 сұрақ бар:
1.Жұмысқа алу талаптарында Болашақ стипендиясының түлектеріне(магистранттар, докторанттар) неге арнайы мүмкіндіктер қарастырылмаған? Мысалы: мемлекеттік қызметте осы категорияға ерекше мән беріліп, олардың мансаптық тұрғыда ілгерілеуіне мүмкіндік жасалған.
2.Сайттарыңыз тек компьютерге икемделген. Мобильдік нұсқасын қашан жасайсыздар?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңізді қарап, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) білім беру ұйымы мәртебесіне ие екенін хабарлаймыз.​
 
«Білім туралы» ҚР Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.​
 
Демек, барлық кандидаттар үшін жұмысқа қабылдау кезінде конкурстық іріктеу арқылы тең мүмкіндіктер беріледі, бұл ретте кандидатты кадр резервіне қабылдау, оның ішінде мансаптық өсу үшін ұсынуға болады.​
 
Екінші сұрағыңызға жауап беретін болсақ, биыл Абай университетінің ресми сайтын жаңарту жұмыстары басталады. Ұсынысыңыз үшін рахмет!
02-01-2023 12-32-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: студенттен

Сұрақ № 6811
Сәлеметсізбе Дархан Нұрланұлы?Мен қазіргі таңда 2 курста Осы қара шаңырақта білім аламын.Менің сұрайын дегенім Бір жылдық әскери кафедрада оқығысы келетін студенттер үшін осы жылы әскери кафедра қай университетпен келісім шарт жасалады ?Бұл біз үшін ауадай қажет болып тұр.Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Әскери кафедра басшысы Қуандық Рахматуллаұлы Мәмбеталиевпен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Тел.: 382-27-36, k.mambetaliev6369@abaiuniversity.edu.kz. 

 
30-12-2022 18-44-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6810
Грантқа өтініш жазуға қажетті образецті алу үшін институт директоратына жазған едім жауап бермеді.Оны басқа қайдан алуға болады.Эдвайзергеде жазғанмын түк пайда болмады.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71. Рахмет!

30-12-2022 11-23-05   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6809
Құрметті Дархан Нұрланұлы, Клара Төлемісқызы, университетіміздің жоспарлары мен міндеттерін ілгерілету үшін жасап жатқан барлық істеріңізді бағалайтынымды айтқым келеді. Сіздер біздің ұжымда еңбек еткен жылдар ішінде еңбек көрсеткіштері, жалпы тәртіп пен орындаушылық деңгейі жақсарды, еңсемізді көтерді. Әділетті, әдепті және шынайы адам ретінде атап айтып, сіздермен жұмыс істеуге мүмкіндік алғанымызды мақтан тұтамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс тілей отырып, саналы ұрпақ тәрбиесіне қосқан ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс білдіремін! Жаңа жылдарыңызбен!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біздің міндетіміз - білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау. Жылы сөздеріңіз бен тілектеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз және бар жақсылықты тілейміз!

30-12-2022 10-39-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жамбылхан Аяжан Бейбитовна

Сұрақ № 6808
Здравствуйте. Я студентка 3 курса. Из специальности «Подготовка специалистов по логопедии». Институт педагогики и психологии. Дело в том, что во время сессии по казахскому языку мой результат был аннулирован и даже не объяснив причину оставили на летник. Когда написала тех поддержке, то сказали, что результат был аннулирован. Я считаю, что нечестно не предъявив доказательство того, что я списывала, мой результат убрали и оставили на летник. Уважаемый ректор Дархан Билялов, пожалуйста пересмотрите мой вопрос. Я уверена в своих знаниях и готова на всё, чтобы пересдать и доказать, что я не списывала. Надеюсь на справедливость и на решение этого вопроса
Жауап:

Здравствуйте! Студенты по специальности «Подготовка специалистов по логопедии» Института педагогики и психологии сдавали экзамен по дисциплине Казахский язык (В2) 13 декабря 2022 года. В ходе проверки прокторинговой системы выявлен ряд нарушений, не соответствующих кодексу академической честности, в результате аннулировали оценку экзамена на основе Академической политики вуза. Для просмотра своего цифрового следа можете обратиться в Центр тестирования КазНПУ им. Абая.

29-12-2022 18-04-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6807
Здравствуйте! Я являюсь магистранткой 1 курса (проучилась 1 семестр), учусь на гранте. Но хочу отчислиться по семейным обстоятельствам,нужно ли мне возместить потраченные на меня средства? Долгов по учебе нет.
Жауап:

Здравствуйте! Вам необходимо написать заявление об отчислении, обратитесь в директорат института, где Вы обучаетесь, и в центр обслуживания студентов «Шапағат». В будущем, если Финансовый центр потребует от вас потраченных средств в течение периода, которого вы учились, Вы должны будете заплатить.

29-12-2022 15-01-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6805
Здравствуйте, уважаемый Дархан Нурланович! Обращаюсь к Вам с предложением об изменении формы сдачи экзаменов. Это, главным образом, касается программы "Оқулық". Последняя сессия окончательно подорвала доверие к этой системе. Сдача экзаменов в таком формате влечет за собой неприятные последствия, заставляет испытывать дискомфорт не только самих студентов и магистрантов, но и преподавателей. Возникает необходимость многократно обращаться к техническим специалистам. Функционирование прокторинга, который, казалось бы, создан в целях осуществления строго контроля за прохождением экзаменов, на деле приводит к серьезным проблемам: преподаватели не могут в течение длительного времени оценить работы, поскольку в системе регулярно происходят какие-то сбои (например, с помехами происходит проверка текста на уникальность); прокторинг, либо опираясь на посторонние шумы, не имеющие отношения к тому, кто сдает экзамен, либо, опять же, по причине каких-то технических сбоев, выдает отрицательный результат. Представьте себе такую ситуацию: студент отлично знает материал дисциплины, готовится к сдаче экзамена, подробно отвечает на все вопросы, но его старания перечеркивает бездушная система прокторинга, естественно, не учитывающая никаких стремлений и уровня знаний. Она элементарно не допускает работу студента к проверке. То же самое можно утверждать в отношении антиплагиата: если студент выучил материал наизусть, слово в слово, как в лекционном материале или, например, учебном пособии (такое возможно), программа распознает это как копирование материала с других ресурсов.
Таким образом, прозрачность в отношении сдачи экзаменов, которую должна обеспечить данная система, во многих случаях превращается в полное отсутствие объективизма и справедливости в отношении сдающего экзамен студента. Сильный стресс приходится испытывать и преподавателям, которых система загоняет в жесткие рамки.
Жауап:

Уважаемый студент! 
Система прокторинга «Окулык» только ФИКСИРУЕТ действия обучающегося и никак не влияет на балл при оценивании Ваших знаний преподавателем, который получает отчет прокторинга и процент доверия к обучающемуся системой. Преподаватель сам решает, исходя из отчета, допускать работу к оцениванию или нет.
Если Вы хотите получить свой цифровой след экзамена, то можете обратиться в Центр тестирования. Спасибо!
29-12-2022 14-08-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6804
Саламатсыздарма, мен практика бойынша мектеп ауыстырғым келеді, кімге , қайда жолықсам болады осы мәселе бойынша? (әрине өз себептері бар)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Мансап орталығының мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рахмет!

29-12-2022 12-16-22   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6803
Қайырлы күн ректор мырза. мен 3 курс студенімін мен 22.12.22 күні сессия тапсырдым 95 баллға алайда 1 аптадан соң сессия баллым жойылып орнына 0 балл ретейк тұр. Мен ешқандайда шпаргалка қолданбадым, осыған дейінгі аралық бақылау бағаларым 95+ болатын. 1 апта бойы тест баллы өз қалпында тұрып соңына келгенде өзгеріп кеткеніне таң қалып тұрмын.Осы мәселемді қарауыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! "Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес, онлайн режимде емтихан академиялық адалдықты сақтау мақсатына бағытталған прокторинг жүйесін қолдану арқылы жүргізіледі. Прокторинг нәтижесін талдау және емтихан барысында академиялық адалдық қағидалары бұзылған жағдайда емтихан нәтижесі жойылады. Егер  Сіз өз цифрлық ізіңіз туралы мәлімет алғыңыз келсе, Тестілеу орталығына хабарлассаңыз болады.

29-12-2022 11-29-16   Басқа

Сұрақ қоюшы: Жанар Абайкызы

Сұрақ № 6802
Добрый день!

Хочу выразить благодарность за добросовестный труд, профессионализм и ответственность:

Сотруднику отдела сопровождения информационной системы – Кайрат Куат,
Начальнику отдела сопровождения информационной системы – Оразбаеву Жанату,

а также за большой вклад в развитие информационной системы нашего университета и автоматизацию всех бюрократических работ.

С уважением и благодарностью, магистрант Института Сорбонна, Жанар Абайкызы
Жауап:

Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о работе наших соответствующих служб. Мы делаем все, чтобы наши обучающиеся и сотрудники были удовлетворены работой руководства вуза. Спасибо!

28-12-2022 17-50-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6801
Сәлеметсізбе ректор мырза мен 3 курс студентімін сессия бізде прокторинг арқылы болды универ жүйесінде бірақ сессия тапсырып болған соң 6 күннен соң лето деп тұр. Шпаргалка қолдандың деп бірақ мен ешқандай да шпаргалка қолданбадым , прокторингты қайталап көріғіздер десем олай да болмайды дейді мен өзімнің дұрыс тапсырғанымды дәлелдей амай отырмын. Негізгі балл 95 алған болатынмын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Емтихандар академиялық адалдықты сақтау мақсатына бағытталған прокторинг жүйесін қолдану арқылы жүргізіледі.  Прокторинг нәтижесін талдау және емтихан барысында академиялық адалдық қағидалары бұзылған жағдайда емтихан нәтижесі жойылады. Өзіңіздің емтихан тапсырудағы цифрлық ізіңіз туралы мәліметті Тестілеу орталығынан ала аласыз. Байланыс деректері: Достық,13, бас оқу ғимараты, 527 кабинет. Тел.: 291-57-50. Рахмет!

28-12-2022 16-42-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6800
Мен физмат корпусының студентімін. Жалпы айтайын дегенім Кунтуарова Арайлым апай жайлы. Кунтуарова Арайлым сабақты дұрыс өтпейді. Студенттерді мүлде сыйлауды білмейді. Бағамен қорқытады. Нашар бағалайды.
Жауап:

Құрметті студент! Күнтуарова Арай өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаз. Білім берудің кредиттік технологияларына сай сабақ жүргізеді. Студенттермен қарым-қатынас мәселесі бойынша әңгіме жүргізілді. Хатта толық мәлімет берілмегендіктен, сұрағыңызды нақтылауға мүмкіндік болмады. Білім алушы өзінің бағасына келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға шағымдануына болады.

27-12-2022 19-41-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6799
Сәлеметсіз бе? Біз Математика Физика және Информатика институдының студенттеріміз. Біз Кунтуарова Арайлымның, сабақта жеке басымызға өтіп, сабақтан тыс нәрселер айтып, баллымызды әділетсіз қойғаны үшін, деканатқа арыз жазып, мұғалімді ауыстыруды талап еткен болатынбыз. 2-ші рубежканың 3-ші аптасынан бастап біздің мұғаліміміз ауысқан болатын. Бірақ та Емтихан жауаптарын тексеруші етіп қайтадан Кунтуарова Арайлымды қойған. Бізге лектор тиісті бағамызды қойды, ал Кунтуарова Арайлым баллымызды тағы да төмендетіп отыр. Кунтуарова Арайлым қызметін асыра сілтеп пайдаланып, біз арыз жазғанымыз үшін, баллымызды тағы да төмендетіп тастады. Студенттерге өте әділетсіз!
Жауап:

Құрметті студент! Оқытушы Арай Күнтуарова өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаз. Білім берудің кредиттік технологияларына сай сабақ жүргізеді. Алайда, жоғарыда аталған қолайсыз жағдайларды кафедра мәжілісінде қарау барысында студенттердің талабы ішінара рас екендігі расталды. Нәтижесінде оқытушыға қатаң ескерту жасалып, ол топтан сабақ беруден шеттетілді.

Ревьюер жыл басынан бекітілгендіктен, оқытушы А. Күнтуарова емтиханға қатыстырылды. Емтихан нәтижесі бойынша қойылған бағаларды салыстыру жұмыстары жүргізіліп, бағалардың айырмашылықтары шамалы екендігі нақтыланды. Егер білім алушы өзінің бағасына келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға шағымдануына болады.

27-12-2022 17-58-51   Басқа

Сұрақ қоюшы: Рахат

Сұрақ № 6798
Добрый день , я закончил специальность электроэнергетика , хотелось бы поступить в магистратуру на специальность подготовка педагогов физики могу ли я это сделать?
Жауап:

Здравствуйте!  Да, можете поступить. Только разница будет большая. Ее надо закрыть. Для этого необходимо дополнительно пройти курсы и сдать экзамен на платный основе. Спасибо!  

27-12-2022 12-40-07   Басқа

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6797
Сіздерге көп рақмет, өте жақсы өзгерістер болып жатыр, біздің университетімізде. Енді айта кететін мәселе ол диплом көшірмелерін қалпына келтіру туралы, осы мәселе үнемі блокта айтылып тұралы, нарызылықтар көп. Өте жақсы болды жаңадан келген маманға осы жұмысты тапсырғандарыңызға, ойдағыдай атқаруда. бірақ Н.Исабаева әліде корпоративный почтасы арқылы жұмыс жасауды, сол почтасын неге бұғаттамаған, неге одан кеңес алуымыз керек, өзі істеген мерзімде үнемі қатемен, арыздар түсіп жататын, енды сол үнемі қате жасап отырған маманңың кеңесі керек па? ЦОС бөлімі өте жақсы атқарып жатыр, жұмыскер емес маманға неге ашығынан беріп қойғансыздар, орысша айтқанда “доступ” к информации, ол кісімен не кілісім шарт жоқ, неге ол университеттін құжаттарын карап отыруы керек. осы мәселені шешіп брсеңіздер
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Студенттік кеңсе маманы Н.Б. Исабаеваның еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты аталған қызметкермен келісімшарты ұзартылған жоқ. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

Барлығы: 3791

« перв. ... < пред. ...  8  9  10  11  12 13  14  15  16  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Маусым, 2023
5
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений