
18-06-2019 10-36-17

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1204 Құрметті, Таxир Оспанұлы! Менің сізге қояр сауалым президенттік шәкіртақы туралы болмақ. Өзім 3 курс студенті боламын. Бұл шәкіртақыға байланысты ақпараттар мен қажетті анықтамалар жөнінде xабардар етсеңіз! Алдын ала раxмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген шәкіртақыға үміткерлерді Білім және ғылым министрлігіне ұсыну үшін конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесінде іріктелген үміткерлер тізімі Ғылыми кеңестің мәжілісінде қарастырылып, бекітіледі. Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген тізім министрлікке жолданады. Шәкіртақы тағайындау Ережесіне сәйкес үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:
1. Шәкіртақы күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-ші курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
2. Шәкіртақы білім алушылардың келесі санаттарына тағайындалады:
- республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
- ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
- табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
- білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
3. Шәкіртақы бір академиялық кезеңге тағайындалады.
4. Шәкіртақы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
5. Шәкіртақыларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу 1-ші, 2-ші тармақтарда жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.
Конкурс жарияланған уақытта үміткерлер жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттарын (транскрипт, ғылыми жетістіктері, диплом, грамота, сертификат, т.б. көшірмелері) институт директоратына өткізулері қажет. Президенттік шәкіртақыны тағайындауға арналған конкурс туралы ақпарат директорат тарапынан хабарланады және ресми сайттың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады. Рахмет!

17-06-2019 20-19-55

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1203 2018-2019 битируши тулектерине диплом нешеси бериледи
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімінің уақыты туралы директорат тарапынан хабарланады. Рахмет!

17-06-2019 15-03-40

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1201 Курметти ректор мырза!Мен сизге барлык докторанттардын атынан жазып отырмын. Биз еки жылдан бери корип келе жаткан коринис бир, коргауга шыгып, аман-есеп коргалып шыгу ушин дис.совет мүшелеринин барине акша берип шыгу керек екен, онымен коймай олардын барлыгын тамакпен, туратын жермен камтамасыз ету керек екен. БУЛ НЕ СУМДЫК??? Акша бермесен, адеии кулатады дейди. Менин отбасым томен,барлык дис.совет мүшелерине акша беруге шамам жетпейди. Университеттеги мугалимдердин, асиресе жасы келген мугалимдердин пара алу маселесин колга алсаныз.Рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда аталған мәселе жеке бақылауымызға алынды. Алдағы уақытта бұл мәселенің қайталануына жол бермеу үшін пара алу фактісі орын алған Диссертациялық кеңес туралы толық мәліметті rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

17-06-2019 09-05-20

Басқа
Сұрақ қоюшы: Ерсайын Молдасанов Сұрақ № 1200 Құрметті Тахир Оспанұлы, 2018-2019 оқу жылында Университтетте көптеген іс-шаралар ұйымдастарылып,90 жылдық мерекеміздің жоғары денгейде өтіп,ПОҚ мерекелік медалдармен марапатталып, сыйықы алып, 2018-2019 оқу жылын жақсы табыстармен аяқтады.Әсіре студенттерге Руханиятты білім, Ұлттық тәрбие беріп, ұлттық мәдени шараларды өте жоғары, әрі сапалы ұйымдастырып, университтетіміздің дамуына зор үлес қосқан Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жататбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың ұжымына алғысым шексіз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе, Ерсайын Мышанұлы!
Алғыс жолдағаныңыз үшін үлкен рахмет!

17-06-2019 00-23-19

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1199 Салематсизба! Кояин деген сурагым бар еди, со академический календарь караганда летний семестр 11.06-29.06 деп жазулы турган енди мен 29ына билет алып койдым со бугин универ жуйесин карасам 8.07 битед деп тур. Озим Мангыстау онириненмин летний семестрди тезрек битируге болама??
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Билет алып қойған болсаңыз, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығыңыз. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

17-06-2019 00-01-38

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Anonim666 Сұрақ № 1195 УВАЖАЕМЫЙ ТАКИР ОСПАНОВИЧ ХОТЕЛ ЗАДАТЬ ВОПРОС, ЧЕМ ЗАНИМАЕТСЯ ДЕПАРТАМЕНТ ИНФОРМАТИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ??? Столько в нем ужасно не грамотных людей. У меня такое ощущения, что в нем начиная от руководителя заканчивая их инженеров все преследуют только свои корыстные цели. А теперь по существу Директор Бахытжан вообще не уловимый никогда нет на месте. Сгрузил все вопросы на своего зама Тимура тот вообще ничем не помогает что не спроси все время нету. Не ужели в таком огромном Университете нельзя приобрести расходный материал Клавиатуры мышки картриджы в конце концов не можем починить компьютеры . Миллионы тратят на приобретения черт знает чего вот к примеру оборудование ВАЙФАЙ или ПРОЕКТОРА закупают на 18 000 000 и не понятно для чего. Кто контролирует все ЭТО. Мы простые преподаватели, работающие на кафедрах днем и ночью приносящие пользу УНИВЕРСИТЕТУ вынуждены сами покупать за свои счет картридж или мышку для компьютера. И речь еще не идет когда ломается компьютер нет нормальных грамотных специалистов или нужно ждать специалистов по 5 а то и больше дней. А девочка принимающая заявки это что их личный секретарь постояно покрывает их да ГДЕ ЭТО ВИДАНО такого же не было раньше что это такое. ИМ УДОБНО ВСЕ ЧЕРЕЗ НЕЕ САМИ НЕ НЕСУТ НИ КАКОЙ ПЕРСОНАЛЬНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПОЛУЧАЮТ зарплаты по 300 000 тысяч и не работают вообще. Умоляю проверти от куда нужда в 18 000 000 ВАЙФАЯХ??? И КУДА УХОДИТ ИХ БЮДЖЕТ и КТО его вообще составлял. Какая речь может быть о цифровизации когда они не могут выполнить минимальные проблемы. ПОСТОЯНО НА КАКИХ ТО СОБРАНИЯХ КОНФЕРЕНЦИЯХ ИЗ НАЧАЛЬСТВА НИ КОГО НЕ НАЙДЕШЬ. И ОБРАТИТСЯ НЕ К КОМУ ПОЖАЛУЙСТА Я ПОНИМАЮ ЧТО У ВАС И БЕЗ ЭТОГО МНОГО ПРОБЛЕМ НО ВСЕ ЖЕ ОБРАТИТЕ ВНИМАНИЯ И РАЗБЕРИТЕСЬ.
Жауап:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению, указанные факты обязательно будут проверены.

16-06-2019 17-58-33

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Шойманова Мөлдір Айбекқызы Сұрақ № 1193 Саламатсыз ба құрметті Такир Оспанович!Мен осы университетіміздің студентімін. 1-курсты аяқтадым. GP баллым -3.9, барлық сабақтарым "5" болды ."Алтын белгі "иегерімін .Батыс Қазақстан облысынан ,Ақтөбе қаласынан келдім,әкем қайтыс болған. Осы университетке түсерде "Алтын белгі "иегерлеріне келесі жылы 100% жеңілдік 1-курсты 3.67-ден асырса , сақталады деп еді .Сол бойынша сұрап тұрмын ,осы жолы біздің жеңілдігіміз нақты сақтала ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе, Мөлдір!
Студенттің оқу үлгерімінің көрсеткіші «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады.

16-06-2019 12-01-40

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1192 Сəлеметсіздер ме? 4-курс студенттерінің шəкіртақысы мен жолақысы маусым айында берілмейді деп жатыр. Басқа ЖОО студенттеріне түседі екен. Бізге не себепті түспейді екен? Жауапсыз қалдырмасаңыз, рақмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №677 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес бітіруші түлектерге 4 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қаражат беріліп, жылына бір рет жол төлемақысына берілетін жеңілдікпен қамтамасыз етіледі. Яғни, Сіз бітіруші түлек болуыңызға байланысты қысқы демалыс кезінде жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз етілдіңіз.
2018/2019 жылғы Академиялық күнтізбе бойынша жазғы қорытынды аттестациялау кезеңі (29.04.2019-08.06.2019ж.ж.) 8 маусымда аяқталады. Осыған орай, Сізді бітіруші түлек ретінде аталған күннен бастап оқудан шығаруға бұйрық дайындалады. Бұйрық шыққан күннен бастап шәкіртақы тоқтатылады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен жолығуыңызға болады. Рахмет!

14-06-2019 16-31-33

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Алманова Жанар Женгисовна Сұрақ № 1190 Құрметті Тақир Оспанұлы! Менің қызым Уразалиева Айжамал 5В011300-Биология мамандығының 1 курсын бітірді. Менің Сізге өтініш жазу себебім, қысқы сессия уақытында қосымша берілген гранттарға менің қызым іліне алмады. Осы жазғы сессияны өте жақсы бағаларға тапсырды, 1 ғана төрті бар. Гранттарды бөлу барысында студенттің әлеуметтік жағдайларын ескерілуін сұраймын. Мен көп балалы анамын, растайтын құжатым да бар. Мемлекет тарапынан да көп балалы аналарға көңіл бөліну керек деп жатыр. Жолдасым 3 топ мүгедегі болғандықтан жұмыс жасамайды. Қызым мектепті қызыл аттестатқа бітірген.
Сізден менің әлеуметтік жағдайымды ескеріп, қызымды грантқа ауыстыруға көмек беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Құрметті ата-ана!
Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына үміткерлер арнайы конкурс арқылы іріктеліп, Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіледі. Қызыңыз конкурсқа қатысуы үшін өтінішін және конкурс талаптарына сәйкес құжаттарын Студенттік офис бөліміне (№1 оқу ғимараты, 106-каб.) тапсыруы қажет. Конкурс кезінде білім алушылардың оқу үлгерімімен қатар әлеуметтік жағдайы міндетті түрде ескеріледі.
Жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат ресми сайтымызда жарияланды. Конкурстың талаптарымен сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінен таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2010/notice/. Сұрағыңыз үшін рахмет!

13-06-2019 15-25-51

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1189 Добрый день, Тахир Оспанович!у меня вопрос, поднимется ли зарплата сотрудников университета с 1июня? Если да, то кому именно и сколько процентов?
Жауап:
Здравствуйте!
С 1 июня зарплата повышается сотрудникам детских садов и школ. Зарплату сотрудникам нашего университета подняли в январе т.г. Спасибо за вопрос.

13-06-2019 10-27-45

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1188 Бүгін 13.06 сағат 10:00 де экзаменде болған мұғалімдер өзін лайықты ұстамады. Көп сөйлеп ойымыздың бәрін шашты. Сол екі мұғалімнің кесірінен қалаған балымды ала алмай қалдым. Сонымен қатар экзамен барысында бір қызды себепсіз шығарып жіберіп. Акдитория ішін xаус қылды. Ойым сан саққа бөлінді. Мұғалім өзін педагог деген атқа лайықты ұстау керек емеспа? Екеуі базарда отқандай.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Емтихан тест түрінде өткен болса, Тестілеу орталығының басшысы Даража Нағашыбайқызы Исабаеваға жолығуыңызға болады.

12-06-2019 10-59-41

Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1185 Қайырлы күн Тахир Оспанұлы!Мен жас маман едім. Дінтану пәнінен сабақ беремін.Осы Дінтану пәнінен аралық бақылау,сессия деген нәрсе болмайды.Қазір заман солай ма студенттер тек баға үшін оқитын болған.Арасында пәнге қызығушылық танытып оқитындар да бар.Бірақ студенттер балл койылмағасын сабаққа қатысуды да қойды.Басқа университеттерде бұл пәнде аралық бақылау,сессия жүреді.Біздің университетте де солай болса дұрыс болар еді.Бұл пән міндетті пән ретінде жүргесін барлық институттардың 1курсында болады.Сабақтан қалсаңдар оқудан шығып кетесіңдер деп қорқытудан шаршадық.Осы жағын қарастырып көрсеңіз.Бұл пән студенттерімізге керекті пән ғой.Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

11-06-2019 15-29-36

Басқа
Сұрақ қоюшы: анон Сұрақ № 1183 Саламатсызба?
Менің сұрайын дегенім, неге қабылдау комиссиясында отыргандардың еңбек ақысы бәріне бірдей төленбеді? Көп оқытущыларға көк тиында төлеген жоқ, хотя барлық адамдар бірдей жқмыс істеді, неге адамдардың еңбек ақысын жейсіздер?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыздағы мәселеге байланысты толық мәлімет алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің директоры Тамара Сәдірбайқызы Сапарбаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-30-67.

11-06-2019 09-05-58

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1182 Уважаемый ректор,SOS! Это уже крик души, уже нету сил терпеть Абылкасымову А.Е. Она так ругается и кричит, унижает своих сотрудников! ей 70 лет, может вы ее уже отправите на пенсию и позволите молодым спокойно работать. Каждого достает, мы понимаем, что она внесла большой вклад в развитие образования, но сейчас у нее реально старческий маразм начался. Просим Вас принять хоть какие то меры
Жауап:
Здравствуйте!
По Вашему обращению будет проведена разъяснительная работа с данным руководителем. Спасибо!

10-06-2019 22-21-04

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аманжанова Гүлвира Сұрақ № 1181 Құрметті, Такир Оспанұлы! Мен Аманжанова Гүлвира,"Педагогика және Психология" институтының 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының ақылы негізде оқитын 1 курс студентімін. Маған, 2018/2019 оқу жылында жинаған 95 балыма сәйкес 30% жеңілдік жасалған болатын. Ол жеңілдік үшін үлкен алғыс айтамын. Осы оқу жылының нәтижесі бойынша жиынтық балым GPA 3,65 шығып тұр.
Сізден 2019/2020 жылында 30% жеңілдігімді сақтап қалуға рұқсат беруіңізді өтінемін.
Анам, Жубанишева Нургуль Айтбаевна денсаулығына байланысты 3-ші топ мүгедегі, сіңілім Аманжанова Диляра Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжінде ақылы негізде оқиды.
Грантқа да өз өтінішімді білдіріп, конкурсқа түспекшімін. Жастар жылынан үміттеніп отырмын.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескеріп, жеңілдік көрсетуіңізді сұраймын, жаңа оқу жылында GPA балын көтеруге уәде беремін.
Отбасылық қаржы мәселесіне байланысты университетімді ауыстырғым келмейді, түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.
Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе, Гүлвира!
Жеңілдік беру талаптарына сәйкес өтінішіңіз бен тиісті құжаттарыңызды институт директорына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз қарастырылып, жауабы міндетті түрде хабарланатын болады. Рахмет!

10-06-2019 16-10-36

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1180 Салеметсизбе, курметти Тахир Оспанович! Сиздин биздин университетимиз ушин манызы бар блок ашканынызга Сизге шексиз ризашылыгымды билдиремин. Сизге осы блок аркылы кокеймизде журген сурактарды ашык койып, усыныстар бере аламыз. Менин айтпагым бизде ортодокс катып калган ески консервативти зандылыктарды колданып, жане оны оздеринин алга емес, артка суйрейтин арекеттери ушин колданатын окытушылар бар, олардын копшилиги зейнет жасындагы окытушылар. Олардын копшилиги ески советтик кагидамен журеди. Биздин университеттин ужымдарын билимди жастармен жасартуга болмайма. Жакында Назарбаев университетинде болдым окытушылардын барлыгы жалынды жастар керемет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің қызметін дұрыс бағытта қалыптастыру және дамыту, оқу орнымыздағы орын алған мәселелерді шешу жолдарында басшылық қоғаммен тікелей байланыста белсенді болуға, оқытушыларымыз бен білім алушыларымызға мүмкіндігінше жағдай жасауға, жолданған сауалнамалар мен ұсыныстарды қарастыруға әрдайым дайын.
Ұсынысыңыз өте орынды. Жаңа оқу жылында Стратегиялық даму жоспарымызға сәйкес университет құрылымына өзгерістер енгізіледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!

10-06-2019 15-46-08

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1179 Сəлеметсіз бе!Менің сауалым: -Неге 4 курс бітірушілеріне тек қызыл дипломмен бітірген студенттерге ғана арнайы шақырып диплом табысталады да,көк диплом алатындарға жай ғана қолдарына таратып беріледі.Сол жағы мұңайтады...осы жылы бізде бітіргелі жатырмыз,студенттерді бөліп жармай бəріне бірдей салтанатты түрде диплом табыстағанын қалаймыз. Өтінішімізді жауапсыз қалдырмаңызшы Тахир Оспанұлы
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сауалыңызға рахмет. Биылғы жылы түлектерге диплом табыстау рәсімін кең көлемде өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараға университетіміздің барлық бітіруші студенттері қатысып, оларға тиісінше дипломдары салтанатты түрде табысталатын болады. Шараның өтетін күні мен уақыты алдын ала университетіміздің рәсми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады.

09-06-2019 14-07-55

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1177 Салеметсиз бе, сизден сурайын деп едим, кай уакыттан бери диплом коргаган студенттер институт директорынын тамагына акша жинап беретин болган 2000 тенгеден? филология факультети
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша Филология және көптілді білім беру инcтитуты басшылығынан және институтқа қарасты кафедралар құрамынан бекітілген мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшыларынан түсініктеме алынды. Институт тарапынан берілген мәліметтер бойынша студенттерден ақша алынбаған.
Егер Сізде ақша талап ету фактісі бойынша нақты ақпарат болса, қабылдауыма жазылуыңызға болады. Рахмет!

09-06-2019 14-03-55

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Оразов Иса Сұрақ № 1176 Здравствуйте. Вот хотел бы узнать у меня летник и я заплатил, но дома чп и я должен поехать вот можно оставить летник на 2 курс?
Жауап:
Здравствуйте, Иса!
По данному вопросу свяжитесь с директором Вашего института.

09-06-2019 13-49-41

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1175 Здравствуйте ! Я являюсь студентом института Сорбонна-Казахстан и хотела бы выразить огромную благодарность в первую очередь нашему ректору ,что вы делаете все удобства для нас. Спасибо преподавателям нашего университета и так же института за прекрасные знания ,наши предметы проходят во время,всегда интересные пары и познавательные. Хотелось бы отметить,что нововведение в этим году по поводу посадочных мест очень актуально и удобно! За 30 минут до начала экзамена мы уже знаем какие у нас места ,этаж и аудитория , а так же сидишь отдельно от наших одногруппников вообще в разных аудиториях ! Спасибо начальнику центра тестирования Дараже Нагашыбаевне за идею и нововведение !
Могу отметить и сказать честно ,что в нашем университете всё прозрачно и справедливо ,академическая честность соблюдается во всех параметрах . Несомненно , у нас лучший ректор и преподаватели !!!
Жауап:
Здравствуйте!
Благодарю за приятный отзыв. Желаю успехов в учебе. Спасибо!
Барлығы: 3791