Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
08-09-2019 10-48-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Азиза

Сұрақ № 1472
Сәлеметсізбе!Тахир Оспанұлы
мен осы жылы бакалаврды қызыл дипломға аяқтап, осы универдің құқықтану мамандығына оқуға түсуге бел байладым,бірақ басқа мамандық болған соң қиын болды, дегенмен ақылы бөлімге түстім, жарты семестрден кейін жақсы көрсеткіш көрсетіп грантқа өте аламын ба?маған қиындау болып тұр.Квартира,жүріп тұру оңай емес Алматыда,биыл грант бөлінді деп айтқан болатын.Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf .

Бірінші оқу жылында жеңілдікпен оқып, оқу үлгерімін «өте жақсы» көрсеткішпен аяқтаған білім алушылар мемлекеттік бос грант орындарына арналған конкурсқа қатыса алады. Жеңілдіктер мен грант орындары туралы қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

07-09-2019 18-45-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Тұрсынқызы Айжан

Сұрақ № 1471
Сәлеметсіз бе!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уневерситетінде 9-шы сыныптан кейін ақшалай оқу мүмкіншілігі барма?
Жауап:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

07-09-2019 14-23-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1470
Салеметсиз без. Мен 1 курс студентимин. Общежитие де турып жатырмын
Болмелерде толып турган таракан, кырыкаяк, олар жаксы, конуге болады, бирак устимнин барин бирдеме шыгып тастады, САУ жер калдырмай, больницага корингем, бурге шаккан Дейди. Канша рет айттым, хотя бы тосегимди ауыстырып беринизши жата алмайм уже деп. Али бермеди. Оздерин Тосек алып келмендер уйлеринен деп айтты еще 1 куннен бастап. Айткым келмеген. Бирак антисанитария общежитие деген. Кешириниз. Алдын ала рахмет жауабыныз ушин
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақхана бойынша шағымыңыз назарға алынды. Бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға арнайы тапсырма жүктеледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!

07-09-2019 10-44-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1469
Құрметті, Тахир Оспанұлы біз 4курс ретінде сізге айтар біраз өтінішіміз болып тұр еді.Өндірістік практика осы жылы жыл бойы болады, сол бізге өте ауыр болып тұр.Біз барлығына қалай үлгереміз?Дуалды білім беруі енгізбесеңіздер дейміз. Бұрынғыша қалсыншы барлығы. Студенттердің жан айқайын естісеңіздер жақсы болар еді. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша сұрақтарыңызға толық жауапты Мансап орталығының қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.: 291-83-50. Рахмет!

07-09-2019 08-34-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1468
Салеметсиз бе,Ректор мырза!4 курста практика 5 кун катарынан болады дегенди естип,тобе шашымыз тик турды.Бул буйрыкты ким шыгарды,неге шыгарды,неге студенттердин ойы ескерилмейди? Ия,кордик,опрос жасалды,бирак та оны куптаган студентти биз кормедик.Сонымен катар, неге биз 1 жыл бойы тегин жумыс жасауымыз керек, ой,ширкин-ай мектептеги апайлар естип куанып жаткан шыгар,1 жыл демалатын болдык деп. Сонымен соз сонында,не практика кунин азайтайык ,немесе жана жылга дейн гана болатын болсын,болмаса сол баягы 3 айлык практика бола берсин .Студент ойы бизге манызды дейсиз,мине биззин ой-осы. Сизге арка суйеймиз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Бұл мәселе Ғылыми кеңес жиынында қарастырылды. Өндірістік іс-тәжірибенің уақытын ұзарту әлемдік тәжірибеде оң нәтиже берген. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, өндірістік іс-тәжірибенің уақытын ұзарту туралы шешім қабылданды. Өндірістік іс-тәжірибенің ұзақ уақыт жүруі білім алушыларға мол тәжірибе береді деген сенімдеміз. Сондықтан оқу үрдісіне байланысты қабылданған шешімге сәйкес, өндірістік іс-тәжірибе ережелерін орындауларыңыз қажет.     

06-09-2019 17-30-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Студенттерден

Сұрақ № 1467
Құрметті Тахир Оспанұлы! Сіздердің университет үшін атқарып жатқан орасан зор еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!Университтің имиджмі мен келбеті күннен күнге жақсарып келуде.
Сізге студенттер тарапынан алғыс пен өз өтінішімізді жеткізгіміз келеді."ШАПАҒАТ" СЦҚКО қызметкерлері өз жұмыстарын дұрыс атқармайды, жауапкершіліктері өте төмен, студенттермен қызметкерлермен мәдениетті түрде жұмыс істеуді білмейді!!! Өте қатаң түрде ескертулеріңізді сұраймыз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша міндетті түрде ескерту жасалады. Алдағы уақытта бұл мәселе «Шапағат» орталығының қызметкерлері тарапынан тағы қайталанатын болса, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласып, шағымдануыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

06-09-2019 13-55-48   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1465
Саламатсызба, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген маманның дипломының шынайылығын білу үшін мектеп атынан электронды почтаға (rektor@kaznpu.kz) хат жіберген едік. Жауабы келмей жатыр. Оқу жылы басында жұмысқа орналастыру үшін аса маңызды құжат болғандықтан асыға жауап күтеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сіздің хатыңызда көрсетілген тұлғаның оқу орнымызда білім алмағандығы және 2019 жылы диплом берілмегендігі туралы №08-04-30/256 анықтама жолданғаны анықталды. Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-48-74. Рахмет!

05-09-2019 13-21-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1463
Сәлеметсіздер ме?! Мен магистратурада 2-курсқа көштім. Бірақ, осы жақында мектепке жұмысқа орналастым. Менің еңбек кітапшама 1 жылдың еңбек өтілін жазғызып алуыма болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Еңбек өтілін еңбек кітапшасына жазу туралы сұрағыңыз бойынша Студенттік офистің маманы Ұлтуар Аманбекқызы Азаматовамен хабарласып, еңбек өтіліңізге байланысты нақты ақпарат алуыңызға болады. Тел.: 291-16-65.  Рахмет!

05-09-2019 13-12-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1462
Құрметті Тахир Оспанұлы Сәлеметсізбе? Мен 4курс студентімін.Сізден сұрайын дегенім жазғы демалыста 15маусым мен 25 тамызға дейін СҚЖ да жұмыс жасадым,жұмысшылардың алды болдым деп айта алам.4-курсқа жатақхана беріле ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақхана бірінші кезекте әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушылар мен 1 курс студенттеріне үлестіріледі. Сіз жатақханадан орын алуыңыз үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім жасап, тиісті құжаттарыңызды тіркеуіңіз қажет.

05-09-2019 10-53-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1459
Здравствуйте,Такир Оспанович!пишут вам студенты 4 курса,дело в том что на данный момент в свзяи с нововведением мы должны учиться и проходить практику а так же написать дипломную работу одновременно,это очень неудобно для нас так как многие уже имеют семьи,детей кто-то ждет ребёнка и мы разрываемся на части и нигде не успеваем(((не могли бы Вы рассмотреть еще раз эту программу и отделить как раньше,время прохождения практики от учебного процесса так как .Времени на написание дипломной работы критически не хватает...надеемся на Ваше понимание. Спасибо.
Жауап:

Здравствуйте!

Этот вопрос обсуждался на заседании Ученого совета университета. Было принято решение  продлить сроки производственной практики. Мы уверены, что производственная практика предоставит студентам большой опыт в преподавании (в преподавательской работе). Поэтому нужно следовать правилам практики в соответствии с учебным процессом.

03-09-2019 17-31-19   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1458
Здравствуйте Такир Оспанович! У меня к вам такой вопрос, так как я окончила магистратуру в КазНПУ и после окончания нам сказали что мы должны отработать свой грант в Образовательных Гос. учреждениях. Так как я сама работаю в университете, мне сказали что этот университет не считается как государственным, так как он является «НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО». Если так посмотреть 100% акционером является государство. Многие государственные университеты переходят в НАО думаю что и КазНПУ не исключение, тогда почему нам ставят такие большие ограничение. я думаю что каждый отучившийся магистрант учился в магистратуре не для того чтобы преподавать в школе. Прошу вас рассмотреть этот вопрос.
Жауап:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению, руководство университета рассмотрит данный вопрос и даст свои разъяснения. Спасибо!

03-09-2019 12-57-24   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1457
Ассалаумагалейкум Такир Оспанович! Менің қарындасым Ақтаудан келіп сіздерге биыл 1 курска түсті. Қазір ата-анасының жағдайы жоқ пәтер ақысын төлеп тұруға,бізге жатақхана берілген жоқ. Өтініш жатақханадан орын беруіңізді сұраймын. Өтінішімді оңынан болады деген үміттемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Егер Сіздің қарындасыңыз оқу орнымыздың 1 курс студенті болса, жатақханадан орын алуы үшін өтінішін және әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын өткізуі қажет. Студенттердің өтініштері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылады.

Жатақхана мәселесі бойынша толық мәлімет алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

03-09-2019 12-04-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1456
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанович! Мен физика математика инфооматика институтының 2 курс студентімін. Бізге жатахана мәселесін кім шешеді. Біз БҚО - нан Орал қаласынан бір үйден екі бала осы университетте оқисмыз. (ағам тарих факультетінде 2курс) бізге университетке түскен кезде льгота болады деп айтып еді. ~азір Е-қызметтердің ішінде ондай пункт жоқ екен. Сол ескеріле ме екен?
Жауап:

Құрметті студент!

Қазіргі таңда жатақхана бірінші кезекте 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға үлестірілуде. Жатақханаға мұқтаж 2-4 курс студенттері жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруі қажет. Студенттердің онлайн өтінімдері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылады. Өтінішіңіз бойынша институт директорына жолығуыңызға болады.

02-09-2019 20-32-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1454
Курметти ректор мырза.2жылдан бери неге жатакхана маселесин шешпеисиздер.жатакхана жетпит.студенттер симаит.жыл сайын осы жагдай каиталанады.Неге укиметтен сурамаисыздар.Общежитие салыныздар улкен.кол астыныздагы кызметкерлер жұмыстарына салгырт карайды.Адамдарды менсинбеи оздерин жогары санайды.Комендант апайлардан бастап..Шгарыныздар осыны.Ундемеи жок.жок деп жылы орындарынызда отыра бермеи..
Жауап:

Құрметті студент! Жатақхана мәселесі университет басшылығының басты назарында. Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жатақханадағы орындар аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және  1 курс студенттеріне үлестірілді. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

02-09-2019 17-28-08   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1453
Салеметсизбе, менин кояйын деген сурагым, мен 3 курс студентимин, агылшын топтарга грант болинеди деп еди, калай грантка ауыса аламын, ата анам жумыс истемейди,менин Оку улгеримим жаксы,сабактан калмай келемин.
Жауап:

Құрметті студент!

Мемлекеттік грант орындарына ауысу жолдары туралы толық ақпаратты институт директорынан немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.:291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

31-08-2019 16-57-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1451
Сәлеметсізбе. Биыл 4 курс ақылы бөлім студенттеріне жеңілдік беріледі ме? Қараша айында барлық сомманы төлеу керек деген мағлұмат алдық ол қаншалықты рас? Қараша желтоқсан айына дейін 500 000 қаражат табу қиынға соғатыны белгілі. Жеңілдік берілмесе бөліп төлеуге болады ма?
Жауабыңызды күтемін. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf.  

Өтінішіңіз бойынша оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Рахмет!

31-08-2019 16-24-03   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қадырова Құралай

Сұрақ № 1450
Сәлеметсізбе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Қадырова Құраралай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану-математика факультетінің математика мамандығының 2 ші( енді 3) курс студенті боламын. Сізден сұрағым келгені: Қазіргі таңда мен грантымды (мемлекеттік грант, ауылдық квота) сақтап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне өз мамандығыма ауыса аламын ба? Қандай мүмкіндіктер бар? Немесе бұл мүлдем мүмкін емеспе? Жауабыңызды күтемін. Уақыт бөліп оқығаныңызға рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Құралай!

Білім алушыларды бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен жүзеге асырылып, тиісті бұйрықтармен рәсімделеді.

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

31-08-2019 01-56-07   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1448
Сәлеметсиз бе Тахир Оспанович! Мен ӨМжСИ 2курс студентимін.Осы жылғы жатақхана мәселеси бойынша айтайын дегеним,бизге әли жатақхана берген жок,бирақ баска Институттың қыздары 1жатақханада жатыр.Оны қалай тусинуге болады?1-ші жатақхана менгерушісі Гулжан апай алдынғы жылдада бөтен қыздар мен балдарды киргизген,айына 12мын тенге алып тургызган,өзимиздин институттың студенттери баратын жер таппай жургенде.Осыган байланысты шара қолдансаңыз деймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз назарға алынды. Басшылық тарапынан арнайы тексеріс жүргізіліп, қадағаланатын болады. Рахмет!

29-08-2019 21-42-41   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Балтаева Қарлығаш

Сұрақ № 1447
Сәлеметсіз бе! Балықбаев Такир Оспанович мен осы университеттің грант иегері 2 курс студенттінің анасы едім. Сізге өтінерім қызыма отбасылық жағдайыма байланысты жатақхана беруіңізді сұранамын. Себебі пәтер жалдап тұрғызуға қаражатым жеткіліксіз, Алматы қаласында туыс тамырымыз жоқ.Қазіргі таңда 5 баланың асыраушысы, отбасымда мүгедек баланың қараушысы жалғыз өзім екенін ескерсеңіз. Әкелері жоқ заңды түрде ажырасқанмын. Осы жағдайымды растайтын құжаттардың бәрі қолымда бар. Жатақханаға орналасу мақсатында онлайн түрде өтініш жазып жібердік. Жауабыңызды асыға күтемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа  жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!

29-08-2019 19-55-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1446
Сәлеметсіз бе? Жатахана туралы сұрақ қойғым келіп тұр. Жатахананы бүгін потвирждение алдым, ақысын 2 қыркүйекте төлеуге және бөліп төлеуге болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша институт директорына жолығуыңыз қажет. Рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  141  142  143  144  145 146  147  148  149  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений