Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
29-08-2019 15-24-25   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1445
Математика, физика және информатика институтында көлік тұрағын реттеу мәселесі қашан қарастырылады екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу ғимараттарындағы көлік тұрағы мәселесі қарастырылады.

 

29-08-2019 15-12-40   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1444
Сәлематсызба Сіңілім Есимова Жадыра Асқарқызы Алматыға сіздің университетке түсті, өзі ұнатып, филология мамандығына, толық емес отбасы, ақылы бөлімге түсті, ендігі мәселе жатахана болып тұр, Алматыда жақын туыс ағайын ешкіміз жоқ, жатахана берсеңіз деген өтінішім бар, 26 береді жеп үміттеніп күтіп едік, онымен онлайннан қате кетті деп, документ қайта жинатты, бүгін 29/08 қайта жинап тапсырды, енді, 31/08 күтесіздер деп тұр,күтіп жүргенде бермей қалмайма? Батыс Қазақстан, Атырау облысы, Мақат ауданнан барып тұр, жатахана бермей, далада қалып қойма деп алаңдап отырмыз, осы мәселенің оң шешімін берсең
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханаларға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Жолдама беру кезінде жатақханаға мұқтаж студенттердің оқитын курсы, әлеуметтік жағдайының төмендігі, мемлекеттік грант иегері болуы міндетті түрде ескеріледі.Сұрағыңыз үшін рахмет!

29-08-2019 14-11-56   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жайнагүл

Сұрақ № 1443
Сәлематсызба ағай
Менің қызым оқуға түсті, жатақана мәселесі шешілмей тұр, Батыс Қазақстан Атырау облысы, Мақат ауданынан барды, оқудың ақщасын бәрін төлеп қойды, енді осы жатақана мәселесін щешіп берсеңіз, 26 береді деп күттіріп қойды, онымен онлайннан қате кетті деп, 31 қалдырды,
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

29-08-2019 12-57-43   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1442
Здравствуйте!
Перечень распределения образовательных грантов в докторантуру опубликован 28 августа.Хотела спросить у кого есть список? я из Китая,можно напишите почту, пока дома, не могу позвонить
Жауап:

Здравствуйте!

По данному вопросу Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (Главный учебный корпус, каб.  221 ). Контактный тел.: 291-13-71.

29-08-2019 11-12-22   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1441
Салеметсиз бе,Тахир Оспанович.Кызым 2 курс окиды мемлекеттик грант мешком.Жатакхана маселеси кашан шешиледи?мумкин,арендага гимарат алып,мемлекеттен сурап,студенттерге жатакхана тауып берерсиздер.Ен манызды маселелериниз осы.Казак Улттык Университетинде биринши 4 курс окитын кызыма жатакхана берилди.Сиздердинде Улттык деген статусы бар универге жатакхана карастырылуы керек кой.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жатақханадағы орындар аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және  1 курс студенттеріне үлестірілуде. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

29-08-2019 10-11-37   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Конысбаева Пердегул

Сұрақ № 1440
Сәлеметсіз ректор мырза
Быз Сарыағаштан 26-тамызда келдык әле жатақханаға орналасқан жоқпыз бызге берыле ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханадан орын алу үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруіңіз қажет. Студенттердің онлайн өтінімдері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылады.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт директорынан алуыңызға болады. Рахмет!

29-08-2019 10-06-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Конысбаева Пердегул

Сұрақ № 1439
Сәлеметсіз ректор мырза
Быз Сарыағаштан 26-тамызда келдык әле жатақханаға орналасқан жоқпыз бызге берыле мен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханаға орналасу үшін өтінішіңіз бен құжаттарыңызды өткізуіңіз  қажет.

29-08-2019 00-07-42   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Шайланова Кыбат Ахметкплиевна

Сұрақ № 1437
сəлеметсізбе! Балам 1курска гранка түскен енды жатахана тосканымызға бір апта болды өзіміз ШҚО келіп отырмыз осы мəселе қашан шешіледі, дала қанғығандай болып жүрміз.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Жатақхана мәселесі университет басшылығының басты назарында.

Қазіргі таңда білім алушылардың онлайн өтінімдері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылып, жатақханаға аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және 1 курс студенттеріне жолдама беріліп жатыр. Сұрағыңыз бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

28-08-2019 21-11-33   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1436
Салематсыз ба Такир Оспанұлы! Менің балам "екі шет тілі" мамандығында ақылы түрде оқиды,2-курсқа барды. Мектепті "Алтын белгімен" бітірген,GPA балы 3,62, Маңғыстау облысынан,жатақхана берілмесе 520мың оқу ақшасы мен квартира жалдау, тамағы мен киімі ақшасы,қиын болайын деп тұр. Мен-анасы денсаулығым жоқ,кеше ғана көзіме операция жасатып келдім Россиядан,инвалидтік группаға шыққалы отырым,4 ай бойы больничныйда боламын7,дал қазір инвалидтік документ тапсыра да алмаймын өтінішке қосып,кв жалдауға мүмкіндігім жоқ.Сіздің универде алыстың балаларына еш көмек болмай ма,5-6 күн демалыста да ауылға келе алмайды,Алматы маңында жақындарымыз да жоқ, Сізден балама жатақхана алуына көмек сұраймын
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Білім алушының әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары міндетті түрде қажет. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша толық ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

28-08-2019 15-48-25   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Манақбай Аяулым

Сұрақ № 1435
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! 2-4 курс аралығындағы студенттер жатақхана алу жөніндегі өтінішті онлайн түрде "Univer" жүйесі арқылы тапсыруы керек деп хабарлап жатыр. 23.08 күні 25 ншы тамыздан өтініштер онлайн түрде қабылданады деп жарияланды. Көріп отырғаныңыздай бүгін тамыздың 28, бірақ әліде 2 курс студенттері жатақханаға құжаттарын өткізе алмай жүр. Университет қызметкерлері "База ашылған жоқ, өтініштерді қабылдамаймыз" деп қайтарып жатыр. Неге нақты ақпараттарды жарияламайсыздар? 2 курс студенттерінің өтініштерін неліктен әлі күнге дейін қабылдамай жатыр? Оқу уақытысы жақындап қалды. Барар жері жоқ студенттер далада қала бермек пе сонда? Неге нақты қадамдар, іс-әрекеттер жүргізілмейді?
Жауап:

Құрметті студент!

Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жатақханаға мұқтаж 2-4 курс студенттері жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруі қажет. Студенттердің онлайн өтінімдері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылады.

Бірінші кезекте жатақханадағы орындар аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және  1 курс студенттеріне үлестіріледі. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

28-08-2019 14-48-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1434
Салеметсіз бе? Мен осы жылы 1 (ССО)курсты аяқтадым, 2 курста сырттай бөлімге ауысқым келеді. Қыркүйек айында сырттай бөлімге ауысуға болады ма? Өтінішті тамыз айының нешесіне дейін беруге болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылған болатын. Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

28-08-2019 11-21-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1432
Саламатсызба? Тахир Оспанович. Мен Математика, физика және информатика институтының 2 курс студентімін. Бізге жатақхана алу үшін универ системадан заявка тастайсындар деген. Ол база 25инен кейн ашылады деп еди,ашылмады. 26 күні 27 и ашылады деді, бірақ ол күні де ашылмады. Неге олай халықты алдап отыр соған жауап беріп кетсеңіз?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Білім алушыларға жатақхана беру қызметінің автоматтандырылуына байланысты  студенттер жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы өтінім беруі қажет. Аталмыш жүйе қызметіне қосымша функциялардың енгізілуіне байланысты өтінім  қабылдау уақыты кешіктірілгені рас. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!

28-08-2019 09-43-05   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1430
Құрметті Тахир Оспанұлы ! Бізге 2-3 курс студенттеріне жатаханаға база арқылы өтініш тапсырасыңдар деді, бірақ әлі база ашылған жоқ! 29ы күні жатахана беріледі деді! Деканаттағыларда,Шапағаттағыларда дұрыс жауап бермейді , қайта - қайта барып сенделіп жүрміз. Сонда біз жатаханаға мүлдем тұра алмаймызба? Бізге бір жауабын берсеңіздер!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Бірінші кезекте жатақханадағы орындар аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және 1 курс студенттеріне үлестіріледі. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша институт директорымен немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

27-08-2019 22-50-26   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1428
Здравствуйте, я закончила КАЗНПУ им. Абая в 2005 году в Алматы, в дипломе записано две специальности "Преподаватель психологии и преподаватель иностранного языка", по второй специальности начала работать недавно, оказалось что нигде не прописано какой язык я имею право преподавать, хотя училась я на учителя Английского языка! Теперь мне нужна справка подтверждение, что под иностранным языком подразумевается именно "Английский язык" и могу ли я получить такую справку онлайн на имейл почту? если нет, то куда и когда в ближайшее время можно подъехать, живу довольно далеко?. Спасибо!
Жауап:

Здравствуйте!

Для получения подробного ответа по данному вопросу Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Жанбекову Хайрулле Нышановичу. Вы можете обратиться к нему за консультативной помощью (главный учебный корпус, каб.  221).

27-08-2019 18-08-26   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Махат Жансая Мараткызы

Сұрақ № 1427
Салематсызба!Мен 2 курс студентимин.Менин сурагыма жауап берсениз ,мен «алтын белги» скидкасы аркылы 1 жыл бесплатно окыдым.Gpa 3,78 (барлык сабагым оте жаксы)Осы скидка сакталама ?Скидка сакталганын калай билсе болады?Отиниш жазып кеткем.Ректорга скидка ушин алгысым шексиз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үлгеріміңіз «өте жақсы» болса, жеңілдік сақталады. Рахмет!

27-08-2019 18-04-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1426
Салематсызба!Мен 2 курс студентимин.Менин сурагыма жауап берсениз ,мен «алтын белги» скидкасы аркылы 1 жыл бесплатно окыдым.Gpa 3,78 (барлык сабагым оте жаксы)Осы скидка сакталама ?Скидка сакталганын калай билсе болады?Отиниш жазып кеткем.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Жеңілдік бойынша ақпаратты институт директоратынан білсеңіз болады. Рахмет!

27-08-2019 16-45-43   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Римма

Сұрақ № 1425
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! мен сиздин универге қашықтықтан оқуға құжат өткізіп, қабылдандым. Енді болашақта қашықтықтан оқығандықтан, бір жағынан жұмыста болғандықтан сессияларға бармай оқуыма мүмкіндік бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Біліктілікті жетілдіру және қашықтықтан оқыту орталығымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 392-22-22. Рахмет!

27-08-2019 14-32-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1424
Салеметсиз бе Тахир Оспанулы! Мен ӨМжСИ институтының 2 курс студентімін. Шапағат орталығының үстінен шағымданамын. Өз міндеттерін ешқашан дұрыс атқарған емес. Бір де бір суракка дурыс жауап алмаймыз. Дым білмейді. Біреуінен сурасан екиншисине сілтейді. Бір біріне сілтеп отыра береді. Осы кунге дейын онай картамызды да алган емеспиз. Не жатакханага отиниш тастай алмай отырмыз. 26сы ашылатын базаны алы ашкан жок. 27сы туски уакыттан кейын ашады деген алы ашылган жок кешкі 5те жабылады ол база. Біз мұнда шырылдап коп уакыт жогалтып керек кужаттын барин жинадык сонау ауылдап келіп. Сонда біздің уакытымыз зая кеткені ме? Неге жауапкершілік жок Шапагат орталыгында? Мулдем жауапсыз кісілер! Унемі осылай Шапагат орталыгы!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша мәселені шешу оқу ісі жөніндегі проректор  Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жүктелді. Рахмет!

27-08-2019 11-22-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1423
Саламатсызба Такир Оспанович. Мен 2курс студентимин. Мен егер осы универге оз усынысыммен студент алып келсем, жане олар осы универди мен аркылы тандаса, маган канша пайыз скидка болады? Мен солай естиген едим, толыгырак тусиндиринизши
Жауап:

Құрметті студент!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолықсаңыз болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

27-08-2019 11-00-10   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Батырбай Сара

Сұрақ № 1422
Сәлеметсіз бе! Мен Атырау қаласына Х.Досмұхамбетов университетіне грантка түсіп едім. Бір себептермен ол жаққа оқуға бара алмаймын. Осы университетке оқуға түссем сол грант сақталады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  142  143  144  145  146 147  148  149  150  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений