Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
13-04-2020 21-44-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1969
Құрметті,Тахир Оспанұлы! Сабағымыз барлығы уақытылы,сабақ кестесіне сай,тапсырмалар толық орындалып,студенттер барынша сабаққа қатысып жүр. Ендігі айта кететін мәселе сессия жайында болып тұр,қазіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты онлайн түрде өткізелітіндігінен хабардармыз. Өзге тұрмақ өз тобымыздың жағдайына үңілсек желі жоқ,ғаламтор жалғанбаған шалғай аудан-аймақтарда тұратын студенттер жеткілікті. Біздерге қойылып отырған талаптарыңыз,яғни видеокамерасы бар ноутбук,компьютер,желі бар аймақтарға уақытша болсын шоғырлану,онлайн сессия тапсыруға жағдай жасалған техникалық құралдардың міндетті түрде болуын талап етулеріңіз орынсыз деп білемін. Барлық студенттің жағдайы бір емес. Толық қамтылған отбасында тұратын студенттің өзінде қазіргі таңда хәл-жағдайы мүшкіл(ата-анасы жұмыссыз,үй қамақта тек азық-түлікке жетер жетпес қаражаты бар). Біз біргеміз,бұл қиындықты бірге еңсереміз дей келе бұл ауыртпашылықтарды студенттердің мойынына жүктеп қойған жарамас деп білемін. Әрине бұндай жағдайға тап болуымыз сіз бен біздің кінәміз емес,дегенмен шешілмейтін түйін жоқ деп ойлаймын. Осы шағымдарымызды ескерсеңіздер! Рақмет!
Жауап:

Құрметті студент! Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты жазғы емтихан сессиясы қашықтан (онлайн түрде) өткізіледі. Жазғы емтихан сессиясын тапсыру бойынша (ауызша, жазбаша, шығармашылық емтихандар) арнайы нұсқаулық таратылады. Емтихан сессиясына қатысты ақпараттар алдын-ала институт директораттары арқылы хабарланады немесе «Univer» жүйесінің, университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде жарияланады.

Емтихан сессиясын тапсыруға қажетті техникалық құрылғылары жоқ білім алушылар өз жағдайларын өз эдвайзерлеріне және институт директораттарына ашып жеткізуі қажет. Себебі, қазіргі таңда мұндай техникалық құрылғылары жоқ немесе интернет жылдамдығы нашар аймақтарда тұратын білім алушылардың емтихан сессиясын тапсыруына жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда.

13-04-2020 16-28-38   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Тилепбергенова Айнур

Сұрақ № 1968
Здравствуйте Такир Оспанович!
Я, Тилепбергенова Айнур мать студентка платного отделения. С 2018 года по сегодняшний день, я своевременно, исправно осуществляла оплату за обучение. С началом введения чрезвычайного положения и карантина в городе Алматы, я была отправлена на вынужденный отпуск (простой) с места работы. Мои доходы и доходы моего супруга снизились в разы. На сегодняшний день в связи с финансовыми трудностями мне не представляется возможным сделать оплату в полном объеме. В этой связи убедительно, прошу вас сделать скидку (разовую) в размере 20 % от общей стоимости за обучения за год (100 000 тг.). В дальнейшем при возобновлении работы и улучшения материального положения, обязуюсь производить оплату в полном объеме и своевременно.
С уважением! Айнур Тилепбергенова
Жауап:

Здравствуйте! Просим Вас связаться с директором института либо с эдвайзером для подачи и рассмотрения заявления с соответствующими документами. Заявление будет рассмотрено отдельно.

13-04-2020 01-14-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1967
Салеметсизбе. Карантин кезинде степендия туседи ма мысалы осы апрельдин степендиясы?
Жауап:

Құрметті студент! Сәуір айының шәкіртақысы 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін беріледі.

12-04-2020 21-36-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1966
Құрметті Такир Оспанұлы !
Ректор болгына жазу себебім мен 2 курс магистрантымын 3 семестрда сабаққа қатыса алмадым.Отбасында ата-анам жұмыс жасамағандықтан күні-түні жұмыс жасадым сол себепті сабаққа бара алмадым. Сізден сұрарым 3 семестрдағы сабақтарды қайта оқып тапсырсам болама? Сізден сұрауым қайта оқып тапсыруға мүмкіндік беріңізші.
Жауап:

Құрметті студент! Өтініш жазып, Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71.

12-04-2020 19-39-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1965
Здравствуйте!В связи с переходом на дистанционное обучение , сдача экзаменов может пройти в онлайн - режиме? Прошу заранее оповестить студентов с расписанием и формой экзамена.
Жауап:

Уважаемые студенты! В нашем университете информация, особенно касающаяся изменений в учебном процессе, обязательно доводится до всех обучающихся! Такие сведения сообщают директораты институтов, также информация об изменениях размещается на официальном сайте  в разделе  «Объявление» или же  в системе «Univer». Спасибо!

12-04-2020 14-26-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1964
Қайырлы күн, құрметті ректор мырза. Мен ФилКББИ 4-ші курс студенті боламын. Барлық 4-ші курс студенттерінің көкейінде жүрген сұрақты қойғым келеді.
1. Көктемгі емтихан, Мемлекеттік емтихан, Біліктілікті арттыру тесті, антиплагиат, диплом қорғау, өндірістік тәжірибенің барлығын онлайн түрде тапсырады екенбіз. Ондай болған жағдайға, бұлардың барлығының нақты уақыты қашанға қойылған?
2) Дипломдық жұмысқа байланысты. Материалдың жоқтығынан, ғаламтор жоқтығынан т.т себептермен дипломын жаза алмай жатқандар бар. Жалпы, дипломдық жұмысты қашанға дейін жазып бітіруіміз керек?
Кафедра, деканат ешқандай нақты ақпарат бермейді. Өзіңізден жауап күтеміз. Рақмет! Ауырмаңы
Жауап:

Құрметті студент! Университетімізде оқу үдерісіне қатысты өзгерістер орын алатын болса, институт директораттары арқылы алдын-ала барлық білім алушыларға хабарланып, нұсқаулық беріледі. Сондай-ақ, енгізілген өзгерістер туралы ақпараттар ресми сайттың және «Univer» жүйесінің «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, Сіздің дипломдық жұмысыңыз (жобаңыз) бойынша сұрақтарыңызға жауап беретін диплом жетекшісі бекітілген. Егер жетекшіңізден сұрақтарыңызға жауап ала алмасаңыз, кафедра атауы мен жетекшіңіздің аты-жөнін rector_blog@kaznpu.kz поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!

11-04-2020 23-17-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1963
Құрметті, ректор мырза. Мен, қазір ғана физматта деканаттағы апайлар туралы оқыдым, сіздің блогіңіден. Иә, мағанда ұнамайды ол кісілермен тілдескен. Мүмкін қателік бізденде шығар, үнемі студенттер бара беріп бізденде шаршайтын болар. Бірақ, болашақта ол кісілерге мәдениеттілікті сақтауын өтінемін. Бірінші курсқа түскенде қалай көңілім қалды,әлі де солай. Бұның өзі болашақта бізге түсетін талапкерлерге өкініш тудырып, менің университетінен көңілдері қалама деп қорқамын. Назарыңызға рақмет!
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің хатыңыз бойынша институт басшылығына директорат  қызметкерлерінің арасында әдептілік нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді. Алдағы уақытта директорат қызметкерлері тарапынан әдептілік нормалары бұзылған жағдайда институт директоры М.Ж.Бекпатшаевқа айтуыңызды сұраймын.

11-04-2020 15-25-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1962
Сәлеметсіздер ме? Мен 4 ші курс студентімін. Сұрайын дегенім дипломдық жұмыс бойынша. Қандай шешімдер қабылданып жатыр? Дипломдық жұмысты жазатын кезде карантинге байланысты кітапханалар жабылып қалды. Енді қалай болады?
Жауап:

Құрметті студент! Дипломдық жұмыс бұл студенттің бір жыл бойы бекітілген тақырып бойынша атқарған ғылыми зерттеу еңбегінің нәтежесі. Академиялық күнтізбеге сәйкес студенттің дипломдық жұмысы 2020 жылдың сәуір айының басында дайын болуы қажет. Егер Сізге кейбір әдебиеттерге сілтеме жасау мақсатында кітапханаға бару қажет болса, онда электронды ресурстармен жұмыс жасауға болады. Универистетіміздің электрондық ресурстарына сілтеме келтіреміз: http://library.kaznpu.kz/

11-04-2020 15-20-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1961
Саламатсызба!
Бизге сессияга отуимиз ушин бизге ноутбук ,камера, микрофон алсын дейди жане казирги уакытта оны алуга жагдаиымыз жетпиди . Жане сеть дурыс устамаиды.
Жауап:

Құрметті студент! Университет басшылығы тарапынан білім алушыларға ноутбук, камера, микрофонды сатып алу туралы тапсырма берілген жоқ. Оқытудың техникалық құралдарын сатып алуды талап еткен тұлғаның аты-жөнін  rector_blog@kaznpu.kz  поштасына жолдауыңызды сұраймын.

Төтенше жағдай кезінде студенттер мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында арнайы Call-орталығын аштық.Орталық кез-келген уақытта сұрақтарыңызға жауап беріп, көмектесуге дайын. Байланыс тел.: Call-орталығының нөмірі - 8(727) 221-85-14; жалпы сұрақтар бойынша - ішкі тел.: 100, 103, 104; Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша - ішкі тел.: 105; «Univer 2.0» АЖ мәселелері бойынша - ішкі тел.: 102.

10-04-2020 15-26-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Нұржан Ақнұр

Сұрақ № 1960
Құрметті Балықбаев Такир Оспанұлы! Құрметті университетіміздің мұғалімдері, біздің яғни ФилКББИ оқытушылары барлықтарыңызды қатты сағындық! Тек университет сайтынан ғана корпусымыздың 3Д бейнесін көріп, сабағымызға өзіміз барып оқып, сіздердің дәрістеріңізді тыңдап, сабақ айтып жүргенімізге ештеңе жетпейтіндігін түсінгендейміз... Бұл алғысты жағымпаздану үшін жазып отырған жоқпын, тек қана өзімнің сіздерді қалай қатты сағынғанымды, өз денсаулықтарыңызды күтіп, аман-сау болғандарыңызға тілектес екенімді жеткізгім келеді. Сіздердің жылы жүздеріңзіді сағындық! Оқу орнымызға аман-есен жетіп, қайтадан әдеттегіше сабаққа барғанымзды күн сайын тілеудеміз! Өздеріңізді күтіп жүріңіздер бүкіл универиситеттің қызметкерлері, студенттері...
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты  оқу орындары қашықтан білім беруге көшті. Оқытушылар қашықтан білім беруде кәсіби шеберліктерін шыңдап, цифрлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, білім алушылардың толыққанды білім алуы үшін атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Сондықтан бұл жұмыста ұстаздарыңызға сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз аса маңызды. Бұл төтенше жағдайдың уақытша екенін ескеріп, Сіздермен бірлесе отырып кез-келген қиындықты жеңетінімізге сенеміз.Рахмет!

08-04-2020 22-17-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1959
Здравствуйте, в связи с чрезвычайным положением мы сейчас учимся онлайн. В этом есть существенный минус. Хочется донести его до Вас, чтоб вы приняли его во внимание.
Как и раньше пары у нас проходят по расписанию с 8 утра до 13-14:00. Это время мы проводим за компьютером. А это порядка 5-6 часов подряд. После чего мы выполняем д/з, срс, спсп по несколько часов, опять же за компьютером.
Как здравомыслящий человек, я понимаю что это не может не отразится на здоровье студентов и преподавателей.
Это чревато последствиями... синдром "красного и сухого" глаза, проблемы с позвоночником, боли в суставах, повышенная активность нервной системы, головные боли и многое, и многое другое.
Возможно ли как то решить эту проблему?
Жауап:

Добрый день! Спасибо за вопрос. Что можно сказать по этому поводу?
Во-первых, как мы знаем, дистанционное обучение проводится не полностью в том формате, как Вы пишете.
Здесь полного повторения расписания обычного обучения нет, преподаватели сами определяют время занятий.
Во-вторых, задания и система контроля сделаны так, чтобы не перегружать студентов. Если по этим вопросам есть проблемы, то пишите мне лично на почту rector_blog@kaznpu.kz. А если есть предложения по улучшению ситуации, я только благодарю за это. Наконец, Вы прекрасно знаете, что мы вынужденно перешли на дистанционное обучение. В таком случае возможны какие-то неудобства и мы просим с пониманием отнестись к этому. 
08-04-2020 04-05-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1958
Здравствуйте Такир Оспанович! Я студентка 4 курса, кафедры Педагогика и Пстхология. Меня интересует когда у нас будет пред.защита диплома?Благодарю Вас за ответ!
Жауап:

Здравствуйте! Предзащита диплома пройдет с 18 по 23 мая 2020 года. Защита состоится 01-14 июня 2020 года.За дополнительной информацией о защите дипломов следует обратиться к зам.директора  по научной работе института либо к научному руководителю. Спасибо!

08-04-2020 01-08-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1957
Салеметсізбе мени мазалап журген жагдай десем болады елимизде болып жаткан жагдай халкыма ауыр тип жатыр мен платныйда окимын бизге женилдик берема осы жагдайга байланысты озиниздебарин корип тусинип отырсыз тусиникпен карасаныз отиниш!
Жауап:

Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді алдық және міндетті түрде қарастырамыз.
 
Өз тарапымыздан келесі мәселені айтып кетпекпіз.
 
Біріншіден, профессор-оқытушылар осындай кезде Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Оқу үрдісі толығымен өтуде.
 
Екіншіден, университет профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар және басқа төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Осы мәселелерді толығымен санау қажет болады.
 
Сонымен бірге айтарымыз, біз оқу ақысын төлеу мерзімін мамыр айының соңына дейін созу туралы шешім қабылдадық. Ал Сіздің өтінішіңіз бойынша қабылданған шешім Сізге хабарланатын болады. Рахмет!
04-04-2020 22-41-12   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1955
Здравствуйте, я студентка института физики, математики и информатики, специальность физика, 3 курс, ФОК171 группа. Я обращаясь от имени всей группы, пишу это письмо по причине недовольства оценивания на РК1, предмет робототехника, лектор Бостанов Б.Г, преподаватель по семинару Нуруллаев Н.М. Именно причина заключается в этом:
1) Лектор начинает лекцию раньше расписания, тем самым не зачитывая студентов которые зошли по времени, которое указано в расписаний;
2) Не учитывает возможности студентов, у которых нет связи, т.е. интернета;
3) Плохо оценивает труд студентов;
4) Грубо обращается со студентами;
5) Лекции которые читает лектор, не соответствует тем темам по которым мы делаем задания на семинарах;
6) Не понятно объясняет тему;
По этим причинам, мы хотим чтобы он нам заново поставил РК1, соответственно труду студента и заслуженную оценку.
Жауап:

Уважаемый студент, по Вашему заявлению даны поручения руководству института и заведующему кафедрой. Будет создана комиссия для проверки домашних заданий и самостоятельной работы студентов. В случае несправедливой оценки работы студентов мы рассмотрим переоценку.

04-04-2020 14-47-37   Басқа

Сұрақ қоюшы: Анонимно

Сұрақ № 1954
Курметты ректор! Мен физматта сабак берем. Сабак устынде деканаттагы кыздар онлайн сабак отып жатканда толтыруга отчет жыберед . Тез толтырыныздар деп талап етед. Биз сабак отемызба,алде отчет тапсырып, жазып отырамызба?! Тез толтырып жыберыныз деп дорекы сойлейд.Кунде сабакты скрин жасап откызуымызды талап етеды. Отте дорекы сойлеп, жасамасаныз директоратка, ректоратка фамилямызды беремыз деп коркытад. Мугалымнын мартебесы туралы зан биздын деканатагы кыздар мулдем катысы жок па!?Ар куны отчеты ар формасын жыберед. Отчет коп талап етед. Кейбирде заведующимыз деканатагы Айгул суратып жатыр деп тунгы 11,12 отчет жыберед. Биз кун бойы сабак отып. Тунде отчет жазып озыныздын демалатын уакытымыз жок. Бала сабакка келмесе сыздер кыналысыздар деп заведующий урсад. Коп студентердын уакытылы онлайн сабакка катыса алмайтын себебы бар, мысалы сеть устамау, мегабайт болмауга байланысты. Отыныш шаш ал десе , бас алатын жагдай жасамасынш. Деканатагы кыздарга ватсабына жасак отте дорекы сойлейд. Биз озымыз мугалым емес, бир кышкентай бала санайтын уакыт келд.Казиргы киын жаманда урспаяк, жай айтса тусынемыз гой. Кафедрада коп улкен апайлар мен агайлар бар олар осындай жумыстан стресс алып денсаулыктарына сыр берып жатыр. Тусыныкпен карап, комектесуынызды сураймын.
Жауап:

Құрметті оқытушы! Шағымыңыз бойынша 2020 жылы 4 сәуірде институт директорларының қатысуымен онлайн-жиналыс өткізіліп, талқылау жұмыстары жүргізілді. Жиналыста қабылданған шешім бойынша оқытушылар Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті тарапынан ұсынылатын үлгіге сәйкес аптасына 1 рет есеп тапсыратын болады.

Дөрекілік мәселесіне келетін болсақ, институт директораты мен кафедра қызметкерлері арасында әдептілік нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді.

03-04-2020 21-28-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1953
Саламатсыз ба?!
Қояр сұрағым нақты негізі стипендия дан құламас үшін қанша балл жинау қажет?
Жауап:

Құрметті студент! Қорытынды балл 70-тен кем болмауы тиіс.

03-04-2020 18-26-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1952
Құрметті Такир Оспанұлы !
Ректор болгына жазу себебім студенттер оқу күнтізбесін кешкі 18:00 уақытынан түнгі 23:50 уақыты аралығында қойылғандықтан. Бұл ректорат қойған күнтізбе бойынша студенттерге оқу бұрынғы кездеден де қиынға түседі. Өзіңізге мәлім біздің университет студенттерінің көп бөлігі ауылды жерде тұрады. Ауылда тауға шығып оқып жүрген студенттер бар. Сонда студент сабақ тапсырмасын жіберу үшін түнгі 23:50де тауды аралап жүру керекпе ?! Түнгі 23:50де зуммен сабақ оқып отыру мүмкін емес. 2бөлмелі үйде тұратында адамдар бар. Үй ішіндегі адамдар түнгі уақытта барлығы ұйықтамай күтіп отыру керекпе ? Балам түнгі 12ге дейін сабағын оқып алсын деп.
студенттер жағдайында ойласаңыз!!! Бұрынғы режимде күнтізбені қоюыңызды сұраймыз!!!!
Жауап:

Cәлеметсіз бе! Сабақ кестесінің уақыты ауыстырылды. Оқу үдерісінде туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз.   

02-04-2020 14-15-11   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1951
Сәлеметсіз бе!Сізден сұрайын дегенім:қысқы емтихан нәтижесінде мемлекеттік грантқа ауысқан студенттердің шәкіртақысы қай уақытта түседі?Бұйрық шыққан соң түседі деп еді,бірақ бұйрық шыққанына бір ай уақыт болды,әлі шәкіртақы түскен жоқ.Осыған жауап беруіңізді өтінемін.
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы 2020 жылдың 7 сәуіріне дейін міндетті түрде жіберіледі. Рахмет!  

02-04-2020 01-17-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1950
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! 4-ші курс студентімін. 3 жыл қатарынан жартылай жетімдік үшін берілетін 25% жеңілдік алып келгенмін. Құжаттарды тапсырдық уақытында,тек туу туралы куәлікті кешіктіргенім үшін жеңілдікке ілінбей қалдым. Студент жағдайын ескеріп,өтінішті қайта қарау мүмкіндігі бар ма? Оқу ақысы қыркүйекте 100 % төленген еді,десек те берілуі тиіс жеңілдіктің берілгенін қалаймын тиісінше! Сіздің жауабыңызды күтемін. Үш жыл берілген жеңілдік,төртінші жылы берілмей қалуы құжат қабылдаушы адамның студентке деген әділетсіздігі деп білемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жеңілдік талаптарына сай құжаттарыңызды толық тапсырған болсаңыз, өтінішіңізді тағы да қарастырамыз.Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың i.zhan65@mail.ru  электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.Рахмет!

31-03-2020 21-08-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сақтағанова Назым

Сұрақ № 1949
Сәлеметсізбе! Менің білгім келгені степендия осы айда уақытылы түседі ме? Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты кешігіп жүрмейме? Назарыңызға рақмет алдын ала.
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы 2020 жылдың 17 сәуірінен кешіктірілмейді.

 

Барлығы: 4042

« перв. ... < пред. ...  122  123  124  125  126 127  128  129  130  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений