Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
09-05-2020 12-38-39   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Максутова Шынар

Сұрақ № 2069
Сәлеметсіз бе, Ректор мырза! Қызымыз Ержан Балжан Нұржанқызы мектепті Алтын белгімен бітірді. Бірақ, грантқа ілінбеді. Қазір сіздің университетте, яғни КазНПУ де Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығының 1 курс студенті. Сабақ үлгерімі өте жақсы. Сіздің университет бір жыл тегін оқуға мүмкіндік берді. Үлкен алғыс білдіреміз. Айтайын дешенім, өзіңіз де естіген боларсыз Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы тұрғындары судан жапа шекті. Бірнеше ауыл су астында қалды. Біз де Мақтаарал ауданының тұрғынымыз.Қызымыз Ержан Балжан Нұржанқызын (Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы) әрі қарай оқуын тегін жалғастыруына мүмкіндік беруіңізді өтінеміз. Алдын ала рақмет айтамыз. Жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын. Өтінішімізді ескересіз деп үміттенеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды жинап,ректордың атына өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді арнайы құрылған әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия қарастырады. Қабылданған шешім Сізге инаститут директораты тарапынан хабарланады. Рахмет!

08-05-2020 17-28-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Айым Асқарқызы

Сұрақ № 2068
Сәлеметсіз бе! ҚҰРМЕТТІ, ТАҚИР ОСПАНҰЛЫ! Сіздің емтиханға байланысты қабылдаған демократиялық шешіміңізге алғыс білдіремін! Біраз студенттер үшін оңтайлы шешім болды. Мен 4 курс студенті. Сізге сұрағым бар еді:
Жоғарыда 1 студенттен сұрақ келген екен қызыл дипломға байланыСты. Менде де дәл осындай сұрақ. GPA балым 3,8 бірақ 1 пәннен балым С,яғни 3 бар қалған пән барлығы А.В. Емтихан және практика бағалары А. СІЗ ЖОҒАРЫДА КЕЛТІРГЕН СҰРАҚТА С+ ДЕП КЕЛТІРГЕН ЕКЕНСІЗ. БАСҚА С КӨРСЕТКІШТЕРІМЕН ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ АЛА АЛМАЙМЫЗ БА? Мені алаңдатқан осы сұрақ . ӨТІНЕМІН ТОЛЫҚ ЖАУАП БЕРІҢІЗШІ. АЛДЫН АЛА РАҚМЕТ
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Сізде «С» баға көрсеткіші болғандықтан, «үздік диплом» талаптарына сәйкес келмейсіз.

Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — ­­«өте жақсы», С+, В-, В, В+ —  «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.

08-05-2020 16-16-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2067
Сәлеметсізбе!Мен қазақ тілі мен әдебиет мамандығында,ақылы бөлімде оқитын 1курс студентімін.Мен оқуға үздік аттестат болғансоң 50% жеңілдікпен түскен едім.Сол жеңілдігім сақталама?2курста
Себебі, барлық аралық бақылау,сессия бағаларым 90+ , 95+ ,, ортақ баллым 3,7ден асады.Сол себепті де ол жеңілдікті сақтап қала аламынба? Әлеуметтік жағдайыма да байланысты сақтап қалуға болама?
Не болмаса бос қалған грант жеңіп алуға мүмкіндік барма? Менің мамандығымда гранттар ойнатыладыма?(Осы жайлы толық айта кетсеңіз)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуларыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-18-53, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-05-2020 13-46-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Исмоил

Сұрақ № 2066
Асалому алекум мен Исмоил эшмирзоев эрназарович 4 курс жги да оким сыздын комегыныз керекеды осы карантинде мен сабактарга катысалмадым маган бага коймады мен тажикичтандан болам келесы жыл окыйсын деватр жана уйленгем кыйнбоватр бары сыз маган комектесыздеген ойдамын
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-05-2020 13-43-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Исмоил

Сұрақ № 2065
Асалому алекум мен Исмоил эшмирзоев эрназарович 4 курс жги да оким сыздын комегыныз керекеды осы карантинде мен сабактарга катысалмадым маган бага коймады мен тажикичтандан болам келесы жыл окыйсын деватр жана уйленгем кыйнбоватр бары сыз маган комектесыздеген ойдамын
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!

06-05-2020 18-38-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Анонимно

Сұрақ № 2064
Салеметсизбе!Мен 3 курстын студентымын акылы болимде окимын,Алматы обл тургандыктан жумыссыз калдык, калага кире алмаймыз, 11 мамырда карантин биткеннын озынде мамырдын сонына дейын оку акысын жумыс истеп таба алмаймыз университет тарапынан бир комек скидка болама немесe тамыздын айына дейын оку акысын толейтындей кылып карастырасыздарма
Жауап:

Құрметті студент! Оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды. Көрсетілген мерзімге дейін төлей алмасаңыз, ректордың атына өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына немесе эдвайзеріңізге тапсыра аласыз. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылады. Рахмет! 

06-05-2020 16-55-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2063
Қайырлы күн Тахир Оспанұлы. Мендегі сұрақ мынадай: бітіруші түлек едім, сабақтарымның бәрі 5, бірақ бір 3 бар. Барлык оқу процесі бойынша GPA-3,56 .Практика, гос барлығы 5, 3болсада қызыл диплом ала аламын ба? қызыл диплом алу үшін қандай талаптар бар
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Сізде «С» баға көрсеткіші болғандықтан, «үздік диплом» талаптарына сәйкес келмейсіз.

Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — ­­«өте жақсы», С+, В-, В, В+ —  «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.

05-05-2020 21-25-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2060
Салеметсізбе , менде GPA 3,64 , 4 курс студентімін , менде мемлекеттік емтихан бағасы 5 бірақ ТУ-ді ескергенде 4 шыкты , менің қызыл диплом алуыма әлі мүмкін бе ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Мемлекеттік емтихан бағасы «В» болғандықтан, «үздік диплом» талаптарына сәйкес келмейді.  

Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес  үздік диплом оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға беріледі.

05-05-2020 12-12-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Шукурлаева Айгул

Сұрақ № 2059
Математика, физика және информатика институтының 5В010900 – Математика мамандығының 2 курс студенттері «Білім берудегі менеджмент» пәнінің оқытушысы, Педагогика кафердасының доценті Жумашева Светлана Сатыбалдықызына МОК181, МОК182, МОК183, МОК184, МОК191У, МФК191У, МЕК191У, МОК181У топтары атынан шын жүректен алғыс айтамыз! Осы 2019-2020 оқу жылында берген сапалы және жаңашыл білімі негізінде біздерді нағыз көшбасшы, топ-менеджер ретінде қалыптастырып, болашақ мұғалім ретінде бізді жан-жақты дайындады деуге болады. Қазіргі қашықтықтан оқыту жүйесінде де асқан белсенділік танытып, Светлана апайымыз барлық сабақтарын, дәріс-семинарларын ZOOM платформасы және әр түрлі технологиялар арқылы видеоконференция және вебинар түрінде үнемі қызықты және 100% сабақ кестесі бойынша бірде-бір сабағын жібермей өткізді. Нәтижесінде жоғары сапалы білім және нағыз кәсіби бағытталған тәжірибеге ие болған біздер, 100-ден астам студенттер, үздік заманауи педагог Жумашева Светлана Сатыбалдықызына үлкен құрмет пен зор ризашылығымызды білдіреміз!
Жауап:

Құрметті студенттер! Алғыс жолдап, пікір білдіргендеріңіз үшін сіздерге рахмет айтамыз. Өмір жолында сіздерге сәттілік тілейміз!

05-05-2020 11-03-31   Басқа

Сұрақ қоюшы: Баубеков Габдулмажит Болатжанович

Сұрақ № 2058
Уважаемый Такир Оспанович!
Я, Баубеков Габдулмажит Болатжанович, выпускник Казахского педагогического института имени Абая 1984 года, в связи с выходом на заслуженный отдых (пенсию), прошу Вас выдать мне архивную справку об зачислении в 1974 году Естественно-географический факультет отделения Химии и биологии (с русским языком обучения) Казахского педагогического института имени Абая, а в 1978 об отчислении по семейным обстоятельствам,также в 1983 году о восстановлении на заочное обучение в тот же Естественно-географический факультет отделения Биологии и в 1984 году об окончании вышеуказанного ВУЗа.
Диплом об окончании серия ЖВ № 238586 выдан 1 ноября 1984 года регистрационный номер № 14154.
Справка с указанием номеров приказов необходима мне для предоставления в ЦОН на определения трудового стажа.
Прошу справку выслать в электронном и письменном виде.
Адрес: г.Нур-Султан, улица 187, дом 5 кв 163, почтовый индекс 010000.
Эл.адрес: mazhit_57@mail.ru
Контактный телефон: 87021789777.
Заранее, благодарен!
Жауап:

Здравствуйте! Ваш запрос направлен в Архив нашего университета, по указанному адресу Вам будет направлена соответствующая справка. Спасибо!

04-05-2020 12-40-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2057
Сәлеметсізбе ректор апай. Сізден сұраймын дегенім қазіргі төтенше жағдайға байланысты(қаржының жетіспеушілігінен) жаз айының (лето) сабақтарының ақысын келесі 3-курсқа шегерсеңіз деп едім.Соған мүмкіндіктер жасалса екен. Ата-анам жұмыссыз, көп балалы отбасынанмын (8бала), 3 бала ақылы бөлімде студентпіз. Бұл туралы ата-анам білмейтін еді. Жұмыс істеп өзім 3курста міндетті түрде төлеймін..Осы мәселені түсіністікпен қарап , шешім қабылдауыңызды өтінемін. Рақмет.
Жауап:

Құрметті студент! Оқу ақысына байланысты өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылып, тиісті шешім қабылданады. Қабылданған шешім Сізге хабарланады. Рахмет!

03-05-2020 17-11-57   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2056
Салеметсизбе жаз айында не үшін степендия түспейді? Неліктен 3 айда 1 рет түседі деп ректорат инстаграм жауап берді. Әрбір айдың степендиясы өзьуақытында түскенін қалаймыз!!! Студенттердің үндеуін естіп, осы мәселені қолға алуыңызды сұраймыз студенттер қауымы!
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы төлемі әр ай сайын және уақытылы төленеді. 

03-05-2020 14-09-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2055
Уважаемый Тахир Оспанович!
Я, Ясынов Расул Тахирович студент 1 курса факультета "Истории и права" специальность "Религоведение и теология". С начала периода ввода карантинных мер в городе Алматы перешёл на дистанционное обучение, на данный момент проживаю в ВКО г. Аягоз. Дом расположен на черте города, проживаю с бабушкой ей требуется постоянный уход, не всегда бывает возможность выхода в интернет, сеть работает только в определённый период времени, персональный компьютер отсутствует, не достиг совершеннолетия чтобы без сопровождения передвигаться по городу во время ЧП. Обучаюсь на государственном гранте, получаю стипендию. По всем предметам имею оценки отлично и хорошо.
"Информоционно-коммуникационные технологии" (ИКТ) преподаватель Маратова Толганай по данному предмету имеются задолженности для того чтобы выполнить предоставленные мне задания мне требуется персональный компьютер, то что он у меня отсутствует я указал чуть выше.
Задания по силлабусу выполнял в сроки. Преподавателю ни раз объяснял своё положение, но она объясняла обратное что без этих заданий меня снимут со стипендии. В моем положений стипендия необходима, не всегда бывает возможность оплатить проезд или пополнить баланс на телефоне.
Прошу Вас и руководство университета отнестись с пониманием к моей проблеме!
Жауап:

Уважаемый Расул! Согласно решению Ученого совета университета от 24 апреля 2020 года обучающиеся имеют право аттестоваться на основе текущих оценок по результатам двух рубежных контролей (средняя оценка за два рубежных контроля) либо сдать тест по дисциплине, по которой средний балл его не устраивает. Онлайн-тест в системе «UNIVER» с использованием прокторинговой системы можно сдать не только на персональном компьютере или ноутбуке, но также и со смартфона.

03-05-2020 13-56-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2054
Сәлеметсізбе. Сұрайын дегенім, ата-анам жұмыссыз, көп балалы отбасынан боламын, 2курста ақылы бөлімде оқимын және қазіргі төтенше жағдайға байланысты қаржының жетіспеушілігінен жазығы (лето) сабақтардың ақысын келесі 3-курсқа қалдыру туралы қарастырсаңыз екен деймін. Осы мəселені қарастырсаңыз, өтініш. Рақмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына байланысты өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылып, тиісті шешім қабылданады. Рахмет!

02-05-2020 04-30-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2051
Құрметті, Тахир Оспанұлы. Сізге айтар өтінішім бар еді. Біз группамызбен жақсы оқимыз. 1 курстан бері үздікпіз. Алайда, кейбір мұғалімдер базаға балл қоймай жауып жіберіп, баллдарымыз өте аз болып қалды. Ендігі кезекте сессия тапсырсақ бәрімізде 89,3333 шығып тұр. Бұл дегеніміз В+. Бұндай жағдайда не істесек болады? Еңбегіміз бағаланбады. Мұғалім база жабылып кетті болды деп отыр.
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа  жолданды, аталған мәселелер бойынша тексеріс жүргізіледі. Қабылданған шешім хабарланатын болады.Рахмет!

01-05-2020 22-04-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2050
Салеметсиз бе Курметти ректор мырза?!Мен 3 курста акылы болимде окимын.Коп балалы отбасыдан боламын.Ата-анам жумыссыз калды оку акысына женилдик бола ма немесе оку акысынын мерзимин сал кешиктирсениз.Рахмет
Жауап:

Құрметті студент! Оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды. Оқу ақысын кейінге қалдыруға қатысты, өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына немесе эдвайзеріңізге тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылатын болады. Рахмет!

01-05-2020 20-23-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Галымова Саулет

Сұрақ № 2049
Құрметті, Тақир Оспанұлы! Мен 2016-2017 оқу жылында 5В011900-шетел тілі: екі шет тілі мамандығына түскенде екі шет тілі Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқып қойғандықтан, мен бұрынғы шетел филологиядағы группаластарыммен қатар Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысып, рубежкаларын тапсырып ,сессияға келгенде мен базада жоқ екенімді білдім. 2 курстың 3 семестірінде 5В021000 - шетел филология мамандығына ауыстым. Сол кезде пән айырмашылығына қазіргі заман тарихын шығарып берді. Отбасылық жағдайыма байланысты сол уақыттарда кредит төлеуге мүмкіндігім болмады. Биыл оку жылы басталғалы бері офис-регистраторға осы шаруамен бірнеше рет барғанда, қосымша семестр ашылмайтындығын айтты.Сол себепті қосымша семестрге рұқсат беруіңізді сұраймын. Қазір карантин жағдайына байланысты қалаға кіре алмай отырмын. Сол себепті блокқа жазуды жөн көрдім.Кешірім сұрай отырып, мені өзімнің қатар оқыған группаластарыммен бірге 4 курстың мемлекеттік емтиханын тапсыруға рұқсат берулеріңізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті Сәулет! Сіздің өтініш хатыңыз қарастырылып, 9 кредит көлемінде академиялық қарызыңыз бар екені анықталды. Атап айтқанда, І курстың 2-семестріндегі «Елтану» пәнінен (2 кредит) және «Базалық шығыс тілі. В-1 деңгейі» пәнінен (4 кредит) емтихандар бүгінге дейін тапсырылмаған. Кредиттік жүйе талаптары мен оқу орнымыздың Академиялық саясатына сәйкес қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберілмегендігіңіз белгілі болды. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71.

30-04-2020 18-04-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2048
Салеметсизбе ректор мырза. Мен омси студентимин. Бизге жаз бойы степендия туспейди, ол барлыгы жиналып кузде бир туседи деген рас па? Жаз айындада бизге степендиянын уакытылы тускени кажет кой
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы төлемі әр ай сайын және уақытылы төленеді. Білім алушыларға шәкіртақы мемелекет тарапынан бөлінетіндігін ескертеміз. Рахмет!

30-04-2020 00-24-16   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2047
Егер 89,5 балл болса 90 н/е 89 қайсысы қойылады? Алдын-ала рахмет!
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін институт директораты немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

29-04-2020 21-27-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2046
Салеметсиз бе.Сессияны тек баллы аз пандерден тапсырсак бола ма, алде миндетти турде барин тапсыру керек па?
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін эдвайзеріңізбен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  118  119  120  121  122 123  124  125  126  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений