Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
02-06-2020 14-04-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2132
Мен математика, физика және информатика институтында "Матматика" мамандығы бойынша қашықтықтан оқитын 1 курс студентімін. Бізге жазғы семестр ақысы 1 кредитке 10 мың теңге болады деп хабарлады. Сонда 5 кредиттік сабақ 50 мың теңге болады. Негізі ол 21 мың теңге шамасында болу керек еді. Жазғы семестрге тақалған кезде бағасы көтеріліп кетіпті. Сонда екі сабақтан летоға қалғандар 100 мың төлей ма? Бұл өте қымбат.

Ректор мырзадан жазғы семестрде оқу бағасын түсіруін сұраймыз. Елімізде болған төтенше жағдайға байланысты жұмыс тоқтағанын білесіздер. Қаражат жағынан қиыншылықтар болып жатыр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда қосымша семестрге жазылу 2020 жылдың 1-8 маусым аралығында жүргізіледі. Әр білім бағдарламасының 1 жылдық бағасына байланысты бүгінгі қолданыстағы ECTS – Қазақстандық кредит бағалары анықталып, шамамен 8500 – 10500 тг. аралығында белгіленген. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша нақты кредит бағасын Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің тіркеу офисінен білуіңіз қажет. Байланыс тел.: 8 (727) 291-18-53, эл.пошта bkuziembaieva@bk.ru.

Қазіргі жағдайда қаражат тапшылығы мен пандемияға байланысты белгіленген уақыттан өзіңіздің мүмкіндігіңізге қарай тапсыру уақытын шегеру (отсрочка) алуыңызға болады. Рахмет!

02-06-2020 13-57-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жакыпов А.

Сұрақ № 2131
Қайырлы күн! 2019-2020 жылдар оқу семестрінің аяқталуына байланысты, жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарына арналған Президенттік стипендияға өтінімдер қай уақытта қабыланады? Конкурс жайлы хабарландыру жүзе асырылады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақыға үміткерлердің саны 2020 жылдың қаңтар айында анықталды (бакалавриатта - 21 орын, магистратурада - 1 орын).

2020 жылы 5 мамырда ҚР БжҒМ-нен Президенттік шәкіртақы орындарының біздің университетке тиесілі нақты саны берілгендігі туралы мәлімдеме келді. Осы мәлімдемеге сәйкес 26 мамыр күні Ғылыми кеңесте бакалавриат бойынша ұсынылған «өте жақсы» оқитын үміткерлердің барлығы, яғни тұңғыш рет 21 үміткер бекітіліп, Президеттік шәкіртақы иелері атанды. Ал магистратураға университет бойынша 1 орын берілгендіктен, «өте жақсы» оқитын 9 үміткердің ішінен белсенді, конференцияға қатысқан және жылдық орташа балл көрсеткіші  GPA 4,0 тең магистрант Президеттік шәкіртақы иегері атанды.

02-06-2020 13-49-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Кабылбек А.

Сұрақ № 2130
Саламатсыз БАЛЫКБАЕВ ТАКИР ОСПАНОВИЧ!
Мен қашықтықтан оқыту бөлімі(сырттай), Математика мамандығы 1 курс студенты Кабылбек Агызамбек.Сізге өтініш айтсамба деп едім, әрине уақытылы тапсырма орындамаған қателік өзімнен, оны ешкімнен көрмейім. деседе елімізде болған төтенше жағдайларға байланысты, табыс көздерінен уақытша болсада айырлума байланысты Сіздердің оқу орындарыңызда 2 сабақтан жазғы оқу маусымына қалып едім, соның төлем ақысы кішкене ауырлау тиіп тұр. сол себепті Сізден бір жеңілдіктер жасалып төлем ақысын азайтуңызды сұранамын. түсініспеншілік танытады деп үміттенемін. алдын ала рахмет!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда қосымша семестрге жазылу 2020 жылдың 1-8 маусым аралығында жүргізіледі. Әр білім бағдарламасының 1 жылдық бағасына байланысты бүгінгі қолданыстағы ECTS – Қазақстандық кредит бағалары анықталып, шамамен 8500 – 10500 тг. аралығында белгіленген. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша нақты кредит бағасын Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің тіркеу офисінен білуіңіз қажет. Байланыс тел.: 8 (727) 291-18-53, эл.пошта bkuziembaieva@bk.ru.

Қазіргі жағдайда қаражат тапшылығы мен пандемияға байланысты белгіленген уақыттан өзіңіздің мүмкіндігіңізге қарай тапсыру уақытын шегеру (отсрочка) алуыңызға болады. Рахмет!

02-06-2020 12-44-23   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2129
Салеметсизбе! Сыздерге баска улттык университеттен келып дополнительный семестрдын сабактарын окуга болады ма? Болатын болса кашан отыныш беруге болады? Кредит багасы канша болады?
«Аналитикалык геометрия 1,2 » пандерын окуга болады ма ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қосымша семестрге 2020 жылдың 1-6 маусым аралығында жазылып, оқуға болады. Кредит бағасы университеттегі білім бағдарламаларының 1 жылдық бағаларына сәйкес белгіленеді, әрбір кредиттің қанша тұратынын (шамамен 8500-10500 тг. аралығында) нақты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің тіркеу офисінен біле аласыз.  Байланыс тел.: 8 (727) 291-18-53, эл.пошта bkuziembaieva@bk.ru. Рахмет!

01-06-2020 16-44-58   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2128
Сәлеметсізбе мен ақылы бөлімде оқитын студентпін грантка өту үшін заявление қайда жазамыз?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сессия аяқталғаннан кейін өзіңіз оқитын институт директоратына немесе «Шапағат» орталығына өтініш жазып өткізуіңізге болады.

01-06-2020 10-47-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2127
Сәлеметсіз бе, тұрмысы төмен көпбалалы отбасындағы студенттің мемлекеттік грант орнына ауысыға қандай мүмкіндіктер бар?
GPA 3.69. Мамандық: шетел филологиясы
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды  институт директоратына немесе «Шапағат» орталығына өткізіңіз. Жеңілдік беру кезінде білім алушының оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Рахмет!

01-06-2020 02-12-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Кенжебекова Нұрайым Кенжебекқызы

Сұрақ № 2126
Сәлеметсіз бе! Мен БОПӘ мамандығының 4-курс студентімін. Биыл 8 айлық практика басталмастан бұрын рұқсат алып, мектепке бастауыш маманы болып жұмысқа тұрдым. Жұмысымды жоғарғы деңгейде атқардым. 1-курстан бері қазіргі уақытқа дейін практикадан алған бағам 5 болатын. Гос. экзаменнен де 5 деген баға алдым. Ал осы 4-курста маған 88 -балл қойды. Сессия бес болғанына қарамастан стипендияда повышкадан құладым, онысы жарайды. Бірақ осы 88 балл мені қызыл дипломнан айыруы мүмкін бе? Менің түсінбейтінім, мектептің ішінде жүріп, сонымен қатар оқуымды қатар алып, сессиядан жоғарғы балл жинап жүргенде әділетсіз қойылған баға үшін қызыл диплом ала алмай қалам ба деп ойлаймын. 1-курстан бері оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар спорт жағынан да универіміздің даңқын шығарып, озат студент болдым. Бұл мәселені осыған дейін эдвайзермен талқыладым, нақты жауап алмадым. Сізден жауап күтемін.
Жауап:

Құрметті студент!
 
1. Үздік диплом тек қана «жақсы» және «өте жақсы» оқығандарға беріледі.
 
2. Әрбір семестрде Сіздің орташа балл көрсеткішіңіз GPA  3,15-тен артық болуы тиіс.
 
3. Барлық мемлекеттік емтихандар «өте жақсы» деген бағаға тапсыру қажет.
 
4. 4 жыл оқу ішінде ешқандай да академиялық қарыздың және сабақты қайта тапсырудың болмауы керек.
 
Осы шарттар орындалған жағдайда білім алушыға қызыл диплом беріледі.
01-06-2020 00-06-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2125
Сәлеметсіз бе ,ректор мырза!Сессияда қабылданған ұтымды шешім үшін алғыс білдіреміз!Сұраққа көшсем,мен Филология және көптілді білім беру факультетінің екі шет тілі мамандығын алтын белгімен 100% жеңілдікпен оқыдым. қазірде барлық сабағым А,А-, GpA баллым 3,78 )енді мен келесі жылы да жеңілдікпен оқи аламын ба?Жауап берсеңіз,алдын ала рахмет !
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2019/2020 оқу жылында 2 семестр бойы өзіңіз жазғандай сабағыңыздың  барлығы  «өте жақсы» бағаға (А, А-)  тапсырылған болса, онда келесі оқу жылында да жеңілдікпен оқи аласыз.

31-05-2020 10-59-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2124
Салеметсизбе Тахир Оспанович. Сіздерден сұрарым бар еді. Осы оқу жылының аяқталуына белгілі бір отбасылық жағдайға байланысты төлемақыны төлей алмай отырмыз.Соны қалай ұзартуға немесе сәл артқа шегере тұруға мүмкіндік барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Мұра Сарыбаев Сауытұлына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды оқу орнымыздағы арнайы құрылған комиссия құрамы қарастырады. Байланыс тел.: 87077411959. Рахмет!

30-05-2020 20-32-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қасанбай Жәнібек

Сұрақ № 2123
Саламатсызба,мен Тарих және құқық институтының 3-курс студенті едім,қысқы сессия барысында 1 сабақтан летоға қалып қалдым,ал оның бағасы кредитпен(3) 31 500 тг болды,ал қазір ол миға қонымсыз өзгерістер тауып отыр себебі алдында айтылған сумма яғни 31 500 тг жаңадан қосылған ECTS бойынша (5) 52 500 тг болды!
Менікі минимальды лето, басқа студенттерде 9 кредиті бар болса яғни ол 94 500 тг,мынандай болып өзгерді,9 емес 17 болып,бағасы 178 500!және де жаңа ECTS санауы жайлы бізге осы жылы ғана айтылды.Олай болса бізде 1,2 курсағы летоны не себептен жаңа ECTS-пен төлеуіміз қажет?!
Бұл дегеніміз ТОНАУШЫЛЫҚ!!!
Бізге оқуға түскенде ешкім ескерту жасамады!
Соңында айтарым біз жай ғана студентпіз,ақылы бөлімде оқимыз,тасып жатқан ақшамыз жоқ!сессия кезінде құлады екен деп бізден екі есе аша шығарудың қажеті жоқ деп есептеймін !
Оған қоса қазір болып жатқан оқиғаныда айтып өткен жөн,Пандемияға байланысты біздің отбасыларымызда ақша тапшы,ал өзіміз жұмыс істеп ақша табайық десек қаладай,жұмыс орындары бәрі жабық!
Менің сұрағым-бізге осы оқу жылы ECTS-пен емес,бұрыннан келе жатырған КРЕДИТ СИСТЕМАСЫМЕН төлеуге рұқсат етсеңіз?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда әрбір білім беру бағдарламасының жылдық оқу ақысына сәйкес  бұрынғы Қазақстандық кредит жүйесі бойынша және ЕСТS бойынша жазғы сессия бағасы қайта есептелінді. Кредит санына байланысты нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің тіркеу офисінен біле аласыз.  Байланыс тел.: 8 (727) 291-18-53, эл.пошта bkuziembaieva@bk.ru. Рахмет!

 

30-05-2020 01-59-22   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Алия

Сұрақ № 2122
Құрметті Такир Оспанович,жасап жатқан еңбегіңізге алғысымды білдіремін.Mен 4 курс студенті Алия.Қызыл дипломға ұсынған кезде кафедра оқытушылары мұқият болсыншы,транскрипқа жеке-жеке назар аударып.Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолданды. Институт директораты қызметкерлеріне ескертіледі. Рахмет!

29-05-2020 23-29-26   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әмірханова Арайлым Оразбайқызы

Сұрақ № 2121
Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 1 курс студенттері МОК 191 группасы 2019-2020 оқу жылында сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін берген келесі қатардағы ұстаздарға өз алғысымызды білдіреміз!
Мок 191 группасының жетекшісі, эдвайзері,«Элементар математика» пәнінің дәріс оқытушысы Майбазарова Бахыткуль Джанатбековаға ерекше өз алғысымызды айтамыз! Ел еңсесін көтерер саналы ұрпақтарды тәрбелеу жолында бізге өмірлік жолды көрсете білген, заман талабына сай бағыт-бағдарын ұсынған, мектеп қабырғасынан шыға алмаған біздерді универлік өмірдің жарқын болашағымен ұштастыра дамумызға үлес қосқан ұстаз ретінде білеміз. Ұстазымыздың өнегелі тәрбесін өн бойымызға сіңірудеміз. Өз ісінің озық маманы Бахыткуль апайымызбен өзіміз қалаған педагогикалық жолда қалыптасып жатқанымызға шын жүректен қуанамыз!

Бізге алғашқы және ең қызықты сабақтарды берген, даму жолымызда үлесін қосқан келесі ұстаздарға өз алғысымызды білдіреміз!

«Элементер математика» пәнінің оқытушылары: Сарсенова Алия, Капарова Рымгуль.
«Алгебра және сандар теориясы» пәнінің оқытушысы: Мыңжасарова Маржан.
«Математикалық анализ-1» пәнінің оқытушысы: Биргебаев Ахтай.
«Программалау» пәнінің оқытушысы: Фархадов Т.
«Қазіргі заман тарихы» пәнінің оқытушылары: Саурықова Жанар, Халидуллин Г.
«Орыс тілі» пәнінің оқытушылары: Нурбаева Аида, Тохтамова Раушан.
«Шет тілі» пәнінің оқытушылары: Садырмекова Индира, Лукпанова Софья.
«Оқушылардың физиологиялық» пәнінің оқытушысы:Кунакбаев Амантай.
«Дене шынықтыру» пәнінің оқытушысы: Телахынов Еркін.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің оқытушысы:Абылханова Г. А.
Аталған мұғалімдер сапалы білім, өнегелі тәрбие, өлшеусіз көрсеткен тәлімдері біздің өмірімізде педагогтың қалай қалыптасуы керек екенін көрсетті. Бір жыл бойы ұстаздарымыздан жауапкершілік, шыдамдылық, адамгершілік сынды көптеген өмірлік азығық болар қасиеттерді үйрендік.
Рух пен жанның жаңғыру заманында өз ісінің маманадары болған ұстаздардан білім алғанымызға, иновациялық технологияларды ұстаздарымыхдың бірқатар үйреткендеріне, өзіміздің үйренгенімізгі қуанамыз. Осындай білікті мамандары бар ұлттық университетте оқу біздің білім алу жолымызда үлкен үлесін қосуда. Біз Абай атындағы КазҰПУ студенттері болғанымызға, осындай өнегесі мен өнерін ұштастыра білетін ұстаздардан тәлімі мен тәрбиесін алғанымызға өз ризашылығымызды білдіреміз! Осындай керемет ұстаздардың ұйытқысы бола білген Тахир Оспанұлы сіздей ректорымызбен мақтанамыз! Бізге осындай төтенше жағдай кезінде қолдан келгенше қолдап демеген ФМжИ институт ұжымына алғысымыз шексіз! Еліміздің еңсесін көтерер биік тұлғалы педагог тәрбиелеу жолдарыңызда күш жігерлеріңіз әрқашан көп болсын. Сіздерге жұмыстарыңызда сәттілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!


Ізгі тілекпен:МОК 191 группасы
Жауап:

Құрметті студенттер! Алғыс жолдағандарыңыз үшін рахмет!

29-05-2020 15-44-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2117
Қайырлы күн, ректор мырза! Ректор блогынан және деканаттан сұрақтарымызға нақты жауап ала аламыз. Рақмет! Десе де, студенттік бухгалтерия ешқашан телефонын көтеріп, жауап бермейді. Алып, телефонды тастай салады. Жұмыс тарынан салғырттықпен қарамаса екен. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Қаржы-экономикалық департаменті директоры тарапынан ескерту жасалды. Бұл мәселе қайталанған жағдайда департамент директоры Тамара Садірбайқызы Сапарбаевамен хабарлассаңыз болады. Байланыс тел.: 291-30-67, 291-90-12. Рахмет!

29-05-2020 15-37-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жусанбаева Зарина

Сұрақ № 2116
Сәлеметсіз бе! Мен Тарих және Құқық институның Дінтану мамандығының 1курс студенті едім.Мен оқуға "Үздік аттестатпен" 50%жеңілдікпен түскен болатынмын. Анам Жалғыз басты əрі жұмыссыз ауылда тұрады. Сабақтар да ,универ жұмысындада активистпін . Мен жəне менің отбасым ақылы бөлімді төлей алмаймыз...Бар үмітім сізде. Оқып,көңіл бөлгеніңізге алғысымды білдіремін!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы  Мұра Сарыбаев Сауытұлына өткізуіңізді сұраймыз. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды оқу орнымызда арнайы құрылған комиссия құрамы қарастырады. Байланыс тел.: 87077411959.

Университетімізде білім алушыларымыз үшін «Жасыл ел» еңбек жасағы жобасы аясында студенттерді жазғы маусымда уақытша жұмыспен қамту  қызметі жұмыс жасайды.Толық ақпарат алу үшін Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс тел.: 291-83-82, эл. пошта:b_kazyna@bk.ru, kaznpu_tarbie@mail.ru. Рахмет!

29-05-2020 11-30-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әсемғазы Ерасыл

Сұрақ № 2114
Военкоматқа арналған анықтаманы қалай алса болады. Номер 3 приложение. Шұғыл түрде қажет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Құжатты «Шапағат» орталығынан алсаңыз болады. Байланыс тел.: 291-64-97, эл.пошта centr.shapagat@mail.ru . Рахмет!

29-05-2020 05-45-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2113
Сәлеметсіз бе?Менің сұрайын дегенім,универде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге грант бөлінеді ме?Яғни,көпбалалы отбасыдан шыққан студент сізге өтініш жазып грантқа ауыса алады ма? (Рахмет)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!

28-05-2020 14-04-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әлімжанов Е

Сұрақ № 2112
кеш жарық, 2 курс магистранты Әлімжанов Е, мен диплом жөмысын антиплагиттан өткізу кезінде ауылда интернет желісі дұрыс болмай, бір сәтте 2 мүмкіндігімді қолданып 66 процент алып қалдым, ендігі жағдайда не істесем болады, мен әдейі емес екі мүмкіндікті бірден қолданып қателестім, ауылды жерде интернет желісі дұрыс болмауы өз септігін тигізді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтініш жазып, жетекшіңізге немесе институт директорына өткізуіңізге болады.

27-05-2020 09-57-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2111
Сәлеметсіз бе?!Сізден сұрайын дегенім,биыл жаз айындағы проездной студенттерге беріле ма?Жаз айындағы шәкіртақы ай сайын түсіп отыра ма?
Жауап:

Құрметті студент! Грант негізінде білім алатын студенттерге төленетін төлемдер мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, жол жүру және шәкіртақы белгіленген уақытта міндетті түрде беріледі.

27-05-2020 04-55-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2110
Сәлеметсіз бе!
Жазға семестрдің басталуына аз ғана уақыттар қалды .!
Осы тұрғыда біз төлемақыны қалай толейміз және жазғы оқу қандай форматта өтетіні жайлы (онлайн-оффлайн) түсіндірме жұмыстарын ертерек жүргізсе деймін!
Бізге берілген мәліметтер бойынша жазғы оқу университетке барып оқылады дейді сол распа ? Егерде солай болса алдын ала айтуларын сұраймын себебі мен алыс жақта тұрғаннан кейін , карантин салдарынан Алматы облысына жетуім қиын !. Жәнеде ата-анамыздың жумысы уақытша тоқтап туруына байланысты қаражат жағында жақындаған сәтте табу қиынға соғады сол себепті алдын ала айтасыздар ма өтініш!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қосымша семестрдің өту уақыты, төлемақысын төлеу және қай уақыт аралығында өтінім беруге болатындығы туралы барлық ақпарат «Универ» жүйесінің «Жаңалықтар» бөлімінде көрсетілген. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарласаңыз болады. Рахмет!

26-05-2020 16-58-51   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Мадина

Сұрақ № 2109
Сәлеметсізбе! ЦАУ_Дын 2 курс студентИмин. Сиздин университетинизге ауысам деп шештим. Приемная комиссияларынызға ХАБАРЛАССАМ ТЕЛЕФОНДАРДЫ алмайды 3 номерде. Кашан хабар ала аламын. НАҚТЫ ХАБАР БЕРУИНИЗДИ ОТИНЕМИН. НЕГЕ САЙТТАРЫНЫЗДА ЕСКИРИП КЕТКЕН АҚПАРАТТАР.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары мен жеңілдіктері туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныссаңыз болады: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/.

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Университетімізге ауысу туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, эл.пошта: hairulla418@mail.ru. Рахмет!

Барлығы: 4042

« перв. ... < пред. ...  115  116  117  118  119 120  121  122  123  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений