23-06-2020 19-52-28
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2177 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович! У меня возник вопрос, если у вас в ВУЗе обнаружили заболевших коронавирусом, не имеет ли смысл перевести весь персонал на удалённую работу и обучение? Или же вы будете ждать когда будут закрываться корпуса из-за больных?
Жауап:
Здравствуйте! В связи с санитарно-эпидемиологической ситуацией в стране все необходимые профилактические меры ведутся в нашем университете регулярно. Сотрудники работают в дистанционном режиме.
23-06-2020 17-41-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2176 Сәлеметсізбе! Жазғы семестр мұғалімі туралы деректер "Институт/кафедра" болмаған жағдайда, мұғаліммен қалай байланысқа шығуға болады.
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті тіркеу кеңсесінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады, Байланыс тел.: 8 (727) 291-18-53, эл.пошта bkuziembaieva@bk.ru. Рахмет!
23-06-2020 11-18-11
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: аноним Сұрақ № 2175 Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен жаратылыстану жіне география институтында оқимын. Бізге доп.семестрдің расписаниесі шықты. Бірақ та керекті сабақтарымыз жоқ. Бұл іске жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарынан жауап жоқ. Үнемі сұрағымызға толыққанды жауап ала алмаймыз. Ол кісіден жауап ала алмасақ басқа кімнен сұрауымыз керек? Сұрақтарымызға жауап бере алатын қызметкер тағайындала ма? Ақпарат бере алатын тұлға бар ма бұл институтта? Өзіне артылған қызметті орындай алатын, ақпарат бее алатын қызметкер келе ме бұл институтқа? Осы мәселені қарастырып, шешіп беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселелер міндетті түрде тексеріледі. Тексеріс нәтижесі мен сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!
23-06-2020 10-53-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2174 Құрметті Тахир Оспанұлы
Мен летний семестрге қалған едім, кредитімді төледім. Универ жүйесінде сабақ 22.06 сына басталады деп тұр . Бірақ әлі басталмады , неге, бізге нб түсіп қалмайды ма? Деканаттан сұрасам жауап жоқ, неге жауап бермейді , сұрағыма жауап таба алмай жүрмін әлі, неге жауапсыз .
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2020 жылы 22 маусымнан бастап көрсетілген сабақ кестесі бойынша сабақтар өтілуде. Мамандық бойынша Тіркеу кеңсесінің қызметкеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 291-18-53.
23-06-2020 08-45-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2173 Сәлеметсіз бе! Мен филология және көптілді білім беру институтының студентімін. Құрметті Тақир Оспанұлы! Мамандығым бойынша 4 пәннен 50 баллдан аз жинап жазғы семестрге калдым. Осы жазғы семестрде пәндерді оқу үшін офис регистраторға өтініш жазып, кредиттің ақшасын толедім. Қазргі таңда летага қалган пәндеріңіз тест бойынша отіледі деп жатыр. Менің ауылымда ноутбук жоқ, сеть өте нашар ұстайды. Мен қалай тапсырамын? Ауылымда сеть өте өте нашар тапсыруға мүмкіндігім жоқ болса қайтадан 0 қойылып кетсе Пәндер бойынша кредитке толеген ақшамды қайтып бересіздер ма? Не болады? Қайтадан летага қалмауыма кім кепіл? Сізге айтарым Өтініш жазғы семестрді тест қылмаңызшы. Барлығы бұрынғы жүйеде болғынын қалаймын. Студенттің яғни менің жағдайымды ескерсеңіз жақсы болатын еді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!
22-06-2020 16-44-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2171 салеметсизбе, маусым айынын степендиясы неге 20,000тускенин билсем боладыма
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.: 291-37-54, Baisbaeva.bibigul@mail.ru. Рахмет!
22-06-2020 12-06-14
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2170 Сәлеметсіз бе?
Осы универде оқыған соң жұмысқа орналаса алам ба.Бизнес и финансы оқу ақысы қанша?
Жауап:
Құрметті талапкер! Әрине, жұмысқа орналаса аласыз. Университетіміздің білім беру бағдарламалары мен оқу ақысы, жеңілдіктері туралы толық ақпаратпен сайтымыздан келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!
20-06-2020 20-12-16
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2169 Сәлеметсіз бе? Мен биылғы 2020 жылдың бітіруші түлегі едім. Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау қай күннен, қай күнге дейін сіздерде? Бізде ент 22-сі.Және қандай документтер қажет екенін толық айтып өтсеңіз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шығармашылық емтихандарға өтініш 2020 жылы 20 маусым-7 шілде аралығында жүргізіледі. Емтихан 8-13 шілде аралығында өтеді. 2020/2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған шығармашылық емтихан қабылдау кестесімен және қажетті құжаттар тізімімен университет сайтынан таныссаңыз болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Ekzamen.pdf. Рахмет!
19-06-2020 14-10-42
Басқа
Сұрақ қоюшы: Сакен Капарбеков Сұрақ № 2168 Мені Такир Оспанұлы мырзамен осы алдағы дүйсенбі жолықсам деймін. Ол кісі Мені таниды. Жаңа қызметімен құттықтап, амандассам деймін. Нұр-Сұлтан қаласы. Астана медресесінің ұстазымын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Ректордың қабылдауына алдын ала жазылуыңызды сұраймыз. Тел.: 8(727)291-63-39.
19-06-2020 00-15-25
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2167 Құрметті Такир Оспанұлы!!!
Мен басқа университетте 1курс ақылы бөлімде оқитын едім , КазҰПУ ға ауысуға боладыма?
Және де ауысқан жағдайда ,мен военный кафедра оқи алам ба?
Жауап:
Құрметті студент! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Университетімізге ауысу туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
17-06-2020 23-54-33
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2166 Құрметті Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир Оспанұлы, құрметті ұстаздар және университет әкімшілігі! Бітіруші түлектер үшін қолдан келген бар мүмкіндікті аянып қалмай барынша қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! Алайда, ел ішіндегі індетпен күресу мақсатында жоспардан алынған бітіру кештерінің болмағаны дұрыс деп есептейміз. Диплом табыстау сәтінің әрбір студент үшін маңызды екені даусыз. Бірақ адамдардың өмірі одан да маңызды екенін ескерсеңіздер екен. Бастысы дипломды ойдағыдай деңгейде қорғау және мейілінше тезірек жұмысқа орналасу. Ел ішінде вирус жұқтыру фактісінің артуына байланысты, бітіру кештерінің шілде,тамыз айларына шегерілуінің өте ұзақ мерзім екеніне байланысты дипломды салтанатты табыстау рәсіміне рұқсат бермеулеріңізді сұраймыз! Студенттерге ертерек қызметке орналасу маңызды,ал қоғамға ертерек індетті жеңу маңызды!Осы маусым айының соңына дейін диплом табыстауды(онлайн болса да) өзіңіздің басшылығыңызға алсаңыз алғысымыз шексіз болар еді. Тек шілде мен тамыз айларына созбауыңызды сұраймыз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Түлектерімізге дипломды (қосымшасымен) табыстау рәсімі еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн-форматта ұйымдастырылады.
17-06-2020 18-57-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2165 Құрметті Такир Оспанович! Номері 1 корпус, яғни(7 этаж) оқу ғимаратында үнемі еден жуатын әйелдер ішімдік ішіп отырады. Бұл оқу ғимараты емес пе? Неге жұмыс орнында ішімдік пайдаланады? Недеген масқара бұл?Осы жағына кішкене көңіл бөлсеңіз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңызға байланысты Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті басшылығынан түсініктеме алынды. Берілген түсініктемеде еден жуушы қызметкерлердің көпшілігі демалысқа жіберілгендігі, университетімізде дезинфекциялау шаралары күшейтілгендіктен, қалған қызметкерлердің жұмыс кестесі мен қауіпсіздік шаралары күнделікті қадағалануда екені айтылған. Алдағы уақытта бұл мәселе жіті бақылауда болады. Рахмет!
16-06-2020 11-48-55
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2164
Здравствуйте, я в этом году оканчиваю университет и намереваюсь поступать на второе высшее в КазНПУ на факультет филологии. Хотела узнать, обучение ведется очно или заочно? И стоимость очной формы обучения также заочной можно узнать? Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте, если Вы намереваетесь поступать на второе высшее, то будете учиться по дистанционной форме два года. Стоимость обучения 300 000 тг за один год обучения.
16-06-2020 11-17-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2163 Сəлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Мен осы семестрда стипендияға іліктім. Бірақ менің стипендиям түспей жатыр!!! Неге осы айда қалған студенттерге стипендия беріліп, біз қайтарып алып отырғанның өзінде бізге стипендия түспеді?!!! Универде сұрасам қырқүйек айынан бастап түседі дейді. Не себептен қыркүйек айында түсуі керек?! Менің ешқандай летамда, қарызымда жоқ!! Заң бойынша бүкіл студент емтиханды "жақсы, өте жақсыға" тапсырса міндетті түрде емтиханнан кейінгі айда каникулдарды қоса есептегенде ай сайын стипендия берілуі керек деп жазылған! Жалғыз мен ғана емес мен сияқты қалған студенттер де ілінсе де стипендияларын ала алмай отыр! Неге қыстық семестрды бітіргендер сразу келесі январь айында алуға мүмкіндік болса, біз қыркүйектен бастап алуымыз керек?! Сонда біздің мемлекеттен түсіп жатқан жаздағы стипендиямыздың ақшасы қай жаққа жаратылып жатыр?!!! Басқа бүкіл универлерде июнь айынан бастап стипендияларын алады деді. Не себептен именно біздің универде өз ақшамыз өзімізге уақытылы бұйырмай тұр!!! Осы жағдайды шешіп берсеңіз деп сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға шәкіртақы 20 маусымға дейін толығымен төленеді. Шәкіртақы көрсетілген уақытта берілмеген жағдайда Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 37 54, Baisbaeva.bibigul@mail.ru. Рахмет!
15-06-2020 20-42-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2162 Салеметсиз бе. Мен коктемги семестр сабактарын барлыгын +90 (А) жапкан болатынмын. Степендия 26мын тусти. Повышка кашан туседи?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің грант негізінде оқитын білім алушыларына шәкіртақы толығымен төленді. Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша институт директорымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
15-06-2020 15-10-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2161 Саламатсызба. Маусым айынын степендиясы кай уакытта туседи?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 20 маусымға дейін беріледі.
14-06-2020 23-33-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2160 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович!
Я докторант 3-го выпускного курса. В связи с чрезвычайным положением в стране, в прошлом месяце, нам не удалось провезти плановую зарубежную командировку. Нам сказали, что те, кто не смогли пойти на зарубежную командировку, могут провести консультацию в онлайн-формате с зарубежным руководителем.
На наших счетах остались значительные денежные средства для командировки, как мы поняли, скорее всего в ближайшие месяцы не будет зарубежных командировок. Так как истекает наши курсы обучения, мы бы хотели использовать хоть малую долью наших балансов чтобы оплатить стоимость зарубежных статьи (Scopus, Web of science) до окончания года, а не до истекания срока обучения. Или для каких целей можно использовать наши денежные средства ?
Жауап:
Здравствуйте! Казахский национальный педагогический университет имени Абая сообщает Вам следующее, что, согласно плану развития МОН РК, денежные средства, выделенные для командировочных поездок, должны быть направлены только для этих целей, а не для оплаты стоимости публикации статей за рубежом.
Далее, согласно Постановлению Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года N 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования», стипендии, командировочные поездки, публикации статей после окончания ВУЗа не оплачиваются.
13-06-2020 19-48-23
Студенттен
Сұрақ қоюшы: БЕРІK Сұрақ № 2159 Құрметті Тахир Оспанұлы! Биылғы студенттерге,магистранттарға диплом табыстау рәсімі қалай өтеді? Табыстау рәсімі қалыпты жағдайдағыдай болады ма? Жауабыңызға рахмет!
Жауап:
Құрметті Берік! Түлектерімізге дипломды (қосымшасымен) табыстау рәсімі еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн-форматта ұйымдастырылады. Рахмет!
13-06-2020 01-26-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2158 Құрметті, Такир Оспанович! Сізге қояр сұрағым бар еді. Мен бітіруші курс студентімін. Шалғай аймақта тұратындықтан елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты Алматы қаласына жетуім қиындық тудырып тұр, яғни жол жүру билеттерінің тапшылығы. Оның үстіне қаражат жетіспеушілігіне байланысты (пәтерақы, жолақы) диплом табыстау рәсіміне жақын уақытта барайын деп едім. Диплом табыстау рәсімі болады ма? Егер болатын болса, қай уақыттар аралығында жоспарланып отырғанын айта аласыз ба? Алғысымды білдіремін.
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты дипломды (қосымшасымен) табыстау онлайн-форматта ұйымдастырылады. Диплом табыстау рәсімі бойынша ресми ақпарат институт директораты тарапынан хабарланады.
12-06-2020 17-25-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2157 Сәлеметсіз бе? Мен 4курс студентімін, Біз оқу жылының басында ректордың қолдауымен ағылшын курсын оқып бастаған едік. Келіісім шартқа отырдық, ол жерде курсты тегін оқып жатқандықтан, магистратураға тест тапсырасыңдар және тек Абай университетін таңдайсыңдар деп айтылды және соған договор жасалып, қол қойылды. Ал енді бітіріп жатқанда бізге ағылшыннан тоэфл немесе айлс тапсырасыңдар болмаса диплом бермей қоямыз дейді, Карантинге байланысты Қашықтықтан оқыту кезінде ағылшынды меңгере алмағандар бар және барлық студенттің оны тапсыруға мүмкіндігі және қаражаты жете бермейді ғой, неге договорға сәкес әрекет жасамайды, магистратура тестінен қашпаймыз тек тоэфл міндетті түрде тапсырыңдар деп айтпаса екен! осы мәселені қарастырсаңыз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2018-2019 оқу жылында магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу емтиханына дайындау мақсатында «I teach in English» курсы жүрді. Курс сәтті нәтиже бергеннен кейін, 2019/2020 оқу жылында курсты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Биылғы оқу жылында 60-қа жуық студент ағылшын курсында оқып жатыр. Карантин кезінде де оқу жұмысы тоқтатылған жоқ. 2019/2020 оқу жылындағы курстың ерекшелігі халықаралық Toefl ITP емтиханына қоса даярлау. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «I teach in English» курсында оқыған студенттердің халықаралық Toefl ITP емтиханын тапсыруы өздері үшін де ЖОО-ның көрсеткіші үшін де аса маңызды, ерекше тиімді болады. Сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуыңызды сұраймыз!
Барлығы: 4046