Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
28-05-2020 14-04-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әлімжанов Е

Сұрақ № 2112
кеш жарық, 2 курс магистранты Әлімжанов Е, мен диплом жөмысын антиплагиттан өткізу кезінде ауылда интернет желісі дұрыс болмай, бір сәтте 2 мүмкіндігімді қолданып 66 процент алып қалдым, ендігі жағдайда не істесем болады, мен әдейі емес екі мүмкіндікті бірден қолданып қателестім, ауылды жерде интернет желісі дұрыс болмауы өз септігін тигізді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтініш жазып, жетекшіңізге немесе институт директорына өткізуіңізге болады.

27-05-2020 09-57-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2111
Сәлеметсіз бе?!Сізден сұрайын дегенім,биыл жаз айындағы проездной студенттерге беріле ма?Жаз айындағы шәкіртақы ай сайын түсіп отыра ма?
Жауап:

Құрметті студент! Грант негізінде білім алатын студенттерге төленетін төлемдер мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, жол жүру және шәкіртақы белгіленген уақытта міндетті түрде беріледі.

27-05-2020 04-55-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2110
Сәлеметсіз бе!
Жазға семестрдің басталуына аз ғана уақыттар қалды .!
Осы тұрғыда біз төлемақыны қалай толейміз және жазғы оқу қандай форматта өтетіні жайлы (онлайн-оффлайн) түсіндірме жұмыстарын ертерек жүргізсе деймін!
Бізге берілген мәліметтер бойынша жазғы оқу университетке барып оқылады дейді сол распа ? Егерде солай болса алдын ала айтуларын сұраймын себебі мен алыс жақта тұрғаннан кейін , карантин салдарынан Алматы облысына жетуім қиын !. Жәнеде ата-анамыздың жумысы уақытша тоқтап туруына байланысты қаражат жағында жақындаған сәтте табу қиынға соғады сол себепті алдын ала айтасыздар ма өтініш!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қосымша семестрдің өту уақыты, төлемақысын төлеу және қай уақыт аралығында өтінім беруге болатындығы туралы барлық ақпарат «Универ» жүйесінің «Жаңалықтар» бөлімінде көрсетілген. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарласаңыз болады. Рахмет!

26-05-2020 16-58-51   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Мадина

Сұрақ № 2109
Сәлеметсізбе! ЦАУ_Дын 2 курс студентИмин. Сиздин университетинизге ауысам деп шештим. Приемная комиссияларынызға ХАБАРЛАССАМ ТЕЛЕФОНДАРДЫ алмайды 3 номерде. Кашан хабар ала аламын. НАҚТЫ ХАБАР БЕРУИНИЗДИ ОТИНЕМИН. НЕГЕ САЙТТАРЫНЫЗДА ЕСКИРИП КЕТКЕН АҚПАРАТТАР.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары мен жеңілдіктері туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныссаңыз болады: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/.

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Университетімізге ауысу туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, эл.пошта: hairulla418@mail.ru. Рахмет!

24-05-2020 21-18-45   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2108
Здравствуйте,уважаемый Такир Оспанович!Я планирую поступать в наш университет,для этого мне так же надо сдать психологический тест,но так как я проживаю в Западно-Казахской области,я не знаю как это сделать. Вот мой вопрос: как мне сдать тест?Для этого мне надо приезжать в Алматы или же есть другие способы?
Всего Вам хорошего,заранее спасибо!
Жауап:

Здравствуйте! Если Вы хотите поступить на педагогическое направление, необходимо сдать специальные педагогические экзамены у себя в любом вузе Западно-Казахстанской области. ЕНТ тоже можете сдать у себя и подать документы на конкурс, указав вуз — 007-КазНПУ имени Абая. Если Вы участвуете в конкурсе на присуждение образовательного гранта у себя в ЗКО и если после объявления результатов стали обладателем гранта, можете приехать в Алматы на учебу в КазНПУ им. Абая.  

24-05-2020 20-57-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2107
Сәлеметсізбе!Тахир Оспанұлы!! Менің қояр сұрағым мен 1курс бітіріп отырған студент едім.Мамандығым Филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті. Бұл мамандыққа үздік аттестат болғандықтан 50% жеңілдікпен түскен едім. Кәзір сессия бағаларымның бәрі А , А- , болып тұр. Сол жеңілдігім 2 курста да сақталама?Сақтап қалуыма мүмкіндік барма?
Сосын менің мамандығымда бұйырса грант бөліне ма?оған қалай ілінуге болады? айтып жіберсеңіз өтініш! Алдын ала рахмет!!!
Жауап:

Құрметті студент! Сіз «Үздік аттестат» жеңілдігімен оқып жатқан білім алушы болсаңыз, қорытынды бағаларыңыз тек қана «өте жақсы» деген бағада (А, А+) болса ғана жеңілдік келесі оқу жылында сақталады. Ал, мемлекеттік бос білім гранты Сіз оқып жатқан мамандық бойынша білім гранты босаған жағдайда ғана және конкурстық негізде беріледі. Босаған білім гранттары туралы ақпарат семестр аяқталғаннан кейін университет сайтында және «Univer» жүйесінің «Хабарландырулар» бөліміне орналастырылады.

Білім грантына үміткер білім алушы ретінде оқу үлгерімін көрсететін транскрипт көшірмесін, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын тіркеп, университет ректорының атына өтініш жазуы қажет. Конкурстық талаптарға сәйкес құжаттарыңызды жинап, институт директоратына өткізуіңізге болады. Рахмет!

24-05-2020 12-40-21   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Карасёва Камила

Сұрақ № 2106
Здравствуйте! Меня зовут Камила .Я Хотела узнать разницу образовательных программ ИЗО черчение (В007), Изобразительное искусство (В030) и Живопись (6В02113). После окончания обучения по каким из этих специальностей будет право на преподавание и какие творческие экзамены будут на эту специальность? Я заканчиваю обучение в ДХШ и в июне защищаю там диплом. Нужно ли при поступлении в Ваш вуз приносить дипломную работу или портфолио, или только документ об окончании ДХШ?
Жауап:

Здравствуйте, Камила! Специальность «6В01407–Художественное образование, графика и проектирование» является педагогической, соответственно, после окончания Вы сможете преподавать в средних учебных заведениях. Специальности «6В02113-Живопись» и «6В02114-Графика» не являются педагогическими, относятся к группе «В002 Искусство и гуманитарные науки». После бакалавриата по любой специальности можно поступить в магистратуру по научно-педагогическому направлению, после ее окончания присуждается степень магистра, а также предоставляется право преподавать в школах, в колледжах и в вузах.

При поступлении в наш университет учитываются только результаты вступительных творческих экзаменов. Поэтому Ваше портфолио не является обязательным к предоставлению. В таблице ниже информация насчет специальностей и творческих экзаменов.

Желаем удачи в предстоящей защите диплома. Будем Вас ждать.

Номер и Наименование групп образовательных программ

Название специальности в КазНПУ имени Абая

1 Творческий экзамен

2 Творческий экзамен

В001 Педагогические науки, учитель школьного предмета «Художественный труд, графика и проектирование»

В007

 Подготовка учителей художественного труда и черчения

6В01407 –Художественное образование, графика и проектирование

Рисунок (гипсовая маска Венеры)

Живопись (натюрморт-акварель, бумага)

В002 Искусство и гуманитарные науки, «Художники»

В030 Изобразительное искусство

(В группе 2 специальностей)

6В02113-Живопись

Живопись (натюрморт-акварель, бумага)

Композиция (сбор бытовых предметов, материал-свободный: можно карандаши, акварель, пастель, акрил, гуашь и т.д.)

6В02114-Графика

Рисунок (гипсовая маска Венеры)

Композиция (сбор бытовых предметов, материал-свободный: можно карандаши, акварель, пастель, акрил, гуашь и т.д.)

 
24-05-2020 11-19-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2105
Мен 4- курс студенті диплом жұмысымды 1- тексеріске 13.05 салдым. 14.05 жетекшімнен подозрительный документ деп тұр деген смс келді. Мен кураторым мен хатшыдан сұрастырдым. Хатшы, документті бір тексеріп қайта салуымды сұрады. Мен қайтадан салсам және тағы солай шықса, 2 мүмкіндігінен айырылып қалатынымды ескерттім.Бірақ, маған басқа да студенттерде осылай болып жатыр, тағы да солай шықса да тіркей береміз деді. Кураторым процент бойынша өтіп тұрсаң болды, базаға жібере бер деді. Мен документтімді түгел тексеріп, қайтадан 17.05 2- рет салдым. Ол кезде де подозрительный документ деп қайта шықты. Солай 2 мүмкіндігімді де пайдаландым. Процент бойынша 80% бен плагиаттан өтіп тұрмын. Бірақ базаға қабылдамай жатыр. Хатшы кейіннен техникалық себеп деді, одан кейін сізде жасырын символ бар деді, сосын тіркеу мүмкін емес деп әлі тіркей алмай жатырмыз. Өзім Орал қаласында тұратындықтан, Алматы қаласына жете алмай жатырмын. Өзім диплом жұмысымды үйдегі бар ескі компьютермен жазғандықтан, техникалық немесе орфографиялық қателер кету мүмкін екенін мойындаймын. Және плагиат өткізу барысында, ондай кедергілер шығатынын, не үшін подозрительный документ болуы мүмкін екенін, кейін осы жағдай орын алғанда ғана түсіндірді. Оған дейін тек Универ жүйесіне қалай салатынын және % бойынша өтсең болды деп түсіндірген еді. Енді міне осы жағдайға тап болып отырмын.
Сізден өтініш, елімізде болып жатқан ТЖ- ды ескеріп, және түсіндірілу жұмыстарының кеш жүргізілуіне байланысты, маған қайтадан тексерістен өтуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын.
Осы уақытқа дейін педагогтарымнан жауап күтіп, сол кісілерге сеніп уақыт өткізіп алдым. Енді амалым қалмағандықтан сізге жазып жатырмын. Өтінішімді қабылдайсыз деген сенімдемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломдық жұмысыңызды «Антиплагиат» жүйесінен тексеру барысында техникалық қате кеткендігі туралы өтінішіңізді жетекшіңізге өткізуіңіз қажет. Жетекшіңіз  өз тарапынан Сіздің өтінішіңіз бойынша тиісті рәсімдеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін дипломдық жұмысты қайта өткізуге рұқсат алуыңызға болады.

23-05-2020 17-06-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Мырзахмет Айдана

Сұрақ № 2104
Сәлеметсізбе, құрметті Тахир Балықбаев мырза. Менің бұл жерге жазудағы мақсатым-алғыс білдіру. Университетімізде студенттер үшін шырылдап, жанын салып сабақ түсіндіріп, осы студенттер жоғары белестерді бағындыра берсінші деп жүргендер баршылық. Көп студенттер оны байқамайды, тек бір минус байқаса болды бірден ректор блогына жаза салады, ал қаншама жасалған жақсылық, еткен еңбек ұмытылып жатады.
Осы сәтті пайдала отырып Биология кафедрасының мұғалімдеріне, атап айтқанда: проф. *Жақсыбаев М.Б.* өз ісіне жауапкершілікпен қарайтыны, сабақты әрқашан 1орынға қоятыны, әділ бағалайтыны үшін алғыс білдіреміз. Доц. *Мусаев Қ.Л.* өз ісінің маманы, студенттерін өз баласындай қарап, әрқашан ақылын айтып жүретіні үшін алғыс білдіреміз. *а.о.Исабеков Б.М.* сабағына үлкен жауапкершілікпен қарап, бала жанын түсінетіні, білім нәрімен сусындатып жүргені үшін алғыс білдіреміз. а.о. *Шыныбекова Шолпан* апай барлық студенттерді бөліп жармай, барлығына көмектесіп, түсіністік танытып, бар білімін, жылы сөздерін айтып жүргені үшін алғыс білдіреміз. а.о. *Бұхарбаева Ж.М.* сабақты әрдайым жоғары көңіл күймен өткізіп, беріп жатқан біліміңіз бен аянбай істеп жатқан еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз. а.о. *Байжигитов Д.К.* сабақ түсіндіруде тек қазақ тілімен шектеліп қалмай, көптеген орысша мәліметтерімен де бөлісіп, бізді жан жақты дамытып жатқаны үшін алғыс білдіреміз. о. *Алтынбек Толғанай* апай өз ісінің шебер маманы. Бар жанын салып сабақ түсіндіруі, өмірде университетте алған бағалар емес, алған білім маңызды екенін түсіндіре білген ұстаз. Сізге алғыс білдіреміз. о. *Аманжолов Рустам* ағай бізді жаңа заман мұғалімі ретінде сабақты ағылшын тілінде өтуге үйреткеніңіз үшін, куизбен жұмыс жасап үйреткеніңіз үшін алғыс білдіреміз.
Барлық мұғалімдерге төтенше жағдайға қарамастан, сабақтарын тоқтатып қоймай жаңа технологиямен сабақ өтіп, сабырлық танытып жүргені үшін алғыс білдіреміз. Біз сіздерді ұмытпаймыз.
Алғыс білдіруші: *Биология- 5В011300 3курс 3топ 1 топша студенттері.*
Жауап:

Құрметті студенттер! Алғыс жолдағандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Мансап жолында табыс тілейміз!

23-05-2020 12-38-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2103
Салеметсызбе!Менің сұрағым оқу ақысына байланысты мамырдын сонына дейын толеу керек,бирак карантин болгандыктан жумыс болмай толей алмай жатырмыз,сол себепты кешыктырып 4-5 маусым толесе болама?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

21-05-2020 21-12-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2102
Мен математика(5в010900) мамандығының 2-курс студентімін. 2021жылғы көктемгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Гумилев атындағы ЕНУ ға жарты семестр ге оқи аламын ба , ол үшін не істеу керектігін толық айтып жібересіз
Жауап:

Құрметті студент!Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

21-05-2020 19-41-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2100
Здраствуйте! В связи с последними событиями в ректорском блоге участились жалобы на преподавателей и на выполнение их работы. Так вот, от своего имени хочу выразить огромную благодарность преподавателям физ-мата за их труд, терпение и знания которые они нам дали в это трудное время.
Жауап:

Уважаемый студент! Благодарим за приятный отзыв. Желаем успехов в учебе и дальнейшем жизненном пути! Спасибо!

19-05-2020 23-29-03   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2098
Салеметсизбе
Менқызыл диплом жайында сурайын деген едим
Букил сабагым жаксы уш жок, практика ГОСС экзамен олда 5

Бирак биринши курс бойынша GPA балым 3,43
Ал барлык GPA косканда 3,62 болып тур
Кызыл диплом ала аламынба
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңызға жауап алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады.

19-05-2020 12-13-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сатымбай Аружан

Сұрақ № 2097
Құрметті Тахир Балықбаев мырза мен сізден өтініш сұрайын деп едім. Менің әлеуметтік жағдайыма(тұлдыр жетім) байланысты тарих сабағынан емтихан тапсырма алмай аз балл жинап қалдым мені летоға қалдырды. Тахир аға сол сессияны қайта тапсырсам боладыма.
Жауап:

Құрметті студентІ Емтиханды тапсыра алмаған студенттер жаздық семестрде сол пәнді ақылы түрде тапсырады. Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып, жазылған өтінішіңіз бен растайтын құжаттарыңыздың негізінде төлемақысыз тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!

18-05-2020 15-13-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Болытбаева Айнура

Сұрақ № 2096
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович, хотела спросить, возможна ли защита дипломной работы в онлайн формате? Из-за сложившейся ситуации я потеряла место проживания в Алматы и на данный момент не имею финансовой возможности вернуться в город, в случае открытия границ. Так как я потеряла работу и из-за подготовки к защите у меня нет времени ее искать, я не могу пока себя полностью обеспечить. Хотелось бы, чтобы защита по желанию могла пройти онлайн, либо в схожем формате. Надеюсь на понимание и поддержку.
Жауап:

Уважаемые студенты! В связи с карантинной ситуацией в стране предусмотрена защита дипломных/диссертационных работ и сдача государственного экзамена в онлайн-формате. О чем уже неоднократно сообщалось на сайте университета и в моем личном блоге.

17-05-2020 07-05-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2095
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Саулығыңызды тіледім! Студенттерге деген қолдауыңыз ерекше! Менің сұрағым магистратура емтихандарына байланысты. Ағылшын тілінен халықаралық IELTS тесті міндетті ме,әлде жылдағыдай университетте тест тапсырып түсе аламыз ба?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2019/2020 оқу жылында магистратураға түсу емтиханын кешенді тест түрінде Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы өткізеді. Яғни, шет тілі мен арнайы мамандық емтиханы тест түрінде тапсырылады.

Екі емтихан қорытындысы бойынша жинақталатын ең жоғары балл - 150. Грантқа конкурсқа қатысу үшін кем дегенде 100 балл жинау керек. 
Типтік ережеге сәйкес шет тілінен халықаралық сертификаттары бар талапкерлер шет тілі емтиханынан босатылады.

17-05-2020 00-44-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әмірханова Арайлым Оразбайқызы

Сұрақ № 2094
Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!

Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 1 курс студенттері МОК 191 группасы 2019-2020 оқу жылында сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін берген келесі қатардағы ұстаздарға өз алғысымызды білдіреміз!

Мок 191 группасының жетекшісі, эдвайзері,"Элементар математика" пәнен дәріс оқушы Майбазарова Бахыткуль Джанатбековаға ерекше өз алғысымызды айтамыз! Ел еңсесін көтерер саналы ұрпақтарды тәрбелеу жолында бізге өмірлік жолды көрсете білген, заман талабына сай бағыт-бағдарын ұсынған, мектеп қабырғасынан шыға алмаған біздерді универлік өмірдің жарқын болашағымен ұштастыра дамумызға үлес қосқан ұстаз ретінде білеміз.

Бізге алғашқы және ең қызықты сабақтарды берген, даму жолымызда үлесін қосқан келесі ұстаздарға өз алғысымызды білдіреміз!

"Элементер математика" пәнінің оқытушылары: Сарсенова Алия, Капарова Рымгуль.

"Алгебра және сандар теориясы" пәнінің оқытушысы: Мыңжасарова Маржан.

"Математикалық анализ-1" пәнінің оқытушысы: Биргебаев Ахтай.

"Программалау" пәнінің оқытушысы: Фархадов Т.

"Орыс тілі" пәнінің оқытушылары: Нурбаева Аида, Тохтамова Раушан.

"Қазіргі заман тарихы" пәнінің оқытушылары: Саурықова Жанар, Халидуллин Г.

"Шет тілі" пәнінің оқытушылары: Садырмекова Индира, Лукпанова Софья.

"Дене шынықтыру" пәнінің оқытушысы: Телахынов Еркін.

"Ұлттық тәрбие" пәнінің оқытушысы: Абылханова Гаухар.

Аталған мұғалімдер бір жыл бойы сапалы білім, өнегелі тәрбие, өлшеусіз көрсеткен тәлімдері біздің өмірімізде педагогтың қалай қалыптасуы керек екенін көрсетті. Рух пен жанның жаңғыру заманында өз ісінің манадары болған ұстаздардан білім алғанымызға қуанамыз. Осындай білікті мамандары бар ұлттық университетте оқу біздің білім алу жолымызда үлкен үлесін қосуда.

Біз Абай атындағы КазҰПУ студенттері болғанымызға, осындай өнегесі мен өнерін ұштастыра білетін ұстаздардан тәлімі мен тәрбиесін алғанымызға өз ризашылығымызды білдіреміз! Ұлт жанашырлар тәрбелеу жолындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздерге жұмыстарыңызда сәттілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Жауап:

Құрметті студенттер! Оқытушыларыңыздың еңбегін бағалап, алғыс жолдағандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Білім мен еңбек жолында сіздерге тек сәттілік тілейміз! 

16-05-2020 23-32-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2093
Сәлеметсізбе!Мен 2 курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 2019 жылдың жазында ауысып келген болатынмын, бұрынғы оқыған университетімде оқылмай қалған сабақтарды (разница) жазғы семестрде жабуым керек болған. 5 сабақтан жазғы сессиям бар еді.Елдегі болған келеңсіз жағдайға байланысты, үйімізді асырап отырған әкемнің ақысыз еңбек демалысына қалғанына 3 айға жуық уақыт болды, сол себепті жазғы сессияның ақысын төлеу қиынға соғып отыр...Бұл жағдайда не істей аламын?Университет тарапынан жеңілдіктер болама? Немесе 3 курстың жазғы семестрінде өтеп тапсырсам болама?
Жауап:

Құрметті студент! Университеттің Академиялық саясатында белгіленген ереже талаптарына сәйкес білім алушы жазғы қосымша семестрде бұрын қалып қойған кредиттерін төлеуі керек. Бұл туралы Сізге институт директораты тарапынан ескертілген. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін кафедра басшылығымен хабарласуыңыз қажет. Рахмет!

16-05-2020 00-59-39   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Карабаева Л.К

Сұрақ № 2092
Құрметті, Тахир Оспанұлы!
Менің қызым 4 курс бітіруші түлегі. Белсенді студент.Дипломдық жұмысын антиплагиаттан өткізу барысында интернет желісінің нашарлығынан техникалық ақаулар болды.Өйткені ауылымызда интернет желісі дұрыс жасамайды.Жүйеге салу кезінде жұмысы бір уақытта екі рет жүктеліп кетіп екінші рет өту мүмкіндігінен айырылып қалды.Осы жағдайды ескеріп тағы бір мүмкіндік беріп плагиаттан тағы бір өткізуге немесе плагиат көрсеткішін 50 % төмендетуіңізді сұраймын. Осы мәселемеізді шешіп берсеңіз. 17.05 соңғы күн екен.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Филология және көптілді білім беру инcтитутының студенті  Фариза Көмекбаеваның дипломдық жұмысына қатысты мәселе қарастырылды. Директорат тарапынан тиісті шаралар қабылданып, антиплагиатқа байланысты мәселе шешілді.

15-05-2020 18-03-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2091
Құрметті ,ректор мырза! Мен 4 курс студентімін. Осы уақытқа дейін сіз өз студенттеріңіздің жағдайын жасап келдіңіз. Осы жолы да менің мәселемді шешімсіз қалдырмайсыз деп сенемін. Мен дипломдық жұмысымды антиплагиат тексерісінен өткізу барысында интернет желісінің дұрыс ұстамауынан қиындыққа тап болдым. Бір жүктеген жұмысым интернет баяу жасағандықтан бір уақытта 2рет жүктеліп кетіп, мені 2 мүмкіндіктен де айырды. Көрсеткішім 52% болып қалды. Мен ҮЗДІК ДИПЛОМ үміткерімін. Сізден сұрарым тағы бір рет өтуге немесе бір уақытта жүктеліп кеткен құжаттың біреуін қайта салуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Мен секілді интертен ұстамайтын ауылда тұратын 60%ға жете алмай қалған студенттер баршылық. Қазіргі жағдайды ескеріп осы мәселені шешіп берсеңіз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71, hairulla418@mail.ru. Рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  116  117  118  119  120 121  122  123  124  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений