29-04-2020 14-43-07
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2045 Құрметті Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Тахир Балықбайұлы.Сізге университет бітіруші түлектері 4 курс атынан айтар өтінішіміз бар.Елімізде болып жатқан соңғы жайттар кім-кімге болсын оңай соғып жатырмағаны белгілі.Соның ішінде жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттерге де. Өйткені бәріміз білетіндей қашықтықтан оқыту бағдарламасы тікелей интернетке тәуелді болғандықтан,алыс-шалғайда тұратын,интернетпен қамтылмаған ауылдардағы студенттерге өте тиімсіз.Оның үстіне бітіруші түлектерге диплом жұмысын аяқтау және толықтай бітіріп тапсыру қиынның қиыны болып тұр.Диплом жұмысы арнайы зерттеулер мен,тың мәліметтерге тікелей байланысты болғандықтан оған көпшілік студенттердің қолы жетпей жатыр.Себебі карантинге байланысты кітапханалар өз жұмысын тоқтатқан.Электронды кітапхана жоғарыдағы себептермен интернетке қосыла алмайтын студенттерге қолайсыз.Сондықтан сізден бір ауыздан өтініп сұрйтынымыз Диплом алдындағы тексеріс Антиплагиатты 50-55%-дық көрсеткішке төмендетулеріңізді сұраймыз Өйткені,антиплагиаттан өтілмей қалған диплом жұмысы қорғалмайтыны белгілі!Ал диплом қорғалмаса,студенттің 4 жылғы еңбегі зая кетті деген сөз. 4 жыл бойғы ата-ананың баласына артқан сенімі желге ұшары анық.Сол себепті, осы уақытқа дейін білім алып,қара шаңырақтың үлгілі студенттері болып келген ұл-қыздарыңыздың сөзіне құлақ асарсыз деген үміттеміз.
Құрметпен: Абай атындағы Қаз Ұпу-дың барлық бітіруші түлектері
Жауап:
Құрметті студенттер! Бітіруші курс білім алушыларының көптеген өтініштеріне байланысты, сондай-ақ толық көлемде зерттеу жүргізудің мүмкін еместігін ескере отырып, университет басшылығы дипломдық (жобалық) жұмысты антиплагиатқа тексеру деңгейінің өткен жылғы көрсеткішін қалдыру туралы шешім қабылдады. Бакалавриатта ол 60%, магистратурада - 70% құрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуларыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
28-04-2020 21-29-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2043 Сәлеметсіз бе! Мен бітіруші студентпін, GP балым 3.55 болып тұр, сабақтарымның бәрі дерлік 5 ке жабылған, бірақ, бір 3 бар. Менің сұрағым сол 3 - тік баға болса да қызыл диплом алуға болады ма? GP балл жоғары болып тұр ғой? Бір пәннен транскриптта 3 бар. Практика, гос, бәрі 5.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес бітіруші курстың білім алушысы келесі талаптар бойынша үздік дипломға ие бола алады:
1. «Өте жақсы» - А, А-, «жақсы» - С +, В-, В, В + деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA-дан кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.
2. Оқудың барлық кезеңінде қайта емтихан тапсырған және қосымша семестрге қатысқан білім алушы 374-тармақтың талаптарын сақтағанына қарамастан, үздік дипломға ие болмайды.
28-04-2020 13-54-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2040 Ассалаумағалейкум құрметті ректор мырза карантинге байланысты оқу ақысын төлеу қыйын болып отыр. Әке шешем жумыс истемейди және бұрында істемеген жұмыссыз. Өзім жұмыс істеп кұятынмын. 4 курс студентімін. Жарты акысын толеп койдым жартысы ғана калды. Соған байланысты жеңілдіктер болама білгім келеді . Өтініш !!!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды. Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына немесе эдвайзеріңізге тапсыруыңызға болады. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылады. Рахмет!
27-04-2020 10-26-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2039 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Мен 4 курсты бітірген кезде, аттестатауды алуды ұмытып кеттім. Оны кез келген уақытта алуға болады ма? Төтенше жағдайға байланысты болғандықтан ба, университеттің телефон нөміріне қоңырау шалғанда, ешкім көтерген жрқ. Кімге жолығуым керек? Кімнен сұрауым керек! Алдын ала рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
26-04-2020 14-27-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Диана Наду Сұрақ № 2038 До этого времени я никогда не писала в блог,но сейчас хочу поблагодарить ректора искренне,от всей души за принятое решение о сессии!Не во всех университетах студентов понимают и стараются решить их проблемы.Мне повезло что у меня такой ректор!Он не спеша,осознанно пришел к этому,учитывая мнения студентов.Теперь у нас есть выбор и это прекрасно!Уважаемый Тахир Оспанович,спасибо вам большое!
Жауап:
Уважаемый студент! Спасибо за приятный отзыв. Руководство университета делает все для обеспечения обучающихся необходимыми для учебы условиями. Желаю успешной сдачи всех экзаменов!
25-04-2020 18-08-35
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2037 Сәлеметсіз бе! Сессияны бір ғана сабақ бойынша тапсыруға болады ма? Яғни сессия баллын екі межелік бақылау бойынша шығаруға өтініш жазып бір сабақтан ғана тест тапсыруға болады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
25-04-2020 12-50-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жанабекова Эльмира Бауыржанкызы Сұрақ № 2036 Уважаемый, д.п.н., профессор Балыкбаев Такир Оспанович, пишу Вам от имени магистрантов 1 курса, институт истории и права, специальности юриспруденция, русского и казахского отделения!
К нам поступила отличная новость о том, что не сдавая сессию, можно получить балл исходя из промежуточного контроля, определив среднее арифметическое. Однако, данный вами приказ не распространяется на нас, в связи с чем прошу пересмотреть ваше решение. Поскольку к сдаче сессии дистанционно мы не готовы, как и морально, так и физически. Имеются проблемы с интернетом, кто живет в области, и самой техникой. А также набранные нами баллы на протяжении семестра, позволяют получить отличную отметку. Спасибо Вам за внимание.
Жауап:
Уважаемые магистранты! Ваши обращения об экзаменах весенней сессии были рассмотрены 24 апреля 2020 года на Ученом совете университета.
Учитывая рекомендации МОН РК и пожелания многих студентов и магистрантов университета, принято решение о выставлении экзаменационной оценки по дисциплине на основе текущих оценок. Такая система будет применяться по личному заявлению обучающихся и с учетом ситуации с Интернетом.
Также принято решение оставить прошлогодний показатель уровня проверки дипломной (проектной) работы на антиплагиат. В бакалавриате он составляет 60%, в магистратуре - 70%. Данное решение опубликовано на сайте университета. При возникновении каких-либо вопросов, в первую очередь, обращайтесь в директораты институтов и к эдвайзерам. Спасибо!
25-04-2020 11-51-37
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2035 Ассалаумағалейкум !!! Құрметті ректор мырза карантинге байланысты оқу ақысын төлеу қыйын болып отыр. Мен 4 курс студентімін. 50% төледім. Ата-анам бұрыннан жұмыс істемейді. Өзім жұмыс істеп кұятынмын. Соған жеңілдіктер болама.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысын төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директорына тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызға сәйкес төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылып, тиісті шешім қабылданады. Рахмет!
25-04-2020 00-28-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2034 Сәлеметсіз бе! Құрметті Ректор мырза!Сізге қояр сұрағым.
Мемлекеттік білім беру грантына осы жылдың 2-семестрынан ауысып едім.
Егер барлық сабақтардан сессияны "5" деген бағаға тапсырсам, "повышка" алуға мүмкіндігім бар ма?
Алдын-ала алғыс білдіремін!рақмет
Жауап:
Құрметті студент! Сессия қорытындысы «өте жақсы» болса, жоғарлатылған шәкіртақыны алуға мүмкіндігіңіз бар. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
25-04-2020 00-08-28
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Ахыметбек Айтмухамет Сұрақ № 2033 Құрметті Тахир оспанұлы мен математика магистратура 1 курс Старостасы ретінде жəне өз атымнан өзіме сабақ беретін Тұяқов Есенгелді, Нұрбаева Дильара, Қосанов Бағдат, Ералиев Сайлаубек, Искакова Мақпал апайларға зор алғысымды айтқым келеді, ол кісілер нағыз өз ісінің маманы білімді кісілер. Мен осы универде оқыған бір жыл уақытта ол кісілер бізді білімді өмірме ұштастырып, шынайы білім нəрімен сусындатты. Біз көп нəрсе үйрендік білдік. Ол кісілер бізді казіргі ұшқан құстай дамыған мынау 21-ғасыр талабына сай білімді саналы етіп тəрбилелеп шықты . Осындай ұстаздар барда біздің қазақстанда əлі талай талантты ұрпақ шығатыннан , біздің универде беделі одан ары көтеріліп биіктерден көрініп шығатыннан сенімдімін. Осындай ұстаздарды жинаған сізге мың алғысымды айтамын . Жасай берсін қазақстан . Осы кісілер аман жұре берсін.
Жауап:
Құрметті студент, ұстаздарыңызға жолдаған алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Сізге білім алу жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!
24-04-2020 20-17-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2032 Уважаемый,Такир Оспанович ! Я студентка 4 курса . Хотела поблагодарить Вас за столь демократичный выход из ситуации , на счет сессии.А еще хотелось бы узнать , про нормативы получение красного диплома у 4 курса (бакалавриат) В каких случаях я смогу получить диплом с отличием?Имеет ли вес gpa за первый курс?Или считают gpa в общем за весь учебный процесс?Заранее благодарю Вас,за ответ!
Жауап:
Здравствуйте! Обучающийся выпускных курсов может получить диплом с «отличием» согласно пункта 374 Академической политики КазНПУ им. Абая:
374. Обучающемуся, сдавшему экзамены с оценками А, А- "отлично", С+,В-, В, В+ , "хорошо" и имеющему средний балл успеваемости (GPA) за весь период обучения не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный государственный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- "отлично", выдается диплом с отличием (без учета оценки по военной подготовке).
375. Обучающийся, имевший в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи экзаменов, не получает диплом с отличием, несмотря на соответствие требованиям пункта 374.
24-04-2020 13-33-19
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2031 Тахир Оспанұлы!Сіздің шығарған шешіміңізге қатты қуандық,студенттердің өтініштерін ескергеніңізге көп-көп рахмет!Алғысымызды айтамыз.
Жауап:
Құрметті студент, жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет айтамыз.
24-04-2020 13-31-50
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мәліқұлова Балжан Бердіханқызы Сұрақ № 2030 Құрметті, Тақир Оспанұлы! Мына төтенше жағдай кезіндегі студенттерге түсіністікпен қарағаныңызға үлкен рақмет! Сіздей ректорымыз барына қуанамыз, кез-келген жағдайда студенттерді қолдап, оларға түсіністікпен қарайсыз! Білім Ордамызды сағындық! Бұрын үнемі "неге ауылымызға бір университет салып бермейді екен, үйде оқысақ ғой"деуші едік
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қашықтан оқыту кезінде оқытушылар мен білім алушылар үшін мүмкіндігінше жағдай жасау біздің міндетіміз. Рахмет!
24-04-2020 13-25-38
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2029 Здравствуйте. Я родитель студента 4 курса. Уважаемый Тахир Оспанович, хотелось-бы узнать у Вас, почему в связи с ЧП сдачу ГОС экзаменов упростили (тесты в онлайн режиме вместо устного экзамена), а требования к дипломной работе не изменили. Нужно пройти систему антиплогиата, предзащиту, защиту, сделать презентацию к выступлению и ответить на дополнительные вопросы на защите. Считаю это несправедливо по отношению к студентам-дипломникам. Требования не равноценны. К тому же, у студентов не было возможности закончить экспериментальную часть дипломной работы, так как уже в феврале допуск в школы и дошкольные учреждения был ограничен. В связи с этим, прошу Вас разрешить всем желающим сдавать ГОС экзамены тестами вместо диплома. Спасибо за понимание.
Жауап:
Уважаемые магистранты! Учитывая рекомендации МОН РК и пожелания многих наших обучающихся, 24 апреля 2020 года на Ученом совете университета принято решение о выставлении экзаменационной оценки по дисциплине на основе текущих оценок. Такая система будет применяться по личному заявлению обучающихся и с учетом ситуации с Интернетом.
Также принято решение оставить прошлогодний показатель уровня проверки дипломной (проектной) работы на антиплагиат. В бакалавриате он составляет 60%, в магистратуре - 70%. Данное решение опубликовано на сайте университета. При возникновении каких-либо вопросов, в первую очередь, обращайтесь в директораты институтов и к эдвайзерам. Спасибо!
24-04-2020 12-55-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2028 Сәлеметсіз бе. МОН РК академиялық мобильность пен тек 1-2 курс студенттеры гана отыныш бере алама? Осы жылы акпанда улгермей калган едым, 3 курс студентерыне де болады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлыққа 1,2,3 және 4 курс студенттері (күзгі семестрде) қатыса алады. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралу қауіпіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2020 жылдың соңына дейін тоқтатылды.
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-12-45, e-mail: gulnara_t@mail.ru. Рахмет!
23-04-2020 23-59-56
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2026 Сәлеметсіз бе?Мен оқуға түсейін деп жатқан едім.Колледж түлегімін және 9дан кейінгі аттестатымда бағам екі 4 қалғаны 5 және толыққанды емес отбасыданмын.Қандай жеңілдік болады?Және математика-физика мамандығында оқу мерзімі қанша жыл?Грантқа іліну үшін қанша балл жинау керек.
Жауап:
Құрметті талапкер! Университетіміздің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері мен жеңілдіктері туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Оқуға тапсыру бойынша толық ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!
23-04-2020 15-07-17
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2024 Құрметті, Тақир Оспанұлы! Елімізде төтенше жағдайға байланысты сессияның онлайн өткізілуі маған тиімсіз болып тұр. Себебі , мысалы біздің отбасымыз екі студентттің степендиясымен күн көреді. Егер осындай жағдайларға байланысты сеть дұрыс ұстамай , біздің тест жоққа шығарылса онда біздің отбасымыз қалай күн көреді. Өкіметтен біздің степендиямыздан басқа көмек қолы жоқ. Ертеңгі сессия тапсыру барысында сеть дұрыс болмай біз тестен құлап қалсақ , бізге келер жалғыз көмектен айрыламыз. Өтінішім сессияны кейінге шегергерсе екен деп сұраймын. Сіздің шешіміңіз біршама мен студенттерді қуантып, бұл ұсыныс жерде қалмаса екен дейміз. Сұранысымызды қарағаныңызға рақмет
Жауап:
Құрметті студент! Төтенше жағдайға байланысты сессияны тоқтату туралы өтініштер қарастырылады. Бұл мәселені университеттің Ғылыми кеңесінде 2020 жылы 24 сәуірде талқылап, шешім қабылдаймыз. Біз Сіздерден нақты шешім қабылданғанша шыдамдылық танытып, күтулеріңізді сұраймыз. Өтініштеріңізді ескереміз. Рахмет!
23-04-2020 14-53-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2021 Құрметті, Тақир Оспанұлы! Мен сізге сессия туралы айтқым келеді. Елімізде төтенше жағдайға байланысты сессияның қашықтықтан онлайн өткізілуі маған мүлдем тиімсіз болып тұр.Себебі , менің ауылымда тек бір жерде ғана сеть ұстайды оның өзі қырдың басы,ал ол жерлерде жылан жүреді. Баруға қорқамын тіпті қатты . Барлық тапсырмаларды тапсыру үшін күн батқанда келесі көше басындағы қырға шығамын, кейбір мұғалімдер тапсырманы шамадан тыс көп беруіне байданысты және оларды тапсырмасаң балл жоқ екенін айтып. Қазіргі күнде қаһарманның күнін кешудеміз. Бір қырдың үстіне шығып,жылан көріп . Сіздің үнемі постарыңызды қарап отырып біздің ректор біздің денсаулығымызды уайымдайды деген тұжырымға келетінмін. Сол қырда егер жылан шағып алса онда біздің денсаулығымызға кім жауап береді, ешбір мұғалім мен әкімшілік тараптың ақысы кетпейді ортада біздер зәбір шегеміз. Барлығын жоғарыдағылар тексереді деп қитетсе мұғалімдер баллмен қорқытады. Егер бізді карантин деп үйге қайтарса, біз интернет іздеп көшемен көше, қырдан қыр қалдырмай жүрсек онда студенттер мен бүкіл елімізге жараланған төтенше жағдайдың мәнісі жоқ деп ойлаймын.Ертеңгі сессия тапсыру барысында интернет дұрыс болмауынан қиындықтар туындаса біздің степендиядан құлап және осынша қыр кезіп оқыған еңбегіміз еш кетпесіне кім кепіл. Сізге ұсынар өтінішім сессияны онлайн түрде өтіледі деген шешімді тоқтатсаңыз екен деп сұраймын.Неге бізге сабақ берген апайлардың өзі алмасқа. Жаһандану заманында жаңғыру керек екенін білеміз , алайда бізге дәл қазіргі жағдайда интернет арқылы тапсыру қолайсыз екендігін және бізге денсаулығымыз болашақта сабақтан маңызды екені бәрімізге мәлім .Өтінішіміз жерде қалмаса екен дейміз. Алдын ала рахмет!
Жауап:
Құрметті студент! Төтенше жағдайға байланысты сессияны тоқтату мәселесі 2020 жылы 24 сәуірде университеттің Ғылыми кеңесінде талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Өтініштеріңіз ескеріледі. Рахмет!
23-04-2020 13-57-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2020 Сәлеметсізбе, Тахир Оспанұлы!менің сіздің блогқа жазып отырған себебім алдағы жазғы емтиханга байланысты.Жазғы емтихан көп студенттерге тиімсіз болып отыр,себебі көп жерде интернет нашар ,мен өзім онлайн оқу кезінде көптеген қиындықтарға тап боламын.Ауылдын жагдайы белгілі кай уакытта светтің өшетіні де белгісіз аяқ астынан болады . Google meet арқылы пробный тапсырып кордык ,бірақ мен тестті тапсыра алмадым интернетке байлансты.Осындай қиын жағдайда ,сіз өзіңіз қолдау білдіріп көрсетсеңіз.Көп -көп рахмет.
Жауап:
Құрметті студент! Оқу орнымызда қашықтан оқытуды енгізгенде және сессияға дайындық кезінде әрбір студенттің жағдайын зерттедік. Біздің студенттердің 65 пайыздан астамы компьютер, ноутбуктерді пайдаланып, толыққанды Интернет ауқымында білім алды. Ал 32 пайыздан астам студенттер смартфондары арқылы оқуда және сессияны тапсыра алады. Қалған студенттер де әртүрлі жолдармен оқып жатыр және сессияны тапсыруды шешуде.
Төтенше жағдайға байланысты сессияны тоқтату туралы өтініштер көп болып жатқандықтан, біз емтихан тапсыру мәселесін тағы да талқылап қарастыруды жөн көрдік. Бұл мәселені университеттің Ғылыми кеңесінде 2020 жылы 24 сәуірде талқылап, шешім қабылдаймыз. Өтініштеріңізді ескереміз. Рахмет!
23-04-2020 12-39-20
Басқа
Сұрақ қоюшы: Байдеу Нургуль Ашыкбайкызы Сұрақ № 2019
Уважаемый Такир Оспанович!
Я, Байдеу Нургуль Ашыкбайкызы, окончила КазНПУ им.Абая по специальности «Международные отношения» (выпуск 2017 года). В данное время проживаю и работаю в г.Нур-Султан.
Обращаюсь к Вам для устранения технических и грамматических несоответствий в приложениях на трех языках.
В приложениях допущены такие ошибки, как неправильное название имени великого Абая на английском языке, название вуза при поступлении и т.д. (на копиях отмечено маркером). Получается ответственные за заполнение при оформлении не смотрели личное дело, где есть вся история моего обучения?! В 2016-2017 учебном году директором Института Сорбонна-Казахстан была Нурлихина Г.Б.
Я подала документы на международные программы для поступления по программе магистратуры, но из-за грамматических ошибок документы возвращены для срочного устранения, срок озвучен до 28 апреля 2020 года. Очень переживаю и боюсь опоздать для участия в конкурсе.
Прошу помочь в выдаче правильного приложения на трех языках!!!
С уважением Байдеу Нургуль.
Жауап:
Здравствуйте! По Вашему обращению дано указание ответственным лицам. Для получения ответа просим связаться с проректором по учебной работе Сатмырзаевым Асаном Адасбековичем. Контактные данные: 293-81-53. e-mail: ncasan@mail.ru.
Барлығы: 4046