03-04-2020 18-26-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1952 Құрметті Такир Оспанұлы !
Ректор болгына жазу себебім студенттер оқу күнтізбесін кешкі 18:00 уақытынан түнгі 23:50 уақыты аралығында қойылғандықтан. Бұл ректорат қойған күнтізбе бойынша студенттерге оқу бұрынғы кездеден де қиынға түседі. Өзіңізге мәлім біздің университет студенттерінің көп бөлігі ауылды жерде тұрады. Ауылда тауға шығып оқып жүрген студенттер бар. Сонда студент сабақ тапсырмасын жіберу үшін түнгі 23:50де тауды аралап жүру керекпе ?! Түнгі 23:50де зуммен сабақ оқып отыру мүмкін емес. 2бөлмелі үйде тұратында адамдар бар. Үй ішіндегі адамдар түнгі уақытта барлығы ұйықтамай күтіп отыру керекпе ? Балам түнгі 12ге дейін сабағын оқып алсын деп.
студенттер жағдайында ойласаңыз!!! Бұрынғы режимде күнтізбені қоюыңызды сұраймыз!!!!
Жауап:
Cәлеметсіз бе! Сабақ кестесінің уақыты ауыстырылды. Оқу үдерісінде туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз.
02-04-2020 14-15-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1951 Сәлеметсіз бе!Сізден сұрайын дегенім:қысқы емтихан нәтижесінде мемлекеттік грантқа ауысқан студенттердің шәкіртақысы қай уақытта түседі?Бұйрық шыққан соң түседі деп еді,бірақ бұйрық шыққанына бір ай уақыт болды,әлі шәкіртақы түскен жоқ.Осыған жауап беруіңізді өтінемін.
Жауап:
Құрметті студент! Шәкіртақы 2020 жылдың 7 сәуіріне дейін міндетті түрде жіберіледі. Рахмет!
02-04-2020 01-17-58
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1950 Сәлеметсіз бе,ректор мырза! 4-ші курс студентімін. 3 жыл қатарынан жартылай жетімдік үшін берілетін 25% жеңілдік алып келгенмін. Құжаттарды тапсырдық уақытында,тек туу туралы куәлікті кешіктіргенім үшін жеңілдікке ілінбей қалдым. Студент жағдайын ескеріп,өтінішті қайта қарау мүмкіндігі бар ма? Оқу ақысы қыркүйекте 100 % төленген еді,десек те берілуі тиіс жеңілдіктің берілгенін қалаймын тиісінше! Сіздің жауабыңызды күтемін. Үш жыл берілген жеңілдік,төртінші жылы берілмей қалуы құжат қабылдаушы адамның студентке деген әділетсіздігі деп білемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жеңілдік талаптарына сай құжаттарыңызды толық тапсырған болсаңыз, өтінішіңізді тағы да қарастырамыз.Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың i.zhan65@mail.ru электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.Рахмет!
31-03-2020 21-08-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сақтағанова Назым Сұрақ № 1949 Сәлеметсізбе! Менің білгім келгені степендия осы айда уақытылы түседі ме? Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты кешігіп жүрмейме? Назарыңызға рақмет алдын ала.
Жауап:
Құрметті студент! Шәкіртақы 2020 жылдың 17 сәуірінен кешіктірілмейді.
31-03-2020 12-38-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1948 Сәлеметсәзбе. Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты өтінішім бар. Өтініш емес тіпті наразылығым деп айтсам болады. Ауылды жерлерде көбісі тұрғаннан кейін интернет дұрыс жасамайды және қазір 21 ғасыр болғанмен біразында компьютер, ноутбук жоқ. Сол себепті тапсырма орындап жібере алмайды. Ал мұғалімдерді және ректоратты бұл мүлдем қызықтырмайды. Неге? Себебі миларын ашытқысы келмейді. "Студент тапсырма жібердіма болд балл қоямыз, жібермеді ма, өз обалы өзіне" дейді де қояд. Сабақтардан жәй ғана реферат немесе призентация жасата салады.Ал кейбір сабақты түсінбедік десек, оған тіпті жауап бермей, басқа нәрсе айтып кетеді. Зумды кейбір мұғалімде түсінбейді да. Студенттер ашып пригласить етеді, сосын отчетка суретке түседі да сау болыңдар дейді.
Қара шаңырағымыздың мұғалімдерінің бүгінгі сиқы осындай ма, әлде бұрыннан осындай болды ма?
Жауап:
Құрметті студент, Сіздің қашықтықтан оқыту мәселелеріне байланысты хатыңызды алдым.
Осы туралы келесіні айта кетейін.
Біріншіден, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар қашықтықтан оқытуды сапалы өткізуге барлық мүмкіндікті пайдалануда. Студенттердің сауалнамаға (сауалнама барлық студенттерге жүргізілді) берген жауабы бойынша барлығының қашықтықтан оқуға мүмкіндігі бар. Рас, кейбір ауылдарда интернет жөнді жұмыс істемейді, не жылдамдығы төмен. Ондай жағдайда, жергілікті мектептермен және атқарушы органдармен бірлесіп, ол мәселені шештік.
Екіншіден, ұстаздар толығымен қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерді,ол үшін көптеген вебинарлар өткіздік және қашықтықтан оқыту орталығы кеңестер беруде. Қашықтықтан оқытудың қалай өтіп жатқанын толық бақылап отырмыз.
Үшіншіден, студенттер мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында арнайы Call- орталығын аштық.Орталық кез-келген уақытта сұрақтарыңызға жауап беріп, көмектесуге дайын. Байланыс тел.: Call-орталығының нөмірі - 8(727) 221-85-14; жалпы сұрақтар бойынша - ішкі тел.: 100, 103, 104; Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша - ішкі тел.: 105; «Univer 2.0» АЖ мәселелері бойынша - ішкі тел.: 102.
Төртіншіден, Сіздерге эдвайзерлеріңіз, институт директорлары мен олардың орынбасарлары да көмек беруге дайын.
Егер осы жасалған істер жеткіліксіз деп ойласаңыз, не қосымша ақпарат керек болса, rector_blog@kaznpu.kz эл.пошта арқылы маған тікелей жазып, қалай хабарласа алатынымды айтыңыз. Мен Сізбен тікелей сөйлесемін.
31-03-2020 00-12-51
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1947 Здравствуйте! я являюсь магистрантом 2 курса. Подскажите пожалуйста, в связи с объявлением ЧС в РК, будут ли отменены гос.экзамены?
А также в какой форме будет проходить защита диссертационных работ?
Будет ли перенос дат, где нам узнавать актуальную информацию?
Жауап:
Здравствуйте! В соответствии с ГОСО послевузовского образования итоговая аттестация проходит в форме написания и защиты магистерской диссертации. По Академическому календарю итоговая аттестация пройдет с 10 по 24 июня 2020 года. Если будут какие-либо изменения в связи с введением чрезвычайного положения в стране, Вы будете извещены, объявления будут размещены в ИС «Универ» или на сайте университета.
30-03-2020 23-33-20
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1946 Сәлеметсіз бе? Мен жартылай жетім студентпін. Күзде оқу ақысына жеңілдік жасалғанда менің документтерім қалып кетіпті. Ақпан айында көктемде тағы жеңілдік берілуі мүмкін деп докуметтерімді өткізген едім. Енді оқу ақысына жеңілдік жасала ма? Қәзіргі болып жатқан жағдайларға байланысты жеңілдік берілсе жақсы болатын еді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жеңілдік беру туралы ректордың атына өтініш жазуыңыз қажет. Құжаттарыңыз бекітілген ережеге сәйкес қарастырылып, коммисияға ұсынылады.
Жеңілдік мәселесі бойынша Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 293-81-85.
30-03-2020 21-22-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1945 Əссəлəмуалейкум мен ӨМСИ де 2-курс оқитын студентпін осыдан бұрын Мухадиев Акимбек ағайға осы блокқа шағымданып едім ол ашу үстінде болды. Жəне ағайдан кешірім сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жолдаған хатыңыз үшін рахмет!
30-03-2020 05-05-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1944 Здравствуйте, до какого числа мы будем учиться дистанционно? Когда перейдём в привычный режим учёбы и сможем посещать учебное заведение?
Жауап:
Уважаемый студент! Университет перейдет на обычный режим работы после отмены чрезвычайного положения в стране. Просим соблюдать все принятые меры предосторожности.
27-03-2020 20-41-46
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1943 Қайырлы кеш, қазіргі болып жатқан жағдай барлығымызға ауыртпалығын салып жатыр, барлығымыздың ата-аналарымыздың жұмысын карантинге жауып,қаржы жағынан қиналып жатқан уақытта оқу ақысы қалай болады? Ақылы оқитын студенттердің оқу ақысын төлейтін уақытты созсаңыз болмаса жеңілдіктер қарастырсаңыз деп өтінеміз!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді міндетті түрде қарастырамыз.
Әлемде және елімізде орын алған жағдайға қарамастан профессор-оқытушылар Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуларыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Оқу орнымыздың қызметі тоқтаған жоқ. Университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар, басқа да төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Аталған мәселелерді ескеру қажет. Алдағы уақытта қабылданған шешім Сіздерге хабарланатын болады. Рахмет!
26-03-2020 09-58-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1941 Сәлеметсіз бе? сұрайын дегенім егерде студент мемлекеттік гранпен оқып жатырып, 1курсты аяқтағанан кейін бірден қашықтықтан оқу бөліміне ауыса алама? ауысқан жағдайда грантың ақшасын төлейді ме әлде төлемейме?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың қашықтықтан оқыту бөлімінде жоғары немесе колледжден кейінгі білімі бар тұлғалар оқи алады. Егер Сіз қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын болсаңыз (колледжден кейін), онда 20-25 тамыз аралығында ауыса аласыз. Грант бойынша 1 жылдық оқу үшін ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында әлі қарастырылмаған. Қосымша ақпаратты Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен білсеңіз болады. Тел.: 291-71-06.Рахмет!
25-03-2020 12-53-39
Басқа
Сұрақ қоюшы: Нурспвулити Баян Сұрақ № 1940 Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда мен Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студентімін (физика педагогикалық бағыт, ағылшын тобы, общий грант) алдымыздағы 2020-2021 оқу жылында сіздердің университеттеріңізге ауыссамба деген ойдамын, бұл қаншалықты мүмкін ?
Жауап:
Құрметті студент! Біздің оқу орнымызға ауысу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына 2020 жылдың 20-25 тамыз аралығында өтініш жазып, құжаттарыңызды университеттің «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығына өткізу қажет (Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30, 1 этаж). Таңдаған мамандығыңыз туралы қосымша ақпарат алу үшін Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарлассаңыз болады. Тел.: 8 (727) 261-15-76, 291-18-53.
24-03-2020 23-55-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1939 Қайырлы күн,сізге қояр сұрағым:біз алыс жерде тұратындықтан,заттарымызды(киім-кешек)толық алып кете алмай,общежитияға қалдырып кетіп едік,енді общежитияға басқа адамдарды қоныстандырып жатыр екен,заттарымызға ешкім тиіспейма?
Жауап:
Құрметті студент! Әлемде және елде орын алған жағдайға және Алматы қаласының қажеттілігіне байланысты Университетіміздің бес жатақханаларына тиісті дезинфекция жүргізіліп, ауруханалардың, емханалардың, медициналық орталықтардың дәрігерлері, полиция мен ТЖ қызметкерлері орналастырылды.
Әрбір жатақханада арнайы жеке бөлмелер бөлініп, онда сақтау камералары орнатылды. Білім алушылардың қалған заттары сақтау камераларына жинақталып, кілтпен жабылды. Сіздерді қалған заттар үшін алаңдамауларыңызды сұраймыз. Рахмет!
24-03-2020 16-40-37
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1938 Сәлеметсізбе ! Биыл магистратураға тест калай тапсырамыз және уақыты қашан қандай форматта болады мен КазНПУ сайтын қарап ақпарат таба алмадым
Жауап:
Құрметті студент! Сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 11 мамырынан 31 мамырына дейін өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсыру түрі әзірленуде. Сәуірдің бірінші онкүндігінде мәселе шешіліп, білім алушылар назарына ұсынылады.
24-03-2020 15-09-25
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1936 Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Мен Филология және Көптілді білім беру институтының 3 курс студентімін. Елімізде болып жатқан карантинге байланысты ата-анамыз үйде отыр. Кіріс көзі тоқтатылды. Ал біз оқу ақшасының қалған 50%-ын әлі төлемедік. Бізге деген қандай да бір жеңілдіктеріңіз қарастырылады ма? Менің ойымша, бұл сұрақ тек мен үшін ғана емес, университетіміздің барлық ақылы бөліміндегі студенттер үшін маңызды сұрақ деп ойлаймын. Сіздің жауабыңызды асыға күтеміз!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді түсіндік және міндетті түрде қарастырамыз.
Өз тарапымыздан келесі мәселені айтып кетпекпіз.Профессор-оқытушылар осындай кезде Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Екінші жақтан, университет профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар, басқа да төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Осы мәселелерді толығымен санау қажет болады. Қабылданған шешім Сіздерге хабарланатын болады. Рахмет!
22-03-2020 18-04-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1935 Сәлеметсіз бе?! Сізден сұрайын дегенім, колледжден кейін 1курс студентімін, енді осы 1ші курсты аяқтап жазда дистанционныйға ауысуға болама?! Ол кезде грантың ақшасын төлеймін бе әлде төлемеймін бе? Нақты жауа жазсаңыз?!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Иә, Сіз қашықтықтан оқуға ауыса аласыз. Бірақ ауысу кезінде грант сақталынбайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында грант бойынша оқудың бір жылы үшін ақшаны қайтару көзделмеген.
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68.Рахмет!
20-03-2020 23-36-27
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1934 Cаламатсыз ба, қазір елде болып жатқан карантинге байланысты, дистанционды оқып жатырмыз. Бірақ та көп мұғалімдер ватсап,Zoom, вебинар деп айтып жатқан ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істей алмайды. Соны бізден (студенттерден) қалай жұмыс істейтінін сұрап, бізден талап етеді. Неліктен? Біз оған міндеттіміз бе? Көп мұғалімдер білмесе, университет неге алдымен мұғалімдерді дайындамайды?
Және ауыл-аймақта тұратын студенттерде сеть нашар ұстайды, сабақ уақытында толықтай қатыса алмайды. Мұндай жағдайларда студенттерді қалай оқыта аласыздар?
Жауап:
Құрметті студент! Әлемде және елімізде жұқпалы коронавирусқа қатысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты Университетіміз 2020 жылы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшірілді. Қазіргі таңда оқытушылар мен білім алушылардың арасында қашықтықтан оқыту жүйесін қалыптастыру және дамыту мақсатында 2020 жылдың 26 наурыз - 4 сәуір аралығында арнайы онлайн-вебинарлар өткізілуде.
Сондай-ақ студенттердің қал-жағдайын, өтініш-тілектерін, арыз-шағымдарын білу мақсатында студенттер штабы ашылып, Call-орталық қызметкерлері жұмыс жасайтын болады. Оқу үдерісіне қатысты мәселелер, интернет желісі және т.б. сұрақтар туындаған жағдайда хабарлассаңыз болады. Университет тарапынан оқытушылар мен студенттерге мүмкіндігінше жағдай жасаймыз. Бос уақыттарыңызда кітап оқып, тегін білім беру ресустарын қолдану арқылы білімдеріңізді шыңдауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін!
18-03-2020 15-23-19
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Ануарбеков Акылбек Асылбекович Сұрақ № 1933 Мен ӨМСИ-ның екінші курсында дизайн факультетінің архитектура жəне дизайн мамандығында оқимын.Жақында мен оқытушы тарапынан əділетсіз бағалауға тап болдым, Бізге Сəулет тарихи,Сəулеттік дизайн обьектілерін жобалау , Сəулеттік дизайн элементтері мен процестерін жобалау пəндерінен беретін ұстаз Əкімбек Ағай маған əділетсіз баға қойды яғни 30,30,20, балл үш пəннен бұның бәрі менің білімсіздігім немесе біліксіздігімнен емес. Барлығына себеб менің ағайдың Сəулет тарихы сабағында Алғаш Астрономиялық обсерватория Арабтарда емес , Өзбекстанда ашылғандығы туралы Ұлықбек обсерваториясы туралы айтуым себеб. Жəне Мысырдағы Кордова халифатындағы архитектуралық ескерткіштерді араб мәдениеті емес, Ислам мәдениеті деп айтуымыз керек деп ұстазға айтуым себеб болды. Себебі Мысырда қаншама ғасыр бойы Түркі селжұқтары басқарды, Кордова халифатын Маврлар қара нәсілді мұсылмандар басқарды Кордова көп ұлтты Ислам мемлекеті еді. Осылай менің ағаймен келіспеушілігімді білдіруім арты ұзақ дауға алып барды сабақтан кейін мені алып қалып отырды. Бұл заңды ма бірінші сұрақ? Жəне сабақ үстінде сабақтан шық деп студентті сабақтан қуу заңды ма ? ЖƏНЕ КЕЛЕСІ МЕНІҢ САБАҒЫМА КЕЛУШІ БОЛМА ДЕП сабақтан шеттету заңды ма ? Жəне Мұғалім студентке ренжігені үшін осындай əділетсіз бағалауға бола ма ? Міне осы үш сұраққа жауап беруіңізді сұраймын, жəне менің бағамды проходной қойып берсе де алғысым шексіз болушы еді. Егер бұл мәселе шешілмесе мені отчислениеге жіберуіңізді сұраймын кредиттерді төлеуге қаражат жоқ. Көп балалы жанұяда тұрамыз ...
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылды.
Аталған мәселе бойынша «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Ә.М. Мұхадиевтен түсініктеме алынды. Бұл мәселе бойынша институт директоры Сізге толық жауап береді.
17-03-2020 14-14-59
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1932 Здравствуйте,многоуважаемый Такир Оспанович! Я являюсь родительницой вашего студента. Вы знаете,что в нашу страну ввели Чрезвычайное положение. Мой ребенок лежит с общежитии КБТУ. Так как мы живем в западной части Казахстана, билеты мы нашли билеты,но она уедет после 20 марта. На самолет у нее фобия. И в это общежитие каждый день,именно после 22:00 проверяет ваш сотрудник-Азамат(Очество дочка не знает). Мы с ней с 14 числа под вечер общаемся по скайпу(видеозвонок). У меня теперь вопрос: ребенку 19 лет,одна в комнате и время 22:00. В первый же день проверки она открыла дверь и при мне (я по скайпу) ответила,что уедет после 20-го,он записал и ушел. Второй день,тоже самое,до него проверяет девочка какая-та,после,спустя 30-45 минут приходит он и прямо сильным стуком стучит в дверь комнаты,где проживает мой ребенок,заметьте она одна в комнате,рядом девочка уехала еще 14го числа. Так уже продолжается по сей день. Я понимаю,возможно это его работа,но можно же все это проверить до 21:00. Он ходит до самой ночи,23:00 по коридору,тем самым тревожит и стучит по несколько раз. Я думаю,что это неправильно. Мы итак сидим всей семьей и беспокоимся за нее. Все мои дети являются выпускниками вашего ВУЗа. Прошу Вас принять меры в отношении гражданина Азамат,чтобы он больше не тревожил моего ребенка после 21:00, или же мне придется обратиться в Министерство. Буду рада,если вы мне ответите,так как я пишу уже второй раз. Благодарю!
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Среди сотрудников, ответственных за порядок в общежитиях, проведены разъяснительные работы. Я понимаю Вашу обеспокоенность, но хочу подчеркнуть, что в такое тяжелое время ответственность за каждого студента и порядок, возрастает многократно. Прошу отнестись с пониманием.
17-03-2020 09-52-35
Басқа
Сұрақ қоюшы: в Сұрақ № 1931 Құрметті Ректор мырза! Біз сіздін таза,адал адам екеніңізге сенеміз.
Бірақ маңайыңыздағылар сізге білдірмей жемқорлық арекеттерге барып жүргендері масқара.
Жатақхана, корпус коменданты болу үшін 1,500-3000 мың аралығында АҚШ долларын бергендіктері белгілі. Оған приказ шығарып, қол қойған сіздіңде қатысы бар деп ойлайды.Даже еден жуушылық қызметтің де өзінің ставкасы бар. АХЧ жақта былық.Сондықтан Балықбаев болып келіп, Былықбаев болып кетіп жүрмесеңіздер екен.
Жауап:
Cәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Аталған мәселе бойынша тексеріс жүргізіледі. Пара алу фактісіне байланысты дәлеліңізді rector_blog@kaznpu.kz поштасына жолдауыңызды сұраймын.
Барлығы: 4046