19-04-2020 17-31-00
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1995 Салеметсизбе,мен сурайн дегеным военный кафедрага документ кабылдау карантин нен кейн кабылданама,карантин созылып жатса документ кабылдау кундеры созылама
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Әскери кафедраға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсты өткізу шарттары мен мерзімі университет сайтында жарияланады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!
18-04-2020 15-30-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Диляра Мерзажанова Сұрақ № 1994 салеметсизбе,меним сурагым мен битиркши тулекпин 2курста 1 сабактан 3алып калдым ол кезде 72балл алдым сессиядан,казыр ол баллмен 4 алады. енди сурак мен ол сабактан кайта сынак оте аламынба барлык сабагым 5 ягни кызылга шанс барма,
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін институт директорымен хабарласуыңыз қажет. Рахмет!
18-04-2020 14-30-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1993 Уважаемый Такир Оспанович!Благодаря Вам, очень быстро помогли мне. Я очень признательна за чуткое отношение к студентам, которые оказались в трудом положении и моя проблема решилась сразу, спасибо заведующей кафедры Кошербаевой Айгерим Нуралиевне. Эдвайзеру Казыбаевой Асель Талгатовне. Теперь в условиях карантина и ЧП я поняла что мой вуз не оставил меня в сложной ситуации и быстро отреагировал. Я горжусь, что являюсь студенткой Казахского национально-педагогического университета имени Абая.
Жауап:
Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. Успехов в учебе!
17-04-2020 10-38-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1992 Сәлеметсіз бе,Такир Оспанұлы! Мен жатақханаға байланысты сұрақ қойсам деп едім, рұқсат болса! Біздің киім-кешек,ыдыстарымыз жатақханада қалған болатын. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты ол жерге дәрігерлер және т.б. жандар қоныстандырылыпты. Ал біздің заттарымыз шкаф сөрелерінде қалып кеткен болатын. Ол заттар қай жерде,қалай сақтаулы айтып кетсеңіз. Алдын ала рақмет!
Жауап:
Құрметті студент! Әлемде және елде орын алған жағдайға және Алматы қаласының қажеттілігіне байланысты Университетіміздің бес жатақханаларына тиісті дезинфекция жүргізіліп, ауруханалардың, емханалардың, медициналық орталықтардың дәрігерлері, полиция мен ТЖ қызметкерлері орналастырылды.
Әрбір жатақханада арнайы жеке бөлмелер бөлініп, онда сақтау камералары орнатылды. Білім алушылардың қалған заттары сақтау камераларына жинақталып, кілтпен жабылды. Сіздерді қалған заттар үшін алаңдамауларыңызды сұраймыз. Рахмет!
17-04-2020 01-53-35
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1991 4-курсқа көшу үшін gps қанша болу керек.Дистансионный обучение деген бөлімде аты жөніміз де қате кеткен.
Жауап:
Құрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. 3-ші курстан 4-ші курсқа өту үшін қажетті GPA – 2,2. Аты-жөніңіз бойынша нақты қандай қателік орын алғанын атап көрсетсеңіз немесе өз эдвайзеріңізге, институт директоратыңызға хабарласып, мәселеңізді шеше аласыз.
16-04-2020 21-42-16
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1990 Агай салеметсиз бе сизге отинишим бар еди казирги жагдайга байланысты окудын акшасына скидка жасай аласыз ба Жагдайга байланысты казир жумыс истеп журген жокпын ата анамда уйде карантинге байланысты
Жауап:
Құрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.
Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, шешім қабылдайтын болады.
16-04-2020 21-24-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Турганбекова Алима Сұрақ № 1989 Курметты Такир Оспанулы сизге отыныш жазу себеьым осы болып жаткан тотенше жагдайга байланысты Оку акысысына женылдык жасауынызды сураймын. Озим коп балалы отбасыданмын жанеде Анам гана болгандыктан жумыссыз калгандыктан казыр ешкандай табыс козысыз отырмыз сол себепты Отинип сураймыни Женылдык беруынызды. Отыныш берушы Турганбекова Алима 2-курс Онер жане Мадениет институты Графика мамандыгы
Жауап:
Құрметті студент! Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, оқу төлемақысын төлеу уақытын созу бойынша шешім қабылдап, тек осылай көмек көрсете аламыз.
16-04-2020 17-44-00
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1988 Сәлеметсіз бе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Қанапия Дана Алимбердіқызы "Дене шынықтыру және спорт"мамандығының 2курс 3топ студентімін.Мен оқу ақысын кешіктіріп төйлеген едім.Иә мен оны төйлеуден ешқашан қашпаймын.Өзіңіз білетіндей отбасылық жағдай дейтін болады.Мен отбасылық жағдайыма байланысты оқу ақысын кешіктіріп төйлеген едім,өзіңіз ойлап қарасаңыз ешкім дүниеге келе салысымен ақшаның ортасында өмір сүрмейді ғой.Мен оқуда озат,әрі корпусымызда болатын әрбір концерттік бағдарламалар,жарыстар,оқу семинарларының басы-қасында жүріп,сабағымнан осы күнге дейін бір күнге де қалып көрмеген,әрі әр сабақтан балымды жоғары алып,әр сессия мен рубежкамды жақсы бағаға тапсырып,ұлағатты ұстаздарымның берген тапсырмаларын бұлжытпай отындап жүрген студенттердің бірі едім.Қаражат табыла салысымен оқу ақысын бара салып төйлеп,чегімді қолыма алып буғалтерияға барып едім,менің сағым сол жерде сынғандай болды.Маған: "сен оқудан шықтың",-деген сөзді естудің өзі мен үшін өте ауыр соқты.Тіпті өмірден түңіліп кеттім десемде болады.Сізге тікелей бармақшы едім,бірақ сізді ауруханада деген еді.Мен оқып жүрген корпуста тек мені ғана емес,менен басқа да 17студент бар екен.Менің чегімді қабыл алмай,менен кейін барған баланы алып,универ жүйесіне тіркегенде,оқу орнымызда әділетсіздіктің бар екенін көргенімде,көңілім қатты қалды.Осы күнге дейін,жақсы оқып грантқа тырысып жүргенім бекерге қалдыма деп бір налып алдым.Сіз универімізде білімді жастардың оқығанын және сол арқылы универіміздің танылғанын қалайсыз солай емес пе?!Мен сол білімді жастардың бірі едім.Мен қатты налимын.Иә,оқу ақысын төйлеуге кешіккенім рас,бірақ мен оны өзім әдейі істегенім жоққой.Алланың бұйырғаны сол болды.Мен сізден өтініп сұрайтыным менің жағдайымды және де басқа да оқудан шығып кеткен ректор грантында,оқу ақысының 20%да төйлеген,бірақ оқудан шығарылған балалардың да мәселесін баса назарға алсаңыз деймін.Оқудан шыққанымызды біз шыны керек білмедік.Деканаттағылар тіпті оқудан шығарылғандардың тізімін меңгерушімізге жібермегенде.Мен сізге сенемін!Алла разы болсын!
Жауап:
Құрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.
Сіздің шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде институт директораты мен эдвайзер тарапынан Cізге хабарланғандығы анықталды. Нақты жауап Сізге хабарланады.Рахмет!
16-04-2020 17-12-25
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1987 Cәлеметсізбе!Мен 100 проценттік жеңілдікпен оқып жатырмын қазіргі таңда.Менің 1-ші семестрдегі GPA балым 3,73.Бірақ 1 сабағымнан қорытынды балым 89 болып қалды.2-ші семестрде бәрі 90+ болса жеңілдік жалғаса ма?
Жауап:
Құрметті студент! Сіз оқу төлемақысына жеңілдікті қандай категориямен алдыңыз? Егер «Алтын белгі» жеңілдігімен оқып жатқан білім алушы болсаңыз, қорытынды бағаларыңыз тек қана «өте жақсы» деген бағада (А, А+) болса ғана жеңілдік келесі оқу жылында да беріледі. Ал, құжаттарыңызды тапсыра отырып, әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік алсаңыз, ол тек ағымдағы оқу жылына қарастырылады. Келесі оқу жылында да дәл солай жеңілдік алғыңыз келсе, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына қайта өтініш жаза аласыз.
16-04-2020 16-17-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1986 Добрый день ув.Такир Оспанович!Хотелось бы выразить свою благодарность кафедре Специальной педагогике. Мы, магистранты 1 курса, хотели высказать свое мнение о дистанционной форме обучения, в режиме онлайн.
Мы вместе с преподавателями кафедры специального образования активно включились в онлайн обучение, освоили различные программы и платформы взаимодействия с преподавателем и сокурсниками. Было трудно, но интересно, каждый преподаватель кафедры оказывал поддержку, помощь и в учебное и во вне учебное время, занимаемся мы строго по расписанию.
Лекционные и семинарские занятия проходят на онлайн платформах Skype и ZOOM, надо отметить, что обратная связь «педагог - магистрант» очень активна и содержательна. Сохраненные записи видео-лекций и вебинаров позволяют эффективнее выполнять СРМ.
Мы поддерживаем связь, даже во вне учебное время по WhatsApp; любые интересующие вопросы мы разбираем в чате. СРМ выполняем через систему UNIVER, а так же отправляем на личную электронную почту преподавателей. Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. В трудную минуту мы должны поддерживать друг друга. Преподаватели и руководство университета делают все для удобства обучающихся.
16-04-2020 15-58-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1985 Летоға қалған студенттер қарызын кай кезде толеймиз және буныда онлайн түрде оқимыз ба?
Жауап:
Құрметті білім алушы! Қосымша жазғы семестр қашықтан (онлайн түрде) өткізіледі. Қосымша жазғы семестрдің өткізілу уақыты, тіркеу және төлем туралы ақпараттар алдын-ала институт директораттары арқылы хабарланады. Сонымен қатар қосымша жазғы семестрге қатысты ақпараттар «Univer» жүйесінің және университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде алдын-ала жарияланады. Рахмет!
16-04-2020 15-28-37
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Кенжебай Анель Омаркызы Сұрақ № 1984 Салеметсизбе Такир Оспановичь. Биз тарих жане кукык институтынын 4 курс студенттери. Биз сизди адал жане ардайым студенттерди колдайтын , студенттердын жагдайына карайтын Ректор ретынде танимыз. Быз осы 4 жыл бойы 4 курс студенттерынын кыскы доп семестр тапсырып жургендерын корып келе жатырмыз. Неге быиыл кыскы доп семестр ашылмайды, бул жагдай неге бызге 4 Курска отпей жатып айтылмады? Неге бызге 1 жылга калатынымыз ескертылмеды. Быз бул жагдайда 4 куска отпеуымыз керек еды. Окуды уйымдастырушылардын кесырынен каншама студент запада шешуде. Козыргы киын жагдай кезынде бизды колдап доп семетрды ашуды сураймыз.
Жауап:
Құрметті студенттер! Қысқы қосымша семестр өткен оқу жылында да ұйымдастырылған жоқ. Ол биыл енгізілген жаңалық емес. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығының 22-тармағына сәйкес, бітіруші курста қосымша жазғы семестрге жол берілмейді.
16-04-2020 14-46-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1983 Сәлеметсіз бе?!
Менің сұрағым стипендия жайлы.
Стипендиядан құламас үшін жалпы қанша баллдан асу қажет.
Өтінем толық жауап берсеңіз.
Жауап:
Құрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. Сонымен қатар, оқу үдерісіне қатысты мұндай сұрақтарыңыздың жауабын өз эдвайзеріңізден немесе институт директоратынан да біле аласыз.Рахмет!
15-04-2020 21-43-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1981 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студентімін. Айтқым келген мәселе бізге бүгін xабарлама келді топқа. Ақылы бөлімде оқитын және грантта оқитын студенттер сұраныс xат әкеліп тағы қосымша құжаттар жинап өткізсін деген.Мен ақылы бөлімде оқимын. Бізге мектеп тауып содан сұраныс xат әкелсін деді таппаған жағдайда өзімізде бар сұраныстармен қамтамасыз етеміз дейді. Біріншіден, қазір ТЖ жағдайында отырмыз мәлімет бір аптада жиналсын депті біз қай мектептің барып есігін қағамыз. Екіншіден, мен ақылы бөлімде оқимын, менің оқу бітіргенен кейін басқа жоспарларым бар, магистартурға түсу немесе басқа қалаға кету тсс, сондай жағжайда бізге осы сұраныс xаттар жасалды делік, ертең бізге барғымыз келсе де келмесе де ақылы бөлімде оқи тұра өз еркімізден тыс мектепке барамыз ба, бармаған күннің өзінде бұл құжаттар не үшін жасалып жатыр? мен бұл жағдайды түсіне алмай отырмын. Ақылы бөлімдегі студенттің өз құқығында емес пе оқу бітіріптжұмысқа тұрады ма әлде басқа жоспары бар ма. Бізге дұрыс түсіндірмейді де артынша жина жина деп есімізді шығарады.
Жауап:
Құрметті студент! Жоғары оқу орнында құрылған жұмысқа дербес бөлу жөніндегі арнайы комиссия шешімімен жас мамандар, яғни бітіруші түлектер жұмысқа бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген «Мамандарды жұмысқа жіберу» қағидаларында белгіленген. Жеке тұлға ретінде оқуға түсер алдында нормативтік құжаттармен, арнайы заңнамалармен танысып, құқықтық сауатты болу - сіздің міндетіңіз. Алайда университеттің «Мансап»орталығы тарапынан осындай сұрақтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізіліп келеді. Нақтырақ кеңес алғыңыз келсе, «Мансап» орталығымен байланысыңыз. Байланыс тел.: +7 778 908 1733, opit_kaznpu@mail.ru . Рахмет!
15-04-2020 18-35-59
Басқа
Сұрақ қоюшы: Хайруллина Айгуль Болатовна Сұрақ № 1980 Құрметті Абай ат.ҚҰПУ ұжымы!
Бүгінгі, 15.04.2020 ж. Жаратылыстану және география институтының Биология кафедрасының "Биология пәндері бойынша қашықтықтан оқыту үдерісін жоспарлау және бағалау" тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-әдістемелік вебинар жұмысына қатысушы ретінде алғысымды білдіремін.
Қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту бойынша кафедра ұжымының қарастырған тақырыбы тек ЖОО студенттеріне ғана емес, жалпы педагогикалық қоғамдастық үшін де маңызды болып табылады. Өйткені педагогтер білім алушыларды қашықтықтан және онлайн режимінде қолдау мақсатында әртүрлі платформаларды белсенді пайдалануда. Алдағы уақытта да еліміздің беделді ЖОО бірі ретінде білім алушылар мен педагогтерді қолдау бағытындағы жұмыстарыңызбен бөліседі деп сенемін. Еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кафедра меңгерушісі, орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Биология және жаратылыстану" пәндері бойынша тренер Хайруллина Айгуль Болатовна
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жолдаған пікіріңіз үшін рахмет. Университет ұжымының атынан алғысымызды білдіріп, еңбек жолында мол табыс тілейміз!
15-04-2020 18-01-57
Басқа
Сұрақ қоюшы: Танатарова Пердегул Бексуиновна Сұрақ № 1979 Бүгінгі өткен "Биология пәндері бойынша қашықтықтан оқыту үдерісінжоспарлау және бағалау тақырыбындағы"вебинарға қатыстым. Вебинардан өзіме пайдалы көп мағлұмат алдым. Ұйымдастырушыларға, ондағы өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге алғысымды айтамын.Еңбектеріңіз жана берсін!Шығармашылық табыстар тілеймін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Кері байланыс орнатқаныңызға рахмет! Елімізде орын алып отырған қазіргі жағдайға байланысты профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмегіміз тисе, әлбетте еңбегіміздің зая кетпегені.
15-04-2020 16-02-32
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Ануарбек Мади Сұрақ № 1978
Құрметті Такир Оспанұлы !
Мен биылғы бітіруші докторантпын. Біздің өткен наурыз айына жоспарланған шетелдік тәжірибе сапарымыз бар еді. Алайда қазіргі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бара алмадық. Байқағанымыздай, қазіргі жағдайға байланысты көптеген мемлекеттік мекемелер жоспарланған іс-сапарларды кейінге қалдыруға жағдай жасап жатыр. Университетіміздің «Халықаралық байланыс» бөлімінде 3-курс доктаранттарына тек маусым айына дейін бара алатынымызды айтқан. Егер маусым айына дейін карантинге байланысты рұқсат берілмесе, келесі айларда қыркүйек айына дейін баруға мүмкіндік бере аласыз ба?
Жауап:
Құрметті докторант! Әлемде және елімізде коронавирустық инфекцияға қатысты төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.02.2020 ж. №16-4/375 және 04.03.2020 ж. №16-4/388 хаттары негізінде академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар аясында білім алушылар мен оқытушыларды шет елдерге жіберу, сондай-ақ, шетелдік білім алушыларды, шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді қабылдау тоқтатылды.
Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдайды болжау мүмкін болмай отырғандықтан, ғылыми тағылымдамадан қай мерзімде өтуге болатынын нақты айту да қиын. Өздеріңіз білетіндей, елдегі және әлемдегі төтенше жағдай ұзартылды, тиісінше - біздің шетелдік әріптес жоғары оқу орындары да карантин режимін сақтайды.
Егер КВИ бойынша әлемдегі ахуал үстіміздегі оқу жылы аяқталғанға дейін өзгермесе, форс-мажорлық жағдайға байланысты амалсыздан төмендегідей шешім қабылдануы мүмкін:
1.бетпе-бет тағылымдамадан өтпей-ақ докторантура бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі;
2.шетелдік жетекшімен кеңесе отырып, қашықтан тағылымдамадан өту, сонымен қатар, әлемдік кітапханалардың интернет қорларымен жұмыс жасау арқылы.
15-04-2020 13-19-13
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1976 Сәлеметсіз бе ректор мырза. Қазіргі жағдайға байланысты үйде оқып жатырмыз. Бірақ бізде сеть нашар. Мен тапсырмаларды жіберу үшін аптасына 1 рет аудан орталығына барамын. Бірақ кейбір мұғалімдер бейнеқоңырау байланысына шықпаған студентке ешқандай балл қоймаймыз деп отыр. Бұл дұрыс па? Қазіргі таңда бізге қолдауларыңыз керек қой. Бұлай қысым көрсететіндеріңіз бар болса қауіпке қарамай университет қабырғасында оқиық. Шешіп бересіз деген ойдамыз. Егер сізден дұрыс жауап ала алмасақ ата-анамызбен ҚР Білім басқармасына шағымданамыз. Қысым көрсету дәл осы жағдайда өте ұят. Бізде карантин мен ауданға әрең барып келемін тексерістен. Өтінем жауап берсеңіз
Жауап:
Құрметті студент! Сіздің хатыңыздан университет тарапынан қандай да бір қысым көріп жатқаныңызға көз жеткізе алмадық. Қысым көрсету фактілері орын алса, ашып жазсаңыз. Екінші сұрағыңыз бойынша, оқытушы қандай себептермен төмен балл (баға) қоюда, атап көрсетсеңіз. Қазіргі таңда оқу үдерісі қашықтан (онлайн түрде) жүргізіліп жатқандықтан, барлық білім алушылар сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытылы орындап, баға алып, балл жинақтаулары тиіс.
Ал, сабақ оқуыңызға, әсіресе байланыс құрылғыларына қатысты қиындықтарыңыз болса, барлығы аяқталғанда емес, басынан университетке, яғни өзіңіздің эдвайзеріңізге, институт директоратына жағдайыңызды ашып көрсетіп, бізге өтініш білдіруіңіз қажет еді. Бізге өтініш білдірген барлық білім алушыларымыздың мәселелерін шешіп, барынша жағдай жасаудамыз. Ал, бізге өз жағдайыңызды ескертпей, қандай да бір шағым айтуыңыз, білім алушы ретінде орынсыз деп білеміз.
14-04-2020 15-20-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1975 Сәлеметсіздерме? 2 курс магистранты едім.Осы жылы біздің емтихандарымызды алып тастады деген распа?.2 курс магистранттары үшін тек диссертация ғана қалама.Ешқандай мемлекеттік емтихан жоқпа?
Жауап:
Құрметті магистрант! Сіздерде қорытынды аттестаттау тек диссертациялық жұмысты (жобаны) қорғаудан тұрады. Төтенше жағдайға байланысты өткізу ережелері институт директораты тарапынан хабарланатын болады. Рахмет!
14-04-2020 15-02-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1974 Уважаемый Такир Оспанович! Я студентка 1курса, отделения ПиП. В связи со сложившейся ситуацией в стране и с тем что от нас требуют сдачи тестирования, с компьютером и с веб камерой. Как быть студентам у которых нет условий для сдачи тестирования? Во первых у меня ни у родственников, ни у знакомых нету компьютера или же ноутбука. Они все живут в области. Во вторых у меня проблемы со здоровьем, у меня бронхит и я в зоне риска. Я не могу ходить по школам и акиматам в поисках компьютера.(здоровье не позволяет)Что можно предпринять в данном случае? Я прошу от вас помощи.
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Рассмотрим. О принятом решении Вам обязательно сообщим. Спасибо!
Барлығы: 4046