11-03-2020 10-40-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1908 Қайырлы күн,Тахир Оспанұлы! Сізге қояр сұрағым, биыл, 2020 жылы, магистратураға түсу үшін Ielts, toefl сертификаттары міндетті түрде қажет пе? Егер солай болса, неге кафедра немесе қабылдау комиссия өкілдері алдын-ала хабар бермейді? Бұл сертификаттарды кез келген уақытта алу мүмкін емес қой
Жауап:
Қайырлы күн! 2020 жылы «Магистратура» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін Ielts, toefl сертификаттарының міндетті түрде болуы талап етілмейді. Егер сертификаттар болса, Сіз шет тілі емтиханынан босатыласыз. Магистратураға түсу емтиханы өткен 2019 жылғы форматпен өткізіледі. Яғни, кешенді тестілеу түрінде: шет тілінен және арнайы мамандық пәнінен тест тапсырылады.
10-03-2020 14-12-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1907 Сәлеметсізбе!
Құрметті,Тахир Оспанұлы!Мен дене шынықтыру және спорт мамандығының 2курс студентімін.оқу ақсын отбасылық жағдайға байланысты кеш төйлеп едім.Оқу ақысын кешіктіріп төйлеген Студенттердің жағдайын түсініп,қайта оқуға қабылдауыңызды сұрйамын!мен оқуда үздік,корпусымызда болатын әр іс шарада белсенді,әрі гратқа үміттеніп жүрген студент едім.Біздің мамандықта 35студент дәл осы жағдаймен оқудан шығарылуда.Өтініш жаңа қаулы шығарып,оқу ақысын төйлегендерді оқуға қайта қабылдаңызшы!Осы оқыған,екі жыл уақыттары босқа өтпесінші.
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа (Бас оқу ғимараты, 210 каб.) жолығуыңыз қажет. Байланыс телефоны: 293-81-53.
10-03-2020 13-08-24
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Романова Эльфира Арыстанқызы Сұрақ № 1906 Сәлеметсізбе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенті Қанапия Дананың анасымын.Менің сізге жазып отыруымның себебі,оқу ақысын кешіктіріп төйлегеніміз үшін қызымды 2курстың орта белінде оқудан шығарып жберді.Қазіргі кезде оқу ақысының 1-ші семестрінің оқу қаражатын төйлеп қойдым.Ал,қызымды оқудан шығарып жіберіпті,тіпті универ жүйесіне енгізбеді.Осы апта аралық бақылауға универ жүйесіне бал қойылатын апта екен.Менің қызым ғана емес,осы мамандықта оқып жүрген 35 студентті дәл осындай жағдайлармен универден шығарып жіберіпті.Иә,біз оқу ақысын кешіктірдік,өзіңіз түсінетіндей әркімде отбасылық жағдайына байланысты немесе басқа да жағдайларға байланысты кешіктіруі мүмкін.Бірақ,ол дегеніміз біз оқу ақысын мүлдем төйлемейміз деген емес.Біз баламыздың жақсы оқу оқуы үшін өзіміз ас ішпесекте олардың білім алуы үшін барлық жағдайды жасаймыз.Менің қызым дене шынықтыру мамандығында оқитын студенттердің арасындағы ең жақсы оқитын студенттердің бірі,әрі ең белсенді,жауапкершілігі мол,кез келген іс-шараға,семинарларға қатысып өте жақсы оқып жүр еді.Оқудан шығармауыңызды,қайта қабылдап алуыңызды сұраймын!өз атымнан ғана емес дәл осы жағдаймен жүрген студенттерді де баса назарға алып,оқуы мен жағдайына қарай оқудан шығарып жібермеуіңізді сұраймын!Өте жақсы оқып жүрген қызымды оқудан шығарып қайда апарамын,келесі жылы келіп осы 2курсты қайта жалғастырса болады дейсіздер,сол бір жылдың ішінде қызыма бір нәрсе болып қалса кім жауап береді?Қызымның активистка әрі оқуын жақсы оқып,сессиялардан да сүрінбей өткендігін де айта кеткім келеді.Оқудан шығарсаңыздар оның жағдайы не болмақ,мені сол алаңдатады.Өтініш айта отырып оқудан шығарып жібермеуіңізді,қайта қабылдауыңызды сұраймын!Осы апта аралық бақылау(рубежка)қойылатын кезең екен,универ жүйесін аштырып беруіңізді сұраймын!универде оқығандықтан оның дәрежесіне сай студентте жақсы оқуы маңызды емеспе?!Оқуы жақсы еместер оқудан шықпай,жақсы оқитындарды шығарып жіберсе осы ма әділдік?!
Жауап:
Құрметті ата-ана! Білім алушылар себепсізден-себепсіз, ескертусіз оқудан шығарылмайды. Бұл мәселені қарастырып, нақты жауап алу үшін Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа (Бас оқу ғимараты, 210 каб.) жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 293-81-53.
10-03-2020 11-09-46
Басқа
Сұрақ қоюшы: Разия Сұрақ № 1905 Педагогикалық қандай мамандықтарға 100% гранд бөлінеді магистратураға нақты жауап болса.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша бөлінген гранттар туралы толық ақпаратты Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен біле аласыз. Тел.: 291-71-06.Рахмет!
07-03-2020 10-46-54
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1904 Сәлеметсізбе!
Қайырлы күн!
Бос қалған гранттарға өтініш жазған едік, әлі xабар жоқ!! Қашан айтады? Қашан шығады результат?
Жауап:
Құрметті студент!
Егер Сіз өтініш берген болсаңыз, онда ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітілген ережелеріне сәйкес міндетті түрде қаралады. Грант иегерлерінің тізімін министрлік бекітеді. Бекітілген жағдайда гранттарды тағайындау туралы бұйрық шығады және олардың иегерлерінің тізімі біздің сайтта жарияланады.
Грант бойынша қосымша ақпарат алу үшін Сізге институт директоратына немесе академиялық мәселелер жөніндегі департаментке жүгіну қажет. Сұрағыңызға рахмет!
06-03-2020 20-51-30
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1903 Сәлеметсіз бе! Осы аптада рубежка басталган еді. Мұғалімдер баллды мүлдем дұрыс қоймайды. Келмей жүрген студенттерге күнде келіп сабақ айтып жүрген бізбен бірдей тіпті бізден де жоғары балл қояды. Қалай түсінуге болады? Онда біз де мүлдем келмей алайық баллды!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз назарға алынды. Аталған мәселелер бойынша нақты дәлелдеріңізді көрсетіп, бағаны әділетсіз қойған оқытушы мен студенттің аты-жөнін, пәннің атауын
rector_blog@kaznpu.kz поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!
06-03-2020 12-02-38
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1902 Салеметсызбе!Айтайн дегеным Жамбыладагы 9 этаждык гимаратка студенттер 9шы этажга дейын студенттер жаяу котерылуге киналамыз.Ол лифттын жасамай турганына 2ай болды кашан жонделеды екен?
Жауап:
Құрметті студент! Ғимараттағы лифт мәселесі басшылыққа мәлім. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап тендерден лифт техникалық қызмет көрсетуді «Лифт-Алтын қызмет» ЖШС ұтып алды. Компанияның мамандары істемей тұрған лифтіні тексеріп, істен шыққан қосалқы бөлшекті (плата) іздестіруде. Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты шекара жабық, сол себептен қосалқы бөлшекті жеткізу мүмкін болмай тұр. Бұл мәселеге түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.Рахмет!
05-03-2020 17-05-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аружан Сұрақ № 1901 ректор ағай салеметсзбе!біз 1курс студентері 8март қарсаңында біздің институтымздын дэканат апайлары Ақниет апай, Жансая апайды мейрамдарымен құтықтап,ол кісілерге рақмет айтқымз келеді.Кандай сурақпен и кай кезде бармасакта толыктай жауап берп,тусиндіріп,корсетип береді.Апайлар өте сыпайы,мейірмді,ашық мнез жандар.Басқа институт апайларн жамандап жатқанн көрдік,біз өз апайларымзды мақтап жазамз.Осындай апайлар көп болсн.Сіздерге коп рахмет.
Жауап:
Құрметті студенттер! Оқытушыларыңызға жолдаған алғыстарыңыз бен құттықтауларыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет!
05-03-2020 14-02-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1900 Сәлеметсіз бе,вирусқа байланысты неге жиналыс өтпейді? Неге анық қанығын айтпайды
Жауап:
Құрметті студент!
Бүкіл әлемнің алаңдаушылығын туғызып отырған жұқпалы коронавирустан сақтану, оны алдын-алу бүгін біздің университет ұжымының да басты міндеті болып табылады.
Қазіргі уақытта басшылық тарапынан білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық және басқа да халықаралық бағдарламалар бойынша университет білім алушылары мен оқытушыларын шетелдерге жіберу және шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді бізге шақыру, университет қызметкерлерін өз еліміздің ішінде іс-сапарларға жіберуі тоқтатылып, жалпы университеттік іс-шараларды өткізуді және қалалық мәдени-бұқаралық іс- шараларға қатысуды шектеу қолға алынды. Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі ескертіп отырғандай, әрбір оқытушы мен қызметкер, білім алушы жастар жеке бастың гигиенасына, сақтық шараларына аса мұқият болуға тиіс. Профессор-оқытушылар құрамы мен жалпы білім алушылар арасында коронавирустан сақтану туралы санитарлық-ағарту және түсінік жұмыстары жүйелі және тұрақты жүргізіліп жатыр. Университетіміздің ресми сайтынан короновирусқа қарсы алдын-алу шаралары туралы хабарландырумен танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/kz/2456/notice/. Рахмет!
05-03-2020 02-06-31
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1899 Уважаемый Тахир Оспанович!
Хотелось бы узнать, скоро ли выйдут списки грантников, претендовавших на освободившиеся места?
Я подавала заявление в декабре 2019, прошло уже 3 месяца.
Жауап:
Уважаемый студент!
Если Вы подавали заявление, то оно в обязательном порядке будет рассмотрено в соответствии с утвержденными правилами МОН РК. Список обладателей грантов утверждает министерство. В случае утверждения выйдет приказ о назначении грантов, и список их обладателей будет опубликован на нашем сайте. Поэтому для получение ответа Вам следует обращаться в директорат института или Департамент по академическим вопросам.Спасибо за вопрос!
05-03-2020 00-05-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жолдас Айдана Сұрақ № 1898 Сәлеметсіз бе,Тахир Оспанұлы мырза!Мен 3 жатахана тұрғынымын.Жатаханадағы бөлмелерден "қандала" атты жәндіктер көбею үстінде. Бөлмемізді қанша таза ұстасақ та, кетер емес.Денеміздің көрер жері қалмады.Осыны дұрыстап қолға алсаңыз деймін.Алдын ала рахмет.
Жауап:
Құрметті студент!
Сіздің шағымыңыз бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар берілді. Қазіргі күні №3 жатақхананың қандала шыққан №1,№19 бөлмелеріне санитарлық тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде бөлме тұрғындары №5 жатақханаға уақытша орналастырылады. Сауалыңызға рахмет!
04-03-2020 21-14-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1897 Саламатсызба ТАХИР Оспанович мырза сизге кояр сурагым неге универ системадагы малиметтер дурыс енгизилмейди рубежка уакыты жанеде сессия мен практикалардын уакыты дурыс енгизилмеген сол жониде ескертсениз.
Жауап:
Құрметті студент!
«Univer» жүйесіне қатысты шағымыңыз назарға алынды. Аталған мәселелерді анықтап, оны шешу үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет!
04-03-2020 14-58-46
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1896 Саламатсыз ба!Студенттерди короновируска байланысты 1 Ай сабактан босатады ма?Баска университеттеде босатылып жатыр екен гой.
Жауап:
Құрметті студент!
Коронавирусқа қатысты оқу үдерісіне өзгеріс енгізілетін болса, ол туралы білім алушыларға институт директораты тарапынан міндетті түрде хабарланады.
03-03-2020 23-26-56
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1895 Уважаемый Такир Оспанович,
Я автор статей, которые былы напечаны в журнала Вестник КазНПУ. Серия 1.«Педагогические науки».
Мне необходимы эл.версии журнала Вестник КазНПУ. Серия 1.«Педагогические науки» за 2011г. №1(29), 2(30) и 2010г. №3(27).едительно прошу помоь в решении данного вопроса.
Я писала вам на почту и к вам на блог, но ответа не получила.
Жауап:
Здравствуйте! Для получения ответа по данному вопросу, пожалуйста, обратитесь к проректору по научной работе и международному сотрудничеству Актолкын Турлыхановне Кулсариевой. Тел.:8 (727) 291-77-32. Спасибо!
03-03-2020 19-16-14
Басқа
Сұрақ қоюшы: Абдрасилов Аблай Адилұлы Сұрақ № 1894 Құрметті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы! 2020 жылдың ақпан айының 28-29 күндері Жаратылыстану және география институты ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану пәндері бойынша Халықаралық олимпиада өте жоғары деңгейде өтті. Осы олимпиадаға қолдау көрсеткен университет басшылығына, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдинова ханымға ерекше алғыс айтамыз. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің командасы сіздерге алғыс білдіре отырып, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Әрқашан еңбектерініздің жемісін көре беріңіздер!
Жауап:
Құрметті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің командасы! Халықаралық олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестеріңіз бен ізгі тілектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымына шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз. Рахмет!
03-03-2020 14-59-48
Басқа
Сұрақ қоюшы: Кунжигитова Гульнур Бектемировна Сұрақ № 1893 Уважаемый Такир Оспанович
Как можно получить доступ к ресурсам Вестник на http://kaznpu.kz/ru/1229/page/
При открытие выдается надпись kaznpu.kz не допускает.
Я автор статей изданный в Вестнике мне нужны были сами источники.
Помогите решении данного вопроса
Жауап:
Здравствуйте! По данному вопросу Вам следует обратиться в Департамент информатизации образования. Контактные телефоны: 293-92-68, 293-96-52. Спасибо!
03-03-2020 14-51-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Зайнишова Роза Сұрақ № 1892 Сәлеметсіз бе? Мен Зайнишова Роза 5В060600-химия 2курс студентімін. Группа да жалғыз студентпін. Менде сессияда 7пәннен де жазбаша екен. Соны тестке ауыстырып берулеріңізді сұраймын. Негізі группада жалғыз оқыса тест болмайды екен керісінше маған тест ыңғайлы. Менің жағдайымды жасауларыңызды сұранамын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жазғы сессияда емтихандар тест түрінде өтеді, тек шығармашылық мамандықтар ғана жазбаша түрде тапсырады. Рахмет!
03-03-2020 12-08-18
Басқа
Сұрақ қоюшы: Абдрасилов Аблай Адилұлы Сұрақ № 1891 Құрметті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы! 2020 жылдың ақпан айының 28-29 күндері Жаратылыстану және география институты ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану пәндері бойынша Халықаралық олимпиада өте жоғары деңгейде болды. Осы олимпиадаға қолдау көрсеткен университет басшылығына, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова ханымға ерекше алғыс айтамыз. Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ командасы сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.Еңбектеріңіз әрқашан жемісті бола берсін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Халықаралық олимпиадамызға қатысып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!
03-03-2020 12-02-21
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1890 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Оқу ақысына 15% жеңілдік берілгені үшін алғысым шексіз! Оқу ақысын 100% төлеп қойған жағдайда жеңілдік көлемі қайтарылады ма? Бітіруші 4 курс стужентімін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университет тарапынан білім алушылардың оқу ақысына көрсетілетін жеңілдіктер бекітілген «Жеңілдіктер туралы» Ережеге сәйкес, оқу жылының басында беріледі. Жеңілдік мәселесіне қатысты сұрағыңызды қарастыру үшін Сізге берілген жеңілдіктің түрін анықтау керек. Себебі, оқу жылының соңында білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік берілмейді.
03-03-2020 11-51-57
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 1889 Здравствуйте, я являюсь докторантом 2 курса, я на счет библиотеркаря которая работатет в 7 этажном здании на 3 этаже, почему Вы берете на такую ответственную работу, очень безотвественных, недисциплинированных людей. Если она не хочет работать, если она не любит свою работу, Бога ради пусть освободит место для честно работающих,коммуникабельных людей. Раньше была хорошая библиотекарь, специалист своего дела!!! Она не то что, найти книги, ленится разговаривать!!! Как же это грубо с её стороны нужно иметь уважение, я все таки не студент бакалавра 1 курса!! Даже если была бы, нужно иметь уважение даже младшему поколению. Прошу Вас рассмотреть этот вопрос, спасибо.
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Сотрудникам данного отдела сделано предупреждение. В повторном случае просим обратиться к директору научной библиотеки Нургуль Жайлауовне Имансыдыковой и назвать имена сотрудников. Тел.: 8(727) 261-22-43. Спасибо!
Барлығы: 4046