05-07-2020 21-39-51
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2239 сәлеметсізбе,мен грантқа өту үшін өтініш жазған болатынмын енді жауабын күтіп жүп едім,грантка өткендердің тізімі қашан шығады соны білсем боладыма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Грант бос орындары конкурсының қорытындысы туралы ақпарат институт директораты тарапынан хабарланады. Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарлассаңыз болады. Рахмет!
05-07-2020 17-34-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Алия Сұрақ № 2238 Здравствуйте,Такир Оспанович!Я выпускница кафедры ПИП и хотелось бы точно узнать , каким образом будем получать диплом?Почтой или надо приехать каждому выпускнику?Ситуация в стране утрудняет передвижение между городами.Заранее благодарю за ваш ответ.
Жауап:
Здравствуйте! В связи с ростом числа случаев заболевания коронавирусом по городу Алматы, согласно Постановлению №40 Главного государственного санитарного врача города Алматы Жандарбека Бекшина от 15 июня 2020 года, вручение дипломов выпускникам 2019-2020 учебного года состоится в онлайн-режиме. По вопросу получения дипломов Вам следует обратиться к заместителю директора института. Также рекомендуем ознакомиться с информацией о графиках вручения дипломов: http://kaznpu.kz/ru/2862/notice/. Спасибо!
04-07-2020 22-10-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2237 Сәлеметсіз бе? Мен жақында 1 курс бітірдім. ТАРИХ САБАҒЫН 5 КЕ ЖАПТЫМ. 1 КУРС БОЙЫНША
GPA 3.3.Практика 88 балл жинап 4 болды.Енді сұрағым мен қызыл диплом ға үмітім барма?Қызыл диплом ға 1 курста тарих САБАҒЫ әсер етема тек.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — «өте жақсы», С+, В-, В, В+ — «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.
Оқудың барлық кезеңінде емтихандарды қайта тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды.
04-07-2020 22-08-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мұратбек Сұрақ № 2236 Құрметті,Такир Оспанұлы.Мен біздің университетіміздің бітіруші түлегімін. Сізге дипломға байланысты сауалым бар еді. Бізге диплом 10 шілде күні почтамен жіберіледі деп айтты. Бірақ, магистратураға тапсыру мерзімі 15 шілде күні аяқталады. Мен өзім Батыс Қазақстан облысынан боламын. Мен сияқты алыс өңірлерден студенттер өте көп. Диплом почтамен жіберілген жағдайда біз өзіміздің университетіміздің магистратурасына тапсырып үлгермейміз. Соған байланысты барлық сақтық шараларды орындай отырып, дипломды жеке-жеке корпустан алып кетсек деп едік.Бұл мәселенің шешімі табылады деп үміттенемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!
04-07-2020 21-04-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Zhazira Сұрақ № 2235 Сәлеметсіздер ме!Бос орын гранттары осы жылға шықты ма? Менде GPA 3.95 (барлық сабақтарым 90-95+)Келесі оқу жылына грантқа өте аламын ба? Грантқа конкурстар қашан жарияланады. Педагогикалық мамандықтардан басқа да спец-тарға бөлінсе екен!( әйтпесе барлық дерлік тек педагогикамен шектеліп жатыр)СК 2курс студентімін. Бос орын гранттары болған жағдайда сайтқа жарияланады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Мамандықтар бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін конкурс жарияланады. Конкурс туралы Univer жүйесінде және сайтта хабарландыру беріледі. Грант бойынша толығырақ ақпаратты оқып жатқан институт директоратынан біле аласыз.
04-07-2020 14-02-13
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2234 Сәлеметміз бе Такир Оспанұлы! Жазғы семестр сессиясын тапсырмай, екі рубежка қорытындысымен бағалауға рұқсат беруіңізді сұраймын.Себебі сессия тапсыруға ноутбук жоқ және интернет нашар жұмыс істейді.
Жауап:
Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушылар институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін институт қызметкерлерінен алсаңыз болады.
03-07-2020 19-14-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аңсаған Арман Сұрақ № 2233 Құрметті Такир Оспанұлы, біз университетіміздің 2020 жылғы бітіруші түлектері дипломымызды күтіп жүргелі көп болды. Бүгін енді тағы карантиннен кейін деген ақпарат алдық. Алда жұмысқа тұру үшін, магистратураға тапсыру үшін диплом керек. Осы мәселе қалай шешім табады? Басқа жоғарғы оқу орындары пошта қызыметі арқылы болсада студенттерге жіберіп жатыр. Тездетуге бола ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!
03-07-2020 13-13-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2232 Сәлеметсіз бе, әскери кафедра жайлы мәліметті кімнен біле аламыз?? Онлайнтапсырамыз ба құжаттарды, әлде қалай? Осы жөнінде айтып кетсеңіз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты әскери кафедра қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 382-27-35, 8-778-955-2121 Оразбеков Бауыржан Жарқынбекұлы, кезекші бөлім: 382-28-36.
03-07-2020 12-43-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сабыржан Молдир Сұрақ № 2231 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович!
Мен ауылды жердің тұрғыны болғандықтан,жазға қалған пәндерімді онлайн түрде өту қиындыққа соғып жатыр.
Жазғы семестрдегі сабақтардың балын рубежка балымен қойса деген өтінішім бар.
Жағдайды түсініп,осы мәселені қарастырсаңыздар!
Жауап:
Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ол үшін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісі мен қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
03-07-2020 07-18-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2230 Мен 4 курс студентімін. Биылғы жылдан бастап шәкіртақы 26мың көлемінде болып беріле бастағаны барлығына белгілі . Бірақ, белгісіз себеппен осы соңғы айда 20мың көлемінде шәкіртақы салды және жол ақысы берілмеді. Осының себебін білгім келеді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттеріне жол жүру төлемақысы берілмейді. Бұйрық бойынша 25 маусым оқуларын аяқтағандықтан, шәкіртақы 24 күнге есептелген.
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.:291-37-54, Baisbaeva.bibigul@mail.ru. Рахмет!
03-07-2020 02-13-01
Басқа
Сұрақ қоюшы: Байкулаков Нурлан Таубаевич Сұрақ № 2229 Уважаемый Такир Оспанович!
Выражаю Вам огромную благодарность за организацию масштабной, грандиозной мероприятии с участием 9-ти ВУЗов Казахстана – летней онлайн школы цифровой транформации образования с Андреем Комиссаровым!
Как человек новатор, сторонник современных технологии в образовании, Вам удалось объединить и вовлечь многих педагогов Казахстана в таком нужном мероприятии - «ЛЕТНЯЯ ШКОЛА». Такие масштабные мероприятия объединяет педагогов Казахстана вместе решать глобальные задачи перед ними.
Курс онлайн школы цифровой трансформации Университета 20.35 для университетов Казахстана подготовил своеобразный ТРАМПЛИН для стартов в цифровое образовательное пространство!
За эти дни команда Андрея Комиссарова нас погрузил в свой мир – ЦифроГАЛАКТИКА! В этом мире мы узнали и научились как совместить лекции с игропрактикой, тайм-менеджменту, геймификацию, пользоваться рубрикатором, отслеживать цифровой след, Самое главное в процессе обучения получили навыки проектирование, постановки цели и задач.
Обучаясь на курсах я не увидел минусы, наоборот, увидел огромные плюсы в расширении наших знаниевых компетенции. Для нас открываются огромные возможности расширить горизонты цифрового образования будущего, пересмотреть методы преподавания.
Огромное спасибо Вам, за увлекательный, интересный и познавательный курс, в котором все участники окунулись в другой цифровой мир и испытали незабываемые впечатления!
Жауап:
Здравствуйте! Благодарим за участие и приятный отзыв!
03-07-2020 00-00-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2228 Сәлеметсіз бе Балықбаев Такир мырза.Сізден сұрарым,1 курсты бітірген едім,сабағымнын барлығы жақсы және өте жақсы деген бағада жабылды.GPA балым-3.51. Енді сұрақ, мен қызыл аттестат алуға мүмкіндігім бар ма? Қызыл аттестат алу үшін не маңызды,ьаға қанша болу керек, толық ақпарат бере аласызба, мен іьіге аламынба бастысы қызыл алуға? Алдын ала рахмет!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — «өте жақсы», С+, В-, В, В+ — «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!
02-07-2020 18-18-18
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2227 Тахир Оспанұлы, сіз басқарып отырған университетте қызмет атқарып жатқаным ушін өте қуаныштымын.Сіздерге алғысым шексіз. Карантин кезінде уақытылы жалақымызды алып, отбасымызды асырауға мумкіндік болды. Ол сіздің бір улесіңіз деп ойлаймын. Алла өзіңізге және отбасыңызға береке берсін. Мен 2019 жылы конкурстан өтіп, сіздерге жұмысқа орналасқанмын. Өз альма-матерімде қызмет жасап жургеніме бақыттымын. Институт директорына, кафедра меңгерушісіне де қолдау көрсетіп, жас маман ретінде жол көрсетіп, қамқоршы болғандары ушін, кемшіліктерімізді жасырып, жақсылығымызды асырғандары ушін алғысым шексіз.Жас маман болған соң қорқыныш көп еді. Енді өзіме сенімді болып, жұмыс жасай аламын. Барлығы ушін рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Пікір жолдап, алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Біз кез келген қиындықты ұжым болып жеңеміз. Сізге денсаулық, қызметіңізде табыс тілейміз!
02-07-2020 17-54-50
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Әбжалиева Айткул Сұрақ № 2226 Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы.Мен ата-ана Әбжалиева Айткул Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кенті тұрғынымын.Балам биылғы жылдың түлегі.Алтын медаль иегері.Таңдау пәні физика-математика.Алған балы-80.Осы Абай атындағы университетке оқуға түсіп,білім алуы баламның арманы.Аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы музыкалық мектепті 6жыл оқып,үздікке бітірді.Шахмат,теннис,күрес,түрлі ғылыми сайыстардың,олимпиадалардың жеңімпазы.Физика пәнінің мұғалімі мамандығына түскісі келеді.Осыған байланысты тікелей сіздерге құжат тапсыруға бола ма?Ректор грантына іліге ала ма?Сіздермен тікелей қалай байланыссам болады?Алтын белгіге 100%тік жеңілдіктер қарастырылы ма?Баламның барлық құжаттарын,жетістерін жинап,өткізсек?Нақты мәлімет бересізбе
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 80 балл жақсы көрсеткіш.13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Біздің универитетте «Алтын белгі» иегерлеріне 1 жылғы оқу ақысына 100% жеңілдік беріледі.
02-07-2020 17-06-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2225 Қайырлы күн! Осы өтінішті 2 күн дегенде әрең жазып отырмын.
Интернетке бірде кіріп, бірде кіре алмай отырмыз. Жазғы семестрде оқып жатырмыз. Өзіміз және ақылы бөлімде оқимыз. Алдағы жазғы семестрде тапсыратын экзаменнен құлап қалсақ қалтамызға ауыр салмақ. Өзіміз сабаққа, лекцияға кіруде қиын болып жүр. Бірде кірсек, келесі жолы интернет жасамайт. ЕМТИХАННЫҢ ОРЫНЫНА жинаған балл-дарымыздан ОРТАҚ БАЛЛ ШЫҒАРЫП берсе үлкен жеңілдік болар еді. АУЫЛДА жүріп ОҚИМЫЗ, КАРАНТИНДЕ ҚАТТЫ СОҚҚЫ БОЛЫП ОТЫР. Ата-анамыз біз экзаменнен құласақ ақша тауып бере алмайды.
Жауап:
Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін және сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
02-07-2020 16-58-10
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2224 Кайырлы кун интернет желісі нашар,ауыллық жерден болғаннан кейін тест тапсыра алмаймын 2 рубежканын балымен корытынды шыгаруға руксат беруинизди сураймын
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ол үшін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін және сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
02-07-2020 16-40-26
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2223 Здравствуйте, Тахир Оспанович! Хочу выразить слова благодарности за проведенный так скажем аудит со стороны Alma U. Очень правильное решение! Как полезно было послушать, мнение и увидеть взгляд со стороны на работу нашего университета. Какие грамотные управленцы! Особенно понравилась Гульмира Аманжоловна Кургамбаева! Какая умничка! За такой короткий срок провести полный анализ нашего университета и предоставить готовую стратегию дальнейшего развития! Это Супер!Нам бы в университет пару таких топ-менеджеров, было бы круто! Правильно они подметили в нашем университете есть все : и база материальная и человеческие ресурсы и тд, нет у нас хорошего менеджмента! Правильно подметили, что у нас "очень пенсионный коллектив". Вот это уж точно надо бы поменять!Недавно также вы организовали летнюю школу с участием А Комиссарова,замечательная была школа с молодыми продвинутыми ребятами! там вы обратили внимание, какие у нас в университете молодые, энергичные, продвинутые, уверенные в себе сотрудники и преподаватели, с каким энтузиазмом, с каким рвением, какие новые идеи подавали, какие проекты создали , АКТУАЛЬНЫЕ на сегодняшний день и за такой коротки срок. К чему я это пишу? Да к тому что, есть у нас в университете грамотные сотрудники, почему их не привлекаете к развитию университета? Зачем держать сотрудников на ключевых, руководящих постах пенсионного возраста? Не будем далеко ходить, Департамент Стратегии и развития, кто у нас возглавляет ? Да, Дамитов Базар Кабдошевич, уважаемый человек, ничего личного., но сколько ему лет? каково его состояние здоровья? как часто он бывает в университете? не мне наверное здесь описывать. И это в стратегии развития университета! В этом году, слетели с QS, да и в прошлом тоже, также кто возглавляет? Тасбулатов Темирхан Джумасеитович, опять пенсионер пенсионером. и вот так можно продолжать перечислять наши ключевые посты. И по структуре тоже команда Кожахметова правильно отметила: застряли в советской прошловековой структуре, с завкафедрами, с замдиректорами. Да надо менять HR, надо переходить на топ менеджеров, на менеджеров, классную идею они дали : переименовать институты в школы: школа инженерии, школа бизнеса, вот это круто! Необходимо избавиться от определении начальник отдела, зам директора, директор, лаборанты, инспектор.Думаю что топ менеджеры, менеджеры вполне достаточно, сократить все эти должности зам замы, зав завы. сделать открытые офисы, а не кабинетные системы. У нас как: у каждого начальника отдельный просторный кабинет, а как у преподавателей? кафедра из 30-60 человек сидит в маленьком кабинете с 2-3 компьютерами, о каких знаниях и о каком инновационном образовании может идти речь? надо поменять местами. Преподавателям отдельные кабинеты, а сотрудники в открытых офисах. Ну примерно так, вкратце решил изложить свое мнение. Надеюсь на изменения в лучшую сторону!
Жауап:
Здравствуйте! По поводу вопроса о привлечении грамотных сотрудников к развитию университета Вы можете представить конкретные предложения и выдвигать кандидатов. Руководство готово рассмотреть Ваши предложения. Мы видим, что вы болеете душой за наше общее дело. Благодарим Вас за отзыв!
02-07-2020 16-11-26
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Адал Айтжамал Сұрақ № 2222 Сәлеметсіз бе
Мен ҰБТ -дан 81 балл жинадым
Биология пәні мұғалімін оқысам ба деймін
Грантқа түсе аламын ба осы универге
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Грант иегерлері мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесіне байланысты анықталады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.
02-07-2020 09-58-58
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аманжолұлы Алмат Сұрақ № 2220 Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанұлы. Мен "5В010900-математика" мамандығының биылғы бітіруші түлегі Аманжолұлы Алмат! Осы 4 жыл арасында маған білім беріп, бар ынталарымен нағыз педагог болып шығуыма қол-ұштарын созған ұстаздарыма алғысымды айтқым келеді.
1. МФжИИ басшылығы: Бекпатшаев М.Ж., Хамраев Ш.И., Уалиев З.Г., Мухашев Ж.Е. және деканат қызметкерлері.
2. МФжИОӘ кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы: Әбілқасымова А.Е., Шуакаев М.К., Ералиев С., Қосанов Б.М., Капарова Р.М.
3. Педагогикалық және өндірістік іс - тәжірибеден өту барысында XXI ғасырға сай педагог болып шығуым үшін түрткі болған ұстаздарым: Тұяқов Е.А., Нурмухамедова Ж.М. және жас болсада бас бола білген жетекшім Сарсенова А.К.
4. Әр уақытта қолдау білдіріп, бар білгендерін жігерлене үйреткен ұстаздарым: Байшемиров Ж.Д., Нурбаева Д.М., Рысқан А.Р., Темирбекова Л.Н., Дюсов М.С.
5. Студенттің екінші анасындай болған эдвайзерім: Жансеитова Л.Ж.
6. Гуманитарлық, қоғамдық және педагогикалық бағытта білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым:
- Жумашева С.С. (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі).
- Нурбаева А.М. (Орыс тілі).
- Жазылбек Л.И. (Экономикалық теория негіздері).
- Тулбасиева С.К. (Қазақстан тарихы).
- Лимашева Л.А., Садреймова А.Ж., Тукебаева С.А., Ауталипова Е.Н. (Психология).
- Мадалиева Ж.К. (Философия).
- Лукпанова С.М. (Ағылшын тілі).
Алдағы оқу жылдарыңызда сіздерге тек шығармашылық табыстар тілеймін. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың беделді де, белді ұстаздары болып жүре беріңіздер!
Жауап:
Құрметті Алмат! Ұстаздарыңызға жолдаған алғысыңыз бен ізгі тілектеріңіз үшін рахмет айтамыз. Еңбек жолында Сізге тек табыс тілейміз. Аман болыңыз!
02-07-2020 01-25-50
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2219 Қайырлы күн, ректор мырза!
Мен осы жылғы бітіруші түлекпін. Төмендегі сұрақтарыма жауап алғым келеді.
1. Екінші жоғарғы білімді ақылы түрде қашықтан оқуға бола ма?
2. Магистратураға қашықтан грантқа түсу мүмкіндігі бар ма?
3. Қашықтан оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған ба? Оның ақысын бірден емес, бөлім төлеуге мүмкіндік бар ма?
Жауап:
Құрметті талапкер! Сұрақтарыңызға жауап:
-
Екінші жоғары білімді қашықтан алуға болады. 2 жыл оқисыз. Жылдық оқу ақысы 300 мың теңгені құрайды.
-
Магистратураға өтініш 2020 жылдың 15 маусым-15 шілде аралығында онлайн қабылданады. Құжаттарды онлайн-тапсыру және қабылдау ережелері туралы мәліметпен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/.
-
Қашықтан оқу ақысын 3 мәрте бөліп төлей аласыз. 2020 жылы 25 тамызға дейін 30%, жаңа жылға дейін және көктемгі сессияға дейін төлем жасауға болады. Қашықтан оқу білім беру бағдарламаларына жеңілдіктер қарастырылмаған.
Оқуға тапсыру туралы қосымша ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68.
Барлығы: 4046