Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
17-07-2020 21-52-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2275
Психологиялық тесттің выпискасын калай алуга болады?сайтта тек жартысы тур выписканың
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері мен анықтамалар сайтта күнделікті жаңартылуда. Берілген тізімнен аты-жөніңіз табылмаған жағдайда қабылдау комиссиясының қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: +7 775 175 9741 Жайна Мұстафа.

17-07-2020 12-48-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2274
Құрметті, Такир Оспанұлы. Мен осы жылы 6М011300-биология мамандығы бойынша магистрлікті тәмамададым. Біз үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілінде) білім алу нысанында оқыдық. Бізге оқуға түскен жылы деканаттан сұрағанымызда, сендерге магистірлік дипломнан бөлек үш тілде оқытылды деген қосымша сертификат беріледі деген болатын. Алайда, осы жылы дипломды алғанымызда, сертификат берілмеді және дипломғада жазылмаған. Сонда біз үш тілде бекерге оқыдық па? Осы мәселені өз құзыретіңіз шегінде шешіп беруіңізді сұраймын. Алдын ала рақмет!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! "6М011300-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша 2020 жылы оқуды аяқтаған түлектерге көптілді топта білім алғандығы жөнінде арнайы сертификат ресімделген. Сертификат алмаған түлектер институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласып, өз сертификаттарыңызды алсаңыздар болады.

17-07-2020 12-04-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2273
Добрый день когда можно подать заявку на магистратур,на платную основу ?
Жауап:

Здравствуйте! В магистратуру на платное отделение можете подать документы после сдачи КТ. Для платного обучения нужно набрать 50 баллов.

16-07-2020 17-08-25   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2272
Саламатсыз ба?Оқу орынға тапсыру ушин отиништи қайдан алуға болады?Биология,химия пән мұғалімдігіне тапсыру үшін ггрант қанша балл керек?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант конкурсына виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсыра аласыз.

16-07-2020 15-35-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жансұлтан Айару

Сұрақ № 2271
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы.Мен Абай атындағы ҚазҰПУ да Филология және көп тілді білім беру институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студентімін.Қазіргі таңдағы еліміздегі карантин шаралары мен елдегі ахуалға байланысты елдің жағдайы қиындау болып тұр.Мен ақылы бөлімде оқимын.1 жылы 510 мың төлеп оқыдым.Ал биылғы жыл қиынға соғып тұр.Сізден оқу ақысына жеңілдік жасауыңызды сұраймын.Ата-анам жұмыссыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты қызметкерлеріне тапсыруыңыз қажет. Арнайы комиссия құрамы құжаттарыңыздың негізінде өтінішіңізді қарастыратын болады.Рахмет!

16-07-2020 10-45-16   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2270
Салеметсиз бе?! Сиздерде математика Жане статистика мамандыгы бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің білім беру бағдарламаларымен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы танысуыңызға болады: http://www.kaznpu.kz/kz/2918/notice/.

15-07-2020 22-15-15   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2269
69 балмен акылы окуга түсе аламба барлығы 5баллдан жоғары
Кыста тапсырганмен



Немесе маусымдағы тестте 57балл жинагм 5баллдан жоғары грантка болама
Математика мұғалімдыкке
Жауап:

Құрметті талапкер! Университетіміздің педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына оқуға тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Оқу ақысы мен білім беру бағдарламалары бойынша 16-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларынан онлайн-кеңес алсаңыз болады. Ақпарат алу үшін ZOOM платформасына қосылу керек.

Қабылдау комиссиясының онлайн-кеңесіне сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/84924574285?pwd=bFphdVVwa1IrSnVTa0Yza0Vtb2k4Zz09

15-07-2020 20-05-08   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: АШИМОВ РАМАЗАН

Сұрақ № 2268
Саламатсызба! Курметтi Такир Оспанрвич
Мен Ашимов Рамазан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваторияны Вокал бөлімін бітірдім. Қазақ ұлттық тест сайтында Музыкалық бөлім базасы ашылмайды???? Неге??? Неліктен???
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.:87172742527. Рахмет!

15-07-2020 20-01-29   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2267
Салематсыз ба?
Менің ұлым ҰБТ-ден 45 балл жинап қалды. Таңдау пәні математика, физика еді. Осы университетке түсуге қандай мүмкіндіктер бар? Биыл ақылы түрде оқысақ келесі жылы грантқа ауыса алады ма? Университет грантын ұтып алу үшін биыл тест тапсыра ала ма? Кеңесіңіз керек болып тұр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетімізге ақылы негізге оқуға тапсыру үшін педагогикалық білім беру бағдарламаларына  70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына 65 балл жинау қажет. Сіздер тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, шектік балл жинасаңыздар болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

15-07-2020 17-51-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Нұралы Алдияр Саматұлы

Сұрақ № 2266
Қайырлы күн. Менің қояр сұрағым Қазақ ұлттық Консерваториясын тәмәмдағаннан кейін неліктен сіздерге Музыкалық білімге тапсыруды алып тастаған.Осы мәселеені шешіп қайта қосуды сұраймын. Бұл бізге тікелей қатысты мамандық
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша  келесі байланыс телефоны арқылы ақпарат алсаңыз болады: 87172742527.

14-07-2020 20-21-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2265
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Деніңізге саулық тіледім. Менің сізге қояр сұрағым:
1. Магистратураға грантқа түсушілердің тізімі қай уақытта шығады?
2. Магистратураны сырттай оқуға болады ма?
3. Қашықтан оқу мен сырттай оқудың қандай айырмашылықтары бар?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Магистратураға кешенді тестілеу тапсыру 1-15 тамыз аралығында өтеді. Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсы 16-20 тамыз аралығында жүргізіледі. Магистратура бойынша тек күндізгі бөлім бар. Сырттай оқыту түрі жоқ.

13-07-2020 14-31-24   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2264
Салеметсізбе Такир Оспанұлы.Мен убтдан 98 балл алып едим және ауылдык квотаны қосып,физика матем ның педагогика мамандығына тусе аламынба? АЛДЫН АЛА РАХМЕТ.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант конкурсына өтініш 13-20 шілде аралығында онлайн қабылданады. Грант иегерлері конкурс нәтижесіне байланысты анықталады.

13-07-2020 10-13-45   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2263
Менын техника гылымдары бойынша кандидаттык дарежем бар. Кезынде 5 жыл техникалык университете окып (Порошковая металлургия, композиционные материалы и покрытия), Маман атанып, бырден Аспирантурага (Металлургия чёрных, цветных и редких металлов) тусып, 2010ж когалдым. Казыр химияны окыту бойынша докторантурага тусуге болады ма? IELTS 6,0 сертификатым бар. Сонгы 5 жыл бойы мектепте химиядан сабак беремын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Иә, болады. Оқуға тапсыру бойынша толық кеңесті қабылдау комиссиясы қызметкерінен алсаңыз болады. Тел.: 87758302255 Махаббат.

12-07-2020 20-12-45   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2262
Сәлеметсіз бе. Сіздердің колледжерінізге 11 сыныптан кейін қалай түсуге болады.Жәнеде оған емтихан тарсыру міндетті ме? Толық ақпарат берсеніз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың колледжі жоқ. Университетімізге оқуға тапсыру үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.

12-07-2020 10-34-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2261
Саламатсыз ба? Психологиялық тестті 9 шілде күні тапсырып едім. Сайттарыңыздан басқа күннің жауаптарын көрдім.Енді шығады ма басқа күндердің жауабы әлде осымен аяқталды ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері жүйеленіп, сайтқа жарияланады. Сайтта берілген ақпараттарды бақылап отыруларыңызды сұраймыз. Рахмет!

10-07-2020 19-12-24   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2260
Здравствуйте! На магистратуру заявление для участия в КТ нужно подать в тестцентре или в вашем сайте? Я бы хотела поступить в ваш ВУЗ. Заранее благодарю!
Жауап:

Здравствуйте! Для сдачи КТ в магистратуру заявки принимаются онлайн на сайте Тестцентр.

10-07-2020 15-16-14   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2258
Қызым ҰБТ дан 81 балл иеленді. "Алтын белгі" иегері.Биология және химия пәні бойынша университеттің қандай мамандықтар таңдауымызға болады? Биология және химия пәнінің мұғалімі бөлімі бар ма? Биология пәнінің мұғалімдерін дайындау бөліміне қанша грант бөлінген? Грант ұтып алуға мүмкіндігіміз бар ма?Осы мамандықты таңдасық арнайы тест тапсыру қажет па? Ол тестті қалай және қай уақыт аралығында тапсыруымыз қажет?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Биология- химия таңдау пәндері бойынша университетімізде «Биология» немесе «Химия» пәнінің мұғалімі, ғылыми биология және химия білім беру бағдарламалары бар. Биология-химия пәнінің мұғалімі болу үшін міндетті түрде педагогикалық емтихан тапсыру қажет. Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 13-20 шілде аралығында онлайн-өтініш өткізе аласыздар. Сәттілік тілейміз!

09-07-2020 21-27-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2257
Саламатсыз ба? Мен осы университеттің докторантурасын 2020 жылы тамамдадым. Бізге шілде,тамыз айларында стиендия неге берілмейді? Барлық ЖОО стипендия шілде,тамыз айларына берілген. Біз жанұямызбен маусым айында 15 кун ауырдық, айлығымды және стипендиямды қосқанда дәрі мен емделуге жетпеді. 0,5 ставкадан жүктемеде артық бермейді. ОЛ шамамен 45000 тг. айына. Осындай қиын заманда, ауру өршіп тұрғанда түсіністікпен қарап стипендия төлеулеріңізді сұранамын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант негізінде білім алушыларға шәкіртақы мемлекет тарапынан төленеді. Түлектерімізге шілде және тамыз айларына шәкіртақы мемлекет тарапынан қарастырылмағандықтан, шәкіртақы берілмейді.

09-07-2020 15-59-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2256
Саламатсыз ба.сиздерге физика паниниин мугалими мамандыгына тусу балы канша
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге тапсыру үшін 70 балл жинау қажет.

09-07-2020 14-37-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2254
Здравствуйте, я выпускница этого Универа. Когда будет готово приложение и диплом? Нам на магистратуру надо сдавать еще
Жауап:

Здравствуйте! По вопросу получения дипломов Вам следует обратиться к заместителю директора института. Спасибо!

Барлығы: 4039

« перв. ... < пред. ...  108  109  110  111  112 113  114  115  116  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
7
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений