Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
17-08-2020 23-00-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жанар

Сұрақ № 2319
Салеметсизбе! Әкімдік грантқа қалай қатыссам болады? Өте маңызды ,жауап бересізбе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 778 588 1280 Нұрмахан Әуесбекұлы.

17-08-2020 14-21-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Атагази Олжас

Сұрақ № 2318
Саламатсыз ба? Мен Атагази Олжас Сапарбайұлы қазіргі таңда Абай университетінде 2курс бітіріп 3курсқа ауыстым.Неліктен біздің университете онлайн түрде анықтама алатын партал жо ? Ректор кайда қарап отыр. Шапағаттың жұмысына базар жоқ айтқан затынды орындап береді, бірақ мен қалайша Ақтауда отырып ол атықтаманы алмақпын. Әрине мен Алматы қаласында бос журген адам іздеймін табылса жақсы табылмаса онда анықтаманы өзім барап алуыма тура келеді. Бұл маган тиімсіз. Басқа университете уйден шықпай ақ анықтаманы алуга болады бізде ол да жоқ Неге біз сонша артта қалып бара жатырмыз Неге университетке жаңартулар ергізілмен Осы Абай университеті Қазақстан бойынша ен алғаш ашылған университет топ үштікке тіреміз деп мақтағанда жақсысыздар бірақ цифрлық техника жағынан артта қалып бара жатырмын Біздің университете аити маманды,ын бітіріп жатқан қаншама студенттер бар одан басқа Цифрлық технология деген сабақ та бар бұның барлығы не керек Егер бізде өзіміз пайдаланатын партал жоө болса Жубанов университетінде оқитын достарымды көріп қызығып кетемін гой Уйден шықпай ақ анықтаманы онлаин турде алып керек жерге тапсыра алады бізде ол да жоқ Осы менің университетке деген улкен назым Соны тез арада дұрыстасаңыз жақсы болар еді
Жауап:

Құрметті студент! Университет тарапынан берілетін анықтаманы «Univer» ақпараттық жүйесі арқылы алуыңызға болады. «Univer» жүйесінде электрондық қызметтерді алу бойынша нұсқаулықпен сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінен таныса аласыз: https://www.kaznpu.kz/kz/3007/notice/.  Анықтаманы алу кезінде сұрақтарыңыз туындаса, Call-орталығы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 221-85-14. 

Университеттегі енгізілген цифрлық технологиялар мен қызметтер туралы толық ақпаратты Білімді ақпараттандыру департаментінің директоры Бақытжан Сражатдинұлы Ахметовтен алсаңыз болады. Тел.: 293-92-68. Сұрағыңыз үшін рахмет! 
 
17-08-2020 13-55-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Төленбек Естай

Сұрақ № 2317
Құрметті Такир Оспанұлы, осы жолы сабақ онлайн өтеді ме? Әлде барып оқимыз ба?
Жауап:

Құрметті студент! Жаңа оқу жылы карантин жағдайына байланысты онлайн форматында басталады. 

17-08-2020 10-21-46   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2316
Амансыз ба, Тахир Оспанұлы! Сіңлім Көлен Аружан 90 балмен педагогика мамандығына түсе алмады. Мектепті үздік аттестатпен бітірген. Сіздердің жоғары оқу орындарыңызда осындай талапкерлерге қандай да бір жеңілдіктер бар ма? ҚазҰПУ-де бір жыл тегін оқып, босаған грант орындарына конкурсқа тапсырса болады деп естіп едім. Қаншалықты рас?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміз тарапынан берілетін жеңілдіктер ережесімен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf

Оқу жылы барысында мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда грант орындарына конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесі бойынша грантқа бекітілген талаптарға сәйкес іріктеуден өткен үміткерлер ие болады. Грант иегерлері министрлік тарапынан бекітіледі.

17-08-2020 10-19-54   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Асильханова Диана

Сұрақ № 2315
Саламатсыз ба!Менин аты-жоним Асильханова Диана.Мен 2020 битируши тулекпин.Окинишке орай мемлекеттик грантка илинбедим.Енди сурайын дегеним,менде квота бар,тул жетиммин.Сиздерге окуга грантка илине аламын ба?Отиниш...
Жауап:

Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының қызметкері Ақтілек Қадырқызы Ормановамен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8707 767 36 26.

17-08-2020 10-15-08   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Асильханова Диана

Сұрақ № 2314
Саламатсыз ба!Менин аты-жоним Асильханова Диана.2020 жылы битирген тулекпин.Тандау паним Джт-Агылшын Убт-дан 71 балл жинадым.Бирак мемлекеттик грантка илинбедим.Енди менин сурайын дегеним,менде квота бар еди мен тул жетиммин,Аке-шешем жок.Сиздерде мен сиякты балаларга грантка тусуге мумкиндик барма?Карастырып кориниздерши отиниш...
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты қызметкерлеріне тапсыруыңыз қажет. Сайтымызда  жеңілдік ережесі жарияланған: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. 
Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен де хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.
16-08-2020 19-39-54   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2313
Құрметті Тахир Oспанұлы менің сізге айтарым универдегі оқу ақысы мәселесі біз ФКББИ студенттері оқу ақысын толесекте толемеген студенттердің қатарындамыз бірақ біз толығымен толеп оқу ақсын жауып тастағанбыз бірақ бугалтерге қайта қайта чек жіберсекте әлі ол тізім өзгермед і ең сорақысы бүгін оқудан шығаралатын студенттердің тізімінде тұрмын бұл жалғыз мен ғана емес тағы осындай 10 нан аса студенттер бар шара қолдануыңызды сұраймыз ОҚЫ АҚЫСЫН ТӨЛЕСЕКТЕ ЖАЙДАН ЖАЙ ОҚУДАН ШЫҒЫП КЕТКІМІЗ КЕЛМЕЙДІ ❗️❗️❗️ Жұмысқа жауапкершідікпен қараса жақсы болар еді қаншама адамның жүйкесін жұқартпай!!!!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе міндетті түрде тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Рахмет!

15-08-2020 23-05-45   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2312
Саламатсыз ба,осы университете коп балалы отбасыларға ақылы бөлімде оқуға қандай жеңылдыктер бар
Жауап:

Құрметті талапкер! Университетімізде ақылы негізде оқитын білім алушыларға берілетін жеңілдіктер ережесімен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf

14-08-2020 23-47-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2311
Салеметсизбе! Сиз баскарып отырган университеттин акылы болимине тустим. Алматы обл. турамын. Биздин ауылда тек кана ватсап желиси истейди, ноутбук болганымен интернет жок.Зум деген программа мулдем iстемейдI. Ватсаппен жане почтамен жумыс жасауга болама? Накты жауап берсениз деймин. 1 курс болгандыктан уайымдап журмиз уй ишиммен
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында оқу үдерісі онлайн форматта ұйымдастырылады. Оқу барысында интернет желісі мен техникалық қажеттіліктерге байланысты мәселелер орын алған жағдайда институт директоры мен оқытушыңызға ескертуіңізге болады. 
Қашықтан оқыту платформаларына келетін болсақ, университет тарапынан арнайы нұсқаулықтар беріледі. Қолданыстағы платформаларды білім алушылар компьютер, ноутбук және телефон арқылы қолдана алады.
14-08-2020 13-22-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2310
Сәлеметсіздер ме!Келе жатқан оқу жылында төлемақы бойынша жеңілдіктер боладыма?Оған да документтер жинауымыз керекпе?
Жауап:

Құрметті талапкер! Университетімізде ақылы негізде оқитын білім алушыларға берілетін жеңілдіктер ережесімен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директоратына өткізу қажет. Рахмет!

13-08-2020 13-49-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2309
Ғылыми мамандықтардың стипендиясы 42.000 тг болама? Себебі оқуға түсетін кезде мұғалім болып та жұмыс жасауға болады деп айтқан еді.
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы тек педагогикалық мамандықтарға ғана көтеріледі.

11-08-2020 11-29-39   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: ата-ана

Сұрақ № 2308
Сәлеметсіз ба?Бір мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Былтырғы оқу жылында қызым осы оқу орнының туризм бөліміне құжат тапсырғанбыз. Яғни 2019-2020 оқу жылында сіздерде "Алтын белгімен"барғандар бір жыл тегін, Қызыл аттестатпен барғандар 50 пайыз жеңілдікпен оқылады деген. Біздер сол 50 пайыз жеңілдікпен оқып шықтық. Енді күні кеше қызыма сіздің оқу ақысы түгел төленбеген деп хабарлама келіп тұр. Мен есеп бөліміне телефон соғып сұрағанымда, сізде 20 пайыз жеңілдік деп тұр дейді.л қандай жеңілдік екенін, қалай болғанын түсінбедім. Құжат қабылдаған комиссиядан кеткен қателік болар, енді осы мәселені шешіп беруге көмек жасауыңызды сұраймын.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Хатыңызда көрсетілген мәселе қарастырылып, ақылы негізде оқитын білім алушыларға жеңілдік беру туралы бұйрықты рәсімдеу кезінде техникалық қателік жіберілгендігі анықталды. Қателік түзетіледі. Өткен жылға студент А.А. Набидолллаеваның оқуына 50% жеңілдік беріледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

10-08-2020 20-56-46   Басқа

Сұрақ қоюшы: Ибраева Магрипа Курманбековна

Сұрақ № 2307
Құрметті Тахир Оспанұлы,Сізді 63 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып,ұжымның құрметіне бөлендіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты ұстаздың, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай игі істерді атқарарыңызға кәміл сенімдіміз.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Жауап:

Құрметті Мағрипа Құрманбекқызы! Ізгі тілектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.Сіздердің қолдауларыңыз бен жоғары сенімдеріңіз мен үшін маңызды. Рахмет! 

10-08-2020 11-04-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2306
Сәлеметсіз бе! Осы жылы магистратураға документтерді қашан тапсырамыз? Онлайн форматта тапсырамыз ба әлде офлайн ба? Елдегі жағдайға байланысты 0.86 медициналық анықтаманы алуда қиындықтар туындауы мүмкін, ол жағдай қарастырылуда ма? Осы сұрақтарға мәліметтер қашан шығады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Магистратураға өтініш беру 19 шілде күні аяқталған. Құжатты КТ тапсырып, қажетті балл жинағаннан кейін тапсырасыз.

09-08-2020 11-34-21   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2305
Сәлеметсізбе біз қала әкімі бөлген грантқа қатыса аламызба.Сіздердің университеттеріҢІзге бөліндіма.Біз алматы қаласында тұрамыз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетімізге оқуға тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.

05-08-2020 13-40-22   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жангелди Тултебаев

Сұрақ № 2304
Саламатсызба Такир Оспанулы! Оскемен каласындагы С.Аманжолов атындагы университетке жалпы конкурс бойынша « Азык тулик онимдерин ондеу » мамандыгына тускен кызымды сиздерге биология—химия мамандыгына ауыстыруга болама ? Акылы болимине биринши курсты аяктады.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

04-08-2020 15-30-10   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2303
Наука(химия, биология) мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 42000 болама себебі болашақта мұғалім болып жұмыс жасауға боладығой.
Жауап:

Құрметті студент! Шәкіртақы тек педагогикалық мамандықтарға ғана көтеріледі.

03-08-2020 17-35-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2302
Қайырлы күн! Менің ұсынысым: басқа да отандық университеттер сияқты университет ішілік гранттар көбірек бөлінсе екен деймін. Мәселен: жеке ректор гранты немесе әр институтта жоғары білікті профессор оқытушылар көп қой...Сол сияқты бетке ұстар азаматтарымыз өз есебінен, студенттер болашағы үшін грантқа конкурс өткізсе...Әр институттан жоғары gpa балл есебімен оқу үлшеріміне қарай отыра анықтаса керемет болар еді. (бұл үрдісті еліміздегі және өзіміздің Алматы қаласындағы оқу орындарынан байқаймыз.бірақ Абай университетінен өкінішке орай естімедік...)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы толығырақ келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Ректор гранты жоқ. Ұсынысыңыз үшін рахмет!

01-08-2020 12-18-56   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2301
Қайырлы күн! Мен қазір ҚазҰУ биология мамандығы бойынша 2-курсты аяқтадым. Енді сіздердің университеттеріңізге екі шет тілі мұғалімдік мамандығында оқығым келеді. Қалай ауыссам болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетімізге ауысу жолдары туралы толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алсаңыз болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

30-07-2020 19-02-01   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жолдыбаева Бибігүл

Сұрақ № 2300
Сәлеметсіз бе құрметті Такир Оспанұлы. сұрайын дегенім қыркүйек айында 1-ші, 4-ші курстар оқиды ма? Әлде қаңтар айынан бастап оқимыз ба? Әбден уақыты жеткенде айтылады, сосын бізде проблема басталады. Алдын ала айтылса қамданатын едік. Толыққанды жауап беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент! Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Білім алушыларға оқу үдерісіне қатысты қабылданған шешім мен қашықтан оқу бойынша нақты нұсқаулықтар институт тарапынан берілетін болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 
Барлығы: 4042

« перв. ... < пред. ...  106  107  108  109  110 111  112  113  114  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений