Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
12-07-2020 20-12-45   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2262
Сәлеметсіз бе. Сіздердің колледжерінізге 11 сыныптан кейін қалай түсуге болады.Жәнеде оған емтихан тарсыру міндетті ме? Толық ақпарат берсеніз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың колледжі жоқ. Университетімізге оқуға тапсыру үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.

12-07-2020 10-34-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2261
Саламатсыз ба? Психологиялық тестті 9 шілде күні тапсырып едім. Сайттарыңыздан басқа күннің жауаптарын көрдім.Енді шығады ма басқа күндердің жауабы әлде осымен аяқталды ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері жүйеленіп, сайтқа жарияланады. Сайтта берілген ақпараттарды бақылап отыруларыңызды сұраймыз. Рахмет!

10-07-2020 19-12-24   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2260
Здравствуйте! На магистратуру заявление для участия в КТ нужно подать в тестцентре или в вашем сайте? Я бы хотела поступить в ваш ВУЗ. Заранее благодарю!
Жауап:

Здравствуйте! Для сдачи КТ в магистратуру заявки принимаются онлайн на сайте Тестцентр.

10-07-2020 15-16-14   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2258
Қызым ҰБТ дан 81 балл иеленді. "Алтын белгі" иегері.Биология және химия пәні бойынша университеттің қандай мамандықтар таңдауымызға болады? Биология және химия пәнінің мұғалімі бөлімі бар ма? Биология пәнінің мұғалімдерін дайындау бөліміне қанша грант бөлінген? Грант ұтып алуға мүмкіндігіміз бар ма?Осы мамандықты таңдасық арнайы тест тапсыру қажет па? Ол тестті қалай және қай уақыт аралығында тапсыруымыз қажет?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Биология- химия таңдау пәндері бойынша университетімізде «Биология» немесе «Химия» пәнінің мұғалімі, ғылыми биология және химия білім беру бағдарламалары бар. Биология-химия пәнінің мұғалімі болу үшін міндетті түрде педагогикалық емтихан тапсыру қажет. Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 13-20 шілде аралығында онлайн-өтініш өткізе аласыздар. Сәттілік тілейміз!

09-07-2020 21-27-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2257
Саламатсыз ба? Мен осы университеттің докторантурасын 2020 жылы тамамдадым. Бізге шілде,тамыз айларында стиендия неге берілмейді? Барлық ЖОО стипендия шілде,тамыз айларына берілген. Біз жанұямызбен маусым айында 15 кун ауырдық, айлығымды және стипендиямды қосқанда дәрі мен емделуге жетпеді. 0,5 ставкадан жүктемеде артық бермейді. ОЛ шамамен 45000 тг. айына. Осындай қиын заманда, ауру өршіп тұрғанда түсіністікпен қарап стипендия төлеулеріңізді сұранамын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант негізінде білім алушыларға шәкіртақы мемлекет тарапынан төленеді. Түлектерімізге шілде және тамыз айларына шәкіртақы мемлекет тарапынан қарастырылмағандықтан, шәкіртақы берілмейді.

09-07-2020 15-59-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2256
Саламатсыз ба.сиздерге физика паниниин мугалими мамандыгына тусу балы канша
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге тапсыру үшін 70 балл жинау қажет.

09-07-2020 14-37-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2254
Здравствуйте, я выпускница этого Универа. Когда будет готово приложение и диплом? Нам на магистратуру надо сдавать еще
Жауап:

Здравствуйте! По вопросу получения дипломов Вам следует обратиться к заместителю директора института. Спасибо!

09-07-2020 13-02-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2253
Құрметті Тахир Оспанұлы, сәлеметсіз бе!
Бітіруші студенттер дипломдарын қашан алады? Біздің университеттен басқа барлық жоғары оқу орындары дипломдардың қағаз да, электрондық та форматтарын беріп тастаған баяғыда. Тым болмағанда онлайн жіберсеңіздер болады ғой. Не жұмысқа тұра алмай отырмыз, не магистратураға түсуге документтер бере алмай отырмыз. Оны бермей созудан не пайда? Университетте жұмыс істеп жүрген адамдар бар ма өзі? Университетке келсек, үнемі орындарында отырмайды немесе сағаттап обедте болады. Сұрақ қойсаң айғайлап шығады, жауап бермейді.
Осы мәселелердің шешімін тездетсеңіздер жақсы болар еді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу жолдары туралы институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

09-07-2020 12-50-23   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2252
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы.Менің GPA балым-3.51. Мемлекеттік емтиханнан бағам 5. 1 курсты бітірдім, бағаларым өте жақсы және жақсы. Қызыл аттестат алуға мүмкіндігім бар ма? Қызыл аттестат алу үшін не маңызды рөл атқарады? Алдың ала рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт директорынан немесе эдвайзеріңізден білуіңізге болады.

09-07-2020 11-02-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2251
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының түлегімін. Диплом почта арқылы жіберіледі делініпті.
Олай болса бізге неге тек дипломның қабы ғана берілді, транскрипт әлі дайын болмай жатыр, білмейміз қашан дайын болатынын деген жауап естиміз Жанагуль Шынгысхановнадан. Магистратурага түсу үшін осы айдың 15не дейін дипломымызды тапсыру керекпіз. Группамызда шет елге оқуға тапсыратын студенттер де бар.
Осы сұраққа нақты жауап алайық деп едік. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Диплом табыстау рәсімі белгіленген талаптарға сәйкес өтеді. Институт директорларына нұсқаулық берілді. Шағымыңызды ескереміз. 

09-07-2020 10-32-43   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2250
Саламатсыз ба?
Мен ҰБТ - дән 94балл жинадым.
Оның ішінде: физика 34
Математика 24
Оқу сауаттылық 19
Математикалық сауаттылық 13
Қазақстан тарихы 4
1)Физика мұғалім оқуына түсе аламын ба немесе ақылы бөлім неше теңге?

2)және тағы 1 сұрақ : 1 семестр ден кейін мемлекеттік грантта оқудан түсіп қалған студенттердің грантын ала аламыз ба? Оны қалай береді?


Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, Сізде Қазақстан тарихынан 4 балл, бұл көрсеткіш бойынша ақылы бөлімге де түсе алмайсыз. Тамыз айында ҰБТ тапсырып, әр пән бойынша шекті балл жинап, бізге ақылы бөлімге оқуға келсеңіз болады. Сәттілік тілейміз! 

08-07-2020 19-13-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2249
Сәлеметсізба ! Мен Абай атындағы пед университетке оқуга биология пәнінің мұғалім ретінде тапсырайсам ба деп ойлап жүрмін.
Бірақ Ент да 55 бал жинап қалдым . Январь да тапсырған тесттен 84 балл жинадм сол сертификатпен оқуға түсуге болады ма? Ақылы бөлім қанша жылына? негізі мен мектепте отличницамын оған жеңілдіктер қарастырылама ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің ақылы бөлімінің педагогикалық білім беру бағдарламаларына - 70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына - 65 балл жинау қажет. Сізді қаңтар айында тапсырған сертификатыңызбен ақылы бөлімге қабылдай аламыз. «Биология» пәнінің мұғалімі  мамандығының оқу ақысы 550 мың теңгені құрайды. Толығырақ ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы: 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы:  8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.

08-07-2020 17-24-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Денис

Сұрақ № 2248
Хотелось бы поблагодарить за отзывчивость, умение работать со студентами и не бросить в трудную минуту, Лязат Нурмахановну. Огромное спасибо ей, за быстрое, а главное успешное решение проблемы по определенным причинам.
Жауап:

Здравствуйте! Приятно получать такие отзывы о своих  сотрудниках. Спасибо большое! Желаем Вам благополучия!

08-07-2020 17-24-31   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Жахан Ақбота

Сұрақ № 2247
Сәлеметсіз бе! Мен 94 баллмен осы универге "биология-химия мұғалімдерін дайындау" деген факультетке түсе аламынба грантқа. Мүмкіндік барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік гранттар конкурсына құжаттарыңызды тапсырып көріңіз.

08-07-2020 16-56-41   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Қорғанбай Дамир

Сұрақ № 2246
Құрметті Балықбаев Такир мен ҰБТ-дан 78 балл жинадым. Физика пәнінің мұғалімі мамандығына гратқа түсе алам ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Грант иегерлері конкурс нәтижесіне байланысты анықталады. Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысып көріңіз. Сәттілік тілейміз! 

08-07-2020 11-52-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2245
Салеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! Мен бітіруші түлекпін! Дипломды әрең деген де алдық, рақмет! Бірақ ішін қате болып шықты! Қайтадан жасату үшін сіздің және декандардың колы керек деп жатыр! Неліктен дипломды қатесіз жазбайды!!! Бізге черновой вариантын да жібермедіғой тексертуге!!! Жауапкершіліктері қайда бұндай іске?! Мынандай жағдайға қарамастан, алыс жерден келіп тұрмын! Маған тез арада қайтадан жасатып беруіңізді сұраймын!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Жіберілген қателіктер үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!

07-07-2020 16-49-38   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2244
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен "Алтын белгі" иегері едім. ҰБТ-де 87 ұпай жинаған болатынмын. Сіздердегі ректорлық гранттың 1 жылдық мерзімі аяқталған соң, тегін оқу мүмкіндігі келесі жылға ұзартылады ма? Тағы бір сұрағым келетіні тегін оқу мерзімі ұзартылу үшін 4-5-ке оқу керек пе, әлде бірыңғай 5 болу керек па? Алдын ала рахмет!
Жауап:

Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен мемлекеттік грант конкурсына тапсырып көріңіз. Университет тарапынан «Алтын белгі» иегерлеріне 1 оқу жылына  100% жеңілдік қарастырылған. Сізге сәттілік тілейміз!

07-07-2020 15-02-11   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2243
Сәлеметсізбе,сестренкам 52балл алды биохимнан
,52баллмен ақылы бөлімге түсе аладыма педагогика мамандығына?
Көп балалы отбасымыз жәнеде үйде инимиз инвалид қандай скидка и қандай көмек болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөліміне тапсыру үшін шектік балл көрсеткіштерін ұсынамыз: педагогикалық білім беру бағдарламаларына - 70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына - 65 балл. Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, шектік балл жинасаңыз, ақылы бөлімге түсе аласыз. Университетімізде ақылы бөлім білім алушыларына бірқатар әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!

06-07-2020 23-35-02   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Изтурганова Дана

Сұрақ № 2242
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Мен, 5В010900-Математика мамандығының бітіруші түлегі Изтурганова Дана! Осы уақыт аралығында білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма, Әбілқасымова А.Е.,Жұмашева С.С., Ералиев С.Е., Тұяқов Е.А., Байшемиров Ж.Д., Нурмухамедова Ж.М., Нурбаева Д.М., Жансеитова Л.Ж.өз алғысымды білдіремін! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»- деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Жауап:

Құрметті Дана! Жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Мансап жолында тек табыс тілейміз. Аман болыңыз!

06-07-2020 14-28-03   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Нургул Тулегенова

Сұрақ № 2241
Сәлеметсіз бе мен сіздерге оқуға түсу үшін құжат тапсыруым керек еді енді сұрағым психометриялық тестті астана мед универінен тапсырдым ол болдыма әдде тағы сіздерде тапсырамын ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық тестті оқу орнымыздың сайтында берілген сілтеме арқылы тапсыра аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2200/page/. Бізге оқуға тапсыруға ниеттенсеңіз, көрсетілген сілтеме арқылы тапсыруға кеңес береміз. Сәттілік тілейміз!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  109  110  111  112  113 114  115  116  117  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений