16-02-2021 20-01-09
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4643 Здравствуйте, уважаемый Тахир Балыкбаев. Я студент 1 курса бакалавриата, второго высшего образования.
Хочу поменять специальность внутри факультета. Когда и как можно будет перевестись?
Жауап:
Здравствуйте! Правила перевода, отчисления и восстановления обучающихся размещены на сайте университета: https://www.kaznpu.kz/ru/123/page/. Также по вопросам перевода просим обращаться к ответственным лицам институтов:
- Институт Сорбонна-Казахстан, Жабелова Толкын Ергазиевна, заместитель директора по учебной работе, t.zhabelova@sorbonne.kz
- Институт математики, физики и информатики, Хамраев Шерипидин Итахунович, заместитель директора по учебной работе, +7(727) 261-15-76, hamraev_sh@bk.ru
- Институт педагогики и психологии, Акжолова Актоты Тулеумуратовна, заместитель директора по учебной работе, +7(727)291-84-09, aktoty_72@mail.ru
- Институт филологии и полиязычного образования, Саметова Жанагуль Шынгысхановна, заместитель директора по учебной работе, +7(727)291-87-80, janagul-85@mail.ru
- Институт естествознания и географии, Демеуова Лязат Нурмахановна, заместитель директора по учебной работе, +7(727)291-64-57, Laz.nr@mail.ru
- Институт искусств, культуры и спорта, Оспанбеков Ернар Ерланович, заместитель директора по учебной работе, +7(727) 293-81-44, ernar_erke@mail.ru
- Институт истории и права, Жалмагамбетов Ерланбек Адилбекович, заместитель директора по учебной работе, 8-707-535-04-01, yerlan_bek@mail.ru.
16-02-2021 14-13-52
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4642 Сәлеметсізбе? Екінші поток оффлайн оқитындар билет ала берсек болама? Күн жақындаған сайын билет азаюда. Осы сұраққа нақты жауап болса жақсы болар еді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Офлайн форматта оқуға шақыртылатын студенттердің сабағы 29 наурызда басталады. Қосымша ақпаратты институт директоратынан алуыңызға болады. Рахмет!
16-02-2021 12-24-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4641 қайырлы күн, Тахир Оспанұлы. Мен Физика математика және информатика институтының 4-урс студенті боламын. Мен осы жылы диплом алуым керек еді. Алайда, 1-рубежкада 1 пәннен аз балл алып қалдым. Дәл сол сабақтан 2-рубежкада аз қалып қалған болатынмын. Бұл жерде менің өзімнің себептеріме байланысты болды, яғни денсаулығымның әсерінен(мүгедектік 3-топ) бірнеше себеп болып қалды. Мұғалімдер маған барынша көменктесті. МЕн дипломды осы жылы алғым келеді. Себебі жұмысты да кешіктірмей жасағым келееді. Өтінііш көмектесіп жібьерсеңіздер екен. Карантин уақытыда әсер етпей қоймады, алайда университетіміз бізге барлық жағдай жасапп бергені рас. Ендігіі кезекте осы бір пәннен жақсы өтіп дипломды осы жылы алуға болады ма білгім келеді. Рахмет сізге көп көп!!!
Жауап:
Құрметті студент! Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығының (2018.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 2 тарау 22 бабына сәйкес бітіруші курс студенттері үшін қосымша жазғы семестр қарастырылмаған, яғни пәндер бойынша академиялық қарыздары бар студенттерді диплом жұмысын қорғауға немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыруға жіберуге мүмкіндік жоқ.
15-02-2021 15-38-55
Басқа
Сұрақ қоюшы: Роза Сұрақ № 4640 Құрметті Тахир мырза
Мен Абай Байзаковадағы корпуста еден жуушымын.Мен уш жыл бойы зарплата алмадым.Себебі енбек акымды Сол кездегі комендант Нұрпаш алып отырды. Өзінің қалтасына салып.Мені жұмысқа шығарған жоқ уш жыл бойы.Енді жұмысқа шықтым.Еден жуамын.БирақНұрпаш менің соңыма тусип алды. Қазір ол 5 жатақхананың коменданты.Қол астында өзінің туған ұлы және туысқан қызы жұмыс істейді.Мені қорқытып айтатыны Ректор менің туысқаным және Ғабит Дулатовта менің туысқаным дейді.Маған ештеңе істей алмайсың дейді. Осыған бір шара қолданыңыз,3 жылғы ақшамды қайтарсын.Мен АХЧ басшыларына барып айтқанмын Ришад пен Бакытжан ба алде Бауыржан ба сол кісілерге.Бирақ әлі хабар жоқ.Болмаса НұрОтанға барайын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Бұл мәселе міндетті түрде тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
15-02-2021 12-32-41
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4639 Здравствуйте! Я учусь на 4 Курсе на Гранте по педагогической специальности. Могу ли я отрабатывать грант в частном учреждении, если я уже работаю по специальности. Или же я в обязательном порядке должна устроиться в государственное учреждение. Заранее большое спасибо.
Жауап:
Здравствуйте! Отработка гранта осуществляется в государственных образовательных учреждениях. Для получения более полной информации по данному вопросу можете обратиться в Центр «Карьера».
Контакты: ул. Казыбек би, №30, учебный корпус №1, 204-й каб. Тел.:+7(727)291-83-50, e-mail: opit_kaznpu@mail.ru.
15-02-2021 12-30-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4638 Здравствуйте! Я хотела бы узнать по поводу выпускных экзаменов. Студенты педагогических специальностей. Мы сдаём только дипломный проект или экзамены тоже? Буду ждать ответа. Заранее большое спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! В соответствии с п. 14 ГОСО МОН РК от 05.05.2020 г., итоговая аттестация проводится в форме написания и защиты дипломного проекта, т.е. экзамен не сдается.
Однако для следующей категории лиц:
1) находящихся на длительном лечении в стационаре по состоянию здоровья;
2) с особыми образовательными потребностями, в том числе дети-инвалиды, инвалиды с детства, инвалиды I группы;
3) беременные или воспитывающие детей в возрасте до 2-х лет;
4) студенты заочной формы обучения, которые находятся на доучивании,
Защита может быть заменена сдачей двух комплексных экзаменов. Для сдачи комплексного экзамена обучающийся пишет заявление на имя руководителя ВУЗа и представляет соответствующий документ.
15-02-2021 01-28-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4637 Саламатсыз ба Такир Оспанулы! Сызден сұрайын дегенім, мен қазіргі таңда 1 курсты Алтын белгі бойынша 100% жеңілдікпен оқып жүрмін, 2 курста бұл жеңілдік сақталады ма, егерде мен 1 курсты А, А- бітірсем? Алдын ала рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Алтын белгі бойынша 100% жеңілдік тек бірінші жылға беріледі.
14-02-2021 19-51-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4636 Салематсыз ба. 3 курста президенттік степендия алу үшін. 3 рет жоғарғы степендия алу керек деген рас па???
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы алу үшін барлық пәндерден оқу үлгеріміңіз тек «өте жақсы» (А, А-) болуы керек.
13-02-2021 01-10-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Даулеткалиева Эльмира Сұрақ № 4635 Сәлеметсіз бе, құрметті Балықбаев Тахир Оспанұлы! Мен пелагогика және психология институтының 3-курс студенті боламын. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға-оқытушысы Момбиева Гүлмира Абуқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Гүлмира Аьуқызының арқасында ғылыми олимпиадалар мен конкрусқа қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Сондай конкурстарда Гүлмира Абуқызы маған үлкен қолдау білдіріп, өзінің шеберлігі арқасында маған кәсіби түрде нұсқау берді, ол кісінің алдында басымды иіп, АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Білім және өмір жолында Сізге тек сәттілік тілейміз!
12-02-2021 16-29-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4633 Ректорымызға алғысымыз шексіз. Онлайн оқу форматы кезінде электронды кітапхана жүйесін еңгізіп бергеніне. Сабақ оқуымызға үлкен көмегі тиіп жатыр. Рахмет!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университет басшылығы білім алушылардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасайды. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
12-02-2021 13-44-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Фатима Сұрақ № 4631 Электронды кітапхана жұмыстарына ризамыз. Эдвайзерміз бен кітапхана қызметкерлері кездесу өткізіп барлығын түсіндірді.Онлайн форматта барлық оқулықтарға қол жеткізіп отырмыз,рахмет!
Үлкен алғыспен БББ АКт 1к 3ж!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
10-02-2021 22-19-11
Басқа
Сұрақ қоюшы: Джунусова Раушан Жексенбайқызы Сұрақ № 4628 Құрметті Такир Оспанұлы!
Біз 6D011300 Биология мамандығының докторанты Джунусова Р.Ж. және магистранттары ТаңатароваА.Қ.,Сейдехан М.Қ. өткен жылы университет ректорының «Жас зерттеушілердің ғылыми жобалары мен стартап-жобаларына» арналған грантын жеңіп алып (қаржыландыру сомасы 800 мың тенге) «Генетика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргіздік. Біз осы ғылыми жоба аясында жобаны ұтып алудан бастап есеп беру құжатына дейінгі ғылыми жоба жұмысын жасаудың барлық кезеңдерін және жүргізілетін іс құжаттарды толық меңгердік. Зерттеу жұмысының нәтижесінде бір электрондық оқулық және бірнеше мақалалар жарияладық. Бұндай қолдау біз сияқты жас ғалымдар үшін өте үлкен көмек әрі тағлымы мол тәжірибе. Сол үшін Сізге алғысымызды білдіргіміз келеді.
Сіз басшылық саласында өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен, адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз. Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Жауап:
Құрметті Раушан! Университетімізде ғылыммен айналысатын жастардың кәсіби өсуіне, олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатысуына мүмкіндігінше барлық жағдай жасалады. Жас ғалымдарымыз еліміздің дамуына үлестерін қосады деген сенімдемін. Ізгі тілегіңіз үшін үлкен рахмет!
09-02-2021 16-02-19
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Курбонова Ирода Шокировна Сұрақ № 4627 Ассалому алайкум. Мен Курбонова Ирода Шокировна Ўзбекистон Республикаси фуқаросиман. Мен санъат, маданият ва спорт институтини 2019-2020 ўқув йилида 1 курсни онлайн сиртқи тамомлаганман. 2020 йилда 14-февралдан бошлаб ўқишни Ўзбекистонда Самарқанд давлат университетида давом эттира бошладим. Ҳозирги кунда менга Пахтачи педагогика коллежини тугатганлигим ҳақидаги дипломимни Самарқанд давлат университетига олиб келиб топширишим учун чақирув хати ҳамда Қозоғистон Республикасига боришим учун божхона идорасига хабарнома беришингизни сурайман.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз Өнер, мәдениет және спорт институтының басшылығына жолданды. Жауапты тұлғалар Сізбен хабарласатын болады. Рахмет!
08-02-2021 14-34-55
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мок-191 топ студенттері Сұрақ № 4620 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында психология пәнінен сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін берген Жігітбекова Бахыт Дастанқызына ерекше алғыс білдіреміз!
Құрметті Жігітбекова Бахыт Дастанқызы, әрбір бағажетпес дәрістеріңіз мен өмірлік жолымызда қажет болатын тәжірбиелеріңізбен бөліскенінізге көп рахмет! Әрбір дәріс сабақтарыңызда студенттермен кері байланыс жасап, әрбір студентті бағалап, қазіргі жағдайға байланысты студенттерге моралдық тұрғыдан көмек көрсеткенініз үшін рахмет! Бізді қанша жерден қашықтықтан болсада таласып тармасып сабақ айтатын, дебат жасайтын, пікір алмасатын, жан-жақты айтқан пікірімізді бағалайтын сіздей маманнан сабақ алғанымыз үшін қуанамыз.
МОК191 тобы сізге шығармашылық табыс тілейді!!
Жауап:
Құрметті студенттер! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, ізгі тілектеріңізді білдіргендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Болашақта білікті маман болатындарыңызға біз сенімдіміз.
08-02-2021 01-15-53
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4616 Салеметсизбе! Жетім балаларға оқу ақысына ректорлық грант тағайындалама?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда ақылы негізде оқитын білім алушыларымыз үшін 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Толығырақ жеңілдік ережелерімен сайтымыздан таныса аласыз:https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Жеңілдіктер бойынша қосымша ақпарат алу үшін Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Қазына Асанқызы Бекбенбетовамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-83-82, b_kazyna@bk.ru, kaznpu_tarbie@mail.ru. Рахмет!
08-02-2021 01-00-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4615 2 семестр басталып кеткеніне қарамастан, дәл қазіргі уақытта топ ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Мысалы, тарих-құқық негіздерінен тарих-дінтануға, грантты сақтай отырып,екеуі бір оқу тобына жатады ғой.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру каникул уақытында жүзеге асырылады. Барлық ауысу сұрақтары бойынша институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады. Рахмет!
05-02-2021 19-21-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4614 Сәлеметсізбе Такир Балықбаев. Зертханалық жұмыстан беретін Сарсекова Клара апай 25-30 есеп береді.Бұл тым көпкой.5-10 есеп берсе де жететін еді. Оның жанында зертханалық жұмыс жазып, презентация дайындап сабақ айтамыз.Және де бізде арнайы есеп шығаратын сабақ бар. Жоғары курс емеспіз, 1 курс студенттері үшін тым көп секілді. Бізде оны шығаруға уақытта жетпейді. Басқа пәндерден шығаратын есеп, орындайтын жаттығуларымыз, сөж және бөжіміз бар.Түсіністікпен қарайсыз деп үміттенеміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Силлабуста көрсетілген сағаттар бойынша тапсырмалар беріледі. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!
04-02-2021 17-17-12
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4613 Сәлеметсізбе, ректор мырза! Желтоқсан айында КАЗНПУ -дың барлық институты бойынша эдвайзерлердің жиналысында бір бастық айтқан еді "Эдвайзерлік группасы бар оқытушыларға 15мың теңгеден қосылады, ноябрьде бұйырық шықты. Енді декабрьде екі айдың (ноябрь, декабрь)ақысын қосып төлейміз деген еді. 4 ай болды уәде бергендеріне. Әлі қосылған жоқ. Бұл жай ғана уәде болып қалдыма? Енді бізге эдвайзерлік жұмысқа қосылмайтын болдыма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Техникалық қателіктерге байланысты эдвайзерлік қызмет үшін төленетін төлемақы туралы бұйрық кеш шықты. Эдвайзерлік жұмысқа ағымдағы айда төленеді. Рахмет!
04-02-2021 11-56-33
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4612 Сәлеметсіз бе?!
Менің қызым филология факультеті,екі шет тілі мамандығының студенті. Сіздерден сұрайтыным қытай тілінен педагогтардың сабақ беруін қадағалау. Үйрететіні аз,сұрайтыны көп. Түрік тілі болса түсінетін едім оңай. Қытай тілі қиын ғой. Ата-аналар білмейді деп ойлайсыдар ма? Балалардың сабағын бақылаймыз,білеміз бізде нені қалай үйрететінін.
Сосын қызыма өтініш білдіріп,пікір білдірсенші десем.Мұғалімдер кейін кім жазды деп ұрсып,балаларды қорқытатын көрінеді. Осы жағдайды да педагогтарыңызбен талқыласаңыздар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Оқу үрдісіне жауапты тұлғалар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Рахмет!
03-02-2021 19-50-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Роза Нуриддинқызы Сұрақ № 4611 Сәлеметсіз бе Ректор мырза! Сізден өтінерім тобында 1 немесе 2 Студенттері бар топтардың сабақтарының сағатын азайтуыңызды немесе 1 сағаттық сабақты 30 минутқа ауыстыруыңызды сұраймын. Меніңше 1 лекция мен 1 семинардың өзі жеткілікті деп ойлаймын. Оның үстіне мен Зумға телефонмен кіремін 1 күнде 6 сағат сабақ болады, сол кезде телефонымның зарядкасы тез бітіп үнемі тоқтың алдында отырамын одан шығатын ультракүлгін сәулелер басыма тікелей әсер етеді. Сабақ аяқталғанша басым қатты ауырып, көздерім әлсіреп қалады. Өтінішім жауапсыз қалмасыншы. Алдын ала РАХМЕТ
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-13-71.Рахмет!
Барлығы: 4046