Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
26-03-2021 11-27-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4730
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович! Мен 2 курс студентімін Екі шет тілінде оқимын. Екінші тілім түрік тілі сабақ беретін ағайдың сабақ өту тәсілі мен ркда бағалауы ұнамайды. Ол кісі Ергали Есбосынов. Сабағы түсініксіз. Рубежка да төмен бағалауы унамады студенттердің деңгейі бірдей болса да әртүрлі бағаланды деп есептеймін. Және сізге өтінішім агайды ауыстырылса екен деп өтінемін! Көп рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз институт басшылығына жолданды. Шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізіледі. Рахмет! 

25-03-2021 12-17-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4729
Құрметті Тахир Опанұлы! Менің мамандығым шет тілі екі шет тілі.Мен ақылы бөлімде оқимын.Жәнеде осы екінші тілім түрік тілі,түрік тілі дұрыс оқытылмайды.6 ай ішінде үйренген нарсе аз,ол үйренген білім есте қалмайды қаншалықты оны оқып,практика жасасанда.Жәнеде беретін мұғалімдердің методикасы түсініксіз,бағалау шакаласы мүлдеп түсініксіз.Сізден сұрайтыным мұғалімдерді ауыстырасыздар ма?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі.

24-03-2021 12-47-44   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4728
Салеметсібе,университиетімізде егерде студентте IELTS сертификаты бар болса 6 айға шетел университетіне барып білім алу бағдарламасы бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-12-45.

24-03-2021 09-58-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4727
Здравствуйте! Выйдем ли мы на Офлайн обучение 29 марта?
Жауап:

Здравствуйте! По данному вопросу Вам нужно обратиться к директору института. Всем институтам даны инструкции по формату обучения в соответствии с эпидситуацией в нашем городе. Спасибо!

23-03-2021 11-38-02   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Абдуллаева Гулназ

Сұрақ № 4726
Саламатсызба? Алматы казир Кызыл аймакта тур. Кызымды 1курс окиды, окуга шакырып жатыр 29 наурыздан бастап сабак басталды деп. Казир Алматы ковид катты болып жатыр окуга жиберуге коркамыз. Сабак точна басталдыма соны билейн деген едим! Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Карантин жағдайында оқу үрдісі офлайн/онлайн форматта ұйымдастырылатындығы туралы институттарға нұсқаулық беріліп, институт тарапынан білім алушыларға хабарланады. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

17-03-2021 19-58-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Айгерим

Сұрақ № 4720
Когда придёт приказ о переводе с платного на грант?
Жауап:

Уважаемый студент! По данному вопросу просим обращаться к директору Вашего института или в Департамент по академическим вопросам. Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Спасибо!

15-03-2021 14-25-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4715
Қайырлы күн! Наурыз айының стипендиясы қашан беріледі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға шәкіртақы 18 наурыз күні беріледі. 

15-03-2021 13-51-01   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4714
Сәлеметсіз бе. Қысқы сессия қорытындысы бойынша, босаған ваканттық грант иегерлері қашан анықталады?! Конкурс нәтижесі қай уақытта жарияланады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2020/2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығы университетке осы уақытқа дейін жіберілген жоқ. Бұйрық келген жағдайда босаған бос білім беру гранттары иегерлеріне хабарланады.

15-03-2021 09-58-03   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Ата-ана

Сұрақ № 4712
Курметти Тахир Оспанулы Мен 1 курс студентинин ата-анасымын, Балам бир айдан аса окып келди
Университет унады,Бирак №5 жатакхананын ишки тартиби нашар екендиги конилимизди тусирди. Себеби Сондагы тех персонал апайлары кызыма баскада кыздарга ас болмелерин жугызады екен.Барганнан кайтканга дейн.Сонда ол кызметкер енбекакысын алады екен де биздин балаларымыз онын жумысын жасайды екен.Бул калай? Ата- аналарына айтсандар мен сендерди жатакханадан шыгартамын комендант менин туысканым деп кокан локкы корсетеди екен.Мен ата анасы ретинде жол жабык жете алмай отырмын барып Сизге жолыгайын десем.Екинши маселе кастелянша Арай деген кызметкер туннин бир уакытында постель ауыстыртады екен. Бул не тартипсиздик? Билдей университеттин атына кир келтирип. Вахтершаларыныз ол кирген шыккан адамда шаруасы жок Ботен балалар кирип арак ишип кыздардын мазасын алады екен.Уят.Агудин жатакханаларында тартип жок дегенге сенбеп едим енди сенетин болдым
Жауап:

Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңызда аталған мәліметтер бойынша бүгінгі күні тексеру жүргізілуде.Тексеру нәтижесі бойынша тиісіті шешім қабылданады.

14-03-2021 15-19-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Айтолқын

Сұрақ № 4711
Сәлеметсіз бе, платный обучениядан грантка көшкен студенттерге қашан приказ келеді ? 1айдан асты , біз қазір грантта ма ,платныйда оқып жүрмізба білмейміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2020/2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығы университетке осы уақытқа дейін жіберілген жоқ. Бұйрық келген жағдайда босаған бос білім беру гранттарының иегерлеріне хабарланады. 

14-03-2021 12-27-04   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Утелгенов Марат Акболатович

Сұрақ № 4710
Құрметті Тахир Опанұлы!
Мен Дефектология факультеті 1-ші курс 103топ студенті Ақболат Асель қызымызды.Қазіргі Алматы ж/е Астана қалалары Қазақстан денсаулық сақтау министірінің бекіткен жарлығы бойынша,қызыл аймаққа өтуіне байланысты.Қызымның COVID-19 вирусын жұқтырып алмауы кепілі болмағандықтан.Сізден Дефектология факультеті 1-ші курс 103топ студенті Ақболат Асель қызымызды,онлайн режимінде қалдыруыңызды сураймын.Бізге бәрінен де балаларымыздың денсаулығы өте маңызды.Жоғарыда көрсетілген өтінішімізді түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курс күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуға тиіс. Өтініш жазбай онлайн форматта оқуыңызға болады, бірақ Сіздің ауырғаныңызды және ем қабылдап жатқандығыңызды растайтын медициналық анықтама болуы қажет.

14-03-2021 12-01-21   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4709
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Мен 1-ші курста окитын кызымды, қазіргі Алматы ж/е Астана қалалары Казақстан денсаулық сақтау министірінің бекіткен жарлығы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты.Қызымның COVID-19 вирусын жұқтырып алмау кепілі болмағандықтан. Сізден 1 ші курста онлаин режимінде оқып жатырған қызымды офлаин режиміне ауыстырмауыңызды сураймын.Бизге бәрінен де балаларымыздың денсаулығы өте маңызды, түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курс күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуға тиіс. Өтініш жазбай онлайн форматта оқуыңызға болады, бірақ Сіздің ауырғаныңызды және ем қабылдап жатқандығыңызды растайтын медициналық анықтама болуы қажет.

14-03-2021 11-55-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Джанабаева Альфия

Сұрақ № 4708
Аса құрметті Тахир Оспанұлы біз студенттер сізден 2семестрдің 1ші жартысында сабаққа офлайн қатысқан студенттердің бағалауын сабақты офлайн өткіген мұғалімдердің қоюын сұраймыз, себебі шартты түрдегі онлайн бағалайтын мұғалімдер ” мен сіздердің қалай оқығандарыңызды көрген жоқпын”- деп жауапкершілікті өз мойнына ала бермейді, соған тиісті балл дұрыс қойылмайды, осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз, және “балл ол жәй ғана цифр емес, студенттің қалай оқығандығының куәсі “екендігін мұғалімдер дұрыс түсінсе екен дейміз! Кез - келген студент өзіне тиісті бағасын алуы керек деп ойлаймыз,бұл тек біздің, яғни - студенттердің ғана емес, университетіміздің де абыройы!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дәрістен бір оқытушы және семинар сабақтардан басқа оқытушы берген болса, офлайн сабақ берген оқытушы пәннің силлабусында көрсетілген баллдан артық балл қоюға мүмкіндігі жоқ. Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

14-03-2021 11-36-54   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Альфия Джанабаева

Сұрақ № 4707
Сәлеметсізбе! Офлайн оқыған, яғни университет қабығасына келіп оқыған студенттерді, сол офлайн түрде берген мұғалімнің бағалауын сұраймын, себебі онлайн форматта берген мұғалімдер біздің сабаққа қалай қатысатынымызды біле бермейді!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дәрістен бір оқытушы және семинар сабақтардан басқа оқытушы берген болса, офлайн сабақ берген оқытушы пәннің силлабусында көрсетілген баллдан артық балл қоюға мүмкіндігі жоқ. Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

13-03-2021 21-51-57   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4706
Салеметсізбе! Мен екі шет тілі мамандығының 2 курс студентімін. Бізге АТӘҚ сабағынан Карима Жайсанбек қызы береді. Ол кісінің сабақ беруіне көңіліміз толмайды. Дұрыс бағаламайды. Әділетті бағамызды қойып бермеді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша институт басшылығына тапсырма берілді. Рахмет!

13-03-2021 21-30-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4705
Сәлеметсіз бе! Мен ФилКББИ екі шет тілі мамандығының 3 курс студентімін. Сізге группа атынан өтінішіміз, университет мұғалімдерінің Univer жүйесінің қалай жұмыс жасайтынын жақсы меңгеруін сұраймыз. Себебі кей мұғалімдер бір подгруппаға РК балл қойып доступ жауып тастаса басқа подгруппаларға да жабылып қалатынын әлі білмейді. Өткен жылы 2ші курста да бір мұғалім баллымызды аз қойып байқамай жауып алдым деген еді. Биыл тағы сондай жағдай қайталанып отыр. Семинардан беретін мұғалім рубежка баллын қойып үлгермеген, ал лектор лекцияның да баллын қоймай ведомость жауып тастаған. Группада ешкімнің баллы толық қойылмаған, біраз студенттің баллы 50ге де жетпеген. Мұғалімдерге осылай айтсақ универ жүйесін қайта ашу оңай емес дейді. Ал қойылған балл GPA-ге әсер етеді. Сондықтан, универ жүйесіне жауапты маманға ескертіп, сегіз апта бойынша жинаған баллымызды алу үшін доступ ашып беруіңізді өтінеміз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Univer жүйесіне доступ ашу үшін оқытушы ректордың атына өтініш және түсініктеме жазу керек. 

13-03-2021 14-53-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4704
Құрметті ректорат сіздерден шыныменде көмек сұрап жазып отырмыз. Мұғалімдердің сабақ өтуі мен бағалауына баса назар аударып қадағалаңыздаршы. Жаңадан беріп жатқан мұғалімдер студент түрін көрмегендіктен балл қояр кезде көз жобамен қоя салады. Сабақ оқитын студентке төмен, оқымайтын студентке одан 3-4балл жоғары қойып береді. Бұл дегеніміз тек көз алдындағы фамилияға қарап қоя салу. Сол мұғалімнің бірі СЕЙТБЕКОВА КАРИМА ЖАЙСАНБЕКҚЫЗЫ!!! Айтар уәжіміз өте үлкен десекте болады. Шет тілдері тобына "Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінен" береді. Біз екі шет тілі студенттері өзіміздің спец сабақтары ағылшын және екінші тілді толық 90 баллға жаптық. Ырзамыз шет тілдерін бізге жақсы оқытып бізді даярлап жатқанына. Бірақ мамандығымызға мүлде сай емес пән біздің оқуымызды бағаламайды. СЕЙТБЕКОВА КАРИМА ЖАЙСАНБЕКҚЫЗЫ болатын екі 50 минуттық сабақтың тек біреуін өтеді асығыспын кетіп барамын деп. Ол недеген бітпейтін асығыстық апта сайын? Бізде үйде болғандықтан біздің де асығыс уақытымыз болады бірақ біз қатыспағанымызға сай нб аламыз. Ал ол кісі видеоға сабақ аитып түсіріп жібере салыңдаршы үлгермегендерің дейді. Біз тек сабақ уақытында ғана сабақ айтуға құқылымыз. Бізді сабақ уақытынан тыс мазаламауын сұраймыз видео түсірсін деп. Бұл бірінші. Екіншіден 10 минуттық үзіліс уақытын, жарты сағаттан соң қосылайық зумға дейді. Бізде одан кейінде сабақ бар. Сол туралы қалай ойланбауға болады. Біз қалған 20 минутта қалай айтып үлгереміз. Үшіншіден рубежкада Жеті апта өтілген тақырыптар бойынша сұрақ қойды. Жауап бердік, бірақ ойлаған баллымызды қойған жоқ. Неге? Біз осы жеті апта сабақ айттық, слайд қорғадық, соөж тапсырдық. Тіпті берілгені бойынша видеода түсірдік. Ал енді осы тапсырманың барлығын орындаған студент қалайша 5 ті мұғалімнен талап етпейді? Қазіргі мұғалімдер қазіргі шетелдегідей методикамен жұмыс жасағанын қалаймыз. Студентпен тіл табысып, бірге ғылымды зерттесін, студентті қызықтыра алсын ғылымға. Ұрысқаннан қорқады екен деп өтірік ұрыса берген мұғалімнен студент тартыншақтанып, жериді, сабағын қорыққаннан оқиды. Бұл ертеден, советтік кезеңнен қалған методика. БІЗ ҚОРЫҚҚАННАН ОҚЫҒЫМЫЗ КЕЛМЕЙДІ, БІЗ 21 ҒАСЫР СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ҚАРАҒЫМЫЗ КЕЛЕДІ. Сондай магистратура бітірген мұғалімдермен ауызбіршілікте, сабақты қызықты өткергіміз келеді. Біз балл нақақтан нақақ сұрамаймыз, БІЗ ОҚЫҒАНЫМЫЗҒА САЙ БАЛЛ СҰРАЙМЫЗ! МҰҒАЛІМ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНГЕНІН ҚАЛАЙМЫЗ.
!!!!!!!Осы мәселелерді ойлай келе біз жаңа, өз ісіне жауапты мұғалім жіберілуін сұраймыз!!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңыз бойынша «Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің оқытушысы К.Ж.Сейтбековадан түсініктеме алынды. Өтінішіңіз жетік қаралып, сіздерге қойылған бағаның әділ немесе әділетсіздігін анықтау үшін сабақ барысында жазылған ZOOM платформасының бейнежазбаларына сараптама жүргізіліп, нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады. Рахмет! 

13-03-2021 01-41-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4702
Здравствуйте. Когда будут итоги конкурса (Вакантный гран)? Когда выйдет список?
Жауап:

Здравствуйте! По вопросу конкурса на получение вакантного гранта просим обратиться к директору Вашего института либо в Департамент по академическим вопросам.  Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Спасибо!

12-03-2021 22-29-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4701
Құрметті, Такир Оспанұлы!
Мен МФжИи 2-курс студентімін. Сізге өтінішім Оптика пәнінен беретін Жұмабекова Венераны қадағаласаңыз деймін. Венера апай СРС уақытын кеш қалдыра береді. СРС ті кешкі уақытқа тапсыруға қойып, соның өзінде 1 адамнан ғана сұрады. Сонымен, 3 апта тапсырғызбады. Алған СӨЖ ді универ жүйесіне 2 күн ішінде салуға уақыт берген болатын. Бірақ, 6-7 студент келесі күні тапсырмасын салған еді. Салған студенттердің баллдарын қойып, қалған 6-7 студентті кейінге қалдырып, бүгін немесе ертең тексеремін деген болатын. Бірақ СӨЖ жұмысын әлі де тексермеді. Апайдың өзіне ескертсек, бәріне бірдей екінші СӨЖ-ге 10 баллдан қойдым деп, бірінші СӨЖ-ге 6-7 студенттің баллдарын қоймай, ведомостьты жауып тастады.
Құрметті Такир Оспанұлы, осы мәселені қарастырсаңыз деймін. Сіздің әділ шешім қабылдайтыныңызға сенімдімін.
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің өтінішіңіз бойынша әділ шешім қабылдау үшін келесі ақпаратты институт директорына жіберуіңізді сұраймыз: аты-жөніңіз, қай апта және қандай тақырыптағы СӨЖ балы қойылмады, Univer жүйесіне СӨЖ жауаптарын тіркеген уақытыңыз. Осы мәлімет алынғаннан кейін комиссия  мүшелері тексеріп шешімін айтады. 

12-03-2021 21-14-33   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4700
Здравствуйте!Могу ли я узнать подробную информацию о поступлении в ваш ВУЗ с другого города по окончанию колледжа после бакалавра по специальности учитель иностранного языка.Каковы сроки обучения, и проходной балл есть ли грант на данную специальность, и срок на подачу документов.Учусь на данный момент в городе Караганда на последнем курсе бакалавриат на казахском факультете но хочу поступить после окончания в Алматы.И хотелось бы по подробнее получить информацию.Надеюсь я дождусь ответа.Спасибо!
Жауап:

Здравствуйте! Пожалуйста, поясните более подробно: являетесь ли Вы студентом бакалавриата и планируете поступить в магистратуру или Вы обучаетесь в колледже и хотите поступить в бакалавр? Спасибо!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  86  87  88  89  90 91  92  93  94  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений