11-03-2021 16-32-19
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4699 Абай университетінің екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына кіруімен универ ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым тек биіктерден көрініп, шыңдарды бағындыруға тілектестік білдіремін! Жаңа табыс тілеймін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Әлемдік рейтингтегі жетістігіміз Абай университеті ұжымының еңбегінің нәтижесі. Құттықтауыңыз үшін рахмет айтамыз. Еңбек жолында тек табыс тілейміз!
11-03-2021 15-03-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4698 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы
Өтінішім академиялық ұтқырлық жайында,студенттерге Академиялық ұтқырлық аясында басқа мемлекетке шығуға рұқсат етуіңізді сұраймыз.Басқа мемлекетке шықпау туралы бұйрық Ковид вирусының өршіп тұрған кезінде қабылданған болатын,қазіргі жағдай жақсаруда және ВОЗдың болжауынша 2021 жылдың 2 кварталында жағдай жақсарып бір қалыпқа түседі,жауап берсеңіз Алғысым шексіз. Уақыт бөлгеніңізге Рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық мәселесі бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-36-92, 293-85-79, 291-12-45. Рахмет!
11-03-2021 12-18-36
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4694 Б3з 1 курс студенттеримиз,биздин айтайын дегенимиз бесинши жатакхананын постель тарататын апайлары Арай деген апай бизге тунги сагат 10-11 кезинде келип урсып постель ауыстыруымызды талап етеди. Биз ол кезде сабакка дайындалып отырамыз.Кешкилик уакыт комнатамызга кеирип келип обход жасап журмин деп урсады.Оган дейн Ляззат апай ауыстыратын еди. казтр ол киси жок. Арай апай подвалда турады гой деймиз ойткени тунги уакытта да уйне кайтпайды. Комендант апайга айтайык десек коркамыз. Вахтерша апайларга айтканбыз олар ештене истей алмаймыз дейди. Вахтершаларда бизи 4 этажга обход жасауга жумсайды.Тилдерин алагндарга шай береди тилин алмагандарга урсады.
Жауап:
Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңызда аталған мәліметтер бойынша бүгінгі күні тексеру жүргізілуде.Тексеру нәтижесі бойынша тиісіті шешім қабылданады.
10-03-2021 20-37-12
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Оксана Сұрақ № 4693 Здравствуйте. Подскажите пожалуйста, предусмотрена ли в вашем вузе скидка на второе высшее образование инвалиду 2 группы? Специальность- дошкольное обучение и воспитание. Первое высшее образование тоже получено в КазНПУ
Жауап:
Здравствуйте! К сожалению, скидки на второе высшее образование не предусмотрены. И это вполне объяснимо.
10-03-2021 17-06-53
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4692 Құрметті Т.О.Балыкбаев мырза.
Сізге екі шеттілі мамандыгы бойынша окитын қызымның денсаулығына байланысты жазып отырмын.Жазбаша сіздің атыңызға екі мәрте арыз жаздым 04.03.2021 жылы.Менің қызым алтын белгі иегері.Сіздің әрептестеріңізге яғни куратор,Шыңғысханқызына арыз жолдадым.Бірак арызыма жазбаша жауап ала алмадым,және берген жауаптарына қанағаттанбадым.Зоом платформасымен өткізген жиналыста зам директор,куратор ,Кулекенова катысты,әріптестерін жактаган жиналыстың куәсі болдым,сабаққа катыспайтын студент туралы,оның баллы туралы айтқанда,шаруаңыз канша,өз балаңыз біліңіз деді,сонда жемқорлық,таныс тамыр жайлап отырған емеспе деген күдік туындады.Ол өзінде дәлеліміз бар екендігін каперіңізге беремін. Менің қызым "Д" учетта тұрады.Көзінің көру кабілетінен,зағипқа айналу каупі туындап отыр,барлық дәрігерлік анықтама универ әкімшілігіне тапсырылды.накты дәлелмен.Енді осы студент қызым Зоом платформасынан босатылса,тапсырмаларды уакытымен жазбаша орындап,аудиомен,видиомен жеткізіп отыр.Тек қана Кулекенова және Маймакова ұстаздар босатпай отыр.Және Кулекенова жи берілген тапсырманы жокка шығарып отыр ,барлығы уақытымен сақталып тұр.Түнгі 21-22 00 АРАЛЫГЫНДА МАЗАЛАП ТАПСЫРМА ЖИБЕРЕДІ.Және дәл қазір орындаңыз дейді.Түн мезгілде студенттік мазалауга кандай құқығы бар.Және өте дөрекі сөйлеседі.Осы топта мүлдем сабаққа катыспай жұмыс жасап отырған студенттер бар,олар ен жогаргы баллмен бағаланып отыр.Сонда тапсырма орындаса,зоом га денсаулығына байланысты кіре алмаса ,менің кызым (0) балл алып отыр.ен төмен балмен бағаланып отыр.Осы арызымды канагаттандырады деген сенімдемін.Универ тарапындагы бассыздыктардын алдын аласыз деп сенім білдіремін.
Жауап:
Құрметті ата-ана! Хатыңыз назарға алынды. Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Бұл мәселеге қатысты шешім қабылдау кезінде студенттің денсаулығы міндетті түрде ескеріледі.
10-03-2021 09-17-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4690 Мен ҚазҰПУ-ға математика 6В05401 мамандығының 1 курс студенттімін
Менің мамандығымда Математикалық талдау сабағы кіреді.Ол сабақтан Сырым Касенов есімді мұғалім береді.Мен Сырым ағайдың сабақ өту методын түсінбеймін.Мен ғана қиналып,түсінбеймін бе деп ойласам бірге оқитын группаластарымда түсінбейді екен.Менің группам бірінші семестрде Шерпидин ағайға,эдвайзерге айттық бірақ олар бізді басып тастады.Біз қайда барарымызды білмей,қалып қалдық.Содан қатты қиналудың нәтижесінде,қосымша курстар алу арқылы сабақ түсіндік.Бірақ ол жағынан да қиындықтар болды.
Бізде түсінбеу бірінші проблема болса,екінші проблема аптасы,айына,демалысқа 100-1500 есеп беруі.Түсінбеген адам оларды шығара алмайды.
Үшінші проблема сабақ уақытынан тыс уақытта бақылау,тест жұмыстарын алу,әрі ол кешкі уақытта болады. (18:00-21:00 аралығын қамтиды)
Мен және менің группам осы мәселені көтеріп жатырмыз кәзіргі таңда,бірақ тым созылып кетті.Ал уақыт өтіп жатыр. Құрметті Тахир Оспанұлы сіздің осы мәселені қарауыңызды сұраймын.Сіздің қатысуыңызбен дұрыс әрі әділ шешім қабылданарына сенімдімін.
РАХМЕТ
Жауап:
Құрметті студент! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Басшылық тарапынан тексеріліп, тексеріс нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Рахмет!
10-03-2021 01-10-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: МОК-191 студенттері Сұрақ № 4688 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында математикалық анализ-2 пәнінен берген Біргебаев Ахтай ағайға алғыс білдіреміз! Құрметті Біргебаев Ахтай ағай, осы уақыт аралығына дейін бізге берген тәлім-тәрбиеңіз үшін рахмет.Әр кезде де қате кеткен жерімізді түзетіп, ақыл айтып, жанашыр болып жүресіз! Әсіресе бізді , студентерді осын-ау қиын пандемия кезінде түсініп,шыдамдылық танытып, бар біліміңізді үйретіп келесіз. Сіз сияқты ұстаздан білім алғанымызға өте қуаныштымыз! Сізден үйренеріміз әлі де көп.Біздің болашақта білікті ,мықты математика мұғалімі атануымызға барыңызды салып, үйретіп келе жатқаныңызға алғысымыз шексіз!
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз.Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!!!
Жауап:
Құрметті студенттер! Ұстаздарыңызға жолдаған алғыстарыңыз үшін рахмет айтамыз. Оқуда және еңбек жолында табыс тілейміз. Рахмет!
10-03-2021 01-08-51
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мок-191 студенттері Сұрақ № 4687 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында философия пәнінен сабақ берген Мадалиева Жанна апайға алғыс білдіреміз!!! Құрметті Жанна Мадалиева сіздің осындай керемет біліктілігіңізден біз философияны жақсы меңгеріп шықтық. Сіздің демеуіңізбен МОК191 тобының студенттері түрлі конференцияларға қатысып, орта ғасырдың философиясымен таныстық. Сол тақырыпта қорғаған студенттер бізге мардымды мәліметтер беру арқылы жаңа ақпараттармен таныстық. Тек бұл ғана емес, сабақ барысында слайд арқылы жарыса сабақ айтып оқыдық. Студенттер сіздің озық ойлы тәжірибеңізден, жаңа білімдер алды. Сізге мол денсаулық тілейміз, арқашан жүзіңізден күлкі кетпесін, алғысымыз шексіз! Құрметпен МОК191 студенттері
Жауап:
Құрметті студенттер! Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін көп рахмет. Сіздерге сәттілік тілейміз!
10-03-2021 01-07-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Мок-191 Сұрақ № 4686 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2 курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында АКТ сабағының дәрісінен берген шәкірттерінің жылы жүректі ұстазы болған Аккасынова Жамиля апайға алғыс білдіреміз!
Құрметті Аккасынова Жамил апай, сізге көп рахмет!Аз ғана уақыттың ішінде бойыңыздағы бар жинап терген біліміңізді шәкірттеріңіздің санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз! Осы АКТ сабағының арқасында көптеген программаларды , уақытымызды ұтымды ететін техникаларды үйрендік.
Әрбір өткен сапалы дәрістеріңіз үшін рахмет!Сіздің арқаңызда әр түрлі технологияларды білдік.Шығармашылық жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз!
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!Сізге алғысымыз шексіз!!!!
MOK-191 топ студенттері сізге алғысымыз шексіз!
Жауап:
Құрметті студенттер! Алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз үшін рахмет айтамыз. Оқуда тек сәттілік тілейміз!
09-03-2021 23-22-21
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4684 Мен ҚазҰПУ-ға математика 6В05401 мамандығының 1 курс студенттімін
Менің мамандығымда Математикалық талдау сабағы кіреді.Ол сабақтан Сырым Касенов есімді мұғалім береді.Мен Сырым ағайдың сабақ өту методын түсінбеймін.Мен ғана қиналып,түсінбеймін бе деп ойласам бірге оқитын группаластарымда түсінбейді екен.Менің группам бірінші семестрде Шерпидин ағайға,эдвайзерге айттық бірақ олар бізді басып тастады.Біз қайда барарымызды білмей,қалып қалдық.Содан қатты қиналудың нәтижесінде,қосымша курстар алу арқылы сабақ түсіндік.Бірақ ол жағынан да қиындықтар болды.
Бізде түсінбеу бірінші проблема болса,екінші проблема аптасы,айына,демалысқа 100-1500 есеп беруі.Түсінбеген адам оларды шығара алмайды.
Үшінші проблема сабақ уақытынан тыс уақытта бақылау,тест жұмыстарын алу,әрі ол кешкі уақытта болады. (18:00-21:00 аралығын қамтиды)
Мен және менің группам осы мәселені көтеріп жатырмыз кәзіргі таңда,бірақ тым созылып кетті.Ал уақыт өтіп жатыр. Құрметті Тахир Оспанұлы сіздің осы мәселені қарауыңызды сұраймын.Сіздің қатысуыңызбен дұрыс әрі әділ шешім қабылданарына сенімдімін.
РАХМЕТ
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер қарастырылады. Рахмет!
09-03-2021 12-39-57
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4680 Здравствуйте! У нас в группе только два студента (из всей группы) желают учиться офлайн. Будут ли нас объединять с другой группой? (111 группа)
Жауап:
Здравствуйте! Касательно учебного процесса просим обратиться к директору института. Ваш вопрос дополнительно направлен Департаменту по академическим вопросам. Для информирования ответственные сотрудники по данному вопросу свяжутся с Вами. Спасибо!
08-03-2021 04-02-00
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4679 Сәлеметсіз бе! 29 наурыздағы оффлайн оқуға нақты барамыз ба? Билет алайын деп едік,бірақ эдвайзер белгісіз деп нақтысын айтпай отыр! Билет күн өткен сайын қымбаттауда. Нақты жауабын айта аласызба ?!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Рахмет!
07-03-2021 22-11-23
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4678 Саламатсыз ба. Бізге оқу жылының басында практика онлайн форматта болады деген еді. Қазір бізді мектепке шақыртып жатыр, себебі, 1 наурыздағы қаулы бойынша мектепке баратын сыныптардың қатары өзгерді. Сондай сыныпқа беретіндіктен енді мектепке барып практика өту керек. Басында бұлай айтылмағандықтан Алматы қаласынан бөлген мектепке практикаға жазылдым. Қазір қалаға барғанмен тұратын жерім жоқ. Жатақхана практика үшін берілмейді. Енді мектепке барып практикадан өту қазіргі жағдайда міндетті ме? Басында онлайн фармат деп айтылғандықтан не істесек болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Мансап орталығының басшысы Гүлира Абайбекқызы Үсейнмен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-83-50. Рахмет!
06-03-2021 14-16-59
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4677 Ассалаумағалейкүм, ағай! Менің сұрайын дегенім 3-4 курс студенттерін сәуір және мамыр айларында оффлайн форматына ауысады деп естігенбіз. Енді сол ақпарат нақты ма әлде нақты емес пе? Алматыға келе берсек болады ма? Бір жағдайларға байланысты осы ақпараттың нақтылығы керек болып тұр!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу форматы бойынша институт директорынан нақты ақпарат алуыңызға болады. Директорат қызметкерлеріне оқу үрдісіне байланысты толық нұсқаулық берілген. Рахмет!
05-03-2021 23-38-34
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Қалабек Сұрақ № 4676 Сәлеметсіз бе Құрметті Такир Оспанұлы!
Менің қызым бірінші курста оқиды. Қазіргі таңда қашықтықтан оқып жатыр, ағымдағы жылдың наурыз айының 29 шы жұлдызынан бастап Алматы қаласына барып оқитын болып жатыр екен.Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан індеттің өршіп тұрған уақытында және осы індеттің таралуы Алматы қаласы бойынша сары аймаққа өтуіне байланысты, мен қызымды Маңғыстау обылысынан жіберуге қарсы болып отырмын. Сол себептен мен Сізден, осы жылдың қалған екі айын бұрынғыша қашықтықтан оқуын жалғастыра беруін сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Рахмет!
05-03-2021 23-20-08
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4675 Курметти Такир Оспанулы! Казахстан денсаулык министрлигинин бектилген жарлыгы бойынша,Алматы каласынын сары аймакта туруына байланысты Covid 19.вирусын жуктыру кауипин ескере отырып Мен 1ши курста окитын студент кызыма Мангыстау облысы Актау каласынан 29шы науырызга Алматы каласына офлайн режиминде окытуга шакыру келди сол офлайн режимин онлайн режимине ауыстыруынызды сураймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорына немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Рахмет!
05-03-2021 22-47-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Арай Аскарбекова Сұрақ № 4674 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы
Менің сұрағым академиялық ұтқырлық туралы.
Студенттерді шет елге жібере аласыздар ма? Ковид19 ға байланысты Польшаға шыға алмадық,қазіргі уақытты Польшада онлайн оқудамыз,кей сабақтары 22-00 де басталады,және естуімше СДУ студенттері Польшаға академиялық ұтқырлықпен жіберіліпті.
Академиялық ұтқырлықты тоқтату,Ковид19-дың өршіп тұрған кезінде қабылданған болатын.
Қазіргі ВОЗ дың болжауынша,Ковид19 2021 жылдың 2 кварталында азаяды,және көптеген жерлер өзінің бұрынғы қалпына келеді.
Немесе студенттерге вакцина салу арқылы жіберулеріңізді сұраймын,Спутник В вакцинасы 95 % эффективность көрсетті.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық мәселесі бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-36-92, 293-85-79, 291-12-45. Рахмет!
05-03-2021 12-36-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4673 Құрметті Тахир мырза ! Сіз оқу ақысы жыл соңына дейін төлеуге рұқсат еткен едіңіз. Және де ешқандай қысым көрсетілмейтінің айтқан едіңіз. Енді бізге 2-3 күн қалғанда 9 наурыз яғни бірінші аралық бақылауға дейін оқу ақысы төлену керек деген хабарландыру келді. Біз 2-3 уүн ішінде көлеиді сумманы қалай табамыз! Және оны төлемесек аралық бақылауға жіберілмейді екенбіз. Осы маселені шешіп беруіңізді өтінемін!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылады. Рахмет!
04-03-2021 15-58-05
Басқа
Сұрақ қоюшы: Бектенов Несипхан Сұрақ № 4671 Курметти ,Тахир Оспанулы !
Мен КЖМ гылым академиясынын академиги, химия гылымдарынын докторы , химия кафедрасынын профессоры- Бектенов Несипхан Абжапарулы.
Биздин университеттин галым –устаздарынын педагогтарынын казирги заман талабына сай уздиксиз дамуына жагдай жасап, коскан сиздин улесиниз зор! Бириншиден ,Казак улттык пед университетинин галым - педагогтарынын алемдик денгейден коринетин казирги параметрлери Скопус, Web of Seins акпараттарында алемдик денгейде жаксы орындар алгандары ушин, ягни Индекс Хиршасына байланысты 2018 2019 жылдары галым - педагогтарды ынталандырып , сыйакы тагайындаганынызга, коп Рахмет!
Екиншиден 2018 2019 жане 2020 оку жылдарында индикативти план бойынша Барлык жагынан доктолар , профессорлар, доценттер , ага окытушы баска да мугалимдер
университет устаздары- педагогтары оздеринин денгейине карап, гылыми, педагогикалык, тарбиелик жумыстары бойынша корытындылап , конкурстан жане арнайы экспартизадан откизип , олардын корытындысын адил кадагалап , оган да арнайы жалакыга косымша каражаттар болгенинизге женимпаздар жане озимнин атымнан ризашылыгымды билдиремин , рахмет! Осы секилди жаксы жаналыктар коп болсын! Сиз баскарып отырган университет ужыми ардайым жаксы жагынан алда болсын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Ізгі тілегіңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Шын жүректен Сізге зор денсаулық, жаңа ғылыми табыстар, ұстаздық жұмысыңызда сәттілік тілейміз!
04-03-2021 14-04-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4670 Сәлеметсіз бе?! Бізге практика болып жатқаны туралы хабар берілмеді. 2 күн қалғанда реферат жазуымызды сұрады. 2 сағат қалғанда ведомость жабамын неге өткізбейсіңдер деп сұрады. Жазып берген рефератыма өте төмен баға алдым. Мұғалімнің қатесі үшін неліктен мен бағамнан айырылуым қажет? Практика өтпеген көзбен көрмеген нәрсені қалай жазып беремін?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе қарастырылады.
Барлығы: 4046