03-03-2021 22-37-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4668 Сәлеметсіздерме. Менің қояр сұрағым біз 2 курс студенттері осы оқу жылын онлайн бітіремізбе? Дәстүрлі білім беру 2 курстарға қарастырылмай ма? Бізгеде ұстаз алдына барып оқысақ жақсы болушы еді. Уақыт бөліп, жауап беріп жатсаңыз алғысым шексіз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Карантин жағдайына байланысты оқу үрдісі онлайн форматта ұйымдастырылады. Оқу форматында өзгерістер болған жағдайда сіздерге арнайы нұсқаулық беріледі. Біз үшін сіздердің денсаулықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңіз маңызды.Түсіністік танытып, бос уақыттарыңызды барынша тиімді пайдалануға тырысыңыздар. Рахмет!
02-03-2021 13-56-30
Басқа
Сұрақ қоюшы: Абикбаев Ержан Рахимкелдиевич Сұрақ № 4667 Құрметті Такир Оспанұлы!
Мен, бүгінде өзіңіз басқарып отырған ЖОО-ның Жаратылыстану және география институтының 1 курс докторантымын. Сізге және университет ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Себебі, университет қабырғасындағы әрбір іс-шара Сіздің тікелей қолдауыңызбен көрініс табуда.
2021 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтының ұйымдастырылуымен online форматта «Орта және жоғары білім берудегі заманауи картография мен ГАЖ-технологиялардың өзекті мәселелері» атты республикалық вебинар іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Спикерлер қатарында еліміздің алдынғы қатардағы ЖОО-ның (Абай ат. ҚазҰПУ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, Қ.И.Сәтпаев ат. Геологиялық ғылымдар институты, География және су қауіпсіздігі институты) ғалымдары мен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар» АҚ-ның ғылыми қызметкері болды.
6 сағаттан астам уақытқа созылған республикалық вебинар барысында көптеген маңызды және де қызықты баяндамалар оқылып, спикерлер мен қатысушылар өз ойларын білдіріп, тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алды. Қатысушылар тарапынан өзекті және проблемалық сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Диссертациялық жұмысымның тақырыбы ГАЖ технологиясына тікелей байланысты болғандықтан, өзіме қажетті ақпараттарды кеңінен алдым. Жаңа креативті ойлардың туындауына үлкен септігін тигізді.
Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушы Жаратылыстану және география институтының директоры, г.ғ.д., профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы, «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» б.б.б. тобының жетекшісі, аға оқытушы, PhD Алиасқаров Думан Тоқтарұлы және Абай ат. ҚазҰП-дың постдокторанты, PhD Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлына алғысым шексіз.
Алдағы уақытта да осындай құнды бастамалар өз жалғасын тапса екен деген ұсынысым бар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Алғысыңызды жолдап, пікір білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Ұсынысыңызды ескереміз. Сәттілік тілейміз!
01-03-2021 16-56-47
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4666 Қайырлы күн! 29наурыздағы оффлайн оқу форматында жатақхана толықтай беріледіме? Неге студенттердің аз ғана бөлігіне берілді?
Жауап:
Құрметті студент! Жатақхана орындары офлайн форматында оқитын 1-ші курс студенттерінің өтінішінің негізінде беріліп жатыр. Білім алушыларға жатақханадан орын үлестіру карантиндік шектеулер мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта институт бойынша студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Сұрағыңыз бойынша институт директорының орынбасарларымен немесе эдвайзеріңізбен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
27-02-2021 10-31-44
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4665 Здравствуйте, я хотела узнать о поступлении в факультет психологии. Какие документы нужны, когда сдавать документы и кта? Информации по этому поводу на сайте нет. Звонили но ответа не получили. Абитуриент окончил колледж. Возможно ли сдача документов и кта в онлайн формате?
Жауап:
Здравствуйте! Вы сдаёте ЕНТ, КТ-тестирование для магистрантов. Регистрация проходит в режиме онлайн через сайт test center.kz. По поводу условий регистрации - как только будут инструкции, мы разместим их на сайте университета.
26-02-2021 18-07-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4664 Саламатсызба ағай? Ағай мен грантқа ауысуға өтініш жазып едім оның жауабы әлі білім министірлігінен келмеді егер мен грантқа ауыссам осы жылдың оқу ақысың толық төлемейміңбе?
Жауап:
Құрметті студент! Мемлекеттік босаған бос білім беру грантына үміткерлікке өтініш жазған болсаңыз, жауабын өз директоратыңыздан біле аласыз немесе сайттың «Хабарландырулар» бөлімінен және UNIVER жүйесінің «Хабарландыру» бөлімінен ақпараттарды қарай аласыз.
Екінші сұрағыңыз бойынша, егер грантқа ауысқан болсаңыз, осы кезге дейін артық немесе кем төлеген төлемақыңызға қатысты сұрақтарыңызбен студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Ал көктемгі семестрден бастап грантқа ауысқан болсаңыз, тек осы семестрден бастап қана гранттасыз, сондықтан алдыңғы 1-ші күзгі семестрдегі оқу төлемақыңызды төлеуіңіз қажет болады.
Егер бір жылдық төлемақыны бірден төлеген болсаңыз, жоғарыда ескерткеніміздей студенттік бухгалтерия арқылы есептеп, грантқа ауысқан 2-ші көктемгі семестрдің ақшасын қайтарып ала аласыз.
24-02-2021 23-34-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4663 Құрметті,ректор Тахир Оспанович! Мен целевой бойынша Мемлекеттік грантта Докторантураның 1 курсында оқып жатырмын, Сізден анықтап сұрайын дегенім мынау еді: өз өтінішім бойынша оқудан шығудың қандай талаптары бар, (мысалы, оқудан шыққан кезде отработка жасау немесе оқу шығындарын толеуге міндеттену т.с.с.).Алдын алғыс білдіремін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқудан шығу рәсімі бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-16-65, 291-18-53. Рахмет!
23-02-2021 20-39-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4662 Здравствуйте. Я бы хотела уведомить вас о том что один из ваших учителей несправедливо выставляет баллы.К кому я могу обратиться с этой проблемой?Заранее спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! Укажите, пожалуйста ФИО преподавателя и название предмета, группы. Также по данному вопросу Вы можете напрямую обратиться к проректору по академическим вопросам Асану Адасбековичу Сатмырзаеву.
22-02-2021 18-34-46
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Қайыржан Несібелі Сұрақ № 4660 Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы!? Сізге алғысымды білдіргім келеді!
Сіздің және университеттің бізге жасаған мүмкіндіктері көп болды. Кітапханадан, тіпті электронды кітапханадан пайдалы кітаптарды, керек дүниелерді тауып оқуға болады. Кітапхана ісі өте жақсы, алдыңғы қатарлы технология бар. Біздің студенттерімізге осындай жақсы мүмкіндік туғызғаныңыз үшін сіз үлкен рақметімді айтамын. Алғысым шексіз! Алдағы уақытта университет ісіне толағай табыстар тілеймін!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Пікір жолдап, алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Оқу орнымыздың білім және ғылым саласындағы қол жеткізген жетістіктері жаңа жеңістермен толықсын!
22-02-2021 00-41-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4657 Салеметсизбе Тахир Оспанулы!!! Вакантный грантка ие болған студенттерге кашан степендия туседи екен? Ол 22 кантар куни аныкталды февраль айы болды туспеди. Алде мартта 2 айдын степендиясы брге туседиме? Сурастрган кезде 1-2 айдан кейин барп кана туседи дейди сонда январь айында аныкталган гранттын степендиясын апрель майда аламызба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Грант иегерлеріне министрліктің бос білім беру грантын тағайындау туралы бұйрығының негізінде шәкіртақы беріледі. Шыдамдылық танытып, күтулеріңізді сұраймыз.
19-02-2021 20-19-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Фатима Сұрақ № 4656 Салеметсиз бе Тахир Оспанұлы! Мен 3 курс биология ағылшын мамандығының студентімін. Жүктіліктің 33 аптасында болғандықтан, таңертеңнен кешке дейін телефонмен ноутбуктын алдында отыру қиын. Осы жағдайға байланысты қандайда бір жеңілдіктер барма? Мен үшін баламның және өзімнің денсаулығым маңызды.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-13-71, 291-71-06. Рахмет!
19-02-2021 19-49-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4655 Салеметсизбе Тахир Оспанулы!! Босаган грантка иеленген студенттерге степендия кашан туседи екен???
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-37-54,291-30-67. Рахмет!
19-02-2021 16-06-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аяулым Сұрақ № 4654 Сәлеметсіз бе! Біз мартта екінші поток болып оқуға баруымыз керек еді. Бірақ біздің эдвайзер январь айында өтініш жаздырып алған еді. Ол кезде ешнәрсе белгісіз онлайн деп жаза беріңіздер, кейін офлайн өзгертсеңіздер болады деп. Енді біз офлайн оқуға барамыз десек рұқсат жоқ деп отыр. Осы мәселені қалай шешсек болады! Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Офлайн оқуға шақыртылатын білім алушыларға толық нұсқаулық беріледі. Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
19-02-2021 10-26-33
Басқа
Сұрақ қоюшы: ҚОНАЙ БАЯН Сұрақ № 4653 Қара шаңырақ, ҚАЗҰПУ-ым, сені қатты сағындым! Бейқам студеттік жылдар,сол сәттерде өтпестей көрініп едің.Ректорды да, ұстаздарды да,естеліктерімді де қимаймын.Ең бастысы- бұл қара шаңырақ нағыз білімнің ортасы.Жамандауға аузым бармайды себебі, осы жерден алған білімімізбен қазір өз-өзімізді асырап, нан тауып жеп жүрміз. Асханадағы тәтті тағамдар,группамен у-шулап отырған кездер, мұғалімдерімізбен құрған сұхбаттарымыз... Бәрі үшін алғысым шексіз!!!!Атың өшпесін ҚАЗҰПУ-ым!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2020 жыл баршамыздың қабілетімізді сынаққа алды. Осы қиындықтардың арқасында қажыр-қайратымыз шыңдалып, ерік-жігеріміз қайрала түсті. Әлем өзгерді, онымен бірге біз де өзгеруіміз керек. Осы өзгерістердің арқасында бір-бірімізге деген сыйластығымыз бен қолдауымыз артты. Қашықтан білім алу жүйесіндегі жаңа технологияларды меңгеріп, білімімізді шыңдадық. Білім алушыларымызды және оқытушыларымызды жігерлендіріп, әркез қолдауымыз қажет. Сіздердің оқу орнына, оқытушыларыңызға деген сағыныштарыңызды жоғары бағалаймыз. Пікір жолдағаныңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Алдағы өмірлеріңізде арман-мақсаттарыңызға жетіп, тәуелсіз қазақ елінің жанашыры, ел тірегі болатын мықты мамандар боласыздар деп сенеміз. Сәттілік тілейміз!
18-02-2021 14-19-44
Басқа
Сұрақ қоюшы: Сугирбекова Акмарал Куандыковна Сұрақ № 4652 Құрметті Такир Оспанұлы! Оқытушыларға қолдау көрсетіп отырғаныңызға алғыс айтамын, дегенмен де кейбір түсініспеушілік туындап отыр. Университет кітапханасында оқытушыларға отырып, жұмыс жасауға рұқсат берілмейді, неліктен? Нақтылап айтсам "Физика, математика және информатика" инстутында, кітапхана басышылығының айтуы: "Кітапханада студенттер ғана отырады, оқытушылар өз кафедрасында ғана жұмыс жасасын", дегенді қалай түсінуге болады? Кафедрада кейде интернет желісі болмай қалады. Негізі кітапханаға жай ғана кітап, журналдар қарап, жаңалықтармен танысуға немесе компьютерлерін пайдалану үшін рұқсат қағаз алу керек пе екен?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта Ғылыми кітапханаға пандемияға байланысты оқырмандар алдын-ала жазылу арқылы келеді. Сақтық шараларына байланысты, электрондық ресурстар залында 20 компьютер болғандықтан, орындар саны шектеулі. Қазіргі жағдайда 1-ші курс студенттеріне қызмет көрсетуге үлкен мән берілуде. Білім алушыларымыз шалғай ауылдан келгендіктен, электронды кітапханамен және электронды ресурстар базасымен таныстыру сабақтары жүргізіледі.
Шағымыңызға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Хатыңызда аталған мәселелер міндетті түрде ескеріледі. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
18-02-2021 11-50-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4650 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович. Мы, докторанты кафедры физики (Институт математики, физики и информатики), хотели бы выразить благодарность за вашу поддержку в частности нас, молодых учёных. Благодаря различным конкурсам, которые Вы ежегодно проводите на грантовое финансирование научных проектов, мы многому научились. Хотелось бы, чтобы это продолжалось и дальше, ведь это отличный стимул для молодых учёных заниматься научной деятельностью.
Жауап:
Уважаемые докторанты! Спасибо за добрые слова. Поддержка молодых ученых в нашем университете будет обязательно продолжена. Научно-исследовательская работа - одно из приоритетных направлений деятельности КазНПУ имени Абая.
18-02-2021 02-03-25
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4649 Саламатсызба! Мен болашакта осы оку орнына туским келеди. Мамандык физкультура и спорт, осы жылы осы мамандыкка канша грант болинеди? Жане талаптары кандай грантка тусуге?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасы бойынша білім беру грант саны 2021-2022 оқу жылына белгісіз болғандықтан, нақты ақпарат бере алмаймыз. Рахмет!.
17-02-2021 22-06-26
Басқа
Сұрақ қоюшы: Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының жас оқытушылары Сұрақ № 4648 Құрметті Такир Оспанұлы!
Біз Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының жаңадан орналасқан жас оқытушылары боламыз. Біз Университеттің 2021 жылға арналған жас ғалымдар жобасынан жақында грант жеңіп алған болатынбыз, осыған орай сізге біз сияқты жаңадан қызметке орналасқан жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, ғылым жолында тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп жатқаныңыз үшін алғыс білдіргіміз келеді! Бұл біз үшін ғылымдағы болашағымызға үлкен бастама болмақ. Кафедрамыздағы жас мамандар атынан сіздің еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз!
Жауап:
Құрметті оқытушылар! Алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Ғылым саласы университетіміздің басым бағыттарының бірі болғандықтан, алдағы уақытта жоспарлар көп. Жас ғалымдарымыздың талаптарын ескере отырып, жастарға қажетті коммуникациялық алаңдарды дамыту, өзекті идеялар мен зерттеулерді қолдау, ынтымақтастық аясында шет елдердің жас ғалымдарымен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша ауқымды шараларды жүргізу жоспарымызда бар. Сіздерге сәттілік және жаңа жобаларыңызға табыс тілейміз!
17-02-2021 17-54-12
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4647 Уважаемый Тахир Балыкбаев!
Добрый день!
Являюсь выпускником 2016 года. Возможно ли исправить ошибку (опечатку) в приложении к диплому?
Дата окончания ВУЗа указана 2013 вместо 2016. Прошу подсказать дальнейшие действия!
Заранее благодарю за Ваш ответ!
Жауап:
Здравствуйте! Вам надо подать заявку в ЦЦОС «Шапагат» при университете (ул. Казыбек би, 30, 1 этаж) на исправление и получение дубликата приложения к диплому. Тел.:291-64-97
17-02-2021 15-34-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4645 Сәлеметсіз бе!Тахир Оспанұлы мен ТҚИ да 1-курс оқимын.Біз дәстүрлі оффлайн форматта нақты қашан оқитынымызды білмей отырмыз.Алдындары 1-наурыз келесіңдер деп еді содан кейін универ жүйесіне шығарып 9-наурызға ауысты деп еді.Одан кейін 29-наурыз деді.Енді билет алмаңдар қайтадан онлайн болуы мүмкін деген ақпараттар беріп жатыр.Неге бәрін бірге шақырмайсыздар Алматының өзінде біршама универлерде барлық 1-курстарды шақырып оқытып жатыр.Минстрліктен бұйрық келді енді неге шақырмай жатсыздар?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курс күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқу үрдісіне қатысты толық ақпарат алу үшін Тарих және құқық институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерланбек Әділбекұлы Жалмағамбетовпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8-707-535-04-01, yerlan_bek@mail.ru. Рахмет!
16-02-2021 23-43-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4644 Здравствуйте! Я студентка 4 курса педагогической специальности. Подскажите пожалуйста какие условия получения красного диплома. И влияет ли квалификационный тест на получение красного диплома? Заранее большое спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! На основании Академической политики КазНПУ имени Абая, пункт 366: «Обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения)»;
пункт 367: «Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием».
Квалификационный тест не влияет на получение красного диплома.
Барлығы: 4046