Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
15-01-2021 16-34-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Асем

Сұрақ № 4557
ППИ
Бастауыш білім беру бағдарламалары мамандығының 1 курс студенттері онлайн оқуды жалғастыра берсек екен.
Біз онлайн оқығымыз келеді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына байланысты университетіміздің барлық институттарына нұсқаулық берілді.Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық ресми сайтқа және әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды: https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/.  Қазіргі уақытта институттар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ұсынылған ақпараттармен танысып шығуларыңызды сұраймыз. Оқу форматына қатысты қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен сұрасаңыз болады. Рахмет!

15-01-2021 16-19-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4556
Сәлеметсіз бе!
ПиП,Бастауыш білім беру бағдарламалары мамандығының 1 курс студенттері біз онлайн оқығымыз келеді деп
Жауап:

Құрметті студент! Оқу үрдісі Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде ұйымдастырылады. Екінші семестрдегі оқу форматына қатысты ақпарат университетіміздің ресми сайтында жарияланған:https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/ . Қазіргі уақытта институттарға оқу форматы бойынша нұсқаулық беріліп, білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

15-01-2021 15-37-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4555
Сәлеметсізбе! Елімізде болып жатырған жайттарға байланысты, соның ішінде Алматы қаласында адам көп шоғырланғандықтан. Қауіп көп болғандықтан. Осы оқу жылын онлай форматта аяқтасақ деген пікір білдіргім келеді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

15-01-2021 15-15-52   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Фатима

Сұрақ № 4554
Құрметті Такир Оспанұлы!
Елдегі болып жатқан ахуалға байланысты мен өз қызымды Алматы қаласына халық саны көп шоғырланған аймаққа оффлайн форматта оқуына қарсымын, барлығы реттелгенше онлайн форматта оқуларын жалғастыра берсе деп сізге өтініш білдіргім келіп отыр.
Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біз үшін ең бастысы - білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Сондықтан оқу үрдісі Алматы қаласы бойынша бас санитарлық дәрігердің карантин режимінің жай-күйі туралы қаулысына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде ұйымдастырылуда. Офлайн форматында оқитын білім алушылар мен оқытушылардың қауіпсіздігі үшін университет корпустарында, аудиториялар мен жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Бұл уақытша қиындыққа шыдамдылық танытып, студенттердің толыққанды білім алуы үшін жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Рахмет!

15-01-2021 11-41-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4553
Сәлеметсіз бе. Бізге дорожный да стипендия да тускен жоккой неге? Баска жердин бари алды
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-37-54. Рахмет!

15-01-2021 11-37-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4552
Здравствуйте! В каком формате будут обучаться магистранты 1 курса во втором семестре? На общем собрании студентов было сказано, что в формате online, но директорат просит писать заявление с нашей личной просьбой разрешить обучаться offline. Когда будет достоверная информация? Многие студенты иногородние. Нам необходимо ехать заранее, обстраиваться!
Жауап:

Здравствуйте! Магистранты 1-го курса обучаются в онлайн-формате. Спасибо. 

14-01-2021 01-27-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жардембек Серикжан

Сұрақ № 4551
Сәлеметсізбе мен әкімдік грантта оқимын сіздерге грантты сақтай отырып ауыса аламынба
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Әкімдік грантпен ауысуды Сізге грант беріп отырған әкімдік шешеді.

13-01-2021 22-47-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4550
Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы! Мен 1ші курс магистрантымын. Отбасылық жағдайларыма байланысты, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетіне ауысқым келеді. Ауысқан жағдайда білім грантым сақталадыма? Және ауысу құжаттары мәселесімен кіммен байланыссам болады.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады. Рахмет! 

13-01-2021 22-46-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Ақанбай Темірлан

Сұрақ № 4549
Саламатсызба. Біз онлайн оқысақ екен деймін, себебі дәл қазіргі уақытта офлайн оқуға жағдайым жоқ соны сүсінуіңізді сұраймын!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курста оқитын күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқуға келе алмаған жағдайда, білім алушының денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы болуы қажет. Рахмет!

13-01-2021 21-53-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дядюнова Екатерина Константиновна

Сұрақ № 4548
Здравствуйте! Почему я не могу получить скидку на оплату? Почему на сайте написано одно, а мне говорят другое???
Жауап:

Здравствуйте! Если Ваши подтверждающие документы соответствуют требованиям по скидке за обучение, то Вам обязательно предоставят скидку. По вопросам скидок обращайтесь к заместителю директора института по воспитательной работе. Спасибо!

13-01-2021 21-51-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дядюнова Екатерина Константиновна

Сұрақ № 4547
Здравствуйте. Я вот пишу Вам уже 3й раз!!! Почему на сайте университета написаны скидки, я звоню тем кто отвечает за эти скидки, а мне говорят что таких нет???
Жауап:

Здравствуйте! Если Ваши подтверждающие документы соответствуют требованиям по скидке за обучение, то Вам обязательно предоставят скидку. По вопросам скидок обращайтесь к заместителю директора института по воспитательной работе. Спасибо!

13-01-2021 16-03-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4546
Саламатсыз ба, осы айда дорожный туседи ма
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ақпан айында беріледі. Төлем ақы бойынша сұрақтарыңызбен студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызға болады.Тел.: 291-37-54.

13-01-2021 15-36-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Ч

Сұрақ № 4545
Барлығы бірдей онлайн форматта оқысыншы!!!!Бұл барлығымыз үшін өте тиімді.Жартысы офлайн жартысы онлайн болғаны дұрыс емес секілді
Өтініш біздің жағдайымыз ескерілсінші.Алыс аймақтан жылдың қақ ортасында бару өте қиын
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісі министрліктің бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Офлайн форматында оқуға шақырылған 1 курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

 
13-01-2021 10-14-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Толыбаева Жазира

Сұрақ № 4544
Сәлеметсіз бе 1 ші семестрда неге гратнқа түскен студенттер тізімі шықпады. Егер шықса қайда тұрғанын айта салыңызшы. Өтініш өте маңызды. 2ші семестрда да шықпады неге?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Грант иегерлерінің тізімі сайттың "Хабарландырулар" бөлімінде жарияланған. Рахмет!

12-01-2021 16-55-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аяла

Сұрақ № 4536
Сәлеметсіз ба. Қаңтар айының стипендиясы түсе ме қашан түседі.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы қаңтар айында міндетті түрде беріледі. 

12-01-2021 02-54-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4533
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! Менің сізден 1-курс студенттерін 2-семестрда онлайн режимде қалдыруыңызды сұрағым келеді.Себебі қазір Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Үлкен қалада ауру жұқтырып аламыз деген қорқыныш бар.Денсаулығымыз үшін алаңдаудамыз.Алдын ала рақмет!
Жауап:

Құрметті студент! Оқу процесі Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде ұйымдастырылады. Екінші семестрдегі оқу форматына қатысты ақпарат университетіміздің ресми сайтында жарияланған:https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/ . Қазіргі уақытта институттарға оқу форматы бойынша нұсқаулық беріліп, білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

12-01-2021 02-42-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4532
Сәлеметсіз бе,Такир Оспанұлы! Сізге қояр сұрағым 1 курс стунденттері 2-семестрде қандай форматта оқитын болды?Ал сабақтың басталуына болса 1 апта ғана уақыт қалды .Алыс жақтан да келетін студенттер бар дегендей. 2- семестрде оқуды онлайн түрде жалғастырсақ деп өтінгім келеді себебі,Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай мәз емес болғандықтан,денсаулығымыз үшін алаңдаудамыз.Алдын ала Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Екінші семестрдегі оқу форматына қатысты ақпарат университетіміздің ресми сайтында (https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/) және әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды. Институттарға оқу форматы бойынша нұсқаулық беріліп, білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

11-01-2021 17-03-23   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4531
Сәлеметсіз бе! Біз екінші семестрді онлайн оқысақ екен. Себебі қазіргі уақытта басты мәселе пандемияға қатысты. Сондай-ақ қысқы уақытта барып оқуға көбі материалды дайын емес. Біздер, студенттер үшін, онлайн оқу ең дұрыс шешім деп ойлаймыз.Өтінішімізді ескерсе екен!рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматы бойынша ресми ақпарат сайтымызға жарияланды: https://kaznpu.kz/kz/3391/notice/. Қосымша ақпаратты институт директоратынан алуыңызға болады. Рахмет! 

10-01-2021 19-46-48   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4530
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза, мен 1 курс магистрантымын, сіздер сабақты оффлайн ретінде болады депсіздер. Біз сабақтан қашпаймыз, бірақ сіздер біздің денсаулығымызға жауап бере аласыздар ма? Сонымен қатар Алматы қаласы үлкен регион қаншама адам келіп кетуде, сырттан келетін студентер бар дегендей. Жалпы кімге болсада денсаулық қымбат. Сол үшін біздің денсаулығымызға кепіл бере аласыздар ма? Негізі нақты індет жойылды деген бұйрық бар ма? Болса көрсете аласыздар ма? Осы семестр онлайн біткен дұрыс, алдағы уақытта оқытып қайта өршіп кетте сіздердің қандай әрекет, сақтандыру болады?
Жауап:

Құрметті магистрант! Университеттің Академиялық саясатының және Академиялық күнтізбесінің негізінде магистраттар мен докторанттар теориялық оқуын қашықтан жалғастырады. Оқу форматы бойынша институттарға нұсқаулық берілді. Оқу процесіне қатысты сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін  институт директорына хабарласуыңызға болады. Рахмет!

09-01-2021 13-50-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дана Толеубекова.

Сұрақ № 4529
Қайырлы күн, Такир Оспанұлы!
Мен филология институтының 1 курс магистрантымын. Сізден көмек сұрап жазып отырған себебім, білім грантын сақтап, Еуразия ұлттық университетіне көшу мүмкіндігі бойынша туындаған қиындықтар реті.
Жыл басында Нұр-сұлтан қаласына тұрмысқа шығуыма және жұмыс орнымның ауысуына байланысты көшуім туралы және Еуразия ұлттық университетіне білім грантын сақтап ауысуым жайлы декантқа айтқан едім, бірқатар қиындықтар барын хабарлады.
Біріншіден, 1 курс басталмас бұрын пререквизит құнын төлеген болатынмын, алайда олар оқу жоспарына қостырылмай, яғни оқылмай қалуы.
Екіншіден, Еуразия Ұлттық университеті 14 қаңтар құжаттарды қабылдаудың соңғы күні екенін хабарлады, алайда деканаттың айтуы бойынша 14 қаңтарға дейін ведомость жабуға мүмкіндік жоқ, себебі, бағалар қойылып қойғанның өзінде, құжат бойынша қорытынды экзамендердің аяқталу уақыты 14і күніне сай келіп отырғанын айтты.
Осы мәселе бойынша ауысуыма ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз өз өтінішіңіз бойынша білім грантын сақтай отырып ұлттық университеттен басқа ұлттық университетке ауыса аласыз. Ауысу екі оқу орнының келісімімен, каникул уақытында рәсімделеді. Ұлттық университеттерде мемлекеттік білім грантымен оқитын магистранттың 1 жылдық оқуын қаржыландыруға бөлінетін қаражат көлемі бірдей. 

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68. Рахмет!
Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  92  93  94  95  96 97  98  99  100  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений