Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
24-12-2020 18-25-23   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Айдаркулова Замира

Сұрақ № 4490
Курметти ректор мырза, кызымнын кураторы Исмагулова Раузия Сыдыковнага алгыс билдиремин. Ата-аналар мен тыгыз карым-катынаста болып, кыздарымызга багыт-багдар берип отырганы ушин, киын жагдайда демеу берип, колдан келгенше комектескени ушин шексиз алгыс айтамын.Себеби 1 курс окуды онлайн режимде окып отырган кыздарымызга барынша колдау бергени ушин алгыс айтамын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Келе жатқан Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! 

24-12-2020 15-20-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4483
Сәлеметсіз бе, біздің университеттің студенттері жатақхана ақшасын қайтарып алып жатыр екен, біз ол жайлы естімедікте,және де басқа қалада тұрамын.Қайтару үшін барып өтініш жазу керек дейді, қалай алсақ болады ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директорымен немесе директор орынбасарларымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

24-12-2020 15-14-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4482
Здравствуйте, психологов 4ого курса , каждый год отправляли в военные учреждение для прохождение практики . Но в этом году нам сказали найти самим место для прохождение практики, объясняя это карантинным режимом. Но если разница мы же всеравно будем ходит на практику . Поэтому просим вас по мере возможности для того что бы мы прошли практику как и каждый год все студенты 4ого курса в военном корпусе. Спасибо за внимание.
Жауап:

Уважаемый студент! В связи с пандемией в 2020-2021 учебном году поменялись условия прохождения производственной практики студентов-психологов 4-го курса. Так, в этом году для студентов данной специальности прохождение производственной практики с 18.01.2021 по 27.03.2021 будет организовано в дистанционном режиме. Однако, по желанию студентов, они могут пройти производственной практику по месту жительства. Для этого студенты должны заполнить соответствующее ходатайство.

24-12-2020 15-09-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4481
Сәлеметсіз бе , біз өндірістік практикаға жылда әскери бөлімге жібепетін , бірақ биыл өзіміз табуымыз керек болып жатыр. Бізге оны карантин есебібен түсіндірді.Бірақ соңғы практикамызды ықпалды өткузгіміз келеді.Мүмкіндік болса жылды өтіп жүргендей әскери бөлімге жіберуіңізді сұраймын
Жауап:

Құрметті студент! Пандемиялық жағдайға байланысты 2020/2021 оқу жылындағы "Психология" мамандығында оқитын 4 курс студенттерінің өндірістік практикасына өзгерістер енгізілді. Сондықтан, 2021 жылдың 18 қаңтар – 27 наурыз аралығында жоспарланған өндірістік практика қашықтан өткізіледі. Сонымен қатар, студенттердің қалауы бойынша, сұраныс хат негізінде тұрғылықты мекен жайында өндірістік практикадан өтуге де рұқсат беріледі.

23-12-2020 19-49-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4479
Сәлеметсізбе! Кеше жаңалықтардан 1-курс студенттері университетке барып оқиды деген хабарды естіп едік. Нақты жауап қашан шығады? Ертен билет болмай қалмасын дегеніміз
Жауап:

Құрметті студент! Оқу үдерісіне қатысты ресми ақпарат директорат тарапынан міндетті түрде хабарланады. Рахмет!

23-12-2020 11-55-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4478
Қайырлы күн Такир Оспанұлы президенттік стипендия алу үшін 1,2,3 семестрді (А, -А) өте жақсы жабу керек па. Толығырақ ақпарат беріңізші. Бізге 1 ші курста оқып жүргенде осылай айтылған еді. Бірақ бүгін оқу бөлімінен сұрағанда 3 курста беріледі деп жатыр.
Жауап:

Құрметті студент! Оқу бөлімі тарапынан Сізге жалған ақпарат берілмейді. Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорымен тікелей хабарласуларыңызға болады. Рахмет!

21-12-2020 09-13-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4476
Қайырлы күн! 1курс студенті едім, 2 семестр грантка ауысуга мүмкіндік бар ма? Бар болса қалай ауысуға болады? Алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Екінші семестрда грантқа ауысу үшін оқып жатқан мамандығыңыз бойынша грантта бос орын болуы керек. Оқу үлгеріміне қатысты талапқа келетін болсақ, бірінші  семестрдегі емтихандардың барлығы "өте жақсы" (А, А- ) деген бағалармен тапсырылуы тиіс. Грант бойынша бос орындар туралы мәліметті эдвайзеріңіз немесе институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан біле аласыз. Рахмет!

21-12-2020 01-23-22   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4475
Саламатсыздарма! Сіздің университетіңізде "Музыкалық білім" білім бағдарламасы бойынша докторантура барма екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетімізде докторантурада «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бар. 

20-12-2020 21-48-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4474
Салеметсыз бе, мен 1 курc филология мамандыгында окып жатырган студент бламын. Кояр сурагым быз окуды бытырген жжагдайда кай жерге жумыска тура аламыз? Естуым бойынша мектеп жумыска филологтарды алмаиды екен, сонда быз не ыстей аламыз?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мектепке жұмысқа орналасу үшін Сізге педагогикалық мамандықтарда оқытылатын пәндерге, педагогикалық практикаға қосымша жазылып оқу қажет. Университетті бітіргеннен кейін дипломнан кейінгі оқу бағдарламасына жазылуға болады. Сұрағыңыз бойынша оқу орнымыздың Педагогика және психология институтының басшылығынан кеңес алуыңызға болады. Тел.: 291-33-52, 291-64-32, 291-84-09. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

20-12-2020 17-59-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4473
Сәлеметсізбе! Мен осы айда грантқа өтіп едім,ееді төленген ақшамды қалай қайтарып аламын? Маған бухалтериянын номерін берсеңіз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 87772970865, 2913754, 2917936.

 

19-12-2020 00-45-34   Басқа

Сұрақ қоюшы: Айзада

Сұрақ № 4472
Сәлеметсіз бе! Мен өскемен қаласында грантпен химия мұғалімдікте оқимын. Абай университетіне грантымды сақтап ауыса аламын ба. Немес мамандығымды ауыстырып грантымды сақтап ауыса аламын ба! Рақмет!
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Жаратылыстану және география институты басшылығымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-47-66, 291-64-57.

17-12-2020 23-29-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4471
Салеметсизбе! Дорожный қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 2913754, 2917936.

17-12-2020 21-31-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4470
Здравствуйте. На какой портале будет проходить тестирование по истории Казахстана? (Государственный экзамен). 1 курс
Жауап:

Здравствуйте! Государственный экзамен по дисциплине «Современная история Казахстана» будет проходить в ИС «Универ», телефон центра тестирования:  2915750.

17-12-2020 20-09-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4469
Доброго времени суток! У меня возник один вопрос, я являюсь студенткой 3 курса, хотела бы спросить, у меня В+ по ист.казахстана, может ли это помешать для получения красного диплома?
Жауап:

Уважаемый студент! В академической политике, опубликованной на официальном сайте университета, представлена информация об оценке успеваемости обучающихся. С подробной информацией по Вашему вопросу можете ознакомиться по следующей ссылке: https://kaznpu.kz/docs/politika_20.pdf.

17-12-2020 13-35-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4467
Сәлеметсізбе! Мен 4-курс студенті едім, қызыл диплом жайында сұрақ қойғым келіп отыр. Оның критерийлері қандай? GPA баллы неше болуы керек? Неше “4” болуы керең максимум?
Жауап:

Құрметті студент! Университеттің ресми сайтында жарияланған Академиялық саясатында білім алушылардың оқу үлгерімін бағалау туралы ақпарат берілген. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:  https://kaznpu.kz/docs/sayasat_20.pdf.  Рахмет!

17-12-2020 13-08-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Нысанбайқызы Нарқыз

Сұрақ № 4466
Сәлеметсіз бе. Мен 4 курс студентімін. Gpa балым жоғары және барлық курс бойы 4 деген бағам жоқ, тек 5. Менің сұрағым: қазір 1,2,3 курстар президенттік шәкіртақыға құжаттар тапсырып жатыр екен. Мен неге тапсыра алмаймын?
Жауап:

Құрметті студент! Егер оқу үлгеріміңіз Президенттік шәкіртақыны тағайындау талаптарына сәйкес келетін болса, құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады.Сұрағыңыз бойынша директорат тарапынан нақты ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

15-12-2020 11-43-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4465
Сәлеметсіз бе?! Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегімін.Университеттің ФинЦентрімен өтіп жатқан сот жұмыстарына байланысты ректормен жолығып өтініш толтыруым керек екенін айтты.Себебі мен мемлекеттік грантта оқыдым және магистратураға басқа университетке грантқа түстім. Магистратураға түскенім туралы ақпарат алынбай, ФинЦентр сотқа шағымданыпты. Сіздің қабылдауға қай күні жазылсам болады?
Жауап:

Құрметті студент! Сізбен жауапты тұлғалар хабарласады. 

15-12-2020 00-27-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4464
Сәлеметсіз бе ?! Президенттік стипендия кандай студенттер үшін тағайындалады ? Естуімше, баска университетінің 3 курс студенттері яғни ,акылы окитындарға да беріледі екен. Мысалы , 1 және 2 курста үлгерімі өте жақсы болған студенттер биылғы 3 курстан бастап степендия алып жатыр екен. Не себепті біздің университеттің сайтында ол туралы мәлімет айтылған жок және не себепті студенттер ол жағынан хабарсыз ? Казіргі кезде 3 курс студенттері президенттік стипендияга өтініш бере алады ма ?
Жауап:

Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы күндізгі оқу нысанының студенттеріне 3 курстан бастап және магистранттарға 2 курстан бастап «үздік» (А, А-) мемлекеттік білім беру гранты мен ақылы негізде оқитын білім алушыларға тағайындалады.

Шәкіртақы республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық конкурстар, спорт жарыстарының, фестивалдардың жеңімпаздарына; республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми еңбектердің жинақтарында жарияланымдары бар; жетістіктері дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын;білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын студенттер мен магистранттарға тағайындалады.

Шәкіртақыны тағайындау Ғылыми кеңес шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларды іріктеуде жоғары сипатталған өлшемдер негізге алынады. Тең шарттарда: жетім балалар және ата-ананың қақорлығынсыз қалған балалар;бала жастан мүгедектер, мүгедек балалар артықшылыққа ие болады.

 

14-12-2020 21-25-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4463
Салеметсызбе мен 3 курс филология факультетінің студентімін. Оқу ақшасын әлеуметтік жағдайыма байланысты төлеуде қиыншылық туындады.30 желтоқсанға дейін төлеймін деген өтініш жазған болатынмын.
Бірақ төлей алмайтын болдым(әжемнің емделуіне көп ақша кетті,қанша емдетуге тырысқанымен 10 желтоқсан күні 2020ж қайтыс болды).Отбасымыз Covid 19 Бен ауырып шыкты. Жартылай жетім отбасынанмын. Соған байланысты оқудың тек 30%ын ғана төледім.Қалған 70% ын ай сайын төлеуге боладыма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

14-12-2020 19-18-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4462
Салеметсизбе, Құрметті Такир Оспанұлы!
Осы айдың стипендиясын 15-і күні міндетті түрде берсеңіздер, мейрам күніне қалып қоймаса деймін.
Және осы айда дорожный түседі ме, қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 16 желтоқсанға дейін беріледі. 

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  94  95  96  97  98 99  100  101  102  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений