Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
24-11-2020 14-23-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әбілғазы Арайлым

Сұрақ № 3506
Мысалы мен сессияға дайын емеспін! Неге? Себебі, интернеттің баяулығы және ноутбук жоқ. Ноутбук алып бересізбе риза болушы едім. Неге өзім алмаймын? Себебі, ақылы бөлімде оқимын. Ақылы бөлімде оқып алып ата-атана масыл болып тағыда 400мың ның ноутбушын сұрасам не болады? Ата-анам төлеп оқытып жатқандықтан оларға айтарым жоқ! Мен 1 курс студенті екенімді ұмытпаңыздар. Мұғалім алдын көрмеген перваштың сессиядан өтуі екі талай. Сондықтан 1 курстардың білімі сессия тапсыруға жеткіліксіз. Құлап қалсақ не болады? Оқымағансың деп шығасыздар. Ал оны мен сіздерден жеткілікті қабылдамауыма не себеп? Зум! Ол жерде 40 минуттық сабақ болады. Мұғалім сабақ түсіндіріп үлгермейді. Студент сабағын айтып үлгермейді. Енд келіп сессиядан өте алмасақ өзімізге жауып жіберейін деп тұрсыздарғой. Осының бәрін елеп ескеріп сессияны болдырмауларыңызды сұраймын! Бұл менің ғана қалауым емес, барлық мұғалім бетін көрмеген 1 курстардың қалауы!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!    

23-11-2020 23-20-33   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 3191
Мы будем учится на втором семестре очно?
Жауап:

Здравствуйте! Решение, принятое в отношении формата обучения МОН РК на основании Постановления главного санврача страны, объявляется всем вузам страны и затем дается специальная инструкция. Спасибо!

23-11-2020 21-29-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2957
Сәлеметсіз бе! Мен жаратылыстану және география институтының 2-курс студентімін. Осы қараша айының 30ы мен желтоқсан айының 12сы аралағында оффлайн оқып, лаборатория істейсіңдер деп айтылған еді. Сол жаңалық нақтыланды ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты шешім директорат тарапынан хабарланып, арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!

23-11-2020 21-14-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2940
Мен қазір 2 курс студентімін.Алтын белгімін.Алайда мамандығыма жоғары балл керек болған соң қазір платныйда оқып жатырмын.Қазір онлайн оқу және оқу ақысы қымбаттады.Жеңілдіктер жайында сұрайын дегенмін талай рет деканатқа бардым бірақ көпбалалы отбасына 15% дан артық берілмейді деді. 1 семестр 2 сабағым ғана В,В+ болды,гранттар ойнатылады деген еді жақсы оқысақ??!!!100% жеңілдік алуға боладыма?
Жауап:

Құрметті студент! Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған:https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf . Оқу үдерісіне қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады.  Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

23-11-2020 11-07-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2675
Уважаемый Тахир Оспанович мы студенты КазНПУ имени Абая единственное о чем мы можем просить – это отменить экзамен. Не из-за собственного желания, а из-за того, что во время карантина мы не раз сталкивались с проблемами соединения сети как со стороны студентов, так и со стороны преподавателей. Очень часто, сначала в Zoom, а затем и в Google Meet, на которую нас перевели, происходят вылеты, отключения звука, системные прерывания и т.д., что делает сдачу экзамена дистанционно не просто тяжёлой задачей, а почти невыполнимой.
Многие из нас по финансовым обстоятельствам просто не имеют возможности обеспечить себе все условия для сдачи экзаменов по всем требованиям. Любая неполадка интернета (а такое бывают часто), может сломать систему сдачи экзамена. Разумеется, нельзя забывать про тех, кто не имеет веб-камеру и микрофон.
 Мы предлагаем справедливый и объективный формат проведения экзаменов, так как мы показывали свой уровень знаний в течение всего учебного семестра, посещали занятия и выполняли данные преподавателями задания.
Мы предлагаем выставить итоговые оценки на основе среднего балла РК. В случае же, если студент не удовлетворен своими результатами, дать ему шанс исправиться.
Жауап:

Уважаемый студент! Чтобы решить проблему с форматом зимней сессии, мы заново изучаем доступ студентов к компьютерам, ноутбукам, смартфонам и интернету. Проводится экспертная работа по выявлению недостатков систем «Прокторинг», «Учебник», «Univer» и мобильного приложения для сдачи экзаменов. По результатам работы специальной комиссии принимается решение со стороны руководства. В случае проблем с интернетом во время сессии студентам предоставляется возможность пересдать экзамен. Спасибо!

23-11-2020 10-55-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2674
Максимальный репост! Уважаемые,Такир Балыкбаев Mы, студенты, хотели бы Вас попросить войти в наше положение и отменить сдачу экзаменов. И предлагаем поставить усредненный балл за прошедшие рубежные (дав права учителя добавлять балл +10баллов по своему желанию) для не согласных студентов дать права сдать онлайн сессию (тем самым дать им шанс получить балл выше средне арифметической их закрытых рк) Так как нужно принять, что вузы были не готовы к таким поворотам. И крайне несправедливо (по отношению к студентам) дать это во власть каждого университета. Так как многие и з нас не имеют хорошего устойчивого интернета, хорошего качества веб-камер, также в местностях за пределами города остриемвстает вопрос света. Его отключают без предупреждения и не зависимо от погоды. Также неустойчивыми являются платформы, на которых ведутся занятия (зум, майкрософт тимс), часто вылетают из конференций, вечные баги, из-за которых вы слышите либо с опозданием в лучшем случае, либо вообще отрывками. Думаем, что такое решение является самым верным оптимальным в сложившейся ситуации.
Жауап:

Уважаемый студент! В настоящее время рассматриваются обращения обучающихся, касающиеся формата зимней сессии и доступа к интернету и необходимой технике. По этим вопросам работает специальная комиссия. Решение, принятое руководством университета, обязательно будет сообщено. Спасибо за Ваш вопрос!

19-11-2020 15-39-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2521
Құрметті, Тахир Оспанұлы!
Сізге айтқым келіп отырған мәселе алдындағы сессия жайлы болмақ. Осы оқу жылының басынан пандемиялық жағдайларға байланысты онлайн оқу жүйесіне көшуге тура келді. Басқа курс студенттерін білмеймін, бірақ бірінші курс студенттері үшін бұл жағдай оңайға соққан жоқ. Сабаққа белсенді қатысып жақсы баға алмақ тұрмақ, сабаққа жөнді қатыса  алмай жүрген студенттер қаншама... Студенттеріміздің көпшілігі ауылды жерден екені өзіңізге де белгілі. Сол интернет желісі нашар студенттерде көп қиыншылықтар тууда. Интернет желісі жақсы жерде тұратын студеттерде де , көп қиындықтар болып жатыр. Білім платформаларындағы түрлі техникалық ақауларға да байланысты толыққанды білім алу мүмкіндігі жоқ. Сессия тапсыру үшін міндетті түрде ноутбук, компьютер сиякты гаджеттер керек. Алайда студенттердің барлығында ондай гаджеттер жоқ екенін ескерсеңіз.... Оқу жылының басында сатып алыңдар деп айтқан болатын, бірақ оны алуға біздің жағдайымыз жеткіліксіз.
Ноутбугы жоқ, сатып алуға мүмкіндігі жоқ студенттер сессияны қалай тапсырмақ?
Сол себепті, алдыдағы сессияны алып, тек екі рк баллымен шектеуіңізді сұраймын. Студенттердің жағдайын барынша түсінесіз деген ойдамыз...
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

19-11-2020 15-10-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2518
Құрметті, Тахир Оспанұлы!
Сізге айтқым келіп отырған мәселе алдындағы сессия жайлы болмақ. Осы оқу жылының басынан пандемиялық жағдайларға байланысты онлайн оқу жүйесіне көшкеніміз анық. Басқа курс студенттерін білмеймін, бірақ бірінші курс студенттері үшін бұл жағдай оңайға соққан жоқ. Сабаққа белсенді қатысып жақсы баға алмақ тұрмақ, сабаққа жөнді қатыса  алмай жүрген студенттер қаншама... Студенттеріміздің көпшілігі ауылды жерден екені өзіңізге де белгілі. Сол интернет желісі нашар студенттерде көп қиыншылықтар тууда. Интернет желісі жақсы жерде тұрсақ та, көп қиындықтарға тап болып жатамыз. Білім платформаларындағы түрлі техникалық ақауларға да байланысты толыққанды білім алу мүмкіндігі жоқ. Сессия тапсыру үшін міндетті түрде ноутбук, компьютер сиякты гаджеттер керек. Алайда студенттердің барлығында ондай гаджеттер жоқ екенін ескерсеңіз.... Оқу жылының басында сатып алыңдар деп айтқан болатын. Ал сатып алуға бәрінің жағдайы келе бермейді..
Ноутбугы жоқ, сатып алуға мүмкіндігі жоқ студенттер сессияны қалай тапсырмақ?
Сол себепті, алдыдағы сессияны алып, тек екі рк баллымен шектеуіңізді сұраймын. Студенттердің жағдайын барынша түсінесіз деген ойдамыз...
Жауап:

Құрметті студент! Білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштерін қарастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданып, білім алушыларға хабарланады.

Сессия кезінде интернет желісіне қатысты қиындықтар туындаған жағдайда студенттерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!  

19-11-2020 15-03-29   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2517
Қайырлы күн!
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Біз проктаринг арқылы тест тапсыра алмадық.Кейбір студенттерде ноутбук жок,кейбір студенттерде интернет дұрыс жұмыс жасамайды.Система көп студенттің кіргенін көтере алмайды жəне кіру өте көп уақыт алады.Біздің группада тек қана 2-3 студент ғана кірді.Оның өзіне көп уақыт алды жəне шығып кетіп дұрыс жұмыс жасамады.Сессия тапсырған күні бұндай жағдай болса біз тапсыра алмай қаламыз? Сол себепті біз летоға қалып қалуымыз мүмкін. 2 аралық сумотивный баллды сессияның балына койып берсеңіздер!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сессия кезінде интернет желісіне қатысты қиындықтар туындаған жағдайда студенттерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!  

19-11-2020 14-47-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2516
Сәлеметсіз бе мен бірінші курс студенті боламын. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан академияға байланысты, барлық бірінші курс студенттері онлайн оқуға мәжбүр болып отыр. Көбісі ауылдық жерде тұратындықтан сетьтің нашарлығынан сабаққа кіре алмайды, ал сессия тапсыратын кезде көп студенттердің ноутбугі немесе компьютеры жоқ. Кеше арнайы бағдарламамен пробный сессия тапсырып көрмекші болдық, бірақ істей алмадық. Біз онлайн оқып жатқаннан кейін көп тақырыптарды түсінбей жатырмыз. Сессияны рубеждік бақылаудың нәтижесімен есептеуінізді өтінемін. Әйтпесе барлық мұғалімдер айтады, сеть ұстамаса ұстайтын жерге бар, болмаса туысқаныңның үйіне бар дейді. Менің айтарым ауылда сеть жоқ болса, қайда барамыз енді, ал туыстарыңа барсаң ол сені қашанғы үйінде тұрғыза береді, шыдамы шегіне жеткенде олар да үйінен шығарып жібереді ғой. Сондықтан сессияны рубеждік бақылаудың нәтижесімен есептеуіңізді өтініш отырмын, бірінші курс болғандықтан бізді де түсінуге тыңдадыңыздар, бізге де оңай болып жатқан жоқ мынандай жағдайда.
Жауап:

Құрметті студент! Білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштерін қарастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданып, білім алушыларға хабарланады. Сұрағыңыз үшін рахмет!  

19-11-2020 14-31-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2515
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы
1-курс студенті ретінде айтқым келген мәселе -  сессияны екі аралық бақылаудың ортақ бағасымен қорытындыласа деп сұраймын. Пробный видео арқылы тест тапысырып көрдік, өте қиын, сеть ұстамайды. Оның үстіне  олай тек комьютер немесе ноутбук арқылы ғана тапсыру керек, барлық студенттер комьютермен толық қамтамыз етілгее деп айта алмаймын. Сеть баяу ұстап, ұзақ ойланып тұрғанда тесттін уақыты өтіп кетеді, одан бір бөлек, ноутбугы жоктар не істейді? Сонымен қатар белгілі уақыт берілген екен тапсырвп шығуға,  қазір барлығымыз жан-жақта болғандықтан бүкіл студентте жоғары деңгейдегі интернет бар деп айту қиын. Тіпті Zoom, Google Meet жүйелерінің өзіне кіріп, сабаққа қатыса алмай жүрген студенттер көп.
Өте жаксы оқып, меңгеріп, онлайн видео арқылы сессияда ақауларға байланысты мүлде қатыса алмай, сессиядан құлап қалса өкінішті әрине. Сондай кезде, өзінің толыққанды бағасын алмай қалған студентке шынын айтқанда, қиын. Өзім РК1де сеть нашарлығына байланысты өзіме сай балл ала алмадым, сессиядан да осылай болса, білмеймін.  Өздеріңізді біздің орнымызға бір сәт қойып, түсінулерінізді сұраймын. Біздің Қазақстандағы үздік оқу орындарының бірі болғандықтан, бұл мәселеге профессионалды қарап, дұрыс шешім қабылдайсыздар деп ойлаймын.
Сондықтан, құрметті Тахир Оспанұлы, сізден сессия тапсыруды екі РК  ортақ бағасымен  қорытындылауды сұраймын.Рахмет.
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

19-11-2020 14-02-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2514
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы! Мен сізге қысқы сессия мәлелесі бойынша жазып отырмын. Менің қысқы сессия тапсыруға мүмкіндігім жоқ. Яғни менде сеть дұрыс ұстамайды және интернет желісі дұрыс жасамайды сабаққа әрен кіремін. Сессия баллдарын 2 рубежка бойынша ортақ баллды қойып беруінізді сұраймын!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, «Univer» жүйесінің интерфейсі мен негізгі мүмкіндіктерін нығайту; емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия жұмысының нәтижелері бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

18-11-2020 22-11-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2513
Негізі әңгіме қысқа болсынш. Біріншіден, сабақтарын бәрі оқысын, егер техникалық ахаулар болып жатса, қайта тапсырады. Оған мүмкіндік жасалып отыр.
Екіншіден, дүние өртеніп кетпейді сессияда дұрыс тапсыра алмаса, жағдайды универ тұрмақ қоғамда идеальный етіп жасалу мүмкін емес, интернет таралымы, светтің өшіп-өшпеуі бәрібір бір кем дүниесі болып тұрады. Сондықтан әуелі сабақтарын тұрақты оқысын, оқымайтыны жетеді оны көзбен көріп жүрміз, оффлайнның кезінде де жетістіріп оқығаны шамалы болды. Амалдарын жасасын бәрін универге итеріп қоймай☝️
Бұны қалай түсінсек болады?Дүние өртенгенде емес просто ертен обидно гой сабак окып жүріп сессия кулап калсак бугын келген снимоктарда жай гана бетин колымен жапканы ушын ошибка деп шыгарып жберген.Сессияны 2 рубеж ортак баллын койып шыгаргандарынызды калаймыз!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия жұмысының нәтижелері бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

18-11-2020 18-43-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2512
Қайырлы күн! Құрметті Тахир Балықбаев,1 семестр аяқталуына аз қалды және қысқы емтихан (сессия) басталуына да аз қалды.Қазіргі уақытта қашықтан оқыту болған соң көбтеген студенттерде желі арасында көп ақаулар бар.Біршама студенттерде техникалық жабықттар жоқ.Сондықтан емитхан (сессия) кезінде күтпеген нарсе болуы мүмкін желі нашарлығы немесе техникалық жабдық істен шығуы мүмкін. Менің және көптеген студентердің өтініші қысқы емтихан (сессия) баллын аралық бақылаудың орташа баллымен қойылса?!
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия жұмысының нәтижелері бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

18-11-2020 18-04-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Бекишов Сағыныш

Сұрақ № 2511
Сәлеметсізбе Такир Балықбаев. Менің сұрағым қысқы сессия жайлы. Менде ноутбук смартфон бар. Бірақта ауылдық жерде тұрғандандықтан связь нашар ұстайды.Сондықтан сессия қиын болайын деп тұр.Сізден сұрайтыным қысқы сессияны рубежка баллдарымен қояуыңызды өтінемін
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия жұмысының нәтижелері бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сессия кезінде интернет желісіне қатысты қиындықтар туындаған жағдайда студенттерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

18-11-2020 13-49-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2509
Здравствуйте пишу по поводу пробного тестирования то что не смогу участвовать так как нету ноутбука и нет вебкамеры и микрофона на компьютеры и нет возможности пока купить надеюсь отнесетесь с пониманием!
Жауап:

Уважаемый студент! Проводимые в настоящее время конкурсные тесты и письменные экзамены проводятся с целью проверки и выявления недостатков системы "Оқулық". Подробную информацию можете получить в директорате. Спасибо.

18-11-2020 13-10-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2508
Мен КазНПУ университетінің 1 курс студентімін. Тест тапсыру үшін aero proctoring жүктемесі жазылмайды және істемейді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда байқау тесттерін және жазбаша емтихандарды жүргізу мақсатында «Оқулық» жүйесінің қызметі тексеріліп жатыр. Тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі.

18-11-2020 13-05-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2507
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы
Менің сұрағым қараша аиының степендиясы түспеді
Не үшін түспеді
Және қашан түседі
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 20 қарашаға дейін беріледі.  

18-11-2020 12-52-46   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2506
Саламатсызба Тахир Балықбаев Оспанұлы!!
Қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты онлайн оқып жатқанымыз белгілі,десе де онлайн оқу университетке барып оқыған мен тең дәрежедегі білімді бере алмайды. Онлайн оқу көптеген қиындықтарға алып келді. Солардың бірі интернет жүйесі. 1-курс студенттерінде интернет жүйесінің нашар істеуіне байланысты көптеген студенттер сабаққа жөнді қатыса алмаудамыз. Кездейсоқ интернет ұстап кіріп қалған жағдайда zoom платформасында уақыт бітіп қалады. Сол себепті сабақтан толық білім ала алмаймыз. Интернет жүйесінің кесірінен көптеген студенттер зардап шегуде. Алдындағы ағылшыннан біріншірет (пробный) тестті дұрыс тапсыра алмаған едік, ҚазҰПУ сайтынан қайта-қайта лақтырып жібере берді. Сондықтан сізге айтар өтінішіміз екі аралық бақылаудың бағасын қосып сессияның баллын шығарып қоюыңызды сұраймыз (суммативный балл).
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта білім алушылардың қысқы сессияға қатысты өтініштері қарастырылып жатыр. Студенттердің компьютерлерге, ноутбуктер мен смартфондарға, Интернетке қолжетімділігін қайта зерттейміз. Емтихан тапсыруға арналған «Прокторинг», «Оқулық», «Univer» жүйелері мен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді анықтау бойынша сараптама жасалынып, емтихан қабылдау мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жүйелер толық апробациядан өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және білім алушылар үшін арнайы нұсқаулықтар берілетін болады. Арнайы комиссия жұмысының нәтижесі бойынша басшылық тарапынан шешім қабылданады. Сессия кезінде интернет желісіне қатысты қиындықтар туындаған жағдайда студенттерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!  

17-11-2020 17-47-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2502
Сәлеметсіз бе,мен 2-курста грантта оқимын.Осы оқу жылының соңында өз еркіммен оқудан шықсам,маған осы уақытқа дейінгі оқу ақысын және стипендияны қайта төлеу қажеттілігі туындайды ма?Алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат қызметкерлерінен алуыңызға болады.

Барлығы: 4042

« перв. ... < пред. ...  97  98  99  100  101 102  103  104  105  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений