
29-10-2020 20-44-11

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2460 Салеметсізбе ректор мырза! Неліктен 2 апталық оффлайн оқытуға баруымыз қажет? Дәл қазірге сәтте, отбасымызда барып, келуімізге, жататын орнымызға төлейтін қаражат жеткіліксіз. Бұл барлық студенттің отбасысында болып жатқан жағдай. Сонымен қатар, ата аналарымыз біздің денсаулығымыз үшін уайымдайды емес пе?
Карантин толығымен бітіп, вирус жойылған кезде ғана оқуға баруымызды сұраймыз! Дәл қазір лабораториялык сабактарды уйде отырып, онлайн турде тапссыра аламыз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу карантин жағдайына байланысты онлайн форматында өткізіліп жатыр. Егер оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, институт директоратына жолдасаңыз болады. Рахмет!

29-10-2020 15-05-27

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2459 Сәлеметсіз бе? Менің сұрағым сессиядан құлаған студент, қызыл диплом ала алады ма? Жалпы қандай мүмкіндік бар?
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша институт директорынан толық жауап алуыңызға болады.

29-10-2020 15-03-02

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2458 Сәлеметсіз бе? Менің сұрағым сессиядан құлап қалған студент қызыл диплом ала алады ма? Жалпы мүмкіндік бар ма?
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша директорат тарапынан жауап алсаңыз болады.

29-10-2020 14-11-21

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2457 Саламатсыз ба. 3 жатакханада ордерсиз, сиздин жане деканаттын руксатыныз жаткан жогары курс студенттери бар екен. Мен жалгыз басты анамын, менин кызым жатакхана ала алмай отыр. Сол ордерсиз жаткан адамдарды тексеруинизди сураймын
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз бойынша міндетті түрде тексеріс жүргізіледі. Ақпаратыңыз үшін рахмет!

25-10-2020 02-35-53

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Акботаева Ажар Сұрақ № 2456 Салеметсізбе ректор мырза мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқимын о
1 курс студентімін шет тілі мұғалімдерін даярлау мамандығында оқимын сіздердің университеттеріңізге осы мамандық бойынша ауысуға болама грантым сақталама алдын ала жауабыңыз үшін рахмет
Жауап:
Құрметті Ажар! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

23-10-2020 21-43-20

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2454 Құрметті Тахир Балықбаев мырза Мен көпбалалы ата анамын, 2 балам университетте оқиды. Үшінші балам биыл осы Абай атындағы университеттің дайындық бөліміне оқуға түсті. Төртінші балам бастауыш мектебінде оқиды. Көпбалалы ата ана болуыма байланысты жыл сайын жәрдемақы 42500тг берілетін, бірақ осы жолы Дайындықта оқитын балама Справка 4 Приложение 4 түріндегі қағазды берілмейді деп жатыр.Ал Цонда ол құжатсыз жәрдемақы алу мүмкін емес. Сонда 1 парақ қағаз берілмегені үшін мемлекет тарапынан көрсетілген жәрдемақыны 42500тг алмауға тиістіміз бе? Осы мәселені шешіп жауабын берсеңіз? Дайындықта болып жатқан жаңалықтармен хабардар болсаңыз?
Жауап:
Құрметті ата-ана! Сұрағыңыз бойынша Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы Ғалия Зақарьяқызы Таубаевамен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: +7(727) 392-21-97.8 775 180 53 45, e-mail: galiya_63@bk.ru.

23-10-2020 12-11-56

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2453 Құрметті ректор мырза.Мен 1 курс студентімін.1 сабактан балым томен болып калды . Томен болу себебі тапсырманын уакытында бармауы. универ жуйесине салынбауы. Салынбау себебі жуйенің дурыс істемеуі.Апайга фотосында жибердим істемей тур деп сонда да коймай койды. Сіздердің универ жуйесінің істемей калуына мен кінәлі емеспін. Сол себепті осы істі кайта карауыңызды өтінемін. Сабактарым барлыгы 90+ балл. Тапсырмаларымды группаластарыммен салыстырып кордим барлығы дурыс.Неге мундай адилетсиздик орын алу кажет. Жуйеден кеткен кателикке менин күнам жоқкой. Апайга айтсам тындамайды, окыса жауап жазбайды
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде Сіздің сұрағыңыздағы «Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша №1 межелік бақылауда алған баллыңызға (62 балл) талдау жүргізіліп, анықтама берілген.
Біріншіден, силлабусқа сәйкес осы пәннен студент әрбір сабақтан берілген үй тапсырмасын, СӨЖ №1 және СӨЖ №2, Бақылау жұмысы №1, дәрістен Тест №1 орындап, уақытында универ жүйесіне жүктеп отыруы қажет. Студенттер силлабуспен бірінші сабақта таныстырылған. Онда пәннің саясаты бойынша барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі тиіс екені айтылған. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайтындығы анық жазылған. Екіншіден, студенттің "Univer" жүйесіне тіркеген жұмыстары қайтадан қарастырылып, оқытушы тарапынан дұрыс бағаланғаны анықталды. Үшіншіден, студент кейбір тапсырмаларды силлабуста көрсетілген уақыттан кейін жіберіп отырған. Төртіншіден, білім алушының басқа пәндерден баллдарының жоғары болуы бұл «Алгебра және сандар теориясы» пәнінен де жоғары балл алуы қажет дегенді білдірмейді, әр пәннің өз ерекшелігі бар екенін ескеруі қажет.

22-10-2020 11-14-46

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Ғалия Сұрақ № 2451 Сұрайын дегенім, мен ақылы бөлімде оқимын. Бірақ соған қарамастан мен соған сай білім беру дәрежесін көрәп отырған жоқпын, сабақтар дұрыс деңгейде өтілмейді, бірдене түсінбей қалып қайта сұрасан, баллынды төмендетіп тастайды, қытай тілінің мұғалімдері сабағын жөнді өткізбейді, мен ақылы бөлімде оқып, қажетті мөлшерде білім ала алмайтыныма қынжыламын, ертен бізден қандай маман шығады, болашағымды лйлау қорқынышты... ақылы бөлімде оқи отырып, оның үстінен тағы да ақылы курстарға жсзылуға тура келеді... менің жан айқайым университет басгылығына жетсе екен деймін...
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселе міндетті түрде қарастырылады. Тексеріс нәтижесі бойынша оқытушыға қатысты шешім қабылданады.

21-10-2020 12-27-36

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2450 Құрметті,Такир Оспанұлы! Мен магистратура 1 курс студентімін. Бізге 2 айдың стипендиясы түсті. Бірақ сентябрь айына 35000 тг түсті.ЕНУға 44000 тг,ал КазНИТУға толық түсті. Неге бізге оларға қарағанда аз түсті? Бәріміз оқуды бір уақытта бастадық емес пе? Бұл университет тарапынан болып тұрған жағдай ма әлде қалай?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 1 курс магистранттары 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғандықтан, шәкіртақы 15 күнге тағайындалды. Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша грантта оқитын білім алушылардың шәкіртақы мөлшері 66 913 теңге.

21-10-2020 10-53-16

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2449 Қайырлы күн, магистранттардың стипендиясы барлық жерде 77 мыңға көтерілген деп жатыр, ал бізде 66 мың, басқа университеттер қыркүйек айына толык стипендия алса, біз неге жартысын ғана алдық?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бұйрық бойынша 1 курс магистранттары 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғандықтан, шәкіртақы 15 күнге тағайындалды.

21-10-2020 08-28-33

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Абдукаюмова Шахноза Сұрақ № 2448 Я студентка Абдукаюмова Шахноза ПИП ПМНО 4года 2 курс Я акимгрантник но уже 2 месяц не получаю стипендию хотела спросить не могли бы вы уточнить когда аким перечислит стипендию
Жауап:
Здравствуйте! По итогам летней сессии в июле т.г. всем студентам была выплачена стипендия за два месяца со средств университета, по старому положению, а акимат не перечислил за них деньги, поэтому в сентябре и октябре мы удержим у них по 26 186 тенге.

19-10-2020 11-14-54

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2447 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!Мен филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті боламын.19-ыншы қазанға дейін оқу ақшасы төленсін деп бұйрық келіп жатыр.Дистанционно оқытып,очное оқудың ақшасын аласыздар,оған қоса оқу ақшасын көтергенсіздер,беріліп жатқан білім де,универдің жағдайы да 560 мыңға сай келмейді.Универде лекцияларда 3 группа 1 кабинетте отыратынбыз,лекция жазатындай мүлде мүмкіндік болмады.Оған қоса универде рнтерактивный тақта жоқ,компьютерлер жоқ!Оқу ақшасын төмендетесіз бе дегенде,жоқ дистанционно болса да,универде оқып жатқандай сабақ өтіп жатыр деген екенсіз.Бұл сөзіңізбен мүлде келісе алмаймын.Сабақтар мүлде дұрыс өтпейді.Сабақтың лекциясы өтсе семинары,семинары өосе лекция өтпейді.Мысалы,ИКТ семинарынан беретін оқытушының түрін де көрген жоқпыз,бізге бір-бірімізді таптық,енді мазаламайық бір-бірімізді дейді,тек тапсырмаларды старостаға жіберіп отырады,берген тапсырмасын түсіндірмейді,бір сөзбен айтқанда өз міндетін орындамайды.Психологиядан оқытушы слайдтты интернеттен ашып зумнан оқып беріп отырады.Мұғалімдер дұрыс бағаламайды.Тырысып оқысақ та,оқымайтындармен бірге қояды,біз неге көп ақша төлейміз онда?!Айта берсең осындай олқылықтар көп.Сізден ақылы бөлімде оқитын оқушылар атынан түсіністікпен қарап,оқу ақысын төмендетіп,дистанционно оқудың ақшасын алуыңызды өтінеміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Университет білім алушылардың және оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасауда. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін оқытушылар университет тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстарға қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек.
Екіншіден, дәріс пен семинар сабақтарын қажетті деңгейде өткізбейтін оқытушының аты-жөнін көрсетуіңіз қажет. Берген ақпаратыңыз міндетті түрде тексеріледі.
Жеңілдік мәселесіне келетін болсақ, өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсырсаңыз болады. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады.

19-10-2020 09-27-48

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сара Сұрақ № 2446 Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім,2 курс аяғындк грантқа өтініш жазған болатынмын.Соның жауабы қашан шығады?қыркүйек аяғында шығады деп айтып еді,әлі жауабын біле алмай отырмыз.
Жауап:
Cәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша жауапты институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары береді. Оқу үдерісіне қатысты мәселе туындаса, бірінші кезекте директорат қызметкерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

17-10-2020 19-03-54

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2445 Здравствуйте Тахир Оспанович, хотела узнать, когда уже можно будет по академической мобильности уехать за границу ? Слышала, что временно приостановлено, примерно когда можно будет подавать заявку? И хотела уточнить, можно по Гранту несколько раз подать на академ.мобильност с гос. финансированием?
Жауап:
Здравствуйте! В связи с угрозой распространения коронавирусной инфекции во всем мире, а также на основании письма МОН РК от 16.02.2020 г. №16-4/375 и письма МОН РК от 04.03.2020 г. №16-4/388 все программы академической мобильности обучающихся приостановлены до конца 2020 года.
Студенты могут подать заявку на академическую мобильность по государственному финансированию один раз при условии хорошей успеваемости в университете, обязательно наличие сертификата на знание иностранного языка IELTS, TOEFL и др.
Если у студента уже имеется сертификат на знание иностранного языка, ему необходимо подойти в Департамент международного сотрудничества с оригиналом сертификата, загранпаспортом и транскриптом о текущей успеваемости.
Адрес Департамента международного сотрудничества — Казыбек би, 30/1, кабинет 2.

16-10-2020 22-11-13

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2444 Сәлеметсіз бе ректор ағай!
Менің 1 курстағы магистратурамнын 1 семестрінде қортынды бағасында 3 пәні 4 және 3 пәні 5 болды. Ал екінші курста Барлығы 5 болды. Сайтта "Озат" деген женілдікке іліне аламын ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрағыңыз бойынша жауапты институт басшылығынан алсаңыз болады. Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған:https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf . Рахмет!

16-10-2020 12-00-46

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2443 Сәлеметсіз бе
Қазіргі таң оқудың қашықтықтан өтіп жатқандығын барлығымыз білеміз, осы қашықтан оқу барлық студенттерге қиыншылықтар туындатып жатыр әсіресе ауылдық жастарға. Алысқа бармай ақ мен өзім ауылда тұрамын интернет өте нашар ұстайды ауылда сол себептен видео сабақтарға қатысу мүлдем мүмкін емес енді біздің балымыз не болатындығы алаңдатады егер сабаққа уақытылы қатыспасаң баға қоймайды. Ал қаладан пәтер жалдауға қазір шамам келмейді ата-анам елде болып жатқан жағдайларға байланысты жұмыссыз қалды. Енді сізден сұрарым мұғалімдерге мен секілді интернет нашар ұстайтын ауыл жастарына түсіністікпен қарауды талап етсеңіз, егер олай болмаса ауыл жастары жаппай жазғы семестрге қалу қауіпі бар. Тіпті осы хатты жазу үшін ауылдың шетіне шығып отырмын. Түсіністікпен қарайсыз деген үміттемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Біз үшін сіздердің сапалы білім алуларыңыз маңызды. Сондықтан оқытушылар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім беріп жатыр. Шыдамдылық танытып, тапсырмаларды уақытылы орындауыңызды сұраймыз. Ол Сіздің болашағыңыз үшін керек. Оқу барысына қатысты мәселеңіз бойынша институт директорына хабарлассаңыз болады.Рахмет!

16-10-2020 09-44-59

Басқа
Сұрақ қоюшы: Сыдық Ботагоз Тоқтасынқызы Сұрақ № 2442 Құрметті, Такир Оспанұлы, сізге қояр сауалым мен,2017 жылдың ППИ-ның ПМНО мамандығының түлегімін. Біз бітірген жылы дипломымызға ағылшын тілі мамандандыруымен деп жазылуы керек болған. Бірақ ол біздің қосымша( приложениемізде) ғана көрсетілген. Қазір мен мектепте жұмыс жасаймын. Менен мектеп менің сөзімді рамтайтын анықтама талап етіп отыр. Маған соны растайтын анықтама қажет. Ол анықтаманы бере алмаймыз деп отыр. Не себепті? Біз методикасынан практикаға дейін өттік. Сонда ол мамандандыруды босқа оқыдық па? Осы мәселенің шешілуіне өзіңізден көмек сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Анықтама бойынша Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Төлеумұратқызы Ақжоловаға хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-84-09, 87013786612.

15-10-2020 22-56-20

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Назира Сұрақ № 2441 Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Мен 2 курс екі шет тілі мамандығының студентімін. Алматының төрінде аты жарқырап естілетін Абай университетінде жақсы білім мен ең керемет деген тұлғалардың жиналған ордасы деп санап осы жерге ақылы болса да сонау батыстан келдім. Әрине,ақылы оқимын және 1 курстан бері университет тарапынан әділетсіздіктер мен біздің жан айқайымызға мән бермеушілік көбейгенін көзіміз көрді. Мәселен, мен жартылай жетім,яғни әкем қайтыс болған деген әлеуметтік саанатқа жатамын. 1 курста gpa балым ең жоғары барлығын 5пен жаптым және балым 3.95 болған болатын. Сол сәтте мен грант орны босағаннан кейін бірден өтініш те жаздым, 1 курстан сақталатын 50% жеңілдікті сұрап бірнеше өтініштер жазып оны эдвайзерге де, деканға да,диреткорға да құжаттарым мен әлеуметтік жағдайымды растайтын құжаттарымды тапсырдым. Алайда,қорытындысын сұрасам да бір-біріне сілтеп,қашып,одан ұрсып жауап қайтарып көңілімізді түсірді. Анаған барып,мынаған барып жалынып сұрасам да скидканы да өтінішімді қарастыруды да сөзімді елеп жатқан адам жоқ. Осы бір мәселені қолыңызға алсаңыз деймін. Конференцияларда оқу ақыларын университеттің светіне,электр құбырларына,одан қалса компьютерлі жабдықтарға жұмсалынады депті. Сонда дистанционка университеттің светіне төлеп отырғанымыз ба? Ал грантта оқып жүргендер біздің төлеген құрылғыларды қолданып жүргені ме. Шыны керек, университеттің ішінен бірде бір интерактивті тақтаны да, компьютерді де көрмеппін. Қазіргі кезде дистанционкада оқып жүрміз,сондықтан оқу ақысын төмендетуді сұраймыз. Сонымен қатар, сол оқу ақысына сай білімді де көріп жатқан жоқпын. Көп сабағымыз болған жоқ, ИКТ-ның семинары осы семестр бойы мүлде болған жоқ тек тапсырманы жібере салады да үндемей қалады. Тағы да сабақтарды мұғалімдер отмен жасап немесе сабақ аяқталарда бастап 10 минутта өткізе салады. Тіпті оқыған адамға да оқымаған адамға да өтірік бірдей баға қоя салады. Дистанционно оқып жатсақ та осындай әділетсіздіктерді көріп,төлеп жатқан ақшамды басқа нәрсеге жұмсағың келіп кетеді.Сондықтан осы мәселені қолға алып, скидка беруіңізді сұраймын
Жауап:
Cәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

15-10-2020 20-41-27

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2440 Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?
Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. СЕБЕБІ ДИСТАНЦИОНДЫ ОҚУ КҮНДІЗГІ ОҚУМЕН АҚЫСЫДА САПАСЫДА САЙ ЕМЕС!!!!!
Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.
Жауап:
Құрметті студент! Еліміздегі карантин жағдайына байланысты оқу орындары қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта университет сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін техникалық, ақпараттық, материалдық жағынан жұмысын тоқтатқан жоқ, сондықтан барлық білім алушыларға жеңілдік жасай алмаймыз. Әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік алуыңызға және оқу ақысын бөліп төлеуіңізге болады. Ол үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады. Рахмет!

15-10-2020 16-46-26

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 2439 Саламатсызба.
Қазіргі кезде еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан білім алып жатырмыз. Қашықтықтан оқып жатрыған студенттерге бұл оңай емес. Себебі Таңнан бастап кешке дейін телефонға ноутбукке қарап отыру біз дің денсаулығымызға зиян. Оны қойа тұра мұғалімдердің көп тапсырма беруінен біздің өзімізге қарайтын уақытымызда,жетпей жатыр . Өз басым апайлар берген тапсырманын тек жартысын ғана орындап үлгеремін (жақсы оқитын студент болсамда). Кейбір студенттерде сеть нашар ұстағандықтан олар тапсырма жібергенде кешігіп жатады осы жағдайларды мұғалімдер түсіністікпен қара ғанын сұраймыз. Құрметті Такир Балықбаев мұғалімдердің көп тапсырмп бермегенін сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім аламын деген студент ешқандай қиындыққа қарамай алға қарай ұмтылуы керек. Оқытушы студентті тапсырма беру арқылы бағалайды. Болашақта білікті маман болуларыңыз үшін берілген тапсырманы уақытында орындап, қажетті деңгейде білім алуларыңыз керек. Туындаған мәселелерге түсіністікпен қарап, сабырлылық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
Барлығы: 4046